Қыпшақтардың этникалық және әлеуметтік - саяси тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті.

Гуманитарлық
факультеттеріндегі
Қазақстан
тарихы
кафедрасы.

КУРС ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:
Қыпшақтардың этникалық және әлеуметтік-саяси тарихы

Орындаған:Жорабаев С.А.
Тарих факультеті, ТжГ
Мамандығының 2 курс
студенті.
Ғылыми жетекші:
Өтебалиев Ж.Е. тарих
ғылымының кандидаты,
доцент.

Алматы 2003

Жоспар

Кіріспе 3
Қыпшақ тайпаларының бірігуі мен нығаюы 5
Әскери - әкімшілік құрылысы 7
Қыпшақтардың ішкі және сыртқы саясаты 9
Этникалық құрамы мен территориясы 11
Шаруашылығы 25
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі: 30

Кіріспе

Менің осы курстық жұмысты жазу үшін тақырып таңдау барысында қазіргі
қазақ халқының қалыптасып, құрылуына ұйытқы болған ертедегі тайпалардың
бірі - қыпшақ тайпасы жайлы тақырып таңдауымның басты себебі - осы аталған
тайпа тарихында жаңалық ашу немесе оған бір өзгеріс енгізу емес, керісінше,
біздің ата-бабаларымыз болып саналатын осы керемет тайпаның тарихын, салт-
дәстүрі мен шаруашылығын, этникалық құрамы мен тайпалық құрылысын
мүмкіндігінше оқып біліп, аз да болса білім нәрімен сусындау еді.
Тарихымыздан халқымыздың қалыптасып дамуына ұйытқы болған осы қыпшақ
халқы қалыптасуының аяқталып бітпей, оны монғол шапқыншылығы үзіп жібергені
белгілі. Қазақ халқының құрамына қосылған ежелгі тайпалардың бірі –
қыпшақтар қазақ халқының этнос ретінде қалыптасуы мен тілінің
қалыптасуында, этногенезінде елеулі роль атқарды. “Қазақ” сөзінің өзі
қыпшақтар мекендеген аймақта пайда болды деуге негіз бар. “Қазақ”терминінің
алғаш рет таралған аймағы шығыс Дешті Қыпшақпен, қазіргі Қазақстан
аумағымен байланысты болды. Осы терминнің еш күмән келтірмейтін бірінші рет
қолданылуы - 1245 ж Мысырдағы Мамлюк мемлекетінің қыпшақ ортасында
құрастырылған көне қыпшақ шығармасында айтылады. Онда “қазақ”сөзіне еркін,
кезбе деген мағына беріледі.
Бұл айтылып отырған Мысыр мамлюктері - Мысырға құл болып сатылған
қыпшақ Бейбарыстың онда билікті тартып алып, қыпшақ туын көтеріп,
Мамлюктер мемлекетінің негізін қалағаны тарихымыздан баршаға мәлім.
Ал қыпшақ деген атаудың өзі түрліше тілдердегі деректерде әр алуан
формада кездеседі: еліміздің ерте заманғы деректерінде хуша, уже түрінде
айтылса, орта ғасыр деректерінде шықса, араб-парсы деректерінде қыпшақ,
қифшақ, қыпчақ, т.б. түрінде, Батыс Еуропа жазбаларында коман, куман
делінсе, орыстар “половецтер” деп атады.
Әйгілі ғалым А. Бернштам: қыпшақтар - қаңлы, үйсін сияқты ежелгі
елдердің бірі. Қыпшақтар туралы алғашқы деректер жұңғоның б.з.б. 201ж.
“тарихи жазбалар” еңбегінде кездеседі дегенді айтады.
Қыпшақтар VІІ ғасырда Ертіс өзенінің басы мен Алтай тауларын мекендеп,
түрік қағандығының құрамында болды. Түрік қағандығы әлсіреген кезде тарих
сахнасына ұмтылған қыпшақтар VІІІ-Х ғ.ғ қимақ қағандығының құрамында болып,
ХІ ғ. оғыздарды құлатып, билікті өз қолдарына алды. Осыдан бастап олар
көптеген тайпалар мен жерлерді бірінен соң бірін басып ала бастады. Сөйтіп,
ХІІІ ғасырдың басында күшейген қыпшақтардың территориясы Ертіс өзенінен Дон
өзеніне дейін, Орал тауынан Қара теңізге дейін жетіп, астанасы Сырдарияның
бойындағы Сығанақ қаласы болды.
Қыпшақтар діни нанымы жағынан түркі халықтары арасында кең тараған
шамандық ұғымдарды тұтынып келген. Олар көк тәңіріне, жер, су киелеріне,
ұмайға, отқа, әруақтарға сиынып, тас мүсіндерге табынды. ХІІ ғ ІІ-ші
жартысынан бастап қыпшақ билеушілерінің арасында ислам діні тарай бастады.
Сол кезде өмір сүрген Ахмет Иассауи осы жолда көп қызмет етті.

Қыпшақ тайпаларының бірігуі мен нығаюы

ХІ ғасырдың басында бұрынғы кимек, қыпшақ және куман тайпалары
қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті.
Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әлеуметтік шонжарлары оңтүстік
және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта
Азия мен Оңтүстік-шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым-қатынас
орнатуға жеткізді.
ХІ ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери тайпалық шонжарлары
Сырдарияның төменгі және орта аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі
далаларынан оғыз жабғуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер де
болған еді. Саяси фактор ең алдымен ХІ ғасырдың бас кезінде Орталық Азия
тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға
байланысты болды. Сонымен бірге қыпшақтардың өзін-өзі билеуге және өз
мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының
маңызы аз болған жоқ. ХІ ғасырдың І-ші жартысында күшейген қыпшақ
тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап,
сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы
өтетін аса маңызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек.
Азияны Еуропамен жалғастырып жатқан жолдың бұл учаскесі маңызды баю
жолдарының бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.
Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға
таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайды өзгеруіне қарай ХІ ғасырдың
ІІ-ші ширегінің басында “оғыздар даласы” (Мафазат әл-гузз) деген атаудың
орнына “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деген атау пайда болды1.
Маңғыстауды, сондай-ақ, оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған
қыпшақтар Хорезмнің солтүстік шегіне жақындап келді. Сол арқылы
қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді. ХІ ғасырдың ортасында кумандардың
негізгі бұқарасы мен билеуші тоқсоба және бұржоғлы руларының қол астындағы
қыпшақ тайпаларының үлкен топтары оңтүстік орыс және Қара теңіз өңірі
далалары мен Византия шекараларына дейін қоныс аударды. Осы оқиғалардың
нәтижесінде қыпшақ тайпаларының жері этно-аумақтық екі бірлестікке: Еділ
өзені бөліп жатқан Шығыс қыпшақ және Батыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлінді.
Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысы ханының билігінде
болды.
Қыпшақ ақсүйектерінің шығыс Дешті Қыпшақ тайпалары қоныстанған аумақты
едәуір кеңейтуіне мүмкіндік берген ХІ ғасырдың І-ші жартысындағы қаулаған
қауырт оқиғалар Сырдариядағы оғыздар державасымен, Орта Азиядағы салжұқтар,
Хорезмшахтар және Қарахандар әулеттерімен соғыстарға және қақтығыстарға
әкеп соқты. Сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі де роль атқарып,
ол қыпшақтар мемлекетінің құрылуына объективті себеп болды.
Ғылыми әдебиеттерде қыпшақтарда мемлекет пайда болу проблемасына екі
көзқарас бар. Олардың біріншісі жақтаушылар қыпшақтарда бір жағдайда -
бұрынғы мемлекеттік құрылым2 ретінде, екінші жағдайда, атап айтқанда,
хорезмшахтардың мәдени ықпалы барысында қыпшақтардың мемлекеттік дәстүр
элементтерін игеру3 ретінде қарастырылатын мемлекеттік болған деп санауға
бейім.
Екінші пікір бойынша, мемлекеттің болу мүмкіндігінің өзі бекерге
шығарылады4. Мәселен, қыпшақтардың саяси құрылысы Ұлы Далаға мемлекетсіз
үйренісудің үлгісі ретінде анықталады.5 Айта кетейік, мұндай мүмкіндік
қимақтарда мемлекет болғаны анықталғаннан кейін ғана туды. Жазбаша
деректемелердің мәліметтері қыпшақтарды Кимикте мемлекетінің толық құқылы
мұрагерлері болған деп санауға мүмкіндік береді.

Әскери - әкімшілік құрылысы

Қазақ халқының қалыптасып, дамуында ұйытқы болған біздің ата-
бабаларымыздың бірі – қыпшақтар тайпалары басқа да шығыстық тайпалар сияқты
өмір кешті. Салт-дәстүрлерінде, тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрыптарында,
күнделікті өмір заңдылықтарында Орта Азияны, Қазақстан жерін мекендеген
тайпаларға қарағанда айтарлықтай өзгешеліктер болған жоқ. Барлығының да
негізгі кәсібі көшпенділік болды, малмен бірге қысы-жазы көшіп жүріп күн
кешті: қыс қыстауда , жаз жайлауда өмір сүрді. Ең көп өсірілетіні- жылқы,
одан кейінгі орында қой болса, арасында ешкі, түйе, сиыр да өсірілді. Бұған
қосымша тау бөктерлерінде егіншілікпен, далалы өлкелерде аңшылықпен, өзен-
көлдердің жағасындағы тайпалар балық аулаумен айналысты. Соңғыларымен
көбінесе малын шығынға ұшыратқан кедейлер шұғылданды. Жағдайы түзеліп,
кедейшіліктен арылғанда қайтадан бұрынғы кәсібі – көшпенділікке ауысып, мал
өсірді.
Мал көшпелілерге тән негізгі байлық көзі, мүліктік теңсіздіктің
белгісі болды. Ерте феодалдық қоғам құрылысының даму сатысында болған
қыпшақ тайпаларының шонжарлары мен тайпа көсемдері мың-мыңдап, кейде он
мыңнан астам жылқы өсірді. Бұл олардың тек байлығын ғана көрсетіп қойған
жоқ, сонымен қатар саяси ықпалы мен беделін де өсірді. Ірі мал өсіруші
шонжарлар өздерінің малын ұстайтын орасан көп шұрайлы жерлерді де
иемденген, бірақ ол мал сияқты негізгі байлық көзі болып саналған жоқ.
Қорыта айтқанда ХІ басында қалыптасып, аз ғана уақыт ішінде, яғни ХІ
ғасырдың өзінде-ақ кең байтақ қазақ жерінің шығыста Ертістен батыста
Еділге, ішінара Маңғыстауға дейінгі аумағын өзіне қаратып қана қоймай,
оңтүстік орыс далаларына дейін жетіп “половецтер”, ал шығыс
деректемелерінде Дешті Қыпшақ атанған осы қыпшақ тайпаларымен бірде
дипломатиялық, бірде дұшпандық қатынаста болған Хорезмнің түпкі мақсаты –
осы елдің ішкі талас-тартыстарын пайдаланып басып алу еді. Осы үшін
хорезмшах Текеш қыпшақ ханы Қадыр Бөке хан мен оның немере інісі Алып Дерек
Қайырхан Иналшықтың арасында от тұтатып отырды. Бұл өзара тартыс тек
қыпшақтарды ғана емес, Хорезмді де монғолдардың оңай басып алуына қолайлы
болды. Бірақ, монғолдар тарапынан болған шапқыншылықтың салдарынан
этникалық тұрғыдан қалыптасып бітпей қалса да, қыпшақтар қазақ
этногенезінде елеулі роль атқарды.

Қыпшақтардың ішкі және сыртқы саясаты

Қыпшақ хандығының саяси негіздері қыпшақ және куман тайпаларының
едәуір топтарының шығыс Дешті Қыпшақта орталықтан аулақтау ниеттерімен
жасаған қоныс аударуынан кейін ХІ ғасырдың орта шенінде едәуір нығайды.
ХІ ғасырдың ІІ-ші жартысынан ХІІ ғасырдың І-ші үштен біріне дейін
қыпшақ хандарының саяси бірлігінде де біршама тұрақтылық байқалады,
солардың ішінен деректемелерде ең әуелі екі билеуші - “құдіретті” билеуші
және “ең үлкен құрметке ие патша” бөліп айтылады.
Бұл айтылғандар қыпшақтардың этно-әлеуметтік құрамында ерекше ықпалы
бар билік иелері жоғарғы хандар болған деп санауға мүмкіндік береді.
Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған.
Елбөрілі әулеттік ру саналған, хандар солардан шыққан. Тарихшы Джузджани
(1260 ж қайтыс болған) қыпшақ ханының әлеуметтік руы туралы мынадай құнды
мәліметтер келтіре кетеді: жас кезінде Қазақстан аумағынан Үндістанға
монғолдардан қашып барған “ханның асқан ұлылығы”, Дели сұлтанатында ол
“Елбөрі ханы және қыпшақтардың шахы” ретінде белгілі болды7. Ұлық ханның
әкесі де,- деп жазды одан әрі, Елбөрі тайпасының арасында күшті кісі болған
және хан атағымен аталған8.
Орда деп аталған хан ордасында ханның мал мүлкі мен хан армиясын
басқарған ханның басқару аппараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан
қыпшақ хандары ертедегі түріктердің дәстүрлерін ұстанып, екі қанатқа:
ордасы Жайық өзенінде, Сарайшық қаласы орнында орналасуы ықтимал оң қанатқа
және ордасы Сығанақ қаласында (Сырдарияда) орналасқан сол қанатқа бөлінді9.
Неғұрлым күштісі оң қанат болды. Дұрысына келгенде, хандықтың орталығы
Торғай далаларында болса керек.
Әскери ұйым мен әскери-әкімшілік басқару жүйелеріне ерекше мән
берілді, өйткені олар көшпелі тұрмыстың ерекшелігін көрсетті және көшпелі
тіршілік әдісі үшін ең табиғи және қолайлы болды.
Үстемдік еткен ақсүйек топтарының қатаң иерархиялық жүйесі (хандар,
тархандар, югурлар, басқақтар, бектер, байлар) айқын көрсетілді, сонымен
қатар рулар мен тайпалар да өздерінің әлеуметтік маңызы жағынан бөлінді.
Қыпшақ хандығында мемлекеттік істер жүргізіп, ақсүйектер көршілес және
алыстағы елдердің билеушілерімен хат жазысып тұрды. Жазба деректерде қытай,
үнді, ұйғыр ғұламалары мен данышпандары қатарында, қыпшақтан шыққан
оқымыстылар да аталады. Қыпшақтардың мұсылман дініне таралуы олардың мәдени-
әлеуметтік дамуының жоғарғы деңгейін көрсетеді.

Этникалық құрамы мен территориясы

Қыпшақ көшпелі қоғамы өркениетінің өзіндік ерекшелігі - оларда
байланыс желісінің өте жетілдірілгендігі болып табылады. Қыпшақтар елінде
қолданылған коммуникациялық байланыстар жүйесі сол кездің “техникалық”
прогресінің ең жоғарғы талаптарына сай келетін. Осыған байланысты ХІ-ХІІІ
ғасырдың басындағы қыпшақтардың этникалық аумағының кең байтақ кеңістігі
олардың қоғамының коммуникациялық мүмкіндіктеріне сәйкес болғанын атап өту
жеткілікті.
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ.
Негізгі теңсіздік малға жеке меншік еді. Жылқы басты байлық саналды. Орта
ғасырлардағы авторлардың хабарлағанындай, қыпшақтар елінде көптеген адамдар
бірнеше мың жылқы, ал олардың кейбіреулері он мың және одан да көп жылқылы
үйірлерді иемденген10.
Қыпшақ тайпалары тез көшіп-қонуға бейім болды. Малшы топтары жүздеген,
ал кейде мыңнан да астам шақырым жерге көшіп жүрді. Олардың көшетін аумағы
тарихи дәстүрлерге, байлық дәрежесіне және табиғат жағдайларының сипатына
қарай әр түрлі болып отырды. Негізгі жайылымдардың орны мен көшу жолдары,
сан ғасырлық тәжірибе ұрпақтардың бойында қалыптасты. Осыған байланысты
“отан” (этникалық аумақ) ұғымына “жайылымдық жер”, “жайлау” және “қыстау”
ұғымдары арқылы ой жүгіртуге болады. Тұрақты көшу жолдарын елеулі
экономикалық, әлеуметтік немесе саяси себептер ғана өзгерте алатын. Көшу
жолдары мен жайылымдарды бөлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен
жайылымдық-көшпелі жүйенің негізгі шарты болды. Мал ұрлау қатаң жазаланды,
дағдылы құқықтың (төре) орныққан нормалары бойынша жазаланды деп
есептеледі. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер (таңбалар)
салынды. Малынан айрылған, демек, көшу мүмкіндігін жоғалтқан еркін қауым
мүшесі отырықшы тұрғындар- жатақтар (ятұқтар) қатарына өтті. Кедей ятұқтар
жеткілікті мөлшерде мал пайда болысымен-ақ, қайтадан көшпелі шаруашылыққа
ауысып отырды. Қыпшақ қоғамында ең құқықсыз топ соғыс тұтқындары есебінен
толықтырылып отыратын құлдар болды. Этникалық аумақ шептерінің көптеген
ерекшеліктерін басқа халықтармен этникалық-саяси қарым-қатынастар
анықталды. Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе
хорезмшахтармен ерекше табанды күрес жүргізді. Егемендікті тану, әдетте,
вассалдардың билеушілерге адалдыққа ант беріп, алым төлеуінен, оның соғыс
жорықтарына өз қолдарымен қатысуынан көрінді. Салжұқтар әскерінің құрамы
көбінесе қыпшақ көсемдері бастаған тайпалық топтармен толықтырылып отырды.
ХІ ғасырдың ІІ-ші ширегінде хорезмшахтар салжұқтардың өктемдігіне
қарсы қыпшақ және оғыз тайпаларынан тұратын әскер қолдарын қызметке кең
көлемде тартты. 1065 жылы салжұқтардың билеушісі Алып Арслан хорезмшахтарды
бағындырып, қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасады, онда қыпшақтардың
жақсы бекінген қамалы орналасты. Қыпшақтарды бас идіруге көндірген Алып
Арслан оғыздардың шағрақ тайпасына шабуыл жасап, олардың 30 мыңдық әскерін
талқандады11. Осыдан кейін салжұқ сұлтаны Жент пен Сауранға жорық жасады.
Осы соғыс науқанының нәтижесінде қыпшақ тайпаларының бір бөлігі уақытша
Хорасан салжұқтарына тәуелділікке түсті. Сірә, осы тайталастар барысында
қыпшақтар оғыз-салжұқтардың алқабұлақ тайпасын тұтқынға алса керек, бірақ
соңғылары, Махмұд Қашқаридің айтуынша, олардан құдайдың көмегімен құтылып
кеткен12.
ХІ ғасырдың соңғы ширегінің аяғында Маңғыстауда және Каспий теңізінің
шығыс жағалауында бұрынғысынша қыпшақтар билік жүргізді, оларға оғыз және
түркімен тайпаларының жекелеген топтары саяси жағынан тәуелді болды. 1096
жылы “құдіретті” хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге жорық
жасады. Алайда хорезмшахтардың қамқоршылары салжұқтар оларды Маңғыстауға
қайтуға мәжбүр етті.
Махмұд Қашқаридің жанама мәліметтеріне қарағанда, қыпшақтардың әскери-
көшпелі шонжарлары қарахандар әулетінің билеушілерімен саяси жағынан
күрделі өзара қатынастарда болған. Қарахандар қыпшақ ұлысының шығыс
шектеріне жорықтар жасады, ал кимектер Ертіс жағалауынан Жетісудағы
түріктердің мұсылман державасына шапқыншылық жасады. Қыпшақ хандары өз
жерінің оңтүстік-батысында, Тараз аймағында Қарахандар мемлекетімен
шекаралық мекен ретінде Кенжек Сеңгір бекінісін салды.
ХІ ғасырдың аяғында Жент, Жанкент және төменгі Сырдарияның басқа да
қалалары қыпшақ көсемдерінің қолында қала берді. Алайда ХІІ ғасырдың І-ші
жартысында бұл аймақ қыпшақ хандарымен оны қайткен күнде де иеленуге
тырысқан Орта Азияның мұсылман әулеттері арасындағы табан тірескен күрес
өңіріне айналды. Кутб ад-дин Мұхаммед билеген кезде (1097-1127жж) қыпшақтар
хорезмшахқа пәрменді қарсылық көрсетіп, төменгі Сырдария мен Арал және
Каспий теңіздері аралығындағы далалық жерлерді өздеріне сақтап қалды.
Қыпшақ билеушілері Мұхаммедтің мұрагері, ұлы Атсызды (1127-1156жж) күшті де
алғыр қарсылас деп білді. Хорезмшах билігінің алғашқы кезінде Санжарға
адал бодан болып қала берді. Сол екі арада, көп кешікпей ол өзінің бүкіл ой-
ниетін ең алдымен шектес жатқан қыпшақ тайпаларын бағындыру арқылы өз
билігін күшейтуге бағыттады. Исламды таратуды желеу еткен хорезмшах Атсыз
Жентке жорық жасап, оны жаулап алды да, сонан соң солтүстікке аттанып,
Маңғыстауды өз иеліктеріне қосты.
Қырға бойлай еніп, бірнеше сәтті жорықтар жасай отырып, хорезмшах
Атсыз 1133 жылы “дінсіздер арасында зор құрметке ие болған”13 қыпшақ ханын
жеңді. Деректемелер жоғарғы қыпшақ ханының байырғы өз ұлысы шегінде алғаш
рет ірі жеңіліске ұшырауының себептері туралы ешқандай қосымша мәліметтер
келтірмейді. Шынына келгенде, қыпшақ хандығының бытыраңқылығы сол кезден
(ХІІ ғ ІІ-ші жарт) басталып, күшейе түседі, оны бірқатар себептер туғызды,
олардың негізгілері: қыпшақ тайпалары арасында ең алдымен олардың ақсүйек
топтарында Хорезмді жақтайтын бағдардың қалыптасуы, қаңлылардың ірі
бірлестігінің құрылуы, билік жолындағы әулеттік өзара қырқысқан күрестің
күшеюі болды.
Атсыздың дербестікке ұмтылудан туған тәуелсіз қимылдарына Санжар
ескерту жасап, Хорезмге жорық ашты және хорезмшахты өзіне бағынғандығын
білдіруге мәжбүр етті. Жазбаша деректемелердің хабарлауына қарағанда,
қыпшақтардың әскери-ақсүйек шонжарлары 1145-1152 жылдарда Атсызға Жентті үш
рет беруге мәжбүр болған. Хорезмшах Жентті “әлемнің ең басты жері және
исламның аса ұлы шекаралық шет аймағы”14 деп білді, сондықтан бұл қаланы
иемденуге ерекше мән берілді. Жент пен Маңғыстауды өз иеліктеріне қосу
арқылы ол көршілес көшпелі тайпаларды Хорезмге тәуелді етті. Атсыз өзінің
үлкен ұлы Әл-Арсланды билеуші етіп Жентке қалдырды.
ХІІ ғасырдың ІІ-ші жартысынан бастап Текеш билік құрған 1172-
1200жылдар арасында қыпшақ шонжарларымен жақындасу қатты жүрді.
Хорезмшахтар қыпшақ, қаңлы, кимек топтарының басшыларын қызметке тартып,
билеуші шонжарлар қыз алысып туыстық байланыстар орнатты. Текеш Иран мен
Азербайжанның билеушісі атабек Жиһан Пехлеванға жазған хатында өзіне
Түркістанның түкпір-түкпіріндегі қыпшақтардың сансыз қолының өзіне қызмет
етіп жатқанын айтқан.15
Әл-Бағдадидің мерзімі 1182 жыл деп көрсетілген мәліметтері бойынша
Мәлік-шах тек Женттің, Рибат пен Баршылыкенттің ғана емес, сонымен қатар
қыпшақтардың әкімшілік-саяси орталығы Сығанақтың да билеушісі деп аталған.
Алайда бұл деректер аймақтағы саяси жағдайдың ара-тұра көрінісін ғана
бейнелеген. Ол жағдай жалпы алғанда хорезмшахтар өздерінің тәуелсіз қыпшақ
ұлысының негізін шайқалтуға бағыттап жүргізген саясатының мақсатында
туғызып, қолдап отырған мейілінше тұрақсыздығымен сипатталды. Бұл үшін олар
қыпшақ ақсүйекретінің өкілдерінен хорезмшахтарының ниеттерін қолдайтын
шектеулі әскери сословие құрды. Мұндай бағыттың идеологиялық негізгі
қыпшақтарды, ең алдымен олардың шонжарларын ислам дініне енгізу болды16.
Солай бола тұрса да, қыпшақ тайпаларының едәуір топтары ХІІ ғасырдың аяғына
дейін ислам дінін мойындамады. Жент пен Фараб арасындағы байтақ жер ХІІ
ғасырдың аяғына дейін пұтқа табынатын қыпшақтар аймағы деп саналған.
“Осындай кейінгі кезге дейін, - деп атап өтті В.В. Бартольд, - исламды
қабылдамаған қыпшақ мемлекетінің болу мүмкіндігі халықтық элементтің
қаншалықты күші болғанын көрсетеді”17.
ХІІ ғасырдың ортасында қыпшақтар мен кимектердің әскери қолдары Еділ
бойында орналасқан Саксин мен оның төңірегіне жорық жасады. Осы оқиғалардың
нәтижесінде Саксин тұрғындары қыпшақ хандарына тәуелді екендіктерін
мойындады, сөйтіп қыпшақ хандары оған өз наместниктерін (басқақтарын)
тағайындады. Орныққан дәстүрге сәйкес, Хорезм билеушілері қаңлылар мен
қыпшақтардың хандарының руынан әйел алатын. Хорезмшахтардың негізгі әскери
тірегі қаңлылар мен қыпшақтардың топтары болғаны мәлім. ХІІІ ғасырдың
басында хорезмшахтар сарайында қаңлылардың басшысы Әмин Мәлік үлкен роль
атқарды, ал оның қызын хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед алған еді.
Хорезмшахтар мемлекеттік және әскери лауазымдар берген қыпшақ ақсүйектері
хорезмшахтардың мүддесін қорғады. Қыпшақ қоғамында қыпшақтардың едәуір
топтарының Хорезмді жақтаған бағыт ұстауы, сондай-ақ жоғарғы билік үшін
бақталастықтың орталықтан аулақтану сарындары туғызған ішкі қайшылықтар
күшейді. Осы жағдайларда хорезмшахтар қыпшақ көсемдері арасында шеберлікпен
араздық отын тұтатып қолдап отырды.
ХІІ ғасырдың аяғында Қадыр-Буке-хан мен оның жиені Алып-Дерек дауласып
қалды. 1198ж Текештің ұлы Мұхаммед Алып-Дерекпен бірге далаға жорық жасады.
Қадір-Буке-хан талқандалып, Хорезмге жеткізіліп, хан билігі Алып-Дерекке
көшті. Ол хорезмшахтарға дербес саясат жүргізді. Қыпшақ ханының одан әрі
күшеюінен қауіптенген Текеш Қадір-Буке-ханды босатып, оған хорезмнің көп
әскерін берді де, оны Алып-Дерекке аттандырды. Соның нәтижесінде Алып-Дерек
талқандалды да, Қадір-Буке-ханның өзі хорезмшахқа тәуелді болып қалды.
ХІІІ ғасырдың басында мұсылмандық Азияда бірінші болуға дәмеленген
хорезмшах Мұхаммед (1200-1220) мемлекетінің құрамына Сығанақ аймағы да
кіргеніне қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы табанды күрес
жүргізуін жағастырды. Женттен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыпшақтардың этно-саяси, экономикалық-әлеуметтік даму тарихы
Қыпшақтар тарихы
Қыпшақ хандығының саяси жағдайы
Қыпшақтар орыс және европалық ортағасырлық деректерде
Қыпшақ мемлекеті
Қыпшақ мемлекетінің саяси тарихы
Қыпышақ мемлекеті
Қыпшақ хандығының құрылуы мәселесін қарастыру
Қыпшақ
Қыпшақтардың даму тарихы
Пәндер