ЫРЫС АЛДЫ - ЫНТЫМАҚ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАҚ
Тепкісінен ғасырдың жаңа тұрған еліңді,
Демеуге тос беліңді, сүйеуге төк теріңді
Байлық, бақыт – барлығы басқа қонар күн алда,
Азат елдің ұл-қызы, арттым саған сенімді.
О.ӘЛІБАЕВ
Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік.
Тәуелді ұлт бұл байлықтың бәрінен айырылып бейшара болады.
Ә.НҰРШАЙЫҚОВ
Тәуелсіздік - азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші.
Тәуелсіз елдің ұлы - өжет, қызы - қайратты, халқы - қаһарман!
Ә.НҰРШАЙЫҚОВ
Тәуелсіздің тынысы тарылмайды, тәуелдінің тұншықпасы айрылмайды.
Тәуелсіздер тойын қуанышпен тойлайды, тәуелділер азаттықты қалай алуды ғана
ойлайды. Тәуелсіздік тойын тойла, тойлай жүріп оны өркендетуді ойла. Оған
өзіңнің қосар үлесіңді пайымда!
Ә.НҰРШАЙЫҚОВ
Ырыс алды – ынтымақ
Бірлігі күшті ел озады,
Бірлігі жоқ ел тозады.
Халық нақылы
Жоспар:
I. Кіріспе.
Халық даналығы – ынтымақ негізі
II. Негізгі бөлім:
1. Бірлік – елдіктің негізі
2. Еліміздің кемелденуі - ұлы достықтың нәтижесі
3. Ынтымақ - игі істер бастауы
III. Қорытынды
Елімнің ырыс қазығы – ынтымақ

Ынтымақ, бірлік, татулық - біз үшін бағалы нәрсе. Оның мәнісін "Ырыс
алды – ынтымақ", "Бірлік бар жерде тірлік бар", "Ынтымақсыз іс бітпес" тағы
басқалар сияқты халқымыздың терең ой түйетін мақал-мәтелдерінен-ақ аңғаруға
болады. Осынау тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні берілген қысқа әрі нұсқа
мақалдардың өзінде бір шығармаға тұрарлық дүние сыйып тұр.
Татулық, ынтымақ, бірлік туралы қазақ елінің даналық сөздерінде, мақал-
мәтелдерінде, шешендік өнерінде көп айтылған. Ел үшін ынтымақ, бірліктің
алатын орны ерекше екенін Төле бидің бір жебенің тез сынып, көп жебенің
оңай күшпен сынбайтынын мысалға келтіре отырып, Шақшақұлы Жәнібекке айтқан
ақылымен жеткізгенін көреміз. сонымен қатар халқымыздың "Көп түкірсе көл",
"Көп қорқытады, терең батырады", "Екі шала айдалада жанады, жалғыз шала
пеште де өшіп қалады" деген мақал-мәтелдері де ынтымаққа үндейді.
Еліміз құт-берекелі болу үшін, істеген істің алға жылжуы үшін бірлік
пен ынтымақ керек.
Тәуелсіздік алған он жылда еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Ел
өміріндегі мәнді оқиғалардың бірі - Қазақстан халықтары Ассамблеясының
дүниеге келуі және бірнеше ұлттық орталықтардың жұмыс істеуі. Қазақстанда
тұратын үш жүзден астам ұлт өкілдері бір-бірімен тату тәтті өмір сүруде.
Оған дәлел біздің ауданымыз, соның ішінде өзім тұратын Дардамты ауылында
қазақ пен ұйғыр ұлттары өте тату тұрады, тіпті бірінің тілін бірі еркін
түсінеді, той жыры да ұқсас. Көршілігін қойғанда құдандалы, жекжат, туыс
болып кетуі де еліміздегі ынтымақтың жемісі деп білер ем. Еліміздің
кемелдене, сеніммен алға басып келе жатуы бір жағынан ұлттар достығының
арқасы деуге болады. расында да "бір жағадан – бас, бір жеңнен - қол"
шығарған ел табысқа жетеді, қуанышқа кенеледі. Дәл осындай сара жолмен келе
жатыр деп біздің елімізді айтуға болады. бірлігі берік елдің тәуелсіздігі
де тұғырлы болатынына халықтардың көзі жетті. Жыл сайын 1 мамыр Қазақстанда
тұратын халықтардың бірлігі күні болып тойланып келеді. Елбасымыздың 1999
жылды "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы" деп жариялауында да көп мән
жатыр.
Еліміздің Мемлекеттік Әнұранында "Татулық - достықтың киелі бесігі"
деген жолдар бар. Қандай керемет айтылған ойлар десеңші. Бір ауыз сөзбен
ынтымақ дегеннің не екенін ашып берді. Ынтымақ - ырыстың бастауы, ынтымақ -
берекенің бастауы, ынтымақ - мерекенің бастауы. Осындай көп істің бастауы
болатын ынтымақ пен бірлік бізге ауадай қажет. Ынтымақ дегеніміз "Ырыс",
"Тыныштық", "Достық", "Береке", "Мереке" сияқты өзеннен бастау алатын киелі
бұлақ іспетті. Сол бұлақтан сусындап досты да, қасты да ұлт деп бөлмей,
бірлікке, ынтымаққа шақыра білу – біздің парызымыз. Ынтымақ пен бірліктің,
адалдықтың ақ жолымен жүрсек, бізге ешқандай тосқауыл кедергі бола алмайды.
Егеменді еліміздің ертеңгі болашағын ойлағанда осы мәселеге мойын бұра
кетпесек болмайды.
Жоғарыда айтып өткендей, көп ұлтты Қазақстан үшін бірлік ауадай қажет.
Көп ұлтты ағайынды адамдар көк ту астында жұмулы жұдырықтай бірлікте болса,
еліміздің өзгеге үлгі болуына, гүлденіп көркеюіне себін тигізеді, тигізіп
келеді де. "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі
келеді" дегенді халқымыз біліп айтса керек.
Қорыта айтқанда, еліміз өркендесін, көсегесін көгертіп, өркениетті
елдер қатарына қосылсын десек, тек тыныштық пен бақыт болсын десек, барлық
ұлтпен мақсатымыз, мүддеміз бір, бірлігіміз берік болуы қажет. Ендеше
басымызға қонған бақытымыз – бірлігіміздің берекесі арта берсін делік!
Кең байтақ жатқан жеріме,
Көп ұлтты дархан еліме
Толысып, пісіп, жетілді
Ынтымақ дәні себіле.

Еліміз біздің жас әлі
Әлі көп белден асады.
Татулық, бірлік болса егер,
Ұмтылып алға басады.

Бірлікпен саған, маған із
Салыпты ата-бабамыз,
Болашақ күнге біздер де,
Бірлікпен кетіп барамыз, -
деп өз шығармашылығымды осы бірлік, ынтымаққа арнаймын.

Ырыс алды – ынтымақ
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Халық мақалы
Ерте заманнан – ақ осынау ұлан - ғайыр даланы мекендеген көшпелі
халыққа көршілерінің көзқарасы ерекше болды. Кішкене ғана хандық билеп
отырған кең даланы еш қиындықсыз басып алмақ болған олардың тұмсығы талай
рет тасқа тиді. Халқымыз қанша ержүрек болғанымен, күшті күштілігін
істеді...
Ғасырлар бойы еркіндік үшін күресіп келе жатқан қазақ халқынан Ресей
патшалығы да, Кеңес Одағы да сескенді. Алғашында басыбайлықтан босаған орыс
шаруаларын көшіріп әкеліп, шұрайлы жерлерін тартып алмақ болды. Ал кейіннен
біржолата елдігінен айыру үшін басқа да көптеген халықтарды қоныстандыру
әрекетін жүргізді. Тың игеру, алып өнеркәсіп орындарын салу, тағы басқа
себептерді сылтауратты, орыс, шешен, украин, корей, неміс сияқты әр ұлт
өкілдерін зорлықпен жер аударды. Сол ұлттардың жалпы саны жүзден асады.
Бірақ Кеңес Одағының қазақ халқының арасына іріткі салу ниеті іске аспады.
Туған жерінен айырылып, мүсәпір күйге түскен ағайындарға әрқашан
қонақжайлылығымен ерекшеленетін халқымыз туысқандық қолын созды. Оларға
баспана салуға көмектесіп, бір үзім нанды бөлісіп жеді. Осындай қиын
кезеңде бөтенсітпей, қарсы алған қазақ халқына олардың алғысы шексіз еді.
Біздің Еңбекшіқазақ ауданында қырықтан астам ұлт өкілдері тұрады.
сондай ұлттар достастығының айқын бейнесін алыстан іздемей-ақ, өзімізден
табуға болады.
Ұйғырлар – осы аймақта ең көп қоныстанған ұлт. Бау бақша мен сауда
ісіне бейім еңбекқор халыққа Жетісу жері құтты қоныс болды. осындағы
қазақтарға да өз кәсіптерін үйретіп, өздері қазақтардан мал бағуды үйренді.
Мәселен, Шелектегі әр қазақ үйінен ұйғыр тандырын, ал ұйғырдың үйінен малға
толы қораларды көруге болады. діні мен тілі бір екі туысқан халық осылайша
тату – тәтті өмір кешіп жатыр.
Менің ауылдағы әжемнің көршісі - қазіргі заманның ыңғайына
бейімделген, балалары ер жетіп, немере сүйіп отырған орта жастағы ұйғыр
ағайындар. Сол көршілеріміз жаңадан Қазақстанға көшіп келген де, әжем
аяқтарынан тік тұрып кеткенше, жас балаларын өзінікіндей көріп, қол ұшын
берген екен. Қазір одан бері неше жыл өтсе де, олар әжемнің сол бір
жақсылығын ұмытпай, үйіне кісі шақырса, төрге отырғызып, тұмауратып қалса,
ауық-ауық көңілін сұрап тұрады. Ал менің бір досымның атасы репрессия
кезінде үш ұйғыр азаматын үйіне жасырып аман алып қалған екен. Міне, бұл -
жай бір ауылдағы халықтар достығының көрінісі. Осындай ауылдар Қазақстанның
кең байтақ жерінде қаншама?!
Дүниежүзілік тәрбие бойынша Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекеттің
дамуы оңай емес болып саналады. Өйткені ондай мемлекеттің халықтарының
бәрінің діні, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бірдей болмайды. Сол себепті ұрыс-
жанжал, қақтығыстар туады. Оған мысал – Израиль, Югославия, Ресей.
Құдайға шүкір, Қазақстан ондай елдер қатарына жатпайды. Қайта бұрынғы
Кеңес Одағы республикаларының ішіндегі экономикасы ең дамыған мемлекет
болып саналады. Бұған халқымыздың бірлігі, ел басшысына сенімі зор ықпал
етеді. "Бірлік болмай, тірлік болмас," – деген екен бабаларымыз. Бұдан да
биік белестерден асу үшін біздер қазақ, орыс, ұйғыр болып бөлінбей, тек бір
қазақстандық деген тудың астында еңбек етуіміз керек. Сонда ғана өркениет
пен байлықтың аулы соншалықты алыс болып көрінбейді.
Төлеулиев Сырым
Абай атындағы орта мектеп
Еңбекшіқазақ ауданы

Ырыс алды – ынтымақ
Бірлігі мен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарқыраған жарық күн!
Ырыс, дәулет, бақыты үшін халқымның
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!
Т.Рахимов
Жоспар:
I. Кіріспе.
Бірлік. Татулық. Ынтымақ.
II. Негізгі бөлім:
1. Асқақ рухтың айнасы
2. Ынтымақты ел – сарқылмас көл
3. Ынтымақ барда, ырыс қашпайды
III. Қорытынды.
Тәуелсіздік – ытымақтың, бірліктің жемісі

Бірлік. Татулық. Ынтымақ. Бейбітшілікті басты бағдар еткен жұмыр
жердің бетіндегі кез-келген халық бір арнаға тоғысатын осынау қасиетті үш
ұғымның қадірін жақсы біледі. Олардың аңсаған арманы да, тілейтін тілегі де
– ең бірінші осылар.
Бейбітшілік. Әрдайым көңілдерге нұр себетін, жүректерге жыр төгетін
осы бір жалғыз ауыз сөзде қаншама жылылық, қаншама ұлылық бар десеңізші!
Бейбітшілік туралы айтсақ, сөз бітпейтін сияқты. Бейбіт өмір сүру - әр
халықтың арманы емес пе?
Бейбітшілік – халықтар достығы, ұлы достықтың қайнар бұлағы. Достық -
біздің алып күшіміз.
Тәуелсіз мемлекетіміз – бейбітшіліктің берік тірегі, бақытты
шамшырағы, азаттықтың Отаны. Ол – сонымен қатар, халықтар достығының
құрыштан құйылған берік қамалы.
Рухы күшті халқымыз, барша қазақстандықтар "Қазақстан – 2030"
стратегиялық бағдарламасын іс жүзіне асыру жолында бірлік пен ынтымақта,
татулық пен достықта өмір сүріп, егеменді еліміздің құрылысына белсене
қатысуда. Сан ұлттың өкілдері "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып",
тату-тәтті өмір сүруде. Соның жарқын үлгісіндей, тілі басқа болса да,
тілегі бір, жүзі басқа болса да, жүрегі бір қазақстандықтар өнегелі
істердің өркен жаюына ұйытқы бола білуде.
Рух - қай халықтың болса да, оның алтын діңгегі, ұлттық санасының
негізі, іргетасы, тектілік белгісі, қозғаушы күші, азғындыққа жол бермейтін
тегеуріні. Рух пен тағдыр - әр заманда да үндес, сабақтас, сын сағатта
тарих таразысына да түсетін солар.
Атамыз қазақ қашан болса да рухтың жоғары болғанын қалаған. Бата-
тілегінің өзі "Ата-бабаның аруағы қолдасын, рухың биік болсыннан"
басталады.
Қазақ көгіне үркердей болып шыққан Ұлы жүздің төбе биі Төле, Орта
жүздің аға биі Қаз дауысты Қазыбек, Кіші жүздің орда биі Әйтекелердің
Ордабасыдағы 1726 жылғы ұлы мәмілесі - ұлттық биік рухтың нәтижесі. Бұл
сұрапыл соғыста құдіретті күш – бірлік жеңді.
"Ынтымақты ел – сарқылмас көл" деп біздің ата-бабаларымыз бекер
айтпаған.
- Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін
Жат бойыңнан түңілсін, - деп ХVІІІ ғасырда
өмір сүрген Абылай ханның тұстасы, қазақ жыраулар поэзиясының ірі тұлғасы
Бұхар жырау да халқымызды бірлік, ынтымақ, татулыққа шақырған.
ХVІІІ ғасырдың 30 жылдары еліміздің шығысындағы шекаралас жоңғар
тайпалары бірігіп, күшті Жоңғар мемлекетін құрды. Одан ғасыр бұрын да бұл
көшпелі тайпалар қазақ жеріне көз алартып, елді мекендерімізге талай
тонаушылық жорық жасаған.
Елім, жерім, ұлтым, тілім, дінім, ділім деп жаны күйзеліп, ертеңін
болжаған бабаларымыз бірлікке ұмтылды, есін жинап, намысқа тырысты.
Бұл дәуірде ұлт-азаттық көтерілістің ұйытқысы болған, ел жұртының
бостандығын көксеген данышпан, қайраткер хандар, бір басына қолбасылық пен
даналық дарыған, қаһармандықпен қол бастаған батырлар, шаршы топқа түскен
шешендер, жыраулар аз болған жоқ. Олар ынтымағы, бірлігі бар ел ғана өз
тәуелсіздігін сақтап қалатынын жақсы білді.
Туған жерінің тағдырына бір ғасырдан артық созылған соғыста араша
болып, желкілдеген ту көтеріп, желекті найза ұстаған Қарасай, Қабанбай,
Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Райымбек сияқты баһадүр батырлар ел намысын
қорғап, қазақтың бөрілі байрағын ынтымақтың, бірліктің арқасында
асқақтатты.
Аңырақай шайқасы жүз-жүзге бөлініп, бытырап жатқан қазақтың азатты ұлт
болып, одан сайын ұйысып, бірігіп шыңдалуына, ортақ мүддені биік ұстайтын
ұлттық сана қалыптастыруына тарихи бағасы зор, үлкен себеп болды.
Қазақтар өздері шексіз сүйген атамекенін, ата-бабасының басы жатқан
жусанды даласын, асқар тауларын, ұлан байтақ өлкесіне нәр берген айдын
көлдерін, асау өзендерін қорғады. Сергелдеңге түсіп, сенделіп кеткен елді
қайта намысқа шаптырып, басын біріктірген, күллі қазақ атаулыны бірлікке
әкелген ханды да, қараны да, байды да, кедейді де жан пидаға апарған осы
Атамекен болатын.
Содан бері уақыт та көз алдымыздын зымырап өте шықты.
Қазіргі қазақ жері көп ұлтты десек те, сол халықтардың туып-өскен жері
әр түрлі болғанымен, олардың бәрі Қазақстанды өз Отаны санайды. Сондықтан
да әр ата-ана ер жетіп келе жатқан ұл-қызына елінің, жерінің абыройы үшін
күресе білуді, адам болуды, татулықты сақтауды үйретеді. Қазақтар ғана
емес, елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері де Республикамызды айрықша
мақтан етеді. Ұлан-байтақ жеріміз - ұлттар достығының, ынтымақ пен
бірліктің бесігі екенін мақтан тұтамын.
Егеменді Қазақстанда жүз жиырма алты, ал біздің ауданымызда отыздан
астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әр ұлттың өзіне тән ата дәстүрі, ана тілі
бар. Әрбір өзін-өзі сыйлайтын ұлт өз болмысын сақтай отырып, өзге ұлттың
өзіндік қажеттеріне құрметпен қарайды.
Біздің Отанымыз жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын
жарастырып отырған мемлекет. Егеменді ел болып, еңсесін енді-енді тіктеп
келе жатқан жас мемлекет үшін халықтың бірлігі ауадай қажет.
Қазақстанда тұратын басқа да халықтармен бірге еліміздің көркейіп
нығаюына, халқымның әл-ауқатының артуына, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуге
үлес қосуды басты борышым деп санаймын. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ұрпақтың тәрбиесiне терең үңiлетiн уақыт келдi
Мақал – мәтелдер туралы ақпарат
Мақал - мәтелдер арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу тәсілдері
Халық педагогикасының мәні
Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары
Халық педагогикасының асыл арналары
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін мақал-мәтелдер негізінде дамыту.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ
ЖАЛПЫ МАҚАЛ - МӘТЕЛ ТУРАЛЫ
Пәндер