Шайбани ханның қазақтарға жасаған жорықтары


Шайбани ханның қазақтарға жасаған жорықтары
Мазмұны
Кіріспе3
І Тарау. Шайбани ханның шығу тегі13
ІІ Тарау. Шайбани ханның сұлтандық дәуірі20
ІІІ Тарау Орта Азияда Шайбани әулетінің негізін қалаушы алғашқы ханы (1500-1510) 33
Қорытынды53
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:55
Кіріспе
Әрбір халықтың тарихында бұрындары болып өткен, тарихи оқиғалар бар. Әр тарихи оқиға өзіне әсер етуші фактордың маңызына қарай, сол халықтың тарихында белгілі бір маңызға ие болады. Тарихи сананың орнығуы мен дамуы, нығаюы мен тереңдеуі ұлт тарихының терең қойнауларындағы асыл-маржандары мен байлықтарын игерумен, зерделенумен қатар жүрендіктен, тарихшылар да бұл іске белсене ат салысады. Өз ізденістерін олар ұлт тарихының белгісіз беттерін ашуға, оны ел игілігіне жаратуға жұмсауда.
Қазіргі таңда еліміз егемендік алғаннан кейін өткен тарихымызға жаңа тәуелсіздік тұрғыдан қарап шынайы баға беруге қол жеткізіп отырмыз. Қазақстан тарихында, оның ішінде орта ғасырлық дәуірде зор маңызға ие болған тарихи оқиғалар жеткілікті, солардың қатарында ерекше орын алатын, ірі оқиға - Қазақ хандығы дәуірі.
Қазақ хандығы дәуірі (XV-XVІІІғғ), Қазақстан тарихындағы қызықты да, өзекті кезеңдердің бірі деп айтсақ шатаспаймыз. Себебі, бүгінгі таңдағы Қазақстан мемлекетінің, мемлекет болып қалыптасуы тікелей осы кезеңнен бастау алады. Қазақ хандығы дәуірі, өзінің саяси тарихында сан қилы. Соның бір кезеңі, XVІ ғасырдың бас кезеңі. Дәл осы кезеңде қазақ хандығына, ”көшпелі өзбектер” мемлекетінің негізін қалаушы Әбілқайыр ханның немересі/1/, Шыңғыс ханның ұрпағы, Шайбаннан тараған, Мұхаммед Шайбани хан тарапынан бірнеше жорықтар жасалды. 1504-1510жж аралығында Орта Азияда жаңа әулеттің негізін қалаған және Дешті-Қыпшақтан шыққан Шайбанилық Мұхаммед Шайбани хан қазақ хандығын бағындыру мақсатымен төрт рет жорық ұйымдастырды. Негізінен Мұхаммед Шайбани хан тарапынан жасалған жорықтардың басты мақсаты Қазақ хандығын жою болды. Сонымен көріп отырғанымыздай сол тұстағы, XVІ ғасырдың басындағы қазақ хандығының басты қарсыласы Мұхаммед Шайбани хан болды. Мұхаммед Шайбани хан өзінің атасы Әбілқайыр ханның билігін Шығыс Дешті-Қыпшақта қайта қалпына келтіруге талпынды. Мұхаммед Шайбани хан өз кезегінде тек талантты қолбасшы болып қана қоймай, сонымен қатар саясаткер де болған. Бұл туралы А. А. Семенов былай деп жазады: «…Бұнымен бірге мынаны да атап өтуге болады, яғни Шайбани хан тек қана қолбасшы болып қана қоймай, сонымен қатар саясаткер де болған. Ол өзіне табыс әкелетін жағдайды, өз пайдасына шешіп отырды». /2/
Мұхаммед Шайбани ханның Қазақстан тарихындағы, соның ішінде Қазақ хандығы дәуірінде, ерекше орын алады деп айтуға болады. Себебі, Мұхаммед Шайбани хан өзінің қазақтарға жасаған жорықтарына үлкен мән берген, себебі, Қазақ хандығы, сол XVІғасырдың басында бүкіл Орта Азия мен Дешті-Қыпшақтағы қуатты мемлекеттің бірі болатын.
Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі де осында болып табылады. Бітіру жұмысының басты мақсаты, Мұхаммед Шайбани ханның шығу тегі жайлы, оның сұлтандық дәуірі жайлы, және де 1500-1510жж аралығындағы оқиғаларды жан - жақты қарастыру, және де, бітіру жұмысының мақсаттары ішіне -Шайбани ханның жорықтарының тарихи уақыттарын анықтап, бір жүйеге келтіру, әр жорықты тудырған себептерді және әр жорықтың алдына қойған мақсатын анықтау, сондай-ақ XVІғасыр басындағы Мауреннахрдың Қазақ хандығымен жүргізген саясатының сипатын білу болып табылады. Онда да зерттеулер мен деректерді қарастыра отырып мәнін ашу. Негізінен XVІ ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап, соңғы жылдарына дейін Дешті Қыпшақ пен Мареннахр арасындағы саяси қарым -қатынастың негізгі өзекті мәселесі -Сыр бойына иелік ету үшін жүргізген күрес болып табылады. Бұндағы Мауреннахр тарапынан жасалып отырған күрестер, осы бітіру жұмысының тақырыбыны тікелей қатысты Мұхаммед Шайбани хан тарапынан болып табылады.
Бізге белгілі XVІ ғасыр басында Орта Азия тарихында ірі саяси жағдаймен белгілі, яғни Темірліктер әулетінің құлауымен және оны Қазақстан территориясынан шыққан көшпелі өзбектердің басшысы Мұхаммед Шайбани ханның жаулап алуымен белгілі. Бұл жағдай әрине сол замандағы шығармаларға әсер етпей қоймады. Онда да ол шығарма авторларының біразы, сол оқиғаның тікелей қатысушылары да болып табылды. Бір жағынан Шайбани ханның өз істерін мәңгілікке қалдыру үшін, өзіне арнайы шығарма арнауын қалады. Нәтижесінде келіп XVІ ғасыр басында өлең түрінде, поэма түрінде және прозалық шығарма түрінде көптеген еңбектер жазылды.
Олардың қатарына Масуд бен Османи Кухистанидың “Тарих-и Абулхайр-хани”, Бенаидың “Фатухат-и-хани”, және “Шайбани-наме” шығармасы, Мұхаммед Салихтың “Шайбани-намесі”, Шәді молданың “Фатх-намесі”, анонимді авторлы еңбек “Таварих-и гузида -Нусрат наме”, Рузбехан Исфаханидың “Михман-наме-и Бухарасы” Абдаллах бен Мұхаммед бен әли Насруллахидың «Зубдат аль-Асрар» еңбектері жатады.
Жоғарыда аттары аталып өткен авторлар басында Темір әулетіне қызмет еткен, ал Шайбани хан келгенен кейін, оның жағына шығып, сарай маңындағы ақындар мен тарихшылар қызметін атқарды. Шайбани ханның айтқанына көне отырып, олар мадақтау түрінде Шайбани ханның Мауреннахрға, Хорасанға, Хорезмге жасаған жорықтарын және де Дешті Қыпшақтағы билік үшін сұлтандармен жауластығын жазды. Онда да шығарманы жазушылар Шайбани ханның қарсыластарына қатысты мәселені обьективті түрде қарастырмайды. Шығарма авторлары Шайбани ханның жеңістерінне нақтылы жан жақты тоқталып өтеді де, оның жеңілістері туралы жабулы қазанды жабулы күйде қалдырады. Бұған дәлел ретінде Б. Кәрібаевтың “Шайбани ханның қазақтарға жасаған төрт жорығы” атты мақаласынан көруге болады, бұл мәселе жөнінде бітіру жұмысының үшінші бөлімінде қарастырылып өтеді, ал осы тұста бұл туралы қысқаша айтып өтер болсақ. Шайбани ханның қазақтарға қарсы үшінші жорығын баяндай отырып, Рузбихан Бұрындық хан қашты деп көрсетеді, ал Б. Кәрібаев Бұрындық ханды қашқан жоқ, ол тек әскери тәсіл дап көрсетіп өтеді/3/
Аталып өткен шығармалардың ішінен, ”Тарих-и Абулхаир-хани”, ”Михман-наме -и Бухара” және “Зубдат аль-Асрардан” басқа шығармалар бір уақыттың ішінде жазылған, XVІ ғасырдың басында, және де шығармаларда Шайбани ханның жас шағынан бастап XVІ ғасыр басына дейінгі істерін баяндайды. Шәді өзінің “Фатх-намесінде” оқиғаны 1501 жылға дейін баяндайды, Бенай өзінің “Шайбани-намесінде” 1505 жылға дейін, ал анонимді автор өзінің “Таврих-и гузида нусрат-намесінде” оқиғаны 1504 ж дейін баяндап өтеді. Бірақ бұл тұста шығармалар бір тұста жазылды және бір оқиғаны баяндайды дей келіп, шығармалар бірін бірі қайталайды екен деп ойламау керек. Олар бір уақыттағы, бір оқиғаны баян ете отырып, көп жағдайда бірін бірі толықтырады және оқиғаны тереңдетіп қарастырады. Бенай мен Шәді анонимді авторға қарағанда Шайбани ханның Дешті Қыпшақтағы билік үшін күресін нақтылай баяндайды. Кейбір мәселелерді жазу барысында авторлар арасында өзара келіспеушіліктер туады, яғни авторлар өздері жазып отырған оқиғаларға тікелей қатыспаса да, оны Шайбани ханның өзінен немесе маңайындағылардан естіп жазуларына байланысты. Мысалы Шәді молданың еңбегінде Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін таққа Иадгар келді, бірақ тақта ұзақ отырмайды, одан кейін таққа Әбілқайырдың ұлы Шайх-Хайдар келеді дейді. /4/
Сонымен бірге Бенай өз еңбегінде Шайбани ханды қолдаушы бірқатарын келтіріп өтеді, яғни Шайбани ханды жақтаушы тайпалар ханмен бірге Өзбекстан территориясына кеткендігін жазады ол тайпалар мыналар еді - кушчи, найман, ұйғыр, күрлеүіт, дұрман, қият, тұман, маңғыт, қоңырат, қытай, таңғыт, чинбай, шункарлы, шадбаклы деп атап өтеді. Бенай мәліметі бойынша тек өзбек халқының қалыптасуын ғана емес және де қазақ халқының да қалыптасуын біле аламыз. Сонымен қатар Масуд бен Османи Кухистанидің “Тарих-и Абулхайр-хани” еңбегі арқылы, біз XVІ ғасырдың 30-60 жылдарындағы Қазақстан территориясындағы қандай тайпалар мекендегенін және де Шайбани ханды қандай тайпалар қолдағаны жөнінде мәліметтер біле аламыз .
Бенайдың “Шайбани-намесінде”, басқа шығармалардан айырмашылығы XVІ ғасырдын екінші жартысында Шайх-Хайдар хан билік еткен кездегі, Қазақстанның ішкі жағдайы нақты айтылады . Бенайдың хабарлауы бойынша, Шайх-Хайдар хан тұсындағы, өзбек ұлысындағы шиеленістің шығу себебін көрсетеді, яғни ол себеп: ”мемлекеттегі басқару және сұлтандық ережелері, ақсақалдар дәстүріне және тәртібіне сай келмеді “, деп көрсетеді . /5/ Одан ары қарай автор өз еңбегінде кезінде Әбілхайрға қызмет көрсеткендер, Шайх-Хайдарға мүлдем бағынбағаның айтып өтеді.
Соныменен Бенайдың, Шәді молданың және де анонимді автордың еңбектерінің ерекшеліктері осылар болып табылады. Ал, енді кейінгі оқиғаларында олар бірін-бірі көбіне қайталайды. Бұлар компелятивті дерек болса да, оларда жаңа мәліметтерді де көруге болады. Мысалы “Фатых-намеде” алғашқы екі деректе кездесетін қателіктер қайталанбайды, алдыңғы екі деректе Барақтың ұлы Жәнібек пен Керей деп айтылса, соңғы деректе бұл қате қайталанбайды, себебі бұл кезде Керей өліп қалған, сол себепті де, деректе Барақтың ұлы Жәнібек деп айтылады да, Керей айтылмайды.
Енді келесі Қазақ хандығы мен Мауреннахр арасындағы саяси қатынастар туралы, Шайбани ханның қазақтарға жасаған жорықтары туралы, баяндайтын ортағасырлық деректерге қысқаша тоқталып өтер болсақ. Бұл арада негізгі дерекке Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидын (1458/59-1521) “Михман-наме-йи-Бухара (Бұқара қонағының жазбалары) атты шығармасы жатады. Автор Шайбани ханға жақын адамдардың бірі болып, оның қазақтарға қарсы жасаған үшінші жорығына қатысады, және шығармада осы сапарда болған оқиғаларды баяндайды. Еңбек 1509 жылдың қаңтар-ақпан айларында Бұхарада басталып, 1509 жылдың 9-қыркүйегінде Герат қаласында аяқталады, яғни Шайбани ханның қазақтарға жасаған үшінші жорығының басталуы мен жазыла бастаған.
Бұл шығарманың маңыздылығы тек қазақтарға қарсы жүргізілген жорық жайын баяндаумен ғана емес, сонымен бірге, автор бұл шығармада қазақтар туралы қызықты баға жетпес мәліметтер береді. Қазақ хандары, олардың шежіресі, қазақтардың шығуы туралы, этнографиялық, географиялық сипаттағы деректер сондай-ақ, қазақтардың шаруашылығы, әдет-ғұрыптары, діні, қалалары, сусындары туралы деректер осы шығармада кездеседі.
Келесі дерек, Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидің (1499/1500-1551) “Тарихи Рашиди “ атты еңбегі. Бұл шығарманың қазақ халқының тарихында алатын маңызына, ғылыми құндылығына, кезінде, В. В. Бартольд, С. Асфендияров, С. И. Ибрагимов, Ә. Марғұлан және т. б шығыстанушы ғалымдарымыз тоқталып өткен.
Негізінен Дулати осы тақырыпқа, яғни бітіру жұмысының тақырыбына қатысты баға жетпес дерек қалдырған, дәлірек айтсақ, ол Шайбани ханның 1510 жыл қысында қазақтарға қарсы жасаған төртінші жорығы, және Қасым ханнан жеңіліп, қашуы туралы жазып қалдырады. Келесі дерек ортағасырлық тарихшы Абдаллах Балхидың (XV ғасырдың ІІ жартысынан- ХҮ ғасырдың І жартысы) “Зубдат ал-асарда“ (жылнамалар жинағы) атты шығармасы жатады. Деректе, автор Шайбани ханның Дешті Қыпшаққа қарсы жасаған төртінші жорығының мақсаты және жорықтың барысымен Шайбани хан әскерінің қазақтардан жеңіліп, Самарқанға дейін қашып келуі туралы жазады. Келесі дерек Масуд бен Осман Кухистанидің “Тарих-и Абулхайр-хани“ еңбегінде ХҮ ғасырдың 30-60 жылдарындағы ішкі саяси жағдайда айтатынын біз жоғарыда айтып өттік. Деректе Әбілхайр ханның жастық шағы, 1457 жылғы Сығанақ түбіндегі шайқас және Әбілхайр ханның қайтыс болған жылы туралы мәліметтер кездеседі. Деректерге шолу барысында, сонымен бірге Темірлік әулет (1370-1500) дерегіне жататын Бабырдың “Бабырнама” еңбегіне тоқталып өтер болсақ. Еңбек авторы Захир ад Дин Мұхаммед Бабыр еңбегі мемуарлық сипатта жазылған және де еңбек субьективтіліктен көрі обьективті түрде жазылған. Сонымен деректерге байланысты бір тұжырымға келер болсақ, бітіру жұмысының тақырыбы бойынша дерек қоры мол деп айтуға болады. Бұл тұста айта кетер бір жағдай, Қ. Атабаев әр кезде ескерту жүретін ережені есте ұстау керек, яғни қайсы бір деректі пайдалану барысында, оны ең алдымен деректанулық талдаудан және деректанулық сыннан өткізу керек. Қайсы бір оқиғаны жазу барысында, тек бір дерек бойынша ғана сол оқиғаны қарастырмай, бірнеше деректерді қарастырып салыстыра отырып, оқиғаны жазу керек. Бұл қағидаларды ұстану әрбір кәсіби тарихшыға тән деп ойлаймыз.
Әр ғасыр адамзат баласының және жеке халықтардың тарихында өзіндік ерекшеліктермен, дүбірге толы ұлы оқиғалармен ерекшеленетіні белгілі. Қазақ халқы үшін кейінгі ортағасырлардың басты оқиғаларына: ХҮ ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы, ХҮІ ғасырда Сыр алабы үшін күрес және т. б. оқиғалар жатады. Ал бұндай маңызды да, өзекті оқиғалар осы кезеңді зерттеуші тарихшылардың еңбектерінен тыс қалмайды. Енді тарихнамаға келер болсақ, негізінен бітіру жұмысын жазу барысында біраз зерттеу жұмыстары пайдаланылды. Солардың ішінен негізгі зерттеулерге тоқталып өтер болсақ, А. А. Семеновтың /6/ еңбектері осы тақырыпқа байланысты құнды еңбек деп айтсақ шатаспаймыз. А. А. Семенов өз еңбегінде, Шайбани ханға қатысты жан-жақты қарастырып өтеді. Ол өз еңбегін жазу барысында көптеген деректерді пайдалана отырып, мәселенің мәнін аша білген. А. А. Семенов осы кезеңге қатысты талас тудыратын мәселелерді де қарастырып өтеді. Мысалы “ өзбек “ сөзіне байланысты талас тудырған мәселе бітіру жұмысының І-тарауында айтылып өтеді, қысқаша айтып өтер болсақ. А. А. Семенов, Б. Г. Гафуров, Б. А. Ахмедов, сияқты зерттеушілер “өзбек “ терминінің шығуын, Алтын Орданың ханы Өзбек хан есімімен еш байланысы жоқ екенін дәлелдесе, А. Ю. Якубовский, Б. Д. Греков сынды зерттеушілер “өзбек” сөзінің шығуы, тікелей Өзбек хан есімімен байланыстырады. А. А. Семенов өз еңбегінде Шайбани ханның шығу тегін тікелей шежіре арқылы көрсетпесе де, оның этникалық құрамы туралы құнды мәліметтер келтіреді. Мұхаммед Шайбани ханның сұлтандық дәуірі де, яғни Әбілхайр хан одан кейін оның баласы Шайх-Хайдар хан өлгеннен кейін, Мұхаммед Шайбани ханның өмірі де айтылады. А. А. Семенов еңбегінің мәліметтері А. Ю. Якубовский, Б. Г. Гафуров, Б. А. Ахмедов еңбектерінде Шайбани ханға қатысты мәселелер қозғалғанда сілтемелерінде келтіріп өтеді.
Шайбани ханның шығу тегі жайында және де оның жеке басының қасиеттері жайында мәліметтер С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтанов /7/ еңбектерінде де беріліп өтіледі. Еңбекте Шайбани хан Әбілхайр ханның немересі екендігі жайлы, оның Бұрындық ханмен ұрыстары жөнінде мәліметтер беріледі. Бірақ А. А. Семенов еңбегіндегі мәліметтердегідей, бұл еңбектегі мәліметтер толықтай емес, қысқаша түрде беріліп өтеді.
Мұхаммед Шайбани ханның жасаған жорықтары туралы, құнды материал Б. Б. Кәрібаевтың мақалалары болып табылады. /8/ Б. Б. Кәрібаевтың мақалаларында Шайбани ханның жорықтары, оның себептері, мақсаттары өте жақсы қарастырылып өтеді. Б. Б. Кәрібаевтың мақалалары Мұхаммед Шайбани ханның қазақтарға жасаған төрт жорықтары бойынша түсінікті және де өте жоғары деңгейде жазылған. Б. Б. Кәрібаев мақаласында Шайбанидың жорықтарының қандай сипатта болғаны да көрсетіліп өтіледі. Б. Б. Кәрібаев өз мақалаларында Мұхаммед Шайбани ханның қазақтарға жасаған жорығы эканомикалық, әскери, діни және идиологиялық сипатта болғанын атап көрсете отырып, олардың әр-қайсысына жеке-жеке тоқталып, шығу себебін, мақсатын бәрін айқын түрде көрсетіп өтеді.
Қалған зерттеу еңбектерінде негізінен бұл оқиға қазақ хандығы дәуіріне жатқандықтан, көбіне қазақ хандығы тарихы бойынша айтылып келіп, Шайбани хан туралы өте қысқа мәлімет береді, негізінен саяси тарихқа байланысты. Б. А. Ахмедовтың /9/ еңбегінде негізінен Әбілхайыр ханның кезеңі жан-жақты қарастырылып өтеді. Бірақта басқа аталмаған еңбектерге қарағанда, еңбекте Шайбани ханға қатысты саяси тарих біраз қарастырылады.
Енді бітіру жұмысының құрылымына келер болсақ. Негізінен бітіру жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және сілтемелерден тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан құралады. І тарау: Шайбани ханның шығу тегі; ІІ тарау: Шайбани ханның сұлтандық дәуірі; ІІІ тарау: Орта Азиядағы Шайбани әулетінің негізін қалаушы- алғашқы ханы (1500-1510) . Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсат-міндеті және деректер мен тарихнамаға шолу және де, бітіру жұмысының құрылымы беріледі. Ал, тарауларда тақырыпқа сай мәселелер қарастырылады.
І Тарау. Шайбани ханның шығу тегі
Тарихи оқиғалар маңыздылығына қарай бөлініп, жіктеліп те жатады. Кейбір тарихи оқиғалардың маңыздылығы белгілі бір кезеңнің ішіндегі даму процесіне әсер етумен шектеліп қана қойса, ал кейбіреулері бүкіл бір тарихи дәуірдің барысына ықпал жасайды, сол дәуірдің негізгі мәндерін қалыптастыруда роль атқарады. Мұндай тарихи оқиғалар тарихи дамудың барлық жақтарына да өзінің ықпалдарын тигізеді. Қазақстан тарихында, оның ішінде ортағасырлық дәуірде зор маңызға ие болған тарихи оқиғалар жеткілікті. Солардың қатарында ерекше орын алатын, ірі оқиға - Қазақ хандығы дәуірі (ХV-ХVІІІ ғ. ғ. ) деп айтсақ шатаспаймыз.
Осы қазақ хандығының ХV ғасыр аяғы-ХVІ ғасыр басындағы саяси тарихы сан қилы. Дәл осы кезеңде ХVІ ғасыр басында, қазақтарға өзбектер, яғни Мұхаммед Шайбани хан тарапынан бірнеше жорықтар жасалғаны аян, бұл мәселелер жайлы кейінгі тарауларда баяндалып өтіледі, ал енді, осы тарауға тікелей қатысты, жоғарыда аталып өткен Мұхаммед Шайбани ханның шығу тегіне тоқталып өтелік, бірден гениологияға тоқталмас бұрын, бірінші этникалық мәселеге келер болсақ. Ең алдымен «өзбек» сөзіне тоқталып өтер болсақ. А Вамбери өзінің «История Бұхары» атты еңбегінде Әбілғазыға сүйене отырып, өзбек сөзін, Алтын Орда ханы Өзбек ханға байланысты шықты деп көрсетсе, В. В. Григорьев бұған қарсы шығып, бұл пікірді жоққа шығарады. /10/ Жоғарыда айтып өткендей Вамбери Әбілғазы мәліметіне сүйенеді дедік, енді сол мәліметті келтіріп өтер болсақ: “ Тоқтағу хан өлген соң Өзбек хан болды. Елді он үш жасында ата-бабасының дәстүрімен басқарды. Әркімнің мәртебесіне қарай құрмет көрсетіп, сыйлықтар берді. Елдің ұлыс-ұлысын исламға кіргізді, халықтың дәулеті артты. Одан соң барша Жошы елі өзбек атанды”/11/
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz