XVIII ғасырдағы Орта Азия халықтарының саяси жағдайы


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетi
Тарих факультетi
Гуманитарлық факультеттердегi Қазақстан тарихы кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: XVIII-XIX ғ. 60 ж. ж. Орта Азия
халықтарының саяси қарым-қатынасы.
Ғылыми жетекшi: Т. ғ. д., профессор
Шалекенов М. У.
Орындаған: 1-курс магистранты Әлиев Ж. С.
Қазақстан Республикасы
Алматы
2003 ж.
ЖОСПАР
Кiрiспе. 3
I. XVIII ғасырдағы Орта Азия халықтарының саяси жағдайы. 13
II. XVIII ғасырдағы Орта Азия халықтарының шетелдiк басқыншыларға қарсы бiрiккен күресi. 29
III. XIX ғасырдың бiрiншi жартысы мен 60 жылдарындағы қазақтар мен өзбек хандықтарының саяси қарым-қатынасы. 34
Қорытынды. 61
Сiлтеме64
Кiрiспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Орта Азия Евразияның терең тұңғиығында орналасып, дүниежүзiлiк мұхиттардың бәрiнен шамамен бiрдей қашықтықта жатыр. Бұл кеңiстiк географиялық жағынан алғанда айтарлықтай бiртектi аймақ болып табылады. Оны оңтүстiгi мен шығысында Памир және Тянь-Шань таулары жүйесiнiң тiзбектерi, солтүстiгi мен солтүстiк-батысында Каспий теңiзiнiң жағалауларына барып тiрелетiн сусыз шөлдер мен кең-байтақ далалы зоналар қоршаған. Мыңдаған жылдар бойы тау бөктерiнде, оазистер мен құнарлы өзен алқаптарында суармалы егiншiлiк гүлденiп, қалалар мен сауда дамыса, ал шөлдi және далалы аймақтарда көшпендi мал шаруашылығы қалыптасты. Көшпендiлер ғасырлар бойы оазистерге енiп, жер өңдеушi аудандарда отырықшыланып, қалаларды басып алып отырды. Әлеуметтiк-мәдени және шаруашылық-экономикалық дамудың мұндай жүйесi ортазиялық өркениеттiң айрықшалығын анықтады.
Орта Азия елдерiнiң мыңдаған жылдар бойғы тарихының бiртұтастығы тек территориялық жақындық пен өзара ықпалдастықтың әсерiнен ғана емес, табиғи-климаттық жағдайлардың ұқсастығы әсерiнен де бүкiл аймақ жүйелi түрде ортақ мәдени-тарихи процестердiң ықпалына ұшырап отырды.
Тарихи тағдырларының бiртұтастығы, географиялық жағдайлары мен ортақ мәдени заңдылықтардың ықпалы нәтижесiнде Орта Азия елдерi Евразия картасында үнемi бiртұтас және ерекше мәдени-тарихи аймақты құрады. Мұнда этномәдени процестер ғана емес, аймақ iшiнде үнемi және кеңмасштабты қарым-қатынасты қамтамасыз еткен iшкi шекараның болмауы да маңызды роль ойнады. Сондықтан да Орта Азия барлық кезде мәдени-тарихи спецификасы анық сипатталған бiртұтас аймақ болды.
Бұл этномәдени аймақта барлық тарихи дәуiрлерде әлемдiк тарихи процестiң ұқсас және ортақ заңдылықтарының әсерi мен ықпалын бастан кешiрдi: мұнда энеолит және қола дәуiрi кезеңiнде үндiарийлер өмiр сүрсе, ерте темiр дәуiрiнде- үндiирандықтар өмiр сүрдi. Бiздiң заманымыздың шегiнде ортазиялық аймаққа юэчжей, ғұн және үйсiн көшпелi тайпалары кiрдi. Бiрiншi және екiншi мыңжылдықта түркi көшпелiлерi мен ислам дiнi далалық аймақтармен бiрге қалалар мен оазистерде де нық бекiнiп алды. Дәл осылай, кешiрек Шыңғыс ханның монғолдары және Темiр мен оның түркiленген ұрпақтары барлық жерде басымдыққа ие болды. Жаңа кезеңде Орта Азияның даласы да, шөлдерi мен оазистерi де Ресей империясының құрамына, кешiрек Кеңес үкiметiнiң құрамына кiредi. Үш-төрт мың жылдар бойы көптеген тарихи дерек көздерiнде iз қалдырып, фактiлермен дәлелденген Орта Азия тарихи тағдырының бiртұтастығы тарихи уақытының сөзсiз константасы болып табылады. Қазiргi таңда Орта Азия посткеңестiк кеңiстiктегi тарихтың мыңжылдық түп-тамыры бүгiнгi күнгi евразиялық одақ идеясы мен интеграциялық процестердi өзектi мәселеге айналдыруы кездейсоқ еместi.
Қазiргi таңда бұл мәселе өзектiлiгi әрбiр халық өз бетiнше тәуелсiздiк жолына түсiп отырған жағдайда бұрынғыға қарағанда артып отыр. Президент Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Ұлттық тәуелсiздiгiн жариялаған жас мемлекет өзiнiң ұлттық мүдделерiн мәлiмдейдi. Мiне осы тұста әртүрлi қақтығыстар тууы мүмкiн, себебi жаңа мемлекеттер дамыған сайын ұлттық мүдделердiң аумағы өсе бередi де, олардың келiсу рәсiмдерiн қатты қиындатады. Ел басшылықтарының өзара келiсудiң iс жүзiнде жұмыс iстейтiн жүйесiн жасауға деген саяси еркi болмаған жағдайда басқа мемлекеттердiң ұлттық мүдделерiмен арада сөзсiз жанжал туады. Ал, мұның өзi әртүрлi жағдайда көрiнiс беруi, тiптi, әскери текетiреске дейiн баруы мүмкiн. Тарихи тәжiрибе мынаны көрнекiлеп көрсетiп отыр:ортақ аймақтық мүдделерi бар елдердiң ортақ саяси, әскери, мәдени стратегиясы және соған сәйкес тактикасы болмаса, мұның өзi, сайып келгенде, сол елдердiң әрқайсысының жеке-жеке ұлттық мемлекеттiк мүдделерiне жету мүмкiндiктерiн жоғалтып алуына апарып соғады»1. Мұндай жағдайда Орта Азия мемлекеттерi жеке дара өзбетiнше өзара байланыссыз табысты дами алмайды. Сондықтан аз және көп санды халықтар саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынасты қажет етедi. Мұндай интеграция әрбiр этносқа тән құбылыс болып табылады.
Ал, мұны iске асыру үшiн халқымыздың және дүниежүзiнiң көпғасырлық тарихи тәжiрибесiне сүйенiп, тарихтан тағлым ала отырып, өзара достық пен ынтымақтастық және бейбiтшiлiкке, сонымен қатар, Орта Азияның барлық жас тәуелсiз мемлекеттерiнiң ұлттық мүдделерiн өзара құрметтеуге негiзделген мықты саяси қарым-қатынас орнату арқылы Орта Азия елдерi күштi және тәуелсiз аймақ құруға қол жеткiзе алады.
Орта Азия халықтары - қазақ, өзбек, тәжiк, түркмен, қырғыз және қарақалпақтардың жүздеген жылғы тарихи тағдыры бiр-бiрiмен тығыз байланысты, бiртұтас болып табылады. Бұл туысқан халықтардың еңбекшi бұқарасы ежелден берi халықтар басына түскен ең қаралы күндердiң өзiнде де бiрiн-бiрi жақын тұтқан. Орта Азия мемлекеттерiнiң кейбiр билеушiлерiнiң соқыр да, ақымақ саясаты феодалдық қақтығыстар мен өзара қырқыстар туғызып отырды. Сонда да ұлттары әртүрлi туысқан халықтардың қарапайым бұқарасы арасындағы достық, туысқандық, бейбiтшiлiк қарым-қатынасқа ұмтылысы бiз қарастырып отырған он сегiзiншi ғасыр басы мен он тоғызыншы ғасыр жылдарында қалыптасқан жағдайда да халықтардың мұндай кең масштабты қарым-қатынасы қандай да қарама-қайшы және жағымсыз болмасын шынайы өмiрде еңбекшi бұқара арасында қолдау тапты.
1993 жылы 28-30 мамыр аралығында XVIII ғасырдағы қазақ халқының кемеңгер мемлекеттiк қайраткерлерi Төле би, Қазыбек би мен Әйтеке би құрметiне арналып, Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Ордабасы жерiнде өткiзiлген еске алу күнiне қатысқан Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан президенттерi Нұрсұлтан Назарбаев, Ислам Кәрiмов пен Асқар Ақаев бiрiгiп былай: «Бұдан үш ғасыр бұрын қазақ халқын жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске бiрiктiрiп бұл тарихи тұлғалар халық тағдырын шешетiн шешiм қабылдады. Сол бiр қиын-қыстау кезеңдерде қазақ сарбаздарымен бiрге қоңсы жатқан өзбек, қырғыз, қарақалпақ, тәжiк, түркмен жұрттарының жау жүрек жiгiттерi де қолдарына қару алып, ортақ жауға тойтарыс беруге үлес қосып, халықтар достығы мен туысқандығының тағы да бiр көрiнiсi байқалды»2, - дедi.
Жоғарыда айтылғандардың бәрi қазақтардың Орта Азия халықтары-өзбек, қырғыз, түркмен және қарақалпақтармен тарихи-мәдени қарым-қатынасының дамуын зерттеуде үлкен ғылыми-саяси қызығушылық тудырады. Бұл халықтардың қалыптасу және даму тарихының көптеген ортақ тұстары бар; олар бiр этногенетикалық және этнолингвистикалық семьяға, ортақ конфессионалдық қауымға жатады. Олар ғасырлар бойы аралас-құралас өмiр сүрiп, уақыт өте тәуелсiз шекаралас мемлекеттерге айналғанын жоғарыда айтып өттiк. Олар осыған байланысты бiрiн-бiрi шаруашылық және әлеуметтiк өмiрде, тұрмысы мен салтында, дәстүрi мен мәдениетiнде өзара ықпал етiп, өзара байытып, XVIII-XIX ғ. өзiнде-ақ айтарлықтай елеулi жетiстiкке жеттi. Олардың тағдырының бiртұтастығына шетел басқыншыларына, атап айтқанда, жоңғар, цин, Ресей патшасына және т. б. басқыншылықтарына қарсы бiрiккен күресi де дәлел болады
Сондықтан да, менiң XVIII-XIX ғ. ғ. аралығындағы кезеңдi таңдап алуым кездейсоқ емес. Бұл кезеңде орта Азия аймағы халықтарының өмiрiнде саяси, этникалық, мәдени, экономикалық және әлеуметтiк маңызды өзгерiстер белең алды. Бұл кезеңде патшалы Ресейдiң Орта Азия мемлекеттерiн қосып және жаулап алуы, Орта Азия халықтарының шетел басқыншыларына қарсы бiрiккен күресi, Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық көтерiлiстер, Орта Азия мемлекеттерi билеушiлерiнiң саясаты нәтижесiнде туындаған феодалдық қақтығыстар мен өзара қырқыстар барысындағы ұлттары әртүрлi туысқан халықтардың қарапайым бұқарасы арасындағы достық, туысқандық, бейбiтшiлiк қарым-қатынасқа ұмтылысы сияқты маңызды оқиғалар көрiнiс табады.
XVIII-XIX ғ. ғ. қазақ халқының Орта Азиядағы көршiлес - өзбек, қырғыз, қарақалпақ және түркмен халықтарымен саяси қарым-қатынасы төңкерiске дейiнгi тарих ғылымында терең және жан-жақты қарастырылмай, тек осы халықтардың жалпы тарихына қатысты сұрақтарды зерттеу барысында ғана тиiп-қашып атүстi қарастырылған. 1947 жылдың өзiнде-ақ кемеңгер қазақ тарихшысы Е. Б. Бекмаханов жазғандай, осы тақырыпқа байланысты арнайы еңбектердiң жоқтығына қарамастан, бұл проблеманың кейбiр жекелеген аспектiлерiне көңiл бөлiнген3. Осыған байланысты бұл зерттеулердi қорытып, бұл ғылыми проблеманы өңдеуде ғалымдардың қосқан үлесiне объективтi баға беруге тырысу қажет.
Осы кездердегi тарихи әдебиеттерде қазақтардың Орта Азия халықтарымен саяси қарым-қатынасының кейбiр сұрақтарына қатысты деректер кездестiруге болады (әдетте, басқа мәселелердi қарастыру барысында) . XVIII ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ халқының тарихын зерттеген алғашқы орыс зерттеушiлерi Орынбор губерниясының шенеуiктерi болды. Олар Қазақстанның халықаралық жағдайын қазақтардың Ресейге отар болып бағынуы мәселесiмен байланысты ғана қарастырған. Көршi елдердiң Қазақстанға көзқарасы олардың патшалы Ресейдiң бодандығындағы елге тиiсуi және тонаушылық шапқыншылығы тұрғысынан ғана қаралған4. Е. Б. Бекмахановтың бұл сөздерi XVIII ғасырдың екiншi жартысы мен XIX ғасыр бiрiншi жартысындағы орыс тарихнамасына да толық қатысты болып табылады.
XVIII ғасырдың бiрiншi жартысында П. И. Рычковтың, В. Н. Татищевтiң, А. И. Тевкелевтiң, И. К. Кириловтың еңбектерi жарық көрдi. Олар өзiнiң маңыздылығын қазiргi таңда да жоғалтпаған құнды деректер қалдырды. Олардың еңбектерiнде қазақ қоғамының iшкi өмiрiне байланысты сұрақтар ғана емес, сонымен қатар оның көршiлес елдер - Ресей, Қытай, Орта Азияның көршiлес туысқан түркi тiлдес халықтарымен қарым-қатынасы жайлы да сөз қозғады.
Әсiресе, П. И. Рычковтың еңбектерi айтарлықтай көңiл аударарлық. Автор Орынборда ұзақ уақыт қызмет етiп, көптеген ықпалды қазақ билеушiлерi - Әбiлқайыр хан, Әбiлмәмбет, Бөгенбай батыр, Есет батыр, Жәнiбек тархан және т. б. кездесiп, ақпаратты олардан қолма-қол алғандықтан өте құнды түпдерек болып табылады.
“Ресей империясының толық жинағының” тоғызыншы томында обер-секратарь И. Кириловтың қазақ халқын бағындырып, оларды басқарудың проектiсi енгiзiлген. Бiз бұл құжаттарда Сырдарияда өмiр сүрген қарақалпақтардың шаруашылығы жайлы, олардың қазақтар және Хиуа хандығымен қарым-қатынасы жайлы нақты деректер кездестiремiз.
XVIII ғасырдың бiрiншi ширегiндегi қазақтардың қарақалпақтар және хиуалықтармен қарым-қатынасы жайлы қысқаша деректердi 1722 жылғы оныншы наурыз, 1723 жылғы төртiншi наурыз және 1725 жылғы он алтыншы наурыздағы Ф. Беновенидiң Бұқардан жiберген хабарларынан да кездестiруге болады.
1740 жылы қазақтардың Кiшi жүз ханы Әбiлқайырға дипломатиялық тапсырмамен орынборлық драгун полкының поручигi Гладышев және геодезист Муравин жiберiлдi. Олар қазақтардың қарақалпақтардың шаруашылығы және олардың Хиуа және Бұқармен сауда байланысы жайлы деректер жинады.
XVIII ғасырдың 40 жылдарында қазақтардың аймақтағы басқа халықтармен қарым-қатынасы жайлы бiрқатар деректер В. Н. Витебскийдiң еңбектерiнде де кездеседi.
1741 жылғы қазақтардың Хиуа хандығы, қарақалпақтар және түркмендермен қарым-қатынасы жайлы мәлiметтер А. И. Матвееваның еңбектерiнде де сақталған.
30-40 жылдары Қазақстан мен Орта Азия және олармен шекаралас аудандар, сонымен қатар Сiбiр Ғылым Академиясы ғалымдары Г. Ф. Миллер (1705-1783), Г. Георги (1729-1802), П. С. Паласс (1741-1811), И. П. Фальк (1727-1774), Н. П. Рычковтың және т. б. зерттеу объектiсiне айналды. I-II Академиялық экспедициялар (1733-1743 және 1768-1774 ж. ж. ) Сiбiр, Қазақстан, Поволжье және империяның басқа да аймақтарындағы түркi, монғол және т. б. халықтар жөнiнде көлемдi тарихи-этнографиялық материалдар жинады.
Қазақ халқының тарихы мен этнографиясы және оның көршiлес ортаазиялық халықтармен қарым-қатынасы жайлы деректер бүкiл қызметтiк өмiрi Қазақстанмен байланысты болған әскери инжененер И. Г. Андреевтiң (1743-1801) еңбегiнде сақталған.
И. Г. Андреевтiң көптеген маңызды еңбектерi iшiнен “Қырғыз-қайсақ және олармен шекаралас халықтарға сипаттама, сонымен қатар Ресей шекарасына, атап айтқанда, Колыпан және Тобыл губерниялары бекiнiстерiне жақын жатқан халықтар жайлы толықтыруларын” атап өткен жөн.
XVIII ғасыр ортасындағы Орта жүз қазақтарының Орта Азия көршiлес халықтарымен байланысы жайлы маңызды деректердi Г. Н. Потанин де келтiредi.
1793 ж. Хиуаға имам М. Әминнiң өтiнiшi бойынша орыс дәрiгерi майор Бланкеннагель аттандырылды. Оның жол бойы көрiп бiлгендерiнде де қазақ-қарақалпақ-хиуа қарым-қатынасы жайлы деректер бар.
XIX ғасырдың бiрiншi жартысында Ресейде Орта Азия жайлы деректердiң жинақталып, зерттеу процесiнiң жаңа кезеңi болып табылады. Бұл кезде Қазақстан оның оңтүстiк аудандарын қоспағанда Ресей империясының маңызды сауда-экономикалық аудандарына айналып, ендi оның алдында тұрғындарға салық мiндетiн жүктеу және территориясын шаруашылық игеру мәселесi туындайды. Алайда, бұған қазақ жерлерiне көз тiккен Хиуа және Қоқан билеушiлерiнiң экспансиялық саясаты да айтарлықтай кедергi жасайды. Бұл текетiрес патша әкiмшiлiгiн отарлау мақсатымен Ресей құрамына кiрген жерлердi, тұрғындар саны мен қоныстануын, өлкенi әрi қарай тереңдетiп, жан-жақты зерттеуге мәжбүр еттi.
Бұл кезеңнiң зерттеу жұмыстарында зерттелген аймаққа физикалық-географиялық, тарихи-этнографиялық сипаттама берiлуi кездейсоқ еместiн. Өлкенiң шаруашылық, қоғамдық және саяси өмiрiнiң кей жақтары, ру-тайпалық бөлiнулерi, құқықтық институттары, жергiлiктi жер бедерi, керуен және су жолдары мен фольклоры салыстырмалы түрде бiршама жақсы зерттелдi. Бұл жұмыстарда Қазақстанмен көшiлес мемлекеттер - Қоқан, Хиуа, Бұқар және Қытаймен қарым-қатынасы жайлы деректер кездеседi.
XIX ғасырдың 20 жылдарында Хиуа хандығындағы қазақтардың орналасуы, өмiр сүру ғұрыптары, Хорезмнiң басқа халықтарымен шаруашылық және сауда байланысы жайлы кейбiр деректер Г. Гелмерсеннiң еңбектерiнде кездеседi.
XIX ғасырдың бiрiншi ширегiнде халқының этникалық, саяси, әлеуметтiк-экономикалық тарихын зерттеуге А. И. Левшин маңызды үлес қосты. Ол 1820-1822 жылдары Орынбор өлкесiнде дипломаттық қызметте жүрiп, жергiлiктi архивтi зерттеп, қазақтар жайлы көлемдi этнографиялық деректер жинады. Оның еңбегiнiң қорытындысы 1832 жылы жарыққа шыққан “Қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларын суреттеу” атты қазақ халқының тарихына қатысты үш бөлiмдi құнды зерттеу жұмысы болды. Шын мәнiнде бұл қазақ халқының тарихы мен сол кездегi жағдайына, сонымен қатар оның көршiлес елдер және халықтармен қарым-қатынасына байланысты алғашқы маңызды ғылыми-зерттеу жұмысы болды.
Қызметтiк және ғылыми қызығушылықтары қазақ даласымен тығыз байланысты болған iрi орыс тарихшы-шығыстанушыларының бiрi В. В. Григорьев (1816-1881) болды. 1851 жылы Орынборға қызметке аттандырылып, оның түрлi қызметтердi атқаруы (генерал-губернатор жанындағы ерекше iстер жөнiндегi шенеуiк, губерния канцеляриясының бастығы, Орынбор шекаралық комитетiнiң бастығы), қазақтар мен Орта Азияның басқа халықтарының өмiрiне етене араласып, осы өлке тарихына қатысты бiрқатар еңбектер жазуына мүмкiндiк бердi.
Келесi атақты орыс шығыстанушысы В. В. Вельяминов-Зернов (1830-1904) . Ол да Орынборда қызмет етiп, 1853 жылы Уфада жарық көрген “Әбiлқайыр хан қайтыс болған уақыттан бергi қырғыз-қайсақ және Ресейдiң Орта Азиямен қарым-қатынасы жайлы тарихи мағлұматтар” еңбегiн жазады. Әсiресе, оның “Қасымның хандары мен ханзадалары жайлы зерттеулер” еңбегiн ерекше атап өткен жөн. В. В. Вельяминов-Зерновтың еңбектерi Ресей империясындағы түркi халықтары тарихын зерттеуде тұтас бiр дәуiрдi құрайды.
Қазақ-қырғыз қарым-қатынасын сипаттайтын жекелеген деректер А. И. Левшиннiң, Н. Я. Бичуриннiң, Ш. Ш. Уалихановтың, Н. А. Аристовтың, П. П. Семенов-Тянь-Шанскийдiң, И. Бардашевтың, М. Н. Галкиннiң, И. Казанцевтың, М. И. Венюковтың еңбектерiнде кездеседi.
Төңкерiске дейiнгi қазақтардың Орта Азияның басқа көршiлес халықтарымен қарым-қатынасы жайлы сұрақтар Н. И. Веселовскийдiң, Л. Мейердiң, Н. Муравьевтың, А. И. Макшееваның, М. Н. Венюковтың, Н. И. Гродековтың және М. Г. Юдиннiң еңбектерiнде қарастырылған. Олар саяси қарым-қатынасына басым көңiл бөлген. Бұл авторлардың еңбектерiнде Қоқан мен Хиуа хандықтарының iшкi және сыртқы саяси жағдайы, олардың билеушiлерiнiң қайраткерлiгi жайлы деректер бар.
Жоғарыда аталған еңбектердiң iшiнде Н. И. Веселовскийдiң еңбектерi айтарлықтай қызығушылық танытады. Ол онда Хиуа хандығының әкiмшiлiк-саяси құрылымын қарастыра отырып, қазақ-хиуа, қазақ-түркмен, қазақ-қарақалпақ саяси қарым-қатынасына тоқталады.
Бiз қарастырып отырған тақырыпта қазақ халқының кемеңгер ағартушы-демократы Ш. Ш. Уәлиханов еңбектерiнiң алатын орны ерекше. Ол Орта Азия халықтарының әдебиетi мен этнографиясына үлкен қызығушылық танытқан. Орта Азия халықтарының мәдени өмiрiн зерттей отырып, ол өзбек, қырғыз, қазақ, қарақалпақ, тәжiк және түркмендердiң фольклорының мазмұны мен формасы, кейiпкерлерiнiң ортақ екенiн атап көрсеттi. Ш. Ш. Уәлиханов бұл халықтарда мазмұны ұқсас аңыз-әңгiмелердiң болуын өмiр сүру жағдайларының ұқсастығымен түсiндiредi.
XIX-XX ғасырлар тоғысында және кеңес үкiметi орнаған соң ресейлiк шығыстану ғылымының әрi қарай дамуы ортаазиялық халықтар тарихының көрнектi бiлiмпазы академик В. В. Бартольдтың есiмiмен байланысты. Азияның түркi және басқа халықтарының тарихы мен мәдениетiне қатысты көптеген фундаментальдық мәселелердiң өңделу жұмыстары осы кiсiнiң еншiсiне тиедi. Бiздiң мәселенi тiкелей қозғайтын еңбектер санатына ең алдымен “Жетiсу тарихының очеркi” жатады. Мұнда В. В. Бартольд алғаш рет өлке мен тұрғындар тарихын Орта Азия халықтарының тарихи тағдырымен байланыстырып, жүйелi түрде баяндайды. Қазақтардың көршiлес халықтармен қарым-қатынасына қатысты кейбiр сұрақтар В. В. Бартольдтың басқа да еңбектерiнде қарастырылады.
Жалпы, төңкерiске дейiнгi кезеңдегi тарихи әдебиеттерге көз жүгiрте отырып, Орта Азия халықтары тарихы бойынша нақты деректер жинақталып, олардың экономикалық, саяси және мәдени байланыстары жайлы жекелеген сұрақтарды қозғайтыны жайлы айта кеткен жөн.
Бiз қарастырып отырған кезеңдегi ортаазиялық халықтардың қарым-қатынасы кеңестiк тарихнамада да нашар өңделген мәселе болып қала бердi. Мұның өзiндiк себептерi бар.
Орта Азия халықтарының қарым-қатынасына қатысты кейбiр сұрақтарды А. П. Чулошников (1920 жылы құрылған “Қазақстанды зерттеу қоғамының” төрағасы) еңбегiнде қарастырылады. Оның кiтабында қазақ халқының ежелгi тарихының негiзгi кезеңдерiн басқа да түркi тiлдес халықтардың тарихымен байланыстырып сипаттайды.
Қазақтардың ортаазиялық басқа халықтармен қарым-қатынасына қатысты кейбiр сұрақтар Т. Рысқұловтың, С. Д. Асфендияровтың, М. П. Вяткиннiң, П. П. Ивановтың еңбектерiнде iшiнара қарастырылған.
Бұл еңбектердiң iшiнде ең алдымен XIX ғасырдың басындағы қазақтардың Қоқан хандығымен қарым-қатынасын арнайы қарастырған П. П. Ивановтың статьясын атап өту керек.
Қазақ халқының тарихын алғаш рет жалпылама қарастырған, қазақтан шыққан алғашқы тарихшы профессор С. Д. Асфендияров жазған “Көне заманнан бергi Қазақстан тарихы” 1935 жылы Мәскеуде жарық көрдi. Онда қазақтардың ортаазиялық көршiлес халықтармен қарым-қатынасы жайлы кейбiр сұрақтар үстiртiн қарастырылып кеткен.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның төңкерiске дейiнгi тарихының проблемаларын зерттеуде Алматыға эвакуацияланған Мәскеу мен Ленинградтың iрi тарихшылары айтарлықтай iз қалдырды. 1943 жылы Алматы, Мәскеу, Ленинградтың алдыңғы қатарлы тарихшылар коллективi “Қазақ ССР тарихын” құрастырды. Кiтаптың арнайы тарауларында Орта Азия халықтарының қарым-қатынасына қатысты сұрақтар қарастырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz