Парыз - ұлттың іргетасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Аты мен хаты бүкіл дүние жүзіне аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны
Бауыржан Момышұлының дүниеден өткеніне де біраз жыл болып барады. Қырықтың
қырқасына шығуға жақындаған кезде жазған бір өлеңінде ол:
Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, -
Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде, -
деп толғаныпты. "Салмақтайтын саналы ер табылса, Атаусыз неге қалсын
менің атым!" деген сенімді оймен түйінделетін шумақтары да бар. Осының бәрі
расқа айналып отыр. Тарихтың түкпірінен сөз келгенде, Абай мен Ахмет,
Мұхтар мен Қаныш секілді алыптар қатарында Бауыржанның аты аталуы тиіс.
Батыр ретіңде де, ақын-жазушы, әскери қолбасшы һәм шешен де көсем дана
ретінде де. Ой-толғаныстарының орасан жаңашылдығымен ол да ұлттық құбылысқа
айналып кеткен Ренессанстық тұлға еді десек, ақиқатты айтқан боламыз.
Себебі, Бауыржан Момышұлы қазақ рухының ұзақ-ұзақ теперіштерден кейін қанды
майдан даласында қайта тепсініп көрінген сесті де адуын сілкініс-бұлқынысы
іспетті. Қара қыпшақ Қобыландыларының ел қорғаған ерлік хикаялары атадан
балаға мирас боп қалған халық XX ғасыр ерлерін туғызбай тұра алмаушы еді.
Ал ол 1910 жылы 24 желтоқсанда қазіргі Жамбыл облысына қарасты Жуалы
ауданы Көлбастау ауылындағы Мыңбұлақ шатқалында дүниеге келіпті. Әуелінде
ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды. Сосын Бурное станциясындағы
Евгеньевка селолық орыс мектебінен бастауыш білім алып шығады. Бұдан әрі
Аса кентіндегі, Шымкент қаласындағы интернаттарда тәрбиеленіп, 1928 жылы
жетіжылдықты бітіреді. Одан кейін ауылда екі жыл мұғалім, үш жылдай
аудандық атқару комитетінің хатшысы, аудандық милиция бастығы болған.
Адалын айтсам, мен оның ғажайып оқиғаларға толы ерлік өмірбаяны мен
азаматтық келбетін сомдау мақсатын алдыма қойып отырған жоқпын. Оған шама-
шарқым жетпес те еді. Бірақ ол туралы замандастарының жазғандары мен өзінің
шығармаларындағы ой-толғаныстары Батырдың тұлғасын өр қырынан түсінуге
мүмкіндік береді деп білемін. Бұл кісінің бойында қазақтың әйгілі үш биінің
даналығы бас қосқандай сезіліп тұратын. Сірә, өмір тәжірибесінен алған
дәрістерінің молдығы ма екен, бұрынғының сұңғыла би-шешендеріндей терең
философиялық ойлар толғап кеткенде, соншама энциклопедиялық ұланғайыр
білімі кім-кімді де еріксіз баурап әкететін. Оның қандай адамгершіл өмірлік
принциптерді идеал тұтқанын: "Намысты нанға сатпа", "Тексізден тезек артық,
Арсыздан айуан артық", "Ар өмірден қымбат, масқаралық пен абыройсыздық
өлімнен жаман", "Адамның адамгершілігіне мақтаныш сезімі тірек болады",
"Именіп жүріп көрген игіліктен қарсыласып жүріп көрген бейнет артық",
"Арпалысып жүріп алған абырой — өмірдің ең шырын рақаты", "Өмір үшін
өлгенше күрес", "Ел үшін аянба — ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба ~
жігіттігіңе сын", "Өтіріктің балын жұтып тірі жүргенше, Шындықтың уын ішіп
өлген артық" ... деген төлтума даналық пікір-пайымдарынан парықтауға
болады. Батыр әсіресе парыз сезімі туралы көбірек көкейкесті сыр шертіп
кетер еді. Өйткені ол парыз сезімін жеке бастың, Ұлттың, Отанның мақтанышы
деп ұғатын-ды. "Мен, — дейтін Баукең, — өмір бойы парыз сезіміне бой
алдырып, жалғыз соған ғана бағынып келдім. Халық менен парызымды өтеуді
талап етпесе де, мен тек қана өз халқыма берешек екенмін. Мойнымда
өтелмеген парызым баршылық болып шықты. Бұл парызсыз мен өзімді адаммын деп
айта алмас едім... Парыздан күшті күш жоқ. Парыздан берік қалқан жоқ.
Парыздан нәзік сезім жоқ. Парыздан қатал сот жоқ. Парыздан ыстық құштарлық
жоқ. Парыздан қасиетті әулие жоқ. Парыздан дана даналар жоқ. Парыздан шебер
жасампаз жоқ. Парыздан қорқынышты жаза жоқ. Парыздан жомарт марапат жоқ.
Парыздан жарқын жарық жоқ. Парыздан басқа тура жол жоқ. Парыздан өткір тіл
жоқ. Парыздан жүйрік тұлпар жоқ. Парыздан парасатты пайғамбар жоқ. Парыздан
кіршіксіз тазалық жоқ. Парыздан биік шың жоқ. Парыз - жан рухы, жүректің
жүрегі. Парыз - арман мен даңқ асқары. Парыз - кішіпейілділік негізі. Парыз
- махаббат іңкәрі. Парыз — адал берілгендік тамыры. Парыз — айнымастық
өзегі. Парыз - бағыныштылық тірегі. Парыз - қаһармандық баспалдағы. Парыз -
ержүректік рухы. Парыз — қаһармандық жүрегі. Парыз - сужүректік найзағайы.
Парыз — ұлттың іргетасы. Парыз - намыс күзетшісі. Парыз қанатсызды
қанаттандырады. Парыз өшкенді жандырады. Парыз өлгенді тірілтеді. Парыз тек
өмірге төн".
Парыз арман мен даңқтың асқар шыңы болып табылатыны мені абыржытып
тастағандай еді. Батыр күйінішті кейіпте әңгімесін әрі қарай сабақтады:
"Парызсыз даңқ тұл. Ондай бишара даңқ атаққұмар даңғойлар үшін тәтті. Ал ар-
намыс адамы үшін ол әрқашан ауыр да азапқа толы".
Ол өз өмірінің әр сағаты нәтижесін күнде қорытындылап отыруға
құштартұғын. Оның осы тұрғыдағы көзқарасы данышпан Абайдың: "Егер де есті
кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында
бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзіңнен есеп ал. Сол өзіңнен есеп
алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге... не дүниеге жарамды
күніңді өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің? Жоқ, болмаса, не қылып
өткізгенінді өзің де білмей қалыппысың?" — деген даналығымен үндесіп,
үйлесіп жататын.
М. Момышұлы 1931 жылы Шымкент қаласында банк қызметкері боп істегенін
көп адам біле бермейді. 1932 жылы әскер қатарына алынады да, сонда жүргенде
кіші командирлер курсын тәмәмдап, елге оралған соң, аға экономист ретінде
банк қызметін атқарған ғой. Ленинград Қаржы Академиясы жанындағы бір жылдық
курсты үздік бітірген ол 1936 жылдың наурзына дейін банктің экономист-
консультанты болып істейді.
Жә, ол өмірде бәрін шотқа қағып отыратын есепшіл кісі емес-ті; оның
өзіндік рухани есеп-қисабы болды. Ол өз халқын шексіз сүйді, халық үлы
болды, Отанын туған үйім, Армияны өз отбасым деп атайтын. Отбасында кішінің
үлкенді ізеттеуін талап етті, өзара қамқор көңіл үстемдігін аңсады.
Әскердегі тұрақты қалыптан ауытқу нышандарын алдымен сезінгендердің бірі
еді, әйтпесе, былай деп өкінішті сыр шертпеген болар еді: "1932 ж. қарашада
мені армия қатарына шақырды, мен солдат болдым. Солдат әскердегі ең төменгі
дәрежеде екенін әркім біледі. Ол кезде бізді "қызыләскер жолдас түгенше"
деп атайтын. Мен "жолдас қызыләскер" болып жүргенімде командалық құрам
арасынан солдаттың жер-жебіріне жететін бірде-бір есерсоқты да, дөрекіні де
кездестірген емеспін".
1936 жылы наурызда Бауыржан Момышұлын Қазақ Республикасының Әскери
Комиссариаты шақырып, шұғыл Ташкентке жөнелтеді де, мұнда ол жаңадан
жасақталған полктың взводын басқаруға бұйрық алады. Осы қызметте бес жылын
өткізген Баукең 1940 жылы аға лейтенант шенінде әскери қызметін одан әрі
жалғастыруға Украинаның Житомир қаласына келіп, 406-полк штабы бастығының
бірінші орынбасарлығына тағайындалады. Сосын тағы да Қазақ Әскери
Комиссариатына оралып, 1941 ж. қаңтарда аға нүсқаушы міндетін атқаруға
кіріседі.
Ал Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап-ақ, генерал-майор Иван
Васильевич Панфиловтың шақыруымен 316-ат-қыштар двизиясын жасақгауға
белсене қатысады, батальон басқарады. Ол нақ осы дивизиямен бірге Москва
түбіндегі шайқастарда көзге түсіп, ерлігі елге кең тарағаны мәлім. Бес рет
жау қоршауында қалып, неміс-фашист басқыншыларына қарсы табан тірескен ұрыс
жүргізе отырып, дұшпан шебін аман-есен бұзып шыққан бұл ержүрек батальонды
генерал Панфилов ендігі жерде дивиязия командирінің резерві етіп ұстауға
үйғарады. Аты аңызға айналған генерал Панфилов ерлікпен қаза тапқан соң,
316-ат-қыштар дивизиясы Совет Одағының Батыры генерал-майор И. В. Панфилов
атындағы 8-гвардиялық дивизия атағын алады. Туған дивизиясында Баукең 1973-
полісгы басқарады. 1944 ж. қазанда К. Е. Ворошилов атындағы Жоғары әскери
Академияның жанындағы Білім жетілдіру курсын полковник дәрежесінде бітірген
ол майданға оралып, Курляндияда ұрыс жүргізіп жатқан 9-гвар-диялық
дивизияның командованиесін қабылдап алады.
Соғыс біткесін гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы К. Е. Ворошилов
атындағы 1-дәрежелі Суворов орденді Жоғары әскери Академияның толық курсын
үздік бітіреді.
Совет Армиясы қатарында қала отырып, ол қазіргі Тверь, бұрынғы Калинин
қаласындағы әскери Академияда профессор дәрежесінде тактикадан сабақ берді.
Сірә, Баукең сол жылдары жаңа-жаңа білініп келе жатқан қауіпті бейруханилық
нышандар түбінде неге әкеліп соқтыратынын бүкіл жан-тәнімен алдын ала сезсе
керек. Армия мен мемлекетті байланыстырып тұрған саяси жүйенің сыр бере
бастауы қолбасшыны қобалжытқаны сөзсіз. Сол жылдары жоғары командование
атына айтылған сын үшін әділетсіз қуғын-сүргінге үшырау әдетке айнала
бастаған-ды. Генералитеттің бір бөлегі тарапынан жасалған қысым-қыспақ
нәтижесі оның Краснояр өлкесіндегі дивизия командирінің орынбасары болып
тағайындалуынан тайға таңба басқандай көрінеді.
Үнемі қаңқу-саңку, өсек-аяң, жолсыз жазғыру төзгісіз жағдайға
ұрындырганы соншалық, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының қайсыбір
офицерлердің, генералдар мен маршалдардың дәрменсіздігі туралы, Армиядағы
кемшіліктер туралы және әскери шовинизм хақында өз пікірін көпшілік алдында
ашық та батыл айтуға, ал бұл әрекеті 1956 жылы оның "денсаулық жағдайына
байланысты" деген желеумен запасқа кетуіне мәжбүр етті.
Әжептәуір ержетіп қалған кезімде Д. А. Қонаевтың Бауыржан Момышұлымен
бір кездесуі туралы әңгімесін естіп едім. Димаш Ахметұлы айтты: "Бірде біз
бір мәжілістен шыққанбыз. Дәлізде келе жатсақ, алдымыздан адымдай басқан
Бауыржан қарсы жолықты. Ол қолын көтеріп, бізді тоқтатты да, саусағымен
генерал Лященконы түртіп көрсетіп тұрып: "Димаш, мынаумен Бас штабтың
Жоғары әскери Академиясында мен бірге оқып едім.
Бұл ілініп-салынып үшке оқитын да, мен оқу үздігі болатынмын. Ол
генерал-полковник, ал мен — полковникпін. Баяндама бітті. Здрам-желаем!" —
деді де, Бауыржан тұсымыздан өтіп жүре берді. Бәріміз ыңғайсызданып
қалдық".
Қатысып отырғандардың біреуі:
— Бауыржан ағаның бұл қылығын Сіз қалай түсіндіңіз? — деп сұрады.
Димаш Ахметұлы былай жауап қайырды: "Мен, сірә, оны дұрыс түсіндім ғой
деймін. Өз әрекетімен батыр өте бір дертті мәселе жөнінде — әскери шовинизм
жөнінде еске салды. Мен ол Лященконың қара басын кемсіткісі келген жоқ еді,
өйткені тұтас бір құбылыс хақында айтты ғой деп ойлаймын. Қысқасы, ол "Егер
мен Момышұлы болмай, Момышуленко болсам, мен де генерал болған болар едім"
дегенді барынша айқын айтқан сыңайлы". Әйтсе де, мәселе оның жеке өкпе-
назында емес-ті; қабілет-қарымы мен сіңірген еңбегі қандайлығына
қарамастан, шен мен марапат дегенде тәуелді халықтардың өкілдерін қалай
айналып өте шығатынын ол талай жерде көрді ғой.
Мүмкін, армия мен мемлекеттегі іріп-шірулер өзі жоғары бағалап, жақсы
сыйлайтын маршал Г. К. Жуков кітабының беташар тұсына: "Естелік бар екен,
бірақ ойтолғаныс жоқ", — деп жазуға оны мәжбүр еткен шығар.
Кадрларды ойсыздықпен олай-бұлай аударыстырып-төңкерістіру саясаты тек
әскер арасында емес, мемлекеттік басқару жүйесін жегі құрттай тұтас жайлап
алған-ды. Әсіресе одақтас ұлттық республикада "Мәскеудің орысын" отырғызып
қою әдетке айналған. Мәселен, Қазақстанға ОК-нің екінші хатшылығына Месяц
деген кісі келіп жатқан. Театр үйінде өткен бір салтанатты жиналыста
Қазақстан КП Орталық Комитетінің мәдениет бөлімі меңгерушісі М.И. Есенәлиев
Баукеңе жаңа функционерді таныстырды:
— Месяц, — деді ол.
— Қалай, неге "Луна" емес? — деп сұрады Батыр. Ыңғайсыздықтың ығытын
табуға тырысады ғой. Баукең сол жолы қабағы қатулы болса керек. Әлгі
қылығының кілтипанын үйге келгесін ұқтырыпты: "Екінші хатшылардың бәрі де
уақытша жіберілген жолбикелер; қазақ халқы үшін, біздің жеріміз үшін
олардың жаны ауырмайды. "Луна" — жердің мәңгілік серігі, ал "месяц" — ол ең
болмаса бір жыл да емес, бар-жоғы үш он күн ғана!..."
Ол солдат туралы жазғанда, сол кездегі елдің қарапайым азаматтарын көз
алдына ұстай отырып толғанған сияқты: "Солдат болу, әскери адам болу оңай
емес. Себебі, біріншіден, қызмет бойынша солдаттың ешқандай демократиялық
құқығы жоқ, иә, мен мұны "қызмет бойынша" деп отырмын, әлбетте, сайлау
жүйесінде еместігі түсінікті ғой. Қатарда тұрғанда қимыл еркіндігі, жеке
өмір, өзін билеп-төстеу құқығы болмайды.
... Адам қара жердің қойнына кіргенше қоғамдық тәрбиені қажет етеді.
Ересекке тәрбие керегі жоқ деп есептейтіндер қателеседі. Солдат — ересек
адам, бірақ қоғамдық жағдайы оны төменгі дәрежеге қояды, ал армиядағы бұл
ахуал ол турасында балғын бозбаладан бетер қамқор қарым-қатынас пен аялы
көзқарасты талап етеді. Солдат жаны — қатып қалған тас емес, ол да ет пен
сүйектен жаратылған адам, сондықтан адамзатқа тән нәрсенің бәрі оған тән.
Мен майдандағы қазақ-жауынгерлердің ана тілі, туған әдебиет, ұлттық музыка
арсеналынан ең қарапайым рухани азық түрлерін ала алмай отырғанын қылмыс
деп есептеймін... Ұлттық мақтаныш дегеніміз не? Ұлттық мақтаныш — жеке адам
мен ұлт үшін бұзылмас заң әрі қасиетті сезім. Кімде-кім өз ұлтын
құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса, ол адам — сөзсіз арамза, қаңғыбас.
Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі
мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе
білуге тиіс... Екі түрлі ұғым бар: ұлттық рух — бұл тамаша қасиет,
ұлтшылдық — бұл ұлттың ішіндегі жеке адам бойындағы кесел. Осы мәселелердің
сыр-сипатын ашып алған абзал. Кейбіреулер ұлттық рух пен ұлттық
патриотизмді ұлтшылдықпен оп-оңай шатастырып жүр. Ұлттық рух пен
ұлтшылдықтың айырмашылығын ажыратып көре білмек керек. Ұлттық рухқа тамаша
қасиеттер тән, өз ұлтын тану тән, сондықтан біз бұл әдемі сипаттарды дамыта
беруіміз керек. Ұлттық рух бойына сіңген адам Отан алдындағы, өз жұрты мен
бауырлас халықтар алдындағы борыш-парызын терең де биік деңгейде түсінеді".
1986 жылы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы күндерінде де және одан кейін
де қазақ жастары Батырдың осы сөздерін көбірек еске алды деп ойлаймын. Егер
сол уақытта көзі тірі болғанда, ақиқаттың айбалтасымен өтіріктің тамырын
қиюдан танбаған жөне: "Шындық бізді біріктірді, шындық бізге ақ жол ашты,
шындық біз үшін құдіретті күш... Ұрыс даласында шындық үшін шайқасып, сол
үшін өмір сүрдік жөне жан қидық", — деп ағынан жарылған аруақты ер "Қазақ
ұлтшылдығы" деп тұтас бір халыққа жабылған жалаға күндей күркіреп қарсы
тұрары анық еді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, ол кісі
бәріне шыдаса да, жалғандық пен әділетсіздікке төзбейтін-ді.
Жазушы Әзілхан Нұршайықов Баукең жайлы "Ақиқат пен аңыз" кітабын
жазды. Менің ойымша, ақиқатты аңыздан бөліп қарауға болмайды, өйткені
аңызда ақиқат жатады.
Совет Одағының Батыры, генерал Петр Вершигораның: "Бізге Бауыржан
Момышұлының соғыстағы ерліктері белгілі. Жазушы болып, ол екінші ерлік
жасады. Екі ерлігі де, менің түсінігімше, бір-бірінен кем соқпайды", —
деген пікір-пайымын көптеген адамдар ұмытқан жоқ. Мен гвардия полковнигі
Бауыржан Момышұлы соғыс кезінде, Алматыға демалысқа келгенде, 1944 жылдың
қаңтарында тағы бір азаматтық ерлік жасады деп ойлаймын. Республика
қаламгерлерімен һәм ғалымдармен болған кездесуде ол қазақ халқының әскери
тарихы бұлақ-бастауын бұған дейінгі соғыстардан бұрынғы оқиғалардан ала
отырып, осы Отан соғысынан басталуы тиістігін айта келіп, былай деген екен:
"Қазақ халқы нақ осы соғыс тұсында бүкіл әлемді өзін халық ретінде тануға
мәжбүр етті. Қым-қуыт шайқастарда ол шынығып, шыңдала түсті, бай тәжірибе
жинақтады, биікке көтерілді. Жас ұрпақты тәрбиелеу үшін, келешек қоғамға
дұрыс, бұрмаланбаған тарихымызды қалдыру үшін, біздің жазушылар,
тарихшылар, ғылыми қызметкерлер осы шындық жөнінде жазулары тиіс еді, бірақ
тындырылған ештеңе де жоқ. Майданда батыр қазақ жігіттері аз емес, өкінішті
жері, көбісі мерт боп кетті. Күні бүгінге дейін халық жадында қалатындай
бір де бір жауынгердің есімі сіздердің қағаздарыңызға түспей отыр.
Немқұрайдылықтың суық желінен қазірдің өзінде жігіттердің жарқын отты
есімдері жалп етіп сөне бастады, ал олар сіздер үшін де қанын төгіп, жанын
құрбан қылып еді. Шындықты жазу — бұл заң, өйткені өтірік дегеніміз —
әдебиет, мәдениет үшін, біздің болашағымыз үшін у. Өтірік өрге баспайды.
Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.
Қаһармандықты ұмыту — ол халық қасіреті. Бұл үшін тарих сіздерді,
бүгінгі әдебиетшілерді, тарихшыларды кешірмейді. Халықтың қаймағы, оның
тірегі осында отырған сіздер, тек қана сіздер деп ойлайсыздар ма, алайда ол
бұлай емес қой: халықтың тірегі мыңдаған ержүрек жауынгерлер, оның адал
берілген азамат ұлдары, тіпті уыздай жап-жас ұландары болып табылады. Олар
жөнінде жұмған ауыздарын ашпаған, олардың қанға боялған қаһармандықтары
туралы түк жазбаған сіздерді тарих масқаралық бағанына таңатын болады.
Бүгін болмаса, ертең сөйтеді".
Ол ата-бабалардың ерлік рухына баулуда халықтың басынан өткен
жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы аса зор екеніне ерте-ақ
көз жеткізген-ді. Қазақ ССР Халық Комиссарлары Советінің Төрағасы Н,
Ондасыновқа 1943 жылы 18 наурызда жолдаған хатында өз қолжазбасының
жазылмаған тарауларының бірін жоспарында "Жігітті жауынгерлік қасиеттерге
тәрбиелейтін қазақтың игі дәстүрлері" деп атағанын айтады. Батырдың сол бір
қиын-қыстау уақытта көтерген мәселелері соншама батылдығымен қайран
қалдырады әрі қазір де көкейкесті естіледі: "Біздің "шоқынғандар" бұл игі
дәстүрлерді "күні өткен" нәрсе деп қарап, жауынгерлік қасиетті тәрбиелеу
ісіне қолдануға менсінбей, елемей, тіпті күні бүгінге дейін өткен мұраға
қарсы "бұліншілік" тасқынында председательдің столында отырған мемлекеттік
тұрғыда ойлай алмайтын адамдар қудалап келді.
Мұның өзі, сөзсіз, артын ойламағандық, ақылсыздық іс еді. Осы жерде
қазақтың кене мақалы - "Дүмше молда дін бұзарды" айтса орынды.
Тәрбие жұмысындағы осындай сорақы жаңсақтықтың салдарынан жастардың
кейбір бөлігі адам танымастай әдепсіз, жеңіл ойлы, нашар, епетейсіз, қопал
болып өсіп келеді, тіпті сужүрек, қажырсыз, бас қамын ғана ойлайтындар
ұшырасады.
Кейбіреулері атқа мініп те жүре алмайды, жылқыдан қорқады — ондайларды
тіпті қазақ деп айтуға ұяласың — әлдебір шетелдің азаматының тіліне ұқсап
қазақша бірдеңкелерді былдырлайды... Қазақ халқының өткен тарихындағы
барлық жақсы дәстүрлер бүгінгі танда қайта салтанат құруға тиісті. Халық
даналығының алтын қазынасы біздің жетістігімізге айналып, біліміміз бен
тәжірибемізді байытып, істерімізге қолқабыс жасауға тиіс.
Тарихымыздағы даңқты қазақ батырлары — Едіге, Қобыланды, Бекет,
Наурызбай, Исатай, Махамбет, Алпамыс және тағы басқалардың ерлік істері
біздің қазіргі заманғы жігіттеріміздің дөстүріне айналуы керек,
жастарымыздың оларды нашар білетіні қандай өкінішті десеңші!"
Қазақ тарихын әділет пен ақиқат тұрғысынан қайта зерделеуге, әсіресе
Кенесары тұлғасына қатысты пайымдауларға байланысты Е. Бекмаханов бастаған
талай талантты ғалымдарымыз бен шығармашылық зиялыларымыз тағдыры тәлкекке
түскені белгілі. Соғыстың қиын-қыстау жылдарында, тоталитарлық жүйе
жағдайында Баукеңнің ұрпақ келешегіне, ел ертеңіне алаңдай айтқан
жоғарыдағы жүрекжарды толғанысын ерлік демегенде, не дейміз?! Бұлай тек
елін сүйген ер азамат айта алса керек. Оның бүдан елу жеті жыл бүрын
Мәскеудегі жазушылар кешінде сөйлеген сөзіне үңіліп көрейікші: "Ұлттық
мақтаныш — жеке адам мен ұлт үшін бұзылмас заң әрі қасиетті сезім. Кімде-
кім өз ұлтын құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса, ол адам сөзсіз арамза,
қаңғыбас... Халықтардың бауырмалдығы ұлттық мақтанышқа негізделген.
Меніңше, интернационализмнің негізі де осында".
Өкінішті жері, кешегі кеңестік империя идеологиясы "түрі ұлттық,
мазмұны социалистік" ұраны астында қазақтық атаулыны да мансұқтап, саны аз
халықтардың санасын сансыратып, ата дәстүрі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркіндік философиясы туралы
Философиядағы еркіндік пен жауапкершілік
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жазушы шығармаларындағы ұлттық рух мәселесі
Қазақстанның даму жолдары және перспективалары: «Мәңгілік ел» идеясы
Қыз әдебі
Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
Бабаларымыздың арманы
Этика. Құндылықтар философиясы туралы
Қазақ халқының рухани мәдениеті: тілі, ділі, діні
Пәндер