Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалының зерттелуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тарих факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы демографиялық ахуал және оның зерттелуі (1991-2000 жж. )

Орындаған:

.

Ғылыми жетекші:

Қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі

« » 200 ж.

Ақтөбе 200

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3-6

1-тарау. Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалының

зерттелуі . . . 7

1. 1. Халық санының динамикасы және табиғи өсім мәселелері . . . 7-17

1. 2. Көші - қон процестерінің сипаты . . . 17-28

2-тарау. Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық ахуалы (1991-2000 жж. ) . . . 29

2. 1. Халық санының динамикасы және табиғи қозғалысы . . . 29-36

2. 2. Еңбек рыногі. Жұмыспен қамтылуы . . . 36-40

2. 3. Көші - қон процестері . . . 40-46

Қорытынды . . . 47

Сілтемелер . . . 48-50

Қосымшалар . . . 51-

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда көк туы көгінде желбіреп, тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған қазақ халқы басынан небір қилы заманжарды өткергені тарихта қаттаулы. Қазақ халқының әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір заманда еліміздің өткен тарихына деген көзқарас та бүгінгі күн тұрығысынан мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оны бүгінгі күн дәлелдегендей, кешегіміздің елеусіз, ескерусіз қалған қалған ақтаңдақтары немесе таптық тұрғыда қаралған мәселелері шынайы түрде бағалануда.

Тәуелсіздік алған Қазақстанның демографиялық дамуы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатына да байланысты. Көп ұлтты республикада ұлтаралық қатынастар дамуының тізгінін тең ұстап, сабыр мен салқындылыққа негізделген саясат жүргізіп отырған Ел басшысы аласапыран мына заманда алуан ұлттың өкілдерін ұлтаралық жарасым мен ынтымақта ұстауының өзі бүкіл әлемді таң қалдыруда.

Демографиялық үрдістердің бізге оңтайлы келген тегеурінді күштеріне сүйіне «болашақ-біздікі» десек те, ол үшін бүгіннен бастап күресе білуіміз керек. Алда демографиялық саясат пен даму стратегиямызды дәйекті түрде дербес жүргізе аламыз ба деген қиын сауал әрдайым ойда тұрады.

Еліміздің тарихында миллиондаған адамның өміріне ықпал тигізген оқиғалар аз емес. Қазақ тарихындағы ең қайғылы кезең Кеңес үкіметі орнаған кезден басталады. Патша жарлығына қарсы 1916 жылғы көтерілістің соңы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне ұласты. «Жаным - арымның садағасы» дейтін қазақ енді ақ пен қызыл болып екіге жіктеліп, тағы да жауына жем болды. Азамат соғысының аяғы 1921 жылғы жұтқа келіп тірелді. Жалғыз атын қонағына сойып беретін ақ пейіл қазақ, өзі ашығып жатса да орталыққа вагон-вагон азық-түлік жөнелтті.

1932 жыл. Бұл қазақ деген халықтың арғы-бергі тарихындағы ең қаралы жыл. ХХ ғасырдың басында дүниежүзі түркі тектес халықтары ішінде осман түріктерінен кейін екінші орынға шыққан өскелең халық зорлықпен жүргізілген Голощекиндік ұжымдастыру кезінде тең жартысының астамынан айырылды. Бұл бір халыққа қарсы бағытталған геноцид ішіндегі тарихта өте сирек кездесетін қанды қырғын еді. Өміршең халқымыз жартысынан астамын ажал құшағына беріп, бұл зұлматты да соңына тастап, тарих көшімен ілгері жылжыды.

1937 жыл. Күллі Кеңес империясын үрей бейлеп, әлемдегі ең үлкен державаның бас көтерер азаматтары сталиндік репрессияның құрбаны болды. Мұндай террор қазақ жерінде 1926 жылдан басталып, Ж. Аймауытов сияқты боздақтар 1929 жылдың өзінде-ақ ату жазасына кесілді. Ақ пен қызылдың қырғынынан енді ғана ес жинап, оң мен солын танып, өркениетті елдер көшіне ілесіп келе жатқан ұлы қазақ халқынын сүт бетіне шығар қаймағы 1937 жылғы репрессия кезінде қалқып алынды. Толық емес мәліметтер бойынша сталиндік қанды қырғынның тырнағына кілең сайдың тасындай 70 мыңға жуық қазақ қайраткерлері ілінген.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде «досына адал, дұшпанына қатал» қазақ халқының қару ұстауға жарайтын азаматтары түгелдей майданға аттанып, олардың 350 мыңдайы қайтып оралмады . . . [1] .

Иә, шындығында ақын жырлағандай қазақтар мың өліп, мың тірілген халық. Міне, осы халық қыран бүркіт көтерген күн сәулесі көк туын Біріккен Ұлттар Ұйымының сарайында желбіретіп, еркін дамудың жаңа сатысына көтерілді. Тәуелсіздік алып, тынысы кеңіп өлгені тіріліп, өшкені жана бастады. Бұл халқымызға жаңа қуат, жаңа серпін берді. Сөйтіп, 1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстандағы халықтың жалпы саны 14. 953 мың болса, оның ішінде қазақтар 7. 985 мың адамды (53. 4%) құрады [2] .

Қазақ этносының демографиялық тарихы әлі толық зерттеліп бола қойған жоқ. Бұған себеп болған Кеңес уақытындағы ұлттық тематиканың кейбір аспектілеріне идеологиялық тиым салынды. Демография ғылымы -

Қазақстан үшін жаңа ғылыми бағыт болып табылады. Сондықтан да бүгінгі біздің осы мәселені дипломдық жұмыстың тақырыбы етіп алуымыз маңызды құбылыс.

Тақырыптың деректік көзі. Жұмыстың деректік негізін жетекші тарихшы-демограф ғалымдардың еңбектерінен алынған архивтік, статистикалық материалдар, Жалпы одақтық халық санағының қорытындылары жарияланған құжаттар, Қазақстанның статистикалық жылдықтары, 1999 жылғы халық санағының қорытындылары жарияланған жинақтар құрайды.

Мәселенің тарихнамасы. Дипломдық жұмыста мәселенің зерттелу деңгейі жеке тарау ретінде қаралғандықтандықтан бұл мәселеге тоқталмаймыз.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалын, оған ықпал етіп отырған ішкі және сыртқы факторларды ашып көрсету. Осы мақсат негізінде төмендегідей міндеттер қойылды:

-республиканың элеуметтік-экономикалық және саяси өмірінің еліміздегі демографиялық ахуалға ықпалын көрсету;

-республика халқының 1991-2000 жылдар аралығындағы даму динамикасын анықтау;

-республикадағы кейінгі кезеңдегі некелесу, ажырасу, туу мен өлу динамикасына талдау жасау;

-республикадағы аталмыш кезең аралығындағы ішкі-сыртқы миграция, урбанизация процестерінің қарқынына, оған әсер еткен факторларға талдау жасау.

Жұмыстың әдістемелік негізі қоғам дамуының диалектикалық заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, мәселені тарихи демографиялық принцип негізінде, тарихи-салыстырмалы тәсілдерді қолдану арқылы объективті түрде жан-жақты ашып көрсету болды.

Еңбектің ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысында 1991-2000 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалына талдау жасалып, оған ықпал етіп отырған факторларды ашып көрсетуге, сондай-ақ, бүгінгі Қазақстанның демографиялық даму бағытын сараптауға, орын алып отырған тенденцияларды талдауға талпыныс жасалды.

Жұмыстың хронологиялық кезеңі мен жағрафиялық аумағы. Жұмыстың хронологиялық шегі 1991-2000 жылдарды қамтиды. Дегенмен жекелеген мәселелерде 1989 жылға дейін шегіністер жасалады.

Жағрафиялық аумағы негізінен қазіргі Қазақстан Республикасының территориясын қамтиды.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, сәйкесінше екі және үш тараушалардан құралған екі үлкен тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1-тарау. Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалының зерттелуі (1991-2000 жж. )

1. 1. Халық санының динамикасы және табиғи өсім мәселелері

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туын тіккеннен бергі 10 жыл ішінде өткен күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси процестер халықтың демографиялық дамуына да өзіндік ықпал жасады. Қазіргі кезеңдегі еліміздің демографиялық ахуалындағы басты ерекшелік - тұрғындар санының күрт кемуі. Мұның өзін еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына жолдауында дамуымыздың келеңсіз сипаттары қатарына демографиялық өнімсіздігімізді жатқыза отырып, «1992 жылдан бастап соғыстан кейінгі 50 жыл ішінде біздің халқымыздың саны қысқара бастады», [3] дегенінен де айқын аңғаруға болады.

1999 жылғы халық санының мәліметтеріне қарағанда елдегі тұрғындар саны 1989 жылмен салыстырғанда 1 миллион 246 мың адамға, 7, 7 %-ке азайған. 1989 жылы қазақстандықтардың саны 16 миллион 199 мың адам болса, қазір 14 миллион 953 мың адамды құрайды. 2724, 9 мың кв. км. жерді алып жатқан Қазақстанның әрбір шаршы километріне 5, 5 адамнан келеді. Бұл Қазақстанның халық аз қоныстанған елдер қатарында екендігін аңғартады.

Тұрғындар санының күрт кемуі Қарағанды облысында (335230 адамға немесе 19, 1%-ке кеміген), Шығыс Қазақстан облысында (228135 адамға немесе 21, 5 %-ке кеміген), Қостанай облысында (206115 адамға немесе 16, 7%-ке кеміген), Солтүстік Қазақстан облысында (186085 адамға немесе 20, 4%-ке кеміген), Павлодар облысында (135330 адамға немесе 14, 5%-ке кеміген) анық байқалуда.

Қазақстандықтар санының кемуі өлке тұрғындарының демографиялық құрлымындағы ерекшеліктерге байланысты. Дәлірек айтқанда, орыс тілді тұрғындардың өз ата-мекеніне көшуінен және табиғи өсімнің төмен деңгейде болуынан туындауда.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының демографиялық даму ерекшеліктеріне зерттеушілер егемендік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардан бастап-ақ көңіл бөлген-ді. Бұл мәселе төңірегінде жазылған еңбектердің авторлары қатарында тарихшы, демограф, саясаттанушы, журналист т. б. бар.

Тарихшылар арасында қазіргі кезеңдегі еліміздің демографиялық ахуалындағы ерекшеліктерді зерттеуге үлкен үлес қосып келе жатқан М. Х. Асылбеков пен В. В. Козинаны ерекше атап көрсетуге болады. Бұл ғалымдардың бірлескен авторлығымен еліміз егемендік алғаннан бүгінгі таңға дейінгі аралықта демографиялық дамудың мәселелерін көтерген үш еңбек, бірқатар ғылыми мақалалар жарық көрді [4] .

М. Х. Асылбеков пен В. В. Козинаның еңбектерінде тәуелсіздік жағдайындағы еліміздің демографиялық дамуы көптеген дерек көздері -статистикалық материалдар бойынша талданып, халықтың табиғи өсіміндегі, ұлттық құрамындағы, жастық-жыныстық құрамындағы ерекшеліктер жоғары деңгейде ашылып көрсетілген. Қазақстандағы ұлттардың ара салмағында 1990-жылдардың ішінде күрделі өзгерістер жүргеніне М. Х. Асылбеков пен В. В. Козина жете көңіл бөліп, қазақтар 1989 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта 1488181 адамға көбейіп, қазір 7 миллион 985 мың 39 адамға жетіп, тұрғындардың 53, 4%-ін құрағанын, орыстар 1989 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта 1582399 адамға кемігенін, олардың қазіргі саны 4479620 адамды құрайтыны және елдегі үлес салмағы 37, 4%-тен 30 %-ке түскенін негіздей отырып, мұндай өзгерістің себептерін ұлттардың табиғи өсіміндегі ерекшеліктермен және көші-қондық процестерге қатысу деңгейімен байланыстырады. Мұны авторлардың былай деп жазуы аңғартады: «Қазақтар санының көбеюі мен үлес салмағының артуы олардың табиғи өсімінің нәтижесі және елден қазақ емес ұлттардың көшуіне байланысты. Сондай-ақ оған қазақтардың алыс (Қытай, Моңғолия, Иран, Түркия) және таяу (Ресей, Өзбекстан, Түркменстан) шетелдерден елге оралуы да әсер етуде».

Қазақ емес ұлттардың үлес салмағының күрт кемуіне сыртқы көші-қон процестердің тікелей әсер етіп отырғандығы М. Х. Асылбеков пен В. В. Козина еңбектерінде нақтылы мәліметтер негізінде көрсетілген. Оларда келтірілген мәліметтерге қарағанда немістер 593414 адамға, украиндар 328637 адамға, татарлар 71793 адамға, белорустар 66011 адамға, әзербайжандар 10656 адамға, кәрістер 1074 адамға кеміген. Мұндай кему қазақ емес этностардың барлығына бірдей тән емес екендігін, республикада өзбек пен ұйғыр халықтарының саны үлес салмағы артып келе жатқандығына да авторлар назар аударған. 1989 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта өзбектер 39621 адамға көбейіп 370663 адамды; ұйғырлар 28839 адамға көбейіп 210365 адамды құраған [5] .

1990-жылдардың ішінде Қазақстандағы ұлттардың ара салмағында өзгерістер жүргені және оның нәтижелері А. Н. Алексеенко мен Н. Е. Масановтың «История Казахстана: народы и культуры» атты кітапқа енген еңбегінде де қарастырылған [6] . Олардың көрсетуінше орыстар 28, 6% -ке, украиндар 38, 9 %-ке, немістер 63, 1 %-ке, татарлар 24, 1%-ке, белорустар 33%-ке, кәрістер 4%-ке, әзербайжандар 13, 1%-ке, поляктар 21, 1%-ке, ал қазақтар 22, 1% -ке, өзбектер 11, 6% -ке, ұйғырлар 13, 5 %-ке, дұнғандар 22, 4 %-ке, курдтар 28, 8%-ке артқан.

Н. В. Алексеенко мен Н. Е. Масанов ұлттардың ара салмағындағы мұндай өзгерістерге көш-қондық фактордың тікелей әсер етіп отырғанына баса назар аударады. Осылайша олар этностардың үлес салмағына табиғи өсімдегі ерекшеліктер де белгілі дәрежеде әсер ететіндігіне мән бермейді.

Республикадағы ұлттар арасындағы табиғи өсімнің біркелкі емес екендігі, оның халықтың үлес салмағына әсері М. Х. Асылбеков пен В. В. Козина еңбектерінде нақтылы айтылған. Табиғи өсімнің көрсеткіші өзбектерде 22 промильге, қазақтарға 13, 5 промильге тең екендігі, ал орыстар (-4, 9), украиндар мен белорустар (-8, 6) арасында туудан өлім жоғары болып тұрғандығын авторлар атап көрсеткен.

Қазіргі кездегі өсімнің ерекшеліктері белгілі демограф-ғалым М. Тәтімовтың «Жас мемлекет-Қазақстан Республикасының жеке өзіндік демографиялық саясатын қалыптастыру мәселелері» атты кітабында және Ж. Әлиевпен, М. Ақшаловамен бірлесіп шығарған еңбектерінде көрініс тапқан-ды. Мәселен, М. Тәтімовтың Ж. Әлиевпен бірлесіп шығарған еңбегінде М. Х. Асылбеков пен В. В. Козинаның халықтың табиғи өсімі жайлы пікірлерін қостай отырып: «Демографиялық бәсеңсу, яғни депопуляциялық құрдым ретінде тоқырау қазір де, алдағы кезде де негізінен алғанда қалада тұратын еуропалық ұлт өкілдерінің есебінен орын алатын болады. Өйткені оларда бала туу мөлшері тым төмен., қайтыс болған (демографиялық шығын ретінде) аға ұртпақ өкілдерінің орнын басатын қажетті мөлшерде ол жетпейді. Еуропалық халық өкілдерінің табиғи кемуі бірте-бірте күшейіп келеді, ол таяу уақыттың өзінде әрбір 1000 адамға шаққанда 6-7 промиль болмақшы. Өлім-жетімнің туу деңгейінен артық болу есебінен демографиялық бәсеңсуді» (депопуляция) мөлшері 50 мың адамнан асып жығылады деген сөз», -деп жазады [7] .

М. Тәтімов табиғи өсім деңгейі қазақтар арсында 90-жылдардың ортасынан төмендей түскендігін де атап көрсетеді. Республикада туудың төмендеуі мәселесі Ж. Әбенованың, А. Топилиннің, Ә. Б. Ғалиевтің, А. Дәуренбековтың, Н. Б. Куликовскаяның, А. Бисековтың, А. А. Нүсіпханның, А. Есілбаевтың мақалаларында да көрініс тапқан. Бұл авторлардың ішінде А. Есілбаевтың «Қазақстан әйелдері» журналында жарияланған. «Қазақ көбеймей көсегіміз көгермейді» деген мақаласында табиғи өсімнің келеңсіздіктері біршама толығырақ ашылған. Автор өзінің мақаласында табиғи өсімнің төмендеуіне әсер етіп отырған факторлар қатарына жастар арасында некеге отырудың сирей түсуі, ажырасудың артуын, тұрғындар денсаулығының нашарлауын, өлім-жетімнің артуын жатқызып, ол жөніндегі пікірін былайша береді: «Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, ерелер мен әйелдердің некеге отырып, шаңырақ құруы айтарлықтай мөлшерде қысқарған. Мәселен, 1990 жылы олардың саны 164 мыңға жетсе, 1999 жылы 85872 адам некеге отырған, яғни олардың саны екі есеге жуық азайған. Оған 24-25 жас аралығындағы 190 мың жесір әйелді қосыңыз, 60 мың әйел түрлі себептермен күйеулерінен ажырасқан. Соңғы кезде жасы келсе де үйленбеген, тұрмысқа шықпаған жастар саны шектен тыс көбейе түсуде. Жалғызбасты әйелдер саны 192 мыңға жетіп, 204 мың ер жігіттің бойдақ атануы осының айқын дәлелі. Қазақстанда жыл сайын зпңды түрдн 170мың адам түсік жасаттырады. Өткен бір жылдың өзінде 5793 жүкті ана туберкулезбен ауырып, 204-і СПИД ауруына шалдыққан. Адамдардың қайтыс болуы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 9, 7%-ті құрайды, бұл 1990 жылғы көрсеткіштен 2, 8%-ке көп. Жас сәбилер өсімі қазіргі уақытта 20, 7 промиль құрап отыр. Осы жағдайларға орай тұрғындардың орташа жасы-64, 4, оның ішінде ерлердің орташа жасы 59 жас құрап отыр. Сөйтіп, тұрғындардың табиғи өсуі 4 есеге кеміді» [8] .

Табиғи өсімнің бәсеңсуі және оның себептері Е. Ж. Бабақұмаров, Р. С. Құттыбаева және М. С. Спановтың еңбегінде қарастырылып, 1995 жылы 163, 8 мың сәби дүниеге келсе, 100, 1 мың өлім тіркелгені, оның 4, 2 мыңын бір жасқа дейінгі сәбилер құрағаны жайлы мәлімет келтіріледі. Авторлардың көрсетуінше өлім-жетім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 9, 7 болса, 1995 жылы бұл көрсеткіш 10, 5 болған. Авторлар өлім-жетімнің артуын тұрғындар арасында қан тамыры ауруларының жиілей түсуімен және тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуімен байланыстырады.

И. Н. Тасмағанбетовтың әлеуметтік саладағы саясатты қарастыруға арналған еңбегінде жоғарыда аталған авторлардың табиғи өсім мәселелері жайлы білдірген пікірлері нақтылана түскен. Онда елдегі ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайдың халықтың табиғи өсіміне кері әсер етіп отырғандығы баса айтылған. Автор ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әсерінен тұрғындардың орташа жас деңгейі 3, 1 жылға қысқарғанын, некеге тұрудың күрт кеміп, ажырасудың арта түскенін көрсеткен.

Қазіргі кезде табиғи өсімнің мәселелері ғалым-дәрігерлер тарапынан да зерттелуде. Мәселен, О. Т. Жүзжанов, О. С. Сақбаев және Т. К. Рахыпбеков секілді ғалым-дәрігерлердің «Здравохранение Казахстана» атты журналдың 1995 жылғы санында жарық көрген мақаласында Шығыс Қазақстан облысындағы демографиялық процестердің динамикасындағы ерекшеліктері талданған. Онда авторлар республикасының Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан басқа өңірлерде туу тенденциясы төмендегенін ата көрсете отырып, оған әсер еткен факторлар қатарына ел экономисының дағдарысты жағдайда болуын, тұрғындардың өмір сүру жағдайының ауырлануын, тұрғындар арасында егде жастағылардың үлес салмағының артуын, тұрғындар денсаулығының нашарлауын жатқызады. Елдің экономикасының дағдарысты жағдайда болуынан әйелдер саналы тууды шегеріп отырғандығы да мақалада ашық айтылған. Авторлардың көрсетуінше республика тұрғындарының жас құрлымында 60 жастан асқандардың саны Шығыс Қазақстан облысында 10, 4%-тен 12, 6%-ке көтерілген. Сондай-ақ балалар өлімі және жалпы өлім-жетім Шығыс Қазақстан облысында 100 адамға шаққанда коэффициенті 10, 1%-ке ие болған, бұл көрсеткіш Лениногорскіде 16, 9%-ке жеткен. 90-жылдардың ортасында авторлардың көрсетуінше өлім-жетім коэффициенті республика бойынша 7, 1% болған. Мұның өзі Шығыс Қазақстан облысында табиғи өсімнің төмен деңгейде болғанын аңғартатын. Осыған орай, авторлар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындар денсаулығын жақсарту бағытында шұғыл шаралар жүргізу керектігін ұсынады [9] .

Табиғи өсімнің аймақтық ерекшеліктері әзірге зерттеушілер тарапынан нақтылы қолға алынбай келуде. Қазіргі кезде Орталық Қазақстандағы тұрғындардың табиғи өсімнің мәселелері В. В. Козинаның монографиясында [10] көрініс тапқанын осы жерде айта кеткен жөн. В. В. Козинада жоғарыда аталған дәрігір-ғалымдар секілді тууға әсер етіп жатқан факторларға ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайды тауар бағасының қымбаттауын, ақылы медициналық қызмет көрсетудің еңгізілуін, жұмысшылардың уақтылы жалақысын ала алмауын және тағы басқаларды жатқызады. Оның көрсетуінше Орталық Қазақстанда 1990-1997 жылдар аралығында туу коэффициенті 17, 5 промильден 8, 4 промильге түсіп, 2, 1 есеге кеміген. Автордың мәліметтері бойынша 1990-1997 жылдары Орталық Қазақстанда өлім-жетім коэффициенті 7, 7 промильден 8, 3, промильге өскен, тіркелген өлім-жетімнің үштен бірі еңбекке жарамды жастардың үлесіне тиген, ерлердің өлімі әйелдерге қарағанда 3, 6 есеге көп.

Халықтың демогрфиялық өсіміне экологиялық жағдайдың кері әсері мәселесі М. Х. Асылбеков пен В. В. Козинаның және М. Тәтімов пен Ж. Әлиевтің еңбектерінде [11] қарастырылған. М. Х. Асылбеков пен В. В. Козина Қазақстанда ұзақ жылдар бойы атом бомбасының сыналуы, уранның ашық әдіс-тәсілмен өндірілуі және Арал теңізінің құрғауы салдарынан демографиялық динамика қарқыны бәсеңдегенін атап көрсетсе, бұл жайлы М. Тәтімов пен Ж. Әлиев былай деп жазады: «Экологиялық жағдайдың демографиялық өсімге кері әсері Сырдың бойындағы аудандарды өзара салыстырғанда жақсы байқалып тұр. Сырдария ауданында өсім жоқ, Тереңөзек ауданында кемушілік 3%, Қазалы ауданында 12%. Бұл миграциядан ғана пайда болып отырған жоқ, ол туған балалардың өлімі мен түсік тастуынан да пайда болған жағдай. Экологиялық апатта қалған әйелдер 3-4-5 балаларын үрейленіп тумай қоюы мумкін».

М. Тәтімов пен Ж. Әлиев экологиялық ахуалдың және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әсерінен қазақтар арасында бала туу мөлшері күрт кеміп барады деген пікір білдірді. Оны республикадағы қазақ әйелдері 1989 жылы 209 мың бала тапқан болса, 1999 жылы бұл көрсеткіш 140 мың болғандығымен, яғни бала туу коэффициенті 37 промильден 17 промильге дейін төмендегінімен дәлелдей түскен.

М. Х. Асылбеков пен В. В. Козинаның көрсетуінше Қазақстанда туу коэффициені бойыеша бүгінде бір әйелге 2, 5, баладан келеді, ең төменгі көрсеткішке Алматы қаласы (бір әйелге 1, 5 баладан) мен Солтүстік Шығыс өңір (1, 8 баладан) тұрғындары, ал жоғары көрсеткішке Оңтүстік өңір (бір әйелге 3, 4 баладан) тұрғындары ие. Осылайша, тұрғындары басым көпшілігі қазақтар құрайтын Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында балалар көп туылады. З. К. Исабековпен және А. Б. Қалышевтің Оңтүстік өңіріндегі қазақ және өзбек отбасылары туралы жазған мақаласында келтірген мәліметтерге қарағанда Түркістан ауданында бір әйелге орташа есеппен 3, 6 баладан келеді. Мұның өзін зерттеушілер бұрынғы кезбен салыстырғанда төмен екендігін айтады. Табиғи өсімдегі орыс, украин ұлттарының үлес салмағы әлдеқайда төмен деңгейде. Олардың бір әйеліне 1, 7, баладан келеді [12] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзі халықтарының серпіні
Халықтың саны және ұдайы өсуінің заңдылықтары
Халықтың ұдайы өсіп-өнуі
Халықтың орналасуы. Урбандалу
Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы
Демография ғылымы туралы түсінік
Қазақстандағы демографиялық өзекті мәселелер
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия
ҚР – сы демографиясы
Халық санының өсу тенденциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz