Ұлы Жібек жолының тәуелсіздік жылдарында тарихнамалық тұрғыда зерттелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Ұлы Жібек жолының тәуелсіздік жылдарында тарихнамалық тұрғыда зерттелуі 1
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 7

Ұлы Жібек жолының тәуелсіздік жылдарында тарихнамалық тұрғыда зерттелуі

1991 жылдан бері Қазақстанда тәуелсіз тарихи және тарихнамалық ой
пікірлерді қалыптастыруда біраз жұмыстар жасалды. Оларды талдау бүгінгі
тарихнама ғылымының міндеті. Сондықтан да бұл мәселенің өзекті екендігі
даусыз. Қазақстан тарихының өзекті мәселерін шешу Кеңестік кезеңдегі
тарихнамада лайықты бағасын толық ала алмады, бүгінгі таңда бірқатар
монографиялық және диссертациялық зертеулерге тарихнамалық талдау жасау
қажет екені белгілі.
Сонымен қатар мынаны да ұмытуға болмайды: тәуелсіздік тұсындағы
зерттеулердің, тарихнамалық қорытындылардың бәрі бірдей құнды емес. Еліміз
тәуелсіздік алғаннан кейін тарихта жаңа көзқарастың қалыптасуы барысында
жекелеген проблемалар бойынша іргелі тарихнамалық зерттеу жұмыстарын
жүргізіп, көлемді еңбектер жариялау қолға алынды. Соның алғашқыларының
бірі болып 1991 жылы жарық көрген С.Г. Кляшторный, А.А. Колесников, М. К.
Басхановтардың еңбегі жарық көрді 1. Бұл еңбек Қытайдан бастаған
Жерортатеңізі елдеріне дейін апаратын Ұлы Жібек жолына байланысты
тарихнамалық талдау жасауда антикалық дәуірдегі грек-рим дерек көзіне және
Шығыс Түркістанға дейін аралап қайтқан саяхатшылардың жол дәптерінен
алынған мәліметтерге сүйене отырып жазылған. Осы аталған еңбек көптеген
жарияланған және жарық көрмеген шығармаларды ұзақ зертеудің нәтижесінде
жазылған өте құнды да ұтымды еңбек екендігі даусыз. Төрт үлкен тараудан
тұратын бұл еңбекте жібек саудасына, керуен жолына байланысты құнды
деректер келтірген мен Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігіне және
тайпаларына көңіл толарлық мәлімет жоқтың қасы.
1992 жылы жарық көрген “Ежелгі және ерте орта ғасырлардағы Шығыс
Түркістан” атты оқулықтың IV- тарауында хундар мен түркілер тарихына
талдау жасалған 2. Жекелеген зерттеушілердің, яғни сауда жолына
байланысты Н.Я. Бичурин, В.В. Бартольд жазбаларын алға тарта отырып “түрік
және батыс түрік қағанаттарының” тарихын баяндауға тоқталған.
Жоғарыда қарастырып өткен тарихнамалық талдау, Қазақстандық Ұлы Жібек
жолы тарихнамасының арнайы зерттеу объектісі болмағанын осы тақырыпқа
арнайы тараудың арналмағаны, яғни бүгінгі күн талабына сай, әрі қажетті
ғылыми проблема екенін көрсетеді.
Кеңестік кезенге Ұлы Жібек жолының тарихына арнап қалам тартқан
авторлар жоқтың қасы еді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда археология
ғылымының дамуының негізінде жарық көрген, архелог К. Байпақов пен А.
Нұржановтың кітабы 3 Жібек Жолының Қазақстандық бөлігіне тікелей қатысты
алғашқы тарихнамалық еңбектің бірі десек қателеспейміз. Бұл зерттеуде жібек
жолының бойында орналасқан көптеген қалалардың аты аталады, сондай-ақ Жібек
жолының негізгі күре тамыры, оның екі бағытының болғандығы туралы мәселе
төңірегінде бүгінгі күнде пікірталас жандана түсуде. Бұл еңбекте жібек
жолының негізгі бағытын ұстап қалуда өз кезінде көптеген қиыншылықтарға тап
болғандығын қарастыра келе зерттеу біржақты жазуға ұшырамаған.
Қарастырып отырған тақырыптың негізгі дерек көзін Жерортатеңізі елдері
мен Қытайды жалғастырып жатқан “Ұлы Жібек жолы” біздің дәуірімізге дейінгі
II-ғасырда-ақ пайда болып, батыстан шығысқа, шығыстан батысқа қарай кіре
тартқан керуендер Қазақстан жерін басып өтіп, Отырар, Тараз, Испиджаб,
Яссы, Сауран, Жент, Қаялық, Баласағұн және басқа да гүл жайнап тұрған
қалаларға ат басын тірегенін баяндайтын мәселе көтерген түрлі әдебиеттер
мен мақалалар құрайды. Тарихнамалық талдауға қазіргі кезеңде жарық көрген
тарихи, мәдени, археологиялық және т.б. мазмұндағы еңбектер кеңінен
тартылады.
Белгілі ғалым У.Х. Шәлекенов “Құм басқан қала” атты еңбегінде
заманымыздың V ғасырында қазақ жерінде іргесі қаланып, жүздеген жыл бойы
гүлденіп, XIII ғасырда жау шапқыншылығынан жермен-жексен болған қала
Баласағұн туралы айтады 4. Автор бұл аталған еңбекті жазу кезінде
көптеген Кеңестік дәуірде жарық көрген әдебиеттерді,археологиялық зерттеу
еңбектерін және ерте, орта ғасырлардағы деректерге сүйене отырып, осы
уақытқа дейін Ақтөбе деген атпен зерттеліп келген қаланың Баласағұн екеніне
ғылыми тұрғыда пікір айтқан.
У.Х. Шәлекенов орта ғасырды зерттеп жүрген тарихшылардың пікірін
тарихнамалық тұрғыда зерттей келе Орта Азия және Қазақстандағы орта ғасыр
қалалары тұрғындарының саны дұрыс көрсетілмеген деп күмән келтіреді. У.Х.
Шәлекеновтың есебі дұрыс болған жағдайда Ұлы Жібек жолындағы шаһарларға
ғалымдар, саяхатшылар жиі-жиі келіп тұрғандығын ескерсек, кеңестік дәуірде
біздің халқымыздың өткен тарихын қаралап жазу, біздің тарихымызды зерттеу
кенжелеп қалып отырғандығын көрсетеді.
Алысқа бармай-ақ қазіргі кезеңдегі тарихнамада өз шешімін тапқан
У.Х. Шәлекенов еңбектерінде 5 Баласағұн қаласының жұмбағының шешілуі
себептері мен нәтижелері объективті түрде, ұлттық мүдде тұрғысынан
баяндалған.
Шәлекеновтердің бұл еңбегі атты бүкіл түркі өркениетіне танымал,
кезінде сауда жолының бойында орналасқан мәдени, рухани орталық болған
ортағасырлық Баласағұн қаласына арналған. Ғалымдар арасында Ақтөбе деген
атпен белгілі, Шу өңіріндегі жердің қойнауында жатқан қалада көп жылдан
бері жүргізілген археологиялық қазба жұмысының нәтижесінде, оның тарихи
Баласағұн екені ғылыми тұрғыда дәлелденді.
Бұл жарық көрген еңбек Ұлы Жібек жолының тарихын тарихнамалық тұрғыда
зерттеуде таптырмайтын дерек көзі екендігін ескерсек, алдағы уақыттада
еліміздің тарихын шынайы жазуда ғылыми айналымға түсетініне сеніміміз мол.
Осындай мазмұнда жазылған Ә.Сәтбайұлының еңбегінде 6 Ұлы Жібек
жолында жатқан ортағасырлық қираған көне Талғар (Талхиз) қаласының орнын
қазу кезінде табылған түрлі қызық деректердің тарихнамасына қатысты
пікірлер айтылған. Автордың аталмыш кітапті құрастыруда ой-таразысынан
өткізіп, зерделей келе, Ұлы Жібек жолындағы Талғар қаласы мәселелерінің
тарихнамасына да тоқталып, бұл салада революцияға дейінгі Ш. Уалиханов, В.
Бартольд, А. Гумилев еңбектерін, қазіргі кездегі Қазақстан ғалымдары К.
Ақышев сияқты археолог мамандардың зерттеулерін ғылыми айналымға тартқанына
жоғары баға береді.
Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігінің мәселелерінің тарихнамасы
соңғы жылдары ғылыми-практикалық конференция материялдарында біршама
қарастырылғанын осы жерде айта кеткен жөн. 1999 жылы Алматыда жарық көрген
конференция материалдары 7 Қазақстан тарихының мешеу методология мен
зерттеу әдістерінің, тарихи шындықтан алшаң концепциялар мен тұжырымдардың
орнығуынан арылған кезеңдегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Хүш – ХХ ғ. басындағы солтүстік және орталық Қазақстан қалаларының тарихнамасы
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау
Ұлттық мерзімді басылымдардың Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне жаңа көзқарасты қалыптастырудағы рөлі: тарихнамалық талдау (1985-2005 жж.)
Уақыт және тарих
Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)
Пәндер