Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт ата мұралары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы
ТАҚЫРЫБЫ : Түркі әлемі және Қорқыт дәуірі
ОРЫНДАҒАН : Биманова Әйгерім
Тарих-04-1 оқу тобының студенті
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ: Л. Т. Джумалиева
Тарих және философия
кафедрасының аға оқытушысы,
тар. ғ. к.
Қорғауға жіберілді: О. Д. Табылдиева т. ғ. к, аға оқытушы
Тарих және философия
кафедрасының меңгерушісі
Ақтау-2009 жыл
Ж О С П А Р Ы :
КІРІСПЕ бет
І тарау. Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт ата мұралары бет
ІІ тарау. Ежелгі түркі өркениеті: тарихи аспектілері және қазіргі кезең
ІІІ тарау. Қорқыт мұралары Түркі әлемінің назарында бет
Қорытынды. бет
Сілтемелер тізімі бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі бет
К І Р І С П Е
2004 жылғы 04-сәуірде Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жария етті.
Бұл жолдауда Елбасы ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттарында мәдениет, білім беру мен руханият салаларын дамытудың мәселелері қарастырылды.
Соның ішінде екінші тарауының 2. 3 тармағында Мәдени-тарихи мұраны сақтауда былай деп көрсетілген.
Руханият пен білім беру салаларын дамытудың аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде бір қатар ауқымды жобалардың басын қосатын «Мәдени мұра» арнаулы орта мерзімді бағдарламасын әзірлеп, іске асырды. Оның мақсаты:
Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениетін фольклорын, дәстүрлер мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау;
Екіншіден, ұлттық тарих ішінде ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету туралы айтылған.
Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз елінің тарихи тәжірибесіне жүгіну- бұл өзі тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс.
Бұның соңында қоғамдық ой-сананы түлету, қалыптастыру, ұрпақтарды тәрбиелеу сияқты маңызды мәсеелер тұр.
Бұл мәселелерді қалпына келтіру экономиканың дамуымен жүзеге аспақ.
Сол себепті де «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатына өте қомақты қаржы бөлінді. Бұрын «Мәдени» бағдарламаларға дәл осындай сома бөлініп көрмеген еді.
Мәдени мұраны жинақтау шарасы алдымен өз ішімізден, бұған дейін белгілі себептермен жарыққа шықпай келген құндылықтарымыздан басталуы керек. Сондан кейін ғана, шет мемлекеттердегі біздің тарихымызға қатысты деректер қайтарылуы керек.
Еліміздің мемлекеттік егемендігін жариялауы және осыған орай орныққан жаңа әлеуметтік-саяси ахуал қоғамның да, оның азаматтарының санасында түбегейлі өзгерістер туғызды.
Осындай, кезеңде Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңесте «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыруының» жасалынып, онда тарих ғылымының алдында тұрған міндеттер белгіленген болатын.
Сол міндеттердің бірі ел тарихы мен оны мекендеген әр түрлі этностардың аражігін ажырата отырып, Қазақстандағы этникалық топтардың тарихын зерттеуге жеткілікті көңіл бөлу қажет деп атап көрсетілген.
Осыған орай соңғы жылдары тарихи тақырыптарға арналған кітаптар, оқулықтар мен оқу құралдарды, монографиялар, ғылыми еңбектер мен мақалалар көптеп жарық көре бастады.
Мәселен, белгілі ғалым Әділхан Байбатбатша жазған «Қазақ даласының ежелгі тарихы» тақырыбымен жарық көрген құжаттары республикамызда жаңа тарихи сананы қалыптастыруда, айтарлықтай орны бар дүние. [1]
Ол соңғы деректерге сүйене отырып, қазақтардың үш жүзге бірігуі туралы жаңа пікірлер айтады.
«Игілікті өзгерістерге, -деп жазады Әділхан Байбатша, -қазақ даласын мекендеген сақ тайпаларының көпшілігі мүдделі болған.
Үйсін батыр әкелген тұрақты мемлекет қалыстасты. Мемлекеттің халқы құрамдасқан сақтар «кассактар»- қазақтар атанды.
Әділхан Байбатшаның материалында қаңлылар туралы да жаңа деректер келтірілген.
Оның пайымдауынша Сырдария бойында, Арыс өзенінің құйылысының төменгі жағындағы аймақты қоныстанған қаңлылардың атына байланысты өзеннің осы бөлігі Қаңқа деп аталынған. Үйсін батыр қайтыс болғаннан кейін, қаңлылар бөлініп, жеке өмір сүре бастаған.
Қаңлылар біздің дәуірімізге дейінге 6-ғасырға дейін Қытаймен дербес дипломатиялық қарым-қатынасын үзбеген.
Сонымен, қазақ халқы сақтардың қауымдасуының нәтижесінде дүниеге келіп, мемлкет сақ тайпаларының Ұлы Одағы жүзі -Ұлы жүз деп аталынған.
Қазақ халқының айтуынша Ұлы Жүз -Үйсін, Орта Жүз-Арғын, Кіші Жүз-Алшын деп аталынуы белгілі үш рудың төңірегіне қазақтар Үш Жүз болып топтасқан деген болжам айтуға болды.
Бұл этникалық процесс қазақтардың Батыс Түрік қағанатының құрамына кіруі қарсаңында болған және оның жеріндегі этникалық ала құлалықпен күрделі әлеуметтік саяси тұрақсыздықтар арқасында өзгерістерге ұшырап отырған.
Халқымыздың тарихи санасын қалыптастыруда Қ. Аманжолов, Қ. Рахметов 1996 жылы жазған «Түркі халықтарының тарихы»атты оқу құралының да орны ерекше. Бұл еңбекте хундардың, түркілердің, моғолдардың этникалық құрамы, мекендеген жерлері, ұлттық даму кезеңдері туралы жаңа көзқарастарды байқауға болады.
Тарихи жазбаларда кездесетін он екі тайпа түркі елі деген атауға сүйенсек, авторлардың түркі этногенезінің дамуының екі сатысы туралы берген түсініктеріне зейін қойғанымыз орынды.
Мәселен, түркі этногенезінің бірінші сатысы-олардың дербес халық болып тарих сахнасына шығуы, әсіресе өзінің тарихи орнын сақтап келе жатқан, төрт тайпа түрік этногенезін түркілер, қызғыздар, қыпшақтар, телелер немесе оғыздар атауымен сипатталынады.
Түрік этногенезінің екінші сатысы- түркі тайпаларының дербес мемлекет ретінде қалыптасты.
6-9 ғасырларда түркі көшпелі тайпалары өздерінің байланыстарын одан әрі жақсартып, бірнеше мемлкеттер құрады: Шығыс түркі қағандығы, Батыс түркі қағандығы, Қарлұқ қағандығы, Қырғыз-ұйғыр-қарахан мемлекеті, оғыздар мемлекеті болды.
Олардың әлеуметтік саяси құрылымдарының беріктігі көшпелі түркі тайпаларының батысқа қарай жылжуына мүмкіндік берді.
Қ. Аманжолов пен Қ. Рахметовтің бұл еңбегінде түркі тайпаларының діни сезімдері мыңдаған жылдар бойы Көк Тәңірге табынған халықты араб шапқыншыларының ислам дініне күштеп енгізуі үлкен қайғы қасірет әкелді делінеді.
Орта Азия мен Қазақстанда арабтар барлық сауатты кісілермен дін қызметкерлерін қырып салған, олардың кітаптарымен қолжазбаларын жинап, алып өртеп жіберген.
Мұсылмандардың бір белгілісі болып саналатын бас киім киіп жүру тәртібін бұзғандардың басына шеге қағып өлтіретін болған. Әсіресе шаман дінін насихаттаушы бақсылар қатты қуғынға ұшырап, арабтар оларды өртеуге дейін барған.
Сондықтан түркі тайпаларының тарихында ислам дініне қарсылық білдіріп, одан кейін күштеп мұсылман болған Қорқыт дәуірін жеке қарауға мүмкіншілік енді ғана жасалынып отыр.
Орта Азия мен Қазақстан жерлеріндегі 8-10 ғасырлардағы Қорқыт дәуірін арнайы зерттеудің бірнеше себептері бар.
Біріншіден, көне түркілер тарихының Қорқыт дәуірінде түркі тайпалары жаулап алған жерлерінде бір империяға бірігу және ыдырау процестері тоқтамау нәтижесінде Еуразия аймағында күшті Оғыздар мемлекетінің құрылуы мен және оның күйреуімен сипатталынады.
Екіншіден Қорқыт дәуірінде Сырдария қалалары қуаттанып, қала мәдениетінің көркеюінде.
Үшіншіден Қорқыт өзі өмір сүрген дәуірде түркі халықтарына өлмес мұра қалдырып, ол ғасырлардан ғасырға өткен сайын түркі әлеміне рухани байлық болып жетуінде.
Сонымен түркі әлемі және Қорқыт дәуірі тақырыбына арналған зерттеулер зиялылықты сақтауға, халқымыздың рухани көңіл-күйін көтеруге, өмірлік құндылықтар мен бағдарламалардың белгілі жүйесін қалыптастыруға қажет болатыны ақиқат.
Өйткені 21-ғасырда өркениетті дамудың тиімді нысандарына қол жеткізу үшін түркі әлеміне және қазақ халқына азда болса да қызмет ететін болады.
Осы орайда, егеменді еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдамасы үлкен ой салады. Онда еліміздің қолындағы сегіз артықшылығымен үш мүмкіншілігі айтылған.
Солардың ішінде еліміздің егемендігі, халқымыдың рухани байлығы, табиғи ресурстарымыздың молдығы, қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен бірлігі, азаматтардың байсалдылығы мен төзімділігі. «Біздің басты оң игілігіміздің ішінде, - деп айрықша атап көрсетеді Президент, - халқымыздың немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары білім өресі биік халқымыз бар. Көптеген едерде бұл жоқ, әрі олар осындай санаға жетуді, өздерінің стратегиялық мақсаттарының бірі санайды».
Әрине хылқымыздың бұл санасының қалыптасуын Қорқыт дәуірінен бастап зерттеуіміз қажет болады.
Біздің осындай артықшылықтарымызбен қатар Қазақстанның мүмкіншіліктерінің мол екендігінде.
Ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында бірінші мүмкіндік еліміздің Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайымыздан туындайды деген.
Бұл мүмкіншілікте көне түріктер тарихы және Қорқыт дәуірінен бастау алып, тек 21-ғасырда іске асқалы отыр.
Оған 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» жолдауының ұзақ мерзімді басым мақсаттармен оларды іске асыру стратегиясы дәлел бола алады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесіне назар салсақ Қорқыт өзі өмір сүрген дәуірде түркі халықтарына өлмес мұра қалдырып, ол ғасырдан ғасырға өткен сайын түркі әлеміне рухани байлық болып жеткендігі туралы айтылады.
Диплом жұмысының деректемелік негізін мерзімді басылымдарда жарияланған ақпараттар, мақалалар мен деректер құрайды.
Жұмыстың методологиялық негізін
Қазақстан Республикасының егемендік алғаннан кейінгі үрдіс алған ғылыми ұстанымдардан бастау алады.
Методикалық негізді анықтауда жергілікті және республикалық басылымдарда жарияланған еңбектер мен қатар мұрағат құжаттары, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері дәстүрлі жолдауымен баяндамаларындағы ой-пікірлері басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының мақсаты Қорқыттың өмірде болғаны, 9-10 ғасырларда дәурен сүргені, нақтылы тарихи тұлға екендігі туралы, Қорқыт Ата аңызы, оның таусылмайтын жыры мен күйі, салты мен дәстүрі Еуразияны мекендеген түркі халықтарының жадында сақталуы Қорқыт дәуірінен бастап оларға әлеуметтік сұраныстың болғандығын және олардың тарихы мен мәдениетінің іргеатасы екендігін дәлелдейді.
Диплом жұмысыны құрылымы. Кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, сілтемелер және әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт ата мұралары
Тарихи және этнографиялық зерттеулердегі, көне жазбалардағы абыздар жөніндегі мағұлматтар мен айғақтар; Әбу Насыр Әл-Фарабидің трактаттары, көне түркі жазба ескерткіштерінің, «Қорқыт ата» кітабының, «Алдаспан жинағына» енген бірнеше толғаулардың, Қорқыт және абыздар бейнесі бар авторлық шығармалардың, Қорқыт бейнесі бар күй аңыздардың мәтіндері мен Қорқыт күйлерінің музыкалық мәтіндері басты дерек көздері болып табылады.
Қазақ әдебиетіндегі саз бен сөздің көне тұтастығы олардың қазіргі жанрлық атаулары мен көркемдік категориялардың бірлігінен, ырғақтық өлшемінің сәйкестігінен, бірінің орнына бірі алмастыра қолданылуынан көрінеді.
Қорқыт нақты тарихи тұлға және ол абыздардың ең көрнекті өкілі. Қорқыттың түп-тұлғасыз, ойдан шығарылған көркем бейнесі екендігі, оның ислам дініне қатыссыздығы жөніндегі пікірлер матераилистік дүниетанымнан туған қате көзқарас және Қорқыт аңыздарының интерпретациясы кеңестік идеологияға орай жөнсіз бұрмаланды.
Қобыз өзінің тарихи дамуы бойында ірі қоғамдық-әлеуметтік қатынастың, танымдық-ағартушылық қызметтің, емшіліктің құралы болды. Ең соңында эстетикалық функция иеленді. Қорқыт күйлері- мифологиялық дүниетанымнан туған мистикалық шығармалар.
Қорқыт күйлері күй аңыздары мен тапонимикалық аңыздармен бірге орындалады. Қорқыт күйлерінің эстетикалық функциясынан гөрі мистикалық қызметі басым.
Елге бата беру көне түркілік дәуірде Тәңірлік діннің ең өзекті бағыты болған. Мәселен, Қорқыттың рухани болмысы тіллегі қабыл болған ақсақал, көп жасаған қария ретінде қазақ әдебиетінде көркем бейнеге айналды.
Сондықтан, Көне түркі қағандарының ақылшысы болған Тоныкөк пен Қорқытты ең көрнекті өкілі деуге болады. Қорқыт ата-көшпелі тұрмыстың әлеуметтік жүйесін реттеуші, ақылгөй дана тұлға.
Қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде шариғат сияқты діни қағидалар емес, төре мен жарғылар, салт-дәстүрлер үстемдік етеді. Төре, дәстүр-салттық және моральдық құндылықтар жүйесі ретінде қоғамдағы Қорқыт атаның орны біртұтас сияқты көрінетін.
Кейіннен бұл құбылыс исламдық ұстанымдар мен Құранға негізделгне шариғат қағидаларымен біте қайнасты-дейді.
Досай Кенжетай. Абыздар өзі өмір сүрген ортада ерекше құрметке ие болған. Қоғам оған қалтқысыз сенген. Абыздар соған лайықты іс-әрекетпен танылып, өзінің ерекше қасиеттерін көрсете білді.
Сол арқылы қоғамды ізгілікке тәрбиеледі. Оның бойында қарапаым адамдарда көрінетін қасиеттен бастап, кісінің бойынан табыла бермейтін ерекшеліктерде мол болған. Ақиқатты таныған абыздардың дүниетанымыан әулиелердің айырмашылығы жоқ.
Сонда әрбір абыз-әулие, бірақ әрбір әулие абыз емес. Себебі абыздың өмір сүрген уақыты мен кеңістігі өзгеше.
Абыздар мен ислам әулиелерін жақындастыраиын діни негіздерде бір. Абыздар ислам діні келгенге дейінгі рухани тұлғалар болғанымен, бұрынғы діндердің мазмұнында ислам дінінен айырмшылықтың болмағаны хақ.
Бұл туралы Абылай былай дейді: Алланың өзіде рас сөзі де рас екенін айтқан. Абыздардың ислам және бұрынғы діндердің әулиелерімен көзқарас, дүниетаным жағынан айырмашылығы болғанымен, олардың өмір сүрген ортасы мен заманында өзіндік ерешелік болған.
Абыздардың сәуегейлік қасиеті-интуитивтік сана-сезімінің жемісі туралы олардың бойындағы айрықша назар аударарлық қасиеті-сәуегейлігінің негізінде болжал мәнді шығармалардың пайда болғандығы сөз болады.
Абыздардың сәуегейлік қасиетін кеңес дәуіріндегі атейстік көзқарастар тұрғысынан түсіндіру мүмкін емес.
Бұл тұста Әбу-Насыр Әл-Фараби, Әбу-Хамид Мұхаммед Әл-Ғазали, Платон, Аристотель сияқты ойшылдар мен ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып жеті түрлі адамзат баласына тән сана түрлері бар екенін айтуға болады.
Олар: инстинкт сана-сезім, кәсіптік сана-сезім, көркемдікті таныған-эстетикалық түйсік талғам сана-сезімі, ғылыми танымдық сана-сезім, ел басқарушыға жол сілтеген әлеуметтік сана- сезім.
Абыздарда болған сәуегейлік-бүкіл адамзат баласымен жасасып келе жатқан қасиет. Қорқыттың аңыздық тұлғасына үңілгенімізде, оның тарихи түп тұлғасының абыз болғандығы бірден аңғарылады.
Абыздар көне түркілік мәдениетіміздің адамзат баласына тән сана-сезімдердің тәрбиелік мән-мазмұнын ұғындырушы рухани ұстазы.
Сондықтан осы мақсатта олардың атқарған функциясы барлық жаны бар тіршілік тынысымен ортақ сипатымыз инстинкт сана-сезім иесі болсақ та, өсімдік пен жануар әлемінен ерекшелеген адамдық танымымыз арқылы рухани күш иесі екенімізді дәлелдеу болып табылады.
Рухани күш табиғатының бастауы, асылы жайында ғұлама ғалым Әбу-Насыр-Әл-Фараби еңбектерінде кеңінен орын алған Оның «Даналық негіздері»атты еңбегінде : -адам табиғатының қасиеттеріне қарай оның сыртқы ішкі дүниесінің бар екендігін айтады.
Қорқыт мұрасын сақтауда ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші-жырау- бақсылардан бастап ақын-жыршылардың жазушылардың күйшілердің шығармашылығының мән-мазмұны мен өнеріндегі рөлі зерттелді.
Қорқыт мұрасындағы абыздар дәстүрі туралы Қорқыттың тарих және өнеріндегі рухани тұлғасы әр түрлі аспектіде зерделенді Қорқыт мұрасы қай заманда болса да рухани қазыналарымыздың рухани мағынасы, зор асыл бөлшегі ретінде бағалауға тұратын дүние.
Себебі ежелгі мәдениетке тән синкреттік формада қабысқан даналық ой мен терең сезімді қатар ұстайтын принципке негізделген Қорқыт ата мұрасы танымның ерекше түрі болып табылатын дін, өнер және халықтың философиялық дүниетанымын суреттейтін ауыз әдебиеті сияқты руханиет ұғымының бірнеше арналарымен тоғысады.
Сондықтан Қорқыт ата мұрасын абыздардың шығармашылық дәстүрі-бақсы, жырау, жыршы, пәтіуа сөйлеген би, күйшілерден де көп ерте дәуірден бастау алады.
Бұлай дейтін себебіміз абыздың бойында: бақсыға тән қобызбен сәуегейлік құруы да, жыраудың тағылымдық, танымдық үгіт- насихаты да, күйшінің күй толғауы да, әлеуметтік заң айтқан бидің шешендігі сияқты синкереттік тұтастықта ғұмыр кешкен руханиет ұғымының бірнеше арналары бой көрсетеді.
Осыған орай тағдыры бөлек болғанымен, өмірдің тауқыметін қабылдау принципі ортақ руханиет адамдарына тән психлогиясымен ерекшеленетін шығармашылық дәстүрдің жолын салған Қорқыт мұрасы бүгін де қазақ халқының ұлттық әдебиеті мен өнер тарихында рухани алыптар қатарында орын алып қана қоймай, оның асылын негізін қалайды.
Себебі, қазақ халқы көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының қонысына мирас болған, олардың түбегейлі үрпағы болғандықтан Қорқыт туралы айтылатын тарихи жыр аңыздармен бірге оның қара қобызында ойнау дәстүрі мен 11 күйі бұрынғы оғыз билеушілерінің астанасы болған, Сыр бойында қазіргі Қызылорда облысында сақталынып, ұлттық мәдентетіміздің қымбат мұрасы ретінде бағаланып отыр.
Осыған орай, біріншіден, Қорқыт Қазақ музыка тарихында күй жанрының негізін қалаушы.
Екіншіден, жыраулар творчествосында олардың ұстазы.
Үшіншіден, қазақ халқының көне мәдениетінде елеулі орын алған наным-сенім ұғымымен байланысты бақсылардың көзқарасында медет тілейтін пірі болған.
Қорқыттың рухани дүниетанымы жайлы Шәкір Ыбыраев: «Рас, Қорқыт- көреген қасиетті, болашақты болжайтын қарт.
Ол не айтса да, сол болады. Міне осы тұста Қорқыттың екі жақтама тұлғасы көрінеді.
Анығырақ айтқанда мұсылман әулиелеріне тән қасиеттер мен ескі шамандық көзқарастардан қалған абыздық белгілердің бір-бірімен кірігіп тұтасып кеткендігі.
Бір жағынан көрегендік болашақты болжау, ежелгі абыздарға, бақсыларға тиесілі; ру-тайпалардың тағдырын болжау, көрсету, солардың үлесіне тиген.
Ру-тайпа ішіндегі ең беделді адамдар да солар.
Екіншіден, бұл сияқты қасиеттер мұсылман әулиелерінің де негізгі белгілері және бұлар құдайдың құдіретімен болып отырады. », -дейді.
Ескі абыз бен мұсылман әулиесін қатар қою себебі, екі тұлғаның да тілегі қабыл болуы және болашақты болжай білген сәуегейлік істері.
Сәуегейлік қасиет-бұл интуитивтік сананың жемісі.
Интуитивтік сан-сезімінің тарихи -теориялық қағидалары бойынша, ақиқатты таныған тұлғалардың, ақиқат болмысымен бірігуі сыншыл ақылмен жеткен сенім құдіреттілігі мен сезім тазалығына және лоардың қайырлы сауапты істерімен дүниені жаратушы тәңірінің алдында рухани жауапкершілігімен өлшенетін іс-әрекет.
Көне түркілік дәуірден белгілі болған Қорқыт атаның сәуегейлік қасиеті тек Ислам діні келген кезде емес, адамзат тарихымен бірге жасасып келе жатқан құбылыс.
Ең жоғары интуитивтік сана-сезім арқылы көзге көрінбейтін көмескі дүниені танып білу ежелгі гректерде «Эпоптия» Платон мен Плотин «Мимен, ақылмен жұмыс істеу, Иогин мен Шротия көру немесе көрегенділік деп атаған.
Ал көмескіні болжау Ислам дінінде бірінші пайғамбарларға, әулиелерге, машайықтарға тән қасиет. »
Қорқыт жайлы деректердің әрқилы болғанына қарамастан, біздің алдымызға қойған мақсатымыз Қорқыттың рухани мұрасы болған оның күйлері мен «Қорқыт ата» кітабындағы философиялық ой-толғамдары арқылы рухани тұлғасын интуитивтік сана-сезім тұрғысынан ашып көрсету.
Осыған орай оның исламды қабылдады ма, қабылдамады ма немесе ажалға қарсы шықты ма деген сауалдар емес, оның көмескіні болжаған, көреген қасиеті мен өнердегі шығармашылық дәстүрін және әлеуметтік заңгерлігін тарих сахнасына паш еткен психологиялық ерекшелігін интуитивтік сана-сезімін зерттеу негізгі нысанымыз болды.
Біздің ұлттық салт-дәстүрімізде тасқа таңба басқандай санамызға терең із-қалдырған Қорқыттың шығармашылық жолы ұлттық руханиетіміздің асылы деуге болады.
Сондықтан рухани дүниетанымымыздың асылы болған өнеріміз бен тарихымыз және діни-наным сеніміміздің басында Қорқыт мұрасы тұрады.
Егер қазақ халқының да ұлттық руханиет тарихында басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән хас ерекшелігімен қалыптасқан десек, Қорқыт тұлғасы рухани қазыналарды туғызушы, оны халыққа үйретуші рухани тұлғалалардың дүниеге келуінен бастап өмірінің соңына дейінгі тыныс-тіршілігі-мифологиялық таным-түсініктермен, сол түсініктерді қалытастырудағы символикалық ұғымдарымен тығыз байланысты.
Қазақтың абызы болсын, би-шешендері мен батырлары және күйші жыраулары, дүкен ұстаған ұсталары туа бітті қабілет қарымымен, ерекше болмысымен басқа адамнан биік тұрған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz