Қосшы одағының ауылдарға және ауыл


Қосшы одағы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
1. ТАРАУ. ҚОСШЫ ОДАҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ӨМІРІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ (1921-1929) 6
А) . ҚОСШЫ ОДАҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ6
Ә) . ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕР-СУ РЕФОРМАСЫН ЖҮРГІЗУДЕ “ҚОСШЫ” ОДАҒЫНЫҢ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТІ15
2. ТАРАУ. ҚОСШЫ ОДАҒЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛДЕРІ. 25
а) . ӘЙГІЛІ ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ - ОРАЗ ҚИҚЫМҰЛЫ ЖАНДОСОВ. 25
ә) . А. РОЗЫБАҚИЕВ ПЕН Ж. БӘРІБАЕВТАРДЫҢ ҚОСШЫ ОДАҒЫНДАҒЫ САЯСИ ҚЫЗМЕТТЕРІ36
ПАЙДАЛАҒАН ҚҰЖАТТАР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР КӨРСЕТКІШІ:45
КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі . Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне қол жеткізуі нәтижесінде әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих ғылымы көптеген жағдайларда ақиқатты бір жақты көрсетіп, бұрмалап, ұшқары пікірлерден құрылған теориялық қорытындылардың, қайта қарайтын тұжырымдардың өмірге келуіне ықпал еткен болатын. Кеңестік кезеңде қазақ тарихының көп мәселелері бір жақты зерттелеп келген болатын. Сондай мәселелердің бірі Қазақстанда 20-шы жылдары құрылған “ Қосшы” одағы мәселесі еді.
Диплом жұмысында қарастырылып отырған XX-ғасырдың 20-шы жылдары Қазақстан тарихында халқымызға көптеген қасіреттер әкелген өте қиын да ауыр кезең болып табылады. Бұл кезең елдің әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси өмірінде жаңа экономикалық саясат жылдарында қалыптасқан нышандарын тоталитарлық жүйенің барлық салада берік орнауымен сипатталады. Сонымен қатар бұл кезең бұл кезең қазақ халқының орталық жағдайда жоғалтқан мемлекеттігін қалпына келтірген кезең болып табылады.
1920 жылдың қазан айында Ресей Федерациясы құрамында құрылған Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы /Қазақ АКСР/ аясына халқымыздың ежелгі ата - қонысы - бұрынғы Сырдария және Жетісу губерниялары кірмей қалды. Қазақстанның оңтүстік шығысын алып жатқан осы ұлан - ғайыр өлке 1924 жылдың соңына дейін Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республиканың / Түр АКСР/ құрамында болып келген болатын. 1924 жылы аталған облыстырдың территориясы Қазақ республикасының территориясына қосылды. Сырдария облысының құрамына Қазалы, Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) уездері, Шымкент және Әулие - Ата уездерінің көп бөлігі, Ташкент және Мырзашөл уездерінің бір бөлігі кірді. Аталмыш облыстардың Қазақ АКСР - ның құрамына енуіне байланысты Республика аймағы 700 мың шаршы километрге, ал халықтың саны 1 млн 300 мың адамға көбейді. Ондағы жалпы халықтың 700 мыңын, яғни жартысынан астамын қазақтар құрады. Патшалық отарлау кезеңі мен Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында бөлшектеніп кеткен екі облыс территориясының қайтарылып берілуі нәтижесінде Қазақстанның территориялық тұтастығы қалпына келтіріліп, кеңестік негізде құрылған қазақ мемлекеті қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан этникалық территориясына түгел дерлік иелік етті. Бұл шараның үлкен экономикалық, саяси және құқықтық мәні бар екенін айта кету керек деп ойлаймын.
20 - ғасырдың басындағы революциялық төңкерістер нәтижесінде қазақ халқы патша үкіметінің отарлық езгісінен азат етілді. Қазақ жерінде жас қазақ республикасы құрылды. Осы кезеңде Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси өмірінде маңызды орын алған шаруалардың бұқаралық ұйымдарының және ауыл шаруашылық кооперативтерінің қарапайым түрлері қалыптасты. Шаруалардың бұқаралық ұйымдарының “Қосшы” ( “Жарлы”, “Кедей”), шаруалардың өзара комитеттері, жер және орман - тоғай жұмсшыларының одақтары жатты. Солардың ішінде Қосшы одағының алатын орны ерекше. Қосшы одағы бір жағынан Кеңес үкіметі мен Коммунистік партияның, екінші жағынан миллиондаған шаруалар бұқарасының арасындағы байланыстырушы буын ретінде құрылды.
Қарастырылып отырған уақытта аталған бұқаралық ұйымдар және Қосшы одағы қазақ өңірінің қоғамдық - саяси және мәдени өміріне айтарлықтай өзгерістер әкелді. Бұл ұйымдар әдетте мемлекет пен ауылдық жерде күн көрісі тек ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты миллиондаған кедей шаруалар арасын байланыстыратан дәнекерші роль атқарды.
Қосшы одағы ауылдық жердің өте кедей, тұрмысы нашар топтарын әлеуметтік жағынан қорғауға тырысты. Міне, осы жағынан алғанда бұл құбылыс танымдық тұрғыдан зерттеуді қажет етеді.
Кешегі уақытқа дейін тарихымыздың айтылмыш тақырыпқа байланысты жекеленген мәселелері аяғына дейін ашылмай келді және сол кезде Қазақстанда жүзеге асырылған “ Кіші Октябрь” саясаты және оның салдарына тікелей байланысты болды.
Атап айтқанда, Қосшы одағы мен шаруалардың бұқаралық ұйымдарының рөлі қасақана бұрмаланды немесе олар туралы за айтылды. Қазақстандағы Қосшы одағының халық арасында атқарған қызметтері шындыққа сай көрсетілмеді. Ал оның шаруаларды қоғамдастырудағы жақсы істері бұрмаланып, ұмыт қалдырылды. Одақтың О. Жандосов, А. Розыбақиев және Ж. Бәрібаевтар сияқты көрнекті өкілдерінің атқарған қызметтері ұлттық сипатта болды деп қатаң сыға алынды. Сондықтан да Қазақстанда социалистік қайта құруларды тіктеудегі Қосшы одағының рөлі мен тарихын жан - жақты және терең зерттеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны сөзсіз.
Мәселенің тарихнамасы . Қосшы одағы және оның Қазақстандағы социалистік қайта құруларды тіктеуде алатын орны мен тарихы бізге дейін көптеген ғалымдардың еңдектерінде зерттелген. Кеңес одағы дәуірінде осы мәселені Г. Ф. Дахшлейгер, Б. А. Амантаев, А. Н. Нусупбеков және А. Б. Турсунбеков сияқты зерттеушілер өз еңбектерінде қамтыды.
Сонымен қатар Қазақстан ұлттық тәуелсіздік алғаннан кейін осы мәселені қазақстандық ғалымдар да өз еңбектерінде жан - жақты және терең зерттеді. Мұндай ғалымдар қатарында Г. Ж. Үсенбаев және Г. С. Шәмшиеваларды атап өтуге болады. Олар өз зерттеулерінде шаруалардың бұқаралық ұйымдары, соның ішінде Қосшы одағының Қазақстанның экономикалық және қоғамдық - саяси өмірінде алатын орнын көрсетуге тырысты. Мәселені зерттеу барысында біз осы жоғарыда аталған зерттеушілерден басқа Кеңес Одағы жылдарында жарық көрген басқада ғалымдардың көптеген еңбектерін де пайдаландық.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері . Диплом жұмысын жазу барысында қойылған басты мақсат шаруалардың бұқаралық ұйымы болған Қосшы одағының тарихын тың деректер негізінде, жаңаша пайымдап зерттеу болып табылады. Осы басты мақсаттан мынадай міндеттер туындайды, яғни Қосшы одағының құрылуы мен оның шаруалар арасында жүргізген жұмыстарын талдау, Одақтың Қазақстанда жүргізілген жер-су реформаларын жүрізуге ат салысуы, Одақтың көрнекті өкілдерінің елеулі еңбектерін көрсету сияқты мәселелерді қамти отырып, Қосшы тодағының Қазақстанда социалистік қайта құруларды тіктеудегі рөлі мен тарихын жан-жақты және терең зерттеу міндеттері туындайды.
Деректемесі . Сонымен қатар диплом жұмысын жауда ізденіс барысында 20-30-шы жылдардағы шыққан қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер мен журналдарды да пайдаландық. Олар “Джетысуйская правда”, “ Қызыл Қазақстан” баспасөз беттерінде жарияланған дерек көздерін, содай-ақ И. А. Зверяковтың 1932 жылы жарыққа шыққан “ От кочевания к социализму” деген деректерін де пайдаландық.
Диплом жұмысының құрылысы . Диплом жұмысының бірінші тарауында Қосшы одағының құрылуы мен 1921 жылдан 1929 жылдарға дейінгі аралықтағы Одақтың атқарған қызметі мен міндеттерін қарастырдық. Қосшы одағы 1921 жылы қаңтарда Түркістан қазақ кедейлерінің 1-ші съезінің ат салысуымен құрылды. Қосшы одағына жергілікті қазақ кедейлері мен бірге қоныс ауып келген селолардағы переселен шаруаларда тартылды. Одақ кедейлерге еңбек артелдерін құруға, қазақ кедейлеріне жер бөліп беруге көмектесті, еңбекшілердің саяси саналарының жоғарылуына ат салысты. Қосшы одағы Қазақстанда жер реформасын жүргізуге белсене қатысты. 1921-1922 жылдары Жетісуда жүргізілген жер реформасы қазақ кедейлеріне орыс кулактары мен казактары патша үкіметінің отарлау саясаты негізінде тартып алынған жерлеріне қайта қоныстандырылды. Сонымен қатар орыс казактары мен переселендерден алынған жерлер есебінен Жетісу және Оңтүстік Қазақстан қазақтарын жермен қамтамасыз ететін жер қорына өткізілді. 1
Қосшы одағының жанашыр өкілдерінің басшылығында қарқынды басталған жер реформасы Кеңес үкіметінің басшылығы тарапынан аяғына дейін жүргізілмей тоқтатылып тасталды. Кеңес үкіметі Қазақстандағы жер өте ұлтшыл сипатта өтіп жатыр, оған белсене ат салысушы Қосшы одағының мүшелігінде кедейлер ғана емес, сонымен қатар орташалар да бар деген айыптар тақты. Қосшы одағы өз қатарларына тек қана қазақ кедейлерін тартып, қоныс ауып келген орыс шаруаларын одаққа баулу жұмыстарын алып бармайтын нағыз ұлттық қызмет атқаруда деген сын пікірлер айтылды.
Осылайша Кеңес үкіметінің әміршіл - әкімшілдік саясатының негізінде 1921 жылы қарқынды басталған жер реформасы аяғына дейін жүргізілмей тоқтатылып тасталған болатын. Осы реформаны жүрізуді алып барған Қосшы одағының көрнекті өкілдеріне “ұлтшыл” деген айыптар тағылды.
Дегенмен де 1921 - 1922 жылдар аралығындағы Қазақстанда жүргізілген жер - су реформасы нәтижесінде мыңдаған қазақ шаруалары жерге қоныстандырылып, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтан отырықшы шаруашылыққа өтті. Осындай елеуі еңбектер арқарған Қосшы одағының 20-шы жылдардағы Қазақстанның қоғамдық - саяи өмірінде алатын орны ерекше болып талылады. 2
Біз бұл дипломдық жұмыстың екінші тарауында Қосшы одағының көрнекті қайраткерлерінің өмірі мен атқарған қызметтері туралы қарастырған болатынбыз. Одақтың басшылығында белгілі кезеңдерде қызмет атқарған Ораз Жандосов, Абдулла Розыбақиев, Жұбаныш Бәрібаевтар болды. Олар Қосшы одағына мүшелікке жергілікті қазақ шаруаларын баулуда, оларды жермен, сумен қамтамасыз етіп, отырықшы шаруашылыққа көшіруде елеулі қызметтер атқарды. Қосшы одағының төрағасы болған Ораз Жандосов Қазақстанда жер - су реформасын “ Қазақстан қазақтар үшін” деген ұранмен алып барып, ең алдымен жергілікті қазақ кедейлері мен жалшыларын жерге қоныстандырды. Сонан кейін барып қазақтардан артылған жерлерге переселен орыс және басқа ұлт шаруаларын қоныстандырды. Сонымен қатар патша үкіметінің отарлық езгісінен шалғай жерге қоныс ауып кеткен қазақ шаруаларын өз еліне қайтарып, жермен, сумен қамтамасыз етті.
Ораз Жандосовтың реформа барысында бірінші орында қазақтарды жерге қоныстандыру туралы мақаласында “Көшіп келген келгенді халықты жергілікті ұлттың сүйегі үстінде көгертуге болмайды”, деп үзілді - кесілді жасаған қатал да болса әділ тұжырымы кейіншелік оның өзіне “ұлтшыл” деген айыптарды тағуда қарсы құрал болып келуін ол білген жоқ, ал егерде білген болса да шындықты айтудан тайынған жоқ болатын.
Сонымен 20-шы жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінде шаруалар бұқарасының саяси ұйымы болған Қосшы одағы мен оның Ораз Жандосов, Абдулла Розыбақиев және Жұбаныш Бәрібаевтар сияқты көрнекті өкілдері мен қазақтың аяулы перзенттерінің алатын орындары ерекше болып табылады.
1. ТАРАУ. ҚОСШЫ ОДАҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ӨМІРІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ (1921-1929)
А) . ҚОСШЫ ОДАҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Қазақ ауылдарында Кеңес өкіметін бекемдеуде және қазақтарды мемлекеттік және шаруашылық құрылысқа тартуда қосшылар (кедей, жарлы) одағы басты рөл атқарды. Бұл одақты құрудың қажеттігі туралы 1920 жылы күзде Түркістан Коммунистік партиясының 5-ші съезінде айтылды. 1921 жылы қаңтар айында Түркістан қазақ еңбекшілерінің 1-ші съезі қазақ шаруалары мен кедейлерінің одағын құру туралы қаулы қабылдады. Қаулыда одақтың Кеңес өкіметі органдарымен өзара қарым-қатынасы анықталды. Одақ өздігінен Кеңестерді ауыстырмады, ал керісінше олардың тапсырмаларын жүзеге асыруда асқан белсенділік көрсетті. Сонымен қатар қаулыда қосшылар одағы ауылдар мен село тұрғындарының таптық ұйымы болуы керек деп айтты3.
Қосшылар одағына жергілікті қазақ кедей, шаруаларымен қоса Ресей жерінен қоныс ауып келген ауылдардағы кедей, шаруалар да тартылды. Қосшылар одағы кедейлерге еңбек артелдерін құруда, кедейлерді жермен қамтамасыз етуде ерекше ат салысты.
1921 жылы 20-31 қаңтарда Әулиатада Түркістанның қазақ, қырғыз кедейлерінің съезі болды, мұның жұмысына 600 делегат қатысты. Бұл съезд Түркістан Кеңес республикасы еңбекшілерінің саяси өміріндегі маңызды оқиға болды. Съезд делегаттары айқын да жалынды сөйледі. Верный уезінен келген қазақ батрағы Б. Үмбетбаевтар сияқты делегаттар шығып, сөз сөйледі. Съезд еңбекшілерді жер реформасын жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды, қазақ кедейлері мен батрақтарының ең тұңғыш бұқаралық ұйымы Қосшы одағын құруға қаулы алғанын жоғарыда атап өткен болатынбыз.
Қосшы одағы Кеңес өкіметінің ауылдағы тірегі ретінде құрылған болатын. Оның алдына қойған мақсаты ауылдың жұмысшы топтарын біріктіру, олардың саяси санасы мен мәдени дәрежесін көтеру, еңбекшілердің мүдделерін қорғау, кооперациялау идеяларын насихаттау, реформаны жүргізуде халық шаруашылығын қалпына келтіруде мемлекетке көмектесу болды. Одақтың мүшелігіне еңбексіз табыспен тұратын, бөтеннің еңбегін бағаламайтын адамдар қабылданбады. Одақтың барлық басшы органдары - ауылдық ұядан бастап өлкелік орталыққа дейін - демократиялық жолмен сайланып отырды.
Қосшы одағының құқықтық жағдайы ТуркЦИКтің 1922 жыл 15 наурыздағы қаулысымен анықталды. Жағдайға байланысты одақ ауыл мен селолардағы жұмысшылар тобының жаппай ұйымы болды. Қосшы одағы еңбекшілерді саяси тәрбилеп қана қоймай, сонымен қатар ауыл тұрғындарының шаруашылығын беккемдеуде жан-жақты ат салысты. Қосшы одағының ауылдарға және ауыл Кеңестеріне, съездерге өзінің өкілдерін жіберу құқығы болды.
Қосшы одағының жоғарғы басшылық органы - бұл съезд, яғни жиналыс, конференциялар болды. Қосшы одағының атқару органдары былай ұйымдастырылды: 1) . Түркістан республикасы территориясы, аумақтық съезд, Орталық Комитет. 2) . Облысть, облыстық съезд, областық комитет. 3) . Уезд, уездік съезд, уездік комитет. 4) . Аудан, аудандық съезд, аудандық комитет. 5) . Ауыл, ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы, ұйым комитеті.
Қосшы одағының Жетісу губерниялық комитеті 1921 жылдың 15-ші ақпанынан бастап қызмет істеді және алғашқыда қазақ кедейлері мен Жетісу жарлылар одағының Облыстық бюросы деп аталды.
1922 жылдың басында қазақ кедейлері мен Жетісу жарлылар одағының Облыстық бюросы кейбір құжаттар бойынша Жетісу областық комитетінің Қосшы одағы деп атала бастады.
Бюроның штаты мен құрылымы алғашқыда президиумнан, жалпы бөлім, қаржылық бөлім, шаруашылық және ұйымдық бөлімнен, инструкторлық және хабар-статистика-есептік бөлімшелерден құралды.
Қосшы одағының құрылымы күн тәртібіне байланысты өзгеріп отырды. Осыған байланысты Одақтың президиумында әр түрлі мәселелер бойынша, яғни жер бөлу, бақтарды кәнпіскелеу сияқты мәселелер бойынша комиссиялар құрылды. 4
Одақтың облыстық ұйымдық съезі 1921 жыл 8 маусымда шақырылды. Бұл күн бүкіл Қазақстандықтар үшін мереке күні - “Қосшы Одағы Күні” болып қалды. Съезд 11 адамнан құралатын жаңа бюро сайлады. Оның құрамына әйгілі мемлекеттік және саяси қайраткерлер О. Жандосов, А. Розыбақиев, Т. Утепов және басқалар болды.
Бюро президиумының төрағасы болып О. Жандосов сайланды.
1922 жылы Бюроның негізгі қызметі Қосшы одағы комитетінің экономикасын көтеруге, яғни оның мүшелеріне жер бөоіп беруге, ауыл шаруашылық құралдарын алуға бағытталды. Осы жылы ұйымның 2-ші областық съезі шақырылды. Съездің шешімі бойынша Комитет президиумына ауылшаруашылық кооперациясының областық одағын басқару төрағасы енгізілді. Ауылшаруашылық кооперациясының бөлімі құрылды. Штаттың күнтізбесінде басқа өзгерістер болмады.
Басқа жағынан қарағанда бүкіл шаруашылық жылдың барысында Комитет штаты қысқатрулар, Областық комитеттің уездік немесе қалалық комитеттермен ауысуы немесе қосылуы есебінен барлық уақыт ауысып отырды.
Мысалы, 1922 жылы 20 мамырда Областық комитеттің штаты 7 адамға дейін қысқарды. 1922 жыл 20 мамыр Қосшы одағы Областық комитетінің №9 бұйрығы бойынша штатта төраға, оның орынбасар хатшысы, іс жүргізуші, инструктор, моторшы, қарауыл ғана қалды. 5
1922 жылы 22 қазанда Областық қалалық комитет Алматы ұйымымен қосылды. Қосшы одағының штаттық уездік-қалалық бөлімі ұйымдастырылды. Оған бөлім меңгерушісі, орынбасар және хатшы енді.
1923 жыл Комитет үшін қиын басталды. Жетісуда жаңа экономикалық саясат енгізілді. Ұйым мүшелік үлестер есебінен күнелтуге өтуге мәжбүр болды. Комитетің штаты мен құрылымы барлық уақыт ауысып отырды. Осындай өзгерістің бірі 1923 жыл 15 ақпанда болды, сонан кейін 1923 жыл 7 наурызда болды.
Негізгі болған өзгерістер мынадай еді: канцелярия меңгерушісі іс басқарушымен, аудармашы әдеби аудармашымен, атшы тазалаушы немесе жай атшымен ауысты. Сонымен 1923 жылы жалпы бөлім жауапты хатшыдан, іс басқарушыдан, іс жүргізушіден, машинисткадан, әдеби аудармашыдан, бұхартерден, жіберушіден, атқосшыдан, атшыдан және журналистен құралды.
Ұйымдық бөлім өзгеріске ұшырады. Олар меңгеруші, хабарлық-статистикалық бөлімшені меңгеруші, іс жүргізуші, жауапты инструктордан құралды. 6
Мәдени - ағартушы бөлім 1 адамға өсті, яғни меңгерушіден, инструктордан, іс жүргізущіден құралды.
Қалалық бөлім уездік-қалалық бөлімге айналды. Онда бір штат қосылды. Яғни бөлім меңгерушісі, іс жүргізуші, инструктор және машинисткадан құралды.
Экономикалық-кооперативтік бөлім Қосшы одағының уездік комитетінің бұрынгы қызметкерлері есебінен ауысты.
Қосшы одағының орталық комитеті 1923 жылы жазда бөлімдерді жойып, Қосшы одағының Областық қалалық комитеттерінің штаттарын қысқартты. Яғни олар төраға-жалпы басшылықтан, орынбасардан, хатшы-мүшеден, іс жүгізүшіден, есепшіден, машинисткадан, инструктордан және жіберушіден құралды.
1923 жылы 3 шілдеде Қосшы одағының Областық комитетінің №47 бұйрығы бойынша уездік қалалық бөлім жеке бірлік ретінде бөліп шығарылды. Қала бөлімінде 1923 жыл 15 тамызда №50 бұйрық 3 тарау бойынша қала істері бойынша үстел ұйымдастырылды.
1924 жылда штаттық күнтізбек пен ұйымдастыру бойынша құрылымға өзгерістер алып келді. Қосшы одағының жаңа ережесі, бағдарламасы және жағдайы енгізілді. Бұл өзгеріс 1923 жыл 19 сәуірдегі Орталық комитеттің №672 бұйрығымен қолдау тапты.
1924 жыл 1 қаңтарда Қосшы одағы мемлекеттік бюджетке көшірілді, Областық комитетке 43665 мүшелері бар 7 уком бағынды.
Орталық комитет белгілеген штаттар бірқанша өзгерістерге ұшырады. Яғни төраға төраға күйінде, орынбасар орынбасар ретінде қалды, бұрын инструктор 3 адамнан тұрса енді 1 адамға дейін қысқарды, есепші іс жүргізушімен, іс жүргізуші машинисткамен, журналист жіберушімен, машинистка қарауылмен, қарауыл-атқосшы қалалық инструктормен орын тізбектері бойынша ауысты, өзара көмек секциясының меңгерушісі өз орнында қалды.
Қосшы одағының 4-ші областық съезінің өткізілуі ұйымның қызметінде манызды орын алды. Съездің шешімі бойынша Жетісу областық “Шаруа” деп аталған ауылшаруашылық малшылық кооперативті серіктестік құрылды.
1924 жыл 29 қыркүйекте президиумның шешімі бойынша, 1924 жыл 8 қыркүйектегі №20 протокол 2 тараумен Қосшы одағының Алматы укомы жойылып, ол Областық комитетпен біріктірілді.
1925 жылы губерниялық комитеттің аппараты 13 штаттық бірліктен құралды. Яғни президиум мүшелері 2 бірліктен, инструкторлар 4 адамнан, жалпы канцелярия 5 штаттық бірліктен, қоғамдық өзара көмек комитеті 2 штаттық бірліктен құралды.
Губерниялық комитеттің төрағасының орынбасары қоғамдық өзара көмек комитетінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Қосшы одағы Жетісу губерниялық комитетінің №25, 1-тарау бұйрығы бойынша 1925 жылы 27 шілдеде укомның, яғни уездік комитеттің губерниялық комитетпен бірігуі болып өтті. Осыған байланысты жаңа штаттар енгізілді.
Қосшы одағының қоғамдық өзара көмек комитеті инструктордан және хатшы-есепшіден құралды.
1926 жылы губерниялық комитетті қайта құру басталды. 1926 жыл 12 ақпандағы №4 бұйрық бойынша Қосшы одағының Алматы уездік комитеті 4 штатық бірлігімен жеке аппарат болып шығарылды.
Құжаттар бойынша 1926 жылы басқа өзгерістер болғаны байқалмады. 1.
1927 жылы Қосшы одағының құрылымы мен кейінгі өміріне әсереткен бірқатар съездер өткізілді.
1927 жылы 1 мен 4 ақпан аралығында Қосшы одағының бірінші қалалық съезі болып өтті. Оған одақтың 7 қалалық ұйымдары кірді.
1927 жыл 28 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қосшы одағының 1-ші уездік Алматыдағы съезі болып өтті. 1927 жыл 21 желтоқсанда Қосшы одағы губерниялық комитетінің №24 қаулысы бойынша Алматы қалалық комитеті жойылып, ол уездік комитетпен бірікті.
Қалалық комитет президиумы мүшесі уездік комитет президиумына қосылды.
1927 жыл 10 наурызда Қосшы одағының 5-ші губерниялық съезі болды.
1927 жыл 1 мамырда Қосшы одағының аумақтық съезі өтті. Осы өткен съездің шешімдері негізінде Қазақстан республикасы жұмысшы-шаруа инспекциясының Халық комитеті Қосшы одағының комитеттерінің штаттық күнтізбегі мен құрылымын қарастырды. 1927 жыл губерниялық комитеттің құрамында 4 уездік комитет, 2 аудандық комитет және тағы басқалар болды.
Қосшы одағы губерниялық комитеттері президиумының жиналысының №22 протоколында Жетісу губерниясы бойынша белгіленген штаттар қаралды.
Губерниялық комитеттер төраға мен инструктордан, уездік комитеттер тек қана төрағадан, аудандық комитеттер де тек қана төрағадан құралатын болды. 1927 жыл губерниялық комитет президиумының 21 жиналысында, ұымдастыру, шаруашылық-экономикалық, қаржылық, жер, ұйымдардың кооперативтік қызметі бойынша 119 мәселені шешті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz