Қарақалпақтармен бірге қазақ жасақтары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1-тарау. Қазақ халқының XVIII ғасырдың 20 жылдарындағы жоңғар басқыншылығына қарсы Oтан соғысы5

1. 1Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары5

1. 2 Қарақұмдағы құрылтай12

2-тарау. Жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс16

2. 1 Бұланты шайқасы16

2. 2 Аңырақай шайқасы21

Қорытынды26

Қолданылған әдебиеттер тізімі27

Кіріспе

Қазақ хандықтары XVIII ғасырдың басынан-ақ сыртқы саяси жағдайдың одан әрі шиеленісуі туғызған аса ауыр халді бастан кешірді. Тәуке хан руаралық қырқысты уақытша болса да тоқтатып, жүздерде тыныштық орнатты, сол арқылы қазақ руларының қоныстарын сырттан басып кіруден қауіпсіздендірді. Бұған деректемелердің дәлелдеуі бойынша, оның карамағында 80 мыңға жуық сарбаз болғаны едәуір дәрежеде көп көмегін тигізді. Алайда билік үшін күрес пен сұлтандардың оқшаулануға ұмтылуы көп кешікпей бірлікті бұзды, оны көршілері дереу пайдаланып қалды. Оңтүстік-батыстан Жайық казактары қолдаған Еділ қалмақтары шапқыншылық жасады; солтүстіктен сібір казактары шабуылға шықты; Жайықтың арғы бетіндегі қоныстардан башқұрттар дәмеленді. Оңтүстік жағынан қазақтарды Орта Азия хандықтарының (Бұхара, Хиуа) феодалдары ығыстырды. Бірақ ең қатерлі қауіп қазақ халқына шығыстан күші басым, басқыншы әскери-феодалдық Жоңғар хандығы тарапынан төнген еді.

Қазақ және жонғар әміршілері арасындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оның негізінде жайылым үшін бақталастық жатқан еді. Мал санының өсуіне қарай көшпелілер мал шаруашылығы өндірісі үшін қажетті аумақты ұлғайтуға мәжбүр болды.

ХVIII ғасырда Алтайдан Атырауға дейiнгi байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерiнiң жағрафиялық жағдайына қарай үш жүзге бөлiнiп өмiр сүрдi. Оның әрбiр Жүзiнiң өзi Еуропадағы әлденеше шағын елдер мен мемлекеттердi сыйдырарлық көлемдегi жерлердi жайлады. Қазiргi Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарын мекен еткен Кiшi жүз, Орталық Қазақстанға жататын облыстарда мекендеген Орта жүз, елдiң оңтүстiк және оңтүстiк-шығысын қоныс еткен Ұлы жүздiң әрқайсысының өз хандары болды. Кiшi жүзде - Әбiлхайыр, Орта жүзде - Сәмеке /Шахмұхамбет/, Ұлы жүзде - Жолбарыс, Түркiстан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке едi. Бұл хандардың ақылшысы болған, үш жүздiң басын бiрiктiрiп, даулы iстерiне билiк айтып, береке бастаушы болған Кiшi жүздегi Әлiм руынан шыққан Әйтеке бидi, Орта жүздiң биi арғын, Қаракесек руынан шыққан Қаз дауысты Қазыбек бидi, Ұлы жүздiң биі үйсiн Жаныс руынан шыққан атақты шешен Төле бидi, Үлкен Орданың сарай ақыны Бұқар жырауды бүкiл қазақ жұрты, алты алаштың адамдары жақсы бiлдi.

Үш жүздiң билеушiлерi әдетте бас қосып, оқтын-оқтын мәслихат-мәжiлiс өткiзетiн. Ондай мәжiлiстер Сайрам маңындағы тауларда, Мәртөбе жотасында өтетiн. Оларда қыстау жағдайы, қауiп-қатерден сақтану мен қауiпсiздiк мәселесi талқыланатын. Бiрақ, қазақ жерiнде бiртұтас бiр иелiкке бағынған, басқару жүйесi орталықтанған iрi мемлекеттiң жоқтығы ылғи да сезiлiп тұрды. Мұны қазақ жерiне ертеден көз алартып келе жатқан Қазақстанмен жапсарлас, жерлерi шектесiп жатқан елдердiң билеушiлерi пайдаланып қалуға тырысты. Оңтүстiк-батыстан Жайық казактарының қолдап-қолпаштауымен Едiл өзенiнiң бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кiшi жүздiң халқына тынымсыз шабуыл жасады. Қазақ жерiне солтүстiктен Сiбiр қазақтары килiктi. Орта Азиядағы Бұқара мен Хиуа хандықтары да қазақ жерiнен дәмелi болды. Оларға қазақ жасақтары табандылықпен тойтарыс берiп отырды. Осылардың бәрiнен де асып түскен, қазақ халқына мәңгi жойылып, құрып кету қаупiн төндiрген жау - жоңғарлар едi.

ХVII ғасырдың бiрiншi жартысында ойраттар мен қазақтардың арасындағы әскери қақтығыстар жиiлей түстi. Ойрат феодалдарының Шығыс Моңғолияға қарсы ойдағыдай жүргiзген соғыстары олардың күшiн нығайтты. ХVI ғасырдың аяқ шенiнде ойраттар басты-басты төрт тайпалық бiрлестiктен құралды. Олар: Тарбағатайдан Шығысқа қарай өңiрдi алып жатқан торғауыттар, Ертiстiң жоғарғы ағысын бойлай қоныстанған дербеттер, қазiргi Дихуа қаласының төңiрегiндегi хошоуыттар және Iле өзенiнiң жоғарғы жағындағы шоростар едi.

Қазақ және ойрат әмiршiлерiнiң арасында жайылымдық жерлер үшiн iрi қақтығыстар ХV ғасырдың өзiнде басталған болатын. ХVI ғасырдың аяғында ойраттардың шағын бiр бөлiгi сәтсiз шабуылдан кейiн қазақ ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 жылы қоңтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, егер ХVI ғасырдың аяғында ХVII ғасырдың басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, ХVII ғасырдың екiншi ширегiнде күштердiң ара салмағы жоңғар тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақ-жоңғар қатынастары әсiресе, Батур-қоңтайшы /1634-1654 ж. ж. / билiк құрған кезде ерекше шиеленiсе түстi. Одан кейiн болған жоңғар хандары /Сенге, Ғалдан/ Оңтүстiк Қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетiн және сауда орталықтары болған қалаларды өздерiне қаратып алуға тырысты.

1-тарау. Қазақ халқының XVIII ғасырдың 20 жылдарындағы жоңғар басқыншылығына қарсы Oтан соғысы

1. 1Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары

Жоңғар қонтайшыларын жайылымдық жерлер мен оңтүстік Қазақстанның сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Оңтүстік Қазақстан қалаларын басып алу арқылы жоңғар феодалдарына сауда-қолөнер орталықтарын ғана емес, сонымен қатар Қазақстанды Ресеймен және Шығыс елдерімен байланыстырып жатқан керуен жолдары өтетін аумақты да иелену мүмкіншілігі ашылды.

Қазақ және жоңғар хандықтары арасындағы күрес барған сайын кескілескен және қан төгісті сипат ала берді.

Жоңғар экономикасының негізі орасан зор жайылымдық жер аумағында бытырап жатқан көшпелі мал шаруашылығы болатын. Халық саны бір миллионға жуық, сондай-ақ 0, 5 миллион басқа халықтардың өкілдерінен құралды. Әкімшілік және шаруашылық бөлінісі ұлыс болды. Ол отоктардан, жастар мен ангалардан тұрды. Оток, сонымен қатар әскери құрылым (хошун) болып та саналды. Жоңғарлардың әскери ұйымы қазақ жасақтарынын әскери ұйымының құрылымына ұқсас болды. XVIII ғасырдын басына қарай жоңғарлардың негізгі қауымдары: торғауыттар мен дербенттер Тарбағатай, Монғол Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысы жағындағы қолайлы жайылымдарды алып жатты. Бұл жерде олар Коряков форпосына дейін қоныстанды. Қара Ертіс пен оның салалары бойында, сондай-ақ Қобда өзенінің алқабында хойттар тұрды. Чоростар Іле өзенінің жоғарғы және орта ағысы мен оның салалары алқабын мекендеді. Чоростардың шығыс жағында, Жоңғар Алатауының беткейлерінде хошоуттар көшіп жүрді.

Жонғар хандығынын әлеуметтік-таптық құрылымы қатаң иерархиялық сипатта болды. Қоғамның саяси құрылымы рулық бөлініске сәйкес келді. Жоңғар қоғамының үстемдік етуші сословиесі хандар мен тайшылар еді. Руларды немесе әр түрлі қауымдық бөлімшелерді басқарған жайсаңдар да елеулі рөл атқарды. Жоңғар хандығының құрылымы мен саяси өміріне ламалық дінбасылары ерекше ықпал етті. Ламалық діннің орталығы Лхаса болатын. Діні жағынан жоңғарлар қазақ қауымдарына карама-қарсы тұрғыда болды. Ұзаққа созылған соғыстар кезеңі ішінде жонғар жайсаңдары ұрыс қимылдарын жүргізудің өзіндік тактикасын жасап алды. Олар ұрысты ашық жерде, дала бетінде жүргізуді артық көрді. Бұл орайда олар сан басымдығын пайдаланды. Олардың өздері құс саңырығы мен күкірттен оқ-дәрі өндіріп, қылышты, сауытты, кіреукені, дулығаны және басқаларын өздері дайындайтын.

Жоңғар хандығына қарсы күрес Цин үкіметінің де ең басты міндеті болды, өйткені жоңғарлар Қазақ хандығымен ғана емес, Циндік Қытаймен де соғысты. Қытай билеушілері жоңғарлармен қарулы қақтығысты дипломатиялық әрекеттермен де ұштастырып отырды. Ал жоңғар қонтайшылары мен тайшылары Ертістің оң жағалауы үшін патша үкіметіне қарсы соғысуға дәрмені жетпеді.

Жоңғар хаңдығының XVII ғасырдың 90 жылдардағы Цин империясына қарсы соғысы жоңғарларға біраз құрбандықтар жасауға әкеп соқтырды. Бұл аумактық мәселелерге, адам ресурстарына, Галдан-Бошокту ханның қаза табуына байланысты еді. Оның орнына көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат және қолбасшы Цеван Рабтан келді (1697-1727), қазақ халқының ауыр қысым көріп, қасірет шегуі соның есімімен байланысты. Ол жиырма жыл бойы Маньчжур әулетінің билеушілерімен, Циндік Қытаймен қақтығыстардан сәтін тауып жалтара білді және де ол Жоңғар хандығын тез арада нығайтып алып, өзінің күш-жігерін қазақ қоныстарын, Тянь-Шань қырғыздарының жерін, Шығыс Түркістанды, Саян-Алтай және Барабин даласын қоныстанған халықтарды жаулап алуға бағыттады.

Сонымен, ұлы империя қысым көрсеткен Жоңғария өзінің басқыншылдық ниетін Қазақстанға бұрды. Жоңғар феодалдары қазақтарға үсті-үстіне шапқыншылық жасап, тұтқындар мен малдарын айдап әкетті, жайылымдары мен мүлкін тартып алып, кейде тұтас рулар мен ауылдарды қырып-жойды. Үздіксіз жасалған сыртқы қақтығыстар мен ішкі алауыздықтар бытыратып, әлсіреткен қазақ халқы бұл кезеңде асқан зор қайғы-қасіретті бастан кешірді. XVIII ғасырдың басындағы қазақтардың жағдайын Ш. Уәлиханов міне былайша суреттеген: «XVIII ғасырдың алғашқы онжылдығы қырғыз (қазақ - Ред. ) халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Олардың ұлыстарын жоңғарлар, еділ қалмақтары, жайық казактары және башқұрттар әр жақтан талқандады, малын айдап әкетіп, тұтас әулеттерді тұтқын етіп алып кетті».

Сөйтіп тағы да, қазақ қоныстары жоңғарлар тарапынан кезекті шапқыншылыққа ұшырады. Бұл оқиға 1698 жылы болған еді. Қазақ хандығына басып кірудің себебі жөнінде Цеван Рабтан Цин императоры Кансиге былай деп жазған: «Мен Хасак (Қазақ) ордасына соғысты өз еркіммен емес, тұйыққа тірелген амалсыздықтан бастадым. Бұл соғыстың өрістеуіне мынадай себеп бар: соның, алдында Тәуке деп аталатын қазақ ханының баласын Галдан тұтқынға алған, одан Далай ламаға сыйлық жіберілген екен». Сол кезде Тәуке баласын қайтару туралы Цеван Рабтанға өтініш жасап, «ол, Тәуке, менімен одақ жасасып, тату тұруға» уәде берді. Тәуке ханның баласы Лхасадан қайтарылып, 500 жоңғар жауынгерін ертіп әкесіне жіберілді. Алайда белгісіз себептермен жоңғар жасағын қазақтар қырып тастады. Жоңғарлар өздерінің Есіл мен Жем бойындағы қоныстарынан Еділге өз жасақтарын үнемі жіберіп жатты. Қазақтар өз аумақтарында жоңғарлардың үнемі жүріп-тұруына мүмкіндігінше кедергі жасауға тырысты. Жоңғар қонтайшылары Еділдің төменгі ағысындағы Қалмақ хандығымен мемлекеттік, туыстық және діни тығыз байланыс жасап отырды. Бұл екі хандықты бір мемлекетке біріктіру жоспары ойластырыла бастады. Бұл жағдайда Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен дербестігіне қатер төнетін еді.

XVII ғасырдың 80 жылдарынан бастап жоңғар тайшылары Жетісудағы, ішінара Шу және Талас өзендері бойындағы қазақ қоныстарын қолында ұстап келді. Алайда бұл уақытша билік саяси ықпалдың шектеулілігінен ғана көрінді. Жоңғарлар Жетісу қазақтарына нақты билік етуге қол жеткізе алмады.

Жоңғарлардың Жетісуға ғана емес сонымен қатар Шу және Талас өзендерінің алқабына жасаған кезекті жорығына 1699 жылы қазақтар тойтарыс берді. Қазақ руларының қарсылық көрсеткеніне қарамастан, жоңғарлар он мыңға жуық тұтқын алудың сәтін түсірді. Қазақтар өз күштерін еселей түсті. Мұның алғышарттарының бірі Тәуке ханның мықты билігі болды. Қазақтардың жекелеген жасақтары солтүстікке жорық жасады. Қарақалпақтармен бірге қазақ жасақтары Түмен округіндегі Тархан бекінісін шапты. Келесі жылы Ертіс бойындағы Царево қалашығы мен Утятск бекінісіне шабуыл жасады. Қазақтар табысқа жетті. Ол былай тұрсын, Галдан Бошоктудың билігі әлсіреді: Қытай императоры Канси Тул өзенінде жоңғар әскерін талқандап, 10 000-ға жуық адамын тұтқынға түсірді. Бұл қазақ жасақтарының неғұрлым сенімді қимыл жасауына мүмкіндік берді.

Жоңғарлармен жекелеген қақтығыстарға жауап ретінде 1702-1703 жылдарда қазақ жасақтары сонымен бірге Жоңғарияға және еділ қалмақтарына шабуыл ұйымдастырды. Еділ қалмақтары арасында өзара қырқыс туып, олардың едәуір бөлігі (60 мыңдай) Алтайға кетіп калды. Қазақтар да оларды Батыс Қазақстан даласында сол кезеңде жеңіліс таптырды. Қазақ жасақтары негізгі соққыны Ертістің жоғарғы ағысында жасады. Олар жоңғарларды ығыстырды, бұған Тянь-Шянь қырғыздары да көмектесті. Жоңғар қонтайшысы өз ордасын Іле өзені ауданынан Обь-Ертіс өзендерінің аралығына көшіру туралы жоспар жасады. Қазақ әскерлері осындай нақты қауіп төндірген еді. Осындай жағдайда жоңғар жайсандары мен минусин қырғыздарының кінәздері жалпы саны 3 мың шаруашылықтан астам бірнеше мың минусин қырғыздарын Ертістің жоғарғы ағысына айдап алып кетті. " 1702-03 жылдарда қазақтар Ертістің жоғарғы жағында ойдағыдай әскери қимылдар жүргізді.

Енисей қырғыздарының Тянь-Шаньға қоныстану үрдісі XIII-XIV ғасырларда ғана болып қойған жоқ, ол XVII-XVIII ғасырдың басында да жалғасты. Олардың көбісі қазақ қауымдарына қосылды. Олар жаңа жерлерге қоныстанып, сіңісіп кетті. Емел өзені, Ертістің жоғарғы ағысы аудандарында, Талас өзені бойында солай болды. Ол былай тұрсын, орыс деректемелерінде «Қазақ ордасы» атауының орнына «қырғыз-қайсақ ордасы» деген атау пайда болды. Бұл терминология XVIII ғасырдың басынан бастап орнықты.

1708 жылы қазақтар жоңғарлардың жаңадан басып кіруіне тойтарыс бере бастады. 1708-1712 жылдардағы ұзаққа созылған соғыста екі жақ та уақытша табысқа жетіп жүрді. Ол соғыс үзілістермен, ерекше оқиғаларсыз болса да, қазақ батырлары, билері, рубасылары үшін тағы бір сынақ болды. Соғыстың бірінші жылында қазақтар жоңғарларға қарсы өзінің 30 мың сарбаздан тұратын әскерін қарсы қоя білді. Жағдай оқиғаларды ой елегінен өткізіп, жаңа шешімдер қабылдауды талап етті. Ортаазиялық шежіреші Мір Мұхаммед Бұхари былай деп жазды: «Дінсіз зұлым қалмақтар құмырсқа мен шегірткедей қаптап, аттұяғымен тып-типыл етіп, бірінші кезекте қазақ халқының тайпалары мен ұлыстарын шапты, талап-тонап, қашуға мәжбүр етті, қазақ халқының тайпалары мен руларының көп бөлігін дінсіз билеушілер . . . тұтқынға алды, дінсіз қалмақтардың сансыз көп әскерінен үрейленген қазақтар және қарақалпақ тайпасы өздерінің ежелгі жұртын тастап кетіп қалды».

1723 жылға қарай қазақ-жоңғар қатынастарындағы жағдай күрт өзгерді: Қытай императоры Канси өліп, жоңғар-Қытай шарты жасалды, Ертіс бекініс шебінің құрылуына байланысты Ресей үкіметі қандай да болсын нақты талаптар коймады. Оқиғалардың күтілмеген бетбұрысын жоңғар қонтайшылары мен тайшылары қазақ жеріне шабуыл жасау үшін пайдаланбақшы болып ұйғарды. Қазақ хандықтарының бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мықтап дайындалып алған жонғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан шегіне аттандырды.

XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі жоңғар басқыншылығына қарсы күрес қазақ мемлекеттілігін сақтап қалу жөніндегі маңызды саяси шешімдерге ықпал жасаған негізгі факторға ғана емес, қазақ халқының өмір сүруінің өзі туралы мәселе туған кезде өмірлік қажетті факторға айналды өткен замандағы аса көрнекті тарихнамашы Шәкерім Құдайбердиев жоңғарлар басқыншылығы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңінде бүкіл халықтың үштен екісі қырылды деп көрсетеді. Жоңғарлардың 1723 жылғы шапқыншылығы елеулі оқиға болып қана қойған жоқ, ол қазақ халқы өмірінің барлық салаларына және бірінші кезекте саяси ахуалына қатысты болды. Жоңғарлардың бұл теңдесі жоқ әрекетке өздерінің әрбір қадамын әр түрлі жеті бағыт бойынша күтпеген жерден берілетін және қуатты соққының барлық салдарын өлшестіре отырып, мұқият дайындағанын мойындау керек. 1723 жылғы шапқыншылыққа дайындалу барысында жоңғар ханы Цеван Рабтанның елеулі рөл атқарғаны да көрінді.

Қазақтардың көптеген рулары мен қауымдары көшпелі шаруашылық үшін өмірлік маңызы бар жұмыстар басталған сол бір ерте көктем кезінде жоңғарлардың күтпеген жерден жасаған шабуылына қарсы әзір емес еді. Қазақтардың ауызданауызға тарап келген аңыздарында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады.

Жоңғарлар ірі-ірі жеті сына сияқты қозғалып, 70 мың адамнан тұратын әскермен шабуыл жасады. Мәселен, Цеван-Рабтанның баласы Галдан-Церен 10 мың әскермен Балқашқа және одан әрі Қаратауға қарай аттанды. Қонтайшының інісі Құлан-Батур Алтайға және Көктал өзенінің бойына беттеді. Қонтайшының немересі Әмірсананың жасағы Нұра өзені алабына бағыт алды. Галдан Цереннің баласы Цеван-Доржы Шелек өзенінің аңғарына аттанды. Галдан Цереннің екінші баласы Лама Доржы Ыстық көлге бағыт ұстады. Нойон Дода Доржым Шу өзеніне қарай ұмтылды. Цеван Рабтанның өзі Іледен өтіп, Жетісудың оңтүстігіне қарай жылжыды. Басып кіруге жалпы басшылықты Цеван Рабтанның ағасы Шона Доба жүзеге асырды. Олар өз жолындағыны жыланша жалап, қынадай қырды. Қыс жұтынан әбден қажыған қазақ қауымдары күшті қарсылық көрсете алмады. Шу аңғарынан жалайырлар қуып шығарылды. Олар көп шығынға ұшырап, Ұлытау мен Көкшетау жаққа кетуге мәжбүр болды. Талас өзенінен Арыс өзенінің орта ағысына дейін қоныстанып жатқан наймандардың садыр руы түгелге дерлік қырғынға ұшыратылды, тірі қалғандары босып кетті. Қожаберген жыраудың дастанындағы мәліметтерге қарағанда, наймандар Алтайдан кеткен.

Қаратауда, Арыс өзені алабында да ойран салынды. Қапы қалған қазақтар малын, үйін, мүлкін тастап кетуге мәжбүр болды. Жоңғар феодалдары көп халықты қырып салды, көптеген адамдар Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық өзендерінен, Сырдариядан өту кезінде қаза тапты. Қазақ рулары Сырдарияға қарай қашып, оның арғы бетінде ғана өздерін қауіпсіз сезіне аламыз деп санады.

Жоңғарлар өздерінің жолында ауылдарды талап-тонап, қазақ қауымдарын бытыратып жіберді, малын тартып алып, қалаларын басып алды. Бұл жөнінде Ресей капитаны И. Унковский «Қонтайшының баласы Шона Добаның Қазақ ордасына аттандырылғаны, ұрыс барысында ол қазақтардың үш қалашығын алғаны және қазақтардың 1000 отбасын әкеле жатқаны, олардың көп кешікпей күтіліп отырғаны жөнінде хабар бар екенін» хатқа түсіреді. Ал берілген қалалар: Ташкент, Сайрам, Харамурт (Қарамұрт. -Ред. ) .

XVIII ғасырдың 20 жылдарына қарай жоңғарлар қазақ жерінің орасан көп бөлігін басып алды. Жоңғарлар мен қазақтар иеліктерінің арасындағы шамамен алғандағы шекара Ұлытау, Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендері арасындағы өңір болды.

Үмбетей жырау өз толғауларында жоңғарлардың Баянауыл, Қызылтау, Абралы, Шыңғыстаулары мен Қара Ертіс бойындағы Мамырықты және Алатауды қалай жаулап алғанын суреттеген.

А. И. Левшиннің атап өткеніндей, «отарлар мен табындар күн санап кеми берді, айырбас сауда тоқтап қалды, жұрт жаппай қайыршылық пен қайғы-қасіретке ұшырады, Қабанбай батыр кейбіреулер аштан өліп, басқа біреулері әйелдері мен балаларын тастап кетті . . . Егер оңтүстікке кетпесе, үш жақтан қысым көріп, қудаланған оларды мүлде қырып жіберу мүмкін еді».

Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтары Сырдариядан өтіп, Ходжентке көшіп, Орта жүз руларының көпшілігі Самарқанға кетті, ал Кіші жүз Хиуа мен Бұхара шегіне көшіп барды.

Ақтабан шұбырынды жылдары Отан алдындағы өз жауапкершілік шамасын түсінген халық еркін жасытпады. Табан тірескен және ұзаққа созылған шайқастар жүріп жатты. Ташкент қаласының қазақ жасағы бастаған 300 мыңдай тұрғындары үш айға жуық қаһармандықпен қорғанды. Ташкенттің ізінше Сайрам мен Түркістан да құлады. Бүкіл халықтық қарсыласуды ұйымдастырушылар Бөгенбай, Қабанбай, Саңырық, Жәнібек, Малайсары, Елшібек және басқалар халықты туған жерін қорғауға көтерді. Жоңғар әскерлері қазақ халқының табанды қарсыласуымен санасуға мәжбүр болды. Жау таулы жерлерде, алыстағы далалық аудандарда, қалаларда тойтарыс алды.

Жеңілістің жалпы жағдайын А. И. Левшин былайша сипаттайды: «Бұл көшу сөзсіз күйзелу мен қырылуға әкеп соқты. Мал мен табын күн санап азая берді, айырбас сауда тоқтап қалды, қайыршылық пен қасірет қайғы жалпы жұртты жайлап алды: біреулер аштан өлді, басқа біреулері бала-шағасын тастап қашты. Ақырында, босқындар тоқтады, бірақ қай жерге дейсіз ғой? - көшпелі халық үшін аса қолайсыз құлазыған қу медиенге ат басын тіреді».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ХVІІІғасырдағы саяси жағдайы
Жоңғар мемлекетінің тарих сахнасына шығуы
XVIII ғасырдағы Орта Азия халықтарының шетелдiк басқыншыларға қарсы бiрiккен күресi. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама жылдары
Жоңғар Шапқыншылығы
1723 ж. Қазақ даласындағы тойтарыс
18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Жоңғар-қазақ соғыстары
Жоңғар хандығы
ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz