Ежелгі Рим сәулет өнерінің тарихын жазу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тарих-филология факультеті
Тарих кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ежелгі Рим өнері
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
« » 200 ж.
Ақтөбе 200
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3-6
1-тарау. Республикалық Рим өнерінің дамуы (б. з. д. І ғ. аяғына дейін) . . . 7-26
1. 1. Этрустар өнері (б. з. д. ҮІІ-ІҮ ғғ. ) . . . 7-15
1. 2. Сәулет өнері және декоративтік жазбалар . . . 15-22
1. 3. Мүсіндеме өнері . . . 22-26
2. Империялық дәуірдегі Рим өнері (б. з. д. І ғ. аяғы-б. з. 476 ж. ) . . . 27-40
2. 1. Сәулет өнері . . . 27-40
2. 2. Мүсіндеме өнері . . . 40-48
2. 3. Фаюмдік портреттер . . . 48-54
Қорытынды . . . 55-56
Сілтемелер . . . 57
Қосымшалар . . . 58-71
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігін жариялағанына 15 жылдан астам уақыт өтті. Содан бері елдігімізді нығайту бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылды. Қазіргі әлемдік даму үдерісінде мемлекеттің жарқын болашағын білімді әрі салауатты ұрпақ қамтамасыз ететіндігі сөзсіз. Бүгінгі күні жастардың білім алуына, олардың түрлі ғылым салаларын меңгеруге толық жағдай жасалған. Қазақстан Республикасының әр азаматының білім алуы, болашаққа бой сермеуі өз елінің ұлттық тарихын оқып-білуден басталуы тиіс. Сонымен қатар, бізге шет елдердің тарихын, ол халықтардың түрлі саладағы тәжірибесін біліп, меңгеріп, оларды өз даму жолымызда пайдалану маңызды. Сондай тәжірибеге толы тарихтың бірі - Ежелгі Римнің тарихы. Ежелгі Рим мемлекеті алғашқы адамзат өркениетінің орталықтарының бірі. Римнің әсіресе, әлемдік мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесі зор. Бүгінгі біздің дипломдық жобамыз осы Ежелгі Римнің өнеріне, оның ерекшелігі мен маңызына арналып отыр. Қазіргі ХХІ ғасырдың өнері мен мәдениетіне Ежелгі Римнің өнері мен мәдени дәстүрлерінің бергені мол.
Эллиндік мемлекеттердің құлдырауымен б. з. д. І ғасырдың аяғынан бастап антикалық әлемде римдік өнер жетекші маңызға ие болды. Грецияның мәдениеті мен өнерінің ең озық жетістіктерін өз бойына сіңірген Рим өнері, оларды батыста қазіргі Гибралтардан шығыста Үндістанға дейін, солтүстікте Британ аралдарынан оңтүстікте Африка құрлығына дейін созылып жатқан Рим державасының үлкен көркемдік тәжірибесінде жүзеге асырды. Антикалық гуманизмге римдіктер барынша шынайы дүниетаным белгілерін сіңірді. Гректердің өнеріндегі миф шығармашылығының асыра сілтелген поэтикасына қарағанда Рим көркем мәдениетінің негізіне ойлаудың нақтылығы және тарихилығы, қатаң проза тән.
Римдіктердің болған жағдайды шынайы қабылдап, оны ой-санасынан өткізіп, жұмыс барысында оған таза сипат беруі римдік өнердің негізіне жатты. Бұл ерекшелік кейінгі уақытта итальяндық Қайта өрлеудің шеберлерінің таңданысын туғызды.
Ежелгі Рим өнерінің хронологиялық шеңбері - оның б. з. д. ҮІ ғасырдың аяғынан қалыптасуынан бастап әлемдік империяның б. з. Ү ғасырында құлауына дейінгі мыңжылдықтарды қамтиды. Ежелгі римдік өнердің бастауы республика кезеңіне (б. з. д. Ү ғасырдың аяғы - І ғасырдың аяғы) жатады. Оның гүлденуі әлемдік құлиеленуші державаның құрылу кезеңінде (б. з. д. І ғасырдың аяғы - б. з. Ү ғасыры) . Рим державасы этникалық және әлеуметтік құрамы жағынан әркелкі, шаруашылықтық және қоғамдық ұйымдасуы бойынша күрделі империя болды. Римнің көркемдік мәдениеті үлкен әр алуандылығымен және формасы жағынан алалығымен ерекшеленді. Онда Рим бағындырған халықтардың өнеріне тән белгілер көрініс тапты. Кейде ол халықтардың өнері мен мәдениеті даму деңгейі жағынан Рим өнерінен де асып түсіп жатты. Рим өнері жергілікті италийлік тайпалар мен халықтардың, алдымен ежелгі жоғарғы дейгейлі өзіндік көркем мәдениеті болған этрускілердің күрделі өзіндік өнерлердің өзара байланыстарының негізінде қалыптасты. Этрускілер римдіктерді қала салу өнерімен (түрлі әдіс-тәсілдерімен, тұрғын үйлер, храмдар салуды), қабырғалық монументальді бейнелеумен, мүсіндеме және бейнелеу портретпен таныстырды. Әсіресе, римдік мәдениеттің қалыптасуына Оңтүстік Италия және Сицилиядағы грек отаршылары қомақты үлес қосты. Олардың бай қалалары ғылыми өмір және антикалықтың көркемдік орталығы болды. Римдіктер грек сәулет өнерінің үлгілерін қайта өңдеп, оларға өзіндік сипат берді. Римдік өнердің дамуына көп жағдайда эллиндік дәуірдің өнері да маңызды ықпал етті. Ол дәуірдегі варварлық тайпалар - галдар, германдықтар, кельттердің өнері сүбелі үлес қосты.
Тарихи дамудың ерекшелігі римдік өнердің гректік өнерден маңызды айырмашылықтарын ажыратып берді. Ежелгі Римнің көркемдік мұрасында тереңдік танымдық маңызы болған мүсіндемелік портрет өнері бірінші ретте тұрды. Онда тұлға мәселесіне және оның тағдырына үлкен қызығушылық білдірілген.
Гүлдену кезеңінде римдік өнерде сәулет өнері жетекші рөл атқарды. Оның ескерткіштері бүгіннің өзінде өздерінің көркемдігімен көз тартады. Римдіктер әлемдік бедерлеу өнерінің жаңа дәуірінің негізін қалаған. Бедерлеу өнері әсіресе, қоғамдық ғимараттар арқылы жүзеге асты. Әлемдік деңгейде Римдік сәулет өнері инженерлік өнері, құрылыстар үлгісінің алуан түрлілігі, композициялық формаларының байлығы, құрылыс көлемі жағынан теңдесі жоқ.
Рим қоғамының сұраныстары: амфитеатрлар, термалар, триумфальдық аркалар, акведуктар, т. б. сияқты құрылыстардың көптеген үлгілерін туғызды. Рим жерінде қамалдар, особняктар, виллалар, театрлар, храмдар, көпірлер, құлпытастық ескерткіштер тәрізді сәулет өнерінің жаңа туындылары өмірге келді.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмыс тақырыбының мәселесіне қатысты әдебиеттер көп әрі жанры жағынан алуан түрлі. Мәселеге қатысты зерттеулер негізінен кеңестік кезеңде көптеп жарық көрген. Қазіргі таңда Ежелгі Рим өнерін зерттеу оның дәстүрлерін кейін пайдалану бағытында жүргізілуде.
Кеңестік кезеңде жарық көрген зерттеулердің бірі «Искусство Древнего Рима» (Москва, 1939) еңбегі. Одан басқа негізгі шығармалардың қатарында «История искусств зарубежных стран» (Москва, 1962) жинағын атауға болады. Бұл еңбектерде Ежелгі Рим өнерінің қалыптасуы, ерекшеліктері сөз болумен қатар, негізінен, республикалық және империя дәуіріндегі Римнің сәулет өнері, мүсіндеме өнері, декоративтік жазбалар, портрет салу өнерінің тарихы көрініс тапқан. Сондай-ақ, әр билеушінің тұсындағы салынған үлкен құрылыстарға сипаттама берілген.
Тарихнамалық әдебиеттердің қатарында соңғы жылдары жарық көрген «История Древнего Рима» атты оқулықты (Москва, 2005) да атап өтуге болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты Ежелгі Рим өнерінің тарихын жан-жақты қарастырып, олардың маңызын көрсету. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды.
- Ежелгі Рим өнерінің қалыптасуына ықпал еткен дәстүрлерді анықтау;
- Ежелгі Рим өнерінің ерекшелігін сипаттау;
- Ежелгі Рим сәулет өнерінің тарихын жазу;
- Ежелгі Рим мүсіндеме өнерінің тарихын жазу;
- Ежелгі Рим декоративтік жазба өнерінің тарихын жазу;
Жұмыстың әдістемелік негізі ретінде тарих ғылымының объективтілік, тарихилық, жүйелілік тәрізді негізгі принциптері басышылыққа алынды. Сонымен бірге, зерттеу жұмысын жазу барысында салыстырмалы-тарихи талдау, сыни талдау, логикалық зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылды.
Еңбектің ғылыми жаңалығы. Аталмыш тақырып университет деңгейінде бірінші рет қарастырылып, Ежелгі Рим өнерінің ерекшелігін жан-жақты талдап, маңызын көрсетуге талпыныс жасалды.
Жұмыстың хронологиялық ауқымы. Дипломдық жұмыстың хронологиялық ауқымы б. з. д. ҮІ ғасырдың аяғы мен б. з. Ү ғасыры аралығын қамтиды.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, тараушаларға бөлінген екі үлкен тараудан, қорытындыдан, сілтемелерден, қосымшалардан және әдебиет тізімінен тұрады.
1-тарау. Республикалық Рим өнерінің дамуы (б. з. д. І ғ. аяғына дейін)
1. 1. Этрустар өнері (б. з. д. ҮІІ-ІҮ ғғ. )
Б. э. бұрынғы ҮІІІ ғасырдан б. э. Ү ғасырына дейінгі он екі ғасырдан астам кезеңді қамтитын тарихы бар Ежелгі Рим адамзатқа орасан бай мәдени, көркем мұра қалдырды. Дүниежүзілік мәдениеттің асыл қазынасына Вергилийдің, Горацийдің, Овидийдің поэзиялық туындылары, Ливий мен Тациттің тарихи еңбектері, Лукрецийдің материалистік философиясы, Цицеронның шешендік өнері, Марциал мен Ювеналдың уытты сатиралары енді. Римдік құқық жүйесі заң туралы ойдың дамуында көрнекті рөл атқарды. Ежелгі Рим шеберлері өзінен бұрынғы ерте дүние өркениеттерін көріп-білмеген алып сәулет ансамбльдері мен инженерлік ғимараттардың жаңа типін, реалистік мүсіндік портрет пен ғажайып фрескаларды, мозаикалар мен көркемдік кәсіп шығармаларын тудырды. Антик дүниесі өнерінің дамуы Рим өнерімен аяқталды. Ол ертедегі грек және ертедегі итальян өнерлерінің үздік жетістіктерін мұра етіп қабылдап, шығармашылықпен қайта өңдеді. Рим шеберлері өздерінің бұрынғылардың дәстүрлерінен шабыт алғанымен, өздерінің өзгеше стилі мен шығармашылық даралығын әрдайым сақтай білді. Рим мәдениеті, оның өнері сияқты, ең алдымен Ежелгі Италия халықтары жасаған өркениет топырағында өсіп-өнді, олардың арасында саяси да мәдени тұрғыдан анағұрлым дамығаны этрустар болды.
Этрустар тегінің тарихы мен олардың тілінің құпиясы осы кезге дейін толық ашылған жоқ. Қазіргі заманның көптеген ғалымдары ежелгі тарихшылар мәліметтері мен Этрурия мәдениетін зерттеу материалдарына сүйене отырып, этрустар Италияға Кіші Азиядан б. э. бұрынғы ІХ-ҮІІІ ғасырларда келген, әйтсе де олардың өзгеше мәдениеті жергілікті итальян топырағында өсіп-өніп, шынайы гүлдену шегіне жеткен деп есептейді [2, 53б] .
Этрустар тәжірибелі егіншілер ретінде даңққа бөленді. Олар батпақтарды құрғатып, құнарлы жерге айналдырды, жасанды суландыру жүйесін кеңінен пайдаланды. Ер жүрек те тәжірибелі теңізшілер Мысыр, Финикиямен, Карфаген және Ұлы Грекия қалаларымен, Испания, Сицилиямен қызу сауда жүргізді. Грек аңыздарында этрустардан шыққан айбынды теңіз қарақшылары айтылады, тіпті теңіз соғысында кемені іліп әкететін қармақты солар ойлап тапқан деген пікірлер де бар. Б. э. бұрынғы ҮІІІ-ҮІ ғасырларда Этрурия ықпалы Жерорта теңізі өңірінің бүкіл батыс жартысына кең тарады. Сауда жолдарында этрустардың ең әйгілі қалалары - Цере, Тарквинии, Вейи, Вольсинии, Клузий гүлденді. Олар мұнаралы қуатты қорғандармен қоршалды. Этрустар салған жолдар, көпірлер мен қазған каналдар құрылыс техникасының жоғары дамығандығын көрсетті. Олар туралы Рим тарихшылары таңырқай пікір айтты. Этрурия мемлекет-қалаларының басында патшалар мен құл иеленуші бекзадалар тұрды, олардың арасынан ықпалды абыздар бөлініп шықты. Ақсүйектер көбінесе жалдамалы отрядтарды пайдаланып, олжа табу мен тұрғындарды құлға айналдыру мақсатында көрші аймақтарға жиі-жиі шабуыл жасап тұрды. Б. э. бұрынғы ҮІ ғасырда Этрурияның ірі он екі қаласын біріктірген одақ қалыптасты. Бұл федерацияның діни орталығы құдай Вольтуманың Вольсинии қаласы маңына орналасқан храмында жыл сайын дәстүрлі мерекелер өтіп, этрус қалаларының басшылары жоғары абызын сайлайтын.
Б. э. бұрынғы ҮІ ғасырдан бастап этрустар өркениетіне Италияның оңтүстігіндегі грек отарлары арқылы эллин мәдениеті барған сайын пәрменді ықпал жасай берді. Этрустар грек алфавитін, Ежелгі Элладаның театр өнері мен мифологиялық ұғымдарын қабылдады. Грек үлгісі бойынша алтын теңгелер құйыла бастады. Этрурия ақсүйектері қара пішінді, қызыл пішінді құмыралармен әуестенді. Сондықтан да этрус бейіттерінен грек керамикасының көптеген тамаша шығармаларының табылуы тегін емес еді. Гректер сияқты этрустар он екі құдайға табынды, әйтсе де олардың діни көзқарастарында өлім мен о дүниелік құдайлар, сондай-ақ, найзағай арқылы, құстардың ұшқаны мен құрбандыққа шалынған малдардың ішек-қарыны, сүйектері арқылы бал ашу айрықша рөл атқарды. Этрустар пантеонындағы бас орынды бас құдайлар тариадасы - Юпитер, Юнона мен Минерва алды, көптеген қалаларда жұрт олардың этрустық атын атап, құрмет ететін. Солардың құрметіне үш целлалы храмдар салынған. Этрус абыздары жасаған әлем туралы ілім грек аңыздарына, әсіресе, дүниенің жаралуы жайындағы вавилондықтар хикаяларына ұқсас еді. Адам өлгеннен соңғы діни рәсімнің етек алуы да этрустарды ежелгі Шығыс халықтары мәдениетімен жақындатты. Этрурия өнерінің өте ертедегі ескерткіштері - б. э. бұрынғы ҮІІ ғасырдың аяғы мен ҮІ ғасырдың бас кезіндегі қақпағы мүсінделіп, терракотадан жасалған жерлеу сауыттары осымен сабақтас. Оларда мүрденің күлі сақталған. Қақпақтар, көбінесе, сарбаздар пішіндерімен немесе адамның бас бейнесімен айшықталған. Бет әлпеті ұсқынсыз, дөрекілеу қашалған еркектің жалпақ бас бейнесін Кьюзи қаласының маңынан табылған сауыттан көруге болады. Шебер мәнсіз белгілерді елеусіз қалдыра отырып, адам жүзінің негізгі даралық ерекшеліктерін: шығыңқы бет сүйектері, таңқы мұрынды, кең шаралы көзді, жұмылған ерін мен салмақты шомбал бұғақты бейнелеген. Көркемдік тәсіл дәлдігі өліктің сырт пішіні мен мүсінші жеткізген айбарлы күшті одан сайын айқындай түседі. Этрустар пластикасында қақпағына марқұмның мүсіндік бейнесі салынған аумақты терракоталық тас табыттар (астодандар) кеңінен тарады. Б. э. бұрынғы ҮІ ғасырдың екінші жартысында Цереде жасалған тас табытта шебер ерлі- зайыпты этрус ақсүйектерін бейнелеген. Көпшілікке сүйеніп, олар той ложасында жайғасып жатыр. Еркектің қолы әйел иығында. Жатқандардың салтанатты қалпы мен шартты қимыл ишараттарында ерекше мән бар. Кеуделері аумақты берілгенімен, киім астындағы тұлғаларының төменгі жартысы, тіпті жап-жалпақ жазық болып көрінеді. Мүсінші жасаған бейнелер әсемдік, сәнділігімен, әр бөлшегі мұқият айшықталғандығымен көз тартады. Өлгендердің сәл күлімсіреген бет әлпеті жұмсақ пластикалық биязылықпен берілген. Олар жинақтап қорытылған жалпылық сипатына қарамастан, кейбір даралық белгілерін де байқауға болады. Ұзын шаштары иықтарына түсіп тұр, жұқалтай табандары да әдемі сомдалған. Мүсінші қолданған көркемдік тәсіл оның архаика дәуіріндегі грек шеберлері шығармаларымен таныстығын айқын көрсетеді. Этрустар храмының - сәулет өнерінің гректердікінен айырмасы көп-ақ. Б. э. бұрынғы ҮІ-Ү ғасырлардағы Ежелгі Эллада сәулетшілері құм қайрақ пен мәрмерден, көбінесе, периптер типіндегі храмдар салды. Этрустар берік материалдарды көп қолданған жоқ: тасты тек іргелік тиянаққа пайдаланып, үйдің қаңқасын ағаштан жасады, ал қабырғаны қам кірпіштен қалады. Биік тұғыр табанда - подиумда тұратын храмдарға сатылы басқышпен көтерілетін. Аумақты, кең портик ғимараттың негізгі қасбетін барынша айқындап тұратын. Этрустар өздерінің ғибадаттық ғимараттарын архаика кезеңінде бүкіл қадым заман дүниесіне тараған бедерлі, сырлы өрнектермен, терракота мүсіндерімен әшекейлейтін. Этрустарды күйдірген балшықтан мүсін жасауға б. э. бұрынғы ҮІІ ғасырдың ортасында Коринфтен келген грек шеберлері үйреткен дейтін аңыз бар. Б. э. бұрынғы ҮІ ғасырда терракоталық пластика бұрын - соңды болмаған кемелдікке жетті. Вейи қаласының шеберлері бұл салада ерекше танылды. Солардың бірі әйгілі Вулка Римге шақырылып, Капитолий Юпитері храмының (б. э. бұрынғы ҮІ және Ү ғасырлар аралығы) терракота айшықтарын жасады [2, 54-55 б] .
Вулка Вейидегі Аполлон храмының сәндік мүсіндерін де сомдаған. Ғимарат шатырындағы акротерийлер арасында Гераклдың Аполлонмен бұғыға бола таласқанын бейнелейтін көп пішінді композиция болған. Сонда Герклдың көкірегі, Герместің басы, бұғының кеудесі, Артемида мүсінінің бір бөлігі мен этрус пластикасының аса көрнекті үлгісі болып есептелетін адам бойындай Аполлон пішіні сақталған. Жарық пен өнер құдайы алға қарай ширақ та батыл басып барады. Денесін жауып тұрған жұқа киімінің астынан Аполлонның бұлтылдаған бұлшық етті атлеттік тұлғасы көрінеді. Келісті бет әлпеті, жазық маңдайы мен қырлы мұрны, әдемі бұйра бұрымы, сәл созылыңқы қиықша көзі, шат күлкісі мен киімінің ою - өрнекті әдіп, күлтелері Аполлонды архаика дәуіріндегі грек мүсіндері бейнелерімен жақындатады. Алайда, Вейиден табылған Аполлонды архаикалық куростармен салыстырғанда, алғашқысы - қимыл - қозғалысымен көрінсе, екіншісі - тып - тыныш тұрғанын байқау қиын емес. Эллин мүсіншілері пішіннің пропорциялық құрлымына, архитектоникасына баса назар аударса, этрус шебері әсем де мағыналы кескін кейіпті ұсатп қалуға талпынады.
Б. э. бұрынғы ҮІІ - ҮІ ғасырларда Эртурия шеберлері Жерорта теңізі өңірінің барлық елдерінде танымал болған өзгеше керамика жасады. Көзе шарығында жасалған хұмдар, құмыралар мен шаралар күйдірілеген кезде қарайып шыға келетін. Мұндай тәсіл «буккеронеро», яғни итальянша «қара жер» деп аталады. Бұдан соң құмыра ыстық таспен тегістеліп, ойып басылған бедер бейнелермен, кейде күнгірт жылтырайтын беті қырнап сызылған суреттермен, кейде хайуандар мен құсатрдың соқталған мүсіндерімен айшықталатын. Суретшілер ыдыстарды қоладан, күміс пен алтыннан жасалған қымбат бұйымдарға ұқсас шығаруға тырысты.
Этрустар асыл металдарды өңдеу тәсілдерін жетік игеріп, сұлулығы қайран қаларлық асқан нәзік зергерлік бұйымдарды жасауды үйреніп алды. Олар бүршік салу тәсілін меңгеріп, жақұттан алқа жасады; құйттай сырғаларға ұсақ алтыннан бүршік қондырып, алтын білезіктердің бетіне қылдай жіңішке алтын талшықтармен шілтерлеп нәзік өрнек салатын этрус зергерлерінің шығармалары, тіпті Афинының өзінде жоғары бағаланды. Асқан шеберліктің ғаламат үлгісі - Пренестегі б. э. бұрынғы ҮІІ ғасырдың аяғында қабірден табылған әйелдің өңіржиек алқасы. Шағын ғана қақ алтынның бетіне суретші сфинкстерді, қыз басты құстар - гарпияларды, арыстандар мен жылқыны бейнелейтін жүз отыз жеті алтын пішінді дәнекерлеп шебер жапсырған. Олардың әрқайсысы екі жақ жартысы бір - бірімен жымдастырылып, қисапсыз мол бүршікпен әшекейленген. Кезектесіп орын алмастырған аңдар мен құбыжықтар қатарлы қақ алтынның бетінде толып тұр. Бейнелер байлығы мен сәулелі жолақ жарқылы жұтынған бір сәндік әсерін тудырады.
Қола құйма тәсілі де мейлінше кемелденген. Этрус мүсіншілері, әсіресе, аңдар мен фантастикалық хайуанаттар бейнесіне қызығатын. Б. э. бұрынғы 480 жыл шамасында белгісіз шебер химераның мүсінін жасапты. Оны жұрт арыстан басты, жылан құйрықты ешкі кейпіндегі мақұлық деп ұғатын. Қолада құбыжықтың сиқы керемет нанымды мүсінделген. Алдыңғы аяғын созып, белін қайқайтқан химера бірдеңеге айбат шегіп тұр. Ақситқан аузынан ақырған дауыс шығатындай. Мақұлықтың арқасынан өсіп шыққан ешкі басындағы мүйізге айдаһар аузын салған. Әр бөлшектің орындалу шеберлігінен өз өнерінің барша құпиясын жетік меңгерген мүсінші қолы сезіледі. Ол әр түрлі хайуанның өзіне тән белгілерін айқын сезініп, мейлінше шынайы жеткізе алған. Грек мифологиясы туындыларының бірі аузынан от шашқан химера бейнесі этрустар ұғымында жер асты дүниесінің үрейлі алапатынан кейіптейтін болған. Этрурия өнері ескерткіштеріне Рим тарихындағы әйгілі Капитолий қаншық қасқырының мүсіні жатады. Мифтер б. э. бұрынғы 754 жылы римнің негізін қалады мыс деп есептелетін егіз екі жігітті сәби кезінде қаншық қасқыр емізген дегенді баяндайды. Осы оқиғаны есте қалдыру мақсатында Римдегі жеті шоқының бірі Капитолийде б. э. бұрынғы ҮІ ғасырдың аяғында немесе Ү ғасырдың басында мүсін орнатылған. Мүсінші бауыры тартылып, қабырғасы ырсиып тұрғанжыртқыштың денесін керемет байқағыштықпен бейнелеген. Қаншық қасқырдың аузы ақсиып, құлағы тікірейіп, алдыңғы аяғы шиыршық ата сіресіп қалыпты. Аң тұрқының нанымды сипатталуы жекелеген мүшелердің шартты-сәндік шеберлігімен де келісті үйлескен: қасқыр жалы, қыр арқасындағы түк бұйралар кесте өрнегін еске түсіреді. Ал қасқыр бауырындағы балалардың бейнесі сақталмаған. Хайуанаттарды бейнелеудегі кемел шеберлік Этрурия мүсіншілерін антик өнерінің таңдаулы анималистеріне айналдырды [1, 183 б] .
Ежелгі мысырлықтар сияқты, этрустар да мазарлар қабырғаларын өрнектермен әшекейледі. Мазарларды бірде жартастарға үңгіп салса, бірде тастан қалап, үстіне топырақ үйіп, обаға айналдырған. Олардың ішкі бөлмелері, көбінесе, этрус ақсүйектерінің бөлмелеріне ұқсас шығатын.
Мазарлар өрнегі этрустар өмірі, әдет-ғұрпы мен діні жайында айқын түсінік береді. Қабырғаларда мифологиялық көріністер, өлген кісіге бағышталған атлеттік жарыстар, қаралы садақалар суреттері бейнеленген. Б э. бұрынғы ҮІ және Ү ғасырларда жасалған этрус шеберлерінің фрескалары - қадым заман сәндік кескіндемесінің ғажайып шығармалары. Оларда Грекия өнерінің ықпалы айқын көрінеді. Осынау қабырғалық өрнектердің ең таңдаулылары ертеде талантты суретшілердің тұтас бір мектебі жұмыс істеген Тарквинии қаласының іргесіндегі қабірлерде сақталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz