Ауған соғысы тарихқа енді


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы

ТАҚЫРЫБЫ : Қазақстандықтар-Ауған соғысында.

ОРЫНДАҒАН : Кеншимова Жайшылық Сәрсенбекқызы

Тарих-04-3 оқу тобының студенті

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ: Л. Т. Джумалиева

Тарих және философия

кафедрасының аға оқытушысы,

тарих ғылымдарының кандидаты

Қорғауға жіберілді: О. Д. Табылдиева т. ғ. к, аға оқытушы

Тарих және философия

кафедрасының меңгерушісі

Ақтау-2009 жыл


Ж О С П А Р Ы :

КІРІСПЕ бет

І тарау. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы. бет

ІІ тарау. Жарияланбаған соғыс және беймәлім кеткен боздақтар. бет

ІІІ тарау. Ауған соғысының ақиқаты : патриотизмнің бейнесі бет

Қорытынды. бет

Сілтемелер тізімі бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі бет

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тізгінін өз қолына алып, егемен ел болған жерде оның Кеңес Одағы тұсындағы шешімін таппаған мәселелерді, бұрын жалған баға беріліп келген тақырыптарды мейлінше ашып көрсете отырып, ақиқатты шындық тұрғысынан саралау, терең талдауды қажет ететін процесс.

Мұндай тақырыптарға терең көз жүгіртіп, оның мәнін ашу, ғылыми ой елегінен өткізу-бүгінгі күн тарихшыларының басты міндеті болып отыр. Осы міндетті жүзеге асыруда өткенді бүгінгі күннің биіктері тұрғысынан тарихи талдаудың маңызы зор.

1979 жылғы 25 желтоқсанда кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстан шекарасынан өтті [1] . Он жылға жуық ол елде соғыс жүргізді. Бұл соғыс төңірегінде сөз қозғайтын болсақ, бұл мәселе осы күнге дейін арнайы зерттелген жоқ. Әрине, Ауғанстан соғысы төңірегінде баспасөз беттерінде жарияланып жатқан бірлі-жарым еңбектер баршылық.

Ресми органдар мен әлгіндей жарияланымдар тарапынан бұл соғыс күні кешеге дейін әділетті соғыс тұрғысында бағаланып, интернационалдық көмек беру ретінде айтылып келді. Кейінгі жылдары бұл соғыстың әділетсіз, басқыншылық және пайдасыз соғыс екеніне көзіміз жете бастады.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Ауғанстан мемлекетіндегі соңғы жағдайларға тоқтала келіп, өкінішке орай, бұл соғыстың алып дөңгелегін қозғалысқа енгізген Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға басып кіруі болған еді. Содан бері бұл ел қырсық шырмауынан шыға алмай-ақ келеді [2] -деді.

Ауған соғысы тарихқа енді. Бірақ осы соғысқа жан-жақты талдау жасап, ақиқатын ашып, бұтағы Кеңес Одағының құрамындағы басқа республикалар сияқты біздің республикамызға әкелген қайғы мен қасірет, шығын мен зардап, өкініш пен орны толмас қайғының бетін ашып жазған ғылыми еңбек әлі жоқтың қасы.

Міне осындай ойлар мен ізденістерді жанай келе, біріншіден, бұл еңбектің өзектісі анықталды.

Екіншіден, бұл ғылыми еңбектің өзектілігі, кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстанға енгізудің себебін анықтау, ауғанстанға енген әскер құрамының санын көрсету.

Ауғанстанға әскер енгізу жөніндегі шешімді қабылдаған КСРО-ның жоғарғы топтағы жетекшілерінің солақай саясатын әшкерелеп, оған бүгінгі таңдағы көзқараспен саяси баға беру болады.

Үшіншіден, ауған соғысы барысындағы ерекшеліктерге, оның ішінде ұлт ерекшелігіне тоқталып, сонымен қатар Ауғанстанға ұлттық құрама түрінде аттанған әскери бөлімдерді анықтап, олардың соғысқа тартылуын көрсетуде зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді.

Төртіншіден, Қазақстандықтардың ауған соғысына қатысуы мен олардың шығынын, соғысқа қатысқан қазақстандықтардың жалпы санын, олардың ішінде қыршын кеткендердің мүгедек болғандарын, із-түзсіз жоғалғандарын, облыстар бойынша әр жылға шаққандағы шығындарын анықтай түсу бұл еңбектің құнды бөлігі болып табылады.

Бесіншіден, Ауған соғысында марапатталған қазақстандықтардың санын анықтап, ауған соғысына қатысушылардың бүгінгісін көрсете отырып, тарихи тағылымын жазу болып табылады.

Диплом жұмысының зерттелуі. Ауғанстан тарихының өркендеуі. Ол елдегі ел басқару тәртібі мен тәсілі, ел ішіндегі жағдайдың шиеленісуі мен Ауғанстанға кеңес әскерлерінің енуінің себептері Ауғанстан тарихы туралы жазған еңбектерден көруге болады.

Алматы қаласынан 2001 жылы шыққан. Ауғанстанға кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті енгенге дейінгі Ауғанстан мен КСРО арасындағы әскери-саяси жағдайды баяндаумен басталады. Кеңес әскерлерін Ауғанстанға енгізудің себептерін анықтай отырып, мұндай халықаралық саяси шешімді қабылдаған адамдар тобын көрсетеді.

Сол сияқты автор бұл еңбегінде ауған соғысының ерекшелігіне, кеңес әскерлерінің ұлттық құрамына тоқтала отырып, марапатталушылардың санын анықтаған. Басты назар Ауған соғысына Қазақстандықтардың қатысуына арналған.

Соғыстағы адам шығыны мен із-түзсіз жоғалғандардың саны Қазақстан Республикасының әрбір облысы бойынша анықталып көрсетілген. Сондай-ақ бұл еңбекте Ауған соғысына қатысты материалдар тұңғыш рет қазақ тілінде жарияланады.

Сонымен қатар Ауғанстан туралы авторлар А. В. Филипповтың, К. Рашидовтың, А. В. Игнатовтың т. б. еңбектерінде 1978-1990жж. аралығында Ауғанстандағы әр түрлі оқиғалар мен күрделі жағдайларға жан-жақты талдау жасай отырып, ол туралы дұрыс жауаптар беруге тырысады.

1978 жылы Сәуір революциясының сипаты мен мазмұнын, оның жақтаушылары мен қарсыластарының арасындағы күрестің өсе түсуін, Ауғанстанға Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін енгізудің барысы мен себебін аша түсуді қарастырады. Сонымен қатар авторлар Ауғанстанға Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін енгізудің себептерін аша отырып, әскер енгенге дейінгі кеңестік өкілдерінің Кабулдан жіберіп отырған хабарлама тізбектерін көрсетеді.

Диплом жұмысының міндеті мен мақсаты. Ауғанстанға Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін енгізудің себептерін анықтау. Осы соғысқа қатысқан жалпы адам саны мен олардың шығының, оның ішінде соғысқа қатысқан қазақстандықтардың жалпы санын, із-түзсіз жоғалғандарын, орден және медальдерімен марапатталғандарды анықтау.

Он жылға жуық Ауғанстан территориясында жүрген соғысқа барынша тоқталып, осы соғысқа қатысқан солдаттар мен офицерлердің кінәлі емес екендігіне көз жеткізуін, соғыстағы кеңестік әскери құрамның соғыста кездескен қиыншылықтары мен азабын айта отырып, солақай саясаттың арқасында басталған бұл соғыстың бүгінгі таңдаңы көзқараспен жан-жақты талдау.

Зерттеу жұмысының дерек көздері. Ауғанстан мемлекеті және осы соғыс төңірегіндегі жазылған еңбектерді, шығармаларды, мақалаларды және осы соғысқа тікелей қатысқан әскери қолбасшылар мен жоғарғы құралдағы офицерлердің естеліктері, оқу барысында анықтала түсті.

Ауған соғысы туралы жазған авторлар [3] еңбектерінде 1978-1990 жылдар аралығында Ауғанстандағы әртүрлі оқиғалар мен күрделі жағдайларға жан-жақты талдау жасай отырып, ол туралы дұрыс жауаптар беруге тырысады.

Сонымен қатар авторлар Ауғанстанға кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін енгізудің есептерін анықтай отырып, әскер енгенге дейінгі кеңестік өкілдердің Кабулдан жіберіп отырған хабарлама тізбектерін көрсетеді.

Оған қоса бұл еңбектен Ауған соғысы барысында өзінің адал борышын атқара отырып марапатталған жауынгерлердің қандай марапаттауларға ие болғандарының санын да анықтауға болады.

Ауған соғысына қатысушылар мен олардың жалпы шығының санын анықтауда үлкен жәрдем жасалған еңбек-әcкери ғалым, Г. Ф. Криволеевтің статистикалық еңбегі [4] .

Ауған соғысына үш рет аттанған, Кеңес әскерлерін Ауғанстанға алып кетуге жетекшілік жасаған генерал-полковник Б. В. Громовтың еңбегі [5] ауған соғысындағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің соғысқа қатысу жайында жан-жақты ақпарат беретін үлкен еңбек. Аталмыш тақырыптың жан-жақты қырлары мен сырларын ашуда маңызды роль атқарғандар, сол уақыттағы әскери басшылар мен қолбасшылардың естеліктері мен жылнамалары, ауған соғысына қатысушылардың мақалалары мен ой-пікірлері болды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы.

Мәскеу уақыты бойынша 1979 жылы желтоқсан айының 25 жұлдызында сағат 15. 00-де Қорғаыс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізу басталды.

Бірінші болып барлаушылар, сосын аспалы көпір бойынша генерал К. Кузминнің жетекшілігімен 108-ші атқыштар дивизиясының қалаға бөліктері өтті (Ауғанстанды 1989 жылы кеңес әскерлерінің тастап шығуына жетекшілік еткен, болашақ 40-шы армияның қолбасшысы ол кездегі полковник Б. В. Громов 1980 жылы қаңтарда осы дивизияның штаб бастығы болып тағайындалды) . Әскерді енгізудің басталуы сәтінде армияның қолбасшылық бекетіне Кеңес Одағының Маршалы С. Л. Соколов пен Түркістан әскери округі әскерлерінің қолбасшысы Ю. П. Максимов келді.

Бұл уақытта әскери-транспорт авиациясы әуе-десантшылар дивизиясының негізгі күштері мен жеке парашюті десантшылар полкын әуе арқылы Эстана мен Баграм әуежайларына түсіру басталды.

Витебскідегі әуе-десантшылар дивизиясының командирі генерал-майор И. Ф. Рябченко сол кездегі оқиғаларды еске ала отырып: «1979 жылдың 10 желтоқсаны күні сағат 23. 30-да дивизия бөлімшелерін толық жауынгерлік дайындыққа келтіріп, әуежайға ұшуға шығару туралы бұйрық алдым.

14 желтоқсанда Түркістан әскери округінің басқа әуежайларына дивизияны қайта орналастыру жүзеге асты. Әскери бөлімшелер 24 желтоқсанға дейін он күн шамасында осында жауынгерлік міндеттерді орындау үшін дайындық шараларын өткізді. 25 желтоқсан күні (Мәскеу уақыты бойынша 15. 00-де) десантшылар ұшақтарға отырғызылып әуе арқылы Кабул және Баграм әуежайларына түсірілді.

26 желтоқсанда дивизияның міндеті анықталды [6] .

Осы күні 19. 30-ға дейін астананың белгіленген аудандарының объектілеріне барып оларды қаруландыру күшейтілген, оған қоса Кабулға қарулы топтың келмеуіне жол бермеу тапсырылғанын айтты.

Осы отты күндерді еске ала отырып Р. А. Байтереков: «Мен әуе десантшылар әскерінің құрамында қызмет еттім. Дәлірек айтқанда Витебскідегі әуе десантшылар дивизиясының 257-ші полкында.

Бірде бізді әскери дабыл бойынша көтеріп, оқ-дәрілерімен жабдықтап, ұшақтарға отырғызды да түнде бұрынғы Кеңестер Одағының территориясын кесе отырып, Ауғанстанның Баграм әуе жайына әкеліп түсірді. Ал бұл жағдайды біздің арамыздан ешкім де білмеді. 26 желтоқсан 27 желтоқсанға қараған түні Баграмнан Кабулға бару жөнінде бұйрық түсті.

Берілген бұйрық бойынша әскери құрама түнде Кабулға жылжумен болды. Сәтін салғанда әскери құрама толық құрамда Кабулға кіріп келді. Міне осы арадан біздер үшін Ауған соғысында алғышқы соғыс операциясы басталды [7] -дейді.

Әскери құрамалар мен техникаларды тасу үшін 343 ұшақ-рейсі жасалса, оның 66 рейсі АН-22, 76 рейсі ИЛ-76, 200 рейсі АН-12 арқылы жасалды. Барлық бөлімдер мен әуе десантшылар дивизиясының бөлімшелерін тасу үшін 47 сағат кетті (бірінші ұшақ 25 желтоқсанда 16. 15-те қонса, соңғы ұшақ 27 желтоқсан күні 14. 30-да қонды) . Осы уақыт барысында Кабул мен Бафамға жеке құраманың 7700 адамы, соғыс техникасы бөлімінің 894-і және 1062 тонна әр түрлі жүктер әкелінді [8] .

Өкінішке орай бұл шаралар құрбандықсыз жүзеге аспады. 25 желтоқсан күні 19. 33-те Кабулға қонар алдында ИЛ-76 ұшағы тауға соғылып жарылды. Капитан В. В. Головчин, ал бортында 37 десант (бір офицер, үш прапорщик, бір сержант және 32 қатардағы жауынгер) болды. Қаза болған жауынгерлердің ішінде қазақстандық, Шымент облысы, Ленгір қаласының тұрғыны Гребенюков та бар еді.

Осылайша белгіленген уақытта 108-ші атқыштар дивизиясының алдыңғы қатарлы бөлімдері мен 103-ші әуе-десантшылар дивизиясының алдыңғы қатарлы эшалоны Ауғанстанмен арадағы мемлекеттік шекараны әуеде де, жерде де кесіп өтті.

Осы күннен бастап, Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстанның таулы-шөлейт жерлері күтіп тұрды. Олардың ең қиын сәттері мемлекеттік шекарадан өтпей жатып-ақ басталды.

Сол уақыттағы 40-шы армияның қолбасшысы болған генерал-полковник Ю. В. Тухаринов мемлекеттік шекараны кесіп өту барысында Амудария өзенінен өту кезіндегі қиыншылықтарды айта келіп: «Амудария құбылмалы өзен болып келеді.

Оның құм басқан жағалауы жеңіл шайылып, өзен тоқтаусыз өзінің арналарын өзгертіп отырды. Сондықтан әскери техникадағы дайын өткел болатын көпір қойылды.

Бірақ біраз уақыттан кеін көпір өзен жағасынан жылжып кетті ме, шөге бастады ма әйтеуір жарамсыз болып табылды. Мұндай азаптан шығудың жолын жергілікті тұрғындар айтып, қамыстың көмегімен жағалауды қатаруды көрсетті. Көпір сөйтіп көтеріле бастады. Мұндай азапқа алғашқы сағаттарда тап болғанымызды бәрін көрді» [9], -деді.

«1979 жылдың 25 желтоқсанынан 26-сына қараған түні дивизия тек жылжумен болды. 26 желтоқсан күні таңертең дивизия штабымен бірге кеткен полковник Б. Я. Рогонцев екі полктың көрсетілген аудандарға белгіленген уақыттан 1, 5-2-сағат бұрын жеткендігін айтты.

Марш жалпы жақсы өтті. Көптеген тұрығндар кеңестік колонналарды кездестіруге шықты. Тоқтаған кезде ер азаматтар мен балалар машиналардың қасына келіп, қызығушылықтарын білдірді. Кеңестік әскер енген кезде халықтың кейбір бөлігінің қайырымдылығы мен қуанғандығы көрінді. әрі қарай ахуал өзгерді. Картада көрсетілген Ташкуртан-Кундуз тас жолы жоқ екенін полковник Рогонцев жоғарғы топқа баяндады. Ол жолды салу әлі басталмаған да, оның орнына жел үйген құм төбелер көптеп кездесті.

Сондықтан да Кундуз қаласына барып жайғасқан әскери бөлімдер 120-150 шақырым ұзақ жолды айналып өтуіне тура келді [10] .

Ауғанстан территориясының бестен төрт бөлігін Гиндукуш, Парапомиз, Хазараджат, Сулайман және Шығыс Ирандық тау жүйелері құрады. Солтүстікте, Орта Азия мемлекеттерімен шекарада Гиндукуш жотасы таулары алып жатыр. Мұнда сусыз, тасы көп шөлейт таулар мен таулы-бос алқаптары көп.

Жері құмды және таулы- шөлейт территориясы, оған қоса елдегі климаттың ыстық болуы Ауғанстан жеріндегі асуларда, соғыс барысы кезінде және басқа келеңсіз жағдайларда өте ауыр болды.

Мысалы: «27 желтоқсан күні Саланг таулы асуынан өту кезінде колонна өте қатты қиналды. Әсіресе 100 шақырымдық асу қиын да қауіпті болды. Түнде жол мұз болып қатты. Доңғалақты техникалар қияда тығылды, ал ылдида шынжыр табан техникалар жарға түсті. Жер асты жолы (тоннель) бірлі-жарлы машиналарға ғана арналып жасалған.

Ал мұнда бүкіл соғыс техникасы мен дизельмоторлы техниканың колоннасы өтті. Жер асты жолында ауа ластанды. Жүргізушілер противогаз киюше мәжбүр болды. Дивизия жолдағы қиыншылықтарды жеңе отырып белгіленген уақытта Кабулға кіріп келді [11] .

1980жылы қаңтар айының ішінде генерал-лейтенант Ю. В. Тухаринов қолбасшылығымен кеңестік әскерлердің елдің маңызды аудандарына орналасып ауғандық армиямен бірлесіп әкімшілік орталықтардың, өімрге қажетті обьектілерді, әуежайлар мен Хайратон-Кабул, Кушка-Герат-Кандагар, Кабул-Джелалабад; Пули-Хумри-Кундуз-Файзабод автомагистралдарын қарауылдауға алды.

Оған қоса кеңестік манадар мен кеңесшілер тұрған және жұмыс істеген кеңес-ауған бірлескен объектілеріне мықты қарауыл күзетін орнатты (Жарқұдық және Шибарған газөнеркәсібінде, Сурибу, Наглу, Пули-Хумру, Кабул электростанциясында, Мазари-Шарифтегі зауытта, Саланг жерасты жолында) . Барлығы кеңестік әскерлер 21 провинциалық көптеген уездік және болыстық орталықтарды, тоғыз әуежайды (Кабул, Баграм, Шинданд, Кандагар, Кундуз, Джелалабад, Гардез, Герат, Файзабад) қамтамасыз етті.

Барлық тұрғындар кеңестік әскер жауынгерлерін жылы шыраймен қарсы алмады. Кейбір ауғандықтар өздерінің елдерінде кеңестік әскерлердің пайда болғанына ықтиятпен қарап, қарсы әрекеттерге бармады.

Дегенмен жекелеген жауыздық әрекеттер де орын алып отырды. Кей кездерде бірлі-жарым кеңестік машиналарды (әсіресе қалып қойған) ататын жағдайларда кездесті. Ал кеңестік әскерлер оппозицияның жекеленген қарулы бөлімдерінің ұрыс қимылдарына жауап қайтаруға мәжбүр болды. Осыған байланысты Бас Штабтың директивасы бойынша жауап ретінде оқ ату ішкі себептерден де туғанын аңғартуға болады.

Бұларға қосатын ең қажетті жайт, Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізу қыстағы ауыр климат жағдайында жүзеге асты. Ауғанстанға алғашқы құрамда енген солдаттар көптеген, ауыртпашылық азаптарды бастан өткізді.

Мысалы, әскери дәрігерлерге күрделі де ұзақ операцияны қатты аяз кезінде немесе қырық градус ыстық кезінде палаткалада жасауға тура келді. Кеңестік солдаттар көбінесе палаткаларын жалаң тастардың немесе қардың үстіне құрды, қарауыл тұратын орындар мен бекіністер салды. Оңтүстікке жылжи отырып, гарнизондарымен бос жерлердегі өзен аңғарларында, шатқалдарда тұрды [12] .

Өздерімен бірге тамақ, жанар-жағар май, оқ, дәрі, су алып жүрді. Айта кетерлік жайт, дайындық асығыс-үсігіс жүрді, әскер көптеген нәрселерге тек қана соғысқа ғана емес, ауғандық қысқа да дайын емес еді. Әскердің құрылмы мен тұрмысы ең болмашы талаптарға жауап бере алмады.

Жаттығу алаңы, жаттықтырушылар мен жауынгерлерді ұрыс қимылына дайындайтын оқу құралдары болмады. Офицерлердің әскери-жауынгерлік білімдері жоғары болғанымен, ол негізінен күнделікті сипаттағы ұрыстың фортасына шамаланған еді.

Жергілікті жердің жер-жағдайы мен партизандық соғыс әдістерін меңгере білу жеткіліксіз болды. Жауынгерлік тәжірибе мен әдістің мардымсыз болуы кеңестік әскерилерге алғашқы кезде өздерінің меңгергендерін пайдалануға мүмкіндік бермеді. Командирлер: «бұл қысқа мерзімдік акция, тапсырманы орындаймыз де кетеміз»-деді. Ал бірақ, «акция» тоғыз жылдан асқан ұзақтыққа созылды.

1979 жылдың 26 желтоқсанында ауған территориясына түсірілген дивизияның міндеттері анықталып, соғыс операцияларына дайындалу жұмыстары басталды. Соғыс қимылдарын жүргізудің негізгі ошақтары болып: АДР жетекшісі Х. Амин орналасқан Тәжі-Бек сарайы, Бас штаб орналасқан әскер корпусының штабы, Пули Чархидағы түрме, Баграмда орналасқан зенитшілерді және авиациялық гарнизонды басып алу саналды.

Кеңес әскерлерінің ең алғашқы соғыс қимылы 27 желтоқсанда Х. Аминнің көзін жоятын жауынгерлік операциядан бастады [13] .

Ал Тәжі-Бек сарайын алу операциясы кешкі 19 сағат 30 минутта «Дауыл-333» белгісі бойынша басталды. Сарайды басып алу операциясына МҚК-нің полковнигі Г. И. Бояринов жетекшілік етті.

Оған 50 адамнан тұратын МҚК-нің офицерлер тобы, капитан В. А. Востроин бастаған 9-ыншы рота десантшылары, 345-ші жеке жаяу десантшылар полкының бір взводы мақсаттағы мұсылмандық батальоны қарады. Бұлардың бәрі ауғандық әскери формада киінді. Шабуыл жалпыға ортақ белгі бойынша басталды. Жауынгерлік қимыл қараңғы кезде басталғандықтан кеңестік жауынгерлердің қолына ақ шүберек байланды, ал бас киімдеріне ақ лента жапсырылды. Мұның бәрі Х. Аминнің қарауылдарымен шатасып қалмау үшін жасалған белгі еді.

Сарайды басып алу соғысы 30-40 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде МҚК-нің арнайы тобы Х. Амин орналасқан бөлмеге де басып кірді. Атыс барысы кезінде осы топ офицерлерінің қолынан Х. Амин қаза тапты. Асыға күткен кеңес әскерлері Х. Аминнің өзінің көзін жойды, АДР үкіметі басшысының өлігі кілемге оралды. Негізгі тапсырма орындалды.

Шабуыл барысы кезінде кеңестік жауынгерлерден 11 адам шейіт болды. Майор Халбаевтың батальонынан 6 адам, десантшылардан 4 адам және осы операцияға жетекшілік жасаған МҚК-нің полковнигі Г. И. Бояринов қаза тапты. 38 адам әр түрлі жарақат алды [14] .

«Дауыл-333» соғыс операциясының құрамында және Тәжі-Бек сарайына шабуыл жасаған айрықша мақсаттағы отряд қатарында біздің қазақстандық жерлестеріміз М. Усманов, К. Расульметов, Д. Исламов, М. Юльчиев, Б. Оразбеков, Б. Оразымбетов тағы да басқалары болды.

Оның бірі қатардағы жауынгер Шымкент қаласының тұрғыны Расульметов Құрбантай Мұратұлы еді. Әскери тапсырма мен бұйрықты орындау үшін соғыс қимылына кіріскен К. Расульметов отырған соғыс машинасы (БТР) кенеттен душмандар зеңберегінің көзіне ілікті.

Душмандар қолымен көздей отырып атқан зеңбірек оғы соғыс машинасында орналасқан К. Расульметов пен оның жолдастырн мәңгілікке көз жұмдырды .

Сөйтіп қорғанысы мықты Тәжі-Бек сарайына шабуылдау барысында бірнеше азаматтар өз борышын өліммен есептеп, мәңгілікке қош айтысты. Күзеті өте күшті сарай біріншіден, оқ өтпейтін дуалдармен қоршалса, екіншіден, арнайы орындарға орналасқан «Шилка» атты зенит қондырғысы аузынан айдаһарша от шашты, үшіншіден, сарай биіктікте орналасып ашық айналаға қарай оқ жаудыруға қолайлы болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі - ауған соғысы
Екінші дүниежүзілік соғыс. «Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесі
Ақш президент сайлау жүйесі, ерекшеліктері туралы
Орталық Азия және Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері
Гомердің эпостары
Ауған ақиқаты
Өлкені индустрияландыру саясаты
Ауған соғысы
Тарихи өлкетану жұмыстары және оларды ұйымдастыру жолдары
Тараздың қысқаша тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz