Хан жоғарғы билік иесі


Моңғолдық хандық билiк пен Қазақстандағы дәстүрлi билiк жүйелерiн салыстырмалы түрде талдау
МАЗМҰНЫ
Кіріспе2
І Дешті Қыпшақтағы мемлекеттік басқару мен мұраланудағы қыпшақтық және моңғолдық дәстүрлер. 14
II. ХІV-ХV ғасырлар ортасына дейінгі моңғолдық дәстүр мен қыпшақтық дәстүр арасындағы таластар33
ІП. Жергілікті дәстүрдің жеңіске жетуі және Қазақ хандығынын құрылуы. 42
Қорытынды49
Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 51
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі
Әрбір халықтың тарихында бұрындары болып өткен және қазіргі кезде болып жатқан көптеген тарихи оқиғалар, өздерінің ауқымына құрымына қарай әсер етуші факторлардың маңызына қарай, сондай-ақ өзінен кейін тарихи дамуға тигізген әсеріне, ықпалына қарай сол халықтың тарихында белгілі бір маңызға ие болады. Тарихи оқиғалар маңыздылығына қарай бөлініп жіктеліп жатады. Кейбір тарихи оқиғалардың маңыздылығы белгілі бір кезеңнің ішіндегі даму процесіне әсер етумен шектеліп қойса, ал кейбіреулері бүкіл бір тарихи дәуірдің барысына ықпал жасайды, сол дәуірдің негізгі мәндерін қалыптастыруда роль атқарады. Мұндай тарихи оқиғалар тарихи дамудың барлық жақтарына да өзінің ықпалдарын тигізеді. Қазақстан тарихында, оның ішінде орта ғасырлық дәуірде сол маңызға ие болған тарихи оқиғалар жеткілікті. Солардың қатарында ерекше орын алатын ірі оқиға Қазақ хандығының құрылуы жатады. Қазақ хандығының құрылуы мәселесін ХІХ ғасырдың ортасынан бері зерттеушілердің назарына ілігіп, қарастылып келе жатқан тақырыптардың бірі. Әсіресе өткен ғасырдың соңғы он жылында қоғамдық өзгерістерге байланысты осы тақырыпқа да қызығушылықтар арта бастады. Оның себебі түсінікті де. Тарихи сананың орнығуы мен дамуы, нығаюы мен тереңдеуі ұлт тарихының терең қойнауларындағы асыл маржандар мен байлықтарын игеру мен зерделенумен қатар жүргендіктен, тарихшылдар да бұл іске белсене ат салысады. Өз ізденістерін олар ұлт тарихының белгісіз беттерін ашуға оны ел игілігіне жаратуға жұмсауда. Ғылыми зерттеу болғандықтан әртүрлі көзқарастар мен пікірлер де пайда болуда. Қазақ хандығының құрылуы тақырыбы да көптеген басқа тақырыптар сияқты ХХ ғасырдың басынан бастап жан-жақты зерттеле басталды. Зерттеу барысында әр түрлі ой- пікірлер айттылып, тұжырымдар жасалды. Негізінен алғанда, зерттеушілердің көпшілігі “Хандық қашан, қалай құрылған?” деген сұрақтарға көбірек көңіл бөліп, басқа маселелер шетте қалған еді. 90-жылдардың екінші жартысынан бастап тақырыптың ауқымы мен көлемі ұлғайып, қарастырылатын мәселелер қатары көбейе түсті. Дегенмен де, осы тақырыптың жекелеген кейбір мәселері зерттеушілер арасында талас пікірлер тудырса, кейбіреулері зерттеу барысында алғаш рет күн тәртібіне қойылады. Ал тіпті енді бір мәселелер әлі де болса қарастырылмай отыр. Солардың ішіне, біз қарастырып отырған тақырыпта кіреді.
Моңғол шапқыншылығы - Орта Азия халықтарының саяси тарихына үлкен өзерістер әкелген, елеулі оқиғаладың бірі болды. /1/ Уақыт өте зор қуатқа ие болған моңғол жаулаушылары Қытай, Орта Азия және Европа кеңістігінің ауқымды бөлігінде өз үстемдігін жүргізе бастады. Моңғол шапқыншылығы жаулап алған халықтардың саяси құрылымы мен оны басқару дәстүріне үлкен өзерістер әкелді. /2/ Сол кезеңдегі моңғол жаулаушыларының өркениет деңгейі жаулап алынған елдеріне қарағанда төмен болғанымен де, Еуразия кеңістігіндегі халықтардың ХІІІ-ХVІ ғасырлардағы тарихында айтарлықтай із қалдырды. Моңғол шапқыншлығы жөнінде, оның жаулап алған елдерінің мәдени-этникалық даму процесіне тежеу болғандығы және экономикалық өсу деңгейіне тигізген кері әсері туралы тарихи әдебиеттерде көп зерттелген және осы күнге дейін тарих ғылымыда түрлі еңбектер жазылуда. Бірақ та, бүкіл Еуразия кеңістігіндегі халықтардың тарихында із қалдырған моңғолдардың ХІҮ-ХVІ ғасырлардағы халықтардың қалыптасуына, олардың мемлекеттік жуйесінің нығаюына тигізген әсері мәселесі назардан тыс қалып отыр.
Кейінгі орта ғасырдағы бұл мәселе - қазақ тарихымен айналысушы ғылыми орада осыған дейін аз зерттелген тақырыптардың бірі. /3/ Қазақ хандығының құрылымына әсер еткен моңғолдардың “оң ықпалы” жайлы мәселе дұрыс шешім таба біліп, түбегейлі, жан-жақты зертелген жағдайда біз көптеген сұрақтарға жауап таба алатын боламыз.
Сол себепті де біз бұл жұмысымызды қазақ хандығының мемлекеттік жүйесі мен оның әлеуметтік қатынасының қалыптасуы Шыңғыс хан тұсында қаланған мемлекетті басқару мен мұралану фомасының тиізген ықпалы жөнінде мүмкіндігімізше қарастыруға тырысамыз.
Біздің ойымызша, осы бір сөз етіп отырған тақырыптың ішіндегі Қазақ хандығының құрылуына дейінгі болған мемлекеттік жүйелердің Қазақ мемлекеттілігіне тигізген әсері, арнайы түрде әлі қарастырылған емес. Сондықтан да бұл жұмыста біз осы мәселені жеке қарастырғанды жөн көрдік. Бұл мәселе - Қазақ тарихымен айналысушы ортада осыған дейін аз зерттелген тақырыптардың бірі. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымына әсер еткен екі жүйенің ықпалы жайлы мәселе тарих тұрғысынан дұрыс шешім табыла біліп, түбегейлі, жан-жақты зерттелген жағдайда біз көптеген сұрақтарға жауап таба аламыз.
Тақырыптың жаңалығы. Екі дәстүрдің тоғысуы кезінде екі халықтың арасында түрлі этникалық процестер жүріп жатты. /4/ Осы арада моңғол этносының уақыт өте келе жергілікті этноспен араласып, сіңісіп кеткендігін байқаймыз. Бұл мәселе толық шешімін тапқан кезде Алтын Орда мен Ақ Ордадағы саяси ауытқушылықтардың себептердің бірі шешіледі деп білеміз. Қазақ хандығының құрылуы Қыпшақ этносының толық жеңісіне дәлел. /5/ Бірақ мемелкеттік басқарудағы жүйе Шыңғыс тұсында қаланған мемлекеттілік жүйе моңғолдардың Қазақ хандығына енеді. Біздің ойымызша бұл моңғолдардың оң ықпалының бір көрінісі.
Кейінгі орта ғасырдағы бұл мәселе Қазақ тарихымен айналысушы ғылыми ортада осыған дейін аз зерттелген тақырыптардың бірі. /6/ Қазақ хандығының құрылымына әсер еткен екі дәстүрдің синтезі жайлы мәселе тарих тұрғысынан дұрыс шешім тауып, түбегейлі, жан жақты шешім таба білген жағдайда, бізге бірқатар мәселелер айқындала түспек.
Тақырыптың деректік базасын шолу: Тақырыптың деректік базасына келер болсақ арнайы Қазақ хандығына арналған деректемелер жоқ. /7/ Қазақстан жөніндегі мәліметтер шығыс авторларының шығармаларында үздік-үздік келтірілген, негізінен алғанда шығыс деректемелерінің материалдарын - батыс европалық, кейініректе орыс саяхатшыларының, елшілерінің, ғылымдарының хабарлары, сондай-ақ орыс жылнамалары мен мұрағаттарының мәліметтері толықтыра түседі. Керісінше, моңғолдардың жаулап алуы, түрлі ауқымды әдебиеттерді өмірге келтірді. Моңғол тарихына оның ішінде Шыңғыс хан тұсындағы тарихқа қатысты аса құнды еңбектің бірі ол "Моңғолдардың құпия шежіресі. /8/ "Шыңғыс ханның заңдары жиналған (Ясса) бұл еңбек бізге толық жеткен жоқ сондықтан ол деректе Шыңғыс заңдарының кейбір мәліметтері ғана келтірілген. Бұл еңбек біздің тақырыбымыз үшін аса маңызды өйткені, моңғолдардың билікті мұрагерлену дәстүрін анықтау үшін, Шыңғыс хан қалаған мемлекеттің жүйесі жайлы мәліметті ондағы келтірілген заңдардан аңғаруға болады. Оңтүстік Қазақстандағы, сондай-ақ Орта Азиядағы моңғолдар жаулап алуын зерттеуде басты деректеме Ала-ад-дин Ата Мәлiк Жувейнидiң “Тарихи-и-джахангуша” (әлемдi бағындырушының тарихы) деген еңбегi болып табылады. /9/ Бұл еңбекте бiздiң тақырыбымызға байланысты малiмет, ол осы кiтапта келтiрiлген Шағатай, Жошы, Үгедей жұрттарының Қазақстан территориясында орналасуы жайлы малiметтерi. ХIII ғасырда Шағатай ұлысында болған кырқыстар жайлы малiметтi өте маңызды. Фазллалах Рашид ад-Диннің "Жамиат-таварих" ("Жылнамалар жинағы") деген тарихи еңбегі ХII-ХIII ғасырлардағы моңғол және түрiк тайпалары мен халықтарының тарихы жөнiндегi мейлiнше елеулi еңбек болып табылады. /10/ Рашид ад - Дин шығармасы негiзiне, ресми моңғол хроникалары, моңғолдар жаулап алған түрлi елдердiң тарихи шығармалары алынған. Оның екінші томында Қазақстан моңғол ұлыстарының құрамына кірген кездегі тарихы, Жошы ұрпақтары генеалогиясы жөніндегі мәліметтер келтірілген. /11/ Бiздiң тақырыпқа септiгiн тигiзетiн деректiң қатарына ХIҮ-ХV ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихын ашып көрсететiн орта ғасырлар авторларының нарративтiк тарихи еңбектер негiзiнен Темiр ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. /12/ Оларда Темiр мен оның ұрпақтарының көршi елдер мен халықтар жөнiндегi саясаты ғана көрсетiлмеген, сонымен қатар олардың iшкi саяси өмiрi жайында материалдар коп. ХV ғасырдың екiншi жартысы - ХVI ғасырға Моғол және Шайбани ұрпақтары қалыптастырған деректемелер негiзгi дерек көзi болып табылады. Сонымен қатар, Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлатидың “Тарих-и-Рашиди” деген шығармасы ХIV-ХV ғасырлардың басында Қазақстан аумағы мен көршi аумақтарда өмiр сурген мемлекеттердiң бiрi Моғолстан тарихына арнайы арналган. /13/ Бұл еңбек-бiздiң тақырыпты зерттеуде негiзгi деректердiң бiрi болып табылады. Онда тоқсан жыл ішіндегі қазақ хандарының тарихы тым қысқа болғанымен, дәйекті түрде баяндалған. Онда алғаш рет тарихнамада қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің көшіп кетуі туралы хабарлайды олардың этникалық сана сезімін қабылдау себептері туралы пікірлер айтылып қазақ хандарының Шайбани ұрпақтары мен моңғол хандарымен, қырғыздардың, ноғайлардың, қалмақтардың әміршілерімен өзара қатнастары айтылады. Жалпы бұл еңбектiң екi бөлiмiде бiз үшiн өте маңызды. Бiрiншi бөлiмде бiз Шағатай ұрпақтарынан шыққан хандардың тарихы жайлы мағлұматты толық алар болсақ. /14/ Екiншi бөлiмде ХV ғасырдың бiрiншi бөлiгiне байланысты оқиғалардан хабардар бола аламыз. /15/ Бұл шығармада соңғы орта ғасырларда Жетiсуды, Шығыс Дештi Қыпшақты, Тянь-Шань аймағын, Шығыс Түркiстанды мекендеген моңғолдардың, басқа да тайпалар мен халықтардың тарихы жайлы бiрегейлi малiметтер бар.
Шайбанилық тарихнама қатарына Орта Азия мен Қазақстан тарихы жөніндегі аса маңызды түпнұсқа еңбек - Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидің "Михман-намеий Бухара" ("Бұхар мейманының кітабы") деген еңбегі, ерекше орын алады. /16/ Ибн Рузбихан еңбегінде біздің тақырыпқа байланысты, оның ішінде билікті мұраланудағы дәстүрдің жергілікті дәстүр арасындағы талас-тартыстар жайлы құнды мәліметтер береді. Атап айтсақ Әбілхайыр немересі Мұхамед Шайбани хан өз билігін заңдастыру үшін Герат, Бұхара қалаларында жергілікті дін басыларымен беделді адамдар арасында өткізген жиындарға берген сипаттамасы. /17/ Ол Шайбани ханға қызмет етіп осы жиындарға қатысып өз пікірін білдіргендіктен оның мәлімдемелері бізге өте құнды. Келесі дерек ол Махмұд ибн Әмір Уәлидің "Бахр әл-асрар фи манакиб әл-аийар" (Өнегелі адамдардың еріктілері жайлы ғаламат құпиялар") деген энциклопедиялық еңбегі. "Бахр аль-асрар" шығармасы жеті томнан тұрады. Бізге керектісі VІ, IІІ томдары, өйткені мұнда Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының тарихы VІ томда. /18/ Дешті Қыпшақтағы Жошы ұрпақтарының тарихы III томда сипатталған. /19/ Түркі тілдік деректемелерінің ішінен біздің тақырыпқа байланысты пайдалы әдебиет ол ХVІ ғасырда "Шыңғыс-наме" деген құнды тарихи шығармасы. /20/ Оның авторы Хиуа тарихшысы Өтеміс қажы ибн маулана Мұхамед. Өтеміс қажының туындысы Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары билік еткен уақыты қамтиды және онда Алтын Орданың хандары туралы мәлiметтерi мен олар билікке қандай жағдайда келгендігін сипаттайды. Бұл мәліметтер арқылы біз Алтын Орда тағына хандар қандай дәстүр негізінде отырғандығын салыстырмалы түрде анықтай аламыз. Келесі дерек ол Әбілғазының "Түрік шежіресі" бұл еңбекте көшпелі өзбектер мемлекетінің тарихы Қазақстан мен Орта Азиядағы, Маңғыт ордасындағы Шайбанилер әулеті туралы мәліметтер жинақталған. /21/ Моғол ұлыстарының тарихы жөнінде аса құнды мәліметтер бар. Осы еңбектің орыс тілінде жинақ болып шыққан вариантында қарастырып отырған тақырыпа байланысты Алтын Орда, Ақ Орда хандарының гениялогиялық таблицасы берілген. /22/ Біздің тақырыбымызға септігін тигізетін деректердің қатарына үш жинақтарды жатқызуға болады олар: Қазақ хандығына байланысты материалдар жинағымен, /23/ шығыстанушы В. Г. Тизенгаузеннің Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы. /24/ Жалпы, Алтын Орда жөніндегі материалдардың жинағы ұзақ жылдар бойы ХІІІ-ХV ғасырлардағы Қазастан тарихы жөніндегі мәліметтердің сенімді көзі болып келеді және осы кезге дейін осылай. Тағы бір маңызды жинактың бірі МИКК-Материалы по истории киргизов и Киргизии. /25 /
Батыс деректемелеріне келер болсақ. ХІV - ХVІІ ғасырларда дипломанттардың, саудагерлердің, миссионелрелдің (Гонзалес де Клавихо, Сигизмунд Герберштейн, Иочофат Бапбаро, Амбраджо Контарини, Антоний Дженкинсон, Филип Авриль, Адам Олеарий) /26/ және соғыс тұтқындары (Ганс Шильтбергер) да болған басқа да адамдардың Азия елдері мен Московияға саяхаттары мен сапарлары қазіргі Қазақстан аумағындағы этникалық-саяси оқиғалар мен қазақтардың одақтастық қатнастары туралы тарихи-этнографиялық мәліметтер бар жаңа нарративік деректемелердің жалғасуына негіз болды. Дипломант С. Герберштейннің мағлұматтары да “әр түрлі татар ордаларына” қатысты, ол солардың арасында қазақтарды да көрсеткен. /27/ А. Дженкинсонның еңбегінде Қазақ хандығының қалыптасу кезеңінің оқиғалары, соның ішінде Хақназар ханың Сыр өңірі қалалары үшін соғыстары көрсетілен ең алғашқы европалық еңбек. /28/ Біздің тақырыпқа байланысты европалық деректердің арасыдағы ең маңыздысы ол Плано Карпини мен Вильгельм де Рубруктың “Путешествие в восточные страны” еңбегі. /29/ Онда, мысалы қазақ хандығында, ханның таққа отыру рәсімі баяндалады. Ол арқылы біз моңғолдардың қазақ хандығының құрылымына тигізген әсерін салыстырмалы түрде байқай аламыз. Сонымен қатар маңызды деректердің қатарына Марко Полоның еңбегі жатады, онда біздің тақырыпқа байланысты бірнеше құнды мәліметте кездеседі. /30/
Біз қарастырып отырған тақырыпқа байланысты, деректер өте көп болғанымен, бұл орта ғасырлық шығармалардың мәліметтері тарихи сын тұрғысынан алып қарағанда әр түрлі. Сондықтан біз ең нақтыларына, тақырыпқа тікелей қатысты деректерді қарастырдық және деректік мәліметтерге өте үлкен көңіл бөлуіміздің себебі, тақырыптың қиындығына, өте аз қарастырылуына байланысты біз деректерге өте көп жүгіндік.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Тақырыптың зерттелу денгейi бiршама жеткiлiктi. Мәселенiң тарих ғылымында алғаш рет ХIХ ғасырдың ортасынан басталды. /31/ ХIХ ғасырдың ортасынан бiздiң тақырыпқа тiкелей қатысы болмасада деректік тұрғыдан септігін тигізетін еңбектердiң қатарынажинағы жатады. 1664 жылы Санкт-Петербург қаласында В. В Вельяминов-Зерновтың “Исследование о Касимовских царях и царевичах” атты еңбегінің екінші бөлімі жарыққа шыгып, онда автор алғаш рет Қазақ хандығы құрылғандығы және тарихы жайлы айтады. /32/ Осы еңбекпен Қазақ хандығыың құрылу мәселесі тарихшылардың назарына ілінеді. Біздің мәселемізге келер болсақ В. В Вельяминов-Зерновтың аталған еңбегінде ХІҮ орт ХҮ ғасырға дейінгі Дешті Қыпшақтағы саяси хандықтың хронологиясын көрсетеді. /33/ И. Н. Березинның “Шығыс зерттеушілерінің кітапханасы” атты еңбегінде Алтын Орда мемлекетінің ішкі құрылысы, әкімшілік аппаратының құрылымы зерттелген. /34/ Еңбекте біздін тақырыбымызға септігін тигізетін мәліметтер арасында хан жарлықтары, бұйрықтарына негіздерген зерттеулер өте құнды. /35/ Алтын Орда жөнінде мәлімет бар шығыс деректемелерінен алынған үзінділердің екі томдық жинағы шығуының моңғол заманындағы Қазақстан тарихы үшін зор маңызы болды. Араб тарихшылары мен географтарының еңбектерінен алынған материалдар енгізілген бірінші томын шығаруды бұл матералдарды коптеген елге таратқан В. Г. Тизенгаузеннын “Алтын Орда тарихына байланысты материалдар жинағы сол кездері және күні бүгінге дейін осы кезеңді зерттеуде негізгі дерек көзі болып келуде. /36/ Бірінші томында араб деректемелері сияқты, ерте парсы деректемелері де Алтын Орданың батыс бөлігіндегі үлкен оқиғалар жайында баяндайды. Еңбекте Жошы ұлысы жайында берілген толық мәліметтер арқылы біз сол кездердегі билік жолын және ондағы мұраланудағы жолды айқын анықтай аламыз. /37/ Ал В. В. Бартольдтың “ Түркістан моңғолдар шапқыншылығы дәуірінде” /38/, “Түркістан тарихы”/39/, “Түрік-моңғол халықтарының тарихы” /40/, “Орта Азияның түрік халықтарының тарихы жөніндегі он екі дәрісі” /41/ және ғалымның тағыда басқа еңбектері біздің тақырыбымызға тікелей септігін тигізеді. Мысалы Бартольд біздің тақырыпқа қатысы бар мынадай ойды айтып өтеді “Қыпшақ даласында жекелеген хандықтар болған, бірақ ешқашан біріккен бір орталыққа бағынган хандық болған емес деген ой айтады” /42/ бұл арқылы біз Қыпшақ даласындағы саяси жүйе жайлы біліп, оның қаншалықты Қазақ хандығына әсер ете алған жолын анықтай аламыз. Өйткені В. В. Бартольдтың еңбектері деректеметанушылық негіз, сондай-ақ жазбаша деректемелердің материалдарына сыни талдау жасаудың үлгісі болып табылады. А. Ю. Якубовскийдың еңбегінде бізге қажетті мәліметтер арасында Алын Орда халықтарының әлеуметтік ұйымдасу проблемаларын, сол сияқты оның саяси тарихы жөніндегі толық мәлімет беруі біздің тақырыпта оте маңызды еңбектердің бірі болып есептеледі. /43/
Алтын Орданың тарихнамасы жаңа зерттеулермен толықты Г. Ф. Федоров-Давыдов, /44/ М. Г. Сафаргалиев, /45/ И. Б. Грековтардың /46/ еңбектері Алтын Орда тарихына сонын ішінде саяси тарихына, қоғамдық құрылысына арналған еңбектерінсіз Алтын Орда тарихын, біздің тақырыпқа тікелей қатысты материалдарды толық меңгеру мүмкін емес болар еді. Сондықтар жалпы Дешті Қыпшақ тарихына, Моңғол жаулап алушылығына арналған оның ішінде Алтын Орданың саяси тарихына байланысты ондағы хандық билік жайындағы әдебиеттерінің барлығы біздің зерттеуге септігін тигізеді. Мемлекеттік басқарудың дамуы, біріндеп мемлекеттік құрылымның дамуына әкеп соққан ұлыс жүйесінің қалыптасуы, Алтын Орда ыдырауының тарихы, бұл Дешті Қыпшақтағы саяси, этникалық процестерге ықпалы, Алтын Орда қыпшақтарының болғаны сияқты суперэтностың жеке этностарға бөлшектенуі көрсетілген. /47/ Алтын Орданың ұлыстық ұйымдастырылу жүйесі ғана емес, сонымен қатар сол ұлыстарды құрған іс жүзінде дербес аумақтарда болған ішкі қоғамдық тұрғыдан іс жүзінде тәуелсіз болды, біртіндеп саяси дербесттікке ұмтылды, олардың халықтарының этникалық оқшаулануы барған сайын айқындала түсті. Бұл тұстар аталмыш еңбектерде толық зерттелінген. Бірақ, бұл әдебиеттерде моңғол жаулап алушылығының кері әсері анағұлым айқындалып жазылған. /48/ Уақыт өте Дешті Қыпшақ пен қосып алынған тарихи дербес өлкелердің Алтын Орда кезеңіндегі тарихына, сондай-ақ моңғолдар жаулап алуының өзіне де берілген баға уақыт өте келе тек қана теріс баға беруден Алтын Орда тарихының өз аумағында және шектес жерлерде құрылған дербес халықтар мен мемлекеттедің тағдырына ықпал жасауның оң жақтарын ескеретін неғұрлым оъективті баға берумен ауысқан әбебиеттер пайда болады, осы кезде жарық көрген зерттерулерде біздің зерттеп отырған тақырыбымызға тікелей септігін тигізе алатын әдебиетте қатарына қосылады.
В. В. Трепавлов ХІІІ ғасырдағы Моңғол империясының мемлекеттік проблемасын монография жазып зерттеді. /49/ Ондағы мәліметтер арасынада бізге қатысты мыандай ойлар өте маңызды, мысалы ол көшпелі дәстүрлі дамуының Моңғол империясының өз құрлысында да, ол ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттердің, яғни Алтын Орданың, Ақ Орданың, Көк Орданың әлеуметтік-саяси құрылысында да моңғолдар заманында ертедегі түрік мемлекетіндегі сабақтастықтың проблемасы жаңаша қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz