Корейлердің Қазақстанға жер аударылуы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тарих факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Корейлердің Қазақстанға күштеп жер
аударылу мәселесі

Орындаған:

Ғылыми жетекші:

Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі

200 ж.

Ақтөбе 200

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-7

1-тарау. Корейлердің Қазақстанға жер
аударылуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 8

1.1. Жер аударудың
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 8-14
1.2. Жер аударуға дайындық және жүзеге
асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 14-20

2-тарау. Корейлерді Қазақстан мен Өзбекстанға орналастыру және олардың
шаруашылықтық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..21

2.1. Корейлердің Қазақстан мен Өзбекстанда таратылуы мен

орналастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..21-29
2.2. Корейлердің Қазақстандағы шаруашылықтық
қызметі ... ... ... ... ... ... 29-3 4

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...35

Сілтемелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...36-37

Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .38-43

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.
Бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының тәуелсіздік алуы жағдайында сол
мемлекеттерде өз тарихтарымен қатар, сонда тұратын басқа халықтардың тарихи
тағдарларын зерттеуді қолға алу процесі жүруде. Сол сияқты Қазақстанда да
Отанымызда өмір сүретін ұлттар мен ұлыстардың тарихын зерттеу дұрыс жолға
қойылған. Қазақстан Республикасының көп ұлтты халқының тарихын зерттеу
бүгінгі күндегі өзекті мәселе. Себебі, біздің қазақ халқы мен түрлі
кезеңдерде саясаттың құрбаны болып Қазақстанға жер аударылған халықтардың
тарихы біте қайнасып, бір-бірін толықтарған тарихи тағдыр. Тарихтан белгілі
болғандай, қазақ халқы өзінің ұлттық ерекшелігіне сай ол халықтарды құшақ
жая қарсы алып, жан-жақты көмек қолын созды. Міне, өз кезеңінде орталық
саясатының құрбаны болып, Қазақстанға жер аударылған халықтың бірі – корей
халқы.
Бітіру жұмысының маңыздылығы оның егеменді Қазақстанның қазіргі
уақытта бетпе-бет келіп отырған күрделі мәселенің бірі ондыған жылдар бұрын
күрт орын алған жаппай миграциялық процестермен байланыстылығымен
сипатталады. Бұл мәселенің құрамдас бөлігі ретінде біріншіден, жақын және
алыс шет елдерден қазақтардың тарихи Отанына орылуын, екіншіден, елдің
демографиялық ахуалына кері әсер етіп, оның үстіне Қазақстанның халықаралық
беделіне де нұқсан келтіріп отырған шартты түрде жалпылама орыс тілді
халықтар деп аталған ұлттардың (орыстар, немістер, еврейлер, т.б.)
эмиграция көлемінің көп болуын, үшіншіден, шет ел азаматтарының ағылуының
жалғасуын атауға болады. Міне, осындай демографиялық мәселелерді шешу үшін
заңдылықтарды жетілдіру мен мемлекеттің көші-қондық саясатын түзетуді
теориялық қамтамасыз етудің қажеттілігі туындайды.
Корейлер эмиграциясының тарихы жүз жалдан астам уақытты қамтиды.
Корейлік иммигранттар өздері жер ауларылған барлық елдерде көптеген
қиыншылықтар мен ауыртпалықтарды, апаттар мен нәсілдік кемсітушілікті
бастан кешірді, дегенмен, жаңа қоғамда қолайлы орын табуға күш таба алды.
Сондықтанда, корей қауымдастықтарының үлгілі ұлттық қауымдастық ретінде
аталуы негізсіз емес.
Көп жылдар бойы деректердің жоқтығы, құжаттарды ғылыми айналымға
енгізуге рұқсаттың берілмеуі, тақырыптың өзекті болмауы бұл мәселені немесе
аз ғана этникалық топ – қазақстандық корейлердің тарихи тағдырын ашуға
мүмкіндік бермеді. Қазіргі уақытта Қазақстанға корейлер қалай тап болды
(?), олар қалай өмір сүрді (?), т.б. сол секілді сұрақтарға жауап беретін
күн жетті.

Мәселенің деректік көзі.
Мәселенің деректік көзін бітіру жұмысын жазу барысында пайдаланылған
Г.В. Канның Корейцы Казахстана, Г.Н. Кимнің История иммиграции корейцев
сияқты зерттеулерінде ғылыми айналымға кеңінен тартылған Қазақстандық және
таяу, алыс шет елдер архивтерінің материалдары құрайды.

Мәселенің зерттелу деңгейі.
Қазақстандағы корейлердің тарихы мүлдем зерттелмеді деп айтуға болмайды.
Түрлі жылдарда Ким Сын Хваның Очерки по истории советских корейцев (А.-
А., 1965); И. Кимнің Советский корейский театр (А.-А., 1982); Г. Кимнің
Корейцы в братской семье народов Казахстана (А.-А., 1988); Советские
корейцы Казахстан. Энциклопедический справочник (құрастырушылар: Д.Мен,
Л.Квон, З.Ким, Н.Пан. А.-А., 1992) атты еңбектер жазылды. Бұл тақырыпқа
диссертациялар қорғалды, очерктер, әңгімелер, мақалалар жарияланды, онда
қысқа түрде 30-жылдары кеңестік корейлердің Қиыр Шығыстан Қазақстан мен
Өзбекстанға жер аударылғандығы, онда олардың өздерін еңбек сүйгіш халықтар
ретінде көрсеткіндігі айтылады... 80-жылдардың екінші жартысынан бастап бұл
мәселе құғын сүргінге ұшыраған халықтарды ақтау тұрғысынан қарала бастады.
Тек, 90-жылдардың басында қазақстандық корейлер тарихының ақтаңдақ
беттеріне жекелеген толықтырулар жасаған құжаттар мен ғылыми хабарламалар
пайда болды [1].
Кеңестік корейлер тарихын зерттеуде Белая книга о депортации
корейского населения России в 30-40-х годах (құрастырушы – авторлар: Ли У
Хе, Ким Ен Ун. М., 1992) еңбегі үлкен рөл атқарды. Бұл ғылыми-құжаттық
басылымда корейлерді жер аудару тарихының сирек құжаттарының беті
ашылады... 1993 жылы Б. Пактің Корейцы в Российской империи
(Дальневосточной период) (М., 1993) атт ыкітабы жарыққа шығады. Онда 1917
жылдың ақпанына дейінгі орыстық Қиыр Шығысқа корейлік эмиграциялық тарихы
зерттеледі. Осы жылы П. Кимнің де Корейцы Республики Узбекстан (Ташкент,
1993) атты еңбегі жарияланды. Бұл еңбекте Өзбекстанға дер аударылған
корейлердің тарихы баяндалады. Бұл еңбектер көптеген архивтік, әдебиеттік
және басқа деректер негізінде жазылған [2].
Тақырыптың тарихнамасын 1994 жылы жарық көрген Г.В. Канның Корейцы
Казахстана атты тарихи очеркі толықтырды. Бұл еңбек корейлердің
Қазақстанға жер аударылу тарихын барынша толық қарастырған алғашқы туында
болатын. Автор еңбегін шамамен 1 мың істі құрайтын архивтік деректер, оның
ішінде бұрын жарияланбаған архивтік құжаттар негізінде жазып шыққан. Г.В.
Кан зертеуінде корейлердің жер аударылуын екі кезеңге бөліп қарастырған.
Бірінші кезең, олардың Қиыр Шығыстан жер аударылып, 1938 жылдың көктеміне
дейін тарату жерлерінде уақытша өмір сүруі. Екінші кезең, автордың
пікірінше 1938 жылдың көктемінен басталып, енді Қазақстанның ішінде қоныс
аудару жүргізілген. Бұл шарада корейлердің 60 %-ке жуығы қамтылған. Осы
уақыттан бастап корейлер тұрақты өмір сүру жерлеріне бөлінген.
Кітаптың арнайы параграфінде жер аударылған корейліктердің орналасуы
мен шаруашылықтық кәсіптері қарастырылады. Зерттеудің соңғы параграфі
қазіргі жағдайдағы корей диаспорасының мәдениеті мен өмірін жандандыру
мәселелеріне арналған [3].
Корейлердің Қазақстанға дер аударылуының тарихы 1999 жылы шыққан Г.Н.
Кимнің История иммиграции корейцев атты еңбегінің бірінші кітабында да
қарастырылған. Автор еңбегінің Переселение на русский Дальний Восток и
депортация деген 3-тарауындағы корейлердің Қазақстан мен Орта Азияға жер
аударылуына арналған параграфінде жер аударудың себептерін, жер аударуға
дайындық пен жүзеге асырылуын, корейлердің Қазақстан мен Өзбекстанға
таратылу және орналасу ерекшеліктерін қарастырады. Жалпы Г.Н. Кимнің еңбегі
көлемді қазақстандық, ресейлік және алыс шетелдік еңбектер, архивтік
материалдар негізінде жазылған [4].
Сонымен, мәселенің тарихнамалық шолуынан көретініміз, бұл тақырыптың
бүгінгі күнге дейін ұлты корейлік тарихшы-ғалымдармен зерттелуі.
Сондықтанда алдағы уақытта корейлердің Қазақстанға жер аударылу мәселесі
Отандық тарих ғылымында өлкемізге басқа да жер аударылған халықтар
тағдырымен кешенді түрде жаңа көзқараспен зерттеледі деп сенеміз.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Бітіру жұмысының мақсаты корейлердің Қазақстанға жер аударылуының
тарихын жан-жақты талдап, ашып көрсету. Осы мақсат негізінде бітіру
жұмысының төмендегідей міндеттері айқындалды:
- корейлердің жер аударылуының себептерін айқындауы;
- корейлердің Қазақстанға жер аударылуының кезеңдерін анықтау;
- Қазақстанға жер аударылған корейлердің орналастырылу деңгейін,
ондағы шешілмеген мәселелерді ашып, көрсету;
- корейлердің Өзбекстанға жер аударылу барысын, ерекшеліктерін
көрсету;
- корейлердің Қазақстандағы шаруашылықтық қызметін көрсету.

Жұмыстың әдістемелік негізі.
Жұмыстың әдістемелік негізі ретінде тарих ғылымының объективтілік,
тарихилық, жүйелілік тәрізді негізгі принциптері басышылыққа алынды.
Сонымен бірге, бітіру жұмысын жазу барысында салыстырмалы-тарихи талдау,
сыни талдау, логикалық зерттеу әдістері кеңінен пайдаланды.

Еңбектің ғылыми жаңалығы.
Аталмыш тақырып университет деңгейінде бірінші рет қарастырылып,
Корейлердің Қазақстанға жер аударылуының себептерін, жүру барысын, оның
салдарларын жан-жақты талдап, ашып көрсетуге талпыныс жасалды.

Жұмыстың хронологиялық ауқымы.
Бітіру жұмысының хронологиялық ауқымы өткен ғасырдың 30-40 жылдарын
қамтығанмен, осы саясаттың салдарын ашуда бүгінгі күнге дейін алға
жылжушылық жасауға тура келді.

Жұмыстың территориялық аумағы.
Қазіргі Қазақстан, Орта Азия республикалары мен Ресейдің, ресейлік
Қиыр Шығыстың территорияларын қамтиды.

Жұмыстың құрылымы.
Бітіру жұмысы кіріспеден, тараушаларға бөлінген екі үлкен тараудан,
қорытындыдан, сілтемелерден және қосымшалардан тұрады.

1-тарау. Корейлердің Қазақстанға жер аударылуы

1.1. Жер аударудың себептері
1937 жыл кеңес халқының тарихына барлық ұлттардың миллиондаған
адамдарына төнген жаппай террор мен қуғын-сүргін жылы ретінде енді. Ал
корей халқы үшін бұл жыл – жылнамаларының ең қайғылы тарауы ретінде
сақталды.
Кешегі күнге дейін КСРО-ға халықтарды жер аудару тақырыбы ғылыми
талдау мен қоғамдық талқылауға жабық болып келгенін жоғарыда айтқанбыз.
Депорнтация ұғымының өзіне біржақты талқылау жасалды: (латынша
deportatio) – қылмыстық және әкімшілік жазалау ретінде мемлекеттен қуу
(изгнание), шығарып жіберу (высылка). Вебстердің американдық
энциклопедиялық сөздігінде салыстыру үшін депортация ұғымы төмендегідей
түсіндіріледі: 1. елден қолайсыз адамдарды шығару немесе шығарып жіберу; 2.
арнайы үкіметтік қаулымен елден кетуге (шетелдіктерді) мәжбүрлеу, 3.
қолайсыз шетелдіктерді елден қуу [5].
Қиыр Шығыстық корейліктер Кеңес Одағы халықтарының ішінде бірінші
болып депортация сынынан өткен болатын. Кейін ондаған халықтар осы
процестің құрбанына айналды: немістер, күрділер, қырым татарлары, поляктар,
шешендер, және т.б. Осы тұрғыдан алғанда, 30-40 жылдардағы көптеген
халықтардың жер аударылуының жалпы себептері қандай болды (?) деген заңды
сауал туындайды. Оның соңынан 1937 жылы корейліктерді жер аударуға дайындық
пен жүзеге асырудың ерекшеліктерін білу маңызды.
Көрнекті зерттеуші Н.Ф. Бугай депортация процестеріне басшылық
жасаған ведомстволарға қатысты құжаттарды зерттей келе жер аударудың
себептерін жер аударылғандардың бес тобы бойынша жіктейді. Корейлерді жер
аудару туралы идеяның өз тарихы бар. Сонау, 20-жылдардың аяғы – 30-
жылдардың басында кеңестік басшылық корейлерді Приморьяның шекаралық
аудандарынан Хабаровск өлкесінің алыс территорияларына жер аудару жоспарын
жасаған болатын.
Жедел тәртіппен Владивосток пен Хабаровскіге берілген 1927 жылғы 18
тамызда шыққан корейлерді жер аудару туралы РКП (б) ОК-і саяси бюросының
директивтері бірқатар актілердің жасақталуына негіз болады. 1930 жылы 25
ақпанда РКП (б) ОК-і саяси бюросы Сталиннің төрағалығымен Қиыр Шығыстық
корейлерді жер аудару туралы мәселіні тағы да арнайы талқылайды. Ақыры,
1932 жылы 10 шілдеде РКП (б) ОК-і саяси бюросы Корейлер туралы сұраққа
тағы да тоқталып, Приморьяның шекаралық аудандарынан корейлік халықтарды
жаппай әкімшіліктік жер аударуға өз директиваларын тағы да бекітеді.
Осылайша, Коммунистік партия және Кеңес үкіметінің корейлерді
депортациялау туралы шешімдері КСР Одағының Халықтық Комиссарлар Кеңесінің
және РКП (б) Орталық комитетінің № 1428-326сс бірлескен қаулыларынан
логикалық және заңды дамулық жалғасын тапты. Бұл О выселении корейского
населения из пограничных районов Дальневосточного края деген қаулы 1937
жылы 21 тамызда жарық көрген және В. Молотов және И. Сталиннмен қол
қойылған [6].
Осы тарихи құжаттың мазмұны төмендегідей және оның мағынасы жоғалмасы
үшін алғашқы түрінде (орысша) беруді жөн көріп отырмыз [7].

Совершенно секретно
(особая папка)
ПОСТАНОВЛЕНИЕ № 1428-326 сс
Совета Народных Комиссаров Союза ССР и Центрального
Комитета ВКП (б)
21 августа 137 года
О высылении корейского населения из пограничных
районов Дальневосточного края
Совет Народных Комиссаров Союза ССР и Центральный Комитет ВКП (б)
постановляет:
В целях пресечения проникновения японского шпионажа в Дальневосточный
край провести следующие мероприятия:
1. Предложить Дальневосточному крайкому ВКП (б), крайисполкому и
УНКВД Дальневосточного края выселить все корейское население пограничных
районов Дальневосточного края: Посьетского, Молотовского, Гроденовского
Ханкайского, Хорольского, Черниговского, Спасского, Шмаковского,
Постышевского, Бикинского, Вяземского, Хабаровского, Суйфунского,
Кировского, Калининского, Лазо, Свободненского, Благовещенского,
Тамбовского, Михайловского, Архаринского, Сталинского и Блюхерово и
переселить в Южно-Каазахстанскую область, в районы Аральского моря и
Балхаша и Узбекскую ССР.
Выселение начать с Посьетского района и прилегающих к Гродеково
районов.
2. К выселению приступить немедленно и закончить к 1 января 1938 г.
3. Подлежащим переселению корейцам разрещить при переселении брать с
собою имущество, хозяйственный инвентарь и живность.
4. Возместить переселяемым стоимость оставленного ими движимого и
недвижимогоимуществаи посевов.
5. Не чинить препятствий переселяемым корейцам к выездупри желании
заграницу, депуская упращенный порядок перехода границы.
6. Наркомвнуделу СССР принять меры против взоможных эксцессов и
беспорядков со стороны корейцев в связи с выселением.
7. Обязать Совнаркомы Казахской ССР и Узбекской ССР немедленно
опрделить районы и пункты выселения и наметить мероприятия, обеспечивающие
хозяйственное освоение на новых местах переселяемых, оказав им нужное
содействие.
8. Обязать НКПС обеспечить своевременую подачу вагонов по заявкам
Далькрайисполкома для перевозки переселяемых корейцев и их имущества из
Дальневосточного края в Казахскую ССР и Узбекскую ССР.
9. Обязать Далькрайком ВКП (б) и Далькрайисполком в трехдневный срок
сообщить количество подлежащих выселениюхозяйств и человек.
10. О ходе выселения, количестве отправленных из районов переселения,
количестве прибывающих в районы расселения и количестве выпущенных
заграницу доносить десятидневками по телеграфу.
11. Увелечить количество пограничных войск на 3 тысячи человек для
уплотнения охраны границы в районах, из которых переселяются корейцы.
12. Разрешить Наркомвнуделу СССР разместить пограничниковв
освобождаемых помешениях корейцев.

Қаулының мазмұнынан көрінетіндей, корейлерді жер аудару Қиыршығыстық
өлкеге жапондық шпионаждың енуін болдырмау мақсатында жоспарланған. ...
[8].
Бұл қаулыға қатысты Г.В. Кан өзінің еңбегінде оның қарама қайшылыққа
толы екендігін атап көрсетеді.
1937 жылы 28 қыркүйекте КСРО-ның Халық комиссарлары кеңесі В.
Молотов және Н. Петруничевтің қолымен № 1647-377 сс –пен Қиыршығыстық өлке
территориясынан корейлерді жер аудару туралы қосымша қаулы қабылдайды.
Онда корейлерді Қиыр Шығыстың барлық территориясынан шекаралық емес, ішкері
аудандардан және көршілес облыстардан тоталды депортациялау туралы
айтылған. Осы үкіметтік қаулы негізінде жедел түрде Ресейдің орталық
қалаларында тұрып немесе оқып жатқан корейлерді тауып, тұтқындап, оларды
жер аударған. Оларда басқа корейлер сияқты нацистік Германия тарапына,
фашистік Италия және т.б. шпионажға айыпталды. Дегенмен шетелге шпионаж
бойынша жер аудару бұл саясаттың түпкі себебі емес еді.
Корейлердің және одан кейінгі арнайы жер аударылғандардың
депортациялауының негізгі себебін КСРО-да 20-жылдардың аяғында қалыптасып,
өзін 30-40-жылдарда толық көрсеткен тоталитарлық режимнің мәнінен іздеу
қажет. Ең әділ әрі демократиялық мемлекеттің жаңа формасы ретінде
жарияланған кеңес өкіметі іс жүзінде жаңалардың үстемдігін қамтамасыз ету
үшін пайда болды.
Сталиннің ерік-жігерімен және оның басшылығындағы партияның,
мемлекеттік аппараттың, жазалаушы органдардың және үгіт-насихат
құралдарының арқасында жекелеген елде мақсат барлығын ақтап алу
принципімен социализм құрылды, экономикалық және әскери ұлы держава
жасалды; адамзат қауымдастығының жаңа типі – кеңес халқы және адамның жаңа
типі – homo soveticus (советомен) қалыптастырылды.
Сталиннің елде және оның аймақтарында таптық күресті ушықтыру
социализмді құрудың тіке пропорционалды жетістігі туралы тезисі үлкен елде
жаппай террор апатына жол ашты. Халық жауының бейнесі күнделікті өмірде
қоғамдық және жеке санаға енгізіліп отырды. Тіпті, жау ретінде жекелеген
адамдар емес, сондай-ақ, әлеуметтік топтар немесе таптар, тұтас халықтар да
саналуы мүмкін болды. Осыдан логикалық түрде социализмге, отанына, көсеміне
жау халықтарға қарсы террор мен аяусыз күрестің қажеттілігі туралы
қорытынды туындайды.
Кеңестік корейлерді Қиыр Шығыстан депортациялаудың негізделген шынайы
себебтерінің ішінен сыртқы саяси факторлардың маңызды рөл атқарғанын
ескерген жөн. Сталин және кеңестік мемлекет дүниежүзілік соғыстың
жақындығын сезе отырып және оған өзінің дайын еместігін саналы түрде
мойындай отырып, империалистік бақталастарының арасында майысқақ саясат
жүргізуге ұмтылды, Батыстағы гитлерлік Германиямен, сондай-ақ, Шығыстағы
императорлық Жапониямен де жақындасуға тырысты. Жапониямен жақындасу үшін
бірқатар жеңілдіктер жасау қажет болды, ол Жапонияға КВЖД салу құқығын
арзанға сатудан көрінді. Профессор М.Н. Пактың пікірінше келесі шегініс ДВК-
дан антижапондық бағыттағы корейлерді толық қуу болуы мүмкін. Біздің
көзқарасымыз бойынша, - деп жазады ол, - сөз жоқ Қиыр Шығыстың корей халқын
толық жер аудару жөнінде белгілі бір келісім болды; бірақ, бұл жағдай
жазбаша құжатта көрініс тапты ма деген сұрақ туындайды [9].
Бұдан бұрын Г.В. Кан депортацияның барынша көлемді себептерін бөліп
көрсетеді. Оның қорытындысы корейлер КСРО-ның қиыршығыстық жалпы
саясатының құрбаны болды дегенге саяды. Дегенмен ол Қытайдың негізгі саяси
күштері: компартия мен гоминданның 1937 жылы 21 тамызда өзара шабуыл
жасаспау туралы кеңес-қытай келісіміне қол қоюмен аяқталған Кеңес Одағымен
жақындасуына сүйенеді. Г.В. Кан корейлердің жапон шпионажынының пайда
болуының жолын кесу сылтауымен жер аударылуын үлкен саясаттың бір
моментері, Кеңестік Одақтың Қытаймен одақтық қатынастарына, Жапониямен
қатынастарына (Корея Жапонияға отарлық тәуелділікте, ал корейліктер
жапондық бодандар болды), өзінің қиыршығыстық саясаттағы ұстанған
позицияларына берік екендігін көрсетуі ретінде қарастыру керек дейді
[10].
Превинтивтік акцияның саяси құрбаны ретіндегі корейлер туралы
тұжырым алғашқы рет профессор В.Ф. Лидің КСРО ХКК және ЖКП (б) ОК-нің №
1428-326сс қаулысына берген коментарияларында айтылды. Бірақ бұл тұжырым
одан әрі дамытылмады.
Корейлерді жер аударудың елдің ішінде қалыптасып, бірақ екінші
кезекте рөл ойнаған басқа себептердің ішінен төмендегілер айтылады:
1. 1937 жылға қарай корей халқы Қиыршығыстық өлкенің қоғамдық-саяси,
экономикалық және мәдени өміріне көп дәрежеде бірікті, сіңісті. Алайда,
олардың орналасу кеңестігі, яғни, көп бөлігі немесе басым бөлігі көрей
халқы болған тығыз аудандарға таралуы билік басындағыларға қауіп төндірді
және бөліп алда билей бер принципіне сай келмеді.
2. 1934 жылы корейлер өмір сүріп жатқан аудандарда Еврей автономиялық
облысының құрылуы бірқатар шетелдік зерттеушілердің пікірінше Қиыршығыстық
өлкенің корей халқының өзінің ұлттық-мемлекеттік автономиясын құруды талап
етуін туындатуы мүмкін еді. Бұған қатысты айтсақ, кеңестік немістердің
ұлттық-мемлекеттік автономиясының болуы Еділ автономиялық неміс
республикасын жойған 1941 жылғы 28 тамыздағы Қаулысы үшін кедергі бола
алмағаны белгілі. Соның негізінде жүз мыңдаған кеңес немістері Қазақстанға,
Сібірге, Алтайға және елдің басқа да аймақтарына жер аударылған болатын.
3. Корейлерді Корея және Манчжурия шекарасынан мыңдаған шақырым алыс
елдің ішкері аудандарына жер аудару сонымен бірге, белгілі бір саяси және
экономикалық мақсаттарға негізделді. Оған байланысыты төмендегідей болжам
айтуға болады: біріншіден, корейлерді аумағы жағынан Қиыршығыстық өлке
территориясынан ондаған есе үлкен Орта Азия мен Қазақстанға жер аудару
олардың автоматты түрде жер аударылған жерде топтарға бөлшектенуін
білдірді. Екіншіден, Қазақстан мен Орта Азияда қылмыстық тәсілдердің
нәтижесінде, сондай-ақ, шаруашылықты жүргізудің ерекшелігін ескерместен
жаппай ұжымдастырудың салдарынан миллиондаған адамдар өлді, жүздеген мың өз
елі мен жірінен көшіп кетті. 1931-1933 жылдардағы аштықтан,
эпидемиядан,және басқа апаттардан Қазақстаннның тікелей шығыны 1 млн. 700
мың адамды құраған. Республикадан тыс жерге 1 млн. 030 мың адам қоныс
аударған, оның ішінде 616 мыңы кейіннен оралмаған көшіп кетушілер.
Осылайша, бұл жерде ішінара қоныс аударылғандармен, оның ішінде корейлермен
толықтырылып отырылған еңбек ресурсының терең жетіспеушілігі орын алды.
Осындай себептермен қатар, корейлердің негізінен Қазақстанның оңтүстік
облыстарына жер аударылуы олардың дәстүрлі кәсіптері: күріш және көкініс
өсірумен айналасуын қарастырған болуы мүмкін [11].
Алайда бұл себептер жоғарыда айтылғандай негіз қалаушы басты себептер
болмады, басты себеп тоталитарлық режимнің ішкі және сыртқы саясатта да ұлы
державалық бағытты жүзеге асыруда еді.

1.2. Жер аударуға дайындық және жүзеге асыру
Соңғы кезеңдегі тарихи зерттеулер, сондай-ақ, аға буын корейлердің
естеліктері заңсыз, қатал, антигумандық депортацияның жалпы көрінісінің
бірқатар үзінділерін ашып, бастапқыда айтылған жалған стереотип -
операцияны жүргізудің ұйымдаспағанын және сталиндік шешімнің аяқ астылығын
жоққа шығарды. Сонымен қатар, Сталиннің жер аударылған қиыршығыстық
корейлердің барлығының қырылғандығын қалағандығы туралы қате пікірмен де
келісуге болмайды. Корейлерді жер аудару ең бірінші жаппай мәжбүрлеген
миграция процесін сынақтан өткізген тоталитарлық режимнің алдын-ала
жоспарланған, ұйымдасқан және барынша бақылауға алынған кең көлемді акциясы
болатын.
1937 жылғы 21 тамыздағы КСРО ХКК және ЖКП (б) ОК-ті қабылдаған № 1428-
326сс қаулының қабылданғанына дейін Қиыршығыстық өлкеде партиялық
аппаратты, армияны, жазалаушы және күштеу органдарын , интеллигенцияны және
ондаған мың қарапайым еңбекшілерді қоса биліктің барлық эшелонын қамтыған
бірнеше партиялық және құғын-сүргіндік тазарту толқындары жүргізілгені
белгілі. Сол өлім жазасына тартылғандардың, ГУЛАГ-тарға қамалғандардың, өз-
өзіне қол сұққан қызметкерлердің орнына негізінен кеңестік корейлермен
жұмыс істеу тәжірибесі жоқ жаңа номенклатура келеді. Олар алдарына қойылған
мақсаттарды қатаң орындап отырды. Мысылға, депортацияны жариялауға дейін
операцияны жүзеге асыру үшін, ІІҰК-нің (НКВД) Қиыршығыстық басқармасын
бастығы ретінде РОстов ІІҰК-нің басшысы Г.С. Люшков жіберілген. Ол алдымен
Сталинге құпия әңгіме жүргізу үшін Кремльге шақырылып, корейлерді жер
аудару туралы ақыл-кеңестер алған [12].
Корейлерді кедергісіз жер аудару үшін тоталитарлық режим олардың
танылған басшылары мен көсемдерінен айырған. ІІҰК ішінде жалған түрде
Қиыршығыстық өлкенің КСРО-дан бөлінуі мақсатымен қарулы көтеріліс
дайындаған өлкелік корейлік көтерілісші орталық туралы ойлап табылады. Дәл
осы жалған факті ЖКП (б)-ның Посьет аудандық комитетінің бірінші хатшысы
Афанаси Кимді ату жазасына кескен 1938 жылғы 25 мамырдағы үкімде көрініс
тапқан. Люшковтың мойындауынша Қиыршығыстық өлкеде жер аудару уақытнда
2 500 корейлер тұтқындалған. Ауыр құғын-сүргін толқындары барлық ресейлік
қалалар бойынша корейлерді басып жаншып, бұл процесс олар жер аударылған
Қазақстан және Өзбекстан территориясында да жалғасқан.
Корейлерді жер аударуға бағытталған заңсыз акцияларды ақтап алу үшін
депортацияға дейін барынша толық қуатында шпиономания атмосферасын
қалыптастырған үгіт-насихаттық машина жұмыс істейді. Оның басталуына елдің
басты баспасөз органы – Правдада 16 және 23 сәуір күндері басылған
кеңестік Қиыр Шығыстағы жапондық шпионаж туралы екі мақала түрткі болды.
Оларда жапондық шпиондардың Кореяда, Қытайда, Маньчжурия және Кеңес
Одағында торып жүргендігі, шпионаж үшін жергілікті тұрғындар кейпін
жамылған қытайлықтар мен корейлер пайдаланылатындығы ерекше айтылады.
Қиыршығыстық биліктің, ең алдымен жазалаушы органдардың жер аударуды
жүзеге асыруға бағытталған белсенді астыртын жұмыстар жүргізгендігін Қиыр
Шығыс өлкесінің ІІҰК-нің шекаралық және ішкі әскерлер қолбасшылығымен
Мәскеуге жіберілген Уссурия, Приморск және Хабаровск областырының
шекаралық аударындағы корей халықтарының саны туралы (нақтыланған
мәліметтер) атты анықтамасы дәлел бола алады. Бұл құжат 1937 жылғы 21
басылған тамызбен, яғни, корей халқына қарсы кең көлемді акцияны бастау
туралы қаулыға Сталин және Молотовтың қол қойған күнімен даталанған.
Құжаттағы жақшаның ішіндегі нақтыланған мәлімет ескертпесі бұның ІІҰК-нің
өлкелік органдарының Мәскеуге жіберген корейлердің саны туралы бірінші
мәлімдемесі емес екендігі туралы ой түюге мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер
көлік құралдарына қажетті қаржылық және материалдық шығындарды, қозғалыс
графигін, тасымалдау уақытын және т.б. алдын-ала есептеу үшін талап етілген
болатын [13].
Ежовтың қолымен Люшковқа арналған 1937 жылғы 24 тамыздағы № 516
меморандум – Сталин – Молотов директивтерін жүзеге асыру бойынша ІІҰК-нің
қызметін ашатын бірінші құжат болып табылады. Өлкелік комитет хатшысы
Варейкис және Қиыршығыстық өлке бойынша ІІҰКб-ның бастығы Люшковпен қол
қойылып, ЖКП (б)-ның Хабаровск және Приморск облыстық комитеттерінің,
облыстық атқару комитетерінің және ІІҰКБ-ның атына арналған директивтер
негізінен меморандум мазмұнының көшірмесі болғанмен, корейлерді жер аудару
бойынша бірқатар толықтыруларды қамтыды. Біріншіден, бұл жер аударуды
жүзеге асыруға қатысты, меморандумда: жер аударуға кірісу керек және 1938
жылдың 1 қаңтарына дейін аяқтау керектігі айтылса, директивте ... қоныс
аударуды 1937 жылдың 25 қазанында бастап, 15 қаңтарда аяқтау керек деп
жазылған. Екіншіден, аудандарда корей халқын жер аударуға басшылық үш
адамнан: ЖКП (б)-ның Қиыршығыстық өлкелік уәкілі, өлкелік атқару
комитетінің уәкілі және ІІҰКБ-ның уәкіліне тұрған құрамға жүктелді.
Үшіншіден, корейлер қалдырып бара жатқан мүлікті бағалау мен олардың құнын
қайтаруға байланысты есеп айырысу тәртібі нақтыланды. Төртіншіден, жер
аудару барыс жөнінде әр бес күн сайын өлкелік комитет пен өлкелік атқару
комитетіне есеп беру талап етілді [14].
Корей халқын қоныс аудару бойынша облыстық үштіктің үлгісімен
аудандық үштіктер және корейлердің өмір сүру жерлері бойынша ресми емес
үштіктер құрылады. Ең төменгі үштік операцияны жүзеге асырудың барлық
ауыртпалығын көтереді, аудандық және облыстық үштіктер кеңейтілген
отырыстар өткізіп, оларға армия, көлік, ауыл шаруашылығы, қаржы,
телеграфтық-почталық байланыс, қоғамдық тамақтану, денсаулық сақтау,
мәдениет, білім беру, тағы басқалар сияқты барлық ведомстволардың басшылары
шақырылған, бірақ олардың арасында корей ұлтының бірде-бір өкілі болмаған.
Қиыршығыстық өлкеден корейлерді жер аударудың жоспар бойынша үш
кезегі қалыптастырылады, бірінші кезек 1937 жылғы 21 тамыздағы сталин-
молотовтық қаулыда бекітілген болатын: Жер аударуды Посьетск ауданынан
және Гродеково ауданына шептес аймақтан бастау қажет. Екінші және үшінші
кезекті өлкелік басшылық шекаралық аудандар туралы көрсетусіз корейлерді
қоныс аудару туралы КСРО ХКК-нің қыркүйектің басында қабылданған бірқатар
қаулыларынан кейін белгілейді. Онда сыртқы шекаралардан жер аудару
аудандарының қашықтығы критериясы және орындалу хронологиясы басшылыққа
алынған.
Жер аударудың бекітілген кезектеріне сәйкес өлкелік және облыстық
үштік өздерінің кеңейтілген отырыстарында эшелондарды тию және оларды
жіберудің жоспар-графигін жасақтап, жер аударушыларды жинақтау мен
эшелондарды күту пунктін, жөнелтудің темір дол станциялары мен разъездерін
бекітеді.
Операцияны жүзеге асырудың негізгі жұмыстары аудандық деңгейде
жүргізілп, төмендегідей бағытта жүргізілген:
1) корей халқын санау және тізім жасау;
2) жер аудару жоспар-графигін жасақтау және рындау;
3) жинақ және жөнелту пунктеріне жеткізу үшін автомобилдік жәнежүктік
көліктерді мобилизациялау жоспар-графигін құрастыру және қамтамасыз ету;
4) Қалдырылатын мүлікті есепке алу мен бағалау және корей
колхозшылары, олардың жақтастарыме, т.б. есеп айырысу үшін құжаттарды
дайындау [15].
Әрбір эшелонға литерлік нөмір беріліп, жер аударылушылар тиелетін
орындар мен жөнелтілу уақыты көрсетілген. Эшелондарды олардың началниктері
басқарған, ал оларға сенімді корейлерден тағайындалған вагон бойынша
басшылар бағынған. Бүгінде ашылған архивтік деректерді талдау тасымалдаудың
техникалық жағына қатысты салыстырмалы түрдегі мәліметтерді береді. Эшелон
орташа есеппен 50 адам тиелген вагондардан, оның ішінде, бір кластық
(жолаушылар), бір санитарлық, бір асханалық вагон, 5-6 жабық жүк және 2
ашық платформалардан тұрған. Жүк және мал тасымалдау үшін тауарлық поездар
қажетті құралдармен және буржойкі пешпен жабдықталған. Бір вагонда 5-6
отбасыдан (25-30 адам) тасымалданған. Қиыршығыстық өлкеден Қазақстан және
Өзбекстандағы таратылу станцияларына дейін 30-40 күн жол жүрген.
Депортацияға дайындық пен оны жүзеге асыруда өлкенің барлық
территориясында партиялық, жазалаушы органдар қатаң, тұрақты, жалпы
қамтыған бақылау орнатқан.
Корей халқын санау кезінде олардың төлқұжаттары, аңшылық және тағы
басқа отты қарулары тәркіленген. Қиыршығыстық мемлекеттік архивтерде
нөмерлік арнайы хабарламалар деп аталған ерекше құжаттар сақталған. Бұл
құжаттар жер аудару барысы туралы және корейлер таратылатын аудандардағы
көңіл-күйге қатысты мәліметтерді қамтыған. Құжаттардан корей халқының
барлық шараларға ашық қарсылық көрсеткендігі көрінеді. Олардың ішіндегі
ержүректері мен әділдері заңсыздыққа қарсы шығып, қайта көшуге, мал мен
егінді жоюға, бағынбауға шақырған.
Корейлердің әрбір қадамын бақылау оларды Қиыршығыстық округтен жер
аударумен аяқталған жоқ, оны: Корейлердің жөнелтілген эшелондары
агентуралық қамтамасыз етілген деген бір сөйлемнен тұрған Эшелондарды
агентуралық қамтамасыз ету атты бөлімнің мазмұны дәлелдей алады. Жер
аударылғандарды аңду жол бойында және Қазақстан мен Орта Азияға келгеннен
кейін де жалғасты [16].
Корейлерді жер аудару барысын вертикалды бақылау туралы басшылардың
бір-біріне жазысқан хаттарында да ашық көрініс тапқан. Жер аудару барысында
тек корейлерге ғана бақылау мен із кесу орнатылмаған, сондай-ақ,
Қиыршығыстық өлкенің барлық халқы ұлттық, партиялық және әлеуметтік
белгілеріне қарамастан осындай жағдайға ұшырады. Хабаровск облысының Тамбов
ауданы бойынша ІІҰК-нің уәкілінің мәлімдемесінде Прокуданың партия
аудандық комитеті хатшысы, МТС-ның директоры Гурьяновтың, азаматша Н.
Погудина және су есептегіш И. Есауленконың атына айыптаулар айтылған.
Корей халқын жер аудару барысында жұмсақтық, жауапкершілдіксіз,
тәттіпсіздік, саяси бассыздық, кедергі жасағаны үшін ..., қателік
көрсеткені үшін, т.б. үшін жүздеген коммунистер партиялық билеттерінен,
кішігірім чиновниктер қызметерінен айырылып, олардың көбі тұтқындалып,
ГУЛАГ-тарға айдалған. Мысалға, Қиыршығыстық комитет бюросының 1937 жылғы 10
қыркүйектегі шешімімен эшелондарға корейлерді тиюдің бірінші кезегінің
уақытын тоқтатқаны үшін партияның Посьеттік аудандық комитетінің бірінші
хатшысы жұмыстан босатылып, сотқа берілген, бірқатар өлкелік және облыстық
басшыларға қатаң сөгіс жарияланған, корейлерді жер аудару туралы орталық
шешімін уақытылы орындамаған жағдайда және жер аударуға уақытылы дайындық
жүргізілмеген жағдайда қатаң шаралар қолданылытындығы жөнінде жер аудару
бойынша облыстық және аудандық ұштіктерге ескертулер жасалған [17].
Корейлерді қиыршығыстық өлкеден жер аудару тұтас халықтың үлкен
қайғысы, үлкен адам шығыны, мемлекет үшін ауыр шығындар арқылы,
қолапайсыздық пен тырысушылықтың жоқтығы үшін жазалану қорқынышымен
партиялық-бюрократиялық және жазалау органдарының көсемге оның тапсырмасы
мерзімінен бұрын орындалдығы жөнінде мәлімдеме жасауға үлкен
тырысушылығымен күштеу арқылы, тоталды және жаппай жүзеге асырылды.
1937 жылы КСРО Ішкі істер халық комиссары Ежов Кремльде Қиыршығыстық
өлкеден корейлерді жер аудару аяқталғандығы, 171 781 адамнан тұратын
36 442 отбасы қысқа мерзім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғ. 30-50 ж.ж. қуғын-сүргін көрген халықтардың әлеуметтік зардабы
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы депортация
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Қазақстанға халықтардың күштеп жер аударылуы
Корей халқы
Корей халқы Қазақ жеріне қоныстануы
Корей түбегінде орналасқан мемлекет
ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ
Қазақстанда жер аударылған халықтар
Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарды дамытудағы Оңтүстік Кореяның рөлі
Пәндер