Палеонтология тарихы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе1

I. Палеонтология тарихы2

1. Қазбалы организмдер туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары2

2. Палеонтологияның ғылым болып қалыптасуы3

II. Организмдердің өмір сүру шарттары8

III. Зоология және ботаника ғылымдарының классификациясы мен системалары12

1. Негізгі тәртібі және классификация принциптері12

2 Қазіргі палеонтологияның жағдайы: бөлімдері, әдістері, есептеулері. 13

IV. Палеонтологиялық объектілерді зерттеу17

Кіріспе

Палеонтология геологиялық дәуірлерде, эраларда өмір сүрген өсімдіктер мен жәндіктердің қалдықтарын зерттейтін ғылым. Палеонтологияның биологиямен байланысы бар. Өйткені қазіргі жануарлар мен өсімдіктерді зерттеу үшін, олардың арғы тегін тарихын білуіміз қажет. Палеонтология грек тілінен аударғанда "палео"- ескі, көне, алғашқы; "онтос" - тіршілік; "логос" - ғылым, түсінік; деген мағынаны білдіреді. Басқа да ғылымдар сияқты палеонтологияның өзіндік объектісі ретінде өткен заманда болып кеткен организмдердің қазбалы қалдықтары, олардың тіршілігінің іздері және жекелеген органикалық молекулалар жатады. Палеонтология ғылым ретінде - өткен геологиялық дәуірлердің органикалық әлемін және оның эволюция заңдылықтарын зерттейді.

I. Палеонтология тарихы

1. Қазбалы организмдер туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары

Организмдердің қазбалы қалдықтары немесе солардың тас болып қатуы адамзат баласына палеолит кезеңінен белгілі. Қазбалы организмдер туралы ертегілерде, аңыздаода кездеседі. Мысалы, Белеминиттерді шығыс ертегілерінде "жын немесе сайтан саусағы" деп атайды. Александр Македонскийдің Дариймен соғыстары туралы аңызда фораминифер-нуммулитид раковиналарының тас болып қатуын тиын ретінде суреттейді.

Алғашқы қазбалы организмдер туралы ғылыми мәліметтерді ежелгі ғалымдардың, солардың ішінде философ, жаратылыстанушы Ксенофан (б. з. б. VI-V ғ) және Аристотель еңбектерінен кездестіруге болады. Сонымен бірге ғалымдардың арасында басқа да көзқарастар, пікірлер қалыптасты.

Палеонтология және биология ғылымдарының дамуына швед ғалымы Карл Линнейдің қосқан үлесі зор. Ол өз анықтамаларында жануарлар мен өсімдіктердің біріккен жүйесін құрған болатын, сонымен қатар организмдердің топталуын әртүрлілігіне байланысты ерекшеледі. Карл Линней жұмыстарының негізінде зоология және ботаника кодекс номенклатураларын және олардың халықаралық заң статусын иемденді.

2. Палеонтологияның ғылым болып қалыптасуы

Палеонтология ғылымының қалыптасуы негізінен үш этапқа бөлінеді. Олар:

  1. Ерте заманнан XIX ғасырға дейін.
  2. XIX ғасыр.
  3. XX ғасыр.

Ерте заманнан XIX ғасырға дейінгі кезең. Палеонтология ғылымының өркендеген уақыты XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ортасы болатын. Бұл кеэең көптеген ғалымдардың есімімен байланысты, солардың ішіндегі негізгі төрт ғалым палеонтология ғылымының алғашқы ғылыми жетекшілері болып табылады. Олар: ағылшын инженер -геологы Вильям Смит (1769-1839; палеонтологиялық әдіс), француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744-1829; омыртқасыз палеозоология), Жорж Кювье (1769-1832; омыртқалы палеозоология) және Адольфа Броньяр (1801-1876; палеоботаника) болып табылады.

Алғашқы кезден-ақ қазбалы организмдерді зерттеу екі аспектіден құралды: биологиялық және геолгиялық.

1799 жылы ағылшын ғалымы Вильям Смит жер қабаттарында кездесетін фауналардың жатыс заңдарын негіздеген болатын. Сонымен қатар инженер-геолог Вильям Смит екі негізгі пастулатты атап ұсынды:

1. Қабаттағы құрамы бірдей фауна-флораларды бірдей жастылар деп атады.

2. Қабаттағы құрамы әртүрлі фауна-флоралардың тас болып қатуын әртүрлі жастылар деп атады.

Осының негізінде Вильям Смит Англияның бір-біріне жалғасқан 23 қабаттың сводтық стратиграфиясын қимасын тұрғызып, геолошиялық картаның негізін құрды. Сонымен қатар жастары әртүрлі қабаттарды түрлі-түстермен белгіледі. Смиттің бұл принципі, яғни шартты қима және геологиялық картаның негізі 200 жылға созылған классикасы болып табылады.

Палеонтологияның негізі ғылым ретінде үш француз ғалымдарымен бірге қалыптасты деуге болады. Олар: Жан Батист Ламарк, Жорж Кювье және А. Броньяр.

Жан Батист Ламарк Париждегі ботаникалық бақтың жаратылыстану ғылымының профессор атағын алғаннан кейін, 1793 жылдан бастап жаратылыстанумен жүйелі түрде айналысты. Ж. Б. Ламарктың ең атақты еңбектері "Философия зоологиясы" және "Фауна-флоралардың жаратылыстану тарихы" болып табылады.

Ж. Б. Ламарк өз алдында өткен ғалымдардың, соның ішінде организмдердердің өтпелі кезең туралы айтқан Биффонның ойларын бөлісіп қана қоймай, өзінің органикалық әлем тарихына жаңа трактовкасын ұсынды.

Ж. Б. Ламарк оқулығының негізгі түрлері:

1. Белгілі бір уақыт аралығында организмдердің бір түрден екінші түрге өзгеруі.

2. Барлық органикалық әлемнің тарихының даму жолдары - біртіндеп градуирлік күрделену(төменгі сатыдан жоғарғы сатыға дамуы) градиация дамуы.

3. Түрлердің өзгеруі немесе жаңадан пайда болған белгілері, ішкі ортамен байланысты.

4. Пайда болған өзгерістер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырады.

Ламарк палеозоологияның негізінде омырқасыздарды қалыптастырып оны қарқынды зерттей отырып өзінің жүйесіне енгізген болатын. Оның есімімен алғашқы кеңінен дамыған қазбалы омыртқасыздар белгілі. Олар: фораминиферлер - Nodosaria Lenticulina Rotalia Nummulites; кораллдар - Catenipora Favosies Alveolites Sarcinula Calceola Cuclolites Stylina; гастроподалар - Turritella Ampullina Lymnae; двустворкалар - Nucula Cucllaea Plicatula Gruphaea Modiolus Cuprina Dictras Hippurites Radiolites; аммониттер - Turrilites Baculites; теңіз кірпілері - Clyppeaster және т. б.

Жорж Кювье жартылыстануды жүйелі түрде 1795 жылы зерттеді. Ал 1802 жылы Ламарк жасаған Париждің Ботаникалық бағында Кювье салыстырмалы анотомия ғылымының профессор атағын алды. Ламаркке қарғанда Кювье органикалық дүниенің тарихын басқаша қарастырды. Ол Карл Линней сияқты түрлердің өзгермейтінін және тұрақты болатынын айтты. Сонымен қатар Кювье қабаттағы қазба қалдықтар бір-бірінен өзгеше болатынын көрсетті. Осының негізінде Кювье мынандай анықтама ұсынды: Қазба қалдықтарға қарағанда қабаттар бір-бірімен периодтық революциялық түрде байланысқанкөнелері кетіп жаңалары пайда болады деп түсіндірді.

Органикалық дүние туралы талқыламаларында Кювье "революция" сөзін қолданды, Кювьенің анықтамаларының нәтижесінде органикалық дүниенің дамуын теориялық катострофа депте атайды.

Кювье палеозоолгиядағы омыртқалылардың негізін қалаған. Ол көптеген қазбалы омыртқалыларды енгізді. Соның алғашқы туысиары болып: Semnopithecus (маймылдар), Lagomus (қоян тәрізділер), Allactaga (тучканчиковые), Eligmodontia (хомяковые), Miphitus (скунсы), Mastodon (хобоиные) және т. б.

Кювье қазбалы және қазіргі омыртқалылардытөрт топқа бөлді:

  1. Бауырмен жорғалаушылар.
  2. Палеотерии, аноплотерий.
  3. Сүтқоректі мастодонттар, мамонттар.
  4. Қазіргі тұрлері және адам баласын жатқызады.

Палеонтологиялық өсімдіктердің, палеоботаниканың қалыптасуы француз ботанигі Адольфа Броньярдың есімімен тікелей байланысты. Ол алғашқы дүниежүзілік жүйені және қазбалы өсімдіктердің даму тарихын қалыптастырды. (1828-1838) .

Жан Батист Ламарк Жорж Кювье және Адольфа Броньяр әртұрлі жыныстардың салыстырмалы жасын анықтау үшін қазбалы қалдықтарды пайдаланды.

Ежелгі заман кезеңіндегі Рнсейдің алғашқы ғылыми палеонтологиялық және стратиграфиялық еңбектерін Х. Пандер, П. М. Языков және Г. И. Фишер қалады. XIXғасырдың бас кезінде Ресейде алғашқы екі оқулық таратылды: Оның бірі -омыртқасыз палеозоолгия және палеоботаника.

Э. И. Эйхвальд (1795-1875) . Ресейдің қазба қалдықтарын жинап зерттеген. Оған қоса омыртқасыз және омырқалы жануарларды және фанерозой өсімдіктерін зерттеген. Осы зерттеулер нәтижесінде "Ресей палеонтологиясы" деген кітап дүниге келді. Э. И. Эйхвальд жинақтары Ресейдің алғашқы қазба қалдықтары жиналысында Петербург университетінде ашылған болатын.

Палеонтологияның XIX ғасыр кезеңі. Палеонтология ғылымының теориялық және практикалық өркендеуі биология ғылымдарымен тығыз байланысты.

Чарльз Дарвин отыз жасында өзінің негізгі идеялық теорияларын жазба кітапшасына енгізген болатын. Барлық толық жазбалары20 жылдан кейін, яғни 1859 жылы "Түрлердің пайда болуы" деген атпен кітап болып басылып шықты. Чарльз Дарвин эволюция даму барысын зерттеуду, оны палеонтологиялық жинақтар қызықтырған болатын. Қортындылай келе Дарвин келесі шешімдерге келеді:

  1. Егерде фауна флораның бір түрі жоғалса, онда ол қайта пайда болмайды.
  2. Арнайы бейімделіп өскен организм қоршаған ортада дамиды.
  3. Әр жануар өзіне қолайлы жерде өмір сүреді.
  4. Алғашқы тегінің бөлінуі мен дамуы.
  5. Қазбалылар жиынтығында сансыз организмдер сақталған.

Палеонтологияның дамуы негізінде Дарвин мінездемелі фактілі теориялық түрде дамытқан. XIX ғасыр екінші жартысының ең атақта жаратылыстанушылары: В. Вааген., М. Немайр., В. О. Ковалевский., Л. Долло және т. б.

1882 жылы Геологиялық комитет құрылғаннан кейін оның басшысы болып ғалым, палеонтолг Карпинский сайланды. Оның басшылығымен Ресей территориясының геологиялық жүйесінің құрылымы зерттелді. Зерттеу нәтижесінде Оңтүстік Ресеймен Сібірден омыртақалы қазба қалдықтары бастау алды.

Палеонтологияның XX ғасыр кезеңі. Палеонтология ғылымының даму барыс, палеонтолог, геолог және ұлы педагог А. А. Борисяк есімімен байланысты. А. А. Борисяктың ғылыми жүмыстарында палеонтологияның әр түрлі топтары және палеоген, төрттік кезеңінің сүтқоректілері; хаботтар, тұяқты және басқада аймақ жануарлары жатады.

II. Организмдердің өмір сүру шарттары

Жануарлардың суда өмір сүру шарттары. Қазіргі таңда жануарлардың 20 жуық типі, 70 класы белгілі. Оның ішінде класы теңізді өмір сүреді, 10 класы су мен құрлықта өмір сүреді. Алғашқы құрлықтағы омыртқасыздарға төменгі кембрийдегі құрттар мен буынаяқтылар жатады. Таскөмірден бастап құрлықта гастроподалар мен моллюскалар иемденген. Олардың өмір сүру шарттары биологиялық және

Биологиялық емес факторлар арасында. Олардың алғашқылары физика-географиялық мұмкіншіліатеріне байланысты, екіншілері организмдердің 0арым-0атынасы жатады. Су аясының келесі мүмкіншіліктері мен қиылысады: тұздылық, тереңдік, қысым, температура және жарықталумен байланысты. Географиялық факторлар құрлықпен байланысты, теңіз және жер экваторының саыстырмалы орнымен байланысты, яғни климат зонасы.

Қазіргі бассейн тұздылығының дәрежесі тұзды, тұщы су қоймалары мен және жоғарғы тұздылығы мен ерекшеленеді.

Организмдердің өмір сүру шарттары байланысты екі топқа бөлінген:

  1. Кең диапозонды ауытқу факторларіне үйрену. (эврибронт)
  2. Тар диапознды ауытқу факторларын иемденген. Әртүрлі факторларға байланысты келесі топтарды үсынуға болады. (стенобионт) .

Фактор аясы Эврибионтты организм

Тұздылық (грекше halos - тұзды) Эвригалиндер

Температура (грекше termos - жылы) Эвритермные

Тереңдік (грекше bathos - тереңдік) Эврибатные

Стенобионтты организм

Стеногалиндер

Стенотермные

Стеноб

Теңіз бассейндерінің тереңдігімен қалыңдығы анықталады. Өсімдіктермен жануарлардың тереңдікте өмір сүруі бентос деп атайды. Организмдердің ашық теңізде өмір сүруін пелигиалдар деп атайды. Олар екі топқа бөлінеді: планктон және нектон. Фауналардың өмір сүруі жасына жәнеолардың уақыттарына байланысты өзгереді. Көпшілік омыртқасыздар личинкалар планктонда өмір сүреді. Планктондарға фауна-флоралардың су бетінде қалқып жүретін немесе белсенді қозғалатын түрлері жатады.

Планктондардың нектондардан айырмашылығы ағымдарға және су тасқындарға қарсы тұру қабілеті жоқ. Планктонда өсімдіктерді - фитопланктон, жануарларды - зоопланктондар деп атайды.

Фитопланктондар ашық теңізде 200 метрге дейін тереңдікте өмір сүреді. Планктонды организмдер микроскопиялық пішінді болып келеді және радиальды симметриялы болып келеді. Планктондардың пішініне байланысты: радиолярии, диатомды балдырлар, оны ерекше топта нанопланктон дейді.

Нектондарға суда белсенді жүзетін, ағымға қарсы тұра алатын организмдер жатады. Көпшілік омыртқалылар нектондық жағдайда өмір сүреді, ал омыртқасыздар ішінде тек қана басаяқтылар. Нектонды организмдер денесі симметриялы қос құрылмды.

Қазіргі теңіз және мұхит табанының бес геоморфологиялық құрылымы қарастырылған.

III. Зоология және ботаника ғылымдарының классификациясы мен системалары

1. Негізгі тәртібі және классификация принциптері

Классификация бөліну нәтижесінде көпшілігі топ және топшаларға бөлінеді. Классификация негізінде топшалардың классификациялық шкаласын өңдеу, таксономикалық бірлік, бір-біріне бағынышты иерерхия принципі жатады.

Органикалық дүниені жан-жақты көзқарастармен қарастыруға болады. Мысалға, өмір сүру шарттарына немесе қоректену және туыстық қарым-қатынасқа байланысты органикалық дүниенің жүйесінің құрылуына мүмкіндік береді.

Таксондардың ішкі бірлік жүйесінің реттеліп орналасуын систематика деп атайды.

Жалпы анықтамалар. Д. Рей (1628-1705) XVII ғасырда өсімдіктерге түр және туыс категорияларын ұсынды. Осыған байланысты түр екі түрлі атқа ие болды. Туысына және түріне байланысты. Тұрақты анықтамаларынды XVIII ғасырда швед ғалымы Карл Линней ұсынған болатын. Ол бірлік жүйесінің барлық белгілі жануарлары мен өсімдіктеріне анықтама берді. Карл Линней, Д. Рей номенклатурасына үш категория және таксон иерархиясын ұсынды. Жүйе бірліктері келесі түрде қарастырылады:

Зоология және ботаниканың негізгі

таксономикалық категориялары

Зоология Ботаника

Бөлім

Түр Бөлім

Класс Класс

Отряд Рет

Туыс Туыс

Тіршілік дүниесі Өсімдіктер дүниесі

Тип Бөлім

Класс Класс

Отряд Туыс

Туыс Түр

Түр

2 Қазіргі палеонтологияның жағдайы: бөлімдері, әдістері, есептеулері.

Қазіргі уақытта палеонтология келесідей бөлімдерге бөлінеді: омыртқасыз палеозоология, омыртқалы палеозоология, микропалеонтолгия, палеонтологиялық проблемала, палеоэкология, тафономия, пелеобиография, палеофауналы және палеофлоралы, биостратиграфия, экостратиграфия, биоминерелизациялануы және стратиграфиялық кезеңі.

Кейбір бөлімдері органикалық дұниенің ірі жүйелі категориялары мен сәйкес келсе басқалары теметикалық зерттеу бөлімдерін көрсетеді.

Зерттеу әдісі әр бөлімде ерекшеленеді, бірақ негізгі бағыты органикалық дүниенің өткен геологиялық эволюцияның құрылуына негізделген.

Қазіргі таңда биологтар мен палеонтологтардың алдына қойылған мақсаты эволюция болжамдары болып табылады. Палеонтология бұл қарым-қатынаста биосфераның дамуына ерекше ақпаратқа ие.

Омыртқалы палеозоолгияның негізін Ламарк салды. Зерттеудің барлық обьектісі болып қазбалардың, жануарларының, типтерінің царствасы, хордалылардан басқа болып табылады. Олардың ішінде келесі типтері белгілі саркодалылар, кірпі тәрізді, губкалар, құрттар, мышанкалар брахиподтар, тікен терілер, жартылай хордалылар жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының геологиялық мұражайлары
Тұмандық теориясы
Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі тіл мен мәдениет сабақтастығы
Геология
Потанин мұражайы - тарихтың куәгері
ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВТЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сарыағаш ауданының табиғаты
Органикалық дүниелер
Дарвиннің эволюциясы
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz