Қазақ түбі үлгілеріндегі Отан тарихы туралы деректер


Машһүр Жүсіпов еңбектері Қазақстан тарихының дерек көзі.
Мазмұны Кіріспе . . . 3
І тарау. М. Ж. Көпейұлы - қазақтың деректанушысы.
1. 1 М. Ж. Көпейұлының деректанушылық көзқарастарының
қалыптасуы . . . 7
1. 2 М. Ж. Көпейұлы - деректерді жинастырушы, құрастырушы,
зерттеуші . . . 11
ІІ тарау. М. Жүсіпов еңбектері қазақ тарихын зерттеудегі деректік көзі.
2. 1 «Қазақ түбі» үлгілеріндегі Отан тарихы туралы деректер . . . 20
2. 2 Бірінші кезең (б. з. б. ҮІІІ ғ. дейін) . . . 22
2. 3 Екінші кезең (ҮІІІ - ХІ ғ. ғ. ) . . . 23
2. 4 Үшінші кезең (ХІ - ХІІ ғ. ғ. ) . . . 25
2. 5 Төртінші кезең (ХІІІ - ХҮ ғ. ғ. ) . . . 26
2. 6 Бесінші кезең (ХҮ - ХҮІІ ғ. ғ. ) . . . 29
2. 7 Алтыншы кезең (1680 - 1734 ж. ж. ) . . . 37
2. 8 Жетінші кезең (1734 - 1781 ж. ж. ) . . . 39
2. 9 Сегізінші кезең (1781 - 1837 ж. ж. ) . . . 42
2. 10 Тоғызыншы кезең (1837 - 1847) . . . 45
2. 11 Оныншы кезең (1848 - 1865 ж. ж. ) . . . 49
2. 12 Он бірінші кезең (1865 - 1907 ж. ж. ) . . . 51
Қорытынды . . . 53
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі . . . 55
КІРІСПЕ
Тақырыптың маңыздылығы: ХХ ғасырдың соңғы жылдарында орын алған ірі саяси оқиғалар барысы әлем дамуы тарихын күрт өзгертті. Дүние жүзіне үстемдік жүргізген Кеңес үкіметінің әкімшіл - әміршіл жүйесі жойылып, Тәуелсіз Мемлкеттер Достастығы өркениеттік дамуы жолына түсті. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады.
Қалай болғанда да саяси төңкерістер, өзгерістер қоғамымыздың рухани гүлденуіне жол салып, рух бостандығы тұмшалаған халықтың тарихи сана сезімнің оянуына негіз болды.
¤з тағдырын, болашағын қолға алған халық алдындағы біздің басты міндетіміз өткеннен тағлым ала отырып, жергілікті халықтың тарихын оның төл деректері негізінде кайта жазу. Ел тарихының объективті зерттелуі деректану ғылымының дамуымен тікелей байланысты.
¦лттық санасы қалыптасқан һәм өткен тарихынан тағылым ала білген халық қана өз дербестігін сақтай алады. ¦лттық рухты шындайтын да, ұлттық идеологияны қалыптастыратын да, тарихи сананы жаңғыртатын да арна - жәдігерлер. Деректанушы ғалымдар жергілікті халықтағы ауызша, жазбаша деректерді сол елдің тарихи, рухани дамуының бірден - бір кепілдігі ретінде қарастырады. Осы орайда тарихқа деген көзқарас тарихшы ғалымдарымыздың тұжырымдарынан құралатындығын ескерсек, Отан тарихын жан - жақты зерттеу үшін ғалымдарымыздың алдында тарихи дерек көздерін ашу, зерттеу өзара салыстыра отырып зерделеу міндеті тұрғанын айқын түсінеміз.
Қазақ тарихына қатысты мол деректердің бір шоғыры Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлы (1858 - 1931) қолжазбаларында жинақталған. Бұл арада бір назар аударарлық мәселе, М. Ж. Көпеев тек ауыз әдебиеті үлгілерін жазып алумен шектелмей, кейбір қолжазба кітаптарында тарихи фольклор нұсқаларын (тарихи әңгіме, дастан т. б. ) жазба шежірелерде, баспа бетінде жарияланған тарихшылардың шежіре кітаптарымен, ғалымдардың зерттеу еңбектерімен өзара байланыстырып, кейбір оқиғаларға, тұлғаларға т. т. өз пікірлерін білдіріп, біртұтас хронологиялық жүйеге келтіріпбаяндауға ұмтылған. Бұған қарағанда Мәшһүр мұрасы деректанушылық және тарихнамалық жағынан да құнды материал болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Мәшһүр - Жүсіп мұрасының зерттелу тарихына шолу жасасақ, көбінесе әдебиетші ғалымдар зерттеген әдеби мұрасы ғана ғылыми ортаға мәлім болғанын байқаймыз. Тек түпнұқамен жұмыс жүргізген ғалым, академик Әлкей Халқанұлы Марғулан ғана 1940 ж. басылып шыққан мақаласында : “Мәшһүр - Жүсіп жинаған тарих, әдебиет материалдары өте бағалы”, - деген тұжырым жасайды [1] . Мәшһүр қолжазбаларында Кененсарытану саласы бойынша сақталынған мәліметтерді (кейіннен жинақ ретінде құрастырылған № 1330 папка) Орталық Ғылыми кітапхана қолжазба қорынан іздеп тауып, аударып, жан - жақты пайдалана білген ғалым Е. Б. Бекмаханов та М. Ж. Көпеев мәліметтерінің географиялық нақтылығына, тарихи шынайлығына жоғары баға береді [2] . Алайда 1952 ж. орын алған “Е. Бекмаханов ісі” Мәшһүр тануға да көп қиындық келтірді. 1984-1986 жж. Жарияланған Ә. Х. Марғұлан зерттеулерінен басқа ешбір ғылыми еңбектерде Мәшһүр - Жүсіптің тарихшылық көзқарасы мен қызметі мүлде қарастырылмады [3 - 5] . Кеңес өкіметі жүргізген саяси құғындау шаралары және ғалым шығармаларының ескі араб жазуында жазылуы 1952-1991 жж. аралығындағы тарихшы ғалымдарымыздың Мәшһүртану бағытына үлес қоса алмау себеп болды.
Республикамыздың тәуелсіздік алуына ғана байланысты Мәшһүр жазбалары жеке - жеке кітаптар болып басылып, мерзімді басылым беттерінде шағын қолжазба мәтіндері жарияланып келеді. Мәшһүр - Жүсіп мұрасының басылған шағын бөлігімен ғана таныс болғанның өзінде - ақ ғалымдар: М. Қ. Әбусеитова [6], Ж. О. Артықбаев [7], М. Алпысбесұлы [8] т. т. қолжазба мәліметтерінің тарихилығын жоғары бағалап, ғалым жазбалары негізінде ғылыми жинақтар мен оқулықтар даярлап, М. Ж. Көпейұлына арналған ғылыми - теориялық конференцияларға белсене қатысып отырды [9, 10] .
Соңғы жылдары Мәшһүртану бағытында тарих ғылымы саласы бойынша Алпысбесұлы М. (1990 ж. Қарағанды) мен Жүсіпов Е. Қ. (2000 ж. Астана) кандидаттық диссертацияларын қорғады. М. Алпысбесұлы қазақ шежіресіне арналған еңбегінің бір тарауын тікелей Мәшһүр - Жүсіптің “Қазақ шежіресі” туындысын зерттеуге арнайды [11] . Жүсіпов Е. ғалым жазбаларындағы тарихи тұлғалар туралы мәліметтерге сүйеніп, сол тұрғыда оның тарихнама, деректану көзқарасын қарастырған [12] . Алайда бұл екі іргелі зерттеу иелері де Мәшһүр - Жүсіптің қолжазба мәтіндерін жеке тарихи зерттеу нысаны ретінде зерделей алмаған. Е. Қ. Жүсіпов жұмысында да Мәшһүр мағлұматтары толық қамтылмай тек жинақталып, шолу түрінде ғана берілген. Мәшһүр Жүсіпұлының «Қазақ түбі» еңбегіне деректанулық талдау Л. Жүсіпова жасаған [13] .
Деректану ғылымының жалпы теориясы, тарихы және методтары, деректанулық талдаудың әдіс - тәсілдері Қ. Атабаев [14], Қадыртаева М. А. мен бірінші еңбектерінде [15] жан - жақты қарастырады. Мәшһүр Жүсіпұлының “Қазақ түбі” тақырыбында жинақталған мәтіндердің кімнен, қашан алынғаны т. с. с. мәселелері Отандық тарих ғылымында қарастырылатын болса, Мәшһүр - Жүсіптің деректану, тарихтану салаларына қосқан үлесін, ұлттық тарихнамадағы “Қазақ түбі” үлгілерінің алатын орны ерекше деп ой түйеміз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Бітіру жұмысының басты мақсаты Мәшһүр Жүсіп еңбектерін деректану тұрғысынан зерделей отырып, қолжазба мәтіндеріндегі тарихи мағлұматтарды ғылыми таным арнасына тарту болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін бітіру жұмысы төмендегідей міндеттерді шешуді көздеді:
- Мәшһүр Жүсіптің «Қазақ түбі» еңбегінің жазылу алғышарттарын көрсету, оның отандық тарихнамада алатын орнын көрсету;
- М. Ж. Көпеев еңбектеріндегі деректердің тарихи мәнін ашу, тарихилығы мен шынайлығын анықтау;
- Мәшһүр - Жүсіп өмір сүрген заманын таныту, тарихи көзқарасының қалыптасуына әсер еткен ортасын ашып көрсету;
- Мәшһүр Жүсіп еңбектеріндегі Қазақстан тарихына қатысты мәліметтерге деректанулық талдау жасау;
- Мәшһүр Жүсіп еңбектерінің деректанулық құндылықтарына нахар аудара отырып, ұлттық тарихнамада алар орнын айқындау.
Бітіру жұмысының деректік негізін М. Ж. Көпеев жазбалары соңғы жылдары жарық көрген еңбектері құрайды [16 - 29] . Қазақ халқының төл ұлттық деректерінің бірі - шежіре. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы көп жыл бойы халық арасынан, ел ауызынан жиып - теріп жинаған шежірені қағаз бетіне түсірген екен. Қазақ халқының ата - тегін зерттеуде М. Ж. Көпейұлының осы «Қазақ шежіренің» маңызы зор [30] .
Мәшһүр - Жүсіптің қазақ тарихы туралы жазылған жемісі еңбегі - «Қазақ түбі». Бұл еңбектің бірнеше нұсқалары бар. Әр үлгіде ел тарихы әртүрлі баяндалынады. Ортақ ұқсас мәтіндер (Әбілғазы шежіресі, В. В. Радлов мәтіні т. т. ) пайдалынылса да, кейбір тарихи аулы кезең, не тарихи оқиға хақында бірнеше вариантта әнгімеленеді. Бірақ бір ортақ ұқсастығы қолжазба мәтіндері көбінесе «Қазақ түбі» деген сөзден басталып отырады. Әсіресе бұл атау тарихты Адам Атадан бастайтын Әбілғазының «Түрік шежіресіне» байланысты қолданалады. Барлық қолжазбаларда ел тарихы бір хронологиялық жүйеге сай баяндалса да, әр бір жазба нұсқасының мазмұны әртүрлі болып берілген. Сондықтан Мәшһүр қолжазбаларындағы қазақ тарихын әңгімелеудегі ортақ ұқсастықты, бір жылнамалық - шежірелік жүйе ретімен баяндауды, ескеріп, адамзат тарихын Адам Ата мен хауа анадан бастайтын Әбілғазы шежіресінің «Қазақ түбі» деген атаумен басталатындығына назар аударып, «Қазақ түбі» дегеніміз М. Ж. Көпеевтің тарихи тақырыптарды қамтитын шығармаларының ортақ тақырыбы, бастама сөзі болғандығына ден қоямыз.
Автордың басты мақсаты ауыз әдебиеті үлгілеріне жинастыру болғандықтан қолжазба кітаптарында фольклорлық нұсқалар жиі пайдалынылған.
Бітіру жұмысының методологиялық негізі: тарих ғылымының деректану саласындағы дәстүрлі әдіс - тәсілдер, тарихи тұжырымдар басшылыққа алынды. Жұмысты жазу барысында салыстырмалы талдау, тарихи - салыстармалы әдістерді қолданылды.
Бітіру жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдалынылған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады. Әр тарау мазмұны тараушаларға бөлініп берілген.
Қазақ елінің тарихына қатысты мағлұматтардың басым бөлігі халық ауыз әдебиеті үлгілері сипатында сақталынып, бізідң дәуірімізге жеткені баршамызға мәлім. Бұған, әріне, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ел сөзін жинастырып, баспасөз беттерінде жарияланған фольклористік - жинастырушылық еңбектері үлкен үлес қосты. ¤з ұлтының тарихын терең тануға ұмтылған зерделі жандар қолдарына түскен кез келген деректі қағазға түсіріп, баспа бетіне жариялауды мақсат тұтты. Олар қариялардан естігендерін, басылып шыққан кітаптардан көшіргендерін, өзара бір-бірінің қолжазбаларынан жазып алғандарын кейінгі буын өкілдеріне, ұрпақтарына аманат қып тапсырып отырған. Мұның өзі тарихи мәліметтердің ұмытылуына, жойылмауына, анағұрылым мол сақталуына, көп нұсқалы аңыз - әнгіме түрінде ел арасына кең таралуына себеп болды.
Солардың бірі ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы ғалым, философ, шежіреші Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) қолжазбаларында қазақ халқының тарихына қатысты деректер мол шоғырланған. Назар аударарлық бір жағдай М. Ж. Көпейұлының жинастырушылық қызметі бала жасынан басталды. Әулеттік мұрағаттағы Сердәлі деген адамға жазған хатында Әлкей Марғұлан: «Сақау ақынның айтуынан 1865 жылы жазып алған Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлы», - деп, «Сүйіндік Олжабай батыр ертегісін» Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлы Мәшһүр - Жүсіптің 7 жасар бала кезінен қағазға түсіргенін анықтайды. Ал, ақын жиені Жолмұрат Жүсіпұлы қолжазбасында 1866 ж. балаларды оқыту мақсатымен Баянауылға Қамар қазіреттің көшіп келгені; оның бұл өңірге белгісіз 4 түрлі өлең - қисса («Қозы Көрпеш - Баян сұлұ», «Ер тарғын», «Төрт жігіттің өлеңі» . . . ) әкелгені, бұл жырларды Көпейдің 8 жасар баласы шәкірт Жүсіптің көргеннен - ақ көшіріп алып, жатқа айтып, ел - жұртқа жайғандығы; сол үшін Мұса Шорманұлының лепес қылуымен 9 жасында оның «Мәшһүр» атанғаны баяндалады. Араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін еркін менгеруі нәтіжесінде М. Ж. Көпейұлы Әбілғазы Баһадур В. В. Радлов, т. б. еңбектерін Мұса Шорманұлы, Саққұлақ, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жанайдарұлы шежіре нұсқауларымен салыстырып қарауға қол жеткізеді.
І тарау. М. Ж. Көпейұлы - қазақтың деректанушысы.
1. 1 М. Ж. Көпейұлының деректанушылық көзқарастарының қалыптасуы.
Ең алдымен ескерерлік бір мәселе, ғалымның өз қолымен жазылған автобиографиялық жазбасы әлі күнге дейін еш жерде кездестермейді. Қолжазбалар арасынан өмірбаяндық деректерді алғаш жинақтап, жазып қалдырған адам - Мәшһүрдің жиені Жолмұрат Жүсіпұлы.
Мәшһүрдің әкесі Көпей (шын аты Көпжасар - Л. Ж. ) 42 жасында, шешесі ¦лбаланың 18 жасында, Баянауыл, Қызылтау деген екі таудың қызылтауының “Ашамай тасы” деген жерінде, қыс түнінде, қыстауға, 1850 жылында, қазақща жыл аты “қой” деген жылында, арабша ай аты “ережеп” деген айда, жұма күні түс бесік уакытында дүниеге келді. Тұғанда азан шақырып қойылған есімі - Адам Жүсіп. Кейіннен 9 жасында қисса-дастандарды айтып, ел көзіне түскен кезде жиынды шақырып отырған М. Шорманұлы Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: “¤з заманында халыққа мәшһүр болатын бала екен”, - деп лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кетеді [16, 119 - 120] .
1858 ж. қыста Көпей керуеншілікте жинаған табысына мал алып, Қызылжардан көшіп келіп, Қызылтауға қоныс тебеді. 1861 ж. Мәшһүр 3 жасқа толғанда, әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, “ақ сирақ” болып шығады. Сонда Көпей: “ Адамға мал жолдас болмас, ғылым жолдас”, - деп 5 жасар ұлы Жүсіпті “жұтамас байлық” - оқуға беріп, бала Жүсіп Баянауыл медресесінде Қамар (Хамариддин) хазіреттен білім алып, оқуын жалғастрып, 1872-1874 ж. ж. Бухарадағы Көкілташ медресесінде орта ғасырлық араб, парсы мен шағатай тілдерін еркін менгереді. Еліне оралған соң екі жылдай (1833-1886) аулында балаларды оқытып табыс табады. Әкімбек мырза Мәшһүр Жүсіпке қаражат беріп, астына ат міндіріп, алдына мал салып, Көпей жанұясының дәулеттенуіне көмек береді [31] . Тұрмысы түзілген Мәшһүр 1887, 1895, 1907 ж. үш мәоте Түркістан, Ташкент, Бухара, Самарканд қалаларына сапар шегіп, шығыстын мұсылмандық білімін молайтады.
Орта Азия қалаларына шеккен сапарларының тағы бір құнды нәтіжесі - сол өңірлердегі тарихи әнгіме, аңыз, шежіре сөздерінің жазылып алынуы. Мәшһүрдің өзі дерек жинастыру қызметін ерте кезден бастағаны білінеді. “Ер Олжабай батыр” жырын Мәшһүр Жүсіп 7 жасар бала кезінде 1865 ж. сақау ақынның айтуыннан жазып алған.
1881 ж. 23 жасында Ақмола ауданына сапар шегіп, Мейрам Жанайдаров үйінде бір жыл қыстап, Қара өткелдегі Әліке Байдалы, Аққошқар Сайдалы, Бердалы қожа (Қаракесек шежіресін, Қазыбек би тарихын) [31, 89], Бөгенбай батыр немересі Сәбелең (Саққұлақ шешеннен Қапжығалы шежіресін, Бөгенбай батыр шежіресін) Қоңырқұлжа сұлтанның ұрпағымен ХҮІІІ-ХІХ ғ. ғ. ел тарихы хақында мәлімет жинақтайды [31, 147] . Шежіреші Мейрам Жанайдарұлынан, 1870 ж. Петебургте басылып шыққан В. В. Радлов кітабының тұпнұсқасын да көшіріп алды.
1887 ж. Бухар сапарының барар жолында Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи, Ташкенттегі Зенгі Ата кесенелерін көріп, қайтар жолында Шу мен Сырдария, ¦лытау, Кішітауды, Есіл мен Нұраны асықпай аралап сапар шегеді. ¤зі де Ақмолада, Дайыр, Модағали ақындармен айтысып сөз сайысына да түседі. Ташкентте Сыздық төреден әкесі Кенесар ытуралы айтқан әңгімелерін жазып алады. 1889 - 1891 ж. Кіші жүз жерінде болып, Жәнгір хан, Науша батыр, Исатай, Шернияз туралы аңыз-әнгімелерді, ру-тайпалары туралы шежірелік баяндауларды жинайды [16, 18 - 19] .
1880 ж. бастап Мәшһүр Жүсіп мерзімді баспасөз беттерінде қазақ елі тарихы, мәдениеті, кәсібі туралы мақалалар беріп, жазып алған шығармаларының бір бөлігін жаирялаумен шұғылдана бастайды. Оның мақалалары 1880-1895 ж. “Дала уалаяты” газетінде, 1887 ж. “Түркістан уалаяты” газетінде, 1912 ж. “Айқап” журналында жарық көрді. 1905-1907 ж. жылдардағы Ресейдегі буржуазиялық толқаулар, шерулер елдін орталық аудандарын ғана қамтып қоймай, шеткі аймақтарға да пәрменде ықпал жасағаны белгілі. Осы әсер қазақ әдебиетінен қалай, қаншалықты көрінгенін Мәшһүр-Жүсіптің еңбектерінен мейлінше кеңірек білуге болады. Ресейдегі буржуазиялық көтеріліс жайында “Қанды жексенбі” өлеңін жазады. Бұл тақырыпта бірінші қалам тартып, Қазан төнкерісіне дейін бірінші жырлаған Мәшһүр-Жүсіп болды [31, 93] . Революция толқынының әсерінің сескенген патша үкіметі манифесін жариялайды.
Мәшһүр-Жүсіп осы манифестін арқасында 3 бірдей қітабын (“Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз”, Хал - ахуал”, Сарыарқаның кімдікі екендігі”) жарық бетке шығарып үлгереді [16, 120] . Артынан сол кітаптардыңзиянды екендігін түсінген патша шенеуліктері қара тізімге алып басуға, тыйым салып, авторларын қудалауға ұшыратады. Бұл туралы Ж. Шалғынбаева “Қыспақ көрген кітаптар” мақаласында кеңірек тоқталады:
“Бұл кітаптарға қорытынды шығару үшін проф. Н. Ф. Катановқа тапсырма беріледі. Ол қолма-қол аударма жасап: “Есіл жұртым”, “Әдебиет өрнегі”, “Насихат қазақия”, “Қарлығаш” кітаптарын күдікті деп тапты. Түпнұсқадан жасалған аудармадан анықтап тексеріп келгенде “Қарлығаш” және “Әдебиет өрнегі” жинақтарынан қылмыстық белгілер табылмады. ¦зын уақыт, жарты жылдық тексеруден кейін комитет 1916 жылы қазанда Қазан губерниялық жандармерия басқармасы ресми түрде Катанов аударған мына кітаптардың кейбір жерлерінен үзінділер жіберілді: Ғ. Ғалымжанов “Есіл жұртым”, М. Кәшімов “Насихат казакия”, И. Бейсенов “Әдебиет өрнегі”. Ал, “Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз” туралы Катанов былай деп түсініктеме жазды: “Мен аударған 3-7, 14-17 беттердің мазмұнына қарасақ, автор 1905 жылғы манифесті езілген халықтардың көз жасын құрғатқан пайдалы іс еді деп дәріптейтіндігі. Ал, ел билеуші болыс, билер халықты өздерінің құлқындарын толтыратын байлық көзі деп санайды. Сондай-ақ ол жер аударылған (келімсектер) шаруалар да қазақ халқына ол пиғылда емес деп есептейді”. Катановтың осы аударма арқылы берген түсініктемесінен кейін баспасөз туралы уақытша комитеті “Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыздың” авторын қылмысты істер ережесінің 129-бабының 6-тармағы бойнша жауапқа тарту туралы қаулы қабылдады. “Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыздың” 1913 жылы 6 қарашада Қазан сот палатасы бекітті. Мәшһүр-Жүсіп Копеев қазақ қоғамындағы саяси - экономикалық шиеленістің себептерін шыншылдықпен көрсете білді. Ол бәріне кінәлі патша өкіметінің жаулап алушылық, тонаушылық саясаты, халықты ауясыз езіп - қанауы деп пайымдады. Дегенмен, автор қанша шындықты айтса да, оның 1907 - 1912 жылы алғашында Қазан университеті баспаханасында, кейін Б. Л. Домбровскийдың жекеменшік баспаханасында, 3000 дана болып басылған “Хал-ахуал” атты өлеңдер кітабы да 1913 жылы 16 қаңтарда тұтқындалды. Көпеевтің кітаптарын тұтқындау Қазан полицмейстері арқылы іске асырылды. Әсіресе зиялылыр үкіметтің аңдау-құдалау астында болды [32] .
Мәшһүр-Жүсіп Кеңес үкіметі орнағанына да, Қазан төнкерісіне де қуанған емес, сенімсіздікпен қарады. Алашорда үкіметін Азамат соғысы жылдарында да жергілікті тұрғын халықтың еш мүддесімен санаспады. Ә. Әлімжанов мақаласында 1919 жылы большевиктердің 1144000 адамды қырғынға ұшыратқаны мәлімделеді “Мюнхен” журналындағы М. Шоқайұлы естелігінде де Кеңес үкіметі жүргізген қанды жорықтары баяндалады. Сол кездегі “Правда” газетінде: “1917, 1918, 1919 жылдарда қазақтардың жерін тартып алу үшін оларға аңду жүргізді, ұстаған жерде тірідей отқа өртеді. Оларға өлуден басқа мүмкіндік қалған жоқ”, - деген жлдарды оқуға болады [33] . Ғалым бұл мезгілде саяси-қоғамдық өмірмен байланысын үзіп, шындықпен қош айтысып, “Қазақ түбі” үлгілерін (ХХ ғ. 20 жылдары) құрастырып жинақтай бастады.
Қазақ ССР Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапханысының сирек кездесетін қолжазбалар қорында 1927 жылы Мәшһүр-Жүсіп Көпеевпен Ж. Аймаутовтын өзара жазысқан аттары қазірде баспа беттерінде жарияланды:
“Сіз қазақтын қазақ заманында дүниеге келіп қалған гауһарысыз. Сіздің құлашыңыз ұзын, қиялыңыз терең, арманыңыз алыстағы өткен өмірде. Жаңа заманның бұйынтақ сөзі, жыбырлақ мінезі сізді тарытпайды, тосаңсытады, күні өткен жат адам қылады. Жаңа заман өте берсін! Сіз онда жалғыздығыңызды, жапандыңызды, сәнді-салтанатты ескі күніңізді жырлап өтіңіз. Ақынның ақындығы улаған сайын, тулаған сайын, оқушыны толқытқандай қылып, тізген меруерттей кестелі, толғаулы сөзімен айта білуінде ғой . . .
Одан соңғы сіздей көп қазына - қазақтың шежіресі, ең болмаса Орта жүзді, Арғынды тараулатқаныңыз керек. Осы күнде әркімдер қазақ тарихын, шежіресін, жазып жүр. Мұхамеджан Тынышбайұлы деген ¦лы жүз, инженер орысша кітап қылып шығарып жүр. Сіз шежіреңізді жіберсеңіз, оны да көріп, түзетіп, ең болмасын журналға басып тұрар едік, әріне, өз таыңызбен басылады” - деген жолдарында Мәшһүр-Жүсіптің өлеңмен қайырған жауабында заманына реніші де, осындай ризашылығы да бар:
¤зіңе берсін Алла ұзын өмір,
Көнгіш бол қорғасындай, болма темір.
Ризамын өзіңе де, сөзіңе де,
Мақал бар, аз сөз алтын, көп сөз көмір
Жалғанның өмір бойы уын іштім,
¤з бойыма шақ емес киім піштім.
Сәрсенбайдың бақытсыз Жамалындай,
Сөзіңе мейірім қанды, түстім-түстім [34] .
М. Ж. Көпеевтің өзі өмір сүрген ортасына деген көзқарасын мына жолдардан аңғартуға болады:
. . . Жыр қайда, осы күнде ғылым қайда?
Түн сайын шертуші едім сырымды айға.
Лақ-тоқты деп құран оқып
Елді кезген дүниеден кім пайда?
Дүниеде қалған жан жоқ аяп күшін,
Қажыды қарауменен қайран тісін,
Жастанып байдың ағаш босағасын,
Молданы бала оқытқан құдай ұрсын.
Дүние үшін жанның бәрі қайғы жеген,
Мін тағып бір-біріне әлде неден.
Жан бар ма, айтшы, елім, еміреніп
Егіліп өз халқы үшін еңірген [35] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz