Ресей казактарының Қазақстанға қоныстандырылу саясатының барысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...3-5
І-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи алғышарттары
1.1. Қазақстандағы әскери отарлау акупациясының
басталуы ... ... ... ... ... ...6-13
1.2. Қазақ жеріндегі орыс бекіністері, қамал – қалалары, тірек
пункттері
және шептердің
салынуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 14-16
ІІ-тарау. Патша үкіметінің отарлық саясаты және оның нәтижесі
2.1. Ресей казактарының Қазақстанға қоныстандырылу саясатының
барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17-19
2.2. Отарлық саясатының Қазақстан әлеуметтік – экономикалық, мәдени
өміріне
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20-21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22-23
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..24-25

Кіріспе

Қазақ – орыс қарым – қатынастарының тарихи көп ғасырларды қамтыды. Бұл
қатынастар сауда, дипломатиялық және басқада байланыстар түрінде болып
тұрған. Өздерінің дипломатиялық қарым – қатынастарында Қазақ хандығы мен
Ресей мемлекеті тату, достық жағдайда тұруға, сауда – саттық және саяси
байланыстардың қандай түрі болмасын кеңейтуге дайын екендіктерін бірдірген.
Екі елдің арасында ортақ жауға қарсы күресте соғыс одағын құруға
бағытталған әрекеттеріде кеңінен орын алған. Бұл, әлбетте, олардың
экономикалық және саяси байланыстарын нығайтуға, сөйтіп Қазақстанмен
Ресейдің арасын бұрынғыданда жақындата түсуге түрткі болуға тиіс еді.
Қазақ хандығы мен Ресей мемлекетінің ХҮІІ – ХХ ғасырлардағы қарым –
қатынастарды екі елдің саяси – экономикалық байланыстарының нығаюына көп
әсер етіп, олардың шаруашылық саласында тәжірибе алмасуларына қолайлы
жағдай жасады. Бұл сонымен қатар Қазақ хандығы мен Ресейдің бірін – бірі
георграфиялық жағынан тануына, Қазақстан туралы мәліметтердің көбірек
жиналуына мүмкіндік берді.
Тақырыптың өзектілігі: халық бұкарасын Ресеймен бірге болуға
итермелеген басты себептердің бірі – шетел басқыншыларының қазақ жерлеріне
жасаған экспансиясының күшеюі. Қазақ халқы, сондай – ақ Ресемен тарихи
қалыптасқан экономикалық саяси және мәдени қарым – қатынастарды нығайтуға
да мүдделі еді.
Қазақстанның Ресейге қосылуына ел ішіндегі феодалдық бытырандылықпен
өзара қырқысулар нәтижесінде туған экономикалық және саяси дағдарыстың орын
алуы да итермеледі. Өйткені бұл Қазақстандағы өндіргіш күштердің дамуына
барынша кесірін тигізген жағымсыз құбылыстардың бастысы болатын.
Қазақстанның Ресейге қосылуы өлкенің бүкіл әлеуметтік – экономикалық
және мәдени өмірінде айтарлықтай өзгерістер туғызды. Царизмнің қатал
отаршылық саясатына қарамастан, Ресейдің алдыңғы қатарлы капеталистік
экономикасы Қазақстанды товарлы – капеталистік қатынастар жүйесіне тартты.
Қазақстанның Ресейдің отарлық аудандарымен экономикалық байланыстары
нығайып, ендігі жерде Қазақ өлкесінің экономикалық дамуы жалпы Ресейдің
дамуымен тығыз байланысты болды.
Қазақстан мен Ресейдің арасындағы экономикалық байланыстардың
нығаюымен қатар, олардың арасында саяси және мәдени қарым – қатынастар да
дамыды. Қазақ халқының тарихи тағдыры мен оның азаттық жолындағы
революциялық күресіне орыс пролеториятының көрсеткен әсері орасан зор.
Қазақ қоғамының өз ішінде, революцияшыл Ресейдің идеяларын қабылдауға
қабілетті жаңа әлеуметтік күштер пісіп жетілуде еді.
Қазақстанның Ресейге қосылу процесі барысында және қазақ жерлерінің
Ресейге қарауы аяқталғаннан кейін қазақ еңбекшілері ішкі губерниялардан
қоныс аударып келген орыс шаруаларымен жақын танысты. Қоныс аударғандар
сомодержавиялық – крепостнойлық құрылысқа деген ашулы өшпенділік пен
помещиктерге қарсы бағыттаалған революциялық күрес тәжіребесін ала келді.
Күнделікті шаруашылық және мәдени алмасулар негізінде қазақ және орыс
шарулары таптық мүдделерінің ортақ екенін түсінді.
Қазақ жерлерінің Ресей құрамына енуі қазақ халқының әлеуметтік –
экономикалық және мәдени мүдделеріне сай келді. Қазақстан Ресей арасында
ертеден келе жатқан мәдени – экономикалық және саяси қатынастардың орын
алуы, Ресей пролетариаты күресінің қазақ еңбекшілерінің азаттық
революциялық күресінің көрсеткен тікелей әсер Қазақ халқының қарауға тірек
басқан орта ғасырлық тәртіптерден құтылуына, сөйтіп жаңа өмірдің даңғыл
жолына түсуіне алғашқы мүмкіндіктер туғызды. Сонымен, Қазақстанның Ресейге
қосылуы қазақ халқының көп ғасырлар бойындағы тарихында ұлы бетбұрыс кезең
болып табылды.
Еңбектің тарихнамасы: Бұл жөнінде Қазақстан тарихында көптеген
зерттеушілер өз еңбеңтерінде жариялаған болатын. Солардың қатарында орыс
зерттеушілері Витевский, Говердовский, Левшин т.б. зерттеушілер еңбегінде
көрініс тапса, ал кеңес кезіндегі Қазақстан зерттеушілері Н.Е. Бекмаханов,
Дулатов, Мұқанов Ибрагимов, Сабырханов еңбектерінде де қаралды. Кейінгі
кездері Қасымбаев, Қозыбаев, Өтениязов, Жақсығалиев сияқты
зеттеушілеріміздің еңбектерінде кеңінен жазылуда.

Жұмыстың мақсат-міндеттері: Бұл еңбектің мақсаты: Қазақ елінің
Ресейге қосылуы кезіндегі Ресейдің қандай да бір себептер, я болмаса
саясат жүргізуі арқылы қазақ елінің құрамына қосуын анықтау.
Міндеттері:
1. Қазақ жеріне Ресейдің шептерді салу арқылы қазақ елімен шептер,
бекіністер арасындағы байланысты анықтау.
2. Орыс елінің отаршылдық саясат кезіндегі қазақ еліндегі әлеуметтік –
экономикалық мәдени өміріндегі рөлін көрсету.
Дерек көздері : Кеңес кезіндегі зерттеушілер еңбектеріне сүйене
отырып, кейінгі кездегі зерттеушілер еңбектерімен толықтырылды. Солардың
қатарында Бекмахановтың, Сабырхановтың, Қасымбаевтың еңбектері кеңінен
қолданылды. Сонымен қатар газет – журнал материалдары да өз кезегімен
пайдаланылды.

І-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи алғышарттары
1.1. Қазақстандағы әскери отарлау акупациясының басталуы

ХҮІІІ ғасырдың басында патша үкіметі орыс көпестері шығаратын
аймақтардағы табыстарын баянды етуге ұмтылды. Оның ішінде Ертіс бойымен
оның жоғарғы ағысына дейін шеп құру жоспарын жасақтады. Ресей өзінің
отарлық жаулауын Жайық шебін кеңейтуден бастады. Ол Ресейдің сауда –
экономикалық нүктелерін іс жүзіне асыруында маңызды роль атқарды.
Саудагерлер орта Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік – Батыс Сібір байлығы
– алтын құмы жайлы аңыздар таратты. Олар Орта Азияның, әсіресе Әмударияның
жоғарғы ағысындағы алтын құмды алуға болады екен деп ойлаған. Шығыс
Түркістандағы Яркент маңында да осындай әдіс орнаса, Ресей Ұлы державаға
қосылады екен деп есептеді.
Қытайға, Үндістанға жол ашатын бұл бағытты тез игеру ісін жедел
қарқынмен жүргізе бастады. Бұл кезде Ресей Швециямен соғыс жүргізіп жатты.
Бұл үрдіс жоңғарлармен бетпе – бет түйісуге алып келді. Сібір губернаторы
М.П.Гагариннің жаркент қаласын Ресейге қарату үшін күресуі маңызды орын
алады деп ойлауы рас еді. Сөйтіп губернатор Тобольскіден, Жаркент аралығына
дейін әскери шеп тарту жоспарын жасады. [1;23]
І Петр 1714 жылы 22 мамырда И.Д.Бухгольцтің бастаған арнайы
экспедициясы туралы жарлыққа қол қойды. Оның мақсаты Жаркент алтын құмын
Ресейге алу еді. Сонымен қатар 1500 әскердің күзетуімен Ямыш көліне бару,
онда бекініс салу, сол арқылы жаркентке жету және Ертіс бойы әскери шебін
нығайту мақсат етті.
Оны жүргізу ісі 1714 жылдан 1720 жыл аралығында жүзеге асты.
Бухгольцтың алдында Сібір губернаторының елшілері Василий Черядов және
Тимофей Этингер жоңғар хандығының қонтайшысы Сыван Рывтанға барды. Бұхар
елшілер қонтайшыға Бухгольц бастаған экспедициядан қауіптенбеуін айтты.
1715 жылы шілдеде И.Д.Бухгольцтің әскери құралы 2797 – ге дейін жетті.
Осы күшпен 1 қазанда Ямышево көліне жетіп, осында Ямышевск бекінісін
сала бастады. Цыван Равтан өзінің 10000 – дық әскерін жіберіп Бухгольц
әскерін қоршап алды. Кейін келіссөз жүргізілгенмен жоңғарлар Ресейге қарсы
шапты. 1716 жылы көктемде И.Д.бухгольц шегінді. Оның 450 адамын жоңғарлар
тұтқындады. Оның ішінде швед артилериясының сержанты Иоганн Густов Ренат та
болды. 2797 әскерінің 700 – і мен ғана Ертістен өтіп, Ом өзеніне беттеп,
1716 жылы 20 мамырда Омск бекінісінің негізін қалады.
Осы түста Бугольцпен Сібір генерал – губернаторының арасында алауыздық
туды.
ХҮІІІ ғасырдың орта шенінді қазақ қоғамы үшін аса қажетті екі мәселе
болды. Оның бірі жер мәселесі, ал екіншісі – қазақ даласынан қашқан
тұтқындар мәселесі болатын. Бірінші мәселе жалпы қазақ қауымдары және
феодалдық шаруашылық үшін маңызды болса, екіншісі тек ірі шонжарлардың
мүддесі еді.[2; 92-93]
Жоғарыда айтылғаннан мәлім болғандай, Әбілхайыр өлгеннен кейін Кіші
Жүзде екі хандық орнады. Осының нәтижесінде Нұралы ханға бағынған, оның
қарамағындағы қазақ қауымдары батысқа, Жем өзеніне қарай, одан әрі Жайыққа
ығысуға мәбүр болды да, оңтүстіктен Сырдариямен шектес қоңыстарынан
айырылып қалды. Бұл жерлерде енді Батыр хандығының қарауындағы қазақ
қауымдары көшіп – қонып жүретін болды.
Ал Нұралы қарауындағы қазақ қауымдары Жайық өзенінің бойындағы суы,
оты мол қонысқа, жайлы жерлерді иемденуге ұмтылды. Алайда бұл қоныстар тек
жаз айларында болмаса, қыстыгүні қатты борандарда малға ықтасынсыз ашық
дала еді. Малды тебіндетіп жайып үйренген қазаққа қыста қары қалың түсетін
жазықтықтың шаруға ыңғайы келе бермейтін. Мүның үстіне, жаз айларында бұл
жердегі шөптерді мал таптап, қысқа жартымды еш нәрсе қалмайтын.[3;44-45]
Қыстық қоныстарға таптырмайтын жер Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы
еді. Бірақ мұнда қалмақтардың да қрнысы болатын. Сондықтан олар қазақтардың
бұл жерлерді өз қыстауына айналдыруына қарсылық көрсетті. Екіншеден, ішкі
жақ деп аталатын Еділ мен Жайық арасындағы қонысқа өтуге дайындап қойған
шөбімізге, басқа да шаруашылықтарымызға зиянын тигізеді деген сылтаулармен
Жайық казак – орыстары да қарсы болды. Шекара күзетіндегі Жайық казак –
орыстарының мүддесін қорғаған патша әкімішілігі де қазақтардың малдарын
Жайық өзенінің оң жағына апарып жаюына шек қойып отырды. Осылай шек қою
саясаты ХҮІІІ ғасырдың 40 – жылдарынан бастап байқалд. Мәселен, Сыртқы
істер коллегиясының 1742 жылғы 19 ақпанда И.Неплюевке берген бұйрығында
қазақтарды казак – орыстардың Жайық қалашығына және сол қалашықтан төмен
Жайық өзенінің бойына жақындатапау керек екендігі айтылған. Мұның себебін
Сыртқы істер коллегиясы қазақтар Жайыққа жақындаса, қалмақтармен және казак
– орысмен соқтығысуы мүмкін деп түсіндірген. Ал шын мәнінде, патша
әкімшілігінің мұндай саясаты сол кезде салынып жатқан әскери бекініс
шебінің қауіпсіздігін сақтау, олардың салынуына қазақтардың нұқсан келтіруі
мүмкін деген тұжырымдардан туған еді. Орынбор комисиясының 1742 жылғы
подполковник Ртушевқа берген нұсқауында да қазақтарды Жайыққа жақындатпау
керек екендігі айтылмған.[4;65-66]
Патша үкіметінің қазақтардың шаруашылық мүдделерімен санаспауына оның
орыс шекараларының қауіпсіздігін нығайту жөніндегі істеген шаралары да
түрткі болды. Орынбор комиссиясының бастығы И.И.Неплюев 1742 жылғы 19
қазанда Нұралы ханға сұлтандарға және ру басыларына жазған хатында олардың
Жайық қалашығына және жаңадан салынып жатқан қамалдарға жақын жерде
малдарын жаймауды сұраған. Патша әкімшілігінің бұрынғы ескертпелері сияқты
бұл жолы да қазақтардың айтылған жерлерге жақындауы – олардың казак –
орыстармен және қалмақтартармен шатағына әкеліп соғады деп түсіндірген.
Дегенмен, патша үкіметінің жер мәселесі жөніндегі қатал шаралары қазақ
феодалдарының наразылығын туғызды, сөйтіп олардың орыс шекараларынан көшіп
кетіп, басқа мемлекеттің қол астына өтіп кетуі ықтаимал деп есептеген патша
әкімшілігі кейбір керекті жағдайларда олардың Жайық өзеніне жақын
жерлерде көшуіне, тіпті, оның оң жағына өтуіне тыйым салмайтын. 1748 – 1749
жылдардың қақаған қысында кейбір қазақ қауымдары Жайық бойындағы бекініс
қамалдарға жақындап, сол жерде қыстауға оұқсат сұраған. Рұқсат болмаса,
өзіміз де, малымыз да қырылады деген. Мұндай өтінішті Есет батыр, Әжібай
би, Алтай батыр және Арал мырза сияқты шонжарлар да өтінген. Бұлардың патша
үкіметіне істеген жақсылықтарын еске алып, Орынбор губернаторы
И.И.Неплюев Жайыққа жақын жерлерде көшуіне рұқсат бергенмен, ішкі жаққа
өтуге қарсы болған. Қазақтар малын Жайық бойныда жайғаны үшін аманат
беруге, тиісті болатын. Әрине, бұл төленген малдар казак – орыстардың
билеуші тобының қолына түскенін аңғару қиын емес.[5;82-83]
1755 жылы Нұралы хан патша әкімшілігінен қазақтардың малын Жайық
өзенінің оң жағына өткізуді сұрағанда, оның тілегі орындалған болатын.
Себебі, осы кезде патша үкіметіне 1755 жылғы башқұрт көтерілісіне
қатысушыларды қазақ даласынан қайтару қажет болған еді. Рұқсат бермесе
қазақ феодалдарын өкіпелетіп алармыз деп санаған Орынбор әкімшілігі бұл
жолы қазақтардың ішкі жаққа өтуіне кедергі жасамады. Қазақ қауымдары
бұдан бұрын да ешқандай бұрыққа, ескертпелерге қарамастан, өз малдарын
Жайықтың оң жағына айдап өтетін. Себебі мал жайлатын шөптің болмағаны және
малдың қырылуы қандай да болмасын шек қоюдан күштірек болатын.
Патша үкіметі қазақтарға Жайық бойында және оның оң жағына малын жаюға
рұқсат бергенде өзінің саяси – экономикалық мүдделерін көздейтін. Бір
жағынан ірі феодалдармен жақсы қатынастарда болғысы келсе, екіншіден орыс
өнеркәсібіне керекті мал шаруашылығы өнімдерінің арасындағы жарамсыз
қылықтармен шатақтарды тыю мақсатымен, - делінген император әйел Елизавета
Петровнаның И.И.Неплюевтің атына берген жарлығында, - қырғыз – қайсақтардың
өз малдарымен бірге осы жаққа өтуіне тыйым салынсын, - деген.
Тыйым саудың басты себебі – Қазақтармен қалмақтар арасындағы
шабуылдарды тоқтату – мыс делінген. Бірақ ол тарихи шындыққа көп
жанаспайды. Патша үкіметі отырықшы казак – орсытардың күшімен игеріген бұл
жерлерді қазақтардың мал жайылымына айналдырудың экономикалық зиянын
түсінді. Оның үстіне бұл территорияда казак – орыстар егіншілікпен, аң
аулаумен айналысатын. Қазақтарды бұл жерге түпкілікті жіберген кезде,
олардың осы шаруашылықтарына да кесірін тигізеді деп санаған патша үкіметі
жоғарыдағы указы шығарды. Әрине, бұл указдың шығуына қазақ және қалмақ
феодалдарының өзара шабуылдарын тыю, сөйтіп орыс шекараларының тыныштығын
орнатудың сөзсіз әсері болған.
1856 жылғы патша указы қазақ шонжарларының үлкен наразылығын туғызды.
Указ шыққан соң екі айдан кейін, яғни сол жылдың қараша айында Нұралы хан
И.А.Тевкелевке жазған хатында патша үкіметінің бұл шарасына назарлығын
білдіре отырып, өз қарамағындағы қазақ қауымдарымен орыс шекараларынан алыс
көшіп кететіндігін білдірген. Бұл, әрине, Нұралы ханның осылай етсем, патша
үкіметі өз райынан ұзаққа көшсе түрікмендермен соқтығысуға апаратынын ол
жақсы түсінген. Сондықтан да бұл мәселені қазақ феодалдары патша үкіметімен
тікелей дипломатиялық қатынас жасап шешуге ұмтылды.
Дәл осы кезде ол шешуін керек еткен тағы да бір мәселе болды. Ол –
Қазақстаның Ресейге қосыла бастауының нәтижесінде екі елдің шекарасы
жақындай түсті де, әр түрлі себептермен қазақ феодалдарының қолына түскен
тұтқындардың Ресейге қашуы жиеленді. Бұлардың арасында Орта Азия
халықтарының базарларынан сатып алынған құлдар да болатын. Олар түрлі
халықтардың өкілдері еді. Патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындары
бұл қашып шыққан тұтқындарды қазақ даласына қайтармаудың амалын
қарастыратын. Себебі, Ресейге қашып барғандардың саны неғұрлым көп болса,
орыс помещиктерінің жұмысын істейтін тегін күш соғұрлым көбейетін. Ал,
қазақ феодалдары болса, бұл тегін күшті тезірек кері қайтарудың әрекеттерін
жасады.
Міне, осы екі мәселені шешу мақсатымен Нұралы 1757 жылы күйеу баласы
Жәнібек сұлтанның қасына 1 адам қосып Петербургке аттандырады.
ОларОрынбордан сол жылғы февральдың аяқ кезінде шығып, март айының 20-нда
Москваға жеткен. Петербургке апрель айының ішінде келіп, сол 1757 жылдың
аяғына дейін болған. Осы уақыт ішінде жүргізілген келіссөздер кезінде қазақ
елшісі Жәнібек сұлтан патша үкіметімен жоғарыда айтылған мәселелер бойынша
келісімге келуге күш салған. Архив материалдарының деректеріне қарағанда,
бұл жолғы келіссөздер нәтижесіз аяқталған.[7;72-73]
Қазақтардың малын Жайық өзенінің оң жағына қыс мезгілінде өткізуді
сұраған Нұралы ханның өтінішіне патша Елизавета Петровна Сенің өтінішіңді
қанағаттандыруға болмайды деген жауап берген. Ал, канцлер А.Бестужев –
Рюминде гер қазақтар малын Еділ мен Жайық арасындағы жерге өткізсе, онда
қалмақтар, Жайық казак – орыстары және қазақтар арасында өзара кескілескен
соқтығысулар туады, деген сылтаумен елшілікке Нұралы ханның қол астындағы
қазақтардың малын ішкі жаққа айдап өтуге болмайды, деп жауап береді.
Сонымен, елшілік алдында тұрған қазақ қауымдары үшін өмірлік маңызы бар
мәселе патша үкіметінің қарсылық көрсетуінің нәтижесінде шешілмей қалды.[8;
90-91]
Патша үкіметі елшіліктің екінші мәселе туралы өтінішінде қабылдамады.
Қазақ даласынан қашқан тұтқындар егер христиан дінін қабыл етсе, олар мүлде
қайтарылмайтын. Бұл жағдайда ондай христиандардың кері қайтарылмауы патша
әкімшілігінің ойынша заңды болып есептелінетін. Ал, бұл дінді
қабылдамаған тұтқындардың өзінде патша укіметі қазақ феодалдарының қолына
беруден бас тартқан. Бірақ кей жағдайларда патша үкіметі Қазақстандағы
өзінің негізгі саясатының іске асуына көмегін тигізіп отырған ірі
феодалдарды қарсы тұрғызып алмау мақсатымен қашқан әрібір тұтқын үшін
оларға 20-25 сомнан ақша беріп тұратын. Мұның өзі, екінші жағынан, қазақ
феодалдарының белгілі бір бөлігін патша үкіметінің қазақ даласындағы саяси
тірегіне айналдырудың да жолы деп есептелінетін.
Алдына қойылған мәселенің біреуінде шеше алмаған Жәнібек сұлтан
бастаған елшілік 1758 жылдың басында Қазақстанға қайта оралады. Жұмыстың
нәтижесіз аяқталғанына қарамай, бұл елшілік Қазақстан мен Ресей арасындағы
дипломатиялық байланыстарды одан әрі дамыта берді. Қазақ феодалдарының
мүдделеріне сәйкес мәселелерді шешу үшін бұдан кейін де Ресейге бірнеше
елшіліктер жіберілген.[9;44-45]
1757 жылдың 20 қыркүйегінде 9 қазанға дейін Нұралы хан Орынборда
болып, губернатор И.И.Неплюев және А.И.Тевкелевтер мен келіссөздер
жүргізген. Осы келіссөздер кезінде де жоғарыдағы мәселелер қайта
көтерілген. Алайда, Нұралының және басқа да қазақ шонжарларының Жайықтың оң
бетіндегі жайылымдары қыста пайдалануға, қазақ даласынан қашып шыққан
тұтқындарды қайтаруға тырысқан әрекетері іске аспай қалып отырды. Бұл жерде
ескерте кететін бір жайт, Орынбордың бірінші губернаторы И.И.Неплюев патша
саясатын қатал және бұлжытпай орындайтын үкімет - әкімдерінің қатарынан
саналатын. Сондықтан да жоғарыдағы көтерілген мәселер бұл кездесу кезінде
де қазақ шонжарларының пайдасына шешілмейді.
1757 – 1758 жылдары И.Неплюев Петербургке шақырылғаннан кейін, Орынбор
губерниясын басқарған П.И.Рычков пен А.И.Тевкелев 1756 жылғы заңды
И.Неплюев сияқты қатаң ұстанады. Олар қазақтарға бақылау күшейтілсін, ал
Жайық өзенінің оң жағына өтетіндерден жаңадан салынған қамалдардың
тыныштығын сақтау үшін аманат алынатын болсын деген нұсқау берумен
шектелді. Әрине, Рычков пен Тевкелевтің бұл жұмсақтығын патша
әкімшілігінің қазақ қауымдарының шаруашылық мүдделерін түсініп, соған жаны
ашығандықтан істеген рақым деп айту қиын. Бұл жерде де олар патша
үкіметінің саяси мүдделерін бірінші орынға қойды. Оның себебі мынада еді:
1758 жылы Қытай әскерлері Жоңғарияға қайта басып кірді. Бұрынғы соғыстар
мен өз ішіндегі кескілескен феодалдық күрестердің салдарынан әлсіреген
Жоңғар мемлекеті басқыншыларға тиетін қарсылық жасай алмады. Қытай
әскерлері Жоңғариға ойран салып, оның халқын түгел дерлік құртып жіберілді.
Осы кезге дейін халықтың саны басым болып келген Жоңғария, 1758 жылы
соққыдан кейін жеке мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. [10;72-73]
Ресейдің шығыстағы территориясына шабуыл жасайма деп қауіптелген патша
үкіметі бұған қазақтарды пайдалануды ұйғарды. Мұны 1758 жылы 19 мамырда
А.И.Тевкелев пен И.И.Рычков сыртқы істер коллегиясына жазған хабарламасынан
аңық байқауға болады. Хабарлама мәліметтеріне қарағанда, патша үкіметі
қытай – манчжур әскерінің Жоңғар хандығын жаулап алу Сибирь үшін қауіпті
екенін мойындаған. Сөйтіп, Тевкелев пен Рычковқа қытай әскерлерінің қимыл
әрекеттерін және олардың Қазақстан қарыс – қатынастарын қатты бақылауды
тапсырған.
Дәл осы кезеңде патша үкіметі Нұралы ханға көп міндеттер жүктелген
болатын Қазақ қауымдарынан жиналған жасақ, егер Қытай әскерлері Сибирдегі
орыс шекараларына қауіпті төндірген жағдайда, Ресейге көмек көрсетуі керек
болған. [11; 32-33] Сондықтанда А.И.Тевклек пен И.И.Рычков сыртқы істер
коллегиясына жазған хабарламасында қазақ шонжарларын бұл іске тартуды жан –
жақты шаралар қолдануды, қаражатты аямау керек дегенігін айтқан.
Міне, осындай жағдайда қазақ шонжарларын өз жағына тарту, оларды
әскери көмек көрсетуге көндіру мақсатымен А.И.Тевкелев пен П.И.Рычков 1756
жылғы заңды бұрмалауғы мәбүр болады. Сондықтанда бұл уақытша жасалған
шараны патша үкіметінің алған саяси бағытынан біржолата бас тартуы деп
қарастыруға тіптен болмайды.
Патша үкіметі Орынбор әкімшілігіне Сибирь қамалдарының қауіпсіздігін
бақылауды, Қазақстанның көрші елдермен байланыстарын дер кезінде хабарлап
отыруды қатты тапсырған болатын. Осы міндетті орындау үшін Орынбор
губерниясын уақытша басқарған А.И.Тевкелев пен П.И.Рыбков Орта жүз бен Кіші
жүзге саяси барлаушыларды жіберуді жиілетті. [12;40]

1.2. Қазақ жеріндегі орыс бекіністері, қамал – қалалары, тірек
пункттері және шептердің салынуы

1734 жылы сенаттың Обер секретары И.К.Кириловтың (1689 – 1734)
Қазақстан мен Орта Азиядағы Ресей иеліктерін нығайту үшін, осы елдермен
сауданы дамыту үшін қалалар мен қорғаныс шептерін салу жөніндегі ұсынысын
сенат және сыртқы істер коллегиясы қабылдады, 1734 жылдың 1 мамырында Сенат
жарлығымен И.К.Кирилов басшылық еткен Орынбор экспедициясы құрылды.
Экспедицияның мақсаты Қазақстан, Башкирия, Қарақалпақстанның оңтүстік
аудандарының шаруашылығын, олардың пайдалы табиғи қазбаларын пайдалануға
дайындау болды. Бұл уақытта қазақ халқы жоңғарлармен соғыстың ауыр кезеңін
бастан өткізген еді. Соны пайдаланып, Ресей империясы Ор, Жайық өзендері
құйылысында бекініс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлтының негізін құраған қайнар көздер
ХХ ғ. 30-50 ж.ж. қуғын-сүргін көрген халықтардың әлеуметтік зардабы
Қазақстан жаңа заман тарихы
Патша үкіметіне қарсы Сыр бойындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихы
Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
Қазақ хандығының Ресейге қосылуы
Қазақ-орыс қарым-қатнастары
Министрлікпен келісім бойынша әскери губернатор лауазымына ұсыну
Қазақстанның жерлерін Ресей империясының отарлауы
ХІХ Ғ. 60 - 90 - ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК, СОТ РЕФОРМАЛАРЫ
Пәндер