Батыс Қазақстан жеріндегі ескерткіштер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы:
“САРМАТТАР АРХЕОЛОГИЯСЫ”

Мазмұны

Кіріспе 2
Сарматтардың тарих сахнасына шығуы 4
Жерлеу ғұрыптары 5
Батыс Қазақстан жеріндегі ескерткіштер 10
мен мәдени кезеңдері 10
Прохоров мәдениеті 18
Ново-Филипповка жеріндегі ескерткіштер 22
Керамикалық ыдыстар 24
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 28

Кіріспе

Менің осы курстық жұмысты жазу үшін тақырып таңдау барысында қазіргі
қазақ халқының қалыптасып, құрылуына ұйытқы болған ертедегі тайпалардың
бірі-сарматтар жайлы сарматтар археологиясы атты тақырыпты таңдауымның
басты себебі- олар жайлы қандай да болмасын жаңалық ашу немесе бір жаңалық
енгізу емес, керісінше, біздің ежелгі ата-бабаларымыз болып саналатын осы
керемет тайпаның тарихын, мәдениетін, деректерін мүмкіндігінше оқып біліп,
аз да болса білім нәрімен сусындау еді.
Сарматтар б.э.д. VII-IV ғасырлар аралығында скифтердің шығысында
көршілес болған савроматтарды б.э.д. ІV-III ғасырларда тарих сахнасынан
ығыстырып шығарып, өз халықтығын құруға барынша күш салды. Бұл кезде
скифтер де Филип Македонскийден жеңіліп қалып, берекесі кеткен еді.
Сарматтар б.э.д. ІІІ ғасырдан бастап б.э. IV ғасырына дейін өмір сүрді.
Б.э.д. Iv ғасырдан бастап бірте-бірте күшейген сарматтар батысқа қарай
жылжып, Еділ бойынан Донға және Буг өзеніне дейін, орыс далаларынан Қара
теңіздің солтүстік жағалауларындағы грек қалаларына дейін жетіп, олармен
араласып, сіңіседі.
Жалпы, сарматтар мәдениеті оның кезеңдеріне қарай алдыңғы сармат,
ортаңғы сармат және кейінгі сармат мәдениеті деп үшке бөлінеді. Алдыңғы
сармат мәдениеті өзінің хронологиялық жағынан б.э.д. IV-IІ ғасырларға
жатады. Ал, ортаңғы және соңғы сармат мәдениеті б.з.б. ІІ- б.з. IV
ғасырына дейін.
Осынау кең даланы мекендеген ірі тайпалардың бірі-сарматтардың өзіне
тән әдеп-ғұрыптары, мәдениеті болды. Қазылып зерттелген қабірлерден оларда
керамикалық ыдыстардың жасалу жолына қарай екі түрі- жапсырмалы және
айналдырмалы түрлері болғаны белгілі. Сондай-ақ ыдыстардың құрамы жағынан
да қызыл саздан, сұрғылт саздан, қара саздан жасалған болып бөлінеді.
Сарматтарда обаларда кезеңіне қарай үш топқа бөлінген: а) тікбұрышты
шаршы етіп қазылған; в) тікбұрышты немесе сопақша етіп қазылған және в)
сопақша етіп жандамалы қазылған обалар. Обалар ішін әрлеумен де, астына
төселген төсеніштен де, көму жолымен де бір-бірінен ерекшеленеді. Және де
моладан табылған ескерткіштер сарматтарда мүліктік тнңсіздіктің болғанын
дәлелдейді.

Сарматтардың тарих сахнасына шығуы

Тарих атасы Геродоттың айтқанындай скифтердің көршілері Еділ-Орал
жазықтарын мекендейтін сарматтар (б.з.д. VІІ-Ivғ) болды. Геродот олардың
елін әйел билігіндегі ел деп атаған. Оған өзіндік деректер бар: бай
әйелдердің молаларында қару-жарақ, ат әбзелдері; тас мүсіндер көп
болды.әрине, көбінесе соғысқа еркектер қатысты,ал әйелдердің қарулануы
таптық қоғам қалыптасқанға дейін болған. Б.з.д. ІІғ мұндай құбылыстар
жоғалады. Рулық қатар савроматтарда скифтерге қарағанда қатал еді, олардың
арасында оны сақтамайтындарда міндетті түрде болды- ірі-ірі қорғандардағы
мүліктік теңсіздіктен көруге болады.
Савроматтар өлген адамның денесін шұңқырға көміп, бетінен шыбықтармен,
сосын бөренемен,, бетінен тастармен жауып тастайтын болған. Жалпы, жерлеу
ғұрыптары скифтерге жақын болған. Онда жебе, ауыздық, қола айналар,аң
стиліндегі заттар, саздан жасалған ебедейсіз ыдыстар, т.б. көптеп
кездеседі. Обаға малдың –жылқының, сиырдың, қойдың бірге көмілуі дәстүрлі
жағдай. Басты шаруашылық- мал шаруашылығы боллды.
Б.з.д. IV-III ғғ. шығыстан туыстас тайпалардың келуіне байланысты
савроматтарда жаңа тайпалық одақ пайда болды. Бұл жаңа одақ тарих
сахнасына сарматтар (б.з.д. ІІІ ғ-б.з.IV ғ) деп енді. Б.з.д. IV ғ бастап
Филип Македонскийден жеңілген скифтердің әлсіреуіне байланысты сарматтар
Подольенің оң жағалауына қарай жылжи бастады. Б.з.д. ІІ ғ қарай
сарматтардың негізгі бөлігі ақырындап Доннан өтіп, Скифияға ену арқылы,
олардың көші-қоны жерлерін тартып ала бастайды. Скифия жері шөлге
айналдырылып, халқы қырғынға ұшырайды, қай жерде скифтер қалса, сол жерге
сарматтар, араласып кетеді де, сарматтардың территориясы Тобылдан Дунай
өзеніне дейін жетеді.
Жазбаша деректерде сармат тайпаларының кейбіреулері ғана келтіріледі.
Олар: аландар, роксаландар, сирақтар және тағы басқа.

Жерлеу ғұрыптары

Жалпы, сарматтар археологиада көбінесе обаларды қазу арқылы зерттелген,
ол тек көшпелі халыққа тән болған. Олардың обалары жиынтық түрде
орналасқан. Ал сармат патшаларының қорғандары байлығы жағынан скифтердің
патшаларынан артта қалады. Новочеркаск қаласындағы Хохлас қорғанында (б.з.
І-ІІ ғғ ) патша әйел мен еріксіз көмілген әйелдің мүрделері табылған.
Олардан басқа жерлерден әкелінген ыдыстар, күміс заттар, көркемдік қола
және алтын өнімдері – алқалар, блезіктер, сақиналар тағы басқа зергерлік
бұйымдар табылған. Олардың көбісінің орнаменттері аң стилінде жасалған.
Ерекше назарға ілінетіні – жоғарғы жағына ешкілер, еліктер,ағаштар,
ортасында халцедон мен әйел басының көрінісі бейнеленеген алтын диадема.
Қорғанның байлығын ондағы көптеген айырбастардан (киімге тігілген) көруге
болады.
Мүліктік қатары мен басқа да белгілер сарматтарда мемлекеттік биліктің
қалыптасу процесі жүріп жатқанын көрсетеді.
Сармат керамикасы әлі де гончар дөңгелегінсіз жасалатын, кейбір
қоғандарда дөңгелек антиктік керамика да кездеседі. Сармат тайпаларында
олардың орманды далада өмір сүретін отырықшы көрші тайпалар жұмыс істеді.
Олар ағаштан, қоладан, теріден және тағы басқа әр түрлі заттар жасайтын.
Биік аяқтары бар қола пештер сарматтарға тән еді.
Сарматтардың қаруларының скифтерге қарағанда өзіндік ерекшклігі болды:
олардың қылыштары аттың үстінен шауып түсіретін ұзын келді. Олар сондықтан
да көбінесе жауға шапқанда, атпен шапты. Сондай-ақ жақсы қаруланған жаяу
әскер де болды. Сарматттардың қылыштарының тұтқасы сақталмаған, сондықтан
оның тұтқаларының орнында белдік (теріден) қалған. Сарматтар қылыштарын оң
аяқ жағына ілетін болған. Ал садақтары скифтердегі сияқты үш қалақты, бірақ
үлкендеу болып келеді.
Сарматтар метал сауыт-саймандар қолданды. Темір қынапқа салынған қару
соғыста және қимылға ыңғайлы еді. Мұндай темір қынаптар (немесе темір
сақиналар) сарматтарға Кіші Азия арқылы Рим әскерінен келсе керек (ол
б.з.д.VIII ғ Ассирияда пайда болған). Сондай-ақ сарматтар Қара теңіз
жағалауы қалалары арқылы келген сауыт-саймандарды да қолданған. Мысалы:
Воздвиженская стансасындағы қорғанынан темір қынап, жебе, қылыш, аттың
ауыздығы, римдік найза, алтын айылбас, нақышталған ақық, басқа жақтан
әкелінген ыдыстар тағы басқа заттар табылған. Б.з.д. ІІ ғ сармат
мәдениетіне киімді, аяқ-киімді, метал бұйымдарды түрлі-түсті моншақтармен,
әртүрлі тастармен, түсті эмальмен аңды бейнелейтін полихромдық стиль тән
болды. IV ғасырға қарай бұл стиль қатты дамығанымен оның көркемділігі
төмендейді. Аңдарды бейнелеу геометриялық орнаменттерге ауысады.
Қара теңіз жағалауындағы, Кубань жағалауындағы, Еділ бойындағы сармат
қорғандарынан фибула, көркемдік қола ыдыстар, қызылмен боялған керамикалар
және тағы басқа римдік бұйымдар табылған.
Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы грек қалаларына сарматтардың
ықпалы күшті болды. Боспор патшалығы грек-сармат мемлекетіне айналды.
Танаистегі Төменгі Дон бойындағы халықтың негізгі бөлігін сарматтар құрады.
Сол қалалардың маңайы мен Кубань бойында сарматтардың егіншілік ауылдар
болды. Пантикапейлік жазба бағаналарында сарматтар бейнеленген. Атақты
сарматтар қысқа көйлек, белдік, жұмсақ етік және плащ киетін болған.
Сарматтар деген халықтың аты антиктік деректерде б.з.д. ІІІ ғасырдан
қолданылып келеді. Сол кездері сарматтардың скифтерді жүйелі түрде жаулап
алуы басталды. Диодордың айтуынша, сарматтар скифияның едәуір бөлігін
құлазытып, жеңілгендердің бірін де қалдырмай қырып-жойған, сөйтіп елдің
басым бөлігін шөлге айналдырған. Сарматтардың бір тайпасы – роксоландар
б.з. І ғасырында Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соқтығысып қалады.
Олардың ізімен аландар жүріп отырады.
Сарматтар өздері басып алған жерлер халықтарының саяси өміріне белсене
қатысқан. Мысалы, б.з.д. ІІ ғасырдың соңына таман Понтия патшасы
Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге
қосылады. Б.з.д. І ғасырда Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар соның
жағында болған. Б.з. 49 жылында римдіктер аорстармен (сармат тайпасы)
бірлесіп, сирактарды (сарматтардың басқа тайпасы) жеңеді. Басқа тайпаларға
қарағанда жорыққа кешірек шыққан аландар Қара теңіздің өңіріне жетеді.
Кейінірек ғұндарға қосылып, Испаниядан барып шығады. Жалпы атауы сарматтар
деп аталатын, қандас- туыс тайпалар бастаған айбарлы тайпалар одағы шыққан
тегі жағынан Аралдың оңтүстік өңіріндегі көшпелілермен байланымты болатын.
Олардың савроматтармен этникалық туыстығы бар екендігіне ешбір күмән –
күдік болмауға тиіс.
Б.з. ІV ғасырдың бас кезінде савроматтар Доннан Ембіге дейінгі
территорияны алып жатқан. Осынау уақытта мәдениеттің екі локальдық варианты
құрылып қалыптасты, олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті мен Шығыс – Орал
мәдениеті.
Сармат тайпалары (Прохоров мәдениеті) марқұм болған кісілерін тек оба
үйінділерінің, онда да әдетте топырақ үйінділерінің астына қойған және
үйінділерді таспен көмкеріп бастырып тастау әдісі өте сирек кездеседі.
Ертедегі сарматтарға тән бір жайт – олар қабірдің үстін немесе айналасын
балшықпен сылап немесе таптап, кейде тіпті тегістеп күйдіріп алаңқай жасап
қоятын болған, сол сияқты олар қабірдің (үстін немесе айналасын) ішін
ағашпен, кесінділермен не қабықпен көмкереді екен. Өлген кісіні басын
түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қою Прохоров мәдениетіне тән сипат
болып келеді.
Савроматтардан қабылдап алған кебін мен қабықтан басқа, оларда табытты
дөңбектен ойып жасау да кездесіп қалады.
Екінші кезеңде (Суслов мәдениеті) б.з.д. ІІ ғасырдың аяғынан б.з. І
ғасырының басына дейін қабір құрылысының түрлері өзгермей, бұрынғы күйінде
қала береді, бірақ, іші көмкермелі молалар саны күрт кеміп, жасанды
үңгірлер мүлдем жоғалады. Кемері кертпелі лақатты текпішекті молалар түрі
сақталып қалады.
Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын, өте сирек
ұшырайтын антропоморфты – адам бейнелі мүсіндерге табыну бұйымдары қатарына
жатады. Үстірттегі Бәйіт атты культ кешені көптен белгілі, ол обалар мен
скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан
қашалып жасалған. Олардың басым көпшілігі тегіс скульптура қатарына
жатады, мұнда граверлау арқылы натура мейлінше дәл беріледі. Оның біреуінде
оң қолының алақанымен ішін басып түрегеп тұрған еркек бейнесі берілген.
Оның кескін кейпі келісті-ақ, қиылған қасы мен көзі, мұрны, қияқ мұрты мен
ауыз-ерні әдемі бедерленген. Скульптуралардың бәрі де бойларына семсер,
қанжар, садақ сияқты қарулар асынған: бастарында дулығалары, белдерінде
белдіктері, олардың және өңіржиек, білезік сияқты әшекейлері де бар.
Кейінгі сарматтар Орал өңірі мен Еділ бойын, Дон өңірі аймақтарын
қамтып, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа түгел тарайды.
Уақыты жағынан бұл б.з. ІІ-ІV ғасырлар кезеңі. Кейінгі сарматтар көптеген
салт- дәстүрлерді жалғастыра түседі. Өлген кісілердің қалың көпшілігі іші
көмкерілетін тар қабірлерге жерленген. Мәдениеттің соны белгілері ішінен
бас сүйегінің түрі әдейі өзгертілгендері кездеседі. Сол сияқты сүйектелген
құранды садақтар және асыл тастармен әсемделген алтын әшекейлер де
табылады.

Батыс Қазақстан жеріндегі ескерткіштер

мен мәдени кезеңдері

Сармат халқының жазық дала жағдайындағы басты және анықтаушы тіршілігі
көшпелі мал шаруашылығы болды. Сарматтар көбінесе жылқы мен қой өсірген.
Қуаң даланың жайылымдарды пайдаланудағы шектеуші факторы ауыз су болатын.
Археологиялық ескерткіштердің едәуір бөлігінің ірі-ірі су арналарының
бойына, жер асты сулары шығатын жерлерге немесе суы тұщы дала өзендері мен
көлдерге жақын орналасатыны тегін болмаса керек.
Климаты аса қатал континенталды келетін аймақтың қысқы күндерінде
малшылар малға табиғи панасы бар, жері ойлы- қырлы аудандарға көшіп
отырған. Батыс Қазақстандағы мұндай жерлер оңтүстік пен батыс беттегі
ағынсыз өзектері мол шағалды аймақтар, жалпы Сырт сілемдері мен үлкен
өзендер алқабы болып табылады. Жалпы сарматтар шөбі шүйгін жерлерді іріктеп
пайдаланып, ол араның шөбі тапталғаннан кейін, жаңа жайылымдарға көшетін
болған. Осының нәтижесінде су көздерінен алыс жатқан жалпақ жазықтағы кең
жайылымдар, мал айдап көшіп өткенде ғана болмаса, өте аз, кездейсоқ
пайдаланылған.
Ертедегі темір ғасырының ескерткіштері Батыс Қазақстанның ұлан-байтақ
жерінде аймақтың гидрографиялық және табиғи- климаттық ерекшеліктеріне
сәйкес тіпті де біркелкі орналаспаған. Жалпы алғанда, олардың мейлінше ірі
өзендер (Жайық, Елек, Жем, Сағыз) ағып жатқан, ылғалдылығы жоғары, демек,
малдың жайлауы мен адамдардың өмірі үшін жақсы жағдай бар солтүстік далалық
аумаққа көп шоғырланғаны байқалады. Аймақтың сазды және құмды Атырау
шөлейті бар оңтүстігі мен Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Маңғыстау
облысының тастақ шөлейтінде көненің көздері азырақ. Ескерткіштердің
көпшілігі – обалардағы қабірлер, бұл орайда топырақ үйінділері жер бетіне
шығып жатқан тастары аз Батыс Қазақстанға ғана дағдылы болып келеді.
Аймақтың қалған аудандарында обалар тастан немесе тас аралас топырақтан
үйілген. Бүкіл аумақта обалардан басқа іс жүзінде жерден қазылған қабірлер
белгілі, олар әсіресе жел эррозиясына ұшыраған құм топырақты жерлерде жиі
кездеседі. Атырау облысының оңтүстік-шығысындағы теңіз жағалауы
аудандарында (шамамен Сарықамыс поселкесінен Құлсары поселкесіне дейінгі
аралықта) әдеттен тыс үлгідегі ескерткіштер таралған, бұл жерде қиылып
өтетін жер балшықты сорлар бөліп жатқан сазды топырақ төбелердің тұтас
тізбегі болып табылады. Жел жалаңаштап тастаған дөңестердің беттерінде
адамдар мен жануарлардың сүйектері, керамика сынықтары мен өзге де заттар
жатыр, олар түрлі кездерде жерден қазылып, қираған заттар мен уақытша
тұрақтардан шығып қалған. Бэр дөңдері деп аталып кеткен жақын үлгідегі
ескерткіштер шегінен тыс жерлерде, Астраханның Еділ бойындағы шектес
аудандарында да мәлім. Айтқандай, сырттай қарағанда бэр дәуіріндегі
ескерткіштер таралған осы екі бөлек-бөлек ауданды Каспий маңы ойпатының
жағалау өңірі қосып жатыр, онда да көбінесе ертедегі темір ғасырынан келе
жатқан жердің жоғарғы қабатынан табылған материалдарға бай.
Батыс Қазақстанның тарихи савроматтармен байланыстырылатын ең жарқын
әрі айқын археологиялық кешендері Ақтөбе облысы шегінде, Елек өзенінің орта
ағысы аңғарында шоғырланған. Мәдени-типологиялық және хронологиялық жағынан
алғанда бұл ескерткіштер Елек өзенінің төменгі бойындағы кешендермен
біртұтас шағын топ құрайды. Бір қатар айқындамалары бойынша оларға Оралдың
арғы жағындағы ескерткіштер жақын. Батыс Қазақстан облысының ескерткіштері
өз сипаттамалары бойынша Төменгі Еділдің сол жағалауының кешендеріне
жақындайды.
Електе көне ескерткіштер өте сирек. Олардың біреуі 100-ден астам
үйіндісі бар және Орал өңіріндегі ең ірі Целинный-1 қорымында зерттелді.
Дөңгелек қабір шұңқырға екі қабат етіп адам жерленген. Үстінгі жерленген
адам басын батысқа қаратып, шалқасынан қойылған, оның қасында қой жілігінің
сүйектері, жапсырма қыш ыдыс, шақпақ тас жаңқасы мен жебеге толы қорамсақ,
қола қаңылтыр мен темірден жасалған қорамсақ ілгіші жатыр. Астынғы
жерленген адам да осылай қойылған, оның қасында да қой жіліктері, даланың
ірі құсының еті және сопақша тақта тас қойылған. Бірінші өліктің үстінен
мола шұңқырларының айнала жиналған топырағына төменгі ұшы тіреліп, екінші,
үстіңгі өлік жерленгенге дейін өртеп жіберілген әлде бір ағаш құрылысы
салынғаны анықталды. Жебелердің ұшына қарай отырып, оба б.з.б. VІІ ғасырдың
ІІ-ші жартысында үйілген деп белгіленді.
Електегі обалардың басым көпшілігі осы мәдениеттің гүлдену кезеңіне –
б.з.б. VI-V ғасырлардың аяғына жатады.
Сынтас қорымының бір обасында ертедегі жер бетінде, бөренелерден
салынған шатыр тәрізді құрылыста бастары батысқа және оңтүстікке қаратылған
үш өлік (олардың екеуі жакынгер) жатыр, олар бейне бір өздерінің арасына
салынып, тайыз қабірге жерленген әскер басын қоршап жатқан сияқты1.
Өліктерге қоса салынған саймандар-қару (жебелердің қола ұштары, темір
қанжарлар мен қорамсақ ілмектері), ат әбзелдері (темір ауыздықтар мен
тоғалар, қол айылбастар, өткермелер және т.б.), тұрмыс заттары (қыш
ыдыстар, темір пышақтар және т.б.). Сынтаста басын артқа қаратып, аузын
ақситып жатқан қасқыр мүсінімен және киіктің басымен, текелердің мүсінімен
және жыртқыш аңдардың басымен шебер безендірілген сүйек қасықтар ерекше.
Бесоба қорымының үш обасының қабірі едәуір бай болып шықты, оның
биіктігі 2 метрдей болатын үйіндісі бөренелерден, тал мен шөптен жасалған
шатыр сияқты құрылыспен жабылған, диаметрі 6 метрден асатын, терең дөңгелек
алаңды жауып тұр2. Шұңқырдың солтүстік жартысында басы оңтүстік – батысқа
қаратылған абыз-әйелдердің қаңқасы шалқалай жатқызылған. Оның қасына алуан
түрлі көп заттар, оның ішінде алқызыл құмтастан жасалған, тістері ақсиған
қасқыр басының түрінде соғылға үш аяқты, құрбан шалатын үстел, қола айна,
жасыл және қызыл бояу т.б. қойылған. Алтыннан жасалған бұйымдар
жиынтығында іші қуыс түйірлермен әшекейленген сырғалар, алқа, моншақтар
т.б. бар.
Нагорный қорымында көп адам жерленген дромостық қабірлер тобы ерекше
көрінеді. Көлемі 200-250 шаршы метрге дейін жететін орасан зор үлкен ағаш
құрылыстардың астында кейде ор қазып нобайланған, 10-15 өлікті
орналастыруға жететіндей көлемдегі төрт бұрышты құрылыстар бар, өліктер
мазарларға бөренеден жасалған арнаулы дәліз арқылы біртіндеп енгізілген. №2
– обаға 12 өлік жерленген, олардың 11-і - жауынгерлер де, біреуі-
жасөспірім қыз, оларға арнаулы табыну құрылысын жапқан бөренелерге салынған
12 аттың бас сүйегі мен терісі сәйкес келеді.
Батыс Қазақстан облысында мұндай алып жерлеу құрылыстары әлі толық
зерттелген жоқ. Мұнда бұрыштары иілген, кең көлемді тік бұрыш түріндегі
обалар астынан жерден қазылған савроматтарға дағдылы қабір шұңқырлары көп.
Мәселен Алебастрова-2 қорымының түбінен бастап қалап бекітілген үйіндісі
бар 7 – обасынан тік бұрышты, батыстан шығысқа қаратылған, көлемі 2,2х1,8
метр, тереңдігі 1метр қабір шұңқыры табылды. Түбінде басы шығысқа қаратылып
, шалқасынан жатқызылған әйел сүйегі жатты. Ұрылар атқарған жерлеу
саймандары үлкен екі қабыршықтан, көзді және жылтыраған моншақтардан, екі
аяқты сопақша тас үстелшеден, тас ұнтақтағыштан және қой сүйегінен тұрады.
Савромат кезеңінің аяғына таман Батыс Қазақстан облысында үңілген лақыт
қуыстарға жерлеу пайда болады.
Батыс Қазақстан савроматтарының жерлеу ғұрпы Оңтүстік Орал өңірі мен
Төменгі Еділ бойының савроматтық ескерткіштерінің бүкіл жиынтығына дағдылы
ерекшеліктерімен сипатталады. Қарастырылып отырған аумақта біршама үлкен,
кең, бірақ онша терең емес, әдетте басы батыстан шығысқа бағытталған, тік
бұрышты сипаттағы қабір шұңқырларына жерлеу басым болып келеді. Өліктер
әдетте жеке жерленеді, қосарлап жерлеу сирек кездеседі. Сүйектер әдетте
шалқасынан, басын батысқа, кейде шығысқа қаратылып жатқызылады. Молалардан
ақ бояу мен жанған нәрселердің іздері жиі кездеседі. Елек тобы
ескрткіштерінің негізгі ерекшеліктері мыналар: ағаш құрылымдар процентінің
көп болуы, олар кейде әдейі өртелген; жерлеу құрылыстарының әр алуан үлгіде
болуы (тікбұрышты, дөңгелек және сопақ шұңқырлар, дромостық молалар, жер
бетіне жерлеу және т.б.) , көп адам жерлеудің (соның ішінде –көп қабатты)
көп кездесуі, басын оңтүстікке қаратып жерленгендер процентінің жоғары
болуы.
Жерлеу саймандары заттарының негізгі топтары үлгілерінің тұрақтылығымен
сипатталады. Тұрмыс заттары арасында құрал саймандардың ең көп
кездесетіндері – жапсырып істелген, жайпақ түпті ыдыстар, дегенмен б.з.б. V
ғасырда Електе тегіс және дөңгелек түпті ыдыстар пайда болды. Дағдылылары –
кішкене немесе керісінше, көрнеу ұзартылған, жүзі шағын темір пышақтар,
саздан немесе тастан жасалған ұршық бастары және т.б. Қару үстіңгі жағы
жалпақ және көбелек тәрізді, кейде алқымы дөңес темір семсерлер мен
қанжарлардан тұрады. Б.з.б. V ғасырдан бастап Електе жүзі доға тәрізді және
алқымы күрт кесілген сияқты семсерлер болғаны мәлім. Жебелердің екі қырлы
және үш қырлы ұңғылы қола ұштарынан тұратын қорамсақ кешендері ерекше көп
және типологиялық жағынан алуан түрлі; олардың арасынан сақтардың сапты
ұштары да жиі кездеседі. Қорамсақ ілмектердің темір болуы дағдылы. Қорғаныс
жақтарының қалдықтары өте сирек. Ат жүгендерінде тура немесе S тәрізді
сулықтары бар темір ауыздықтар, қола айылбастар және түрі мен мақсаты әр
алуан қаңылтырлар, өткермелер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия жеріндегі түркілердің ғұрыптық ескерткіштері, тас мүсіндері бар жерлеу орындарының зерттелу тарихы
Батыс Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері
Қазақстан жеріндегі мыс-тас дәуірінің зерттелу тарихы
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Түркі дәуірінің тас мүсіндері
Қазақстан аумағындағы тас және қола дәуірінің ескерткіштері
Қазақ Алтай жеріндегі көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштері
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Қола дәуiрі ескерткіштері
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Пәндер