Қазақ халқының ежелгі досы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ 3
1. ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ (1866-1938) 4
2. ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ (1889-1931) 7
3. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ (1893-1938) 8
4. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (1873-1937) 10
5. МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ (1885-1935) 13
ҚОРЫТЫНДЫ 17
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 18

КІРІСПЕ

1. Әлихан Бөкейханов (1866-1938)

1917 ж. 5-13 желтоқсан аралығындағы тарихи күндерде Орынборда Қазақ
ұлттық мемлекеті - Алаш автономиясы құрылғанын әлемге паш еткен екінші
жалпықазақ съезі өтті. Бұл съезде үкімет сайланды. Бұл оқиға жер бетінің
алтыдан бір бөлігін алып жатқан революциялық Ресей үшін елеусіз болуы
мүмкін, ал отарлық езгідегі қазақтар үшін оның маңызы орасан зор болды. Сол
кезде "Алашорда" мемлекетінің құрылуы ХVІІІ ғ. бастап Ресей империясына
тәуелді болған қазақ халқының азаттық үшін көп жылдық күресінің нәтижесі
болды.
Қазақ халқының мемлекеттік алу жолындағы қозғалысының басында ұлт
зиялылары тұрды. Оның серкесі жазушы әрі саясаткер, патшалық Ресейдің
Мемлекеттік Думасының мүшесі Әлихан Бөкейханов еді. Әлихан Нұрмұхаметұлы
Бөкейханов 1866 ж. Семей облысы Қарқаралы оязының жетінші ауылында дүниеге
келді. Қазір бұл ауыл Жезқазған облысының Ақтоғай ауданына қарайды.
Оның әкесі Нұрмұхамет пен шешесі Бегімханым оқыған адамдар болған.
Әлиханның арғы атасы қазақ даласына белгілі Барақ сұлтанның баласы Бөкей.
1816 ж. Мейрамның бес руы Уәли сұлтанды мойындамай, Орта жүзде өз хандығын
құрып, сексен жастағы Бөкейді хан сайлады. Бөкейдің тоғыз ұлы болған.
Солардың ішіндегі Батыр сұлтаннан Рүстем мен Мырзатай туады. Мырзатай
Нұрмұхаметтің әкесі. Бөкейден кейін хандықтағы билік оның немересі
Жамантайдың қолына өтті. Рүстем мен Мырзатай Қарқаралы мен Қаратаудың
арасын мекен етіп, кезінде Кенесары Қасымовтың көтерілісіне де қатысқан.
Әлихан Бөкейхановтың саяси және азаматтық көзқарасының қалыптасуына
екі жағдай шешуші әсер етті. Біріншіден, Әлихан даланың бай әрі белгілі
билеушілеріне тән еркіндік пен теңдік әдетке айналған ортада өсті. Олар
қазақтың ауыз әдебиетінен басқа, шығыс әдебиеті мен мәдениетін білетін
біршама білімді адамдар еді. Бай қазақтардың көпшілігі орыс тілінде еркін
сөйледі. Екіншіден, ХХ ғ. басында көзі ашық қазақтар еуропа тарихымен және
мәдениетімен таныс болатын. Еркіндік сүйгіш қазақ зиялысы Әлихан Бөкейханов
Ұлы француз революциясы мен Герцен, Чернышевский және Толстойлардан
тарайтын орыстың гуманистік идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Ә.Бөкейханов - жоғарғы білім алған алғашқы қазақтардың бірі.
Алғашында ол Омбының техникалық училищесінде оқып, кейін Санкт-Петербургтің
орман техникалық институтын бітірді. Ол Петербург студенттерінің саяси
шараларына белсене қатысты, кейінірек өзі жазғандай "... ең солшыл
көзқараста болып, тіпті экономикалық материализмді" жақтады, басқаша
айтқанда марксизмді қолдады.
Орман техникасы институтын бітіргеннен кейін Ә.Бөкейханов Половцевтің
экспедициясына қатысу үшін 1895 ж. Омбыға келеді. Мұнда ол орман
училищесінде математикадан дәріс беріп, "Степной край" газетінің жұмысына
белсене араласады, түрлі мақалалар жазады.
"Степной край" газетінің баспагерлері орыс социалистері болғандықтан,
сол кезде ол басқа сібір газеттерінен ерекше еді. Ескі досы, профессор
С.П.Швецов айтқандай Ә.Бөкейханов тым марксист болатын: "Ә.Н.Бөкейханов
газетте марксистік бағытты ұстанып, оның ең жарқын өкілі болды" (Северная
Азия, Общество изучения Урала, Сибири "Дального Востока" журналының 1930 ж.
1-2 сандары).
Алайда, Ә. Бөкейхановтың сол тұстағы көзқарасы туралы нақты пікір
айту қиын, ол марксистік үйірмелерге мүше болған жоқ, тіпті коммунистік
партия қатарына да өтпеген. Басқадай болған жағдайда, бірнеше жылдан кейін,
ол радикалды - буржиязияның партия мүшелері - кадеттермен - конституцияның
демократтарымен араласпас еді .
1896 ж. Ақмола, Семей және Торғай обылыстарына орыс халқын қоңыс
аудару мүмкіндіктерін зерттеу мақсаттарында В.А.Щербинаның экспедициясы
ұйымдастырылған, Ә.Бөкейханов оған белсене қатысады. Оның ойынша кейінірек
бір пікірге келу үшін экспедиция материалдарын, өлкедегі жер жағдайын терең
зерттеуге пайдаланып, қазақтарды отырықшылыққа көшіру туралы ережелер
дайындау мүмкін еді. Щербина экспедициясы далада 1886 ж. 1903 жылға дейін
пәрменді жұмыс істеп, оның қорытындысы бойынша 13 томдық ғылыми материалдар
жария етілді.
1904 -1905 жж. Ә.Бөкейханов А.Байтұрсынов және М.Дулатовтармен
танысып, енді тек халықты отарлық езгіден азат ету мәселесімен шұғылданды.
Ол бұл мақсатқа жалғыз өзі жете алмайтын, халықтың бостандық жолындағы
күресіне бастайтын саяси күш - партия керек екендігін жете түсінді. 1905 ж.
Ә.Бөкейханов Оралда бес облыстың съезін өкізіп, күнтәртібіне "Қазақ
конституциялық- демократиялық партиясын" құру туралы мәселе қойды.
1906 ж. осындай жиын Семейде де өтеді. Жергілікті газет
жариялағандай, съезде "Халық бостандығы" партиясының бағдарламасымен
Ә.Бөкейханов және ақын Ш.Құдайбердиев сөз сөйледі. Қазақ кадеттері
партиясының бағдарламасы Оралда Кәміл Тухватуллин шығаратын "Фикер"
газетінде жарияланды. Онда қазақ жері бөлінбестен қазақтікі болуы керек, ол
үшін үкімет жарлық шығаруы керек деген тұрғыда сөз болды. Бағдарламада
бұдан басқа Ресейден қоныс аударушылар мәселесі көтерілді және мұнда тәртіп
орнату қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, қазақ жастары үшін мектептер,
медреселер, институттар мен университеттер ұйымдастыру туралы талаптар
қойылды.
Революциядан кейінгі Ресейде үлкен саяси өзгерістер болып, патша
халық өкілдері жиналысы - Мемлекеттік Дума құруға рұқсат береді.
1906 ж. Семей облысы қазақтары ұсынған Ә.Бөкейханов Бірінші
Мемлекеттік Думаның мүшесі болады. Бірақ, осы кезде ойдан шығарылған
сылтаумен тергеусіз, сотсыз Павлодар приказында түрмеде отырған
Ә.Бөкейханов оның жұмысына қатыса алмайды. Үш айдан соң түрмеден шықан ол
Петерборға аттанады. Бірақ осы тұста патша жарлығымен Дума
таратылғандықтан, ол Мемлекеттік Думаның мүшелері жиналып жатқан фин қаласы
Выборгке жүріп кетеді .
1907-1913 жж. Ә.Бөкейханов белсенді түрде саяси қызметпен айналысады.
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Сералин, Б.Қаратаев сияқты пікірлес достарымен
бірге "Қазақ" газеті мен "Айқап" журналын шығарады. "Қозы Көрпеш Баян
сұлу" лирикалық эпосын дайындап, кітап шығарады. Қазақ халқының ежелгі досы
Ш.Уәлихановтың серігі қазақ тарихы мен халық ауыз шығармашылығын зерттеуші
Г.Н.Потанин қазақ зиялыларының жаңа толқынын байқап, олар туралы мақала
жазады.
Революция қарсаңындағы жылдары Ә.Бөкейханов Қазақстандағы жер
мәселесімен белсене айналысып, қазақтар мен орыс қоныс аударушылары
арасында жердің әділ бөлінуі үшін күреседі. Оның ел ішіндегі беделін патша
шенеуніктері мойындайды. 1914 ж. Торғай губерниясының губернаторына жазған
хатында Орынбор губерниясының жандарм басқармасының бастығы генерал-майор
Бабич былай дейді: "Ірі қызметкерлерден белгілісі -Бірінші Мемлекеттік
Думаның бұрынғы мүшесі, Далалық облыстардағы аграрлық мәселелердің маманы
Ә.Бөкейханов".
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында, Ақпан және Қазан революциялары
аралығында Ә.Бөкейханов қазақ автономиясы мәселесімен айналысып,
нәтижесінде "Алаш" партиясы мен 1917 ж. желтоқсанда "Алаш Орда" Қазақ
автономиялық мемлекеті пайда болады. Алайда, "Алаш автономиясының"
қалыптасып, нығаюына азамат соғысы бөгет болады, оның үстіне 1919 ж. "Алаш"
партиясы таратылады.
Революциядан кейінгі жылдары Мемлекеттік Думаның бұрынғы мүшесі,
коммунистерге жау кадет партиясының мүшесі, Ә.Бөкейханов саяси жұмыстардан
шеттетіледі. Дегенмен, Ә.Бөкейханов 1922 ж. құрылған, аты ғана ұлттық
мемлекеттік құрылым болып табылатын, қуыршақ үкіметі бар Қазақ АКСР-і деп
аталатын социалистік мемлекеттің игілігі үшін еңбек етеді.
Ә.Бөкейханов Мәскеуде Орталық баспахананың әдеби қызметшісі болып
жұмыс істей бастайды. 1927 ж. "штаттың қысқартылуына" байланысты жұмыстан
босатылады. Оның басына төнген қатер 1926 ж. күшейе түскен еді, МТБО (ОГПУ)
контрреволюциялық әрекет жасады деген жалған жала жауып, қамауға алады,
алайда ешқандай кінәсін дәлелдей алмай, босатады.
Қызметтен қуылса да Ә.Бөкейханов егіншілік мәселесімен, оның ішіндегі
ең бастысы қазақтарды отырықшылдыққа көшірумен шұғылдануын жалғастыра
берді.
1927 ж. профессор Швецовтың сұрауы бойынша бүкілодақтық егіншілік
комиссариатында баяндама жасайды. Жер мәселесі бойынша өзінің көзқарасын
айтып, қазақтарды отырықшылдыққа көшіруге мұқият қарап, зиян келтіріп
алмауды ұсынады. Бұл жерде оған Тула губерниясынан келген қоныс
аударушыларға қазақтардың ежелгі жерлерін алып беруге мұрындық болған
екінші бір орыс профессоры Верещагин қарсы шығады.
1928 ж. ұжымдастыру, онымен бірге "Алаш" партиясының мүшелерін
қудалау басталды. Ұлт азаттық қозғалысының бұрынғы серкесіне Мәскеуден
шығуға тыйым салынады.
1928-1930 жж. "Алаш" партиясының басты мүшелері қамауға алынғанда
МТПО (ОГПУ) Ә.Бөкейхановты жауап алуға ғана шақырып, сонан кейін қайта
мазаламайды. Бірақ кейіннен Сталиндік реакция жылдарында ол қамауға алынып,
КСРО жоғарғы сотының әскери коллегиясының 1938 ж. 27 қыркүйектегі шешімі
бойынша ату жазасына бұйырылады.
Білімі мен беделін революцияға дейінгі Ресейдің ірі тұлғалары
мойындаған, жазықсыз жаза болған оқымысты қазақ, қазақ халқының мүддесін
қорғаған бірден-бір саяси күш "Алаш" ұлттық партиясының көсемі, қазақ
автономиясын құрып Колчак пен Лениннің алдында оның қажеттігін қорғаған,
жазушы әрі ақын, жалынды публицист әрі шешен Әлихан Бөкейханов КСРО Жоғарғы
сотының 1989 ж. 14 маусымдағы арнайы қаулысымен толық ақталды.

2. Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында Ж.Аймауытовтың алатын орны
ерекше. Ол романнан драматургияға дейінгі әдеби жанрлардың бәрінде жұмыс
істеді. Оның мұрасы бай әрі жан-жақты. Ол "Қартқожа" және "Ақбілек"
романдарының, "Күнікейдің кінәсі" повесінің, "Отан қорғаушы",
"Мансапқұмарлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Шернияз", "Ескерту" пьесаларының
және көптеген очерктер мен әңгімелердің авторы.
Ж.Аймауытов 1889 ж. Семей губерниясының Павлодар оязында туып, 15
жасына дейін Қызылту болысындағы өз ауылында өскен. Бастапқы білімді өзі
айтқандай түрлі ауыл молдаларынан алған. Жүніс, Шаймерден, Қапар,
Мұқаметжан қожалар оған хат танытып, оқуға үйреткен. Кәрі молдалардың
балаларға діни кітаптарды, діни білімді құранды үйретуде ғана емес, оларды
шыдамдылыққа, тиянақтылыққа баулуда көп пайдасы болды. Кейінірек әжептәуір
білім алған Жүсіпбек өзі молда болып бала оқытты. "Қартқожа" романындағы
жас молда баланың бейнесінде ол өзін суреттейді.
1907 ж. Жүсіпбек молдалықты тастап, Баянауылға келіп, орыс мектебіне
оқуға түседі. Бір қыста екі сыныпты бітіріп, келер жылы Павлодарға барып,
қазыналық ауылшаруашылық мектебіне емтихан тапсырады. Басқа балалармен
бірге мектептің қатаң тәртібіне қарсы шыққаны үшін мектептен шығарылады.
Осыдан былай туған ауылында балаларды оқыта бастайды және Баянауылдағы оры
мектебінің үшінші сыныбында оқуын жалғастырады. 1911 ж. Павлодарға қайта
келіп, екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқиды.

1914 ж. Семейдің мұғалімдер семинариясына түсіп, оны 1919 ж. бітіріп
шығады. Осы жылы ол "Алаш" партиясынан шығып, коммунистік партияның мүшесі
болады.
1920 ж. Жүсіпбек Қазақ АКСР-і ұйымдастырылған Құрылтай съезіне делегат
болып сайланады да, одан кейін оқу ағарту комиссариатында басшы қызметте
болады. 1921 ж. Семей губерниясының халыққа білім беру бөлімінің
меңгерушілігіне ауысады, кейінірек "Қазақ тілі" газетінің редакторы болып
жұмыс істейді. 1924-1926 жж. Ташкентте шығатын "Ақжол" газетінде, 1926-1929
жж. Шымкент педагогикалық техникумның директоры болып қызмет істейді.
1929 ж. ол қазақ ұлтшылдарымен байланысы бар деген сылтаумен қамауға
алынып, бір жыл тергеуден соң қасындағы 13 адаммен бірге ақталып, түрмеден
босатылады. Жалған жала мен тағдыр тәлкегінен ауруға шалдыққан Ж.Аймауытов
1931 ж. қамал бұзар шағында, 42 жасында дүниеден өтеді.
Ж.Аймаутыовтың "Қартқожа" романы 1926 ж. сол кездегі Қазақстанның
астанасы -Қызылорда қаласында жеке кітап болып шықты. Бұл - қарапайым кедей
қазақтың өмірі эпикалық күш-қуатпен көрсетілген қазақ әдебиетіндегі тұңғыш
шығарма.
"Ақбілек" романы автордың көзі тірісінде кітап болып шыққан жоқ. Ол
Қазақстандағы азамат соғысы жылдарындағы қазақ қызының тағдырына арналған.
Романның басты идеясы - өмірдің ауыр да күрделі сынынан өткен жас әйелдің
өсек-аяңнан арылып, оқу мен еңбектен бақытын табуы.
Ж.Аймауытовтың "Қанапия мен Шарбану", "Шернияз" пьесалары қазақ
халқының бостандық үшін күресіне арналған.

3. Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

Мағжан Жұмабаев 1893 ж. 25 маусымда Ақмола губерниясының Ақмола
оязында дүниеге келді. Әкесі Бекен мен шешесі Гүлсім 7 ұл, 2 қыз тәрбиелеп
өсірген. Мағжан отбасындағы үшінші бала болды. Оның Мүслім, Қаһарман,
Мұхаметжан, Сәлімжан, Қалижан, Сабыржан атты аға-інілері мен Күләндам және
Гүлбаһрам атты апайлары болды.
Алғашында Мағжан жергілікті мұғалімнен оқып, 18 жасқа толғанда 1905
ж. Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны 1910 ж. бітіреді. Оқуын
жалғастыру үшін досы Бекмұхамбет Серкебаевпен (белгілі әнші Ермек
Серкебаевтың әкесі) Уфаға келіп, "Ғалия" медресесіне оқуға түседі. Мұнда ол
болашақ қоғам қайраткерлері әрі публицистер Бейімбет Майлин, Зейнелғабиден
Иманжанов және Біләл Сүлеевпен танысады. Медресе оқытушысы Ғалымжан
Ибрагимов Мағжанның білімін байқап, оған: "Бұл медреседе өзіңе қажетті
білім ала алмайсың, сен басқа жерде оқуың керек," - дейді.
1912 ж. Ғ.Ибрагимовтың көмегімен Мағжанның тұңғыш "Шолпан" деген
кітабы шығады. Бұдан кейінгі Мағжанның жетекшісі Міржақып Дулатов болады.
Ол бір қыс бойы Мағжанға орыс тілін үйретіп, орыс және шет ел ақындарының
өлеңдерін аударуды ұсынады. Осы кезде М.Жұмабаевтың ақын болып
қалыптасуында Ахмет Байтұрсынов шығарған "Қазақ" газеті шешуші рөл
атқарады.
1913 ж. Мағжан Омбы семинариясына оқуға түсіп, Сәкен Сейфуллинмен
бірге оқиды.
Сөйтіп, ата-ананың бақылауы мен көмегінсіз 18 жасар Мағжан үлкен
өмірге қадам басады, көптеген өлеңдер мен поэмалар жазады, аударма
жұмысымен шұғылданады.
1913-1916 жж.- Мағжанның романтикалық бағыттағы ақын ретінде пісіп-
жетілу кезеңі. Оның поэзиясы Пушкин мен Байронға жақын. Ол Гете, Толстой,
Гейне, Горький, Верленнің шығармаларын, революцияға дейінгі орыс декадент-
ақындары Мережковский, Бальмонт, Брюсов, Сологубтың еңбектерін
мұқиятзерттейді. Оның көзқарасы неміс тарихшысы Шпенглер мен орыс философы
В.Соловьевтың шығармаларының ықпалымен қалыптасады.
1914 ж. бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 ж. қазақ шаруаларының
көтерілісі және кейінгі революциялар Мағжан шығармашылығынан берік орын
алып, оны жаңа өлеңдер мен поэмалар жазуға жетелейді.
Мұғалімдер семинариясын Мағжан 1917 ж. үздік бітіреді. Оқу барысында
ол озат қазақ оқушылары үшін "Потанин қоры" белгілеген стипендия алып
тұрады. Осы жылы Мағжан Зейнеп Тастеміроваға үйленіп, өкінішке орай, Зейнеп
1919 ж. толғақ үстінде қайтыс болады.
Революцияны Мағжан қуана қарсы алады, қазақ халқының өмірінің
жақсаруына үміттеніп, басқа да көптеген қазақ зиялылары сияқты "Алаш"
партиясына мүше болады. Елеусіз бір қайшылықтарға байланысты "Үш жүз"
партиясының мүшелері Мағжанды түрмеге жабады да, ол чехословак әскерлерінің
бүлігі кезінде абақтыдан шығады. Колчак армиясын талқандағаннан кейін,
большевиктер өлкеде өз билігін орнатып, "Алаш" партиясы да таратылады.
Кеңес үкіметі "Алаш" партиясының мүшелеріне кешірім жасап, оларды қызметке
алады. Мағжан Жұмабаев Ақмоладағы "ЗнамяСвободы" - "Бостандық туы"
газетінің редакторлығына тағайындалады.
Ақын жаңа өмір құрылысына белсене кіріседі, ағарту және оқыту ісіне
көп көңіл бөледі. 1922 ж. Орынборда оның "Педагогика" кітабы шығады. 1922
ж. белгілі жазушы Бернияз Күлеевтің көмегімен Қазанда Мағжанның өлеңдер
жинағы жарық көреді. Оның үшінші кітабы 1923 ж. Ташкентке білімін жлғастыру
үшін келген кезде шығады. Ташкентте ол жемісті еңбек етіп, "Батыр Баян"
поэмасын, Түркістан және Сырдария топтамасындағы өлеңдерін жазады. Ақан
сері, Базар жырау және қазақ фольклорын жинаушы әрі түркітанушы Диваев
туралы мақалалар жариялайды.

1924 ж. Мағжан Мәскеуде болып, 24 қарашада КСРО астанасында оқып
жүрген қазақ жастарының жиынында оның шығармалары талқыланып, ол өткен
кезең мен феодалдық дәстүрлерді дәріптегені үшін қатты сынға ұшырайды.
Бірақ жалпы алғанда оның шығармалары жоғары бағаға ие болады. Осы уақыттен
бері пролетар жазушылардың Қазақ қауымдастығының басшылығы Мағжанды қудалай
бастайды. Дүмше сыншылар оны бірде пантүркілік ақын, бірде байлар заманының
ақыны деп жазған мақалалар жариялады.
1925 ж. Қазақстан Компартиясы Өлкелік комитетінің басшылығына
Ф.И.Голощекин келіп, республикада "Кіші Октябрьді" бастайды. Шолақ ойлы
партия жетекшісі ПЖҚА (КазАПП) басшылығына қосылып, "ескіліктің
қалдықтарын" дәріптеген жазушыларға соғыс жариялайды. 1929 ж. үш жүзден
астам қазақ зиялылары қамауға алынады.
Мәскеуде жүрген кезінде Мағжан әдебиет институтындағы көрнекті орыс
ақыны В.Брюсовтың сабақтарына қатысады. М.Горькийдің "Қыран туралы әнін"
Мамин-Сибиряктың "Ақ боз атын" қазақтардың өміріне байланысты жазылған
В.Ивановтың әңгімелерін, В.И.Лениннің мақалалары мен сөйлеген сөздерін
қазақшаға аударады.
1927 ж. Мағжан Отанына оралады. Қызылжардағы Қазақ педагогикалық
техникумында және партия-кеңес мектебінде сабақ береді. 1929 ж. оны қамауға
алып, Мәскеудің Бутырка түрмесіне жабады. 10 жылдық жазасын Карелияда
өтейді. 1935 ж. Мағжан М.Горькийге хат жазып, ұлы пролетар жазушысының
көмегімен бостандыққа шығады. Қызылжар мектебінде ұстаздық қызметін
жалғастырады.
1937 ж. наурызда Сәкен Сейфуллин оны Алматыға шақырады. Осы жылдың
желтоқсан айында Мағжан тағы да қамауға алынып, қауіпсіздік органдарының
қапасында қаза болады.
Мағжаннан құтылған үкімет енді оның бауыр-қарындастарына құрық
салады. Олардың барлық кінәсі "халық жауы" Мағжан Жұмабаевтың туысы
болуында еді. 1937 ж. оның бауырлары Мүсілім, Қаћарман және Мұхаметжан
"халық жауы" ретінде қамауға алынады. Олардан Мұхаметжан ғана тірі қалып,
бертін келе 82 жасында қайтыс болады.
Мағжан Жұмабаевтан келешек ұрпаққа өшпес мол мұра қалды. Оның
классикалық үлгідегі шығармалары мектептерде оқытылып, жас қазақ ақындары
одан өнеге алуда. Мағжан Жұмабаев ХХ ғасырдағы ең үздік лирикалық қазақ
ақындарының бірі және оның шығармалары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мәдениеті
Шоқанның "Манас" жыры
ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ - Күлтегін жырлары
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Шоқан және оның шығыстанулық зерттеулері
Қазақ халқының дәстүрлері, адамгершілік әрбиесі
Шоқан Уәлиханұлы (1835-1865)
Орыс ғалымдары ХІХ ғасырдың Қазақстан өндіргіш күштері мәдениеті мен тұрмысы
Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Уәлиханұлы
Ғұндардың арғы атасы
Пәндер