XX ғасырдың 20-шы және 30-жылдардың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдай


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

I ТАРАУ. КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ АСЫРА СІЛТЕУЛЕР10

1. 1 Әлеуметтік дамудың кеңестік басты бағыттары10

1. 2 Ірі байларды меншігінен айыру және оның зардаптары18

1. 3 Ауқатты шаруаларды жау тап ретінде жою23

II ТАРАУ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ XX ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ33

2. 1 Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы және оның негізгі бағыттары33

2. 2. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру және оның зардаптары37

2. 3 Кеңес үкіметінің Қазақстандағы әлеуметтік саясатының нәтижелері44

2. 4 Қазақстандағы Кеңес үкіметінің саясатына қарсы наразылықтар, толқулар мен көтерілістер53

ҚОРЫТЫНДЫ58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі62

ТҮЙІН

Дипломдық жұмысында XX ғасырдың 20-шы және 30-жылдардың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына арналған.

Тақырыпты зерттеу барысында Маркстік-Лениндік

концепциядан бас тартып, қазіргі заман талабына сай жаңа деректер тұрғысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасалынған.

Беттер саны, әдеби деректемелер.

РЕЗЮМЕ

В дипломной работе отражено социально-экономическое положение Казахстана 20-30гг. ХХв.

В научной работе удалена Марксистско-ленинская концепция, а использованы новые источники, которые объективно показывают социально-экономическое положение 20-30 гг.

Количество страниц, литературных источников

КІРІСПЕ

Нәубет. Зұлмат. Ашаршылық. Тәркілеу. Асыра сілтеу. Өткен XX ғасырдың 20-30 жылдардағы қазақ қоғамының тарихына осындай қасіретті сипаттама беріліп жүр. Әсіресе «ақтаңдақтар» деген үғым ерекше ой салады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі халқымыздың әрбір көзі ашық азаматын сол кезеңдегі соқпақты тарихымызға тереңірек үңілуге еріксіз жетелейтіндей. Себебі тарихының «ақтаңдақ» беттері бар халықтың тарихшыларының өтелмеген борышы бұл мамандықты игерген бірде-бір қандасымызға тыным бермесе керек. Сол парыздың ауыр салмағын болашақ тарихшы ретінде өзім де көтеруге тиіспін деген оймен алғашқы ғылыми қадамымды осы ақтаңдақтардың орнын толтыруға талпыныстан бастауға тәуекел етіп отырмын. Диплом жұмысын жазу барысында Қазақстанның аталған кезеңдегі элеуметтік-экономикалық дамуына жаңа көзқараста талдау жасауда алдыма мақсат етіп қойдым.

Әрине, бірден айта кету керек, XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан тарихы тарихшылардың назарынан тыс қалғандығынан, зерттелмегендігінен немесе жазылмағандығынан «ақтандақ» бет болып отырған жоқ. Керісінше Кеңестік дәуірдегі тарихымыз өте көп зерттеліп, көп жазылған, әлі де жазылуда. Ең бастысы оның қалай зерттеліп, қалай жазылғандығында болып тұр. Мәселенің бұлай қойылуының себебін түсіну үшін тақырыптың зерттелу методологиясына үңілуге тура келеді.

Кеңестік дәуірде тарих ғылымы да әдебиет сияқты партиялық болғандығы, яғни сол еңбектер жазылған уақыттағы партия басшылығының көзқарастарын білдіру тұрғысынан жазылып келген болатын. И. Сталин тұсында бұл кезең шиеленіскен тап күресі жағдайындағы социалистік қайта құрулар дәуірі ретінде, ал атқарылған іс-шаралар мешеу қалған ұлт аймағын әлемдік өркениетке тарту мақсатын көздеген аса прогрессивті тарихи қажеттілікті іске асыру ретінде бағаланды. Сан миллиондаған адамдардың құрбандыққа шалынғандығын, санын көпе-көрнеу кеміту арқылы болмай қоймайтын тап күресінің заңды шығыны және зиянкес элементтердің (бай-құлақтардың, ұлтшылдар мен діндарлардың) қаскөйлік әрекеттерінің құрбандары ретінде түсіндірілді. Н. С. Хрущев бұл кезеңдегі асыра сілтеушілікті әшкерелеу тұрғысынан қарауды талап еткен болса, 60-70 жылдарда брежневтік тарихнама бұл кезеңнің көлеңкелі тұстарын ғана емес, көлеңкелі қайраткерлерін де ауызға алмай, айналып өтуді әдетке айналдырды. Сөйтіп кеңестік дәуірдегі тарихнама қоғамдағы әлеуметтік-саяси науқандарға біржақты баға бере отырып, сыңаржақ пікір қалыптастырды. Идеологиялық қатаң бақылауға бағындырылған қоғамдағы ғылымның сол идеологиялық тар шеңберден шыға алмауының себебі де түсінікті. Біріншіден, саяси басшылықтың ой еркіндігін, сөз бостандығын саяси қуғындау қаупімен тиып отырса, екіншіден, бұл кезеңдегі ахуалдан нақты мәлімет беретін деректер зерттеушілердің қолы жетпес құпия мұрағаттарда "аса құпия" айдарымен жасырын сақталды.

Сан миллиондаған сананы тұмшалап келген КСРО-дай алып империяның күйреуі нәтижесінде ғана тәуелсіздікке қол жетіп, еркін ойлауға мүмкіндік алған 90-шы жылдары тарихшы ғалымдар алдында жаңа методология таңдау қажеттігі туды. Маркстік-Лениндік деп аталып келген концепциядан бас тартып, жаңаша методологияны ресейлік ғалымдар ұсынып отыр. Аталмыш тақырыбымызда үздіксіз еңбектеніп жүрген профессор Т. Омарбеков осы орайда рпофессор В. А. Муравьевтің ұсынған екі жолына назар аударуға тұрарлығын айтады. Ол Р. Б. Казановтың "Кентавр" журналының 1993 жылғы №2 санында "Источниковедение XX столетия" атты мақаласына сілтеме жасай отырып, осы екі жолға талдау жасайды. Бұл екі жолдың біріншісі-өткенді және бүгінді жаңа парадигма негізінде, жаңа проблемалар қою арқылы ой елегінен өткізу, ал екінші жол - ғылыми айналымға барлық деректерді тұтастай енгізу. Егер тарихи деректерді адамзат қызметінің нәтижесі ретінде қарастыратын түсінікке жүгінер болсақ, мұндай көзқарас дәуірді және адамды дәлме-дәл оның іс-әрекетінің нәтижесі ретінде зерттеуге мүмкіндік береді1. Автор аталған жолдардың алғашқысы үстемдік еткен идеологияның қысымымен және саяси конъюктураның ықпалымен бұрмаланған деректік құжаттарды жаңаша ойлау тұрғысынан ой елегінен өткізуді білдірсе, соңғысы осы кезге дейін жабық болып келген деректерді талдап, зерттеуге мүмкіндік беретінін айтады. Т. Омарбеков аталған еңбегінде келесі бір ұсыныстың профессор О. М. Медушкевская тарапынан түсіп отырғандығын айта отырып, ол кісінің "адам-шығарма-адам" түрінде бейнелеуге боларлық жүйенің назар аударуға тұрарлық екенін ескере отырып, дегенмен бұл жүйенің Қазақстан ғылымдарының ішінде 20-30 жылдардың деректерін жүйелеп, зерттеген ғалымдардың әзірге жоқтығынан. Есесіне ресейлік ғалымдар тарапынан түсіп отырған және бір ұсынысты қолдануға тұрарлық екендігін атап өтеді. Бұл тәсіл деректерді жіктеуде "адам-қоғам-мемлекет" үштігі жүйесінде қарастыруды ұсынады2. Бұл жүйенің құптарлық қасиеттерінің бірі ретінде автор бұрынғы иерархиялық жүйеден айрылып, марксизм-ленинизм классиктері мен КОКП жетекшілерінің еңбектерінің тарихи деректердің ерекше түрі деп орынсыз дәріптеуден ада екендігіне назар аударады, және осы жүйені басшылыққа алғанды жөн көреді. Өз кезеңінің мәліметтерін шебер пайдалана білген ол қайраткерлер өздері өмір сүрмеген XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы процесстерді түсіндіріп береді деу артық болады десе, өзін сол тұлғалардың ізбасар шәкірті санайтын И. Сталиннің дәл осы кезеңге қатысты еңбектеріне бұлай қарауға болмайтынын ескертеді. "Шаруалардың меншігінен күштеп айырудың, зорлап ұжымдастырудың және көшпелілерді еріксіз жаппай отырықшыландырудың идеялық және рухани жетекшісі болған И. Сталиннің шығармаларының деректік, тарихи танымдық ролі бар екендігінің күдік туғыза қоймайтындығын»3 алға тарта отырып автор өзінің жоғарыдағы пікірін дәйектейді. XX ғасырдың 20-шы және 30 жылдардың басындағы Қазақстанның тарихын компексті түрде зерттеп жүрген бірден-бір маман ретінде, осы күнге дейін жарияланған көптеген

еңбектердің авторы ретінде ғана емес, тәжірибелі ғалымның таңдауының көкейге қонымдылығын назарда ұстай отырып, біз Ғ. Мүсіреповтың, М. Ғатаулиннің, М. Дәулетғалиевтің, Е. Алтынбековтың, Қ. Қуанышевтің, Б. Айбасовтың, Ғ. Тоғжановтың, О. Жандосовтың И. Сталинге және Л. Мирзоянға4 жолдаған хаттарының »жаппай басқыншылық пен аштықтың себептерін дәлірек анықтауға көмектесіп қана қоймай, осы апаттың демографиялық көлемін анықтауға қажетті сандық мәліметтер беретінін де атап өткен жөн» Об итогах июнского плнума ЦК ВКП(б) . Доклад товарищ У. Исаева на собрании Алма-Атинского партактива 6 июля 1931г А. А., 1931. Курамысов И. На путях социалистического переустройства Казахского аула. А-А., 1931. Кулумбетов У. Переход на оседлость в Казахстане-Вопросы оседания кочевников. Сб. статей и материалов. Под. ред. С. М. Диманштейна М., 19325 Сонымен қатар бұл топқа жекелеген азаматтардың сол кездердегі әкімшіл-әміршілдікке бой алдырған асыра сілтеушілікке наразылық білдірген арыз-шағымдар, хаттар да кіреді. Мысалы: Саяси жер аударылғандар В. Иогансен, О. Селихова, П. Семинин-Ткаченко, Ю. Подбельский, А. Флегонтовтардың КСРО OAK Президиумына 1932 жылы 1-ақпандағы; Н. Дүйсенбиновтың, И. И. Калининге 1932 жылы 10-ақпандағы; И. Х. Дворникованың И. И. Калининге6 сол кезде Ә. Жарасовтың 1928жылы 18 қазандағы шағымы7 т. б. құжаттар жатқызылып отыр. Сондай-ақ бұл топқа Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің тарих факультеті студенттерінің "32-нің зұлматы" тарихи экспедициясын ұйымдастырып, ел аралап, куәгерлер естеліктерін жазып алып, баспасөз беттерінде жарияланған материалдарын да енгізіп отырмыз8.

Деректік мәліметтердің, құжаттардың келесі тобына партиялық және қоғамдық ұйымдардың құжаттары кіреді. Партия ұйымының сол кезеңдегі деректік құжаттары негізінен Қазақстан Республикасының Президентінің

архивінде (ҚРПА) 141 қорда, Қазақстаннан Мәскеуге жолданған құжаттар бұрынғы Марксизм-Ленинизм институтының архивінде (Қазіргі аты-қазіргі заман тарихының құжаттарын сақтайтын және зерттейтін ресейлік орталық-ҚЗТҚСЗРО) жатыр. Ол құжаттарға біздің қолымыз жетпейтіндіктен ондағы мәліметтерді Т. Омарбековтың "20-30 ж. ж. Қазақстан қасіреті" атты монографиясында келтірілген үзінділерден ғана алып пайдалануға мәжбүр болдық. Дегенмен кейбір деректердің кезінде баспа бетінде жарияланғандары да бар. (Директивы КПСС и Совеского правительства по хозяйственным вопросам. Т. П М., 1957 Совет Одағы Коммунистік партиясы конференцияларының және пленумдарының қарарлары мен шешімдері. ІҮ Т. А., 1972 Қазақстан Коммунистік партиясы конференциялары мен пленумдарының қарарлары мен шешімдері. II Т. А., 1981) Алайда бұл деректерге әр кезеңдегі партия идеологтарының көзқарасына сай өнделіп, редакцияланып отырғанын ескеріп, сын көзбен қарау қажет. Екінші топтағы деректердің негізгі тобын партиялық аппаратқа және тек БК(б) П мүшелеріне арналған деректік материалдар құрайды. (Материалы к отчету Казахского краевого комитета ВКП(б) на ҮІ краевой партийной конференции. Кызыл-Орда 1927; Материалы к отчету Казахского краевого комитета ВКП(б) на УП Всеказахской партконференции. А., 1930; Важнейшие решения Казкрайкома ВКП(б) за 1933год. А., 1933) Сонымен қатар БК(б) П Қазақ Өлкелік комитетінің баспасөз органдары "Еңбекші қазақ", "Советская степь", "Большевик Казахстана", "Бюллетень Казахского Краевого комитета ВКП(б) ", "Қызыл Қазақстан" т. б. жарияланған материалдар.

Қоғамдық ұйымдар негізінен ет, астық тапсырысын орындау, отырықшыландыру және ұжымдастыру, сауат ашу сияқты науқандарда көмек көрсету үшін уақытша құрылып, мемлекеттік және партия ұйыдарының қолшоқпары қызметін атқарып, көңілге қонарлық құжаттар қалдыруға жарамады.

Күрделі әрі қарама-қайшылықты әлеуметтік-экономикалық процесстерді талдап білуде, әсіресе деректердің келесі, үшінші тобын

құрайтын мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар құжаттарының маңызы баға жеткісіз. Осы орайда бірінші ауызға алынатыны Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік камитетінің архивінде сақталған Қазақстандағы Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарманың өкілетті өкілдігінің (ПП. ОГПУ) деректік құжаттары. Бұларда әсіресе 1929-1931 жылдардағы Қазақстанда орын алған шараларды-күштеп меншігінен айыруға және ұжымдастыруға қарсы болған бұқаралық наразылықтардан нақты мағүлматтар беретін деректер арнайы топтастырылып, жүйеге түсірілген9. Бұл топты құрайтын деректердің келесілері ресми органдардың статистикалық мәліметтері, халық санағы, халық шаруашылығы мекемелерінің есебі т. б. аталған архивтерге қолымыз жетпейтін болғандықтан Т. Омарбековтың "20-30жж. Қазақстан қасіреті" атты кітабынан және М. Тәтімовтың 1988жылы Алматыда Қазақстан баспасынан жарық көрген "Цифрлар шежіресі"10 атты кітабынан алуымызға тура келді.

Міне осы деректерге шамамыздың келгенінше талдау жасай отырып, XX ғасырдың 20-шы жэне 30-жылдардың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын шынайы ашып көрсетуді - диплом жұмысын жазудағы басты мақсат етіп қойдық.

Диплом жұмысының жоспары кіріспеден, негізгі II тараудан және қорытындыдан тұрады. Бірінші тарауда: "Кеңес үкіметінің Қазақстандағы әлеуметтік саясаты және оны жүзеге асырудағы асыра сілтеулер" деп аталынады. Мұнда әлеуметтік дамудың Кеңестік басты бағыттары; Ірі байлардың меншігінен айыру және оның зардаптары; Ауқатты шаруаларды жау тап ретінде жою мәселелері қамтылды.

Екінші тарауда : «Қазақ халқының XX ғасырдың 20-шы және ЗОжылдардың басындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның зардаптары» деп аталынып Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы және оның

бағыттары, Көшпелі және жартылай кешпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру және оның зардаптары; Мұнда Кеңес үкіметінің Қазақстандағы әлеуметтік саясатының нәтижелері; Қазақстандағы Кеңес үкіметінің саясатына қарсы наразылықтар, толқулар мен кетерілістер деген мәселелер қамтылды.

I ТАРАУ. КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ АСЫРА СІЛТЕУЛЕР

1. 1 Әлеуметтік дамудың кеңестік басты бағыттары

Қазан төңкерісінің өзін социалистік яғни әлеуметтік деп атаған большевиктік партия әлеуметтік мәселені бірінші орынға қойғаны белгілі. Жұмысшы табының партиясы болып есептелген осы партияның теоретиктері өздерінің күрес тактикасы мен стратегиясында қоғамдағы әлеуметтік таптар мен топтардың жіктерін есепке алуды басты принцип деп білді. Қазан төңкерісін іске асыру және елді кеңестендіру барысында пролетариат шаруамен-одақтас, байлармен-жау, орташаны бейтараптықта ұстау тактикасын ұстанғаны белгілі. Сыңаржақтылықтан ешқашан арыла алмаған олар «Әлеуметтік әділетсіздікті әлеуметтік теңдікпен алмастыратын қоғамды құруға» үгіттенгенімен, билік басына келген соң бұл әлеуметтік тендіктің шын табиғаты ашылды. Онда кедейдің -байға, аштың-тоққа айналуы емес, байдың да кедейдің де кедейге, тоқтың да аштың да - ашқа, білімдінің де, наданның да наданға айналуын көздеген саясатқа айналарын ел қайдан білсін. Ал, 1928 жылдан әкімшілік жолмен нарықтық эконмикадан жоспарлы экономикаға ауысу, яғни ЖЭС-тан түпкілікті бас тарту саясаты қолға алынды. Сол саясаттың қанды шеңгеліне қатты іліккен Қазақстан оның зобалаңын әсіресе 20-30 жылдардағы әлеуметтік саясаттың жүргізілген кезінде басынан өткізді. Бұл кезеңдегі Орталықтың Қазақстанда жүргізген саясаты бір-ақ мақсатты - республиканы Одақтық азық-түлік және өнеркәсіптік шикізат базасына айналдыруды көздесе, ол шын табиғатында геноцид: күштеп азық-түлік, ет дайындау, бай-кулактарды тап ретінде жою, күштеп жаппай ұжымдастыру, көшпенділерді отырықшыландыру арқылы егістік келемін ұлғайту тәрізді әлеуметтік шаралар арқылы іске асырылды. 1928 жылы 22 маусымда «Еңбекші қазақ» және «Советская степь» газеттерінде Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 21 маусымдағы «Қазақстанның барлық еңбекшілеріне» үндеуі жарияланды. Онда «тәркілеу» туралы Заң 1928 жылғы 1 сәуірден бері мыңдаған алы бар, Кеңес өкіметіне «анық жау» неғұрлым ірі байлар қожалықтары дүниелерін тәркілеу және оларды жер аудару бағытында жасалып жатқаны, алғашқы кезде бұл бұрынғы хан, султан тұқымдарынан шыққан ірі байларға қатысты жүргізілетін атап көрсетілді. Онда сонымен қатар жергілікті кеңес органдарына «жалған, арандатушы, өсек-аяң таратушыларды қатал жауапқа тарту»' ұсынылды. Ал сол жылдың 5 қыркүйегінде баспасөз бетінде қазақ байларын тәркілеу туралы декрет және БК(б) П Қазақ өлкелік комитетінің «Барлық еңбекшілерге» үндеуі жарияланды. Бұл қазақ даласына әкелген И. Сталин мен оның Қазақстандағы қолшоқпары Ф. Голощекин бастаған большевиктердің ұлы зобалаңының жаршысы еді. Соңғы екеуінде байларды тәркілеу 20 қыркүйек пен 1 қараша аралығында іске асырылатындығы ескертілді. Ал, алғашқы үндеу түсіндіру және сабырға шақыру сипатында болды. Бұл үндеулер бір қарағанда осы науқанды бүкіл ел болып, ұйымдасқан түрде өткізуді көздегендей болып көрінуі мүмкін. Алайда, мұның сырына байыппен үңілген адам бұл үндеулердің бірінші кезекте бұған дейін елде орын алған бүкілхалықтық үрейді басуға шақыратынын аңғарар еді. Бұл үрейдің мәнісі неде? 1927 жылдың 14 және 24 желтоқсанында БК(б) П ОК астық дайындаудағы дағдарыстан шығу үшін атқарылар іс-шаралар туралы нұсқауынан басталып, И. Сталиннің 1928 ж. 15 қаңтардан 6 ақпанға дейін11 созылған Сібірге сапары барысында нақтыланған шаруаларға жасалар большевиктік шабуылдың сталиндік «репитициясы» «астық даярлау науқаны» деген айдармен қарқындап жүріп жатқан болатын12. Сталиннің Сібір сапарында астықты сатпай сақтап отырғандарға, осылайша қолдан бағаны көтеріп отырғандарға, яғни кулактарға РКФСР қылмыстық кодексінің 107 бабын қолдануды талап етуі, осыған орай Мәскеуден Қазақстан прокурорына 23 қаңтарда жіберілген құпия нұсқауда 107 баппен сотталғандарға «дем беруші және жол беруші» кеңес аппараты қызметкерлерін РКФСР қылмыстық істер кодексін 109 немесе 14 баптарымен, ал «тұрақты бағаға байланысты нұсқауды бұзушы» мемлекеттік және кооперативтік астық дайыдаушыны 109 баппен, салықты төлемеген ауқаттыларды 60 баппен жедел соттау республика прокуроры мен Сот төрағасына жүктелетіні хабарланды13. Орталықтың нұсқауларын қуғын-сүргінмен қорқыта отырып, орындауды үзілді-кесілді талап етуге негізделіп келе жатқан сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің шаруаларға шабуылы осылай басталған болатын.

1928 жылғы 8 қаңтардан 6 ақпанға дейінгі мәлімет бойынша 107 бап бойынша айыпталғандар ісі 486 болса, бірыңғай ауыл шаруышылығы салығына байланысты - 538, ауыл шаруашылығы салығын төлемеуге байланысты - 21, мемлекеттік сақтандыру бойынша 397, ауыл шаруашылығы банкісінің ісі бойынша - 748, самогон қайнатуға байланысты 265 іс болды. Бұлардың ішінен көрсетілген күндері сотта талданған айыпталушылар ісі 815 болса, онда сотталғандар 99 адам. Сонымен қатар, шаруалардан 100 пұт астық тәркіленіп алынып, 225 айыптылар істерін қарау нәтижесінде олардан 34807 сом айып ақша өндіріліп алынған. Қылмысқа тартылғандар ішінде 59 лауазымды адам бар. Ал, 5-8 ақпан аралығында Қазақстан сот-жазалау органдарында 33 айыпталушы ісі тіркеліп, 5023 отбасында тінту жүргізіліп, 706 самогон аппараты, 2645 шелек бар да самогон шикізаты, 755 шелек самогон тартып алынып, самогон дайыдаушыларға 59663 сом айып ақша, 193 пұт айып астықсалынды. Бүл қаралған 164 істің ғана нәтижесі еді14.

1928 жылдың 19 сәуірінде республика Юстиция халық комиссариаты және прокуратурасы берген мәліметте: астық дайындауға байланысты айыпталушылар ісі -1151, сол тәрізді астықты тығып қоюға байланысты -11 іс, сауда тәртібін бұзуға байланысты 241 іс, самогон қайнатуға байланысты 640 іс, салықтарды төлемеуге байланысты -3966 іс, мемлекеттік сақтандыру бойынша -55 ісі пайда болған. Осы мезімге дейін 7028 ісі тексеріліп бітіп, шаруалардан 113579 пұт астық тәркіленген. Тінту нәтижесінде 805 адам сотталып, 1414 бас мал, 21 диірмен, 3 майшайқағыш, 2 тері зауыты, және 75047 сомның дүние мүліктері, 1735 шелек самогон, 2 пұт шай тәркіленген. Сонымен қатар трактор т. б. машиналар - 8, бумен жұмыс істейтін диірменлер - 4, құрылыстар -3, самогон аппараттары -1003, барда самогон шикізаты - 2645 шелек болған. Онымен қоса 368583 сом айып ақша, әкімшілік жолмен 64602 сом айып ақша, сот арқылы -2240 пұт, әкімшілік жолмен 543 пұт астық өндірілген.

БК(б) П ОК Саяси бюросы 1928 жылы қаңтарда өз қолдарында 30 т (шамамен 1, 9 мың пұт) астық қалдықтарын ұстаған ірі кулактарға әкімшілік қысым жасауға рұқсат берсе15, «Сталиннің өзі 107 бапты 2 мың пұттан артық тауарлы астығы барлардың ішіндегі жеке қаскүнем элементтерге қолдануды ұсынған болатын16. Сол жылғы мамырда Қазақстанның Юстиция және Сауда халық комиссаиаттары мен Оталық салық басқармасының өкілдері өзара келісіп, көрсетілген көлемдегі астықты өндіретін қожалықтар өлкеде жоқ екенін ескеріп, 1000 пұтқа дейін өндіре алатын Семей, Ақмола губернияларында 200 пұттан артық астық ұстағандарға, 500 пұтқа дейін өндіретін Қостанай округінде - 150 пұттан 300 пұтқа дейін өндіретін Ақтөбе, Орал, Сырдария губернияларында 50 пұттан артық астық ұстағандарға жоғарыдағы қысымды қолдануға болады деп шешкен еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық ғылымның институциализациясы
Алаш қозғалысының бастау көздері
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы және тарихтағы ролі
Өнеркәсіп пен көлікті қалпына келтіру
Алаш қозғалысының тарихнамасы
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Сауда қатынасының дамуы
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарасы
Шығыс Қазақстанда өнеркәсіптердің шығарған өнімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz