Қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойлары


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих факультеті
Деректану хәне тарихнама кафедрасы
Қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойлары
Орындаған:
4-курс студенті
Қасабекова. Ж. Б.
Ғылыми жетекшісі:
т. ғ. д. проф. Атабай. Қ .
Қорғауға жіберілді
"_ _ _"_ _ _ _ _ _ _2004 ж.
Кафедра меңгерушісі
т. ғ. д. профессор Атабай. Қ.
Алматы 2004 ж.
Мазмұны
Кіріспе4
І-тарау. Революцияға дейінгі және Кеңестік кезеңдегі қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойлары. 13
ІІ тарау. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойлары. 30
Қорытынды44
Пайдаланған әдебиеттер тізімі46
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы Қазақстан тарихы ғылымының дамуында елеулі кезеңі болып табылады. Осы күнге дейін тыйым салынған тақырыптардың ақтаңдақтар беттері ашылды, еркін шығармашылық зерттеулерге жол ашылды.
Шежіреде айтылған ауызша тарихи білімнің рухани құндылығы-оның әрбір жеке адамға өзін әлеуметтік ұйымның, этностың бір бөлігі деп сезінуге мүмкіндік беруінде. Тарихи білім ең басты адамның тарихи және қоғамдық сана-сезімін, рухани мәдениетін қалыптастыра алады. Алайда, өз уақытында өткеніңді айтатын ауызша тарихи білімдердің жеткізілу дәстүрі көп нәрсені қамтитын және жүйелі сипат алды. Соңғы он жылдықта әлеуметтік шежіре тақырыбына арналған көптеген еңбектер байқалды. Бұл оның қоғамдық-бұқара үшін өзектілігін көрсетеді. Осы бағытта көп еңбектер жасалды. Тарихшылар, солардың ішінде М. С. Мұқанов Қазақ шежіресінің алдын-ала ғылыми талдаусыз жариялануына қарсы шықты. «Рулар тарихын зерттеулердің таза практикалық мәні бар, »-деп жазады М. Мұқанов[1], ол-«төмен деңгейдегі шежірелердің жариялануына кедергі болады:оқырмандар жаңа қызық баяндалған шежірелерді күтеді-өйткені олар біздің өткен тарихымыздан хабардар етеді».
Қазақ шежіресінің өзектілігін зерттеу, сонымен бірге осы күнге дейін оның мәнінің-толық ашылмауымен де анықталады. Біреулер шежірені жәй ғана бір рудың шежіресі деп түсінеді, енді біреулер оған генеалогиялық тарихи мән береді және бұл жерде біздің еңбегімізде осы уақытқа дейін шежіренің ашылмай қалған қызметін іздеу негізгі бағыт деп алдық. Қоғамда шежіренің өзектілігінен басқа зерттеудің ғылыми өзектілігі де бар, себебі қазақ қоғамының дәстүрлі әлеуметтік құрылымы мен рулық ұйымдарын зерттеу кеңестік тарих ғылымында дәріптелмеді. Бұл қазақ қоғамының объективті жазылған Қазақстан тарихының ресми нұсқаларына қайшы келуімен байланысты болды.
XIX ғасырда ауызша деректерден жазба нұсқаға айналуы жүреді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы отарлық саясаттың күшеюі салдарынан болған дағдарыспен сипатталатын қоғамдық саяси жағдай этноста тарихқа қайта қарауға, жалпы тарихтың мәні мен мағынасына үңілуге итермеледі. Шәкәрім Құдайбердіұлы былай деп жазды: «Қазақтың қайдан шыққанын білуге тырысып мен ұзақ уақыт бойы ол туралы естігеніммен көргенімнің бәрін жаздым». [2]
Дәл осындай себептер осы заманның басқа да ғалымдарын шежіре зерттеуге, жазуға итермеледі, олар Н. Наушабайұлы, М. Ж. Көпеев, Қ. Халид, М. Тынышбаев. т. б. Олар, тарихи білімдерді қалыптастыра отырып, өздерінің тарихнамасында тек қазақ халқының шығу тегі проблемасын қарастырып қана қоймай, білімді бекіту міндетін де шешіп берді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі : Қазақ шежіресінің ғылыми зерттелуінің деңгейіне қатысты айта кететін мәселе, ол қазақ шежіресін әр қырынан толық зерттеген ғылыми жұмыстардың тапшылығы.
Тарих ғылымы үшін ерекше орынға ие-Шоқан Уәлихановтың «Қырғыз шежіресі» атты еңбегі. Қазақ тұрмыс-тіршілігінің білгірі Мұса Шорманов Шоқанның өтініші бойынша, қазақ шежіресіне қатысты құнді деректер жинап, оларды кейін Г. Н. Потанинге ұсынған, ғалым бұл деректерді өз кітабында жариялайды. Зерттеуші Е. Масанов; «Бұл жиналған деректерден байқайтынымыз-Шоқанның қазақ шежіресіне маңызды тарихи этнография-лық құжат ретінде қарай отырып, оларға елеулі назар аударғандығы, »-деп жазады.
Қазақ тарихы мен қазақтардың шығу тегі туралы мәселенің аса маңызды мәселелердің бірі екендігін, оны жан-жақты зерттеп халыққа шындықты жеткізуді қажет ететіндігін ұғынған зиялылардың ішінде алғашқылардың бірі Міржақып Дулатов болды. Ғалымның «Түрік баласы» бүркеншікті атымен «Қазақ» газетінің 1913 жылғы ақпан айындағы санына шыққан «Қазақтың тарихы» атты мақаласында қазақтардың аталуы жайында: «Орыстың атты әскері Казак атанғандықтан біздің қазақ өзінің атынан айрылып, қырғыз аталып жүрмекші емес. Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ. Осы ғасырдағы ғылым жарығында көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағаныңдай және өзіміздің шарық газетіне ыңғайлы қылып «қазақ мәдинетін» құрып, бір жағынан қазақ әдебиетін тұрғызып қазақшылығын сақтамақшы»[3] - деуі ұлтының өзіндік болмысын сақтап қалуын атынан бастау керектігін ерекше атап өтеді.
Қазақ әдебиеті газетінің беттерінде зиялы қауым өкілдерінің 20-30 жылдары баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларының қайта жариялануы жұртшылықтың өз арыстарымен қауышуына жол ашты. Сондай қайта жарияланған мақалалардың бірі М. Дулатовтың кезінде 1923 жылы Орынборда шыққан «Қызыл Қазақстан» журналының 17-18 сандарында «Тарихи мағлұматтар» деген айдармен «Қазақ, қырғыздың ата-тегі туралы»деп аталған, М. Дулатовтың көлемді еңбегі болды. «Қазақ-қырғыздың тарихын жазуға кіріскенде, -дей келіп ғалым, - «қазақ», «қырғыз», «алаш», «үш жүз» деген аттар қайдан шыққан, қазақ пен қырғыздың тегі кім, бұлар қашаннан бері өз алдына жұрт болған, біліміміз жеткенше, . . . шешетін жұмбақтың бірі осы», -деп мақаласында ерекше көңіл бөліп, зерттейтін мәселелерін ашып айта келіп, өз тарихы мақаласы жайында «біз бұл туралы тапқан-таянғанымызды оқушылар алдына салып, . . . білгіштердің сынынан өткізіп алуды лайық көрдік»[4] деп атап көрсетеді. Бұл 1991 жылы мақала «Қазақ әдебиеті» газетінің бетінде Қ. Мұхамедханұлының ұсынысымен жарияланды.
Тарихнаманың кеңестік кезеңі революцияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өте ерекшеленеді, байқайтынымыз бұл уақытта ондай дәрежеде белсенді зерттеулерді болмағандығы. 20-шы жылдарда үлкен жаңалықтарға М. Тынышбаевтың еңбегін жатқызуға болады; 40-60 жылдары Х. М. Әділгереевпен А. Х. Марғуланның еңбектері; 70-80 жылдары М. С. Мұқанов пен В. Востровтың еңбектері жатады.
30-шы жылдардағы репрессия, ғылым мен тарихи зертеулерге жүргізілген идеологиялық диктат ғалымдарымыздың ғылыми-зерттеу жұмыстарын шектеткендігі тарихтан белгілі.
Сөз таниды деген көз ашық адамдар қуғын-сүргінге ұшырады, жойқын ашаршылықтың құрбаны болды. Бұдан кейін де талай жылдарға созылған халықтың көне тарихына, әйгілі адамдарына деген салқын көзқарас шежіре жайын одан әрі тұралатты. Шежіре мәселесін арнайы жүргізген ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің талай жылдар көлемінде атын атауға да тыйым салынып келді.
Қазақстан тарихының ұлттық тарих позициясынан зерттеген М. Тынышбаев пен Қ. Кеменгерұлы репрессияға ұшырады. ХХ ғасырдың 20-30-жылдары қазақ зиялыларының осы іспеттес тарихи еңбектері қазіргі таңдасол кезеңде оларды толғандырған мәселелерді анықтаумен, тарихты зерттеудегі ғалымдар ұсынған тарихнамалық, деректанулық әдістемелерді анықтауда тарихи құжаттық маңыздарға ие болып отыр. Бұл тұрғыда жазылған М. Тынышбаевтың «Қазақ-қырғыз материалдарына қосымшалар» атты еңбегіне өзі әдебиетші ғалым болса да ел тарихын тануда қомақты тарихи еңбектерімен үлес қосып жүрген Қ. Салғарин «М. Тынышбаевтың бұл еңбегі қазақ халқының тарихы емес, өзі әділ көрсеткеніндей, халықтың тарихын жазуға қажетті материал, шикізат»[5] -деп баға берді.
Ең алғаш болып қазақ фольклорын тарихи дерек ретінде зерттеген кәсіпқой-тарихшы Е. Бекмаханов болып саналады. Бұл бағытта зерттеу жұмыстары үшін Е. Бекмаханов 1951 жылы 25 жылға сотталды. 80-90 жылдары тарихи фольклорға бет бұрған Қазақстан ғалымдары В. П. Юдин, Ю. А. Зуев, А. Сейдімбек, С. Қасқабасовты, т. б. жатқызамыз.
Шежіретанушылар арасында өзінің ғылымдық жолын қазақ руларының тарихы мен жіктелу процесі мәселелерін зерттеуге арнаған М. С. Мұқановтың «Тарихтың өткенінен» [6] атты еңбегінің орнын ерекше атауға болады. Ғалымның «әр тайпаның тарихы-ол тарихи хроника, ал көп тайпалық хроникадан тұтас тарихы өткеннен бүгінгі күніне дейін қалыптасады» [7] -деп тұжырымдауы өз тарапынан шежіреге тарихи дерек ретінде дәйекті қарайтындығын білдіруі М. Тынышбаевтың «қазақ әрбір руының шежіресі алдын-ала білмей, сондай-ақ оның қай кездерде кімдермен арласқанын анықтап алмай, қазақ халқының тарихи тағдырының жалпы бітімін елестету мүмкін емес» пікіріне сәйкес екендігін көрсетеді. [8]
90-шы жылдары, тәуелсіздік алуымызға байланысты халқымыз өз тарихын, оның ішінде шежіресін зерттеуге мүмкіндік алды. Нәтижесінде, бірнеше жылдың ішінде кітап және мерзімді баспасөз түрінде ондаған рулардың шежіресі жазылып жарық көрді. Сөйтіп, «Ана тілі» газетінің қазақ шежіресіне, қазақтың әр ру-тайпаларының тарихына қатысты деректер жинай бастағаны жайлы жариялағаннан кейін, редакцияға көптеген хаттар, материалдар түсе бастады. Осы уақытта М. Сарсекеевтің «Тарақты және Қаракесек шежіресі, » З. Сәдібековтың «Қазақ шежіресі, » И. Исламұлының «Алтай шежіресі», Е. Есмағанбетұлының «Суан шежіресі», «Қоңырат шежіресі», т. б. көптеген шежірелер жарық көрді.
Жұмыстың деректік негізі: Бітіру жұмысының тақырыбына және студенттің алдына қойған мақсат-міндетіне сәйкес қарастырып отырған тақырыптың негізгі дерек көзін ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында жарық көрген қазақ ғалымдарының еңбектері құрайды. Олардың ішнде негізгі деректер деп Ш. Құдайбердіұлының, М. Ш. Көпейдің, К. Халидтің еңбектерін атап өтеміз. Сонымен қатар жұмыста «Айқап» журналмен «Қазақ» газетінің жинақтары пайдаланылды.
Бітіру жұмысына талдау жасау барысында Ш. Құдайбердіұлының қазақ халқының ата-тегіне қатысты. «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» еңбегінің орнын ерекше атап өтуге болады. Ата-тек жайлы деректер ел ішінде ауызша айтылып, таралғаны болмаса, оның бір жүйеге түсіріліп, арнайы түрде басылым көруі алғаш рет 1911 жылы Ш. Құдайбердіұлы еңбегінің арқасында жарыққа шықты.
Зиялардың әр қайсысы шама шарқын қарай өз білгендерін алдымен «Айқап», «Қазақ» сияқты газет-журналдарда жариялады. «Қазақ» газетінде Ә. Бөкейхановтың Ш. Құдайбердіұлының еңбегіне жазған сын-пікірі жарық көрді. Бұл Шәкәрім еңбегінің құндылығын жалпы түркі елдерінің ата-тегінің түп төркінін қамти отырып, қазақ халқының шежіресіне баса назар аударылып, ғылыми негізде жүйеленуде жатқандығын көрсетеді.
Шәкәрім Құдайбердіұлының тарихи шығармашылығында жазбаша шежіре дәстүріндегі батыс үлгісі, әсіресе, Н. Аристов, В. Радлов ықпалы байқалады. Біздің ойымызша, Шәкәрім Құдайбердіұлы шежіресі-ел аузын-дағы қазақ руларының тарихы. Тарихи тұлғалар, ірі тарихи оқиғалар халыққа белгілі болған, бірақ сол ел аузындағы тарихи деректерге мән берілместен ұмытылып қала берген, қағаз бетіне толық түспеген Құрбанғали Халидидің сөзімен айтқанда, «Кезіндегі бағзылар тарихты анығырақ түсініктеме беруге білімдері жете тұра, оған мән бермеген. Нәтижесінде мағынасы анық ел тарихы баяндалмады». Сондықтан да, қазақ шежіресінің жазба дәстүріндегі өкілдері Құрбанғали Халиди шығыс бағытында, Шәкәрім Құдайбердіұлы батыс бағытындағы зерттеуші болса, Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы ешбір батыс, шығыс тарихнамасында сүйенбейтін ел аузында сақталған тарихи деректердің жинағы. Дұрысы, Мәшһүр Жүсіптің өз сөзімен айтқанда: «Қазақ өзін арабтан шығарып, туғызып, пайғамбарға туысқан бауыр болғысы келеді дейді. Мына мен, Мәшһүр Жүсіп Көпей баласы осы сөзді жазып отырмын! Басқадай бал ашып түлкідей түс көріп, жауырын жағып, құмалақ салып айтып отырғаным жоқ. нұсқалардан көрумен, кәрі құлақтан естумен өз білгенімді шамам келгенше қорытып, шыңдап, тыңдап айтып отырмын» дейді. . [9]
Еңбегімізде пайдаланған Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіптің еңбектерінің дерек ретінде маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қазақ зиялыларының шежіреге тарихымыздың бастауы ретінде қарауы тегін емес. Себебі, қазақ тарихы ауыздан-ауызға шежіре айту дәстүрі бойынша беріліп отырған.
Шежіре немесе ауызша тарих айту дәстүрі қазақ халқы тарихының негізі деуге болады. Алайда, Ресей империясының тарихи санамызды жоюға бағытталған саясаты әсерінен шежіреге дерек көзі ретінде қарау дәріптелмеді. Себебі, шежіре халықтың тарихи жады еді. Бітіру жұмысының мақсаты шежіреге қазақ тарихының дерек көзі ретінде талдау жасау. Бұл ретте біз қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойларына тоқтала отырып, шежіренің тарихи құндылығын ашып көрсетуге тырыстық. Осы мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
революцияға дейінгі және Кеңестік кезеңдегі қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойларына талдау жасау;
тәуелсіздік жылдарындағы қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойларына талдау жасау;
Тақырыптың маңыздылығы . ХХ ғасырдың соңғы15 жылында орын алған ірі саяси оқиғалар барысы әлем дамуы тарихын күрт өзгертті. Дүние жүзіне үстемдік жүргізген Кеңес үкіметінің әкімшіл-әміршіл жүйесі жойылып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы өркениеттік дамуы жолына түсті. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Қалай болғанда да саяси төнкерістер, өзгерістер қоғамымыздың рухани гүлденуіне жол салып, рух бостандығы тұмшалаған халықтың тарихи сана сезімінің оянуына негіз болды.
Өз тағдырын болашағын, қолға алған халық алдындағы біздің басты міндетіміз өткеннен тағлым ала отырып, жергілікті халықтың тарихын оның төл деректері негізінде қайта жазу. Ел тарихының объективті зерттелуі дерек-тану ғылымының дамуымен тікелей байланысты.
Ұлттық санасы қалыптасқан һәм өткен тарихына тағлым ала білген халық қана өз дербестігін сақтай алады. Ұлттық рухты шындайтын да, Ұлттық идеологияны қалыптастыратын да, тарихи сананы жаңғыртатын да арна-жәдігерлер.
Хронологиялық шеңбері: Бітіру жұмыстың хронологиялық шеңбері ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басын қамтиды. Яғни, революцияға дейінгі кезеңнен бастап кеңестік дәуірдегі қазақ зиялыларының шығармаларына талдау жасауға арналады. Сонымен қатар жұмыста тәуел-сіздік жылдары жарық көрген қазақ ғалымдарының еңбектеріне талдау жасалды.
Жұмыстың методологиялық негізі: Қ. Халид, Ш. Құдайбердіұлы, М. Ж. Көпей, Н. Наушабайұлы, М. Тынышбаев сияқты авторлардың жазба нұсқаларындағы шежіре материалдары осы уақытқа дейін ғылыми анализсыз қалып отыр. Ал ол болса, өз кезегінде осы деректерден көптеген тарихи мәліметтерді алу үшін қажетті, методологиялық әдіс-тәсілдердің жетілмегендігін дәлелдейді.
Қазақстан тарихы-европалық ғалымдардың ұғынуы бойынша ұсынылып келді. Тек қана жазба деректерге сүйену керек деген біржақты ұғым қалыптасты. Осындай біржақтылық қазақ тарихын жарыққа шығаруда субъективті болуына алып келеді. Бітіру жұмысын қарастыру барысында хронологиялық, салыстырмалы тарихи талдау жинақтау және қорыту, ретроспективті әдістер қолданылды. Тарихнамалық талдауда салыстырмалы тарихи әдіс-кеңестік үкіметтің жүргізген саясаты ұлт мүддесінің тәртібі мен әдістемесіне нұқсан келтіргенін байқауға көмектесті. Сонымен қатар ретроспективті тәсілдің маңызы зор. Ол тәсіл өз уақытында қазақ зиялыларының тарих ғылымына, оның ішінде-ұлттық жәдігерді зерттеуде жеткен жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Бітіру жұмысының құрылымы : Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың маңыздылығы, өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу деңгейі, деректік негізі т. б. айтылған.
Бірінші тарауда. революцияға дейінгі кезеңдегі қазақ ғалымдарының-Шоқан, Шәкәрім, Міржақып, Құрбанғали, Мәшһүр Жүсіптердің шежіре туралы ойлары мен ғылыми тұжырымдары, шежіре зерттеуде, жариялауда жеткен жетістіктері жайлы сөз қозғалды. Сонымен қатар, кеңестік кезеңде жүргізген зерттеу жұмыстары үшін қуғын-сүргін саясатының құрбаны болған М. Тынышбаевтың еңбектері қарастырылды.
Екінші тарауда-тәуелсіздік алғаннан кейін, төл тарихымызды зерттеуге мүмкіндік алған, қазақ халқының шежіре танушылығын тарихи дерек ретінде қарастыра отырып, ғылыми айналымға енгізуде, жариялауда еңбектенген көптеген ғалымдардың еңбектері, «ғылыми тұжырымдары» айтылады. Соңында жұмысқа қорытынды жасалынды.
Жалпы көлемі: 45 бет.
І-тарау. Революцияға дейінгі және Кеңестік кезеңдегі қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойлары
Шежіре-тарих атты ғылымның бір саласы ғана емес, тарихты толық танытар ғылыми қайнар көздердің бірі десе де болады. Сондықтан да, кез келген халық өзінің тарихына, тарихи-ұлттық генезисіне барлау жасағанда халықтың шежіресін кесіп өтпейді. Оған міндетті түрде тоқталып отырады.
Қазақ тарихында әлі де болса өзінің шынайы шешімін таппай келе жатқан көптеген қиын проблемалардың бірі-қазақтың тегі. Бұл мәселеге байланысты оның этникалық тарихын ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеу мәселесі екендігі кімге болса да аян. Ғылымдағы мұндай күрделі мәселені шешу ісін мойынға алу қандай жауапты болса, оның нәтижесі де сондай маңызды, ғылым тарихы үшін ауадай қажет.
Бұл туралы ХІХ ғасырдың басында қазақ ғалымдары өздерінің ойларын айтып кеткен.
ХІХ ғасырдың ортасында «Қазақ шежіресі» деген арнайы еңбек жазып, шежіре туралы ғылыми мұра қалдырған Шоқан Уәлиханов екені белгілі. Ол: «Қазақтардың әрбір ру басыларының өз ру тайпасының шежіресін-шыққан тегін, елдің әдет-ғұрпын, заңдарын, ескі жырларын, халықтың басынан өткен тарихи жағдайларды көп жасаған ақсақалдардан иждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік өнерін шындауда көптеген аңыз-әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайды. Сондай дайындығы бар билердің аузынан шыққан сөздерді халық ұйып тыңдайды, ол нақтылы сөздердің мәні өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнеге, тәлім-тәрбиелік, патриоттық мазмұнында болып келеді. », -десе, [10] қазақтардың рулық құрылымымен әлеуметтік қатынастардағы атқаратын рөлі туралы: «Мұралардың маңызды бөлігін шежірелік мұралар құрайды. Бұл мұралар негізінде ру тұрмысы тұр. Рулардың өзара қатынастары ру-басылардың туыстық деңгейімен жалғасады. Бір тайпаның ақсақалдары екіншісінің алдында ата-бабалардың алғашқы физикалық туыстық құқығымен айқындалады. Бұл тайпаның мұралары халықтың құрамы мен құрылысын көрсетуімен құнды»-дейді.
Сонымен қатар, ғалым өткен ғасырдың орта кезінде халық арасында бой көрсете бастаған келеңсіз жағдайларға көңіл аудара келе, «Өкінішке орай, енді бір он жылдан соң, бұрын осылай болып еді, енді содан не қалды дейтін де уақыт алыс емес сияқты, біздің халық қалай тез өзгеріп, құбылады десеңші!»-дейді. [11] Көп ұзамай-ақ өмір шындығына айнала бастаған бабамыздың бұл қаупін көріпкелдік дейміз бе, жоқ әлде ғалымға тән ғылыми болжам дейміз бе? Әрине соңғысы.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында шежіре жинау және шежіретану ісімен Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Нұржан Наушабайұлы, Құрманғали Халид, Мұса Шорманұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы және тағы басқалар айналысты. Құрбанғали Халид пен Шәкәрім Құдайбердіұлы өздері жинаған шежірелер негізінде тарихи еңбектер жазды. Демек, шежіретану негізі бізде ХІХ ғасырдың ортасынан басталып, ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастаған.
Ұлтымыздың аяулы, зиялы қауымы түрлі қиыншылықтарға қарамастан көптеген бейресми басылымдарды да өмірге әкеле бастады. Осындай бейресми басылымдардың бірі және алғаш қазақ журналы болып саналатын «Айқап» журналы еді. «Айқап» журналы 1911 жылы қаңтарда Мұхамеджан Сералиннің редакторлығымен 1915 жылдың қыркүйегіне дейін Троицк қаласында «Энергия» баспаханасында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған.
Дәл осы «Айқап» журналы бетінде сол уақытта-ақ Шежіре, яғни «Қазақ шежіресі» туралы ой қозғалып, мақалалар жарияланып, ол мақала авторларының ойларының бір-біріне қайшы келген кездері де болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz