Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 ТАРАУ ТҮРКІ-ҚАЗАҚ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Қазақ тарихы - түркілердің далалық өркениетінің құрамдас бөлігі
1. 2 Қазақ-түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
2 ТАРАУ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ
2. 1 Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің сипаттамасы
2. 2 Түркілердің әдеби мұрасы - қазақ халқының рухани қазынасы
2. 3 Қазақ жеріндегі жазудың пайда болуының мәселесі және көне түркілердің әліпбиі
3 ТАРАУ ТҮРКІ-ҚАЗАҚ ӨРКЕНИЕТІНІҢ РУХАНИ-МӘДЕНИ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ
3. 1 Ежелгі түркілердің наным-сенімдері - қазақ халқының рухани-мәдени ұстанымдарының негіздері
3. 2 Көне түркілердің жазбаларындағы дүниетанымдық көзақарастары мен құндылықтар жайлы түсініктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Тақырыпың өзектілігі: Әлемдік өркениеттің дамуына айрықша ықпал еткен түркілердің тарихи мұрагері болып қалған қазақ жерінде ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің дамуы зор қарқынмен өріс алған. Мал шаруашылығын кәсіп еткен көшпелі халық өркениетінің мінсіз үлгісі қалыптасты. Қала мәдениетінің де бүгінгі игіліктеріне жетеқабыл сәулет пен құрылыс өнері дамыды. Оған археологиялық қазбалар кезінде табылған атақты қалалар мен тарихи ескерткіштер, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Арыстанбаб, Айша бибі мазары, Отырар, Сайрам секілді қалалардың орны куә. Осы күнге дейін тарихшылардың, саясаткерлердің, филососфтардың, әдебиетшілердің және тағы басқа ғылым өкілдерінің арасында пікірталас туғызып жүрген проблемалардың бірі және бірегейі әртүрлі халықтардың өркениеттілігі және олардың әлемдік тарихтағы орны қандай деген мәселе болып отыр. Әуелден, осындай талас тудырып келе жатқан халықтардың бірі - қазақ халқы, оның тарихы және өркениеттілігі болып отырғаны рас.
Кеңестік кезеңде әдейі таңылып келген «қазақта қала мәдениеті болған жоқ» деген жалған түсініктің үстемдік етті. Түркі халықтарының арасында өзіндік орны бар, ежелгі мәдениеті мен әдебиетінің қайнар бастауы терең қазақтар «кеңестік дәуірге дейін көшіп-қонып өмір сүрді. Оларда қала мәдениеті болған жоқ» деген теріс пікір санаға зорлап енгізілді. Тіпті қазақтың көзін қазан төңкерісі ашты. Ал оған дейін елдің екі пайызы ғана сауатты болды деген қасаң қағида қалыптасты. Сөйтіп, қазақты жартылай отырықшы және отырықшы топтар қалыптастырды деп елдің заттық және рухани мұрасы туралы сөз етуді де орынсыз етіп көрсетті.
Халқымыз рухани құндылықсыз өмір сүрген жоқ. Жерімізде Отырар, Исфиджап, Түркістан, Сығанақ, Жент, Баршыкент, Тараз, Баласағұн секілді бірнеше мәдени, әдеби, рухани орталықтар болғаны айылмай қалды. Ал, соңғы жылдардағы зерттеу жұмыстары тек бір ғана Отырардың өзінен X-XVI-шы ғасырларда Әбу Насыр әл-Фарабиден басқа ғылымның сан салалары бойынша терең де ойлы шығармалар қалдырған 17 ғұлама шыққанын көрсетіп отыр. Ал атақты Отырар кітапханасы қорының молдығы жағынан кезіндегі Александрия кітапханасынан кейінгі 2-ші орында болғандығын ескерсек, осыншама даналардың шығуы табиғи дәлелдеуді қажет етпейтін мәселе болмақ.
Бірақ, ұзақ уақыт бойы біз құнды мәдени жәдігерлерімізден айырылып қалдық. Осы орайда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасының әлемнің түпкір-түпкіріне тарап кеткен мұраларымыздың әуелі көшірмелерін алдыртып, аудартып, хрестоматиялап құрастырып, жариялау мен кешенді зерттеулер жұмысы басталды.
Әлемдегі ешқандай өркениет дербес дамымайды. Ол өзіне әртүрлі мәдениеттердің жетістіктерін жинақтап отырады. Іс жүзінде адамзат қызметінің барлық салаларын қамтитын түркі өркениетінің санқырлылығы оның қайталанбас ерекшелігі болып табылады. Ғасырлар бойы мәдениеттер мен өркениеттердің тоғысы болған Орталық Азиядағы түркі өркениеті - бүгінгі таңда жіті зерттеуді қажет ететін сипаттар мен ерекшеліктерге ие. Қазақстан бұрнғы түркі өркениетінің бүгінгі заңды мұрагері. Орталық Азияда көшбасшы болып отырған Қазақстанның бүгінгі түркі әлемімен ықпалдастық байланыстарды тереңдетуде және түркі дүниесіндегі мемлекеттер арасында өзара сындарлы іс-қимылға қол жеткізуде оң рөлі бар.
Сондықтан түркі-қазақ өркениетінің мәселелерін зерттеу өзекті тақырып болып табылады.
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі: Қазақ-түркі өркениетінің мәселелерін зерттеу түркітану немесе туркология ғылымыммен тығаз байланысты. Басында тіл білімінің бір саласы ретінде көне түрік жазба ескерткіштерін зерттеу барысында Еуропа ориенталистерінің ізденістерімен бірге қалыптаскап гылым саласының мәні, ауқымы, пәнаралық сипаты уақыт өте келе түрлі өзгерістерге ұшырағаны мәлім. Кезінде еуроцентристік көзқарастардың ықпалынан шыға алмағандықтан түркі халықтарының мәдени мүрасына тосырқай қарау, байырғы жазба ескерткіштердің саяси, тарихи, мәдени мән-маңызын, адамзат тарихындағы орнын белгілеуде үнсіздік танытып, тек тілдік айғак ретінде қарастыру белең алған кезеңдерді де бастан кешірдік. Түркологияның кешенді ғылымға айналғанына көп уақыт өткен жоқ. Себебі, қоғамдық-гуманитарлык сипаты бар ғылымның өсіп-өркендеуі үшін де қоғамның кемелденуі қажет екен.
Кеңестер Одағының саяси-идеологиялык ұстанымдарының аясында дамыған қоғамдық-гуманитарлық пәндер сияқты түркологияның да шеңбер ішіндегі шектелушілігі алдымен оның пәнаралық кешенді сипатының қанат жаймауында еді. Мұндай мәселеге жол ашар болса, онда түркі халықтарының әлемдік тарихи үрдістердің төрінен ойып орын алатын белгі-бедерлерін де қадап айтудың кажеттілігі туындайтын. Бірақ, ежелгі дәуір мен орта ғасырларда әлем тарихының күре жолында болған түркілердің тарихы кеңестік идеологияның өктем үнімен үндесе қоймайтын. Сондықтан скифтер, сақтар, ғұндар, тіптен көк түріктер тарихы бір арнада, түркі халықтарының арғы тарихымен біртұтас сабақтастықта қарастырылмайтын еді. Қоғамның саяси ахуалы түркітану ғылымының методологиялық, әдістемелік бағыт-бағдарын шектеп отыратын. Бұл кезеңде түркологияның ғылыми нәтижелері тіл, тарих, әдебиет, өнер, философия сияқты қоғамдық пәндердің бағдарламаларына енгізілмеді. Олар іс жүзінде түркітанушы ғалымдардың ғана қаперінде жүретін. Оның үстіне түркологияның терең тұжырымдалған іргелі теориялық ізденістері негізінен еуропалық ғалымдардың зерттеулерімен байланысты бой көрсетіп жатушы еді.
Дегенмен түркі өркениетінің мәселелерін зерттеуде кеңестік тарихнаманың жетістіктерін де жоққа шығаруға болмайды.
Мәселенің зерттелуінде ең алдымен көне түркі жазба ескерткіштерінің зертелуі аса маңызды болып табылады. Орхон-нисей жазба есскерткіштерінң зертелуіне қатысты алғашқы ғылыми нәтижелер осы экспедицианың еңбектерінң топтамасында жарық көрді [1] . 1900 жылы М. П. Мелиоранский Күлтегін ескерткіші турады еңбегін жариялайды [2] . Бұл еңбекте алағаш рет Күлтегін ескерткішінің жалпы сипататамы беріледі. Көне түркі жазба ескерткіштерінің текстері мен оларды зерттеуге негізделген көлемді еңбекті С. Е. Малов жариялайды [3] . С. Г. Кляшторный көне түркі жазба ескерткіштерін Орта Азия тарихының деректері ретінде қарастырды [4] . И. Б. Батманов көне түркі жазбаларының талас ескерткіштері туралы зерттеулерін жариялады [5] . Қазақ ғалымдары ішінен Ғ. Айдаровтың [6] және Ә. Қоңыратбаев пен Т. Қоңыратбаевтардың [7] еңбектерінде атап өту қажет. Зерттеуші И. В. Стеблеваның Орхо-Енисей жазба ескерткіштерінң әдеби формалары жайлы зерттеуінде түркі жазбаларының әдеби формаларының қазіргі түркі халықтарының әдеби мұраларымен генетикалық байланыстары сөз болады [8] . Қазіргі таңда түркі жазба ескерткіштеріне қатысты зертеулер кең көлемде жүргізіліп отыр. Ғалым Қ. Сартқожаұлы түркі жазба ескерткіштерінің кең көлемді атласын жариялады [9] .
Қазақ-түркі өркениетінің мәселелері жалпы түркі тайпаларының тарихы мен мемлекеттерін зерттеуге бағытталған еңбектерде де көрініс тапты. Түркілердің тарихы мен мәдениетіне қатысты алғашқы кең көлемді зерттеулер В. В. Бартольдың еңбектерінде қарастырылды [10-11] . Зерттеушілердің ішінен Л. Н. Гумилевтың көне түрікілердің тарихына арналаған еңбектерін ерекше атап өту қажет [12] . Л. Н. Гумилев мәдени жетістіктерін маңсұқ еткен, оларды «тарихтың арамтамақтары» деп атаған еуропацентристік көзқарастарды ашық сынға алды. Ол еуразиялық мектептің өкілі ретінде көне түркілердің әлемдік тарих пен өркениеттің асыл қазынасында алатын тың пікірлерімен ерекшеленді. Б. Е. Көмековтың қимақтар [13], С. Г. Агаждановтың оғызда [14], О. Қараевтың қарахандар [15] тарихына арналаған монографиялық іргелі зерттеулерінде олардың діні, мәдениеті, шаруашылығы жайлы мол мағлұматтар бар.
Түркі-қазақ өркениетінің зерттелуінде ортағасырлық қала мәдениетінің зерттелуі маңызды болып табылады. Себебі түркі-қазақ отырықшы мәдениетің жоқққа шығаруға тырысқан кеңестік тарихнамада қазақ жеріндегі ортағасырлық қала мәдениетінің түркілік тамырлары жоққа шығарылдғаны да рас. Дегенмен археологиялық зерттеулердің нәтижелері қазақ жеріндегі гүлденген отырықшы қала өркенитенің түркілік тамырларын дәлелдеп берді. Осы орайда ортағасырлық қала мәдениетінің зерттелуіне мол үлес қосқан Ә. Х. Марғұлан [16], К. А. Ақышев [17], К. М. Байпаков [18], М. Елеуов [19], Т. Н. Сенигова [20] және т. б. зерттеулерін атап өту қажет.
Қазақ-түркі өркениетінің, әсіресе олардың тарихи сабақтастығы жайлы мәселелер тәуелсіз Қазақстан тұсында жарық көрген зерттеулерде басым айиылып жүр. Қазақстандық тарихнамада М. Қозыбаев қазақ мәдениетін дала өркениетінің құрамдас бөлігі ретінда қарастырды [21] .
Сондай-ақ, қазақстандық зерттеушілер арасынан белгілі ғалым У. Х. Шалекеновтың еңбектерін аса маңызды болып табылады [22] . Зерттеуші «Түріктердің отырықшы мәдениеті» атты зерттеу еңбегінде түріктердің, соның ішінде қазақтардың отырықшы тарихына арнап әр жылдары жарық көрген еңбектері топтастырылған. Бұл ғылыми зерттеулерде Орталық Азияны мекендеген түркілердің, олардың бүгінгі мұрагері қазақа халқының отырықшы өркениетінің археологиялық, тарихнамалық, этнологиялық, әдеби және т. б. негіздерінің мәселелері қарастырылған. Түркілердің отырықшы мәдениетінің дамуына қосқан отырықшы, жартылай отырықшы, көшпелі халықтардың үлестері мен еңбектері туралы тұжырымдар берілген.
Х. У. Шалекенов: «жер бетіндегі басқа халықтар сияқты, түріктер де отырықшылыққа қолайлы жерлерде қалалар мен тұрақты мекендер салып, отырықшы мәдениеттің ірге тасын ертеден қалаған. Жартылай шөлейтті жерде, жартылай отырықшы болып, егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысқан. Гоби, Қызылқұм, Қарақұм, Бетпақдала, Үстірт сияқты жерлерде көшпенділік басым болған. Сөйтіп, барлық түріктер, оның ішінде қазақтар шетінен көшпенділік өмір сүрмеген» [22, 107 б. ], - дей келе, өз бастауын сонау қола дәуірінен алатын көшпенділік өмір салты түркілердің географиялық орналасу жағдайына байланысты екендігшін баса айтады. Сондықтан, ежелгі замандардан даламызда отырықшылыдық пен көшпенділік өмір салты біте қайнасып, түркі-қазақ өркениетінің өзіндік қайталанбас келбетін айшықтаған.
1998 жылы жарық көрген Қазақстан тарихының академиялық басылымының 1-ші томында түркі-қазақ өркениетіне қатысты тарихнамалық зертеулердің қорытынды тұжырмдары берілген. Мұнда түркілердің рухани және материаодық мәдениетінің ескерткіштерімен қатар, олардың ортағасырлар дәуіріндегі мәдени байланыстарының мәселелері, жалпы түркілердің әлемдік өркениет қазынасында алатын орны ерекше көрсетілген [23] . Соңғы жылдары жарық көрген еңбектерден Ю. А. Зуевтың көне түркілердің тарихы мен идеологиясының очерктеріне арналған зерттеуі [24] мен А. Оразбаеваның [25] еуразия көшпелілерінің өркениетіне арналған зерттеулерін де ерекше атап өту керек.
Көріп отырғанымыздай, қазақ-түркі өркениетінің зерттелуіне қатысты еңбектерге қысқаша шолу жасап шықтық. Бұл еңбектер мәселенің зертелуіне қатысты тарихнамалық ой-тұжырымдардың негізгі даму бағыттарын көрсетеді деп ойлаймыз. Дегенмен, отандық тарих ғылымында қазақтардың отырықшы өркениетінің мәселелерін, сондай-ақ қазақ халқының көне түркілердің тікелей мұрагерлері ретіндегі мәдени құндылықтарын, өркениетін зерттеу енді ғана басталды деуге болады.
Бітіру жұмысының деректік негіздерін жалпы түркілердің тарихына, мәдениетіне қатысты жазба деректер мен археологиялық ескерткіштер құрайды. Жазба деректердің негізі тобы Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштері болып табылатыны даусыз. Сондай-ақ, қытай, араб-парсы және түркі тіліндегі жазба ескерткіштері де негізгі жазба деректер болып табылады. Қытай деректерін Н. Я. Бичурин [26], Н. В. Кюнер [27] және соңғы жылдары қазақ тіліндегі аудармалары [28] арқылы пайдалансақ, араб-парсы деректерінің бір тобын, атап айтсақ, Әбу Дулаф, Гардизи, Ибн әл-Асир, Ибн әл-Факих, Ибн Хаукаль, Ибн Хордадбек, Әл-Идриси, Истахри, Әл-Йакуби еңбектерін С. Л. Волиннің [29] жариялауымен пайдаландық. Ортағасырлық саяхатшы А. Фадланның жазбаларында түркілердің діні, олардың арасында исламның таралуы жайлы құнды мәліметтер бар [30] .
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Көне түркі-қазақ өркениетінің тарихи сабақтастығы мен байланыстарын тарихи негіздерін қарастыру жұмыстың басты мақсаты борлып табылады. Айқындалағн мақсатымызға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді белгіледік:
- Түркілердің далалық өркениетінің қазақ тарихындағы орны мен рөлін айқындау;
- Отаршылдық саясаттың түркі өркениетін зерттеуге тигізген кері әсерін көрсету;
- Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің сипаттамасын қарастыру;
- Түркілердің әдеби мұрасы - қазақ халқының рухани қазынасы ретіндегі орнын талдау;
- Қазақ жеріндегі жазудың пайда болуының мәселесі және көне түркілердің әліпбиінің мәселелерін пайымдау;
- Ежелгі түркілердің наным-сенімдері - қазақ халқының рухани-мәдени ұстанымдарының негіздері ретінде қарастыру;
- Көне түркілердің жазбаларындағы дүниетанымдық көзақарастары мен құндылықтар жайлы түсініктерін талдау жасау.
Бітіру жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспе, негізгі үш тараудан (барлығы - 7 тармақшадан) және қорытынды бөлім мен пайдаланаған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады
1 ТАРАУ. ТҮРКІ-ҚАЗАҚ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Қазақ тарихы - түркілердің далалық өркениетінің құрамдас бөлігі
Соңғы 10-15 жыл төңірегінде Отан тарихына, әсіресе көне кезеңдеріне байланысты түрлі пікір қақтығыстары болып өтті. Ал осы қайшылықты көзқарастардың болуын толық табиғи құбылыс ретінде қабыл алғанымызбен, дамудың негізінде ұлт тарихының бастапқы кезеңдерінен бүгінгі күніне дейінгі аралығындағы сабақтастықтың ғылыми нұсқасын жасауда әлі де болса кемшіліктер орын алып отырғандығын мойындауымыз керек
Бұл ретте ежелгі замандарда қазақ жерінде тамыр жайған сақ, үйсін, қаңлы мәдениеттері мен бүгінгі қазақ мәдениеті арасындағы немесе түркілер қағанаты (Батыс және Шығыс) Қарахандар мемлекеті мен Қазақ мемлекеттігі арасындағы тарихи сабақтастық жаңа ғылыми методологиялық тұрғыдан қорытылғаны тиімді, сондай-ақ бұл процесс қазіргі кезеңде жүріп жатыр. Мысалы, б. з. д соңғы мың жылдықта қазақ жерінің Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс тіптен Оңтүстік Орал мен таулы Алтайға дейінгі аралықты мекендеген сақ елінің тегі мен сөйлеген тілі жөнінде түрлі өзара қайшылықты тұжырымдары бар. Ғылыми пікір-таласқа түсушілердің бір жағы сақ елін Иран тілді мәдениетке жақындатса, екіншісі сақтарды түрік тілді халыққа бейім дейді. Сонда тарихи шындық қай жағында? Мұндай мазмұндағы пікір қайшылығының тууы, біздіңше, жоғарыда айтылғандай сақтар өмір сүрген мезгіл ерекшелігін тура түсіне алмаушылыққа да байланысты. Шындығында, б. д. д. мың жылдықтың екінші жартысындағы парсылар мен сақтардың мәдениеті қалыптасуы кезеңінде тұрған, яғни белгілі дәрежеде тіл мен салт-дәстүрдің, басқа да мәдениет салаларының балаң дәуірі болатын. Парсылар мен сақтарды өзара бөліп немесе жақындастырып тұрған ислам діні де бұл кезде жоқ еді. Сондықтан да олардың тілі мен мәдениетінде сол тарихи мезгілге лайық өзара жақындық, үндістік басым еді. Жеке тұлға ретінде саналы өмір есігін енді ғана ашқан сәби өзіне қажетін қандай тез қабылдайтын болса, бұл тарихи мезгілдегі халықтарға да осы қасиет тән болды. Сондай-ақ олардың арасында араласу процесі жүріп жатты. Парсы және түркі тілдеріне бірдей тән көптеген сөздер мен ұғымдардың басым бөлігі сөзсіз осы мерзімде өмірге келіп, кейін түрік және парсы тілдерінің төл сөздеріне айналды. Ұлы наурыздың жыл басы ретінде көрші халықтар арасында мойындалуы да осы мезгілге тән болса керек. Осы пікірді ғұн, моңғол және түркі халықтарының арақатынасына байланысты да айтуға болады. Біздің дәуірімізге дейінгі мыңжылдықтың соңы және біздің дәуіріміздің алғашқы мыңжылдығына бұл халықтардың арасында да жоғарыда айтқан сақ пен парсы халықтары арасында жүрген өзара араласу және ықпалдасу процесі байқалады
Басқаша айтқанда, тарихтағы сақ, оның ізін ала келген ғұн, үйсін және қаңлы кезеңдері бүгінгі қазақ және басқа Орталық Азия халықтарының, олардың мәдениеті мен тілінің бастапқы қалыптасу дәуірі болды. Яғни олардың ең кем дегенде 3 мың жылдық тарихында үзіліссіз жүріп отырған сабақтастық, ортақ өзек бар. Осы орайда көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді. Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең байтақ даласын алғашқы қауымдық құрылыс тұсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын түрлі тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Бұл өлкенің табиғаты, ауа-райы, кен байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. Сонау қола дәуірінің өзінде түрлі тайпаларынан мал өсірушілеодің бөлініп шығуын Ф. Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтардеген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларды мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын [31, 204-228 бб. ] . Сол кезде-ақ қызыл - қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға т. б), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған. Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” (Шымкент облысы) шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі жоғары болғ, анын аңғартадыСақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған “Алтын обадан” табылған зергелік-әшекей бұйымдардың кейбір бөлшектері мен суреттерінің өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады.
Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер - үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шянь таулары, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстық көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен, ордасы “Қызыл алқап” қаласы Ыстықкөл маңында болдыҚаңлылар - Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті. Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар ұлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мәдениеті деп аталады [31, 320-331 бб. ] . Атақты тарихшы С. П. Толстов кезінде археологиялық және жазба деректерге сүйене отырып, бұл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті сол кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсетті [32] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz