Ғұндардың арғы атасы
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
1. Белгісіз, түсініксіз халық Ғұндар империясы 4
2. Үйсіндер мемлекеті 7
3. Қаңлы мемлекеті 12
4. Түрік қағанаты 16
5. Ертедегі түрік жазуы 19
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25
КІРІСПЕ
Бір кездері Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ежелгі халықтардың бірі
ғұндар болды. Түрлі тарихи жазбаларда ғұндардың рулық және тайпалық
бірлестіктері түрліше аталады. Ғұндар құрған үлкен және шағын мемлекеттер
белгілі. Ең үлкен және осыған байланысты неғұрлым белгілілері болып
табылатын зор тарихи із қалдырған ғұндардың екі империясы бар. Олардың
біріншісі - Тұман (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті, оны қытайлар Шаньюй
Тұман (б.д. дейінгі 209 жылы өлген) деп атаған. Оның тұсында ғұндар
мемлекеті біршама әлсірейді, бірақ оның есесіне мұрагері Қасиетті Мете
(Мөде, Мао Дунь) б.д. дейінгі 209-176 жылдары "Ғұндардың ұлы империясы"
деген мемлекетті басқарды. Екінші империя - Аттиланның (Еділ патша)
империясы. Оның кезінде ғұндар Шығыс Еуропадан Сырдарияға дейін өмір сүрген
халықтар мен аумақтарға иелік етті. Оның мемлекеті "Ғұндардың батыс
империясы" деп аталды.
1. Белгісіз, түсініксіз халық Ғұндар империясы
Ең алдымен ғұндар (гунну) неліктен осылайша аталды, оларды кімдер
осылай атады дегенді айтуымыз керек. Ғалымдар арасында бұл мәселеде
біраузыдылық жоқ. Еуропалық та, қытайлық та тарихшылар сонау алыс уақыттағы
көшпенділерді түрліше атаған. Әрбір жүзжылдықта жылнамашылар мен тарихшылар
өздерінің ыңғайына қарай атаған, ал қытайлықтар біздің дәуірімізге дейін
және одан кейін де бір халыққа 32 атау берген. Батыстық ертедегі тарихшылар
өз кітаптарына ғұндарды гун-гунний, хун-хунну, кун-кунну, хон-хэн, хун-ху-
гуз, сюнну және тағы басқа сол сияқты жаза берген. Біз барлық осы атау-
этнонимдерден біреуін - хунну дегенді немесе Аттила ғұндары туралы сөз
қозғалғанда гунндар дегенді шығарып аламыз. Қазақтар мен басқа түрік
халықтары оларды "ғұндар" деп атайды, өйткені ғұндар шын мәнінде
қазақтардың, жалпы түркілердің алыстағы ата-бабалары, сондықтан оларды
біздер де осылайша атаймыз. Оған біздердің дәлелдеріміз жеткілікті.
Енді тарихи кітаптарға жүгінейік. Белгілі тарихшы Отто Франко өзінің
үш томдық "Қытай тарихы" деген еңбегінде: "Ғұндар қайдан шыққан, олардың
ата-бабалары кімдер екенін біздер айта алмаймыз. "Ғұндар" деген атаудың
өзін бір халыққа біріккен әлдебір сан алуан тайпалар алған шығар. Шамамен
"скифтер" дегеннің өзі де сондай. Бірақ олардың өзегі ең алуан уақыттар мен
дәуірлерде түріктер болды дегенмен келісу керек", - деп жазды.
Қытайлардың өз "тарих атасы" Сы Машиян (Сыма Цянь) болды. Ол б.д.
дейінгі 145 немесе 135 жылы туды. Өлген жылы белгісіз. Оның "Тарихи
жазбаларының" 110-шы бөлімінде ғұндарға байланысты: "Ғұндардың арғы атасы
Шия хоу патшалығы әулетіне жататын Шоң би (Шун вей) болған ... Шоң биден
Тұман қағанға дейінгі мыңжылдықтар барысында ғұндар біресе күшейіп, біресе
әлсіреп отырған ... Ақыры тек Мөде тұсында олар өте күшті болды.
Солтүстігінде олар өздеріне юечжи халқын қаратты, оңтүстігінде Қытаймен
соғысты. Сол кезден бастап ғұндардың шағын империясы белгілі, оларды тарихи
кітаптарға жаза бастады", - делінген.
Бұл "шағын империя" өзін барынша таныта бастады, сондықтан да
Қытайдың менмен патшасы Вен Ди (б.д.дейінгі 179-163 жылдар) Мөденің ұлы Лау
Шанға жіберген жолдамасында сыпайылап: "Сіздің Құдыретті Мәртебеңізге
біздің құттықтауымызды жолдаймыз", - дейді. Мұнысы - әміршінің
артықшылықтарын тануы. Онымен өзін тең ұстаған, тіптен одан өзін биікке
көтерген ғұндардың Құдыретті қағаны өзінің жауап хатында: "Аспан мен жерден
жаралған, Күн мен Ай таққа отырғызған ғұндардың ұлы жолбасшысы Хань
патшалығының билеушісіне өзінің жүрек жарды сәлемін жолдайды" , - деп
жазады.
Бұл жерде "Құдыретті" деген сөз Тәңірі-Көктен туды, құдай жаратқан,
бақытты билеуші дегенді білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, ғұндардың билеушісі
ол Тәңірі-Көк Құдайдан жаралдым дегенді мойындайды және соның арқасында
патшалық құрған таққа отырдым дегенді білдіреді.
Ұзындығы 10 мың лиден астам (бір ли жарты шақырымға тең) әлемге
әйгілі Ұлы Қытай қабырғасы ғұндардан қорғану мақсатында тұрғызылған. Оның
құрылысы шамамен б.д.дейінгі 352 жылы басталып, б.д. дейінгі 213 жылы оны
жанжалқойлығымен белгілі Ши Хуанди бітірді. Сонымен, біз ғұндар
империясының оңтүстік шекарасы қай жерде болғанын білеміз. Ол тура Ұлы
Қытай қабырғасымен жүріп отырған және оның ұзындығы 5000 километр ...
Ғұндар империясының шығыс шекарасы Сары теңізге жеткен, солтүстігі Байқал
көлінде, батысы Хазар (Каспий) теңізінде болған. Сол уақыт үшін бұл
әлемдегі ең ірі ел болды... .
Ғұндар мемлекетінде билікті мұрагерлік бойынша беріп отыру қатаң
сақталды. Егер билеуші Тұманның белгілі бірінші жазбаша деректерінен
санайтын болсақ, б.д. дейінгі 46 жылға дейін, ғұндар империясы Солтүстік
және Оңтүстік болып бөлінгенде, ғұндар тағына 22 қаған отырыпты. Еуразия
тарихында өшпес із қалдырған Аттила - "ғұндардың Батыс империясының"
императоры өзін Құдыретті Мөденің (Моде-шаньюй) ұрпағымын деп санаған.
Академик Әлкей Марғұлан ғұндар туралы өзінің зерттеулерінде әрдайым
"ғұндар тарихы - осы заманғы түрік халықтарының ертедегі тарихы, дәл солар
Ұлы далада өз мемлекетін құрды", - деп еске салатын.
Көптеген ғалымдар түріктер ғұндардан тараған, ғұндар - біздердің
алыстағы ата-бабаларымыз дегенді даулы санайды. Қазақтар тарихына 3-4 мың
жыл, ал сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар біздердің заңды ата-бабаларымыз
екенін дәлелдеу әлі алда. Бұл біздің ұрпақтарымыздың ісі.
Ғұндар Тәңірі-Көкке табынған халық болды, олар арғы аталарынан қалған
барлық заңдар мен салттарды, неке мен азаматтық өмір заңдарын, дәстүрлерді
сақтады. Ғұндардың еркектері шетінен жауынгер саналды. Бейбіт күндері
ғұндар мал бақты, астық септі, қолөнер кәсібімен айналысты. Олар дүние
жүзінде бірінші болып темір рудасын қайнатты, мыс-қоланы балқытты, алтын
және металл бұйымдары мен әшекейлерін жасады. Олардың арасында қолынан өнер
тамған шеберлер болды.
Академик Әлкей Марғұлан "Ертедегі әндер мен аңыздар" кітабында
ғұндардың биік қабырғалармен қоршалған гүлденген қалалары болды деп жазады,
және де сөзінің дәлелі ретінде археологиялық олжаларды, этностардан және
қазақ халық шығармашылығының басқа да шығармаларынан мысалдар келтіреді. .
Күнделікті өмірде ғұндардың салттары мен дәстүрлері, киім түрлері,
тамақтану азықтары және тағамдары, елді және өндірісті басқару үрдістері
қазақтыкімен толық сәйкес келеді деп батыл айтуға болады. Кеңкөлдегі,
Пазырықтағы, Таластағы, Нойон уладағы, Орхон мен Енисейдегі, Іледегі
археологиялық олжалар мен зерттеулер мұның осылай екенін дәлелдейді. Тіптен
бүгінге дейін ғұндардың жазба мәдениеті болмаған деп саналып келді. Орхон-
Енисейдегі, Таластағы, Есіктегі тастағы мәңгі сына жазулардың ғұндарға
қатысы жоқ деген пікір басым болды. Ұлы түріктанушы және қазақ халқының
досы Лев Николаевич Гумилев ғұндар туралы өз кітаптарында: "245-250 жылдары
қытай елшісі Кан Тай Фунанға (осы күнгі Кампучий) сапар шегеді және өз
естеліктерінде: ... Оларда, кампучийліктерде, кітап бар, олар оны
мұрағаттар қоймасында сақтайды. Олардың жазулары ғұндардың жазуларына
ұқсайды", - деп жазды. Егер ғұндарда жазу жоқ болса, онда қытай елшісі Кан
Тай Фунан жазуын немен салыстырған? Бұл сұраққа жауап беру, бәлкім, біздің
болашақ зерттеушілеріміздің үлесіне тиер. Б.д. дейінгі 46 жылы ғұндар
империясы Солтүстік және Оңтүстік болып бөлінді, сол кезден бастап, мүлдем
жойылып кеткенге дейін, ол әлсірей, ұсақтай береді. Ғұн мемлекеті 5 ғасырда
Орхон мен Енисейде қалпына келтірілді, бірақ ол енді Ұлы Түрік қағанаты деп
аталды. 15 ғасырда (1468-1470 жылдар) Қазақ хандығы пайда болғанға дейін,
содан бері түркештер, қарлұқтар, оғыздар, караханидтер қыпшақтар, осы рулар
бірлестіктерінің әрқайсысы өз мемлекеттерін негіздеді. Ежелгі ғұндар,
сақтар, үйсіндер, қаңлылар, жалпы саны 92-ден астам рулар мен тайпалар
бірлестіктері қазақтардың арғы аталары болып табылады, дәл біздің халықтан
осы ертедегі халықтардың тікелей ұрпақтарын оңай табуға болады.
2. Үйсіндер мемлекеті
Үйсіндер ең ежелгі қазақ руларының бірі болып табылады, олардың тарихы
уақыт жөнінен ұзақ және оқиғаларға өте бай.
Тарихи куәліктер мен құжаттарға жүгінейік. Тұңғыш рет үйсіндер аты
Мөде қағанның (б.д.дейінгі 176 ж.) қытай императорына жазған хатында еске
алынады. "Хань әулетінің кітабында", ғұндарға қатысты бөлімінде былай
делінеді: "Біз оң қанат уәзіріне тапсырма бердік, оны батыс юечжилерді
жаулап алуға аттандырдық. Тәңір біздің жағымызда болды, қолбасшы шебер,
әскер батыл, атты әскер ұшқыр болды, юечжилерді ол жойды... Лоуландарды,
үйсіндерді, юечжилерді, ал солармен бірге 26 көрші халықтарды ол хуштарға
толық бағындырды. Осылайша садақ тартатын халықтар (көшпенділер)
біріктірілген еді. Жапон ғалымы К.Ширатари: "Үйсіндер Лоулан халықтарымен
бірге аталғандықтан, үйсіндер Лобнор (қазір ол жерде қытай атом полигоны
бар) жерінде өмір сүрген болып шығады", - деп жазады.
Жапонияның басқа бір ғалымы Х.Мацуда: "Юечжилер-гансу жерлерінде,
лауландар - Шығыс Түркстанда, үйсіндер Тянь-Шанның cолтүстік-шығысында өмір
сүреді. Б.д.дейінгі 177-176 жылдары ғұндардыңқарамағына енді. Құдыретті
Мөде Тянь-Шанның шығыс жағын өзіне бағындырды ... Ал оның ұлы Лаушань Іле
өзені алқабын өзіне қосып алды", - дейді.
Сол "Хань әулетінің кітабында" Жан Шаньнің өмірбаянында үйсіндер
туралы: Ұлы юечжилер шапқыншылық жасады, Нанди биді өлтірді, оның жерін
тартып алды. Оның халқы ғұндарға қашып барды", - деп жазылған.
Үйсіндер ғұндардың қол астында болғандықтан, Нанди бидің мұрагері
Елжау би ержетіп, қолбасшы атанады және бірнеше жорықтарға бастап шығып,
ұзақ уақыт оларға мінсіз қызмет етеді.
"Жылнамалар кітабында", Ферғана туралы бөлімінде ежелгі қытай
ғалымдары былайша жазады: "Дәл осы уақытта үйсіндер жетекшісі еркек жасына
келіп, ер жетеді. Ол әкесі үшін юечжилерден кек қайтармақ болып шешеді де,
Тәңірдің қолдауымен Батысқа жорыққа аттанды. Олардан жасқанған юечжилер
Тоқарыстанға шегінді, үйсіндер басшысы өз төңірегіне өз халқын жинап,
юечжилердің қармағында болған және Ыстықкөл төңірегіндегі халықтарды өзіне
бағындырды және өмір сүруге сонда қалды" - алыстағы уақыттар туралы
осылайша баяндалды. Дәл сол сәтте Жетісу үйсіндерінің ұзақ та күрделі
тарихы басталады. Ертедегі қытай тарихшылары үйсіндер туралы "Уйсун гуо",
яғни "Үйсіндер мемлекеті" деп жазады. Анық әрі түсінікті. "Хань әулетінің
кітабындағы" 66 бөлімінде мынандай деректер бар: Ұлы қағанның астанасы
Қызыл қорған деп аталады, қала, 120 мың түтін бар, жандарының саны - 630
мың, әскері 188 мың 800 ..., олардың жері кең көсілген және құнарлы,
тауларында қарағай мен шырша қалың өседі ... әдет-ғұрыптары мен тұрмыстағы
қылықтары ғұндардікіне өте ұқсайды. Бұл халықта жылқы көп, байларында 4-6
мыңнан ат бар. Халқы жауынгер, батыл, батырлары көп. Сатқындарды өте қатаң
жазалайды. Ең күшті мемлекет. Бұрын ғұндардың ықпалында болды. Күшейіп
алғаннан кейін оларға бағынудан босады, бостандық алды. Шығысында
ғұндармен, солтүстік-батысында қаңлы тайпаларымен, батысында Ферғанамен
шектеседі".
Қазақ халқы құрылғанда үйсін тайпалары Ұлы жүзде басты әрі елеулісі
болған, оларға бізге белгілі Албан, Суан, Дулат, Шапырашты, Сарыүйсін,
Ошақты және Ысты рулары жатады.
Үйсіндердің арқасында алыстағы, әлі біздің дәуірлерге дейінгі
ғасырлардан қазақ мемлекеттерінің жыл санауын әбден жүргізуге болады. Ерте
дүниенің аса ірі мемлекеттері мен халықтары: Қытай, Тибет, ғұндар,
ферғаналықтар, қаңлылар үйсіндермен қатынас жасады, олармен санасты,
елшіліктер алмасты, сауда жүргізді. Үйсіндер мемлекеті Еуразияның ең ежелгі
мемлекеттерінің бірі саналады.
Түрік халықтарында қасиетті көк бөрі туралы аңыздар, ертегілер,
жырлар, шежірелік дастандар өте көп, біздің заманымызға жеткен сол аңыз-
ертегілердің ең ежелгілері үйсіндерге тиісті. Кейбір аңыздар Нанди бидің
ұлы Елжаубиге қатысты. Мұны растау үшін тарихи жәдігерлер мен құжаттарға
жүгінейік.
Ертедегі Қытай саяхатшысы Жан Чиян (б.д.дейінгі 139-126 жылдар)
"Батысқа саяхат" деген өзінің жазбаларында былай деп жазады: "Мен ғұндар
арасында болғанымда, мен мыналарды естідім: үйсіндер ханы - Кунмо (Күнби)
(оның аты Елжауби, ал оның әкесі Нанди би деп аталады), олардың мемлекеті
Чилян мен Дунхуан арасында орналасты, Ұлы юечжилермен көршілес отырды,
сонда олар басқарушылар болды. Ұлы юечжилер оларға шабуыл жасады, Нанди
биді өлтірді, олардың жерін тартып алды. Бас сауғалаған халық қашты және
ғұндардан барып пана тапты". ("Хань әулетінің кітабы").
Ол кездерде юечжилер Ганьсуда өмір сүрді (Тибет пен Моңғолияның
арасы), ал үйсіндер қатар, тәңір тауларының (Тянь-Шань) солтүстік жағында,
ғұндар елінен батысырақ тұрды және олар, үйсіндер, көлемі мен саны жөнінен
шағын мемлекет болды.
Үйсіндер туралы әңгімеден кейін қытай жылнамасы қасқыр туралы әдемі
аңыздың мазмұнын баяндайды. Юечжилер шабуылы кезінде Нанди би өлтіріліп, ал
оның сәби баласы Елжау шөптің арсына тірідей тасталады. "Хань әулетінің
кітабында", бұл туралы былайша баяндалады:" Осы кезде жаңа ғана дүниеге
келген баланы (Күн биді - болашақ Елжауды) әкесінің туысқаны Бөже оңқа
(ағасы) қалың шөптің арасына апарып, тығып қояды. Балаға тамақ іздеген Бөже
оңқа қайтып оралса, сәбиді сұр қасқырдың өз емшегін емізіп жатқанын көреді,
ал олардың үстінде тұмсығына бір кесек еті бар әлдебір құс ұшып жүреді.
Және құс баланың басынан айналып ұшады. Мұны көрген оңқа баланы "Құдыретті
сәби" деп атады, содан кейін оны қолтығына қысып, ғұндардың басшысына
апарып береді. Ғұн көсемі баланы тәрбиелеп, өсіреді". Одан әрі жылнамада
мына төмендегідей баяндалады: "Уақыты жетіп, Күнби ер жетеді, ересек
тартады. Ол ғұндардың Қасиетті императорынан рұқсат сұрап, әкесінің кегін
қайтару үшін, юечжилермен соғысуға батысқа қарай аттанады. Ол юечжилерге
шабуыл жасап, оларды талқандайды. Бұдан кейін юечжилер бұдан да батысқа,
Бактрияға қашады. Үйсіндер көсемі болған Күнби оларды төңірегіне жинап,
Ыстықкөл көлінің төңірегіндегі юечжилердің жеріне иелік етеді және сонда
мемлекет құрады. Ол өз әскерін көбейтеді және оны әрқашан жауынгерлік
даярлықта ұстайды".
Үйсіндер күшейген сәтінен бай халыққа айналады. Олар ғұндарға
бағынуды қояды. Үйсіндер арасында Сах халқының адамдары өте көп болып
шығады, олар юечжилермен бірге батысқа кетпей қалған, бұған дейін олар
юечжилерге бағынған және солармен бірге тұрған. Бәлкім, содан бері үйсіндер
туралы әңгіме бола қалса қазақ шежірелерінде "Ұлы жүз - үйсін" деп
айтылады. Ал көкжал қасқыр оларды сүтімен асыраған анасы, құтқарушысы
саналады. Үйсіндер де өз кезегінде оны қасиетті санайды, анамыз деп
ардақтайды. Үйсіндерде қасқырды жырлаған әндер мен жырлар көп. Мысалы,
үйсіннен шыққан атақты ақындардың бірі Сүйінбай Аронұлы шапырашты руынан,
ол "Бөрілі менің байрағым" деген толғауында көкжал бөріні жырлайды.
Шапырашты руының туында ерте кездерден бері қасқырды бейнелеу
қабылданған, қасқыр басының мұндай бейнесін найза ұшының түбіне салған.
Сәби Елжауды өз сүтімен қасқыр құтқарған сол кезден бері біздерге жеткен
дәстүр бұл.
3. Қаңлы мемлекеті
Қазақтың шежірелік жылнамаларына сәйкес Қаңлы - Ұлы жүздің ежелгі және
белгілі руларының бірі. Шежірешілер Қаңлыны Шыңғысханның серіктестерінің
бірі Майқы биден таратады. Бірақ тарихи куәліктер Қаңлы руының шығу тегіне
байланысты шежірелік жылнамаларға қарағанда, біршама басқаша сөйлейді.
Махмуд Қашқаридың "Түркі тілдерінің лұғаты" жинағында:"Қыпшақ
бірлестіктерінің (тайпа) тамаша руларының бірі Қаңлы болды",- делінген.
Тасқа жазылған ертедегі түріктік орхон-енисей сына жазуларында тәңір
түріктерінің көсемдері Қаңлы туралы былайша бағалайды:"Қаңлы ата бізге
келді", бұл Түрік қағанаты кезінде қаңлы руының маңызы туралы баяндайды.
Сондықтан қазақ халқында осы уақытқа дейін:"Құрметтелетін халықта Қаңлы
бар", "Қаңлыдан хан сайлайды", "Қаңлы бар жерде басқа хан болмайды" деген
сөз бар. Белгілі ғалым және ақын Шәкерім қажы "Түріктердің, қырғыздардың
және қазақтардың шежіресі" кітабында қаңлы туралы былай деп жазады:
"Олардың (қаңлылардың) бұрынғы уақыттарда бектері көп болған. Стамбулда
қаңлы руынан шыққан көптеген Осман түріктері тұрады".
Қаңлы тарихы б.д.дейінгі 4 ғасырдан белгілі, онда олар Каңха халқы
ретінде жазылған. Ал ертедегі қытай құжаттары "Хань әулетінің кітабында"
қаңлы "Кан жуй" деп тіркелген, ал бұл жазулар б.д. дейінгі 2 ғасырдың
екінші жартысына жатады. Ертедегі дәуірлер туралы қытай кітаптарында "Кан
жуй гую - Қаңлы мемлекеті" деп айқын көрсетілген. Басқа қытай кітаптарында
қаңлы "Кан, Каңла, Каңуй, каңар, кеңерес" ретінде бейнеленген. Сонымен,
б.д.дейінгі 3-1 ғасырларда қаңлы Сырдария, Шу өзендерінің алқаптарында,
Қаратау тауларында өмір сүрген деген қорытынды шығаруға болады. Сол
уақыттарда олар шығысында үйсіндермен, батысында аландармен, оңтүстігінде
Ферғанамен шектеседі. Сол "Хань әулетінің кітабында": "Хан қыстау-астанасы
Люенйдиде болды, кейінірек Бйтян қаласына көшірілді. Егер Люенйдиден шығып,
атпен 7 күн жүрсек, онда ханның Бйтяндағы жазғы астанасына келесің. Түтін
саны 120 мың, адам саны 600000, әскері 20000, салт-дәстүрлері, мінез-
құлықтары ұлы юечжилерге ұқсас. Шығыс бөлігі ғұндарға бағынады",- делінген.
Сонда Қаңлы мемлекеті бектерге бағындырылған бес облысқа бөлінетіндігі
айтылған.
Қаңлы (Қаңлы) этнонимі туралы индо-еуропалық тілдерде "Қаңлы" сөзі
"су", "өзен", "өзеннің ағысы" деген мағына беретінін айтуға болады. Түрік
тілдерінде "Кан", "Кең" - жазықтық, кеңістік дегенді білдіреді. Бұл сөздің
бастапқы мағынасы өзен атауы сияқты, яғни қаңлы халқы алқабында өмір сүрген
Сырдария өзенін меңзеп тұр. Ертедегі қытайлар ғұн бегі тұрған жерді бір
кездерде Лули деп атады, яғни Кең су (енді, кең су) деді, бұл қытайша Гунь
болады. Қаңлы (Қаңлы) халқы дәл Сырдарияның өзінде тұрғандықтан, бұл сөз
халықтың этнониміне, оның өз атауына айналды, соған сәйкес мемлекет те
Қаңлы мемлекеті атанды.
Қаңлы (Қаңлы) этнонимі қытай кітаптары мен жылнамаларында ғана емес,
сонымен бірге парсылық "Авестада" "Каңха", Орхон-Енисей сына жазуларында
таста "Кану-Тарбан", ежелгі грек географы және тарихшысы Птоломейде
"Канагай" деп кездеседі, Фирдоусидің "Шахнамесінде" Туран мемлекетінің
астанасы Кан қаласы болып табылады" делінген. Сонымен, біз Кан-Кен сөзі
"Кан өзенінің жағалауында тұратын халық", "өзен халқы" дегенді білдіреді
деп қорытынды шығара аламыз.
Қаңлы (Каңюи-Кан жуй) ертедегі уақыттарда-ақ (б.д.дейіңі 3-1
жүзжылдықтар) көрші елдермен және халықтармен, юечжилермен және Кушандармен
(юечжилердің өздері Бактрияда құрған мемлекет) тығыз байланыста болған.
Қаңлы мемлекетінің күшті болғаны соншалықты, сол кездері Хан әулеті билеген
тіптен ежелгі ұлы Қытайды мойындамаған. Қаңлы халқының жеріне келген қытай
елшісі Гошун қытай императорына жазған өз хатында былай деген: "Қаңлы халқы
іскер және батыл, тіптен біздің елшіні лайықты қабылдамады. Оларға Тұтық
бектен елшілер келгенде, оларды үйсін сияқты халықтардың елшілерімен қатар
және тіптен төмен отырғызды. Хан мен оның кеңесшілері тамақ ішіп болған
соң, содан кейін ғана Тұтық бектің сенімді елшілері дастарханға шақырылды".
Бұдан олардың Хань мемлекетін танымағандығы көрініп тұр, оны өз көрші
халықтарынан төмен қойған. "Хань әулетінің кітабында" нақ осылайша
айтылған. ("Батыс аймақтардың сипаттамасы").
Қаңлы халқы жартылай көшпенді, жартылай отырықшы еді, сондықтан оның
жазғы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz