Қазанда хан
Толықтыру керек
ЖОСПАР
Кіріспе 1
Жәңгір ханның қысқаша өмірбаяны 3
Жәңгір ханның ағартушылық қызметі 9
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 15
Кіріспе
Жәңгір ханның Орда қазақтарына жасаған ең үлкен ізгілігі – мектеп
ұйымдастыруы еді. Орхон-Енисей жазбалары, араб оқуымен заманында
сауаттанған халықтың тарихын қозғағанда тұңғыш деген сөзге жармаса беру –
көз көрмес, қол жетпес қашықта қалған мәдениетімізге топырақ шашып,
бүгінгінің күлін көсегендей әсер ететіні бар. Ал Жәңгір мектебі шынында
қазақ топырағында орыс тілінде дәріс беретін тұңғыш оқу орны боп қаланды.
1841 жылы 6 декабрьде алғашқы оқушысын қабылдаған. Мұнда діни дәрістер мен
қатар орыс тілі, арифметика, жағрафия, тарих, физика т.б. пәндер өтілген.
“Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевский дегеннің қолында өседі.
Орысша, арабша, парсыша жақсы тәрбие алды. Өткен замандағы арабтың
салтанатты патшалары, орыстың Романынан шыққан патшалары Жәңгірге үлгі
болды. Қазақтың салты, қазақтың тұрмысы, әдеті, заңы туралы Жәңгірге
тәрбиешілер, әрине, бір ауыз да айтқан жоқ. Жәңгір өзімшіл, патшашыл,
орысшыл, діншіл болып, ел билеу туралы, қазақ жайын дым білмейтін болып
шықты”, — деп жазды 1925 ж. Халел Досмұхамедұлы.
Хан 1830 жылдан бастап патша өкіметімен келісе отырып, жерді жеке
меншікке беруді кеңінен қолдана бастады. Құнарлы, сулы жерлерді сұлтан,
қожалар, молдалар, байларға берген. Жәңгір шаруаларға алым-салықтың да неше
бір түрін шығарып, жалпы санын 20-ға жеткізді делінеді: соғым, зекет,
пітір, құшыр, т.б. Жәңгір хан өзінің 12 биін ұстауға, хатшыларын,
молдаларын, атшабар, тілмаштарын асырау үшін елден алым-салық жинаған.
1824 жылы хан тағына отырған Бөкейдің баласы Жәңгір патша
әкімшілігінің толық қолдауына сүйене отырып, халықтың қоғамдық өмірі мен
тұрмысының жекелеген жақтарын, сондай-ақ жергілікті басқарудың дәстүрлі
жүйесін пәрменді түрде қайта құра бастады. Ол көшпелілердің отырықшылануын,
олардың хуторлар салуын, қырда пішен шабу мен ағаш өсіру ісін, малдың
жергілікті тұқымын жақсартуын және ауыл шаруашылығы құрал-саймандарын
алдыруын, мектептер, училищелер, мешіттер ашуын және ауылдарда молдалар
санының артуын, сауданы және басқарудың бюрократиялық формасына көшуді
көтермеледі. Ол патша өкімет орындары мен жергілікті қазақ шонжарларының
мүдделерін жана әдістермен ұштастыруға күш салды.
1827 жылы Жәңгір хан Нарын құмындағы Жасқұс мекенінде тұрақты Хан
ордасы құрылатынын және Орданы осы орталықтан басқарғысы келетінін
жариялады. Он жылдан кейін онда 40, ал 1846 жылға таман 89 ағаш үй салынды.
1841 жылы хан Торғын өзенінде жазғы орда салдырды. Бес жыл өткен соң онда 9
ағаш үй болды. Ханның үлгісімен, сондай-ақ оның нұсқауы бойынша сұлтандар,
билер мен старшиндер үй салдыра бастады; шаруалардың кейбір топтары да
жертөлелер салып алды. 40-жылдардың аяғына таман Орданың түрлі жерлерінде
халықтың үштен екі бөлігінің қысқы тұрғын үйлері болды".
Патшаның өзінің нұсқауы бойынша қазыналық заводтардан 1829 жылы Ордаға
20 айғыр бөлінді. Жәңгір хан Кавказдан осынша асыл тұқымды жылқы алдырды.
15 жыл өткен соң жергілікті жылқының жақсартылған тұқымының саны 30 мыңға
жетті. Олар Дон және Жайық казак әскерлеріне беріліп тұрды.
Медресе мен ауылдық бастауыш мектептердің салынуы, балаларды оқуға
Астраханға, Саратовқа және Қазанға, Ішкі Ордадан келетін балалар үшін 10
орын арнайы ашылған Орынбордағы Неплюев кадет корпусына жіберу Жәңгір
саясатының бір бөлігі болды. 1841 жылғы 10 апрельде ру билеушісі Шүке
Нұралиевке жолдаған хатында ол былай деп жазды: Ғылым қазірдің өзінде зор
пайда келтіріп отырса, біздің немерелеріміз онсыз жақсы өмір сүре алмайды,
сауатсыздарды, орысша білмейтіндерді ру бастығына және басқа лауазымдарға
қоймайтын болады, осыны туыстарыңыз бен достарыңыздың бәріне, қажет деген
адамдарыңыздың бәріне ұғындыруға ыждаһаттаныңыз. 1841 жылғы 6 декабрьде
Хан ордасында жыл сайын 30—40 шәкірт қабылдайтын орыс-қырғыз училищесі
ашылды. Бірқатар ретте орыс тілін оқытатын бастауыш мұсылман мектептері ірі-
ірі ру коллективтерінің бәрінде құрылды. Мұның өзі заман талабы болды.
Жәңгір ханның қысқаша өмірбаяны
Жәңгір (1801 — 9.6.1845) — Бөкей ордасының ханы (182123 — 45), Бөкей
ханның баласы.
1815 ж. Бөкей қайтыс болады. Оның жас баласы Жәңгір (1801—1845) хан
болып сайланады. 1823 жылға дейін елді Жәңгір жас болғандықтан, Бөкейдің
інісі Шығай сұлтан биледі. Шығайдың заманында елдің қонысы едәуір тарылды.
Қазақ шаруалары жайылым, өзендер бойындағы бос жерлерді жайлауға, не
суаттарды офицерлерден жалдап алуға мәжбүр болды. Орал әскері жерінің
жайылымын, суатын жалдап алуға байлардың ғана мүмкіндігі болды. Шаруа
арыздарын жергілікті патша әкімшілігі тыңдамады, дауды ылғи өз пайдасына
шешіп отырды. Қыста шеп тұрғындары шаруаларға пішендерін сатып, әрбір шана
шөпті 6–20 сомға дейін қымбат бағамен өткізді.
Сөйтіп, сол кездегі патша офицерлерінің мойындауынша, қазақ шаруалары
екі оттың ортасында қалды. Отарлық әкімшілік өз үстемдігін іске асырып,
бұратана елге қысым-зорлық, озбырлық күш көрсетуі тоқталмады.
Сонымен жайылым, суат, орман, қыстауға қолайлы өңір мәселесі қазақ
шаруалары үшін көкейтесті, шешілмес іс болып, олардың шаруашылық, тұрмыс
жағдайын күйзелтіп, қайыршылыққа әкелді. Мұнымен шектелмей, Орал әскерінің
атаманы қазақ шаруаларына егін салуға, жер үй салуға, ағаш шабуға, балық
аулауға, көптеген сордан тұз алуға да тыйым салды. Отаршылдардың бір тобы
басы губернатор Эссен, Сухтелен, Перовский болып қазақтардың егінмен
шұғылданып, отырықшылануы мал шаруашылығының дамуына кедергі болады деп
санады.
1836 ж. губернатор Перовский басшылығымен 550 казак жасағы құпия
дайындалып, Бозашы және Адай ауылдарына “қарақшыларды жазалаймыз” деген
сылтаумен шабуыл жасап, бейбіт елді үш апта бойы талады. Сөйтіп, олар 7 мың
қой, мыңға тарта түйені айдап әкетеді. Патша әкімдеріне керегі екі халықтың
еңбекші бұқарасын бір-біріне қарсы қойып, ұлт араздығын қоздыру, татар,
башқұрт, қыпшақ, қарақалпақ, ноғай еңбекшілерін де патша офицерлері
қазақтарға қарсы қойып, әдейі жер таласын тудырып, өзара шапқыншылық
ұйымдастырып тұрды.
Жоғарыда айтылғандай қазақтардың Жайықтан әрлі-берлі өтіп, көшіп-қонып
жүруі Оралдың әскери кеңсесі мен патша әкімшілігіне ұнамады. Олар Ішкі
ордадан Кіші жүзге көшуге тыйым салып, арнайы билет жүйесі енгізілді. Бұл
билеттен тек 1836 ж. 50 мың сом жиналып, Орынбордағы Неплюев әскери-
офицерлік училищесін жарақтандырды.
1823 ж. 20 қарашада (кейбір деректер бойынша 22 маусымда) әкесінің
тағына отырған Жәңгір хан (1823—1845) ең алдымен өзі шұрайлы жерді
иемденіп, 400 мың десятина орманды, сулы, климаты жұмсақ жайылымды алды.
Жәңгірдің 4274 жылқысы, 232 түйесі, 719 сиыры, 17097 қой-ешкісі бар еді.
Жәңгір 1823 жылға дейін Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде
тәрбиеленіп, еуропаша білім алды, хандықты әкімшілік жағынан басқару әдісін
үйренеді. Жәңгір орыс, татар тілдерін, неміс тілін білген. Жәңгір билік
еткен тұста Бөкей ордасында сауда жәрмеңкесі (хан жәрмеңкесі)
ұйымдастырылып (1832), дәрігерлік бөлімше, 1838 ж. дәріхана, архив ашылды,
хандықтың алғашқы картасы жасалды. 1841 ж. Жәңгір хан өз қаражатына мектеп
ашып, онда М.-С.Бабажанов, М.Бекмұхамедов, К.Шығаев, т.б. білім алған.
Жәңгір хан сол жылы Қазан университетінің жанындағы ғылыми кеңеске мүше
болып сайланып, 1843 ж. генерал-майор атағын алады. 1844 ж. Қазанда хан
Жәңгірдің “Мұхтасар әл-фикғайат” аталатын еңбегі жарық көрді. Жәңгір асыл
тұқымды жылқы өсірумен, қазақ шежіресін жинаумен шұғылданды.
Жәңгір хан өз өкіметін бұдан бұрынғы қазақ хандары өкіметінің жалғасы
деп есептеді. Алайда бұл өкіметтің бұрынғылардан мазмұны мен формасы
жағынан көптеген айырмашылығы болды. Хан ордадағы әкімшілік, сот және заң
шығару билігін өз қолында ұстады. Хан сот істерін ғана қарап қойған жоқ,
сонымен бірге ру басшылары, хан билері (кеңес мүшелері) қарайтын істер
бойынша екінші инстанциядағы сот болып саналды. Ол товар-ақша қатынастары
саласында бірқатар жаңа заңды нормалар енгізді: берешегін мерзімінде
қайтармаған борышқор оны екі есе мөлшерде төледі; товарды кредитке беру
жөніндегі келісім тек жазбаша түрде ғана жасалатын болды. Жәңгір дүре соғу
жазасын және мемлекеттік алымдардың қатаң жүйесін енгізді, халыққа алымдар
салудың тәртібін тиянақтады.
Хан өзінің әмірімен рулар мен бөлімдерге көші-қон жерлерін бекітіп
берді, жерді феодалдардың меншігіне бөліп берді, кейде бұрыннан бекітіліп
берілген жер учаскелерін қайта бөлді, шонжарлардың кейбір категорияларын
сұлтандарды, қожаларды, старшиндарды, тархандар мен молдаларды ортақ
міндеткерліктерден босатты. Хан өкіметі көтермелеу шараларын сіңірген
қызметі үшін тархан атағын беру, офицерлік шендер беруге ұсыну,
медальдармен, шенді-шекпенділермен наградтау және т.т. сияқты көтермелеу
шараларын әжептәуір кеңінен қолданды. Мұның бәрі жергілікті феодалдардың
вассалдық қатынастарын нығайтты. Указдық молдалардан бастап хан кеңесінің
мүшелеріне дейінгілердің бәрін хан тағайындайтын болды. Олар ханға бағынды.
Хан өзінің қалауынша оларды басқалармен алмастыра алды.
Ішкі жағдайлар тұрғысынан алғанда хан өкіметі қайсыбір басқа ұйымның
алдында жауапты болмады. Хан кеңесі кеңесші органнан жоғары көтеріле
алмады, бұрын үлкен өкілдікке ие болған феодалдық съездер сирек шақырылды.
Оқта-текте шақырылатын съездерде барлық феодалдар үшін, бүкіл орда үшін
мәні бар қандай да бір маңызды мәселелер талқыланбады. Әдетте, бұл съездер
патша үкіметінің тегеурінімен оған қатысушыларды ханға бас июге мәжбүр ету
үшін шақырылды.
Жәңгір хан тұсында басқару әдістері де басқаша болды. Егер бұрынғы
қазақ хандарының тұрақты ордасы болмай, көшпелілерді өзі де көшіп-қонып
жүріп басқарған болса, енді ол хан әкімшілігінің тұрақты орталығын құрды.
Ханның жанынан ерекше басқару аппараты жасалды. Ханның жанында сұлтандардан
хан депутаттары деп аталатын 10 адам болды. Бұл депутаттар орыс
қоныстарымен іргелес рулардың көші-қондарына жіберіліп, шекаралық өкімет
орындары өкілдерінің орыстар мен қазақтар қатысқан істерді тексеруіне
қатысуға және бұл орайда қазақтардың мүдделерін қорғауға тиіс болды. Оларға
хан тапсырмасы бойынша жергілікті жердегі жекелеген таластарды шешу
жүктелді. Бұлардың алымдар бойынша берешектерді өндіріп алу кезінде
күштеушілік билігі де болды, кейде бұдан да кең өкілдіктер берілді.
Мәселен, сұлтан Медетқали Шөкин документтерде Өзен шебіндегі барлық істер
бойынша хан атынан депутат деп аталған. Ол өзінің қалауы бойынша
айыптыларды қарауылда үстай алды. Оның старшындарға берген жарлығы
сұлтан Медет Шөкиннің аса қатаң талабы ретінде жеткізіледі. Енді бір
документтен хан депутаты сұлтан Әділ Бөкейхановтың қазақтардың Жайық
сыртынан ішкі жаққа өтуін басқарғаны көрінеді.
1827 жылы құрылған хан советі 12 биден тұрды — әрбір рулық басқармадан
бірбір биден. Олардың кейбіреулері сұлтандармен тең правода руларды
басқарды. Бұлар тіпті Жәңгір ханнан бүкіл Орда бсшынша борышқордан
берешегін өндіріп алуға право беруін өтінді. Хан кеңесінің мүшелері
семьяларымен және малымен Хан ордасына тұрақты мекендеуге көшті, сөйтіп
олар, шын мәнінде, хан аппаратының шылауына айналды.
Бұған қоса ханның жанында оның арнаулы тапсырмаларын орындайтын
жасауылдары ретінде 12 старшин, сондай-ақ базар сұлтандары болды. Базар
сұлтандарының міндетіне баж салығын (Орда ішінде) жинау, қазақтардың
(Ордадан тысқары жерде), мүдделерін қорғау, сауда орындарында тәртіп болуын
қадағалау жатты.
Ханның қолында татар бөлімінен және жалпы бөлімнен тұратын өз кеңсесі
болды. Бірінші бөлім негізінен орда ішіндегі, ал екінші бөлім шекаралық
өкімет орындарымен екі арадағы қатынас қағаздар ісін меңгерді. Оның жанында
сондай-ақ арнаулы тергеуші болды.
Басқарудың ескі, сұлтандар мен билер жүйесін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz