Тарихи Қалалардың ескерткіштері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі.
Қазақ Экономикалық, Қаржы және Халықарлық сауда университеті.
“Экономика Бизнес” факультеті.
“Экономика кафедрасы”
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: “Тарихи мәдени ескерткіштер олардың түрлері”
Тексерген:
Орындаған : .
Астана 2008ж.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
І-Тарау. Тарихи Қалалардың ескерткіштері
1. 1. Есік тарихи- мәдени мұражай-қорық құрылысының келешегі . . . 5
2. 1. Ашық аспан аясындағы Отырар . . . 7
ІІ-Тарау. Тарихи -мәдени мұражайлар
2. 1. Өткеніміздің тарихы-Алжир мұражайы . . . 12
2. 2. Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың мұражайы . . . 15
ІІІ- Тарау. Қазақстанның туристiк мәдени бөлігі
3. 1 Табиғи, Мәдени және Тарихи бөліктері . . . 22
3. 2. Қазақстан табиғи көрнекi жерлермен қатар мәдениеті . . . 28
Қорытынды . . . 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 37
КІРІСПЕ
Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында 2004-2007 жылдары көптеген игілікті істер атқарылғанын баршамыз білеміз. Айталық, бағдарламаны іске асыру барысында еліміздегі 35 тарихи-мәдени ескерткіштер қайта жаңғыртылса, Қазақстан аумағындағы 30 қалашықта, обалар мен қорғандарда археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қытайға, Түркияға, Моңғолияға, Ресейге, Жапонияға, Батыс Еуропа елдеріне ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылып, бұрын-соңды белгісіз болып келген бес мыңға жуық қолжазбалар мен баспалық басылымдар табылып, сатылып алынды.
Бұрын беймәлім болып келген қыпшақ қолжазбалары қолға түсті. Сондай-ақ, мұрағаттық құжаттарды сақтандыру мақсатында көшіру және қайта жаңғырту, музыкалық қолжазбаларды қалпына келтіру және осы заманғы аудиоқұралдарға көшіру үшін арнайы жұмыстар атқарылды. Бағдарлама аясында 218-ге жуық кітаптың түрлері шығарылып, олар еліміздің әдебиет, тарих, археология, этнография салаларына үлес боп қосылды. Әрине, біткен істің бәрін осы жерде санамалап отыруға келмес. Өйткені, “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы 2007 жылдың ақпан айында қорытындыланып, сол жиында Елбасы Н. Назарбаев жүзеге асырылған істердің бәрін бүге-шігесіне дейін халыққа жария еткен болатын. Сол қорытынды жиында Елбасы бағдарламаның идеологиялық және саяси мәніне тоқталып, оны қайта жалғастыруға тапсырма бергені есімізде. Таяуда елордадағы ұлттық академиялық кітапханада сол Қоғамдық кеңестің “Мәдени мұра” салалық бағдарламасы аясында атқарылуы тиіс жобаларды талқылаған алғашқы отырысы өтті. Бұл жердегі бір ерекшелік - “Мәдени мұра” бұрын мемлекеттік бағдарлама болса, осы жолы “салалық” деп өзгертіліп отыр. Оның алдында, яғни 2004-2007 жж. бағдарламаны жүзеге асыратын Қоғамдық кеңестің төрағалық міндетін әр жылдары Иманғали Тасмағамбетов, Мұхтар Құл-Мұхаммед сияқты азаматтар атқарса, осы жолы ол міндет Елбасының тікелей тапсырмасымен Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаевқа жүктеліпті. Жиында алғашқы сөз кезегін алған Мәулен Әшімбаев Мәдениет және ақпарат министрлігінің еліміздегі зерттеу институттарымен, секция жетекшілерімен ақылдаса отырып, 2007-2009 жылдарға арналған “Мәдени мұра” салалық бағдарламасы, сол бағдарламаны жүзеге асыру үшін іс-шаралар жобасы жасалғанын тілге тиек етті. “Министрлік Қоғамдық кеңеске бірнеше бағытта ұсыныстар жасап отыр. Соның негізінде жобаға Қазақстанның тарихи қалалары мен этномәдени орталықтарын жаңғырту, сол арқылы халықаралық туризм жүйесіне кіру мақсатында жаңа мұражайлар мен тарихи-мәдени мұражайлар ашу мәселелерін кіргізді. Қазақстанның тарихына қатысты құжаттарды, деректерді сатып алу не көшірме жасату да соңғы екі-үш жылда талқыланып жүрген мәселелердің бірі. Осы уақытқа дейін шығарылған көптомдықтарды ары қарай шығару мәселесі де осы жобада күн тәртібінде. Үлкен жұмысты бастар алдында әбден ақылдасып алайық” - деді ол Қоғамдық кеңес мүшелеріне. Ол сондай-ақ, жиналғандарды Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелерімен таныстырды. Атап айтқанда, Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, академиктер Ғарифолла Есім мен Аманжол Қошанов, ғылым докторы Камал Бұрханов, археолог Зейнолла Самашев, “Қазқайтажаңғырту” мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Тұяқбаев Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатарын толықтырыпты.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің жобасында салалық бағдарламаны жүзеге асыру арқылы ұлттық мәдениетте айрықша орын алатын мәдени мұраны сақтау, одан әрі дамыту бойынша кешенді шаралар қарастырылған. Тарихи қалалар мен ежелгі діни сәулет кешендері базасындағы туризм инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасау - оларды халықаралық туризм жүйесіне енгізу болып табылады. Бірінші кезекте өз еліміздегі тарих және мәдениет ескерткіштерін, Қазақстан тарихына қатысты алыс және жақын шетелдердегі ескерткіштерді зерделеу мен қалпына келтіру жұмыстары тұр. Бұл бағыт бойынша Дамаск қаласында Әл-Фараби кесенесі мен этномәдени орталығын салу, сол қаладағы сұлтан Бейбарыстың кесенесі мен Каирдегі сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жаңғырту, Дамаск қаласында екі тұлғаға да монументті ескерткіштер орнату өзекті болмақ. Сонымен қатар, Монғолия аумағынан табылған көне түркі руникалық жазбаларының көшірмесін дайындау мен Өзбекстан аумағында Әйтеке би кесенесін зерттеу және қайта жаңғырту көзделіп отыр. Салалық бағдарламаның екінші кезеңінде археологиялық зерттеулер, оның ішінде орта ғасырлық қазақ елінің саяси, экономикалық және мәдени өмірінде маңызды болған тарихи қала орталықтарына археологиялық, этнографиялық зерттеулер жүргізу жоспарланған. Іс-шараның жоспарына Берел, Шілікті обалары мен Қызылұйық зиярат орнына, қазақ даласындағы ежелгі және орта ғасырдағы сақтардың, қарлұқтардың, оғыздардың астаналары және Ақ орда мен Қазақ хандығының астаналарына терең археологиялық зерттеу жүргізу кіргізілген. Айтылған барлық іс-шаралар жоспарында еліміздегі тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау және пайдалану, оларды туризм инфрақұрылымы жүйесіне енгізу, кешендерді қайта жаңғырту, абаттандыру, мұражайландыру мәселелері басшылыққа алынған. Отырыс барысында салалық бағдарламаның жобасы туралы арнайы баяндама жасаған Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаев негізгі бағыттарды төмендегіше түйіндеді: “Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің негізінде бәсекеге қабілетті және рентабельді туризм құру мүмкіндіктері бар.
І-Тарау. Тарихи Қалалардың ескерткіштері
1. 1. Есік тарихи- мәдени мұражай-қорық құрылысының келешегі
Жуық арада Алматы облысының аумағында алып тарихи-мәдени қорық пайда болады. Қойнауында сақ қорғандары бар жерлер бұдан былай мемлекет қамқорлығында болады. Бұл қорғандар біздің дәуірімізге дейінгі 7- 3-ғасырларда пайда болған. «Есік» мұражайын ұйымдастыруға арналған кеңес бүгін осы қорғандар орналасқан жерде өткізілді. Оған «Мәдени мұра» бағдарламасы қоғамдық кеңесінің төрағасы, бірнеше министрлік пен ведомство басшылары, облыс және аудан әкімшілігінің өкілдері, археологтар қатысты. Соңғы екі жылда «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында бірнеше шаралар өткізілді. Елбасының қолдауымен қабылданған бағдарламаның арқасында жоғалып кетудің алдында тұрған талай жәдігерлер жөнделіп, тарихымызға қатысы бар ондаған кітап шығарылды. Қазір «Мәдени мұра» бағдарламасының екінші кезеңі қолға алына басталды. Есік қорғандары 1969-жылы әлемге әйгіленді. Сол кезде археологтар бұл жердегі қорғандардың бірінен әйгілі «Алтын адам» мен бірнеше алтын бұйым тапты. Алдағы бір-екі жылдың көлемінде Есік қаласының маңында мұражай-қорық пайда болады. Аумағы 38 гектар жерді алып жатқан ашық аспан астындағы мұражай құрылысына Үкімет биыл 40 миллион тенге бөлді. Келесі жылы осы шараға тағы да 50 млн. тенге бөлу қарастырылған. Әкімшілік, басқа да құрылыс нысандарымен бірге алтын адам табылған негізгі қорған қайта жөндеуден өткізіледі. Жоба авторларының пікірінше, Есік мұражайы толық жөндеуден өткізілген соң, саяхаттаушыларға арналған нысандардың қатарына еңгізіледі.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, «Мәдени мұра» бағдарламасы қоғамдық кеңесінің төрағасы:
- Осы жерден біз енді тездетіп қорық, мұражай құруымыз керек. Соған ақша да бөлініп жатыр мемлекет тарапынан. Биыл да ақша бөлінді, келесі жылы да ақша бөлініп жатыр. Соны енді игеріп алуымыз керек. Соған байланысты енді біраз кішкене мына мемлекеттік органдармен жұмыс істеп біз енді мына әкімшілік тарапынан контрольге аламыз. Сондықтан, сіздерден бізге ұсыныс керек. Қандай болу керек музейміз.
Мамандардың айтуынша, қорғандардың біразы бүгінге дейін талқандалған. Ұры-қарылар бұл жерлердегі құнды жәдігерлерді талан-таражға салды. Алайда, бұл негізгі мәселе емес, көп жағдайда тұрғындардың өздері де аяқ астында бабалардың сүйегі жатқанын байқамай, қасиетті қорғандарды күл-қоқысқа айналырған жәйттер де бар. Тарихи маңызы бар өлкелерді жойылып кетуден сақтаудың бірден бір жолы - осы жерлерде мұражай-қорықтар ашу, дейді мамандар. «Есік» мұражайын салуға арналған алғашқы тендер желтоқсан айының басында өткізілелді. Бір жарым жылдан соң бұл жерлерде көненің көзін сақтаған жаңа нысан бой көтермек. «Есік» мұражайының құрылысымен қатар жақын күндері Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан «Берел» тарихи қорығында да құрылыс жұмыстары басталады. «Мәдени мұра» бағдарламасының екінші кезеңінде отандық мамандар елімізден тысқары жерлерде жатқан сақ және скиф қорғандарын қорғауды қолға алмақ.
1. 2. Ашық аспан аясындағы Отырар
Отырар қалашығының тарихи және мәдени ескерткіштерін зерделеуге, археологиялық зерттеуге, консервациялауға және жаңғыртуға байланысты проблеманың қазіргі жай-күйі оны сақтау әрі қалпына келтіру жөніндегі шама жетерлік шаралар кешенін қамтамасыз етумен сипатталады.
Көне Отырар қалашығы Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі Отырар ауданының аумағындағы Отырар шұратының құрамына енеді. Қалашықтың сақталуы қанағаттандырарлық күйде. Оңтүстік бөлігін қоспағанда, оның аумағында егістік жоқ. .
Отырар-оқшаулау даусыз деп саналатын Қазақстанның орта ғасырлардағы аз ғана қалаларының бірі Отырар алғаш рет Орта Азия облыстарын арабтардың жаулап алуына байланысты ІХ ғасырда аталып өтеді. 1218 жылы мұнда Шығыс тарихында “Отырар ойраны” деген атпен белгілі оқиға орын алды. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (ОҚАЭ) ұйымдастырылған кезде Отырар шұратын қарқынды археологиялық зерттеулер басталды. Экспедиция шұраттың Пышақшы төбе, Алтынтөбе, Құйрықтөбе және Көк Мардан қалашықтарында зерттеулер жүргізіп, археологиялық қазбалар қазды. Отырар мен шұрат ескерткіштері туралы 50- жылдардың аяғына қарай жинақталған бүкіл археологиялық ақпарат “Қазақстанның археологиялық картасында” жарияланды. 1969-1970 жылдары ҚазКСР Ғылым академиясы Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының Отырар археологиялық экспедициясы көне Отырарды ауқымды түрде қазуды қайтадан бастады. 1971 жылдан бастап Отырар қалашығында 1993-1996 жылдары ғана үзілген Оңтүстік Қазақстан кешенді экспедициясының зерттеулері басталды, ол күні бүгінге дейін жұмыс істеуде. Осы жылдары Отырарда XVI - XVIII ғасырлар деңгейі бойынша алаңы 7 га қалашық аумағы ашылды, сондай-ақ қаланың жекелеген аудандарында тимуридтер, қараханидтер дәуірінің объектілері зерттелді. Қалашықты зерттеудің неғұрлым қызықты объектілері арасында мыналар: XI - XV ғасырлардағы моншалар, XІІI - XV ғасырлардағы қыш құюшылар орамы, XІІI - XV ғасырлардағы кірпіш күйдіру шеберханасы, XІV ғасырдың аяғы- XVIII ғасырдың басындағы күмбезді мешіттер, қараханидтер, тимуридтер дәуірінің және қазақ хандығының бекіністері.
Құйрықтөбе қалашығында, VІI - ІX ғасырларға жататын сарай кешені, VІI -VІІІ ғасырлардағы бай атақоныс, IX - XI және XI -XII ғасырлардағы тұрғын үй орамдары, XIII-XIVғасырлардағы темір жасау шеберханалары қазып ашылды. Мардан Құйықта VІI -VІІІ ғасырлардағы үй құрылысы, IV-VI ғасырлардағы храм, IV-VI ғасырлардағы қорым зерттелді.
Көк Мардан қалашығында IV-VI ғасырлардағы қорғандағы храм кешені, IV- VІІІ ғасырлар деңгейіндегі құрылыстар, IV-VI ғасырлардағы некрополь қазып аршылды. Жоғарыда аталған қалашықтар маңында сақталған Отырар шұратының ирригациясы зерттелді. Қазу кезінде қыш пен металл бұйымдарының, монеталардың мол коллекциялары жиналды, оларды зерттеуге монографиялар, альбомдар, мақалалар арналды.
Компьютерлік технологиялар пайдаланылған жаңа деңгейде шұрат ескерткіштерін құжаттау жүргізілуде, топырақтанушылармен, геоморфологтармен, палеогеографтармен ынтымақтастықта аэро және ғарыш түсірілімдері пайдаланылып, оның ирригациясы зерттелуде.
Қолда бар барлық материалдарды жариялау мен өңдеу, деректер банкін жасау зерттеулердің маңызды бағыты болып табылады.
1979 жылы Қазақ КСР Министрлер Советінің өкіміне сәйкес Отырар мемлекттік археологиялық мұражай-қорығы құрылды, ол ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мекеме-Отырар шұраты археология ескерткіштерінің негізгі қоймасы болып табылады.
Мұражай қорында 20 мыңнан астам экспонат сақталуда. Отырар ауданы археологиялық ескерткіштерінің көпшілігін күзету жолға қойылған.
2001 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша ұйымы(ЮНЕСКО) арасында көне Отырар қалашығын сақтау әрі консервациялау жобасы бойынша келісімге қол қойылды.
Төрт жылға (2001-2004 жылдар) есептелген жоғарыда көрсетілген жоба ескерткішті сақтау әрі консервациялаудың бірегей әдістерін әзірлеуге бағытталған. Жоба шеңберінде Отырартөбе қалашығында қазылған бірқатар объектілерді консервациялаудың, сондай-ақ Құйрықтөбе қалашығындағы шұғыл консерациялық жұмыстардың ұзақ мерзімді бағдарламасы орындалды. 2002 жылғы сәуірде Отырар мұражай-қорығында Эксприментальдық корпус салынды, онда әртүрлі ғылыми эксперименттер жүргізу үшін компьютерлер, қазіргі заманғы жабдықтар мен зертхана орнатылды. Жобаны іске асыру барысында консервациялаудың жаңа әдістері, сондай-ақ археологиялық жұмыстарды кейін консервациялаумен қоса атқаруды ұйғаратын инновациялық тәсіл әзірленді әрі сынақтан өткізілді. Отырар қалашығына арналып әзірленген консервациялау әдістері өңірдегі басқа ұқсас ескерткіштерге де қолданылуы мүмкін. Жоба ғылыми түрде тексерілген консервациялаудың үлгісі, сондай-ақ болашақ жұмыстар үшін эталон бола алады.
ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапония жобасы аяқталғаннан кейін қайта жаңғырту және консервациялау жөніндегі жұмыстар, әлбетте жалғастыруды талап етеді. Сонымен бірге, көне Отырар қалашығын сақтау әрі қалпына келтіру саласында қалыптасқан жағдай осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыру жөніндегі кідіріссіз шаралар кешенін талап етеді.
Көне қалашықты зерделеудің аса маңызды проблемаларының бірі- шұрат қалашығының қазылған объектілерін, бәрінен бұрын, лай кірпіштен салынған құрылыстарды сақтаумен байланысты мәселе болып табылады.
Отырар шұратының лай кірпішті ескерткіштерін сақтау бірқатар техникалық проблемаларды шешуге бағытталған. Өңірдегі күрт континентальдық климат күрделі факторлардың бірі болып табылады: температура жаздағы + 40-тан, қыста - 20-ға дейін төмендейді. Климат, сондай-ақ жауының мол болуымен сипатталады. Мұның өзі шұрат аумағындағы ескерткіштердің тез бұзылуы қаупін туғызады, қазіргі уақытта тап солай болуда. Осы факторлардың салдарынан басқа өңірлерде сынақтан өткізілген консервациялаудың стандартты әдістері Отырар қалашығына қолданылмайды. Басқа проблема Отырар шұраты көлемінің және ескерткіштерді қазу ауқымының зор болуымен байланысты.
Объектілерді консервациялау белгілі бір қиындықтар туғызуда. 40 жылдан астам уақыт бұрын қазылған лай кірпішті ескерткіштер ішінара бұзылуда, ал таяуда ашылған объектілер жай-күйі жылдам нашарлауда. Осал сәулет құрылыстарына келуші адамдар санының көбеюі де қауіп туғызуда.
1980 жылы салынған мұражай-қорық ғимараты күрделі жөндеуге мұқтаж, мұражайдың экспозициялары да қайта безендіруді талап етеді. Мұражай-қорықтың қорғау аймағы күні бүгінге дейін қоршалмаған. Сапалы жолдар мен қонақ үй сервисінің жоқтығынан туризм инфрақұрылымы дамымаған. Мұражай-қорықтың материалдық-техникалық базасының нашарлығы толыққанды ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және шаруашылық қызметін жүргізуге мүмкіндік бермейді. Осы Бағдарлама шеңберінде жоғарыда айтылған проблемаларды кешенді түрде шешу көне Отырар қалашығын зерттеу, сақтау әрі көпшілікке танымал ету жүйесін одан әрі дамытуға жәрдемдеседі. Оны халықаралық және ішкі туризм орталығына айналдырып, археологиялық кешен құру жөніндегі осындай жобалар бірқатар шет елдерде бар. Өзбекстанда, Самарқант аумағында Афрасиаб қалашығында оларды кейіннен консервациялай отырып, археологиялық қазбалар 100 жылдан астам уақыт бойы жүргізілуде. Қазіргі уақытта қаланың жанында аохеологиялық база-тұрақты ғылыми және консервациялау жұмыстары орталығы салынған. Туризм инфрақұрылымы жолға қойылған- қрнақ үйлер, мұражай салынған, соның нәтижесінде қала Пакістандағы халықаралық туризм орталықтарының біріне айналды.
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қаржыландырудың жалпы көлемі - 373, 124 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен:
2005 жылы -53, 824 млн. теңге;
2006 жылы - 10, 0 млн. теңге;
2007 жылы - 13, 5 млн. теңге;
жергілікті бюджеттен:
2005 жылы- 0, 6 млн. теңге;
2006 жылы - 184, 6 млн. теңге;
2007 жылы -110, 6 млн. теңге.
Бағдарламаны қаржыландырудың 2006-2007 жылдарға арналған көлемі республикалық және жергілікті бюджеттердің тиісті қаржы жылына арналған болжамды көрсеткіштері шеңберінде нақтыланатын бола
ІІ-Тарау. Тарихи -мәдени мұражайлар
2. 1. Өткеніміздің тарихы-Алжир мұражайы
«Өткенін ұмытқан елдің болашағы жоқ» деген атам қазақ. Қазақстандықтар қуғын-сүргінге ұшыраған, сталиндік лагерьді бастарынан кешірген мыңдаған жерлестерін әлі күнге дейін еске алады. Олардың жарлары мен балалары туралы, лагерьлерде еш кінәсіз бес, сегіз, он жыл отырған, ең асылы - балаларынан айырылған аналар туралы, осы қатал аймақта жер жастанған әйелдер туралы да ұмытпасы анық. Тікен сымның ар жағынан аман шығып, далада қалғандай күй кешкен олардың тағдыры әр адамның жүрегін тебірентпей қоймас. Бұны біздің мәдени мұрамыздың бір бөлшегі десек те болады. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дегенді жадымыздан шығармауға тиіспіз.
Тоғыз жүз елу үш лагерь мен қоныстанушы аймақтар, олардың елуі кәмелетке жасы толмаған «Халық жауларының отбасы мүшелеріне» арналған арнайы колониялар тоталдық режимнің жазалаушы жүйесіне қызмет етті. Тек 1937-38 жылдары республика бойынша 105 мың қазақстандық қуғын-сүргінге ұшырап, оның 22 мыңы атылды.
Астанаға жақын жерде атының өзі адамның тұла бойын тітіркендіретін, халық жауларының әйелдеріне арналған, бұрынғы АЛЖИР орналасқан. Қазір одан ештеңе қалмады десек те болады. Бүгінде Карлагтың жиырма алтыншы нүктесіндегі әйелдердің отбасы мен жарларын еске ала жүріп отырғызған Көз жастар аллеясы сол бір күннің белгісіндей боп тұр. Малиновкада отызыншы жылдары мыңдаған халық жауларының отбасы мүшелері тұрып, жер құрсанды. Жергілікті мұражай көлеміне қарай өлкетану бұрышы сияқты. Бірақ осы жердің өзінен отызыншы жылдардың ауыр күрсінісі сезіледі. Сол жылдардағы ауыр тағдырды жан-тәніңмен сезіну үшін міндетті түрде, осы жерге келу керек деп ойлаймын.
1937 жылдың үшінші шілдесінде Батыс-Сібір аймақтық УНКВД-ның бастығы Миронов пен Қазақстанның ішкі істер халық комиссары Залин бір мезгілде шифрленген жеделхат алды. Онда қатал тәртіптегі концентраторлы екі лагерь ұйымдастырылып, айналасы тұтқындар қашып кетпес үшін міндетті түрде тікен сымдар мен дуал жүргізілсін делінген. Бұл ешқандай да кісі өлтіруші, ұрлықшыларға емес, кәдімгі нәзік жанды - әйелдер, аналар, апаларға арналған болатын. Екі лагерьдің ішіндегі ең ірі әйелдер колониясы қазақстандық АЛЖИР еді. Мұнда жоспарланған үш мыңның орнына жиырма мың тұтқын болды. Жеделхатта ГУЛАГ-тың бастығы Берманның қолы қойылғанмен, бұның басында Ежов тұрды. Әйелдерді ешқандай ауру да, жүктілік те, нәрестелері де сақтай алмады. Сонымен қатар, жауапқа халық жауларының бұрынғы әйелдері де тартылды. Үкімет ерлі-зайыптылардың ойы бір, демек, болашақта олар да қауіп төндіруі мүмкін есептеді.
Бәрінің аяқ астынан болғандығы соншалық, әйелдер заттарын жинап, туыстарымен де қоштаса алмады. Балаларын да осындай тағдырдың күтіп тұрғанын білмейтін еді. Азиза Рысқұлова, Дәмеш Жүргенов, Әбіш Қабылова, Зинаида Тухачевская сияқты Қазақстанның қалалары мен селоларынан, Мәскеу мен Ленинград, Одессадан келген мыңдаған әйелдердің тағдырлары бір-біріне ұқсас болды. 1938 жылдың жиырма сегізінші ақпанында алғашқылар Ақмола жеріне келіп түсті. Аяқтарына жеңіл шәркейлер мен сәнді туфли киген олар қалың қарға омбығып жатты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz