Орталық Азия жеріндегі түркілердің ғұрыптық ескерткіштері, тас мүсіндері бар жерлеу орындарының зерттелу тарихы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе. 1
І тарау. Мәселенің тарихнамасы5
І. 1. Орталық Азия жеріндегі түркілердің ғұрыптық ескерткіштері, тас мүсіндері бар жерлеу орындарының зерттелу тарихы. 5
І. 2. Жерлеу ескерткіштерінің географиялық орналасуы. 12
Қазақстан территориясында жерлеу ескерткіштерінің зерттелу тарихы. 15
ІІ тарау. Жайсан даласындағы мәдени-ғұрыптық ескерткіштер кешенінің жиынтығы. 19
Географиялық және топографиялық орналасуы. 23
Пайдаланылған әдебиеттер және сілтемелер тізімі. 29
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі : Көне түріктер дәуірі немесе түріктердің заманы деген ұғым тарихи-археологиялық әдебиеттерде екі түрлі мағынада қолданылады. Саяси даму үрдісін білдіргенде VІ-VІІІ ғасырларды қамтиды, яғни көне түрік мемлекеттері заманын көрсетеді (тармағынада) . Ал енді тарихи-этномәдени даму үрдісін білдіру үшін кең мағынада қолданылғанда V-X ғасырлар аралығындағы мезгілді көрсетеді. (Савинов Д. Г. 1994 жыл 4-6 бет) .
Көне түркі дәуірінде тек қана ашина түріктердің құдіретті қағанаты ғана емес, сонымен бірге ұйғырлардың мемлекетері де өмір сүрді. Қазіргі Тыва, Монғолия, Хакасия, Оңтүстік Алтай, Қазақстан және Орта Азия территорияларында жүргізілген археологиялық зерттеулер көне түріктер мемлекеттерінің құрамы ірі әрі тұрақты этникалық топтардан тұрғандығын және жүздеген жылдар өмір сүргендігін көрсетіп отыр. (Махаева А. Ш. 2002 жыл. 3-4 бет. ) Төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріне тарап кеткен бүгінгі 160 миллиондай түрік тілдес халықтардың түп атасы - көне түріктердің рухани өмірі қанша күрделі болғанымен ол бабаларымыздың табиғат пен туған жерге деген сүйіспеншілігін, сауаттылық пен білікке ұмтылған құлшынысын, ел тұтастығын сақтауға деген талпынысын паш ететін ертедегі тарихымыздың жарқын беттері болып табылады. Сондықтанда көне түркілердің дүниетанымын, рухани мәдениетін және археологиялық ескерткіштерін зерттеу заман талабынан туындап отырған өзекті мәселе. Атап айтар болсақ қазіргі кезеңдегі қалыптасқан жаһандастыру мәселсінде Батыс елдерінің үстемдігінен түркі тілдес халықтарды сақтап қалудың жолы ата-бабаларымыздың тарихын терең зерттеп, оны келешек ұрпақ зердесіне құю. Яғни ұлыттық мәдениетіміз бен тәрбиенің тамыры тереңде екендігін дәлелдеу және оның болашағын ойлауымыз керек.
Қазақ жеріндегі түркі дәуірінің археологиялық ескерткіштерін зерттеу жұмыстары, түркілердің сол кездегі мәдениетін, дүниетанымын және әлемдік өркениетке қосқан үлесін тереңдей ұғынуымызға негіз болады.
Түркі дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның әр түкпірінде кездеседі. Әсіресе Қаратаудың қойнаулары мен қырғыз Алатауының терістігінде және Шу, Іле өңірінде, Хантау мен Жамбыл тауларында жерлеу орындары, ғұрыптық ескерткіштер, балбал тастар көптеп кездеседі. Ғалымдардың зерттеулерінде Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан сонымен қатар жалпы Қазақстан аумағындағы түркі ескерткіштерінің территориялық айырмашылықтары бар екендігі айтылады. (Байбосынов К. 2000жыл. 5-бет. )
Жұмыстың мақсаты және міндеті : 2001-2003жылдары А. Досымбаева басқарған Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының кешенді экспедициясы Шу даласындағы түркі ескерткіштерін іздестіру, зерттеу және сақтау жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсан даласы территориясынан, Мерке ғибадатханасынан солтүстікте 100км жерде көне түркі дәуірінің ғұрыптық-мемориалдық ескерткіштерінің кешенді сериясы ашылды. Менің бұл жұмыста алға қойған мақсатым Жайсан даласындағы көне түркі ғұрыптық ескерткіштеріне жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде жинақталған материалдарға сүиене отырып, ерте кезде осы аумақты мекендеген түркі тайпаларының мәдениетін, дүниетанымын және салт-дәстүрін зерттеу болып табылады. Ерте орта ғасырлардағы түркілердің діни-нанымдарына және тарихына байланысты еңбектердегі мәліметтерді археологиялық деректермен салыстыра отырып қарастыру.
Зерттелу деңгейі : Тас мүсіндерді, олар орналасқан ғұрыптық конструкцияларды, әр түрлі типті ескерткіштер кешенін мәдени -хронологиялық жағынан талдауға арналған түркі және тағы басқа тас мүсіндерінің семантикасына арналған әдебиеттер өте көп (Евтюхова, 1952; Грач, 1961; Федоров-Давыдов, 1966; Шер, 1966; Плетнева, 1974; Кызыласов, 1976; Швецова, 1979; Чариков, 1980; Кубарев, 1984; Ермоленко, 1991; Войтов, 1996; Боталов, 1996; Худяков, 1998; Досымбаева, 2002; ) . Жеке мақалаларда берілген түркілердің монументтік өнері ескерткіштерін зерттеу мәселесінің тарихнамасы бұдан аз емес . (А. Досымбаева . 2002ж. 19-20 бет) .
Зерттеу әдісі : Жайсан даласындығы жаңадан ашылып зерттеліп жатқан көне түркі дәуірінің ғұрыптық және жерлеу ескерткіштері жалпы алғанда Орта Азия территориясында тараған түркілер ескерткіштерімен ұқсас. Яғни ғұрыптық қоршаулардың төрт бұрышты формада болуы және тас мүсіндер қоршаудың шығыс жақ қабырғасында беті шығысқа қарап орналасуы. Ғұрыптық қоршаудың жерлеу орындарының яғни қорғандардың шығыс бетінде орналасуы. Ал ескерткіштерді толыққанды зерттеу барысында, бұлардың өзіндік ерекшелігі бары байқалады. Алтай, Тыва, Монғолия территорияларындағы ғұрыптық ескерткіштерде тас бағаналар тізбегі бар, ал Жайсан даласындағы ғұрыптық ескерткіштерде бұндай тізбек жоқ. Сонымен қатар жоғарыда аталған аумақтардағы тас мүсіндерде тек ер адам мүсіні бір қолында ыдыс белінде пышақ, қанжар бейнеленсе, Жайсан даласында ер және әйел адам мүсіні екі қолымен кіндік тұсына ыдыс ұстаған болып бейнеленген.
Ғұрыптық ескерткіштердің географиялық орналасуындағы ерекшеліктеріде байқалады. Мәселен, Алтайда “мүсінделген ескерткіштерң тұрғызылатын орын ретінде тау бөктерлері және өзен аңғарлары таңдап алынған. Мұндай жазықтау жерлерден тау белестері айқын көрініп, оның құдіреттілігін аңғарып тұратын (В. Д. Кубарев. 1984. 15 бет) . Оңтүстік орыс далаларында кең тараған қыпшақтар ғибадатханалары “даланың ең биік деген жерлеріне, өзен айрықтарынаң орналастырылған. (Федоров-Давыдов. 1966г. 191-192бет) . Ал Жайсан даласындағы ғұрыптық ескерткіштер сай жоталарында орын тепкен. “Храмдардағы атқаратын міндеттері, яғни табыну, сыйыну және белгілі бір рәсімдер өткізу орны екендігі ескеріле отырып, оларға микроландшафтың мәртебелі жерінен орын бөлген. Сонымен қатар қорғандар және түркіледің мүсіндері бар қоршауларда көрікті жерлерде орналастырып отырған. (А. Досымбаева . 2002ж. 8-9 бет) .
Сонымен қатар Жайсан далсындағы көне түркі ескеркіштерінің тарихи-мәдени және этнографиялық мәні жағынан да Орта Азия территориясындағы көне түркі ескерткіштеріне ұқсастығы және аймақтық ерекшеліктері байқалады. Жұмыс барысында осы мәселелерге баса назар аударылады. Ескерткіштердің ұқсастығы жалпы көне түркілердің дүниетанымы, діни-наным сенімі және түбі бір екендігін білдірсе. Ал ерекшеліктері жергілікті ру-тайпаларда өзіндік айырмашылықтардың болғандығын көрсетеді.
Кезеңделуі : Жайсан1 кешенінде Момбай-сазы ескрткішінен табылған жебе ұшының табылғаны белгілі, Ю. А. Мотов мындай материалдардың Алтай, Тыва, Монғолия жерлеріндегі VІ-X ғасырлар ғасырлар аралығын қамтитын ескеркіштерінде көптеп кездесетіндігін айтады. (Мотов) . Сонымен қатар ескрткіштерді топографиялық тұрғыда зерттеу және тас мүсіндердің жасалу техникасын қарап А. Досымбаева бұл аймақтағы ескерткіштердің хронологиясын VІ-VІІІ ғасырлар аралығын қамтиды деп топшылайды. (Досымбаева) .
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, мақсат міндеті және Жайсан даласындағы түркі ескерткіштерінің тарихи құндылығын көрсету. Бірінші тарауда тарихнама мәселелері ғұрыптық ескерткіштердің географиялық таралуы, зертеулері, олардың дала өркениетімен байланысы жазылған. Жайсан даласында орналасқан ғұрыптық кешендерді жан-жақты зерттеу, археологиялық негізін көрсету. Сол ескерткіштердің классификасиялық анализі, даладағы топографиялық орналасуынан басталып, олардың қандай матералдан жасалғаны, кешендердің түрлеріне және типологиялық анықтамасын сипаттау мәселелері екінші тарауда жазылған.
Жайсан даласындағы ескерткіштер жаңадан ашылып зерттеліп жатқандықтан, алдағы уақытта бұрын түркі тарихын зерттеуде кеткен ақтаңдақтарды түзеуге өз үлесін қосады деген сенімдемін .
І тарау. Мәселенің тарихнамасы
І. 1. Орталық Азия жеріндегі түркілердің ғұрыптық ескерткіштері, тас мүсіндері бар жерлеу орындарының зерттелу тарихы.
Көне түркі тас мүсіндері археологиялық маңызы зор ескерткіш, олар негізінен Орталық Азияның таулы далалы жерлерінде көптеп тараған. Атап айтқанда Монғолия, Тыва, Оңтүстік Алтай, Қытайлық Түркістан, Қазақстан, Қырғызстан терриорияларында жақсы тараған. Яғни орхон-алтайлық түрік қағанаты тайпаларының қоныстанған жерлерінде .
1881 жылы Адрианов А. В. өзінің Алтай және Саян территориясына жасаған саяхаты кезінде орталық Тывадан алғаш рет тас мүсін тапты. Бірнеше жылдардан кейін тас мүсіндер Тыва жеріндегі саяхатшылар мен зерттеушілердің: Д. Каррутерс. С. Р Минцлов. Н. Г. Богатырев. Л. П. Потапов, Л. А. Евтюхова, С. В. Киселевтердің назарын аударды .
Мүсіндерді зерттеуде М. П. Грязнов пен Е. Р. Шнейдердің оңтүстік кезеңдегі зерттеулер бұл пікірді жоққа шығарып, сонымен қатар Орталық Азия аумағындағы Тыва жерінде тас мүсіндер саны жағынан көп екендігін дәлелдеді.
Кеңес үкіметі кезіңде тас мүсіндер жайында алғашқы мәліметтер жинала бастады . Минусин даласындағы тас мүсіндерді суреттеген М. П. Грязнов және Е. Р. Шнейдердың мақаласы жарияланды. 1952 жылы Л. А. Евтюхованың “Каменные изваяния Южной Сибири и Монголииң атты монографиясы жарық көрді . Мұнда Хакасия, Тыва, Алтай және Монғолия далаларынан табылған 92 мүсін суреттелген. Оңтүстік Сібір даласында орналсқан тас мүсіндердің негізгі бөлігі 6-9 ғасырлар аралығындағы түркілер ескертіктері құрайды. Бұл кезеңде мүсінді жасаудың қарапайым түрінен басталып күрделіге өту, яғни адам бейнесін анық етіп мүсіндеуге қол жеткізген. Бұндағы мүсіндердің барлығында ер адам бейнеленген, бас киім және шаш үлгісі көрсетілген кейде құлағында сырғасы да көрсетілген. Белдігінде семсер немесе қанжар, пышақ ілініп тұрады, бассейні аумағынан географиялық құнды мәліметтер жинады.
1785 жылы Лаврентий Феденев және Никита Шангина екеуі Каменки өзені аңғарындағы көне тас мүсіндердің суретін алғаш рет салған . Алтайдың екі экспедициясын басқарған академик П. С. Палласта жол бойында кездескен тас мүсіндер жайында мәліметтер береді (П. С. Паллас. 1786 жыл . 197-198 бет) .
Өлкенің археологиялық зерттелу тарихнамасында Г. И. Спасский ерекше орын алды. Ол Алтай жерінде 8 жыл өмір сүріп, қызмет атқарды. Оның еңбектерінде «Алтайдың таулы аймағынан кездескен тас мүсіндер» суреттері жинақталған. Атап айтқанда мынадай еңбекте; Спасский Г. «Путешествие по разным местам Российского» сонымен қатар әр түрлі формадағы бляхалар бейнеленген. Мүсіннің қолында қандайда бір ыдысты ұстап тұрғаны көрсетіледі. Евтюхованың айтуынша оған дейінгі зерттеушілер мүсіндерде бейнеленген заттарға баса назар аудармаған. Өз зертеуінде Хакас, Тыва, Алтай және Монғолия жерінен табылған мүсіндерді салыстыра қарап кезеңдерге бөлді. Тыва, Алтай және Монғолия тас мүсіндері көбіне төрт бұрышты қоршаудың шығыс жақ қабырғасына қырынан көмілген күйінде кездеседі. Қоршаудың көлемі 1, 5м-ден 3 метр аралығында болады. Мүсіннің беті шығысқа қаратылған және бір шеті жерге көмілген, шығысқа қарай тас мүсіндер тізбегі тартылған болып келеді. Бұл мүсіндер саны кем дегенде екі-үш және бірнеше ондаған болып кете береді. Бәрінде тұрған адамның кел беті бейнеленген. (Л. А. Евтюхова 1952 жыл . 62-65 бет) .
1953 жылы А. Д. Грач басқарған топ Тываның батыс өлкелеріндегі түркі ескерткіштерін сонымен қатар этнографиялық материалдарды жинақтады. Бұл мәліметтерді өзінің «Каменные изваяния западной Тувы» атты мақаласында жариялады.
Одан кейінгі тас мүсіндерді іздестіру 1955 жылы жалғасын тауып Монгун-Тайги территориясынан сонымен қатар Овюр және Чао-Хольском аудандарынан бұрын белгісіз болған 25 тас мүсін табылды. Тыва археология -этнографиялық кешенді экспедициясының төрт маусымдық жұмыс нәтижесінде тас мүсіндер көптеп табылды.
А. Д. Грач өз еңбегінде жарияланған тас мүсіндерді негізгі екі топқа бөледі: 1 адам тұлғасы толық бейнеленген тас мүсіндер, екі адамның басы және бет әлпеті ғана бейнеленген тас мүсіндер. Еңбектегі берілген 58 тас мүсіннің 48-і 1-ші топқа жатады, қалған 10-ы 2-ші топқа жатқызылады. Бұнда да мүсіндердің дені шығысқа қаратылған, сонымен қатар Оңтүстік -шығысқа және оңтүстік оңтүстік-шығысқа бағытталған. Ал екі мүсіннің ғана оңтүстікке қаратылғаны айтылады.
Автордың пікірі бойынша Орталық Азия және Оңтүстік Сібір жерінде Тыва тас мүсіндердің саны бойынша алдыңғы орында. Тыва жерінен 103мүсін, Алтайдан сол уақытта 29 мүсін, ал Монғолиядан 23, Хакасиядан-6 мүсін табылған. Бұл көрсеткішке қарап оның жасаған қорытындысы Тыва тугю қағанатының негізгі аудандарының бірі болған. (А. Д. Грач. 55-58 бет)
Тас мүсіндерде кімдер бейнеленген деген мәселеде А. Д. Грачтың еңбегінде негізгі екі көзқарас бар екендігін жазады. Бірінші топтағы ғалымдар Алтай, Тыва және Монғолия тас мүсіндері белгілі, беделді тюрк-тугюларды бейнелейді десе (Евтюхова Л. А. 1952 жыл. 116-бет) . Ал екінші пікірдегі ғалымдар Орталық Азия жауынгерлерінің өлтірген жаулары бейнеленген деген пікірде болды. А. Д. Грачтың өзі негізінен екінші пікірді қолдап, еңбегінде осы көзқарасты дәлелдеуге тырысады. Бұнда ол Қытай деректерінде келтірілген мәліметтерді және халық эпосын негіз етіп алады. Тас мүсіндер белгілі түріктердің өмірінде өлтірілген жауларына қойылған. Туыстары жерлеу орнына немесе еске алу құрылыстарына жауларының мүсіндерін қою, олар о дүниеде қызмет көрсетеді деген сенім болған . Автор осы көз қарсты дамыта келе, бұл дәстүрде әлеуметтік-саяси жағдайды көрсететін белгінің бар екенін айтады. Қытай және Оңтүстік Сібір, Батыста ұлы жібек жолы бойындағы түріктердің жауларына қойылған балбал тастар, түрік қағанатының күштілігін және өзге жауларына сес көрсетіп тұрғандай деген болжам жасайды. Ал бірінші пікірді ұстанған ғалымдар А. Д. Грачтың пікіріне қарсы әрине, бұл да негізсіз емес. Бұл мәселе алдағы уақытта ғылыми тұрғыда өзінің дұрыс шешімін табу керек.
Сондай-ақ автор өз еңбегінде мүсіндердегі бейнеленген заттарға қарап оларды екі хронологиялық кезеңге бөледі: бірінші топқа VІІ-VІІІ ғасырлар аралығын қамтитын ескерткіштер, екінші топқа VІІІ-ІX ғасырлар аралығындағы ескерткіштер жатқызылады.
Алтай жеріндегі тас мүсіндер қойылған қорған, оршаулар жайында көптеген жарияланымдар мен монографияларжарық көрген. Таулы аймақта орналасқантас мүсіндер алғашында саяхатшылар мен ғалымдардың назарын аударды. Алтай тас мүсіндарі туралы бірінші мағлұмат XVІІІ ғасырдың басында орыс кен іздеушілері берген. Олардың ізінше Алтай жеріне кешенді экспдиция жіберіледі.
1745 жылы Петр Шелегин басқарған кешенді экцпедиция жұмыс істеді . Олар Телец көлі мен Чулышман государство, ч. 2, кн2. Спб, 1786 г. ң. (В. Д. Кубарев. . Новосибирск. 1981г. 4-5 бет)
1826 жылы Дерпт университетінің профессоры, атақты табиғат зерттеушісі К. Ф. Ледебурда Алтай жеріне экспедиция ұйымдастырды. Олар “Алтай шоқыларындағың адам мүсіні бейнеленген тастар қойылған көне молаларға назар аудардың. (К. Ф. Ледебур . 1827г. 254-257бет) .
Кейінгі кезде тас мүсіндер зерттеушілердің назарын аударды. П. А. Чихачева (1842г), А. И. Шренка (1840-1843г), Г. Е. Шуровсково (1844г) және П, И. Небольсина (1845г) сияқты зерттеушілер өз еңбектері мақала, монография ретінде жариялады.
XІX ғасырдың 2-ші жартысында Алтай жерінің археологиялық зерттелуінде В. В . Радловтың атқарған қызметі ерекше болды. Ол өзінің бірінші экспедициясын 1860-1861жылдары оңтүстік-батыс аймақтарға ұйымдастырса, одан кейін 1865жылы жалғасын тапты. Оның күнделігінде бԵрген есептерінде ыңғай “адам бейнеленген ірі тастардыңң суреттері көптеп кездеседі .
Алтайдың жергілікті зерттеушілерінен белгілі өлкетанушылар С. И. Гуляев және Н. С. Гуляевтарды бөліп қарауға болады. С. И. Гуляев негізінен Сібір фольклорын зерттегенімен көп уақытын археологиялық деректер жинауға бөлді. Оның қорытуынша Батыс Сібір қорғандары топырақ үйінділерінен тұрады, ал Таулы Алтай қорғандарының ерекшелігі тас үйінділер болып келеді. Осындай қорғандарда көбіне тас мүсіндер кездесетінін айтады. С. И. Гуляев ескерткіштер жайындағы барлық мәліметтерді өзінің қолжазба мақалаларында берді: «Заметки о чудских буграх», «О буграх или курганах в Сибири» және тағы басқа көптеген еңбектері жарық көрді. Н. С. Гуляев көне ескерткіштерді есепке алып және археологиялық табыстарды жинастыруды жалғастырды. Ол көне тас мүсіндердің бір тобы Батуров селосына барар жолдағы қорғандарда орналасқан деп топшылайды .
Орталық Азияның белгілі зерттеушісі Г. Н. Потанин (1879ж) Монғолияға барар жолда кездескен Алтайлық мүсіндердің суреттерін жариялады және орындарын көрсетті. Сібірдің басқа зерттеушілері мен қатар Н. М. Ядринцевта шудың бұғылы тастарының суреттерін жариялады. Н. М. Ядринцев 1878-1880 жылдары Таулы Алтайдың түкпір-түкпірінде болып, археологиялық деректердің әр келкі екендігіне тоқталды. Н . М. Ядринцев өзінің саяхаты барысында тек Чулышман, Башкаус, Чуя және Көксу өзендері аңғарларында ғана кездесетін «Көже -Таши» - деп аталатын балбал тастарға ерекше назар аударды. Ол ескерткіштерді іздеп, көріп қана қоймай өз мақалаларында тас мүсіндердің толық сериясын жариялады. Г. Н. Потанин және Н. М. Ядринцевтар жинақтап жариялаған археологиялық материалдар құнды дерек көздері болып табылады .
1881 жылы А. В, Адрианов саяхат кезінде Чулышман, Яан-Улагана және Башкауса өзен аңғарларындағы көне ескерткіштерге зерттеу жүргізді. А. В. Адриановтың 30 жылдан кейін Бұхтырма және Нарым өзендер аңғарларында жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі тың және қызықты мәліметтер берді. Тас мүсіндері бар қорғандарға қазба жұмыстарын, толыққанды зертту жұмыстарын жүргізді. Оның еңбектерінде Алтай мүсіндерінің алғаш рет фотосуреттері жарияланды. (А. В. Адриянов. 1916 г. 222-227бет) .
1897жылы Алтай округіне «қалмақтық» тұрақтарды зерттеуге жіберілген статистикалық экспедиция мүшелеріде Алтайдың көне ескерткіштеріне қызығушылық танытты. Бұлардың еңбектерінде Курай даласындағы «Кезере» тас мүсіндерінің суреттері толықтай дерлік жарияланды. (Кубарев. В. Д. 1984г. 67бет) .
1907 жылы И. Г. Гранэ Бийск қаласынан Көш-Ағаш селосына дейін және одан әрі Монғолияға дейін жүріп өткен жолында кездескен тас мүсіндермен бағаналарды суретке түсіріп алып отырды. Осы кезеңде жинаған иллюстрасиялық материалдарды өз еңбегінде жариялады.
В. Д. Кубарев өз еңбегінде Алтай археологиясының тарихнамасына тоқтала келіп, яғни Кеңес үкіметіне дейінгі жүйесіз болса да жүргізілген археологиялық қазбалар және көптеген зерттеу жұмыстарының болуы, Алтай археологиясын аз ғана уақытта үлкен жетістікке жеткізуге негіз болды деп топшылайды. (В. Д. Кубарев. 1984г. 8-9 бет) .
1924-1925 жылдары Орыс Мемлекеттік музейінің, этнография бөлімінің ұйымдастыруымен С. И. Руденко басқарған алғашқы Алтай экспедициясы жұмыс атқарды. Бұл экспедиция мүшелері Таулы Алтайдың бұрын белгісіз болған және баруға қиын жерлердегі көне ескерткіштерге жүйелі түрде қазба жұмыстарын және картографиялық тұрғыдан зерттеді. 1924 жылы экспедиция мүшесі Л. Н. Глуков Сайлюгем даласындағы ескерткіштерді зерттеді. Бугузу өзені аңғарынан үш көне түркі қоршауына қазба жұмысын жүргізген, олардың бірінен тас мүсін табылған. 1980 жылы В. Д. Кубарев осы қоршауларды қайта қарап тағы да бір сынған тас мүсіннің болғандығын айтады. 1924 жылы С. И. Руденко Кукуре өзені жағасынан бір қоршауды ашты және бір қатар тас мүсіндер тауып, қысқаша баяндап суретке түсірген. Экспедицияның жеклеген бөліктері Чулышма және Теленко өзендері аңғарын зерттеді .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz