Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы


Ел тарихы - азаттық күрес айнасы
Уа, көсіле шабар жерің бар,
Ту көтерер ерің бар.
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған жолың бар.
Құлдық ұрсаң дұшпанға
Арылмайтын сорың бар.
Төле би
Жоспар:
І. Кіріспе.
"Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды"
ІІ. Негізгі бөлім.
"Біз - қазақ, ежелден азаттық аңсаған . . . "
- Қорытынды.
"Бабалар салған сара жол,
Ұрпаққа болар дара жол"
Тарих - халық зердесі. Әр халықтың, ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалды да, бірінікі "Уақыт" деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып ғасырлар тұңғиығына батып кетті. Мұндай қасіретті кезеңдер жайлы ақиық ақын Мұхтар Шаханов былай жырлайды:
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.
"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, " - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды". Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу - тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. Себебі, ол - тұтас құбылыс. Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-қилы белдерді асып, тар жол, тайғақтарды кешті. Сонау сақтардың әйел патшасы Томиристен соңғы хан Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейхановтардан Қайрат, Ләззаттарға дейін қанша рет дала қанға бөкті, жылғалар қан боп ақты, қанша рет ұлан-ғайыр дала азаттықты аңсаған алты алаштың ақсақ та айбынды ұранына куә боп, қанша рет "елім-ай" деп, шер төккен халықтың мұңы мен зарына ортақ болды.
"Біз - қазақ, ежелден азаттық аңсаған" демекші, бірде қайғылы, шерлі, бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас - азатыққа жасалған бір қадам.
"Томирис" спектаклінде өте бір рухты, айбынды көрініс бар. Кир патша сақ даласына қызығып, басып алмақшы болғанда, оған өзі елші болып барған Томирис патшайым:
"- Біздің тек үш байлығымыз бар. Бірі - кең, көгілдір аспан, екіншісі - шетсіз, шексіз сайын дала, ал үшіншісі - жусан, - деп, қолындағы бір уыс шөпті көрсетіп, - тамырынан кесілген жусан солып, өмір сүрмейді, " - дейді. Осы кең аспан, шетсіз дала бостандық, еркіндік символы болса, жусан - туған жер, Отан, өмір символы. Демек, Дешті Қыпшақ пен Түркі даласын мекендеген әрбір халықтың бас байлығы - еркіндік, азаттық болған. Еркін далаға қол сұғып, қан іздеп келген дұшпанның өз басы қанға бөкті.
"Томирис Кирдің шабылған басын қан толған меске салып былай дейді: "Аңсағаның қан болса, қанғаныңша іш!" Ұлы грек тарихшысы Геродоттың бұл сөздері өзгелерге жасаған ескертуі секілді. Бірақ, бұған қарамастан қанша рет басқыншылар қол сұғып, қан төгіліп, олардың қылыштары тасқа шабылды. Бірде Бұқар жырау Бөгенбай батырға былай деген екен: "Халық қолдамаған соғыс түбінде жеңіліске ұшырар. Ал біз өз еліміз, жеріміз үшін соғысып жатырмыз. Біздің ісіміз - әділ, оң". "Жаман ердің қайғысы - ошағының қасында, жақсы ердің қайғысы - ауылының басында" демекші, "еңку-еңку жер шалған" ерлеріміз өз жеріміз, өз еліміздің, "қара қазан, сары бала" қамы үшін қолына жалаң шоқпар, шолақ найза ұстап жауға шапқан.
. . . Бөрідейін жол тартып,
Жауырынына мұз қатып,
Жалаулы найза қолға алып,
Жау тоқтатар күн қайда?! - дейді Махамбет өзінің "Ұлы арманында". Сан ғасырлық өмір тарихын басынан кешірген қазақ халқы "егеулі найза қолға алар" батырлардан, қара қылды қақ жарған билер мен ақылғөй, дана басшылардан қай заманда да кенде болған жоқ. Билер мен хандар - ел бірлігі мен берекесінің ұйытқысы. Бұл, әсіресе, "Ақтабан шұбырындыда" айқын көрініс тапты. Бұл кездегі қазақ даласындағы жағдай Есенберлинше былай еді: "Қазақ жері - көкпарға тартылған көк серкедей еді. Көп жауының бірінің тақымында кетер ме, әлде іште тоз-тоз болып жатқан сұлтандардың бірінің қолында басы, бірінің қолында аяғы қалар ма?" Бұл кезде бірлік-берекесі кеткен ел жоңғар қонтайшыларының шабуылына төтеп бере алмады. Осындай кезде бір тудың астына бірігу қажет болды. Қазақтардың толық қанды, біртұтас мемлекет болуы үш жүздің билері: Төле, Қазыбек, Әйтекелер мен дана хан Абылайдың жанкешті еңбегінің арқасында іске асты. Осының нәтижесінде жоңғар шапқыншыларының беті қайтарылды. Бірақ, қазақ үшін ең қатерлі кезең бұл емес еді. "Орыстың ғалымы - дүниенің кілті. Оның жақсысын үйреніп, жаманынан жирен", - дейді Абай. Орыс империясының екі басты самұрығы біздің даламызға екі жүзбен келіп қонды. Бірі жан-жағына білім шашып, нұрын төксе, бір басы жан-жағына от бүркіп, жалмады. Адам өміріндегі ең ыстық, ең жақын нәрсе - Отан, төрт ана. Осы дәуірде, әсіресе қызыл империяның қол астындағы жетпіс жылда, Отан өгей анаға айналып, тұтас бір халық, тамырынан айырылып, қаңғырып, жоғалып кете жаздады. Ресей бізді, тіпті, қарусыз-ақ жер бетінен өшіруге айналды. "Жаулаған елің өзіңе бағынсын десең - оның тілі мен дініне қол сұқпа", - деген екен Шыңғыс хан. Төрт анасынан түбірімен айырылған қазақта енді мәңгүрт, "қазақ емес" ұрпақ пайда бола бастады. Бірақ, бұл кезде де халқымыздың ауырын көтерер Қайрат, Ләззат сынды азаматтар табылды. "Өжет адам өлімді жеңеді. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің". Қазақ жастары жылдар өте өзінің өжеттілігімен, қайтпас қайсар рухымен дегеніне жетті. Ғасырлар бойы қазақ даласында болған әрбір оқиға, әрбір шайқас - тәуелсіздікке жасалған бір қадам. Осындай кішкене адымдармен, бірақ оң жолмен, азаттық жолымен қазақ елі армандаған мақсатына келе жатты. Желтоқсан оқиғасы осы бір "соқтықпалы" соқпақтағы ең соңғы ірі адым болды. "Мың өліп мың тірілген", енді тәуелсіз қазақ өзінің алғашқы демін желтоқсан ызғырығымен алды. Қазақстанның көк байрағы "қызыл перденің" сыртына шығып желбірей алды.
" . . . Жұқаны бүктеу оңай, жіңішкені үзу оңай . . . Егер сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз бектеріңнен жырақ кетпей, Отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің отбасында еш нәрседен мұқтаждық көрмейсің. Ер жүрек халық - күшті халық. Бізге жеңіс әперген - Отанымыз деп білу керек", - деп жазылған ежелгі Күлтегін жазбасында. Он бес ғасыр бұрын жазылған бұл жолдау бүкіл тарихқа тән нәрсе сияқты. Яғни, бүкіл тарихтан алатын тәліміміз, қысқаша айтқанда - "жұқаны бүктеу оңай, жіңішкені үзу оңай". Бабалар қанымен, маңдай терімен салған соқпағын жалғастыру, барлық ұлт өкілдерімен бірлесе отырып жалғастыру - парызымыз. "Шың басына шығу - қиын, бірақ, оның үстінде аумай, құламай тұру - одан да қиын". Тәуелсіздікке осындай аласапыран тарихымен қол жеткізген қазақ елінің мерейі үстем болуы үшін ең әуелі бірлік керек. Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан - еңбектеп жүрген жас сәбидей. Оны аяғына тұрғызып, нық басқызатын, болашаққа қадам жасататын - біз. Ол үшін ең алдымен қазақ қана емес, қазақстандықтар, жоғарыдағы айтылып кеткен, төрт анамызды құрмет тұтып, бар ісіміз осы нәрседен ағып шығып, ортақ "Қазақстан" деген мүддеге құйылуы керек. "Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады". Сондықтан, "Қазақстан" деген бәйтеректің тамырын тереңге тартып, Қазақстан қыранының дүние жүзі көгінде шарықтай ұшуы - әрқайсымыздың қолымызда. Сондықтан,
Еркіндік қыраны, шарықта,
Елдікке шақырып, тірлікке,
Алыптың қуаты - халықта
Халықтың қуаты - бірлікте.
Бүгінде кең-байтақ Отанымызды мекендеген барша халықтардың басын қосып, татулық пен ұлтаралық келісім тізгінін берік ұстап отырған біздің халқымыз екендігін мақтан тұтамын. Өзгелердің "тауларын аласартпай, даланы асқақтатуда" біздің аға буын өкілдері мен бүгінгі жас ұрпаққа жүктелер міндеп зор. Бабаларымыздың азаттық, теңдік жолындағы күресі тек біздің халқымыз үшін ғана емес, осынау сайын даланы мекені еткен барша ұлт өкілдері үшін де қасиетті, қастерлі болуы тиіс. "Бабалар салған сара жолды, ұрпақтар үшін дара жолға" ұластыру біздерге зор жауапкершілік жүктейтініне кәміл сенеміз.
Әр халықтың азаттық үшін күресі - ел шежіресінде алтын әріптермен жазылар қасиетті жәдігері.
Біздер үшін халқымыздың төл тарихы сондай қымбат, қастерлі бола береді. Оған қылаудай көлеңке түсірмей, келер ұрпаққа жеткізу - барша қазақстандықтардың төл парызы. Халқымыздың азаттық үшін күресінің айнасы - ел тарихының қасиетті жазбасы.
Тәуелсіздік - ел тілегі
(Тәуелсіздіктің 14 жылдығына байланысты)
Тәуелсіздік! Бар бақыт, бақ-тұмарым,
Ұранымсың, жадымда сақтар әнім.
Сенсің менің кеудемді керіп тұрып,
Айдай әлем алдына мақтанарым!
Б. Мұхамедияров.
Жоспар:
- Кіріспе.
Тәуелсіз халық - бақытты халық
ІІ. Негізгі бөлім:
- Қазақстанның тәуелсіздігі - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы
- Кешегіге үңіліп, келешекке жүгіну
- Азат сана, бостан рух
- Қорытынды.
Тәуелсіздік - киелі ұғым
Бақыт . . . Терең сырға толы, мол қуаныш ұғымы. Бақыт деген сөзді естігенде, адам бойында сәулелі сезімдер иірімі, арман ағымы, толғаныс толқындары байқалады.
Тәуелсіздік - бейбітшіліктің берік тірегі, бақыттың шамшырағы, азаттықтың Отаны, сонымен қатар, халықтар достығының құрыштан құйылған берік қамалы.
Ел мен жер, өмір мен болашақ туралы ойланбайтын адам бар ма? Мынау жұмыр жерді мекен етіп жүрген әрбір жан бақытты ғұмыр, нұрлы болашақты аңсайды. Ол арманның іске асуы үшін де өз елінің қандай бағытта жылжып, нендей мақсатпен өмір сүретіндігі ауадай қажет.
Қандай ел болмасын, өзінің таңдаған даму жолы, өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеті болады.
Үш мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы - бүгін әлем көзін тіккен мәртебелі мемлекет. Екі ғасыр тоғысындағы ұлағатты ұрпақтың толымды табыстармен қатар тұруын көру мен сияқты ұрпақ еншісіне тиді.
Тәуелсіздік - біздің туымыз. Осы тәуелсіздік бақытына халқымыз талай жол, тайғақ кешуді бастан кешіріп барып, жаңа үшінші мыңжылдық қарсаңында қол жеткізді.
Әлемдегі талай ел өз тәуелсіздігіне қанды соғыспен, қыруар шығынмен жеткен. Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі, бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халық пейілінің қайтарымы.
Менің рухани байлығым - халқым, қазақ халқы. Тарих төрінде көне түркі ұрпағы болып, саңлақ "сақтар" деген асқақ атпен де танылып, бүгінде тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің туын көтеріп отырған қазақ халқының жүріп өткен жолы - шежірелі, қазыналы ғұмыр.
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы. Әлем халықтарының арасында дүниенің бір қиырынан бір қиырына өтіп барып ел болғандары да, сан түрлі ұлт пен ұлыстың араласуы нәтижесінде қалыптасқандары да баршылық. Қазақ - тамырын тереңге жіберген, осынау қасиетті даласынан табан аудармаған көне дәуірдегі сақтардың, ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, ата жұртта қара шаңырақты сақтап қалған халық.
Сіздер мен біздер жаңа мыңжылдықтың есігін аштық. Адамзат тарихындағы өсу мен өркендеудің, даму мен болашаққа ұмтылудың қадамын бастадық. Осы тұрғыдан ойға батқанда, Отанымыздың тарихынан оқшау орын алатын он жылдықтың осы кезеңмен ойлас келгенін мен жақсылыққа жоримын. Тәуелсіздіктің он төрт жылдығын лайықты қарсы алу жолындағы сәтімен басталған іс-қимылымыздың көші қозғалар тұсында бәріміз бас қосып, жеткенімізді саралап, тапқанымызды бағалап, келер күндерге деген бақыт - бағдарымызды шамалап алатын кез келді.
Ғасырлар бойы ұлттық намысын қайрап, ғажайып ерліктерге бастаған қазақы рух өткен ғасырда қалғып кеткендей, тіпті мүлде ұйықтап қалғандай еді. Бодандықтың иірімінен шыға алмай, шыбын жаны шырқыраған елдің еңсесі түсіп, қатал тағдырдың дегеніне көнген, айтқанына мойынсұнған. Азаттық үшін күрескен бабалардың қандай күйге ұшырағанын білетін ұрпақтың аузы құлыптаулы, рухы бұғаулы еді. Санасы сергек ұлан қалғып кеткен намысын түрпектеп оята алмай, іштей, тілін тістеп, булығып отыратын.
Жаратқан жар болып, сол аран тәуелсіздігіміздің арқасында жүзеге асты. Тізгін азат сана, бостан рухтың қолына тиіп еді, ұлы бабаларымыз тарих қойнауынан сап түзеп шыға келді. Тәуелсіздікпен бірге қазағының тағдыры үшін басын оққа байлаған бабалар қайтып оралды.
1993 жылғы Қазығұрт тауы төскейіндегі Ордабасында өткізілген салтанатты ұлттық жиын үш дана, үш ақылгөй Баба - Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды халық билерінің аруақтарына, солардың мәңгі өшпес абыздың рух құрметтеріне арналды. Ол бүкіл Орта Азиялық дәрежедегі асқан мереке болды. Бұл салтанатты жиын Еуразия кеңістігіне досына адал, жауына қатал қазақ халқының тумысынан батыл, батыр, кеңпейіл, қонақжай, жомарт рухын паш етті. Алыс-жақынға, досына, қасына қазақты шын қазақ етіп таныстырды.
Әне, сол ғажап салтанатты жиыннан кейін Ордабасында қасиетті Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бабалардың ұлы ұрпақтары құрметіне арналған "Дана билердің кешені" орнады. Бұл - халқымыздың келер ұрпағына тәуелсіздігіміздің аманаты ретінде мәңгі сақтауға жолдаған руханият мұрасы.
Қатарынан бітімен-бірі ұласа өткен ғажаптылығымен қатар, 1995 жалғы Абай мен 1996 жылы өткен ұлы жыршы Жамбылдың 150 жылдық, 1997 жылы өткен ұлы жазушы М. Әуезовтың 100 жылдық мерейтойлары адамзат руханиятына Абайдай, Жамбылдай, Мұхтардай дана - кемеңгерлер берген қазақ халқын әлем алдына ұлы халық, дамыған биік мәдениетті, өзіндік өркениеті бар аса дарынды, талантты халық ретінде танытты.
Осы адамзаттың таңдайын қақтырған ұлы мерейтойлардан да XXІ ғасырдың ұрпақтары үшін тәуелсіздіктің берген сыбаға-сыйы, мұрасы қалды.
Басқасын санамасақ та, Сыр бойында бой көтерген Қорқыт баба "Қобыз ескерткіші", Астрахань жеріндегі Құрманғазы кесенесі, Жезқазған өңіріндегі заңгер Жақып Ақбаев пен Алашорда ардагері Әлихан Ермеков мазарлары, Торғай қаласы басында жасалған Ахмет, Міржақып ескерткіштері - тәуелсіздігіміздің айқын куәсы.
Халқымыздың даналары, асыл тұлғалары, арыстары, бұрынғы қоғам қайраткерлері жайлы зерттеулер негізінде қаншама тарихи, көркем туындылар, кітаптар, ғылыми еңбектер осы он жылдық ішінде жарық көрді.
Халықтық мұраларды еңбекқор халқымыз 1991 жылы егемен ел болып, өз мемлекетін құрып, азаттыққа қолы жеткеннен кейін одан әрі байыта, молайта түсті.
Бұның бәрі - Тәуелсіздік алғаннан бергі он үш жыл ішінде жүзеге асқан игі шаралар.
Біз, бүгінгі жас ұрпақ, өмірге келіп, азаматтық келбетіміз қалыптасқан тұс-жүз жылдықтар мен мыңжылдықтар түйіскен тұс екенін, бұл бізге көп міндеттер жүктейтінін, тәеулсіздіктің бар адамға тегіс көлденең тартыла бермес сый екенін әбден түсінеміз.
Сондықтан менің ел мүддесін, мемлекет абыройын, халық қамын ойлап, қоғам игілігі үшін білек сыбана кірісетін, бел шешіп жұмыс істейтін азамат болғым келеді. Тәуелсіз елімнің болашағы - менің болашағым екенін түсіне отырып, болашақта атқарылар жұмыстарға үлес қосып, кемел келешек иелері - зерделі жастардың қатарынан өзімді көргім келеді. Менің бүгінім, ертеңім, келешегім туған елім Қазақстанмен тығыз байланысты. сондықтан да "Тәуелсіз Қазақстан" деген аттың айбынды естілуі үшін мен бар ғұмырымды Қазақстанға, Отанға деген шексіз махаббатымен көмкеруге тиіспін.
Елі үшін еңбек етер, білімін де аямайтын - біздерміз, Тәуелсіз Қазақстанның жастары.
Құрманбекова Жұлдыз
Абай атындағы гимназия
Қаскелең қаласы
Тәуелсіздік - ел тілегі
Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім,
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса, қазағым менің!
Н. Назарбаев
Қазақ халқы сан ғасыр армандаған, армандап қана қоймай жан алысып, жан берісіп күрескен тәуелсіздігіне осыдан он жыл бұрын қол жеткізді. Иә, дәл сол 1991 жылдың желтоқсанында ақ түйенің қарны жарылып, елім еркіндік алды. Бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Кенесары мен Наурызбай, Махамбет пен Исатай, Сырым мен Жанқожа батырлар елінің тәуелсіздігі жолында апат болды. Қазақ халқы өткен ғасырда да еркіндік үшін күресін тоқтатпады. Ғасыр басында Алаш арыстары да елінің тәуелсіздігі жолында қасық қаны қалғанша күресті. Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік хұқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті.
Өзіңдік - Туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да! - деп ақын Иран-Ғайып жырлағандай, халық өзінікіне өзі ие болды. Өшкеніміз қайта жанды, өлгеніміз тірілді. Арыстарымыз бен ардақтыларымыз қайта оралды. Демек, тәуелсіздік - рухани жаңғыру кепілі.
Қазіргі Қазақстан - әлем таныған егеменді ел. Көк байрақ көтерген он жылды саралап қарасақ, жүз жылда атқарылатын істер істеліпті. Алғашқы жылы "Абылайлап" ұрандайтын, елі мен жерін қыспақтан алып шығатын, іскер де білімді басшы таңдап алынды. Халық қалауымен Елбасы болып, қазірге дейін еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай қызмет етіп келе жатқан Н. Ә. Назарбаев сайланды. Осындайда ақын жырлаған мына бір өлең жолдары еріксіз тілге оралады:
Ел болдық, ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Дәл осы жылы қоғам қайраткері О. Сүлейменов бастамасымен қасірет пен қайғының ошағы Семей полигонының жабылуы жарты ғасыр бойы қазақ халқына уын шашып келген "Атом" атты алып айдаһардың улы жалынын сөндіргендей болды. Бірақ қазақ халқының сол жыланның шарпуынан алған күйігі әлі жазылған жоқ.
Қазақ жері таланттар мен дарындарға кенде болып көрген емес. тәуелсіз ел атанған сәтте қазақ халқының да ғарышқа ұша алар түлегі бар екені дәлелденді. Тұңғыш қазақ ғарышкері Т. О. Әубәкіровтың ғарышқа самғауы қазақ халқының да еркін кеңістікке қанат қаққанындай болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты іргелі ұйымдарға мүше болуымыз бізді әлемге танытты. Республика Рәміздері қабылданып, аспан түстес көк байрағымыз жүздеген елдердің орталықтарында желбіреді. Басқасын былай қойғанда, кешегі Сидней төрінде көк байрағымыз бірнеше рет аспанға көтеріліп, Әнұранымыз әлем алдында шырқалмады ма?
Ұлттық валютамыз - теңгенің айналымға түсуі еліміз тәуелсіздігін нығайта түті. Ата Заңымызды қабылдап, мемлекеттік тілімізді айқындап, әлем елдерімен тығыз қарым-қатынас жасай бастадық. Қазір небір азуын айға білеген мемлекеттер тәуелсіздік тұғыры жылдан-жылға биіктеп келе жатқан жас, бірақ батыл да өжет Қазақстанды өздеріне тең әріптес санайды.
"Тәуелсіздік құшағын жайды алғаш,
Әрине, бәрі бірдей сайлы болмас", - дегендей
ақсап жатқан жерлеріміз де баршылық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz