Ортағасырлардағы ақша айналысы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
I.Кіріспе 1
1. Ортағасырлардағы ақша айналысы 2
1.1.Отырар теңгелері 2
1.2.Түркеш теңгелері 3
1.3.Саманилер мен қарахандықтар теңгелері 4
III.Қорытынды 5
Пайдаланылған әдебиеттер: 6

I.Кіріспе

Қазақ халқы мәдениетінің тарихи тамыры өте тереңде. Ортағасырлық
Қазақстан аумағын аралаған әр түрлі елдер саяхатшылары түрік, қытай, араб,
парсы, грек тілдерінде тарихи және географиялық деректер жазып қалдырған.
Ортағасырлық Тараз, Талхиз, Отырар, Кедер, Құлан, Жамукент қалаларын,
Бөріжар, Бобров, Зевакин қорғандарын қазғанда көптеген бағалы археологиялық
олжалар табылды. Осынау жазба және заттай деректер орта ғасырлардағы
Қазақстан халқының экономикалық және мәдени тұрмыс-тіршілігіне шолу жасауға
мүмкіндік береді. Орта ғасырларда Қазақстанда отырықшы, қалалық, көшпелі
және далалық мәдениет өркендеді.

1. Ортағасырлардағы ақша айналысы

1.1.Отырар теңгелері

Ерте орта ғасырларда (VI-VIII ғғ) теңгелерді белді тайпалардың атақты
адамдары шығартып, оған өз таңбаларын бастыратын. Таңба дегеніміз – ру
атының өзіндік идеограммасы, оған қарап оның иесінің қай әулеттен
екендігін, руын, сол руы жайлы мәліметтерді білуге болады.
Отырар жазирасында ақша айналымы болғандығын Отырартөбе жұртын, сондай-
ақ оның айналасындағы Мардан-күйiк, Құйрықтөбе қала орындарын қазған кезде
табылғанан түрлi теңгелер дәлелдеп отыр. Металл түpi және таңбалары бойынша
теңгелердi eкi топқа бөлуге болады.
Бiрiншi түpiнe бетiнде садақ пен төртбұрышты түркi ру таңбасы салынған
мыс теңгелер жатады. Мұндай таңба ең жоғарғы билеушi қағанның атағын
белгiлейтiн түркеш теңгелерiнде де бар. Таңбалардың ұқсастығы -
Сырдариядағы түркi билеушiлерi мен Жетiсудағы атақты адамдардың бiр
әулеттен тapaғaндығын көрсетедi. Бұл теңгелердiң екiншi бетiнде көтерiңкi
құйрығы қайқайып келген, оң аяғымен алға басқалы тұрған арыстан бейнесi
салынған. Екiншi түpiнe Отырар жазығының қола теңгелерi жатады. Олардың
бетiндегi таңба Педжикенттен табылған Бұхар теңгелерiнiң белгiлерiне ұқсас
әpi соғды әрпiмен жазылған жазулары бар. Екiншi бетiндегi арыстан тура
алдыңғы теңгедегiдей бейнеленген, бiрақ көркемдiгi арта түскен. Бұл
теңгелердi Отырар жазирасындағы басқа бiр беделдi ру өкiлi шығарған болуы
керек, немесе сол алғашқы рудың кейiнгі уақытта шығарған, жетiлдiрiлген
теңгесi болуы да мүмкін.
Аталған теңгелер Отырартөбе жұртын және оның айналасын (15 шақырым
мөлшерiнде) қазған кезде табылған. Демек, VII ғ. аяғы VIII ғ. басында
Отырар iшкi сауда айналымын қамтамасыз ету үшiн өз мыс теңгесiн
шығарған.
VI-VIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстандағы сауда жолында орналасқан ең
ірі саяси-экономикалық орталықтың бірі – ежелгі Отырар болды. Отырар мен
оның айналасындағы өмір салты шеткері аймақтарға да өз әсерін тигізіп
отырды. Отырар қолөнершілерінің өнімдері Қаратаудың солтүстік және оңтүстік
беткейлеріндегі, Сырдарияның орта ағысындағы, Арыс өзенінің жағасындағы
көптеген қалалар базарында сатылды.
Отырартөбе жұртынан сонымен бiрге VII ғ. соғды теңгелерi; VII ғ. аяғы
- VIII ғ. басында Шаштан шыққанын бiлдiретiн дудун атағы жазылған ежелгi
түркiлiк теңгелер; Ферғанадағы түркi билеушiлерi шығарған, ежелгi түркi
таңбасы және соғды жазуы бар теңгелер; Таң әулетi (618-907жж.) шығарған
қытай теңгелерi; VIII-XII ғасырларда Орта Азия аумағында пайдаланылған
гитрифи тектес Бұхар теңгелерi табылды. Қазба кезiнде сондай-ақ
саманиттер (IX ғ.) және қарахандықтар (ХI ғ.) билеушiлерiнiң мыс фельстерi
шықты.

1.2.Түркеш теңгелері

Түркеш теңгелерi. Түркеш қағандығының теңгелерi VIII ғ. басынан
белгiлi. Бұл теңгелердiң алғашқы түpi түркеш билеушiлерi үстемдiк еткен 716-
766 жылдарда шығарылған. Бұл теңгенiң оң бетiнде түркештердiң таңбасы -
садақ бейнеленген, ал екiншi жағында түркеш-қаған-ақша деп оқылатын
түсініктемесi бар.
Екiншi және үшiншi түрлерiнiң түсiнiктемелерiнде Бұхар билеушiлерiнiң
атағы және тәуелдi соғды князьдерiнiң атағы жазылған. Бұл теңгелер түркеш
билеушiлерiнiң атынан емес, түркi және сoғды билеушiлерiне тәуелдi
жергiлiктi соғды князьдерiнiң атынан шығарылған.
Белгiлi ағылшын түркологы Дж. Клоусонның болжамы бойынша, алғашқы
түркеш теңгелерi ежелгi Батыс Tүpiк қағанатының астанасы Ақбешiмде (Суяб)
соғылған.
748 жылы Суябты қытайлар талқандағаннан кейiн Жетiсудың батыс бөлiгi
Талас қаласының иелiгiне айналды. Талас (Тараз) каласында түркеш
билеушiлерi теңге шығаруды жалғастыра бердi. Тараз теңгелерi алғашқы
Ақбешiм-Суяб теңгелерiне ұқсас болды. Теңгелердiң оң бетiнде садақ
түрiндегi таңба, ал сырт жағындa түркеш-қаған-ақша немесе күн бейнелi
қаган ақша деп соғды жазуымен жазылған тyciнiктeмe болды.
Қарлұқ заманында да (VIII-X ғғ.) Қазақстан аумағында түркеш теңгелерi
айналымда болды.

1.3.Саманилер мен қарахандықтар теңгелері

Саманилер мен қарахандықтар теңгелерi. Саманилер мемлекетiнде алтын
динарлар және мыс фельстермен қатар исмаили деп аталған жоғары сапалы
күмic дирхемдер үнeмi соғылып тұрды. Бiрақ ол негiзiнен тауар ретiнде
сыртқа шығарылды. Iшкi саудада IX-XI ғасырларда бухархудат теңгелерi
(мусейяби, мухаммеди, гитрифи) үлгiлерiмен соғылған Қара дирхемдер, т. б.
бiрсыпыра теңгелер қолданылды. Олардың iшiнде мусейяби дирхемдерi ең жоғары
сапалы болды, мухаммеди дирхемдерi төменгі сапалы күмістен, гитрифи
дирхемдерi мысы басым жәй металдар корытпасынан соғылды.
Қарахандықтардың ақша шаруашылығында бұрынғыша қара дирхемдердiң
барлық түpi, оның iшiнде гитрифи тектес мыс тәрiздестерi ұзақ уақыт
айналымда жүрдi. Саудада үнeмi теңгелердiң жаңа түpi қосылып отырды.
ХI ғ. басында айналымда тек жоғары сапалы күмic дирхемдер болса,
екiншi онжылдықтан бастап құрамында 35% мысы бар теңгелер шыға бастады.
Күмic теңгелер шығару ХI ғ. соңғы ширегiне дейiн жалғасып келдi. Одан
кейiн қарахандықтар мемлекетiнiң теңге сарайларының көпшiлiгi бiраз уақыт
мыс пен қорғасын құймасынан дирхем жасап келдi. ХII-ХIII ғасырларда
дирхемдердi мыстан құйып, тек сыртына ғана күмic жалатты. Бұл өзгерiстiң
себебi күмic дaғдapыcы, бәрiнен бұрын Орта Азиядағы күмic қорының азаюына
байланысты болды.
XI-XIII ғасырлар арасы қалалық мәдениет өркендеген, тауар өндipу өciп,
осыған орай сауда кеңiнен қанат жайған кезеғ деп есептеледi. Өндiрiстiң
қауырт өcyi айналымда көп мөлшерде ақша болуын талап eттi. Алтын мен
күмістің қоры сауданы таза алтын және күмic теңгелермен қамтамасыз ете
алмады.
Саманилер дәуiрiнде тауар ретiнде бағаланған алтын динарлар
қарахандықтар кезiнде айналым құралына айналды. Алтын айналымына құйылған
теңгелер ғана емес, көлемi және салмағы әр түрлi кесек алтындар да жүрдi.
Алтын теңгелер әр турлi теңге сарайларында құйылғандықтан, олардың сапасы
мен салмағы әрқалай болды. Олардың айналымда қатар қолданылғанын Орта Азия
аумағынан табылған көмбелер айғақтайды.
Ұсақ бөлшек саудада қолданылатын мыс теңгелер болса, әр түрлi теңге
сарайларында ақша құнын заңдастыру үшiн оқтын-оқтын шығарылып тұрған.
Негiзiнен мыс ақшалар айналымғa түсуге тиiстi аймақта алдыңғы айтылған
күмic жалатылған дирхемдер қызмет етiп келдi де, бiрте-бiрте олар кәдiмгi
мыс теңгелерге айналды.
Қазақстанның кең-байтақ даласын құрайтын Евразияның Хуанхэ өзенінен
Карпат тауларына, Орта Азия мен Шығыс Түркістанның шөлейт аймақтарына және
Евразия тундрасына дейінгі орасан зор далаға ұласқан шетсіз-шексіз алып
аймақты игеру тек көшпелі малшылардың ғана қолынан келетін ед. Түйе, жылқы,
қойлардың әрі көшіп-қонып жүретін күш көлігі, әрі ет, сүт, тері, жүн
беретін, яғни көшпенділердің азық-түлігін де, киім-кешегін де, баспанасында
қамтамасыз ететін материалдық ресурс көздері қызметін түгел атқарды.
Көшпелілер әлемі әр түрлі сипатта болғанымен де оны біріктіретін нәрсе
мәдениет пен шаруашылықты жүргізудің ортақ тұрпаттылығы еді.
Көне тарихта аса көрнекті рөл атқарған Түркі қағанатының құрылғанына
1450 ж толарына көп қалған жоқ. Бұл елеулі оқиға көптеген мемлекеттерде
аталып өтеді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқы мәдениетінің тарихи тамыры өте тереңде
Ортағасырлардағы ақша айналысы. Отырар теңгелері
Қазақстан териториясындағы ежелгі ақша сарайлары: ақша соғу,ақша бірлігі, таралымы
Ортағасырлардағы тайпалардың материалдық мәдениеті
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары
Рабад - шахристаннан тыс жерде орналасқан қала маңындағы қолөнер елді мекендері
Батыс Европадағы феодализмнің жалпы сипаттамасы
Алтын Орданың саяси тарихы
Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы
Пәндер