Геологиялық бөлім



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
1 Геологиялық бөлім 3
1.1 Кен орны туралы жалпы мағлұмат 3
1.2 Кен орнының игерілуі мен геологиялық зерттеу тарихы 4
1.3 Стратиграфия 5
1.4 Тектоника 10
1.5 Мұнайгаздылығы 12
1.6 Сулылығы 15

КІРІСПЕ

Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындардың бірі болып
табылып, әсіресе энергетикалық саласының дамуына ерекше зор үлесін қосады.
Жалпы, мұнай өнеркәсібі ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің,
ауылшаруашылығының және транспорттың дамуын жеделдетеді.
Қазқстан Республикасы - мұнайгаз және газдыконденсат кен орындарына
өте бай мемлекеттердің бірі. Осындай көп орындардың басым көпшілігі
Республиканың батыс бөлігінде орналасқан. Сонымен қатар осы батыста әлі де
жаңа мұнай-газ кен орындары ашылуда.
Осы "курстық жұмыстың" негізі болып отырған Жаңажол кен орнында өз
мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістері қолданылып игеріледі.
Жаңажол кен орыны 1983 жылдан бастап өндірістік игерілуге берілді.
Қазіргі уақытта мұнай, газ карбонаттары қабаттың, яғни RT-I, RT-II 8
бөлігінен игерілуде. Оларды шартты "А"; "Б"; "солтүстік В"; "оңтүстік В";
"Г- III"; "Дв"; "Дн"; "Д-ІІI индекстерімен белгіленген.
Осы "дипломдық жоба" жұмысында Жаңажол кен орынының солтүстік
күмбезіндегі "Б" бөлігін, яғни "солтүстік Б" бөлігін игерудің технологиялық
режимдеріне, кен орнының фонтанды қондырғылармен игерілуіне талдау жасап,
осы фонтанды игеруге керекті фонтанды көтергішті талдадым.
Сонымен қатар, Жаңажол кен орнында газ факторының көп болуы ШТС
қондырғысын кеңінен қолдануға мүмкіндік туғызбауда. Дегенмен бұл әдіспен
игеруді 3 бөлікте экономикалық тиімді етіп жүргізудің есебін келтірдім.
Экономикалық тиімді болатын себебі: бұл бөліктерде газ факторы жоқтың
қасында.
Жазылған курстық жұмысым осындай кен орнының негізгі мәселелеріне
талдау жасауға арналған.

1 Геологиялық бөлім

1.1 Кен орны туралы жалпы мағлұмат

Жанажол кен орыны Орал үстіртімен Ембі өзенінің арасында орналасқан.
Әкімшілік басқаруы жағынан Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы, Мұғаджар
ауданына қарайды.
Жергілікті жер релефі дөңес - қыратты. Оның абсолютті биіктігі плюс
125 тен плюс 110 метрге дейінгі аралықта. Ең кіші минималды белгісі Ембі
өзеніне қарай, яғни кен орнының Оңтүстік — Батыс бөлігіне қарай еңіскен.
Суы минералданған, сондықтан техникалық қажеттіліктерге пайдалынады.
Ал, тұрмыстық қажеттіліктерге құдық сулары пайдалынады. Құдық және Ембі
өзенінің суларының деңгейі 2 метр және одан да жоғары болып келеді.
Аудан климаты құрғақ, кенеттен өзгермелі. Сонымен қатар ылғалдылығы
өте төмен.
Қыс мезгілінде температура минус 40° С дейін жетеді. Ең суық айлар:
қаңтар, ақпан айлары.
Алғашқы қар қарашаның ортасына таман түсіп, наурыз айының аяғына
дейінгі аралықта жатады.
Орта жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері көп емес, ол жылына 120-
140 мм шамасында. Ең ыстық айлар: шілде, тамыз айлары.
Аудан аз қоныстанған. Ең жақын елді мекендер: кен орнының
Солтүстік—Шығыс, бағытында, 15 шақырымдық Жаңажол совхозының орталығы және
Солтүстік - Батыс бағытында орналасқан, 35 шақырымдық Кеңқияқ мұнайгаз
өндіру басқармасының поселогы.
Атырау — Орск мұнай құбыры 100 шақырым жерден өтеді.
Жақын темір жол станциясы: Москва—Орта азия магистралының бойында
орналасқан, яғни кен орнынан 100 шақырымдық жердегі Ембі станциясы.
"Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамының базалық орталығы, Жаңажол кен
орнының солтүстік бағытынан 130 шақырымдық жерде орналасқан. Октябрск
қаласында. Қазіргі кезде Жаңажол кен орталығы мен Октябрск қаласының
аралығына тас жол салынған және пайдалану скважиналарын бұрғылау үшін
электр желісі тартылған.

1.2 Кен орнының игерілуі мен геологиялық зерттеу тарихы

Ауданның геологиялық құрылымы туралы алғашқы мәліметтер Е.К.
Ковалевский және А.П. Гаригросс еңбектерінде көрсетіледі. Олар 1840 жылы
Темір, Атжақсы өзендерінің ауданын зерттеу барысында жазған еді. Осыдан
кейін зерттеулер - маршруты және өзеншосиралық кейіпте жүргізіледі.
Территорияны барынша бөлшектеп және жобалау бойынша зерттеу 1944 жылдан
басталды. Сонымен 1944 — 1946 жылдар аралығында Каспий — Арал партияларын
м40 парағында масштабқа түсіруді Г.И. Водорезов басқарған геологиялық топ
жүргізді.
Жұмыс қортындысында геологиялық карта және территорияның тектоникасы
мен стратиграфиялық сұрағына жауап ретінде параққа түсіндірмелі жазба
берді. Бұл жұмыстар әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ.
1949 жылы В.И. Самодуров және И.В. Иванов 1:200000 масштабында 40 -
XXXIV парағын геологиялық түсіруді жүргізді. Осы көлемде Жаңажолда
енгізіліп, қамтылған еді. Авторлар ауданның геологиялық құрылымы туралы
барынша толық мәлімет берген 1952 жылы аудан гравиметриялық түсірумен
алдыңғы масштабқа қамтылды.
1952 — 1954 жылдар аралығында ауданды 1:500000 масштабында карталық
бұрғылау А.С. Зингер түсірді.
1960 жылы Жаңажолды көтеру белгіленіп және 1961 жылы синмикалық жұмыс
арқылы бұрғылауды дайындады.
№10В Ақтөбе геофизикалық экспедициясы 1975 және 1980 жылдары қабат
құрылымы МОГТ зерттеулерімен дәлелденді. Тереңдете бұрғылау жұмыстарын 1961
жылдан бастап, Актөбемұнайбарлау тресінің Мұғаджар маңы геологиялық
бұрғылау экспедициясын жүргізді.
1976 жылдан бастап іздестіру жұмыстарын "Ақтөбемұнайбарлау"
экспедициясы, ал 1978 жылдан бастап "Қазақмұнайгазгеология" бірлестігінің
"Кенқияқ мұнайбарлау" экспедициясы жүргізді.
Алғашқы өндірістік мұнай ағыны 1978 жылы, наурыз айында №4
скважинасында байкалды.
1981 жылдан бастап Жаңажолдағы барлау скважиналарын бұрғылау
жұмыстарын 1981 жылы құрылған құрамы айтылып өткен экспедициялардан
жинақталған "Ақтөбемұнайгазгеология", бірлестігі жүргізуде.
1981 жылдан бастап СССР мұнай өндірісінің министрлігінің бекітуімен
"Ақтөбемұнай" бірлестігіне кен орнында барлау скважиналарвын бұрғылау және
оны игеру тапсырылды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының "Ақтөбемұнайгаз" акционерлік
қоғамының "Октябрск мұнайгаз" мұнай газ өндіру басқармасының цехтарымен
игеру жұмыстары атқарылуда.

1.3 Стратиграфия

Жаңажол кен орнындағы барлау жұмыстары арқылы төменгі тас-көмір
жоғарғы бор жасындағы жыныс жиынтығы анықталған. Стратиграфиялық
бөлшектеуде, керннің сипаттамасы, өндірістік — геофизикалық зерттеу
диаграммасы, палентологиялық анықтаулар қолданды.
С — Таскөмір жүйесі
C1 - Төменгі бөлім
Жаңажол кен орын көлемінде аршылған, барынша ерте шөгінді жыныс болып
ортавизе жасындағы терригенді шөгінділер табылады.
Осы жыныстар № 1-е скважинасында 4190 — 4200 метр аралығында кездесті.

Терригенді шөгінділер қимасының жоғарғы бөлігі корбанатты қабатпен
ауысады. Олардың жасы жоғарғы визе және Серпухов жастарымен белгіленіп,
құрамы қарақышқыл аргиллит аралас әктастар мен доломиттерден тұрады.
Төменгі корбон жынысының қабатының максимальды аршылуы 308 метр.
С2 — Ортаңғы бөлім
Ортаңғы корбон жыныстары башкир және москвалық ярус құрамдарында
аршылды.
C2 — Башкир ярусы
Бұл жастағы жыныстар № 1 - е скважинасының 3892 — 3668 метр
аралығында толық және 23 скважина мен жиі-жиі қамтылды. Олардың толық
қалыңдығы 224 метрге жетеді.
Құрамында қошқыл және ақшыл, қошқыл әктастар оргоногиенді түйірлі,
аргиллит аралас массивті доломит жікшелерінен тұрады.

С2т - Москва ярусы
Мұның құрамы екі подярусқа бөлінеді.
Төменгі москвалық подярусының № 1-е скважинасында 3668 — 3560 метр
және №23 скважинасында 3807—647 метр аралықтарында верей және паширлік
горизонттары кездескен. Жыныс қалыңдығы 106 метр ден 156 метрге дейін
жетеді.
Бұл қабаттар корбананттар және аргиллит жікшелері аралас шөгінділерден
тұрады.
Жоғарғы Визе — москвалық подярусының корбонанты жыныс комплекстерінің
қалыңдығы № 1-е скважинасында 630 метрге жетіп Төменгі корбонантты қабаты
құрайды, ол бұл өз алдына

Кт — II индексімен белгіленген
С2т2-жоғары москва ярусы
Бұл мячковтың және Подольск горизонттарымен белгіленген. Подольск
горизонтының төменгі бөлігі көбіне — көп терригенді қалыңдықты қабаттар,
яғни аргиллиттер, қиыршық топырақ, гравилиттер және 266—366 метрлі
қалыңдықта жиі кездесетін әктастардан тұрады. Подольск горизонтын барлық
дерлік скважиналармен өтеліп, оргеногенді, оргеногенді үгілгіш, ұсақ
түйіршікті әктас және доломиттерден құралған.
Оның қалыңдығы 115 метрден 164 метрге дейінгі аралықты өзгермелі болып
келеді.

С3 — жоғарғы бөлім
Жоғарғы корбонанты қабаттың ортаңғы карбонатты қабатымен шекарасы
геологиялық каротаж сызбасындағы өзгеруінен көрінеді. Жоғарғы корбонның
көптеген микрофауналарымен флоралардың табылуына байланысты пасимов және
гжель ярустарына бөлінген.

С3к — Касимов ярусы
Жыныс жасы № 5 скважинасының 2832 — 2834 және 2829-2819 метрлер, №1
скважинасының 2900— 2896 метрлер, №6 скважинасының 2909 - 2906 және 2899 -
2897, 2894 - 2888 және 2884 — 2879 метр аралықтарында, №12 скважинаның 3013
— 3001 метрлер аралықтарында алынған фораониннфер және №5 скважинаның 2832
— 2824 және 2819 — 2819 метрлер аралықтарында алынған коподонтттар
жиынтығынан анықталды. М.Н. Изотова анықтаған мәліметтерге қарап касимов
ярусы келесі фауналармен; "Protriticits pseceLomon tipoms obsolites
obsolites", "Man tipams man tipams", "triticites acutas, auutas"
фауналарымен сипатталған.
Литологиялық қатынаста ол ауданның көптеген бөлігінде әктастар және
доломиттерден құралған.
Касимов ярусының қалыңдығы 50 метрден 97 метрге дейінгі аралықтарда
өзгеріп, кездеседі.

С3Д — Гжель ярусы
Бұл ярус екі бөлімнен тұрады. Төменгі қалыңдығы 53 метрден 136 метрге
дейін өзгереді.
Жыныс ішінде сульфатты және корбонатты қабаттар бар. Оның басқа
қабаттарға қарағанда айтарлықтай айырмашылығы құрамының 65—85% фауналар мен
су өсімдіктерінің қалдығынан тұратын әктастар болып табылады.
Қаралып отырған гжельдік ярусының бөлігі екі аймакқа, ягаи "Tritigts
yticenbeprg" және "yigulitis sigicleutis" аймақтарына бөлінеді.
Осы аймақтар 12 скважинасының 2964.2 — 2890 метр және 2336.6—2930
метрлер аралықтарынан анықталған фораминиферлермен дәлелденген.
Жоғарғы КТ—I корбонатты қабатында негізінен газоконденсат коры
сақталған.
Корбонатты қабаттың жалпылама қалыңдығы 427—573 метрлер аралығында.
Қиманың корбонат үсті бөлігі жиі кездеседі. Яғни, гравалит, сазбалшық,
алевролит қабаттарынан құралған терригенді гжельдік ярусының қабат
қорабынан түзілген.
Оның қалыңдығы 24 метрден 109 метрге дейін жетеді;

Р — Пермь жүйесі
Пермь шөгінділері - төменгі және жоғарғы бөлімдермен берілген.

P1 - төменгі бөлім
Төменгі пермь бөлімі ассольдік, сакморлық, артин және кунгурлық ярус
шөгінділерінен тұрады.
Р1а+s— Асселъді — сакмарлы ярусы. Ассельді — сакмарлық терригенді
қабат қалыңдығы гжельдік терригенді корбон қабатымен бірге Жаңажол кен
орнында региональды флюйдты кедергілі қабат туғызады. Бұл қабыршақты қабат
қалыңдығы белгілі дәрежеде құрамында сазбалшықтың болуымен және кең ауқымда
яғни, 16 метрден 598 метр аралығында өзгеріп, солтүстіктен оңтүстікке қарай
тенденциялы өзгеріп отырады.
Литологиялық байланыста бұл аргиллиттер, қыйыршық топырақтар,
алевролиттер, жиі — жиі гравлит және сазбалшықты әктастардан тұрады.
Алельдік ярусының қалыңдығының жасы 1 скважинаның 2647 - 2645 және
2498-2495 метрлер аралықтарында және 10 скважинада 2468—2458 метрлер
аралықтарында алынған фораминифер фауналарымен қуатталып (№ 93 скважина) 9
метрден (8 скважинада) 359 метрге дейін өзгеріп отырады.
Сонмарлық ярусында қалыңдыққа байланысты сақталмаған, яғни, 5
скважинада кездескен.

Р1к — Кунгур ярусы
Кунгурлық ярусынан гидрохимиялық шөгінділері жоғарғы корбонат үсті
терригенді қабатымен бірге кунгур қималарының мұнай мен газға қаныққан
бөліктерінде өте зор флюйдті кедергілі қабаттама тудырады.
Кунгурлық ярустың шөгіндісінің төменгі бөлігі сульфатты терригенді —
галогенді аргиллит араласқан қабаттарымен кездескен. Оның қалыңдығы 10
метрден 60 метр аралығында өзгереді. Жоғарырақта галогенді аргиллит аралас,
жиі қиыршық топырақ пен алевролит және ангидрит қабатшалары орналасқан.
Галогенді қабаттың максималды қалыңдығы (12 скважинада) 996 метрден,
минималды қалыңдығы (3 скважинада) 7 метр аралығында.
Кен орынының кунгурлік ярусының жоғарғы бөлігінде терригенді —
сульфатты қабаттар жатыр.

Оның негізгі бөлігін 4 метрден 48 метр қалыңдықта кездескен
ангидриттерден жинақталған.

Р2 — жоғарғы бөлімі
Жоғарғы пермь шөгінділері шұбар түсті, қоңыр түсті, құрамында жеке
ангидрит (3 тен 0.5 метрлі және 10—15 метрлі) қабатшалары
кездесетін терригенді қабаттардан тұрады.
Жоғарғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Актас ауданының геологиялық құрылысы мен геологиялық даму тарихы
Геологиялық - түсіру жұмыстары
Геологиялық және геофизткалық жұмыстар
Қазақстанның геология саласының дамуы
Іздестіру жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері
Батыс Қаратүлей алаңының геологиялық құрылысы, мұнайгаздылы болашағы мен мұнай-газ кеніштерін іздестіру жұмыстарының жобасы
Тау жыныстарының жасын анықтау
Еліғажы алаңының геологиялық құрылымы және мұнайгаздылығы
Экономика, геология-экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру мен жобалау
Ұнғыны жуу
Пәндер