ӘБІЛХАЙЫР ХАННЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеудің жалпы сипаттамасы
Мәселенің өзектілігі. Тарихтың өзекті арнасы – халық басына туған
қиын күндерде жеке тұлғалардың, саяси қайраткерлердің туған еліне, отанына
сіңірген еңбегін, олардың қоғамдық саяси және әлеуметтік процестердегі
орнын ашу болып табылады. Еліміздің ұзын сонар тарихы ерлік пен елдікке
және қым қуыт оқиғаларға толы. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ тарихы туралы осы
уақытқа дейін аз жазылып, аз зерттелген жоқ. Алайда сол бір қазақ елі үшін
аса қиын болған дәуірдің зерттелу тарихында проблемалары таусылған жоқ.
Мысалы оларды атап айтсақ:
1. Ақтабан шұбырынды оқиғасының ақиқат тарихының зерттелуі
2. Қазақ орыс қатынасы және Қазақстанның Ресей отарына айналу тарихы.
3. Қазақ елін ажалдан құтқарған тарихи тұлға - Әбілхайыр.
4. Абылай туралы аңыз бен ақиқат...
Осы айтылған проблемалардың бәрі осы күнге дейін аса өзекті мәселелер
болса да толық шешімін тауып халық игілігіне жараған жоқ. Қысқаша айтқанда
осы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалар туралы шындықты тек зерттеуші
ғалымдар ғана біледі, жалпы халыққа жете қойған жоқ.
Қазақ елі тарихында және әдебиетінде ең көп айтылған және жазылған
Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама деп аталатын ел басына үлкен
ауыртпалық түскен, аса қиын кезең.
Осынау ел басына түскен ауыртпалығы көп қайғылы кезеңнен қазақ халқын
құтқаруға көптеген халық батырлары жаумен жан аямай күресе жүріп халқын
ажалдан құтқарды. Сол батырлар мен қолбасылардың ішінде ерекше орын алатыны
Әбілхайыр хан және басқалар. Бүгінгі Егеменді Қазақстан жағдайында әрбір
тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға жаңаша көзқараспен қарап, оларды
бұрынғы сыңаржақ қате пікірлерден тазартуымыз қажет. Аталған тақырып туралы
бұрын көп жазылса да, қалыс, яғни қалтарыс қалған тұстарын зерттеуді жөн
көрдік.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Аталған тақырып ғасырлар бойы Қазақ- орыс
қатынасының жуан ортасында болған оқиға. Сондықтан оның библиографиясы
П.И.Рычковтан бастап 1917 жылға дейін талай зерттеушілердің еңбектерінен
орын алған. Солардың ішінде көрнектілерінің бірі қазақтың ұлы ғалымы -
Ш.Ш.Уәлиханов. Кеңес өкіметі тұсында бұл тақырып өте көп жазылды. Алайда
сыңаржақ көзқарастан айрыла алмады. Себебі Кеңес өкіметінің қазақ тарихына
арналған идеологиясы Патша өкіметінен асып түсті, оның себебі қазақтың
жалғыз жауы Жоңғар мемлекеті деп көрсетілді. Олардың артында Ресей тұрғанын
және орыс әскерлерінің қазақ еліне жасаған шабуылдары көрсетілмей жаланың
бәрі басқаларға жауып бүркемеленіп келді.
Аталған тақырып әдеби шығармалардан да көп орын алды. Елім-ай атты
тарихи зарлы өлең қазақ елінде көп айтылғаны соншалық. жұрт оны жатқа
білетін еді. Алайда, соңғы жылдары осы өлеңнің авторы Қостанайлық Толыбай
сыншы болу керек деп уәж айтқан біреулер елді бітпес дауға қалдырды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты ХҮІІІ
ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ елінің басындағы ауыр жағдайдың
себептерін көрсету. Соған қатысты негізгі зерттеулермен архивтік
мәліметтерді жан жақты сараптап, қазіргі заман көзқарасымен бағалау.
- Ақтабан шұбырынды оқиғасы тек Жоңғар емес, оның артында кімдер
тұрғанын анықтау.
- Қазақ еліне Ресей тарапынан көп жылдар бойы жасалған қиянатты
көрсету және бағалау.
- Кіші жүз қазақтарының Ресей басқыншыларына қарсы соғысын сараптау.
- Ақтабан шұбырынды оқиғасының авторы Ресейдің әйгілі патшасы І Петр
екенін, және одан да басқа қазақ еліне жасаған қиянаттарын көрсету.
- Ақтабан шұбырынды катастрофасы авторларының бірі И.Унковскийдің
тарихымыздағы ролі мен орнын көрсету.
- Қазақ елін Ақтабан шұбырынды оқиғасынан құтқарған Әбілхайыр ханның
еліміздің тарихындағы орнын көрсету.
- Әбілхайыр хан ұрпақтарындағы ұлт-азаттық соғысты басқарған тарихи
тұлғалардың тарихымыздағы орнын көрсету.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері негізіне ХҮІІІ ғасыр және ХІХ
ғасырдың бірінші жартысы, алайда ХҮІІ ғасырдағы орыс казактарының
шабуылдарын да қамтиды.
Зерттеудің деректемелік негізі алынған тақырыпты орындаудың алдына
қойған жүйелі зерттеулілік мақсаттарын ашуда, бірқатар деректер мен
зерттеулерді тақырыпқа сай жүйелеу жүзеге асырылды.
Зерттеудің теориялық негізі тарих ғылымының даму барысында еліміздің
Қазақстан тарихы мәселелерінің ірі зерттеу орталықтары қызметтерінің
нәтижесінде және қазіргі заманғы отандық алдыңғы қатарлы тарихшылардың
басты еңбектері негізінде қалыптасқан тұжырымдар жиынтығы болып табылады.
Зерттеу методологиясы объективтік, тарихилық, жүйелілік,
салыстырмалық және жинақтау мен талдау, ой дамыту сияқты ғылыми таным
принциптеріне негізделеді..
Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде тақырыптың бұрын соңды
Қазақстандық тарих ғылымында осы Ақтабан шұбырынды оқиғасына Ресейдің
қаншалықты қатысы бар екеніне арнайы зерттеу ретінде қарастырылмай келгенін
айтуға болады. Сондай- ақ Кіші жүз жері Ақтабан шұбырындыға ұшырамағаны
Әбілхайыр ханның арқасында екені жан-жақты көрсетілді. Сондай ақ оның
ұрпақтарының ұлт азаттық соғысты басқарғандары туралы зерттеулер
жүргізілді.

І Тарау. АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ... ОҚИҒАСЫ ЖӘНЕ ӘБІЛХАЙЫР ХАН.

1. Ақтабан шұбырынды оқиғасының зерттелуі.
Қазақ елі тарихында және әдебиетінде ең көп айтылған және жазылған
Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама деп аталатын ел басына үлкен
ауыртпалық түскен аса қиын кезең. Осы бір ел тарихында ұмытылмайтын оқиға
туралы көп жазылғанмен біздің халқымыз осы уақытқа дейін шындықты білмей
келіпті. Барлық оқулықтар мен зерттеулерде бірін бірі қайталап қазақ елінің
жалғыз жауы Жоңғар мемлекеті мен қалмақтар болғаны айтылады. Солардың
жойқын шабуылы нәтижесінде қазақ елі әбден титықтап Ресейге бодан болып,
пана тапты деп көп айтылғаны соншалық жауыр болғаны рас. Қалмақтар шабуылы
айтылады, орыстардың яғни казачьи отрядтарының шабуылы туралы айтылмады.
Қалмақтың өзі Ресей құрамындағы ел. І Петр олардың ханы етіп Аюкені
тағайындады (1694 жыл). Жоңғар да солай Ресейдің көмегімен және нұсқауымен,
яғни айтағымен қазақ еліне шабуыл жасағаны туралы көрсек те көрмеген,
білсек те білмеген болып келгеніміз қалай ?деген заңды сұрақ туады. Әрине
оның неше түрлі себептері болған шығар... Ал осынау егемендіктің арқасында
қол жеткен жариялылық заманында осы бір ХҮІІІ ғасырдың көп проблемалары
ішіндегі Ақтабан шұбырынды мәселесі, яғни ақиқат тарихы бүгінгі ұрпаққа
жетпей жатқанын қалайша түсінуге болады.
Алғаш рет Қазақстан тарихшылары ішінде осы проблема туралы ақиқатын
жазған ғалым Мұрат Әбдіров болатын. Оны История казачества Казахстана
атты зерттеуі 1994 жылы жарық көргенде, сонша жылғы қараңғылықты
прожектордай тілген болатын. Содан бері қарай Қазақстан мен Ресей
арасындағы қатынастың бұрынғы айтылғандай емес екеніне тарихшылардың көзі
жете бастады. Қысқаша айтқанда Қазақ мемлекетін әлсіреткен, ыдыратқан,
қүлатқан Жоңғар мен қалмақ емес, паналатып, қолтығына алды деп жүрген Ресей
болып шықты. Содан бері талай зерттеулер жарық көріп жатса да, Қазақстан
тарихы оқулығының ешқандай басылымына, осы айтылған және басқа тарихымыздың
жаңалықтары кіргізілмегені еліміздің тарихын оқыту әлі күнге дейін тоқырау
үстінде екенін көрсетеді.
Осынау қазақ еліне соншама қиянат жасаған, яғни Ресей көп жылдан
бергі өзінің жасағаны аз болғандай Шығыстан артиллерияның жаңа қаруларымен
жасақтап жоңғарларды айдап салғаны шын мәнінде атақты патша І Петрдің
жоспары екені бұл күнде халыққа белгісіз болса да, тарихшыларға белгісіз
емес. Осынша қиянат жасап қырып жіберетіндей қазақ еліне І Петр неге
шүйілді? Енді осыған қысқаша шолу жасайық.
Сол Ақтабан шұбырынды катастрофасынан бір жыл бұрын, яғни 1722 жыл І
Петрдің Парсы жорығы болғанда, оған Яицкий (Урал) казачьи отрядынан бірде
бір солдат көмекке бара алмады. Себебі олар жаяу қалған еді. Аттарымен
бүкіл жылқыны Әбілхайырдың жігіттері айдап кеткен болатын. Тек жылқы емес,
сонда Әбілхайыр Яицкий городокті (қазіргі Орал қаласы, ол кезде қазақтар
Теке қаласы деп атаған.) алудан сәл қалған еді. Сондықтан І Петр жалғыз
Әбілхайырды емес бүкіл қазақ елін басып алу керек деп бұйрық берді. Сол
үшін барлық артиллерияның жаңа қаруларымен жоңгарларды қаруландырып шығыс
жақтан баса көктеп кіргізіп, батыстан тісіне дейін қаруланған орыс
әскерлерін және қалмақтарды қақаған қыс кезінде жапыртып жіберсе қазақ елі
қапы қалып тез арада Ресейдің отарына айналдыру керек болды. Шабуыл екі
жақтан да қақаған қыста басталғаны рас.
Шығыстан шапқандар І Петрдің жоспарын орындап, қазақ елін қырғынға
ұшыратып Түркістанға дейін келді. Ал батыстан шапқан орыстар мен қалмақтар
жоспарды орындай алмады. Оған кедергі жасаған Әбілхайыр хан болды. Ол
орыстар мен қалмақтарды тоқтатып қана қойған жоқ, Еділден асыра қуып,
талайын қырып жіберді. Демек, қазақ елінің жартысы ғана Ақтабан
шұбырындыға ұшырады.
Енді Әбілхайырға қатысты орыс-қазақ соғысына қысқаша шолу жасайық.
Ақтабан шұбырынды оқиғасы қазақ еліне Ресей тарапынан жасалған қинаттың
ең үлкені еді. Осынау біздің халқымыздың тарихындағы аса зор қиыншылық
тудырған катастрофада екі ірі тарихи тұлға негізгі роль атқарды. Олар І
Петр мен Әбілхайыр хан болатын. І Петр туралы көп жазылды, оның өмірі мен
қызметі саяси және мемлекет қайраткері ретінде біздің оқырмандарымызға
белгілі. Алайда біздің халқымыз әлі күнге дейін Әбілхайырдың шынайы тарихы
мен ролін мемлекет қайраткері ретінде толық білмейді. Сондықтан І Петрді
емес, қазақ ханы Әбілхайырды қысқаша таныстарып өтуге міндеттіміз.

1.2. Әбілқайыр хан (1685 – 2.8. 1748)

Әбілхайыр – Кіші жүз ханы (1709 – 1748), қолбасшы, 1723 жылғы Ақтабан
шұбырынды ажалынан қазақ елін құтқарған тарихи тұлға. Жәнібек ханның кіші
буыны – Үсектің ұрпағы, Сүйік деп аталады тек Ш.Ш.Уәлихановтың
еңбектерінде, Қажы сұлтанның баласы. Қысқаша айтқанда Қазақ мемлекетін
құрған Жәнібек ханның жетінші ұрпағы. 1700 жылдан бастап Ресей
басқыншыларына қарсы қазақ әскерін басқарғаны үшін үлкен беделге ие болып,
1709 жылы Кіші жүз ханы сайланған.
Осы уақытқа дейін Әбілхайыр хан туралы қазақ елінде жалған пікір
қалыптасты. Бұған көп еңбек сіңірген Ресей империясы болса, соны түгелдей
қолдаған Кеңес өкіметі жасаған тоталитарлық режим. Оған негізгі тағылған
жаманат – Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуы –деген жалған ақпаратқа
қатысты мәселелер болды...
Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылмағаны туралы нақты документтер
1989 жылы Алаш ардагерлері ақталған соң шыға бастады.1991 жылы
Х.Досмұхамедұлының Аламан атты кітабы жарыққа шыққан соң бұл тақырып
келмеске кеткен еді, алайда Әбілхайыр ханды түгелдей ақтауға әлі бірнеше
жыл керек болды. Ақырында Әбілхайыр Қазақстанды өзі хан болу үшін Ресейге
қосқан, яғни екі елдің арасындағы дәнекер емес, керісінше өмір бойы Қазақ
елін қызғыштай қорғап Ресейге қарсы соғысқан ХҮІІІ ғасырдағы қазақ елінің
ұлы батыры болып шықты. Хан болу үшін деп айыптауының ешқандай қисыны жоқ
еді. Оны қазақ билері бірауыздан хан сайлағанда 1709 жыл еді. Ал, оның
тарихи хаты 1731 жылы жазылған болса, арасы тым алшақ, яғни 22 жылдан бері
ол Кіші жүздің ханы еді. Демек хан болып билеу үшін Ресейге арқа сүйеді
деген жорамалдың ешқандай шындыққа сорпасы қосылмайды... Әбілхайырдың өмірі
мен саяси қызметін былай жіктедік:
1 Әбілхайыр және Ресей басқыншыларынан атамекенді қорғау...
2 Әбілхайыр және башқұрттармен қатынас.
3 Әбілхайыр және қалмақтардан елді қорғау мәселелері.
4 Әбілхайыр және жоңғарлардан елді тазарту оқиғалары...
Мұндағы бірінші мәселе Әбілхайыр ХҮІІІ ғасырдағы Ресеймен өмір бойы
соғысқан қазақтың жалғыз ханы. Екінші мәселе оның қазақ елін Ресей
шапқыншылығынан қорғай жүріп, Башқұрт халқының Ресейге қарсы ұлт азаттық
күресін өмір бойы қолдағаны. Бұл бүкіл Түркі халықтары тарихында аса
мақтанышты оқиға екенін ерекше атауға міндеттіміз. Сол қыруар еңбегімен аса
үлкен беделге ие болған Әбілхайырды 1709 жылы Қазақ елінің игі жақсылары
Кіші жүздің ханы етіп сайлаған еді. Үшінші мәселе тісіне дейін қаруландырып
Қазақ еліне шабуыл жасатып отырған Ресейдің қоластындағы Еділ қалмақтарымен
Әбілхайыр өмір бойы соғысты. Төртінші мәселе Әбілхайыр Яицкий (Жайық) казак
орыстарымен және қалмақтармен қазақ елін қызғыштай қорғап жүрсе де,
шығыстан қайта қайта баса көктеп шабуыл жасаған жоңғарларға да тойтарыс
беріп үлгерді және Ақтабан шұбырынды кесапатынан кейін оларды қуып шығып
қазақ елін азат етуі бір тарихи тұлғаның басынан әлдеқайда асып кеткен
ерлік емес пе?
Жалпы қазақтың сыртқы жаулары шығыстан Жоңғар, батыстан Ресей яғни
казачьи отрядтар мен қалмақтар шабуылы болды.1758 жылдан соң Қазақ елі
жоңғардан құтылды. Оның есесіне Орта Азия хандықтары қазаққа Оңтүстіктен
бұйедей тиді. Бұл мәселеде олардың қазаққа шабуылы Ресеймен одақтастығын
көрсетті. Мысалы Кенесарының ағаларының Ташкентте өлтірілуі, Кенесарының
қырғыз жерінде өлтірілуі т.б. жәйіттер олардың артында Ресей тұрғанын
дәлелдейді...
Кіші жүздегі 26 тайпа ел Ресейге бодан болғысы келмей көп жыл
жанталасты. Соның ішінде Маңғыстау, оны мекендеген ...адай секілді рулар
шындығында патша өкіметі Хиуа мен түркменді алғаннан кейін ғана
бағынды.(1) Х.Досмұхамедұлы. Аламан. А.1991. 53 бет. Әрине осындай қиын
жағдайда қазақ еліне жан жақты қысым көбейді. Жұт жеті ағайынды деген осы.
Ресейдің күшті одақтасы Жоңғардан құтылғанымен қазақ еліне бейбітшілік
заман келе қоймады. Мұнан кейін қазақтарға тек орыстармен ғана емес
атамекенді қорғау үшін Хиуа хандығымен де соғысуға тура келді.
Сол жанкешті талай соғыстарда ерлік көрсетіп елімізді сыртқы жаулардан
қорғаған талай ерлердің аты қалды. Ел ерсіз болмайды, ер елсіз болмайды
деген осы... Тек Адай елінен шыққан Шотан, Атағозы, Құдабай, Дәуімшар,
Мырзатай, Сүйінғара, Қармыс, Балуанияз, Шабай, Есен, Сүгір т.б. көптеген
батырлардың есімдері ел есінде қалды. Солардың жуан ортасында Қазақ елін
Ресей және оның одақтастарынан қызғыштай қорғаған, яғни кеудесін 48 жыл
бойы жау оғына тосқан Әбілхайыр болатын.
1580 жылдары құрылған Ресейдің Яицкое казачьи войско деп аталатын
баскесерлер Кіші жүз қазағына істемеген қиянаты мен кесапаты қалмады.
Ғасырлар бойы біздің халқымыздың жазықсыз қанын төккен осы әскери топ 1920
жылы атаман генерал майор В.С.Толстовтың басшылығымен Иранға қашып бара
жатып Маңғыстау жерінде өлімін тапты.(2)
1707 – 09 ж.ж. башқұрт халқының ұлт-азаттық көтерілісіне Әбілхайыр 3
мың сарбазбен барып көмек көрсеткен. 150 жылдан бері Ресей қоластында
болған башқұрттар оны өз еліне хан сайламақшы болып жатқанда, 1709 жылы
күзде қазақ билері шұғыл шақыртып алып, Кіші жүзге хан сайлайды. Бұрын Кіші
жүзде хан болған, үш жүз түгелдей бір орталыққа Тәуке ханға бағынатын.
Ресей басқыншыларымен Кіші жүз арасындағы соғыс қиындап кеткен соң оны хан
болып басқаратын адам керек болды. Әбілхайырды осындай құрметті орынға
сайлаған себебі оның 1709 жылға дейінгі қазақ елін Ресейден қорғаған
ерліктері мен еңбегі ескерілді. Әбілқайыр кеткен соң башқұрт көтерілісі
жеңіліс табады. Кіші жүзге хан болған соң Әбілқайыр Ресеймен күресті жақсы
ұйымдастыра білді.
1709 жылы қазақтар Сызранға бара жатқан орыс-казак керуенін талады.
1711 жылы қазақтардың 16 мың сарбазы Текеге (қазіргі Орал қаласы)
астық алып бара жатырған орыс-казак керуенін талқандап, 300 жауынгерін
тұтқындайды да, Хиуаға апарып құлдыққа сатады.
1713 жылы 800 жігіттен тұратын сарбаздар Самараға балық апара жатырған
керуенге шабуылдап, жауынгерлерін қырып тастайды.
1714 –1716 ж.ж. қазақтар казак-орыс отрядтарына әлденеше рет
шабуылдаған.
1718 ж. қазақтар мен қарақалпақтардың 20 мыңдық әскері Теке қаласын
қоршайды. Бұл бір айға созылады.
1719 ж. шілдеде Әбілқайыр 20 мың әскерімен қаланы қайта қоршауға
алады. Қазақтар Теке қаласын басып алуға сәл қалады. Күз түсісімен елдің
мазасын алып қоймаған Еділ қалмақтарына (орыс-казак отрядтарының
одақтастары) шабуыл жасайды.
1720 – 21 ж.ж. казак-орыстар бірнеше рет қазақ жеріне шабуылдар
жасайды.
1720 жылдың қыркүйек айында қазақ әскерімен орыс-казактарының
арасында Самара өзенінің бойында қанды шайқас болды. Тұтқынға түскен 50
қазақ жігітін өлтіріп ерлік жасағаны үшін атаман Никита Бородин Ресей
патшасы І Петрдің мақтау грамотасымен марапатталды.
1721 жылы орыс-казактар мен қалмақтардың атаман Балмашнов басқарған
тобы Ойыл өзеніне дейін шабуыл жасап, көп тұтқындар мен мал айдап әкеткен.
1722 ж. қаңтарда 300 қазақ сарбазы қарымта қайтару үшін Шаған өзені
жанындағы қысқы станицаға шабуыл жасап, 70 казак-орысты айдап әкетеді. Осы
жылы ақпанда қазақтар Теке қаласы жанындағы жылқы табынын айдап кетіп
оларды түгелдей жаяу қалдырады. Сондықтан Яицкий казак әскерлері І Петрдің
Персия жорығына қатыса алмай қалады.
Бұған қатты кектенген І Петр қазақ елін түгелдей жаулап алуды
ұйғарады. Жоңғарларды артиллериямен қаруландырып және оларға жаңа қаруды
үйретуге капитан И.Унковскийді жіберіп, 1723 жылғы Ақтабан шұбырындыны
ұйымдастырады. Батыстан казак-орыс отрядтары мен қалмақ әскерлері
Қазақстанға шабуыл жасайды.
Шығыстан келген жоңғарлар Түркістан қаласына дейінгі жерлерді түгел
басып алып, елді азып-тоздырды. Ал, батыстан баратын орыс әскерлері мен
қалмақтар Түркістанға жете алмады. Себебі, сақадай сай Әбілқайыр әскерлері
оларды тоқтатып қана қойған жоқ, қырып салды және Еділден әрі қарай асырып
қуды. Соғыстардың бірінде қалмақ ханы Аюке өлтіріледі (1724ж).
1723 – 1724 ж.ж. Әбілқайыр Теке қаласына бірнеше рет шабуылдайды. Осы
кезде орыс-казактармен, қалмақтардың тісіне дейін қаруланған отрядтарымен
қазақ әскері Утва, Самара, Шаған өзендері бойында бірнеше рет бетпе-бет
келіп шайқасқа түседі, қырғын соғыстар болады. И.Тимофеев, И.Логинов,
Никита Бородин бастаған казак-орыс отрядтары көп шығынға ұшырады. Орыстар
жағынан 170 адам қаза тапты, көп адам жаралы болды. Көптеген жауынгерлер
тұтқынға түсті... Осылай қазақ елінің басына түскен ауыр күндер Ақтабан
шұбырындыға ұқсас жағдай Жайық орыс казактарымен қалмақтардың да басына
түсті...
1725 ж. екі жақ тұтқындарын алмастырады.
Ақтабан шұбырынды кезіндегі Әбілхайырдың осы бір жанкешті қимылы мен
іс-әрекеті дер кезінде болды. Батыстан келе жатқан орыс пен қалмақтардың
жойқын шабуылын тоқтатпағанда қазақ елі түгелдей орыс басқыншыларының қол
астында қалатын еді. Сондықтан Әбілхайыр басқарған Кіші жүз қазақтары
Ақтабан шұбырынды апатына ұшырамады. Керісінше күшті жауды уақытында
тоқтатып қана қойған жоқ, сондай-ақ оларды талқандап Батыс жақ шекараны
қауіпсіздендіріп болған соң Жоңғарларды талқандап қазақ елін басқыншылардан
тазартуға қызу кірісті. Сонымен І Петрдің жоспарын жүзеге асырмай сағын
сындырған еді. Осы тарихи оқиға туралы И.В.Ерофеева:
...Военные походы Абулхаира в 1723-1726 гг. в улусы волжских
калмыков убедительно показали, что он оказался очень способным учеником и
уже через несколько лет после ухода от Аюки поражал своих сподвижников и
ближайших кочевых соседей в Поволжье и на Южном Урале не только дарованной
ему от бога могучей физической силой, но и исключительным воинским
мастерством-деп жазып әділ бағасын берген еді. (3)
Батыстағы шекараны бекітіп, қамсыздандырған Әбілқайыр енді
жоңғарлардан Түркістанға дейінгі қазақ жерін тазартуға кіріседі. Әбілқайыр
1726 ж. Ордабасыдағы халық жиналысында қазақтың үш жүзінің әскерін
басқаруға қолбасшысы болып сайланды. Бұланты өзенінің жағасындағы (1728),
Аңырақайдағы (172930) ойраттарды талқандаған соғыстарда қолбасшылық
қабілеті ерекше көрінді және қазақ елін тарихта бұрын соңды болмаған үлкен
катастрофадан құтқарған Әбілхайыр сынды қазақтың баласы еді...
Қорыта және қысқаша айтқанда 1730 жылға дейін Ақтабан шұбырынды
оқиғасы аяқталды. Бұл қазақ еліне Ресей жасаған қиянаттардың ең үлкені
еді.Тарихтың осы уақытқа дейін бұрмаланғаны соншалық, Әбілхайырдың
ерлігімен халық алдындағы қызметі айтылмай келді, керісінше оның барлық
оқиғалары Абылайдың атымен айтылып келе жатыр. Шындығын айтсақ, Ақтабан
шұбырынды оқиғасына Абылай қатысқан жоқ. Қазақстан тарихында оның аты
алғаш рет 1740 жылдан бастап көрінеді...
Ресейдің кезекті қиянаты, осы бір қиын жағдайдан қазақ елін құтқарған
Әбілхайыр сынды батыр қолбасшыны осы уақытқа дейін Ақтабан шұбырынды
оқиғасындағы ролін айтпақ түгілі, Ресейге қазақ елін бодан қылды деп
нақақтан айыптап келді. Оның Ресей патшасына 1730 жылы жазған тарихи
хатында бодандық туралы бір сөз жоқ, онда тек башқұрт халқымен арадағы
үзіліп кеткен достықты қайта орнату болатын. Алайда тарихшылар осы уақытқа
дейін сол хаттың орысша аудармасын пайдаланып келген... Сондай-ақ Әбілхайыр
ешқашан Ресейге бодан болу үшін ант берген жоқ...
1738 жылы Әбілхайыр өмірінде тағы бір ерекше оқиға болды. Оның сол
жылы Башқұрт халқының Ресейге қарсы кезекті көтерілісіне көмек көрсеткені
болды. Ресей басшылары ұзақ уақыт көп еңбек етіп қазақ пен башқұрт
халықтары арасындағы достықты бұзуға көп еңбек сіңіргенін біз жоғарыда
айттық. Башқұрттармен достық қатынасты орнату үшін Патша ағзамға хат
жазбасаңыз болмайды дегенге алданып қалған Әбілхайыр 1730 жылы хат жазып
еді. Сол хатты осы уақытқа дейін бодан болу үшін жазылған хат деп Ресей
басшылары жасырып келгенін жоғарыда көрсеткенбіз.
Міне сол 1738 жылы башқұрт көтерілісін басу үшін қазақтарды айдап
салып бір оқпен екі қоянды атып алмақшы болды. 1738 жылдың ақпанында
генерал Татищев Әбілхайырға хат жолдап – Башқұрттардан қазақтар кек алуына
жақсы жағдай туды. Әрбір башқұрттың басын әкелген қазақ жігітіне 60-100
рубль ақша беремін - деп хабарлады (3а). Сонда Әбілхайыр ақшаға қызыққан
бірде бір қазақты жібермеді. Себебі Татищев ұсынған ақшаның көптігі сонша
60 сомға 12 жақсы ат, әлде 20 жақсы сиыр алуға болатын еді. Керісінше
Әбілхайыр бұрынғыдай башқұрттарға көмектескен. Алайда осынау тарихи оқиғаны
Ресей тарихшылары әдейі бұрмалап айтып және жазып келе жатыр. Әрине мұның
бәрі Әбілхайырдың тарихтағы ролін мұқату үшін жасалған кезекті қиянаттың
бірі.
1742 жылдың басында Орынборға И.И.Неплюев келген соң Әбілхайыр хан мен
Ресей арасындағы жағдай бұрынғыдан бетер шиеленісіп кетті. Әбілхайыр патша
өкіметімен достық жағдайды орнату үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.
Aлайда оны Ресей, яғни Неплюев басқарған Орынбор басшылары ақтамады. Мысалы
1744 жылы Әбілхайыр патша өкіметінен достық қатынас бола ма? деген үмітпен
орыстардың тұтқынға түскен 30 солдатын қайтып берді. Жалпы 1742-48 жылдары
Әбілхайыр орыстардың тұтқынға түскен 1182 cолдатын қайтып берді.(4)
Дегенмен, Неплюев тарапынан Қазақ еліне және Әбілхайырдың өз басына жасаған
қиянаты толастамады. Әбілхайырды өлтіруге Барақ пен Күшік сұлтандарды
жалдап алды. Олар қол астындағы азғантай елмен Ресейге бодан болу үшін 1735
жылы Орынбор басшысына ресми хат жазған екен. Бұл өтініш Неплюевке аспаннан
іздегені жерден табылғандай болды. 1742 жылдың күзінде Барақ пен Күшік
сұлтандарға үлкен құрмет көрсетіп Ресейге ресми бодан қылды, көп сыйлық
берді. Олардың негізгі міндеті Әбілхайырды өлтіру ғана болды.
Сол күннен бастап Барақ сұлтан бастаған топ әртүрлі сылтаулармен
Әбілхайыр ханға тиісе бастады. Әрине, барлық жанжал Неплюев тарапынан
ұйымдастырылды. Хан болуды асыға күткен Барақ сұлтан жатпай тұрмай
Әбілхайырды өлтіруді ойлады. Ал, казак-орыстар мен қалмақтардың қазақ еліне
шабуылдары да көбейіп кетті. Әбілхайыр да оларға тойтарыс беруден
жалықпады...
Үлкен қақтығыстардың ішінде 1746-47 жылдардағы шайқастарды ерекше
атауға болады.
1746 жылдың 1ақпанында Әбілхайырдың 1500 жігіті Гурьевке жақын жердегі
Яицкий форпостың жанынан айналып өтіп Жайық пен Еділ арасындағы қалмақтарға
жойқын соққы берді. Сондай-ақ, көптеген орыстардың яғни казактардың
балықшылар поселкесін талқандады. Әбілхайырдың осы шабуылында 75 қалмақ
қаза тапты, ал тұтқынға алынып әкетілген орыс пен қалмақтың саны – 638
адам. Сол тұтқынға түскендердің ішінде орыс көпестері А.Ганюшкин,
И.Ветлюгин тағы казак отрядтарының басшыларының бірі А.Версин т.б. бар еді.
Сондай-ақ, қалмақтардың бірнеше табын жылқысын айдап әкетті.
Келесі жылы, 1747 жылдың қаңтар айында 500 қазақ жігітінен құралған
әскер Еділ өзеніне дейін барып қалмақ ауылдарын талқандады. Бұл ретте казак
орыстар отрядтары мұқият дайындықпен отырғандықтан көп қарсылық көрсетіп,
қиян кескі шайқастар болды. Екі жақтан да көп адам қаза тапты. Әбілхайыр
жігіттерінен қаза тапқандар 50 адам еді. (4а)
Осылай Ресей мен Әбілхайыр арасында қақтығыстар толастамады, керісінше
өршіп кетті. Ресей басшылары Әбілхайыр тірі тұрғанда Қазақ елін отарлай
алмайтын болған соң оны өлтіруді тез арада бір жағына шығару үшін Бараққа
төтенше тапсырмаларды берді. Ақыры есіл ер, батыр қолбасшыны қапыда қолға
түсірудің сәті түсті. Қабырға өзенінің Үлкүйекке құятын жерінде қапыда аз
адаммен қоршауда қалған Әбілхайыр өлтірілді... Бұл 1748 жылдың 1 тамызда
болатын. Осылай өмір бойы қазақ елін қорғап, ат үстінде өмірінің 48 жылын
Ресейге қарсы соғыста өткізген есіл ер, қазақ елінің ұлы перзенті қаза
болды. Оның өмірі теңдесі жоқ батырлық пен ерліктің, қазақ елінің ұрпағына
үлгі болатын рыцарлық ғұмыр еді.
Осы айтылған нақты тарихи фактілер Әбілхайыр ханның қазақ елін
ажалдан құтқарған ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ тарихында бірінші орында тұрған
тарихи тұлға екенін көрсетеді. Орысша айтқанда: СПАСИТЕЛЬ КАЗАХСКОГО
НАРОДА.

1.3. Ақтабан шұбырынды оқиғасына Ресейдің қатысы.
Шын мәнінде Әбілхайыр болмағанда 1723 жылы Ресей Қазақ елін түгелдей
жаулап алатын еді. Ресей басқыншыларымен ес білгелі соғысып жүрген
Әбілхайыр өз жауынгерлерімен әрқашанда сақ отырған. Себебі Ресей тарапынан
еш уақытта жақсылық болмайтынын ол біледі. Жоңғарларды да, қалмақтарды да,
әрқашан Ресей қазақ жеріне айдап салып отырғанын да жақсы біледі. Осы жерде
Жоңғарлар мен қалмақтарға қатысты және қазақ елінің басындағы аса ауыр
кезеңге тарихтағы І Петрдің ролін көрсетуге міндеттіміз. Жоғарыда
айтқанымыздай 1580 жылы құрылған Яйцкий казачьи отрядтың негізгі міндеті
қазақ жерін басып алып Жайық өзенінің бойын түгелдей Ресей құрамына кіргізу
болатын. Олар қаншама шабуыл жасап елді аздырғаны белгілі, алайда Кіші жүз
қазақтары да қарап жатпады, тойтарыс беріп отырды. Осынау 1580-1730
жылдардағы 150 жылға созылған қырғын соғысты белгілі зерттеуші М.Әбдіров:
...С конца XVI – начала XVIII в. начинается ожесточенная и
кровополитная, длившаяся 150 лет, казахско- казачья война. С этого момента
вся история взаимоотношений казахов с яицкими Жайық өзені казаками
заполнена взаимными набегами, враждой захватом пленных и угоном скота.
Борьба шла не на жизнь, а на смерть, с переменным успехом, и в этой борьбе
не было ни победителей, ни побежденных, никто не хотел уступать. (5) –деп
жазған болса, қазақ елінің басына түскен соншама ауыртпалық туралы: -
...Многострадальная казахская земля обильно полита кровью наших предков,
отстаивших право на мирную жизнь на древней, исконно своей
территории...(6) – деп жан- жақты анықтамасын берген болатын.
Ал, екінші 150 жылдық кезең туралы (XVIII бен XIX ғасырлар) аса қиын
кезең туралы Х.Досмұхамедов :
...Осы екі ғасырдағы патша өкіметінің жұмысы қазақты әбден бағындырып
алып, қазақты көпір қылып Азияға аттау болды. Қазақтың амалы таптайын деп
тұрған патша өкіметінен құтылу болды. Дәуірлеп келе жатқан орыс байларының
капиталымен жауласам деп, Кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен
жазылғандай болды.(7) -деп толық бейнесін берген еді.
Осылай Кіші жүз қазақтарының Ресей басқыншыларымен соғысы әрқайсысы
150 жылдан тұратын екі кезең, демек барлығы 300 жыл соғыс. Осы Кіші жүз
қазақтары мен орыс казактары арасындағы қырғын соғысты М.Әбдіров: ...Они
были хорошо вооружены и обучены, прекрасно организованы, дициплинированы,
обладали громадным опытом борьбы с покоренными народами, Вот с такими
отборными воинскими отрядами 300 лет воевали қазахи за свою свободу и
независимость, отстаивая родную землю...(8) деп мінездеме берген еді.
1692 жылы Ресей мемлекет басына І Петр келген соң орыс әскерлерінің
Қазақ жеріне жаңа қарқынды шабуылдары басталды. Себебі І Петр қалмақтардың
ұйымдасқан қарулы отрядтарын қазақ еліне айдап салып отырды. Аюкені
қалмақтың ханы етіп тағайындап, барлық титулды, барлық сыйлықты соған
берді. Оның негізгі міндеті қазақ елін шауып-қирату ғана болды.Аюке хан
тегін сыйлықтар мен арзан титулдарға қызығып өз қандастарын өлімге айдап
отырғанын түсінбеген болар. Түсінген болуы мүмкін. Тек өлер алдында 1724
жылы қалмақтардың Әбілхайыр қолынан қырылып жатқанында ғана... Не деген
сұрқиялық өмір?! Күні кеше Шыңғысханның қандасымыз, ұрпағымыз деп жүрген
халықтың Ресей сойылын соғып жүріп арам өлгені әрине жетесіздік, сұрқиялық,
ұят, яғни даңқсыз өмір.
Еділ қалмақтары өмір бойы Ресейдің айтақтауымен даңқсыз өмір өткізді.
Әбілхайырдың 1748 жылы өлімінен соң оларға еркіндік тиген сияқты еді.
Алайда оның ақыры да қалмақ еліне қырынан келді. 1771 жылы Абылайдың
айтқанына еріп Қазақстанға келгенде олар тағы қырылды. Олар бұл рет
Әбілхайырдың баласы Ералы қолынан көп қырғын көрді.
Әрине І Петр келген соң тісіне дейін қаруланған казачьи отрядтар мен
қалмақтар шабуылына қазақ елінің есесі кете бастады. Сол кезде қазақ елі
үшін І Петрден кем емес тұлға жарқырап тарихи аренаға келді. Жас батыр
қолбасшының аты Әбілхайыр еді. Бұл 1700 жылдар болатын. Қазақ елі мен Ресей
қоластындағы туысқан башқұрт халқын қызғыштай қорғаған ерлігі ескеріліп
1709 жылдың күзінде Әбілхайырды Кіші жүзге хан сайлады. Одан кейінгі өмірі
жоғарыда айтылғандай.

1.4. І Петр және Ақтабан шұбырынды.
Қысқасын айтқанда, І Петр Ресей мемлекеті басына келген күннен бастап
Қазақ мемлекетіне қатты шүйілді, яғни 1725 жылы өлгенінше біздің халқымызға
жамандығын аямай жұмсапты. Әбілхайыр Ресейдің ұлы патшасының сағын мықтап
сындырды. Енді ол қазақ елін басқаша жолмен бағындыруды көздеді. Оның
ойынша қазақ басқа халықтан артық емес. Ресейге бағынған талай халықтар
бар, қазақ солардың бірі ғана. Тек Әбілхайыр сияқты жанкешті ұлдары
болмаса... Оның көзін құртпай жоспар іске асатын емес І Петр Әбілхайырдың
мөрі басылған бір хатты қолға түсіру керек деп ұйғарды.. Сонан сон оның
көзін құртуға болады. Себебі ел ішінде оның орнын көздеп жүрген бақталас
табылады ... Сонымен І Петр Әбілхайырдың қолы қойылып мөрі басылған бір
хатты қалай болмасын қолға түсір деп Тевкеловке қатты тапсырды. Ол ондай
тапсырманы ауызша да, жазбаша да берген екен. Тевкеловтің қағаздары
арасында талай документтер табылды.
Енді тарихи хат жаздыру туралы идея І Петрдікі болғанын дәлелдейтін
мына бір документті қарайық. І Петр Астарханға келгенінде Тевкеловке
мынандай указание берген: стараться, ...несмотря на великие издержки, хотя
бы до миллиона держать, но токмо, чтоб только одним листом под протекцию
Российской империи быть обязались...(9)
І Петрдің бұл арманы өзі өлген соң 6 жылдан соң орындалғанын білеміз
(1731). Бірақ бұл хаттың мазмұны осы уақытқа дейін айтылып келгендей бодан
болуға берілген хат емес еді. Башқұрт елімен бұрынғы достықты орнату үшін
жазылған хат еді. Алайда осы уақытқа дейін біз оның орысша жалған
аудармасын пайдаланып келіп нақақтан Әбілхайыр сынды тарихи тұлғаны айыптап
келіппіз(10) Әрине бұл басқа мақаланың үлесінде. Біздің бұл жерде
айтпағымыз осы бір қазақ халқына жасалған кезекті қиянаттың өзі де І
Петрден шыққанын еске сала кету ғана.
Әрине, қазақ еліне қиянат пен қастандықты үйіп төккен Ресей патшасы
жалғыз І Петр емес, басқаларының жасаған жамандықтары да жетерлік. Алайда,
солардың бәрінен Ақтабан шұбырынды оқиғасы асып түседі.
Ақтабан шұбырынды оқиғасындағы тарихи тұлғаның бірі И.Унковский. Осы
уақытқа дейін Қазақстан тарихының барлық кітаптарында оны дипломат деп
жазып қазақ еліне жасалған қиянаттың негізгі авторлары екені әдейі
жасырылып келді.
1722 жылы Жоңғарға дипломат деген бүркеншік атпен барған Иван
Унковский – сол кездегі жаңа соғыс техникасы артиллерияның маманы еді. Ол
сонда жаңа қаруларды жоңғарларға үйретіп қана қойған жоқ, Қазақ еліне қай
уақытта, қай жерде тұтқиылдан шабуыл жасау керектігін үйретті. Қысқасын
айтқанда Ақтабан шұбырындының авторы І Петр мен Ресей әскери министрлігі
дайындап жіберген Унковский. Ал осынау шығыстан басталған стратегиялық
жойқын шабуылды орындаушылар жоңғарлар, ал батыстан келе жатқан қалмақтар
мен казачьи отрядтардың жойқын шабуылы енді басталғанда Әбілхайыр оларды
тоқтатып қана қойған жоқ, көп адамын шығынға ұшыратып қырып жіберді. Қалмақ
ханы Аюке (І Петрдің сүйген құлы) сонда қаза болып еді... Егер Әбілхайыр
шұғыл қимыл жасамағанда Ресейдің тісіне дейін қаруландырып отырған Еділ
қалмақтары Түркістанға дейін келіп жоңғарлармен қосылатын еді. Демек, қазақ
жері түгелдей жаудың қол астында қалатын еді...
Мұнда айта кететін жәйт Қазақ хандығы алғашқы күнінен бастап
Еуропаның огнистрельный оружиясына қолы жетпей изоляцияда тұрды. Бұл әрине
Ресейдің ісі екені рас, ал, шығыстан Қытай өткізбеді. Керісінше, Қазақ елін
қысып тұрған екі империя барлық көмегін Жоңғарға берді. Текке берген жоқ
Қазақ елін құрту үшін берді, яғни оларды ашық өлімге айдап салды. Ресейден
көп көмек алып тойынған жоңғар хандары бағынбайтындай қылық көрсетіп еді,
қытайлар оларды қырып салды1758.
Жоңғар әскеріне басшылық етіп қазақ елін қырғызған артиллерия капитаны
Иван Унковский 1-2 жылдан соң көз жұмды. Зерттеушілердің ойынша оны қазақ
елінің қаны мен қарғысы жібермеді. Дәл сол кезде І Петрдің өлгенін де
ұмытпауымыз керек. Осы оқиғалар кездейсоқ жағдай болар ма? Мысалы, 1916
жылы қазақ елін қырғынға ұшыратқан Ресей патшасы 5 айдан соң өзі ұшып кетіп
еді. Ал 1986 жылы қазақ жастарының қанын жүктеген Кеңес өкіметі 5 жылдан
кейін ғана құлап еді... Қазақ елінің басында болған осындай ауыр күндердің
ерекше ұқсастықтары бар.

II. Тарау. ӘБІЛХАЙЫР ХАННЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ 2.1.Әбілхайыр
ханның өмірі мен қызметі

"Доколъ река Яик не высохнет, так икатхскип народ, даже до
представления света, от Яика не отличится, понеже кроме оного, удобного
места и другого не отыскать... " (Әбілхайыр хан)

Жаңа дүниенің шамшырағы Егемен Қазақстанның күмбез шаңырақты тәуелсіз
отауын тіккелі жақын арада 18 жыл толады. Міне осы 250 жылдай халқымыз
армандаған тоуелсіздік күніне жеткелі Республикамызда көптеген өзгерістер
болды. Сол өзгерістердің бірі өткен тарихымызды қайта қарау, яғни жаңа
көзқарастардың жетілуі болып табылады. Жақсылық ешқашан оңайлықпен
келмейді. Ал, жамандық болса тіпті оңай және тез келеді. Ағыны қатты асау
дария қиындықсыз оңай өткел бермейді. Барлық қиындықты жеңетін тек
атамекенге арналған сүйіспеншілік қана, яғни жүректің ісі, жүрек түбіндегі
отанға деген сүйіспеншіліктің ісі.
Атамекенді қорғап қаншама батыр бабаларымыз бастарын қүрбан етті. Ал,
егемендік үшін қаншама батырлар, билер, ақындар және қазақ
интеллигенциясының тамаша өкілдері өз жандарын аямай, халқымыздың
бостандығы үшін қүрбан болды.
Қазақ елін өмір бойы қызғыштай қорғап тарихымызда есімін алтын әріппен
жазып кеткен адамның бірі - Әбілхайыр хан болатын. Қазақ елінің басына
түскен ең бір қиын заманда өмір сүрген Әбілхайыр барлық өмірін сыртқы
жаулармен яғни Ресеймен және оның одақтастары Жоңғарлар мен қалмақтарға
қарсы қырғын соғыспен өткізді.
Әбілхайыр тарихы - Жайықтың тарихы, Жайықтың тағдыры. Жердің байлығы
өз еліне әрқашан бақыт әкелмейді. Жер байлығы әрқашан сыртқы жауларды
қызықтырады. Соның тікелей мысалы Жайықтың балығы мен қара уылдырығы.
Ресейді қызықтырғаны соншалық қазақ пен орыс арасындағы Жайық үшін шайқас
150 жылдық екі кезеңнен, яғни 300 жылдық қырғын соғыстан тұрады.
Кеңес өкіметі заманындағы көп айтылған жалған тарихтың бірі
"Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуы" болатын. Бұл айқайдың 80-ші
жылдардың басында үдеп кеткені соншалық, ақыры сонша дақпырт жасап 250
жылдық тойын Алматыда дүбірлетіп өткізген еді. Жалпы иөз еркімен қосылды"
деген жорамал қағиданың өзі сол кезде қалыптасып еді. Осы дақпырттың
шындықтан алыс екенін қазақ елінде екінің бірі білетін, алайда баспасөз
бетінде пікір білдіру мүмкін емес еді. Сондықтан ауызекі әңгімеде ғана
айтылатын. Қазақстан мемлекет басшыларының тоғышарлығы мен немқүрайлығы
соншалық, тіпті сонау 1960 жылы ақталған А.Байтұрсынов М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов, М.Дулатов сынды қазақ елінің көсемдерін жарыққа шығармады.
Оның есесіне жаңағыдай ақтаңдақ жалған тарихты үдетуге атсалысты.
1989 жылдың ақырында Перестройка науқанының дағдарысқа ұшырай бастаған
кезінде Жұмабаев, Байтұрсынов және Аймауытов кітаптары жарық көріп
қазақтардың төбесін көкке жеткізді. Оның өзі 1986 жылы Қазақстан мемлекет
басшыларының ауысып, желтоқсан оқиғасынан кейін қазақтардың ауызы ашылып,
өзіне керегін талап ете бастағанының нәтижесі еді.
1991 жылы X. Досмұхамедұлының "Аламан" атты кітабы жарық көріп,
жоғарыда айтылған "Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғанын" түгелдей
келмеске кетірді. Бұл кітап репрессиядан бұрын 1923 жылы Ташкентте
шыққандықтан көне көз қарттарымыз білгенмен кейінгі ұрпақтың хабары жоқ
еді. Мысалы: жазушылардың ішінде Тахауи Ақтанов: - "өз еркімен қосылу" және
Әбілхайыр хан туралы жазылып жатқан дақпырт туралы - шындыққа он қайнаса
сорпасы қосылмайтын өтірік екенін ашықтан ашық айтатын еді.
Х.Досмұхамедұлының еңбектері жарық көрген соң Кіші жүз бен Орта жүз
қазақтарының Ресейге өз еркімен қосылғаны жалған болғандығын білген соң,
жанталасқан Қазақстан тарихшылары айыптың бәрін Әбілхайыр ханның бойынан
іздеді. Себебі Кеңес өкіметі заманында оны прогрессивный хан деп мақтап
жазатын. Көп ұзамай қазақ тарихшылары, соның ішінде зерттеуші тарихшылар
шындыққа көз жеткізді. Шындықтың ащщы болатыны рас, бұрынғы айтылып келген
жалған тарихты 180 градусқа бүрып жіберді. Осыдан кейін бұрынғы Әбілхайырды
жеріне жеткізе жамандап, Абылайды асыра мақтап жазғандар қателеріне көзі
жетіп, аяқтарын тартып алып үнсіз қалды. Алайда тарихты зерттемеген
тарихшылар бұрынғы бағытпен мақалаларын да, окулық кітаптарын да жарыса
шығарып жатты. Сол оқулықтар әлі күнге дейін шығып жатыр. Олардың үзын саны
өте көп... Сондай-ақ И.Ерофееваның кітабында(1999) сонша жылдардың қүнды
зерттеуі болса да, негізгі кемшілігі Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы
шындықтарихы ашылмай қалған.
Ерофееваның Абулхаирң... атты қүнды зерттеуінде бұрынғыдай Қазақ
мемлекетін құлатқан жоңғарлар екені қайталанады. Және Кіші жүз бен Орта
жүздің бір бөлігінің Ресей қол астына бағынуын иПод патронатом России" деп
жалған дәріптеп жазған. Солай болған күннің өзінде Кдзақ еліне Ресей
ешқандай көмек бермегенін, керісінше бұрынғыдай шығыстан жоңғарды, батыстан
казачьи әскерлерімен бірге қалмақтарды айдап салып отырған Ресей саясаты
туралы ештеңе айтылмайды. Біз бұл жерде Қазақ мемлекетін құлатқан Жоңғар
емес, Ресей екені бұл күнде ешкімге де құпия емес екенін қайталап айтуға
міндеттіміз. Бұл мәселе туралы, сонау қылышынан қан тамған Кеңес өкіметі
тұсында да В.А.Мойсеев: "...Как бы ни были тяжелы последствия джунгарских
вторжений в Казахстан, результаты наших многолетных исследований
свидетелъствует, что никогда угрозы физического унычтожения казахского
народа джунгарами не было..."1~ деген пікірі тарихи шындыққа дәл
келетінін айтуға міндеттіміз...
Алайда, Казақстанның Ресейге өз еркімен қосылмағаны ешкімге құпия
болмаса да, көп зерттеушілердің Әбілхайырға күдіктенгені рас. Оның себебі-
Досмұхамедұлы және басқа алаштың лидерлері, сондай-ақ, басқа зерттеушілер
(И.Крафт ж.б.) Әбілхайырдаң 1730 жылы жазған хатының түпнұсқасын көрмеген
еді. Барлық қате осыдан басталды. Барлық зерттеушілер оның орысша
аудармасын пайдаланып келді. Түп нұсқаны көрген соң тарихшылар санын соқты.
Бүгінгі ұрпақ осынау масқараны көрсін және білсін-деп белгілі тарихшы
Амантай Исин сол тарихи хаттың түпнұсқасын және орысша өтірік аудармасымен
салыстырып сонау 2001 жылдың басында "Абай" журналына шығарған еді2-саны.
Соны осы уақытқа дейін Қазақстан тарихын жарыса жазып жүрген тарихшылардың
көрмегендері жетерлік екен.
Бұл тарихи хаттың қалай жазығанына тоқталайық: Әбілхайырдын қолынан
қалай болмасын бір хат алу керек деген мәселені де қойған I Петр болатын.
Тевкелов сол үшін көп еңбек етті. Оған қолы жетті тек I Петр өлген соң 6
жылдан кейін. Бұл тарихи хатта бодандық туралы бір сөз жоқ, болуы да мүмкін
емес еді. Оның мазмұны Қазақ пен Башқұрт халқы арасындағы бұрынғы достықты
орнату ғана еді. Осы уақытқа дейін оның орысша жалған аудармасын пайдаланып
келдік. Бұрынғысы мен жаңа аудармасын төменде көрсетіп отырмыз.
Мынау осы уақытқа дейін қаншама ұрпақты алдап келген Әбілхайыр хатының
бұрынғы аудармасы:
Послание в Петербург ее величеству Величайшей, благородной, богатой и
умной обладательнице многих земель, ее величеству государыне императорице
ежедневно, ежемесячно и ежегодно желаем божией милостью благополучного
государствования. Наше заявление Вашему величеству состоит в том, что с
подданным Вам башкирским народом, который находится за Уралом, у нас
близких отношений не было. Желая быть совершенно подвластным Вашему
величеству, я посылаю своего посланника вместе с Вашим подданным Алдарбаем.
Этот Алдарбай требовал посланника от нас к Вашему величеству, и поэтому мы,
Абулхаир- хан с подвластным мне многочисленным казахским народом Среднего и
Малого жузов, все преклоняемся перед Вами, являемся Вашими слугами и все
вместе в простым народом желаем Вашего покровительства и ожидаем Вашей
помощи, чтобы с подданным Вам башкирским народом, находящимся за уралом,
жить в согласии.
Желаем Вам всякого благополучия и будем Вашими подданными. (Передали):
Сеиткул, Главный посланник Куттумбет с товарищами.
Біз астын сызып қара әріппен берілген сөздер мен сөйлемдер хат
түпнұсқасында жоқ. Сол тарихи документтің дұрыс аудармасы төменде берілген.
Әбілхайыр хаты Ресей арнайы жіберген Алдарбай деген кісінің өтінішімен
жазылған. Осыдан түсінуге болатын мәселе Әбілхайыр башкұрттармен достық
катынасты қалпына келтіруге аса ынталы болғаны. Төменде А.Исин аударып
жариялаған сол хаттың дұрыс нұсқасы берілген:
Величия и ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы – мемлекеті қалай құрылған?
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
ХҮ – ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы
Қазақ тарихындағы хандар
Қазақ хандығының құрылуы 15-18ғғ
XVII - XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
«Қазақ хандығын» Керей мен Жәнібік ханның құруы
Йасауи жолының ұзақ ғасыырларға созылған тарихы
Қазақ хандығының ныға
Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі
Пәндер