Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының өмір деректеріне шолу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы

ТАҚЫРЫБЫ : Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған

көтеріліс

ОРЫНДАҒАН : Тулевова Мөлдір

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ: Л. Т. Джумалиева

Тарих және философия

кафедрасының аға оқытушысы,

тар. ғ. к.

Қорғауға жіберілді: О. Д. Табылдиева т. ғ. к, аға оқытушы

Тарих және философия

кафедрасының меңгерушісі

Ақтау-2009 жыл

Ж О С П А Р Ы :

КІРІСПЕ бет

І тарау. Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының өмір деректеріне шолу. бет

ІІ тарау. Жанқожа бастаған Сыр бойы қазақтарына Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы азаттық күресі. бет

ІІІ тарау. Халқын азаттыққа бастаған Жанқожа батырдың Ресей, экспансиясына қарсы күресі. бет

Қорытынды. бет

Сілтемелер тізімі бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі бет


К І Р І С П Е

Қазақ халқына қасірет әкелген «Ақтабан» шұбырынды, алқакөл сұлама» кезінде жоңғар басқыншыларына төтеп бере алмай, Түркістан қаласын тастап шыққан Кіші жүз ханы Әбілқайыр 1723 жылы Сырдың төменгі ағысымен оның салалары: Қауаңдария, Адам-ата, Қазалы, Сағыр бойын, Арал теңізінің шығыс жағалауын мекендеген өзіне қараған тайпалардың ортасына қоныс аударды.

«Күлтөбенің басында күнде жиын» боп, қазақтың ақылгөй даналары: үйсін Төле, қаз дауысты Қазыбек, айыр тілді Әйтекелер бастаған тоқсан би мен басқа да халық қалаулылары 1726 жылы Ордабасы тауының бөктерінде бас қосып, басқыншылардың бетін қайтарып, белін омырар әскер жинақтау туралы шешім қабылдады.

Жасақтарды басқаруға Әбілқайыр хан белгіленіп, сол жылы кескілескен ұрыста қалмақтардың беті қайтарылды.

Бірнеше жылға созылған ел мен тағдыры шешілер осы соғыста иен далаға атазаманнан иелік еткен қазақтың Қабанбай, Бөгембай, Райымбек сияқты жаужүрек батырлары ерен ерлік көрсетті.

Енді ежелден іргелес отырған осы бір беймаза көршісінің сағын сындырған қазақ халқының аз-кем тыныстауы керек еді.

Алайда, сырттан келер қауіп бәсеңсудің орнына барған сайын күшейе берді.

Осы тұста шеңберін кеңейтіп, күшін молайтып, белін бекемдеп алған оңтүстік жақтағы көршілес хандықтардың онсыз да титықтап, тоз-тоз боп кеткен қазақтарға деген алакөздігі бір сәтте толастамады.

Оның үстіне, қазақ феодалдарының ел билігіне таласқан өзара қырқысы да елді жегідей жеді.

Қажыған, азап шеккен, ар-намысы тапталған бұқара халықтың қайғы-қасіретін жеңілдетуді, елдің егемендігін сақтап қалуды ойлаған кейбір дала батырлары рулардың басын біріктіріп, жан-жақтан анталаған жауға қарсы тұрды. [1]

Сондай елім деп еңіреген, бабаларының кіндік қаны тамған жерін таптатпау жолында жетпіс жылға жуық жаулармен жағаласып өткен қас батырлардың бірі-аты аңызға айналған Жанқожа Нұрмұхаммедұлы еді.

Жанқожа Нұрмұхаммедұлы 1774 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Арықбалық ауылдық кеңесінің жерінде дүниеге келген.

Талай ақын шайырлар тілге тиек еткен, қазақтар қана емес, сол замандағы Ресей империясының Обручев, граф Перовский сияқты азуы алты қарас генералдардың өздері де санасуға мәжбүр болған.

Сол өңірге аяқ салған орыс зиялыларының өздері де оның әруағына бас имей кеткен Жанқожа кім еді.

Жанқожа әкеден бесеу, шешеден төртеу болған.

Өз шешесінен Ақмырза, Жанқожа, Жауқашар, Бек. Ал кіші шешесінен Шөже, Жанқожаның атасы Киікбай, тама руынан шыққан атақты Есет батырдың туған қарындасы Тәжіге үйленген.

Жанқожаның әкесі Нұрмұхаммед содан туған.

Батырлар әулетінен туған Нұрмұхаммед те батыр болған.

Ал оның әкесі Киікбайдың батырлығын тілге тиек ететін деректердің бірі-Сыр бойындағы Табын, Шөмекей руларының сұлтаны болып тұрған Елекей Қасымовтың 1847 жылы Жанқожаның аяғына бас ұрып жазған хатында «Хиуа хандарының қазақтан тартып алған жерлерін қайтарып ала алмағанымыз біздің нашарлығымыздан шығар, енді қоқандықтар бізге шабуыл жасамақ, біз олардын бұрын қимылдайық.

Менің атам Әбілқайыр кіші жүзге хан болып тұрғанда, Сенің атаң Кийікбай оның әрі батыры әрі биі болған кезінде ешкім қазақ жеріне қол сала алмаған еді.

Жанқожаның әрі жас кезінен-ақ қомаға тұйық ауыр мінезді, аз сөйлеп көп тыңдайтын, әр кез жанарынан жалын атып тұратын, орта бойлы, екі иығына екі кісі жайғасып отыратындай төртпақ күш иесі болған.

Ол ең алғаш 15 жасында халық көзіне түседі. . [2]

1789 жылы Салым Нұрмұхаммеддің туысы әрі батыр, әрі хан атанған Қылышбай сырт жаулардан мазасы кеткен соң, көп сарбаз жинап, барымталанған мал мен дүние-мүлікті қайтарып алмақ болып жорыққа аттанады.

Жылқыда жүрген 15 жасар Жанқожа бұл хабардан құлақ қағыс болысымен астыртын дайындалып, сарбаздардың соңына ереді.

Елден ұзақ кеткен соң ғана мұны білген Қылышбай баланы кейін секем алып, оны бірге ала кетеді. Осыдан былай Жанқожа талай-талай ерлік көрсетеді.

Халықтың қарапайым бұқарасының арашасы болып, шонжарлармен сан рет қырқысады.

Ол керемет күш иесі болумен бірге асқан тапқырлығымен, көріпкелдік болжағыштығымен, қолбасшылық шеберлігімен де әйгілі болды.

19 ғасырдың бірінші ширегінде Сырдария сағасымен Арал бойын мекендеген қазақтардан ығысқан Қарақалпақтар Хиуа хандығына бағынып, Әмударияға қарай ойысты.

Әлім, Шәмен тайпаларынан тараған рулар Ырғыз бен Қарақұмды жайлап Сыр бойын қыстады.

Малы аздары Сыр бойында тұрақтап, диқаншылықпен айналысты. Ел осылайша сәл тыныштыққа бөленгендей болған кезеңде Жанқожа әділдік іздеген жарлы жақыбайдың жоғын-жоқтап, билікке араласты.

Ол ретті жерінде төрелікті бұзып, жәбірленушінің теңдігін алып берді.

Алар парасынан айырылған және абыройдан жұрдай болған билер қалайда Жанқожадан құтылудың қамын ойлады.

Олар пікірлесе келе, ағайын арасындағы көп жікшілдіктің бірін пайдаланып, батырды өз туысы Көлібай бидің қолымен өлтірмекші болды. Бұл сыпсың Жанқожаға жетті.

Батыр қатты назаланып, туыстарымен тілдесуді де қойды.

Бірақ бірсыпыра елге қадырменді ақсақалдар ағайынды екі адамның баларын араздастырғанымыз жарамас болар деп оларды татуластыруға батырдың өзі қадыр адамды іздестірді.

Ол атақты Қосым Қожа немересі Шаймағамбет ишан еді. [3]

19 ғасырдың 30-50 жылдары Қазақстан тарихының маңызды шебі ретінде белгілі болды.

Өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайында Қазақстанның кейбір ауылдарының жалпыресейлік рынокқа тартылуына байланысты экономикалық дамуы арта түскендігі байқалды.

Әйтсе де Қазақстанның саяси саяси жағдайы бұл кезеңде де тұрақсыз болды.

Сырдария жағалауларындағы аймақтары мекендеген қазақ халқының жағдайы мейлінше ауыр еді.

Ресей империясының экспанциялық «кеңеюшілік» ұмтылысының 1853 жылы В. Перовский Ақмешітті басып алған болатын/ күшейе түсуі, сондай-ақ Хиуа хандығының агресивтік саясаты Сырдария бойы қазақтарының Жанқожа Нұрмұхаммедовтің қолбасшылығымен күреске шығуының негізгі себебі болды.

Ақмешіт басылып алынғаннан кейін Сырдария әскери желісі құрылды.

1849 жылы Райым бекінісіне Орынбор казактарының алғашқы 26 жанұясы қоныстандырылды.

1857 ж-ға дейін 3000 қазақ жанұялары өздерінің бұрынғы тұрған құнарлы жерлерінен енді жыртып егін салуға жарамайтын және егінді суару үшін ағын су болмайтын жерлерге қуылып, қоныстарын аударуға мәжбүр болды.

Бұран қазақтар тұрған жерлерге қоныстанған ауғандар үлкен артықшылықтармен пайдаланылды.

Мұның өзі қазақ халқын аяусыз қанауға әкеп соқты.

Осының бәрі жылдар бойы жинақталып, 19 ғасырдың 50 жылдары ортасында кішкентай шекті руы егінші-қазақтарының ашық күреске шығуына әкеп соқаты.

Хиуа хандығының қазақтар жөніндегі озбырлығы олардың аса ауыр салықтар жинауынан, тонаушылығынан және ойына келгендерін істейтіндігінен көрінді. [4]

Тақырыптың зерттелу дәрежесіне назар салсақ, халық батыры атанған, қолбасшы, халқымыздың бір туар ұлы Жанқожа Нұрмұхам-медұлының өмірі мен оның Хиуа, Қоқан және Ресей империясына қарсы отаршылдық саясатқа қарсы жүргізген күресі жөнінде айтылады.

Диплом жұмысының деректемелік негізін мерзімді басылымдарда жарияланған ақпараттар, мақалалар мен деректер құрайды.

Жұмыстың методологиялық негізін Қазақстан Республика-сының егемендік алғаннан кейінгі үрдіс алған ғылыми ұстанымдардан бастау алады.

Шындығына келгенде, зерттеліп отырған кезеңге деген ғылыми көзқарастың дәл қазір бір ізге түсіп, толық қалыптаса қоймағаны анық.

Біз бұл орайда, ең алдымен тарихи деректерге объективті тұрғыдан қарауды нысана тұттым.

Сонымен, соңғы кезеңде жарық көрген аса маңызды мемлекеттік құжаттар қағидаларын басшылыққа алдым.

Зерттеудің методологиялық негізін анықтауда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері мен баяндамаларындағы білім, мәдениет, ғылым туралы пікірлерін басшылыққа алдым.

Зерттеу объектісіне негізінен халқының қорғаны болған Жанқожа батырдың есімі ел жүрегінде орын алатындығы туралы айтылады.

Жұмыстың мақсаты

Туған жерін жетпіс жыл бойы жат жұрттықтан қорғап, өзегінің табанына таптатпаймын деп, басын бәйгеге тігіп, кеудесін оққа тосқан қасиетті бабамыз Жанқожа Нұрмұхаммедұлы еді.

Жұмыстың хронологиялық ауқымын анықтауда

Жанқожа Нұрмұхаммедұлының өмірі мен оның отаршылдық езгіге қарсы жүргізген күресі жайлы сөз қозғалады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы

Кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, сілтемелер және әдебиеттер тізімінен тұрады.


І тарау. Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының өмір деректеріне шолу.

19 ғасырдың басында Шыңғыстың әулеттерінен Хиуаға хан сайлауды тоқтатып, жергілікті өзбектердің Конград тайпасынан шыққан Эль Түзер 1804-1806 жылдары өзін Хиуаның ханымын деп жариялайды.

Сол кезеңде хандардың жиі-жиі алмасуымен Хиуа хандығының әлсіреп қалған шаруашылығын және мәдениетін оңалту керек еді.

Бірақ, ол екі жылдай үстемдік етіп, дүние салған соң, оның інісі Мұхаммед Рахим таққа отырып, 1806-1825 жылдары Хиуа хандығын күшті феодалдық мемлекетке айналдыру үшін барлық күшін жұмсады.

Ол хандықта жоғарғы басқару кеңесін құрады, салық салуды бір жүйеге келтіреді, алтын теңгені шығарып, ақшаның ел арасына таралуын тәртіпке салады.

Осылай Мұхаммед Рахим көп жылдарға созылған өз ара феодалдық қырқысты бәсеңдетеді. [5]

Одан кейін Мұхаммед Рахим хан ағасы Эль Түзердің Сырдария қарақалпақтары мен қазақтарына бастаған отаршылдық саясатын жандандырып, Хиуаның Арқа шекарасындағы Жаңадария бойын жайлаған Қарақалпақтарға және Оңтүстіктегі көршілері Түркменнің Жаумын тайпасына шабуыл жасайды.

Хиуаның отаршылық саясатына Жаңадария қарақалпақтары қарсы тұрып, батылдықпен күш көрсетеді.

М. Рахимнің жер қайысқан әскерлері алдымен Әмударияның төмендегі Арал өзбектерін онан кейін 1811 жылы Жаңадария Қарақалпақтарын жаулап алып, оларды күшпен Әмударияның төменгі ағысындағы тың жерлерге орналастырады.

Отаршылдық саясатының мұндай жеңісімен рухтанған Рахим ел ішіндегі алауыздыққа тыйым салып, өзінің солтүстігіндегі көршілерінің бірі болған Сырдария қазақтарын жаулап алуға кіріседі.

Ол үшін Әмудария мен Сырдарияның арасына жылдамдата бекіністер салдырады.

Олар Дәуқара теңізінің төңірегіне Жаңадари және Қуаңдария бойларына орнатылды.

Бекіністерді салуда ертедегі бұзылған ірі-ірі қоныстарды пайдаланып, олардың үстіне жаңа әскери бекіністер тез арада тұрғызылады.

Сондай жолмен Мехтерқала. Қылышқала, Қорғанша, тағы басқа сол сияқты көптеген бекіністер салынды.

Содан көп ұзамай Хиуа әскерлері шекаралас жатқан Қуаңдария және Сырдың төменіндегі қазақтарға шабуыл жасайды.

1819-1820 жылдары Хиуаға екі мәрте барған орыс әскерлерінің капитаны Н. Муравьев былай деп хабарлайды: менің бұл елге барғандағы аңғарғаным, Хиуа ханы Сырдарияның төменін қол астына кіргізбекші, Хиуа ханы ханы алдына екі мақсат қойған, біріншіден Сырдың төменін басып алу, екіншіден Ресейдің Бұхарамен жүргізіп жатқан саудасын тоқтату және оны Орта Азияға жақындауына тосқауыл жасау.

Осы мақсаттарды орындау жолында Рахим хан алдымен өздеріне жақын орналасқан қазақтарға ауыр салықтар зекет алған.

Бұған шыдай алмаған М. Рахим 1812 жылы Сыр бойына өзінің бірінші жорығына шығады.

Мұхаммед Рахим бұл бүліншілікпен шектелмей Сыр бойындағы қазақтарды отарлау үшін жорықтарын тоқтатпай жиі-жиі қазақ ауылдарын ойрандап, ойына келгендерін істеген.

Мұндай Хиуалықтардың шабуылынан азап көрген Сырдария қазақтары Ханның әскерлерімен өздерінің тәуелсіздігі үшін күрес жүргізді.

Әсіресе халық ішінен шыққан Арынғазы оның екі інілері қол жинап, ұзақ жылдар ұлт азаттық күрес жүргізеді.

Арынғазы Әділғазиев пен оның інілері екінші жағынан Кіші Жүзді Ресейге қосып оны билеп төстеген Әбілқайырдың әулеттеріне де қарсы тұрады.

Сондықтан, Сыр бойын иеленуге ұмтылған патшалық Ресей Арынғазыдан құтылуды ойлап, 1821 жылы Арынғазы сұлтан Петербургке шақырылды.

Ол Петербургке өзін хан етіп бекітуге қол жеткізермін деген үмітпен жүріп кетеді.

Бірақ жолшыбай ұсталып, Калугаға айдалады да, 1833 жылы сонда қаза табады. [6]

Міне патшалық Ресейдің Қазақстанға келген отаршылары өздеріне ұнамаған жергілікті халықтың азаматтарын осылай ретін тауып қазаға ұшырататын болған.

Мұндай айла тәсілдерді тек қана Ресей отаршылдарына тән емес жер шарының барлық аймақтарындағы басқыншылардың бәрінің іс жүзіне асырған әдістері екендігі бізге тарихтан белгілі.

Отаршылардың құрбаны болып кеткен қазақ азаматтарының санын түгелдеу қиын. Тек 19 ғасырда солардың қатарында болған Арынғазы Әбілғазиев Жанқожа Нұрмұхаммедов, есет Көтібаров, Кенесары Қасымов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов және тағы басқалары.

1825 жылы М. Рахимнің баласы Аллақұл Хиуаға хан болып, әкесінің үстемдігін жалғастырып, Сыр қазақтарына отаршылдық саясатын бұрынғыдан қатаң ауыр дәрежеге апарған.

Оның мақсаты Сырдың төменіне бекініп, жергілікті халықтарға өз үстемдігін жүргізіп, және Арқадан жылжып келе жатқан Ресейдің әскери күшін бұл өңірге жақындату еді.

Сондықтан аллақұл Сыр бойындағы бұрынғы бекіністерді бекемдеп және жаңадан әскери бекіністерді салдырды.

Солай бола тұрса да Сыр қазақтары түгелімен Хиуалықтардың отаршылдығын мойындамады.

Тек кейбір сатылған ру басшыларының төңірегіндегі тұрғындар Хиуа ханына салық төлегенімен көпшілік Сыр қазақтары отаршыларға қарсылық күш көрсетуін тоқтатқан жоқ. Хиуаның Сыр бойына қойған билеушіленрі Уәйсбай мен Бабажандар қазақтарды сүліктей сорып, олардың адамгершіліктерін аяққа басқан Хиуаға салық төлеуден бас тартқан адамдарды құтып жіберіп отырған.

1836 жылы Аллақұл хан Түркіменнің бас палуаны Әлмұхаммед басқарған әскерін Сыр бойындағы салық төлеуден бас тартқан қазақтарды жазалауға жібереді.

Ол Сырға келіп Бабажанды ертіп Сырдың оң жағындағы Алайғыр түбегінде отырған Жанқожаның ағасы Ақмырза батырдың ауылын шауып оны өлтірді.

Осындай зорлық- зомбылық көрген Сыр қазақтары жазда Қарақұмды жайлып, қыста Ырғызды қыстап жүрген Жанқожа батырға барады.

Жанқожа Сыр бойындағы қазақтарды өз төңірегіне ұйымдастырып, Хиуалықтардың отаршылығына елді азат етудің жоспарларын жасап, елді біріктіруге шақырады.

Орталық Азияда ең алдымен, атап айтқанда Қазақстанда отаршылдыққа қарсы қозғалыстың пайда болу себептерін атап өткен жөн.

Оларға Хиуа хандарының басқыншылық әрекеттері және Ресейдің отаршылқдық саясаты негіз болды.

Орыстардың Сырдария сағасына келуіне байланысты осында тұратын қазақтар патша үкіметінің билігін мойындады.

Әрине бұл Хиуа хандарының сыртқы саясатына қайшы келді.

Олар қазақтар арасында орыстарға қарсы насихатты күшейітті, ал олардың орыс бекіністеріне жақындап барып қоныстану мүмкіндігін жою үшін 1847 жылы Қуаңдарияға бөгет салып тастады.

Хиуаның Қожанияз бекінісінен бастап Арал теңізіне дейінгі өзен арнасы құрғап қалды.

Алайда бұған қарамастан қазақтар орыстардың Райым бекінісінен Қазалы фортына жақын жерден одан әрі көшіп жүрді. [7]

Хиуалықтар Орыс бекіністеріне жақын жерде көшіп жүрген қазақтарға шабуыл жасауын жалғастыра берді.

Райым, , дуалдарының нақ түбінде қырғын салып тонаушылық жүргізді, бірақ қазақтардың көмегімен біздің отрядтар, ақырында, олардың шапқыншылық жасауын тоқтатты, олар бізге наразы қазақтарды сөз жүзінде қарсылық білдіріп, қастандық жасауға көндірумен шектелді. [8]

Хиуа хандары Сырдариямен Үстірт қазақтарына үздіксіз шабуыл жасай бастаған.

«1847 жылы 20 тамызда деп жазады А. Машеев, яғни Сырда орыс бекінісінің негізі қаланғаннан кейін 1 ай өткен соң өзеннің сол жағасында орналасқан, Райымнан жетпіс шақырым жоғары жақтағаы Хиуалық Жаңақала бекінісі маңында Хиуа бегі Қожанияз және қазақ сұлтандары, өзін хан деп атаған Жанқозы Шерғазиев пен Ермұхамед (Елекей) Қасымов бастаған 2 000 адам күші бар Хиуалықтар тобыры пайда болды.

Тобырдың бір бөлігі Сырдарияның оң жағына өтіп, мыңнан астам қазақ отбасын тонады, 20 отбасының балалары мен қарттарын өздерімен бірге алып кетті, 30 сәбиді суға батырып өлтірді.

Өзінің Шекті руына ықпалымен және Хиуалықтарға ымырасыз өшпенділігімен мәлім Жанқожаның қарауылдағы төрт батырын өлтірді.

Сөйтіп, осы жүгенсіздіктерден кейін өзеннің сол жағындағы бекінісіне қайтып кетті. [9]

1847 жылғы 23 тамызда Райым бекінісінің бастығы Ерофеев Хиуаның Жаңақала бекінісіне Жанқожа басшылық еткен 200 казак және 700 қазақ жіберді.

Отряд Қуаңдарияның арғы жағына қуып тастады.

Одан 3 000 үйе, 500 жылқы, 200 бас ірі қара, 50 000 қой тартып алды.

19 ғасырдың оралығында Хиуа ханының солтүстік шекарасы Сырдарияның төменгі ағысына дейн деп санаса, Қоқандықтар Ақмешітке Қызылордаға дейінгі жерлердің иесіміз деп бұл жерлерді мекендеген қазақтарды билеп төстеді.

Осындай жағдайға тап болған Сыр бойының қазақтары Арқадан оңтүстікке жылжып келе жатқан Ресейдің әскери күштерінен жәрдем алып, Хиуалықтар мен қоқандықтардың басшылығынан құтыламыз деген үміттте болды. [10]

Зейнулла Шүкіровтың Жанқожа батыр атты тарихи романында былай деп айтылған:

Жайлауы Кіші Жүздің Еділ-Жайық,

Сен келдің ортамызға шебің тайып,

Алдымда Жанқожа ағам тірі тұрса,

Төреге жалынбаспын қолым жайып,

Ақ Жәкем қалың қолды жинағанды,

Тентекті теріс қаратып қинағанды,

Ұмытсаң Жанқожаны құдадй ұмыт,

Созақтың бар олжасын сыйлағанды,, деп Төремұрат жырлаған екен. [11]

1846 жылы Хиуалықтардың Жақожа тойтарыс бере алмаған шабуылдарының бірінен кейін ол шекаралық орыс өкімет орындарына: «Енді біз ырғызға барамыз, өйткені біздің жүрігімізде Сіздермен достық байланысқа ешқандай қара ниет жоқ» деп жазды.

Одан кейін ол Хиуалықтарға жорыққа әзірленетін өйткені олардан үнемі қысым көріп отырғанын хабарлады.

Бұл орайда, батыр Хиуаға қарсы күресте, өзіне көмек көрсетуді сұраған.

1847 жылы Жанқожа көп жасағымен Хиуаның Қожанияз қала бекінісін қиратты, бекініс гарнизонының тас талқанын шығарды.

Ресейдің Арал өңірін жаулап алуы халық бұқарасын жадайын жеңілдетпеді.

Салық екі есе көбейтілуі, қоныс аударушылар мен шинеуніктердің пайдасына қазақтардан суармалы жерлерінің алып қойылуы Ресей отаршылдығының Хиуа қолшоқпарларының отарлауынан еш артықшылығы жоқ екенін барған сайын, қазақ шаруаларының көзін жеткізе түсті.

Бой көрсетуге аптша шинеуніктерінің Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұқаммедұлы, Сұлтанбөрі және басқалар сияқты рулық үстем топтарының кейбір өкілдерінің мүдделері мен кісілігіне қысым жасауы себеп болды.

Мысалы, тілмаш Ахметов өз қолшоқпарларының бір тобын Жанқожа Нұрмұқаммедұлының ауылына жіберіп, мұнда өз пайдасына силықтар жинауға бұйрық берген.

Бірақ, батыр Ресей заңы бойынша да ешбір жағдайда мұндай алым орын алмауға тиіс екенін мәлімдеп, қандай да болсын алым жинауға рұқсат етпеді. Жанқожаның қарсы қимылына ашуланған Ахметов ауылға өзі келіп, өз бұйрықтарына қарсылық көрсеткені үшін айыпұл өндіріп ала бастаған.

Ақыры Жанқожа Нұрмұқаммед ұлы наразы қазақтардың қозғалысын өзі басқармақ болып ұйғарды.

Желтоқсанның ортасына қарай көтерілісшілердің саны 3 000 адамға дейін жетті. Көтеріліс орталығы Хиуаның бұрынғы Жаңақала бекінісі болды.

Орал бекінісінің бастығы Михайлов Сырдария шебінің бастығы Фитинговқа құпия хабарламасында: «Жанқожаның қарақшылары арасында қарасақалдар, кішкене шектілер және төртқаралардың бір бөлігі деп хабарлады». Бұл рулар Әлім руы тайпасына жататын еді.

Ұрыс қарсаңында, 1857 жылы 09 қаңтарда көтерілісшілерге Шекті руының бірнеше жүз қазағы қосылды. Көтерілісшілерді бұдан бұрын аталған кішкене шекті руының ірі жетекшісі Жанқожа Нұрмұқаммед ұлы басқарды.

Бұл көтерілісшілерге шектілердің ғана емес, Сырдариының төменгі ағысында қоныстанған басқа рулардың да өкілдері қатысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774-1860) бастаған көтеріліс
Арал өңірі қазақтарының ХIX ғасырдағы Хиуа хандығымен Ресейге қарсы ұлт-азаттық күресі
Арал өңірі қазақтарының ХIX ғасырдағы хиуа хандығымен рассйге қарсы ұлт-азытық күресі
Патша өкіметінің езгісіне қарсы күрес
Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхмедұлы бастаған көтеріліске қатысуы
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басындағы ұлт-азаттық көтеріліс
Нұрмұхамедұлы Жанқожа
БЕЛГІБАЙ ШАЛАБАЕВ ЖАНҚОЖА БАТЫР ЖЫРЫ ЖАЙЫНДА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz