Сейсмикалық толқындар
Андатпа
Бұл геология пәнінен жазылған курстық жұмыс, жер бетіндегі сұрапыл
апаттарының бірі, жер сілкінуі құпияларын – оның себеп - салдары мен
географиялық таралу ерекшеліктері туралы жазылған.
Аннотация
Данная курсовая работа посвещена одной из страшных природных
явлений происходящих на Земле – о землетрясении. В работе описывается тайны
и причины о происхождении землетрясении, а также об особенностях его
географического – эпицентрического распространения.
Мазмұны
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 6
Жердің құрылысы. 6
Жер сілкінуінің пайда болуы. 13
Сейсмикалық толқындар. 16
Жерсілкініс ошақтары. 20
Қорытынды 23
Әдебиеттер тізімі 24
Кіріспе
Адамзат тарихы алуан-алуан оқиғаларға бай. Соның ішінде, әсіресе
жер сілкінудің жойқын күші оның әсерінен болатын алапат апаттар жайлы
деректер көп-ақ. Мәселен, жер сілкіну әсерінен кейбір үлкен қалалардың
тіпті бүкіл мемлекеттің жоқ болып, еніп кеткені мәлім. Сонымен қатар жер
сілкіну кұбылысы адамның рухани күйі мен ішкі сезіміне де терең әсер
етеді. Жер сілкіну бар болғаны бірнеше секундқа созылатын табиғаттың бұл
қорқынышты сұрапыл апатын еш нәрсемен теңеуге болмайды. Ия, жер сілкіну —
табиғаттың әлі толық, ауыздықталмаған қатал құбылыстарының бірі Дүние
жүзінің көптеген ғалымдары табиғаттың осы бір құпиясын ғылыми тұрғыда шешу
жолында жан-жақты зерттеулер жургізуде. Бұл мәселені шешуде ең алдымен: жер
сілкіну қай жерде және қандай күшпен болатыньн; жер бетінің тербелісін жан-
жаққа қалай таралатынын; күші және жойқын жер сілкінулер қаншалықты
қайталанып тұратынын; жер сілкіну ошағьнда қандай құбылыстар кездесетінін;
күшті жер сілкінулер алдында қандай өзгерістер байқалатынын; жер сілкіудің
үй және басқа құрылыстарға әсерін анықтау қажет. Бұл тұрғыдағы жұмыстарды
геология, геофизика, сейсмология және т. б жер табиғатың зерттейтін ғылым
салалары бірлесе жургізуде. Жер сілкіну кезіндегі негізгі қауіп жарық,
опырылған немесе ойылған жер емес, ол жер бетінің жоғарғы қабаттарының
күшті дүмпуі. Егер жер бетінен үйлер мен түрлі құрылыстар осы күшті дүмпуге
шыдайтын болса, онда жер асты дүмпуінің қаупі жойылып, жер сілкіну біз үшін
соншалық, сұрапыл апат болмас еді. Жер сілкінудің қаупі салдарынан
құтылудың үш түрлі жолы бар: ең оңай тәсілі — жері әрдайым және қатты
сілкінетін территорияны халық шаруашылығына пайдаланбау. Дегенмен мұндай
сейсмикалық, қауіпті территориялар қазіргі кезде белгілі болса да, бірақ
бұл аудандар бұдан бірнеше мыңдаған жылдар бұрын игеріліп қойылған,
сондьқтан да ол жерлердегі адамдар табиғаттың, бұл жойқын күшіне қарсы
түрлі күрестер жүргізеді. Сонымен бірге ол жерлердің халық, шаруашылығы
үшін маңызы өте зор. Ендігі екі тәсіл: жер сілкінуді алдын ала болжау және
онда сейсмикалық берік құрылыс салу. Жер сілкінуді болжау дегеніміз —
оның алдын ала, күшін, орнын және дәл болатын уақытын анықтау. Қазіргі
кезде жер сілкінудің күшін және орнын сейсмикалық, аудандарды зерттеу
арқылы білгенмен, оның дәл уақытын анықтау әзірше қиын. Жер сілкінудің дәл
уақытын білдік делік. Онда, әрине халықты алдын-ала хабарландырып, қауіп-
қатерден сақтап, олардың кейбір бағалы заттарын қауіпсіз жерге алып
кетуге мумкіндік туғызуға болар еді. Бірақ үй және түрлі құрылыстар ше?
Оларды ешқайда әкетуге болмайды ғой. Міне, осыған байланысты жер сілкіну
құпиясын жан-жақты зерттеумен қатар жоғары сапалы сейсмикалық, берік
құрылыс салудың халық шаруашылығы үшін зор маңызы бар. Бұл салада
арнайы зерттейтін ғылым—сейсмикалық, берік құрылыс салу ғылымы немесе
инженерлік сейсмология деп аталады. Көпшілік қауым жер сілкінудің күшті
апат екенін жақсы біледі, бірақ оған бекерден-бекерге үрейленіп,
даурығудың керегі жоқ. Қайта ол туралы және жер сілкінген жағдайда қандай
шаралар қолдану керек екен жөнінде, одан сақтану немесе ол дүлей күшке
қарсы саласы қайдан іс-әрекет жасап жатқандығы туралы оқып білген жөн.
Негізгі бөлім
Жердің құрылысы
Сонымен, жер сілкіну дегеніміз не? Жер қыртысын тілгілеп, қалаларды
қиратып, өзендерді бөгеп, жер бедерін өзгертетін осынша қауіпті
орасан зор күш қайдан пайда болады? Ол үшін алдымен ғалымдар қазіргі
кезде жердің ішкі қабаттарының құрылысын қалай деп болжайтынын сөз
еткіміз келеді. Әзірге біз жердің терең қойнауы жөнінде өте аз білеміз. Шын
мәнінде, ең тереңге кететін бұрғылау скважинасы 7 км шамасында. Жер
радиусының 6371 км екенін еске алсақ бұл, әрине, өте тайыз. Егер жер үлкен
алмадай деп көз алдымызға елестетсек, онда ең терең скважина дегеніміздің
өзі бұл алманың қабығын ғана тесіп шыққаны. Дегенмен, жердің ішкі
құрылысы туралы не білеміз? Ең алдымен, біздің білетініміз — жердің,
бірнеше қабаттан тұратындығы. Бұл мағлұматтар түгелдей дерлік геофизикалық
әдістердің, атап айтқанда, ауырлық күші мөлшерінің, жердің
электромагниттік өрісі мен сейсмикалық толқындардың таралу
жылдамдыктарының, заңдылықтарын зерттеудің нәтижесінде алынған. Олардын,
ішінде, әсіресе сейсмикалық толқындардың жердің ішкі қабаттарында таралу
заңдылықтарын зерттеу арқылы алынған мағлұматтардың маңызы өте зор.
Мәселен, 1909 жылы Югославия ғалымы Андрей Мохоровичич жер сілкінуде пайда
болатын серпілмелі сейсмикалық толқындардың, жылдамдықтарының жер бетінен
30—35 км тереңдікте күрт өсетінін тапты. Кейіннен бұндай шекара жер жүзінің
басқа да аудандарында
табылып, ол Мохоровичич шегі деп аталды. Ал одан жоғары жаткан
қабат жер қабығы деген атқа ие болды, Жер қабығының қалыңдығы барлық,
жерде бірдей емес. Мұхиттардың астындағы жер қабығының, төменгі шегі 5—10
километрге, ашық, жазықтарда 30—40 километрге, ал тау алаптары астында
50—80 километрге дейін тереңдеп кетеді. Жер қабығын құрайтын жыныстар да
біркелкі болмайды. Оның құрылысын сейсмикалық толқындардың, таралу
жылдамдьқтарына сүйене отырып анықтауға болады. Кейінгі кезде жер қабығы
континентальды аймақта гранит және базальт, ал мұхиттар астында тек қана
базальт қабатынан тұратыны белгілі болды. Мохоровичич шегінен жердің
ядросына дейін 2900 километрге дерлік мантия созылып жатыр. Ол орасан зор
қысыммен сығылған (4.105 барга дейін) қызуы, 1500—2000 градусқа дейін
көтерілген әртүрлі силикаттардан құралатын қатты қабат деп саналады. Ол
жоғарғы (900 километрге дейін) және төменгі мантия деп аталатын екі
қабаттан тұрады. Егер төменгі мантияның ішкі құрылысы және оны құрайтын
жыныстардың физикалық химиялық, қасиеттері біркелкі болса, жоғарғы
мантияда олар әр жерде әртүрлі болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр.
1910 жылы атақты неміс сейсмологы Бено Гутенберг жер бетінен 2900 км
тереңдікте сейсмикалық қума толқындардың жылдамдықтары 13,6 км сек-тен 8,1
км сек-ке дейін баяулайтынын және осы тереңдіктен төмен қарай көлденең
толқындардың өтпейтінін ашқан. Осының аркасында ол жер ядросы жер бетінен
2900 км тереңдіктен басталады және балқыған темір сияқты металдардан
құралады деген қорытындыға келген. Жер ядросының ішінде, шамамен жер
бетінен 5100 километрдей тереңдікте ішкі ядро басталады. Ғалымдар оны қатты
ауыр металдан құралады деп жорамалдайды. Былай қарағанда жер беті бізге
мызғымай, еш уақытта қозғалмай, бір қалыпты тыныш тұратындай көрінеді. Ол
шынында да солай ма? Егер біз адамзаттың ежелден бергі тарихына үңілсек,
онда жер беті үнемі қозғалыста болып тұрғанын білер едік. Ондай
қозғалыстардың іздерін жер шарында көптеген аудандарынан табуға болады.
Мысалы, бір кезде түгелдей құрылық бойына салынған дүние жүзіндегі ең
әсем қалалардың бірі — Италияның Венеция қаласы қазір жартысы су астында
тұр. Голландия жері түгелдей дерлік жылына 1 миллиметрдей төмен түседі.
Егер Мұхит суын бөгеп тұрған көптеген көтермелер жүйесі болмаса, оның көп
жері су астында қалған болар еді Ал, Скандинавия ше? Ол мұз дәуірінен
кейінгі уақыт ішінде шамамен жылына 1 см жоғары көтерілуде. Бір кезде
теңіз толқындарының ізі қалған жартастар қазір су деңгейінен ондаған метр
биікте тұр. Айтылған жәйттер кейінгі мыңдаған жылдардың ішінде болған
оқиғалар. Ал, ер біз, жер шарының геологиялық тарихына үңілсек ол пайда
болған 4,5 млрд. жыл ішінде талай жойқын өзгерістердің болғанын білер
едік. Қазір бастарына бұлт ұялаған заңғар таулары бар аймақтарды бір кезде
мұхит суы басып жатқан. Ал Кавказ, Альпі, Гималай сияқты тау
тізбектері бұдан 25—30 млн. жыл бұрын пайда болған. Әрине, адам өмірімен
салыстырғанда бұл өте ұзақ уақыт, ал бірақ жалпы жер өмірімен
салыстырсақ, оның жүз елуден бір бөлшегіндей-ақ, тіпті кеше ғана
болған оқиға сияқты. Келтірілген деректер жер шарының үнемі
қозғалыста болатынын дәлелдейді. Бұл қозғалыстар кейде өте тез немесе
баяу, ұзақ немесе қысқа уақытта, аз ғана жерді немесе үлкен
территорияны қамтиды. Осындай қозғалыстардың салдарынан жердің бір бөлігі
көтеріліп, екіншісі керісінше шөгіп, жер бетіне жақын жатқан тау
жыныстарының қабаттары орасан зор қысымға ұшырайды. Жер қыртысын құрайтын
жыныстар негізінен қатты денелер. Оларға үлкен күшпен қысқа уақыт
ішінде әсер етсек, онда олар морт сынып кетеді Ал, егер уакыт
аралығын мыңдаған немесе миллиондаған жылдармен есептесе ше? Онда жер
қабығы сағыздай созылып, иіліп, өзінің тұтқырлық қасиетін азайтады. Соның
әсерінен әртүрлі қатпарлардың пайда болуына мүмкіндік туады. Бірақ кейбір
жағдайларда қатпарлардың, майысуынан пайда болған күштің мөлшері тау
жыныстарының төзімділік шегіне жеткенде тау қыртыстары блоктарының
жаңадан пайда болған жарықтар бойымен өзара ығысуы салдарынан жиналған
энергия бөлініп шығады. Міне, бұл құбылыс жер бетінде қысқа уақытта
тербеліс, яғни жыныстар құрамында аз да болса радиоактивті элементтердің
қоспасы бар екені белгілі болып отыр. Міне, осы элементтердің ыдырауы
кезінде пайда болған жылу бірте-бірте жер температурасын осы кездегі
қалпына дейін көтерген. Соңғы сейсмикалық, мағлұматтар бойынша жоғарғы
мантияда, жер бетнен 150—200 км тереңдікте тұтқырлығы төмен ішкі
қабат бар екені анықталды. Астеносфера деп аталатын бұл қабаттың кейбір
жерлерде тіпті қоймалжың сұйық, болуы да мүмкін. Қандай да зат
болмасын балқығанда оның тығыздығы төмендеп, тұтқырлығы азаяды және
көлемі өседі. Әрине, осының әсерінен жоғарғы қатты қабаттар төмен
шөгіп, төменгі қоймалжың қабаттар жоғары шығуға тырысады да,
астеносферадан жер бетіне дейінгі қалыңдығы 150—200 км болатын қабат
(литосфера) қозғалыска келеді. Мұның өзін суы бар кастрюльді отқа
қойып қыздырғанда пайда болатын су ағынына теңеуге болар еді. Мысалға отқа
жақын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz