Қазақ елінің Ресейге қосылғаннан кейінгі халықтың жағдайы


Алматы Энергетика және Байланыс Институты.
Әлеуметтік пәндер кафедрасы. .
Тақырыбы: «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық күрес барысындағы бір түтас қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы қадамдар, көтерілістің таптық және ұлттық құрамы, жеңілу себептері».
Алматы 2004 жыл.
Жоспар:
Кіріспе2
Негізгі бөлім4
А) Қазақ елінің Ресейге қосылғаннан кейінгі халықтың жағдайы. 4
Ә) Кенесары дипломатиясы5
Б) Көтерлістің басталуы себептері және қарулы күштің күшейген кезеңі және оның жеңілуі. 10
В) Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері11
Қорытынды15
Пайдаланылған әдебиеттер:21
Кіріспе
Тәуелсіздік үшін Сұлтан Кенесары Қасым ұлының алғашқы әрекеттері.
Бүгін еліміз егемендікке жетіп, тәуелсіздік алған сєтте шындықты ашьп айтар, басып айтар күн туды. Мен өзімнің сөзімде шындыққа, тарихи диалектикалық көзқарасқа, әділдікке сүйене отырьп, осы XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалысының бүкпе болып келген, кейбір қалтарыстарда қалған мәселелері туралы сөз қозғап , пікірімді ортаға салғым келеді.
Жұртшылыққа мәлім, Алтын Орда ыдырап, Шыңысхан ipгeciн калаған империя кұлаған кезде оған 300 жыл бойы бағынышты болған орыс мемлекеті есін жиды. Дәл осы кезде түрік тектес халықтардың да Қырым, Қазан, Астрахан, Қазақ, Ciбіp хандары кұрылды. Орыс мемлекеті бірте-бірте күшейіп, империяға айнала бастады. Ол алма-кезек Қырьм, Қазан, Астрахан, Ciбіp хандықтарын жаулап, өзіне бодан етті Сөйтіп, біздің сахараньң шетінен бір-ақ шықты. Қазақ еліне Бұқар ата айтқандай:
Шашын күнде тарайды,
Күншығысқа қарайды, - дейтін
Орыс елінің өкметі көзін тікті. Оны болашақта жаулап алу идеясы сол XVI ғасырдан бастап, Ресей патшаларыньң бір сәт жатса түсінен, тұрса ойынан кетпейді. Бірінші Петр «Азияның, кілті мен құлпы» санаған қазақ сахарасы ертелі-кеш Ресейге қосылуы, бодан болуы осылай Мемлекеттік саясат дәрежесінде қалыптасты.
Бұл саясат қашқан, босқан орыс шаруаларының Жайық бойына келіп күнелтуі, әскери отаршыл - казактардьң іргелес қоныстануы, қазақтарды шоқындыру, дипломатия, сауда-саттық қатынастар арқылы жүргізілді. Қазақ сахарасына қалмақтарды, башқұрттарды, одан қалды казактарды айдап салып, күн сайын, жыл сайын берекесін кетіре берді. Қазақ еліне іргелес қорғандар салына бастады. 1716 жылы Омбыны, 1718 жылы Семейді, 1719 жылы Өскеменді салды. Қазақ жеріне әскери экспедициялар жасақталды. Ақыр аяғында бұл бір сұрапыл кезең 1731жылы Әбілқайырдың Ресейге бодан болуымен аяқталды.
Хандық билік XVII-XVIII ғасырлардағы даму барысында бірнеше кезеңнен өтті. Жау жағадан, бөpi етектен алған заманда ханның қаһары қайтты, оның күні барша халыққа түсті. Хан әулеті, сұлтандар, малы бар феодалдар қиын-қыстау күнде халыққа қалқан бола алмады, олардың қоғамдағы мәртебе-дәрежесі төмендеді. XVIII ғасырда Шыңғыс әулетінен тараған ханзадалардың қaдipi құлдыраған кез еді. Ел басына күн туған кезде қазақ елінің ханзадалары тақта емес, ұрыс алаңында сьнға түсті. Халықтың ары мен намысын қорғар ер, күрес стратегиясын болжар көреген, тұрмыс қаракетін, көңіл-күйін айтпай білетін қажырлы қайраткер ғана сүргелең де дүрбелең, дауылды да дабылды кезеңнің сынынан өте алды. «Құлаш бойым құласа да тіккен туым құламасын» деп. Қыл құйрықты, бөрілі байрақ көтерген ұлы Шыңғыстың ата дәстүрінің шын мәніндегі мұрагерлері азайған шағы еді бұл. Малды, дәулетті феодалдар болса 150 жылдан астам жаугершілік кезінде бip жұттық емес, бip шабудан қалмайтын. «Байтал түгiлі бас қайғы» деген мәтел сол кезде шыққан-ды. Бұқар жырау өзінің атақты жетінші толғауында айтқандай: «Арғымақ жалғыз, ел малсыз» болатын. Miнe, осы сәтте желкілдеген ту көрініп, жер қайысқан қол келіп, қазақ еліне жау ойран салғанда Бұқар баба айтқандай, «қиядан қиқу төгілсе, атының басын тартпаған, қисапсыз жау көрінсе, түршігіп беті қайтпаған, батыр шыққан қалпынан, қазақ атты халқынан».
Қарадан шыққан әскери элита, елге билік айтқан шешендер мен көсемдер хан тірегінe айналды. Хандық билік пен, ақыл-күштің тетігі - батырлар мен билер билігіне ұласты. Билер мен батырлар әкелген қара халықтың рухы хандьқ өктемдікті шектей білді. Сонау Ұлытау мен Көкшетауда, Сайрам мен Түркістанда бүкіл қазақтың құрылтайлары шақырылып, соғыс пен бітім, қоныс пен жайылым, дау мен дамай, басқа халықтармен сауда және дипломатиялық қарым-қатынас мәселелері көп талқысынан өтіп, шешіліп жатты. Жиындарда тайпалардың, жүздердің көкейтесті ой-тілектері барша халықтық мүддеге қабысатын. Үш жүз біртұтас халық болып қауышып, ынтымақ-бірлік туы астында табысатын. Шын мәнінде, осындай барша, халықтық жиындар сол заманға лайық парламент болатын. Абылай ханның даналығы мен көрегендігі осы 6ip дала демократиясын хандық диктатураны бip тірекке сала білді. Ерлік ұранымызға, бірлік - құранымызға осылай айналды. Бөгенбай бастаған, Қабанбай қостаған жаужүрек батырлар -Абылайдың семсер ұстаған қолы болса, Бұқар дана мен Төле би бастаған шешендер мен көрегендер тобы - Абылайдың сезімтал жүрегі болды.
Абылай бойына қазақ сахарасының даналығын, күш-қайратын сіңірді. Аңыздағы кей батырдай, ол елмен, халықпен біте қайнасты. Оның сырын да, мұнын да түсінді. Ол ұлттық сананы оята алатын, ұлттық туды мақсаты асқар шыңға көтеріп, халықтың тірегі мен бірлігін қорғай алатын болып ерте қалыптасты. Mінe, осылай диктатура мен дала демократиясы жаугершілік заманда өзіндік үндестігін тапты. Хан жанында билер алқасы, әділқазылар алқасы, хан Кеңесі қалыптасты. Басқаша айтқанда, осы бip кезеңде дала демократиясы дүрілдеді.
1822-1824 жылдары хандық билік біржола жойылған кезде хан Кене қазақ хандығы үшін күресті. Осы арада Сырым батыр мен хан Кене қозғалыстарының арасында қайшыльқ жоқ па деген сұрақ жадыңа еріксіз келеді.
Хан Кене хандық билікті қалпына келтіремін деп күрес бастағанда атасы Абылай, әкесі Қасымның жолын қуды. Ол - қазақ елінің егемендік, біртұтас жолы болатын. Ол - Бұқардай жырауға сүйенген, Бөгенбайдай, Қабанбайдай, Баяндай батырларға сенген билік құрылымының жолы болатын. Ендеше, Кене хан хандық биліктің кеселге ұшырамаған, дала демократиясына негізделген сипаты үшін күресті.
Негізгі бөлім
А) Қазақ елінің Ресейге қосылғаннан кейінгі халықтың жағдайы.
XIX ғасырдың 30-жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өршітті, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайларды өз қарамағына алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салық салынатын болды. Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері округтерге белінді. Бұл округтер Батыс Ciбip және Орынбор генерал-губернаторлығына қарады. Олар қазақ жерінде «бөліп ал да, билей бер» деген отаршылдық ұранды бұлжытпай icкe асырды. Алдымен қазақ жерін сыртынан құрсаулап, көптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бip шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді. Қазақ жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша өкметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан Абылай ханның немересі Қасым болды. Ол патша әкімшілігіне «хат» жазып, кici жіберіп оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды. Қазақтың ежелгі қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-орыстарды әкелуді, олар арқылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап еттi. Оның бұл хаттарына жауап болмады, жіберген адамдары қайтарылмады. Сонда барып, Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың үймен Қоқан хандығының қол астына көшіп барды. Оның діні бip, тілі бip қоқандықтардан күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар ұлдары Саржан мен Есенгелді, кейінірек өзін өлтірді.
Қасым сұлтан мен оның балаларының қаза табуы, бой көрсетулердің алдыңғы кезеңі стихиялы, ұйымдаспаған сипатта болғанына қарамастан, Орта жүзде әкімшілік-саяси жаңалыктардың қатаң енгізілуі жағдайында отаршылдыққа қарсы күрестің жалғастырылуына тың тыныс қосты, қазақ жерлерін бipiк тipyші Абылай хан ұрпақтарының тар өpicтi рулық, әулеттік мүдделерін екінші қатарға ығыстырып, қозғалысқа неғұрлым айқын көрінген халық-азаттық сипатын берді. Бұл күресті енді Абылай немерелерінің бірі - сұлтан, кейін хан тағына отырған Кенесары Қасымұлы (1802-1847) басқарды. Кенесары Қасымұлы тарихи аренаға Қазақстанның 1822, 1824 жылдардағы Ciбip және Орынбор қазақтары туралы Жарғылардың қабылданғанына қарамастан саяси оқшаулығын сақтауды жaлғacтыpғaн аудандарының тәуелсіздігіне патша әскерлерінің жаппай аттаныстары салдарынан қатер төнген жағдайда Абылай ханның iciн жалғастырушы ретінде келді. Сондықтан да көтеріліс жасаған сұлтанның басты мақсаты Абылай хан кезіндегі Қазақстанның аумақтық шектерінің тұтастығын қалпына келтіру, «дуандарды» (XIX ғасырдың 20-30-жылдарында Қазақстанда құрылған округтер оның хаттарында осылай керсетілген) тарату, Ресей құрамына әлі кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтап қалу болды.
«Бүлікшіл сұлтан» күресінің негізі талаптары оның император 1 Николайға, орынбор губернаторлары В. А. Перовскийге, В. А. Обручевке, ciбip губернаторы, кінәз В. Д. Горчаковқа, Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы А. Ф. Генске және басқаларға жолдаған көптеген хаттарында айқын анықталған. Ғұбайдолла сұлтан да, атақты ағасы Саржан да Кенесары Қасымовпен бip қатарға тұра алмайды, М. Красовскийдің пікірінше, ол «ақылы жөнінен атасынан (Абылайдан) кем түскенімен, одан да, әкесінен де (Қасым төре) мінезінің өрлігімен асып кетіп, бүкіл далаға әйгілі болды».
Ә) Кенесары дипломатиясы
Қазан революциясына дейін дворяндық-помещиктік ағымдағы орыс тарихшылары Кенесарыны “қарақшы”, “бүлікші” деп бағаласа, екінші жағынан, осы көтеріліс жөнінде арнайы еңбек жазған Н. Середа сұлтанның жеке қолбасшылық қасиетіне таң қалғаны соншалық, оны “жеке басының аса ірі қасиеті бар билеуші, егер басқа жағдайда тәрбиеленсе, керемет мемлекеттік қайраткер болатынына” сенімі молдығын қайран қала суреттеген. Қазақстан Компартиясының Орталық комитеті өзінің 1951 жылдың 10 сәуірінде осы мәселеге байланысты қабылдаған қаулысының үшінші тармағының “В” пунктінде көтеріліс тек “буржуазиялық-ұлтшылдық көтеріліс ретінде зерттелсін” деген нұсқау беруі былай тұрсын, Кенесарының жеке басына тағылған негізсіз айыптардан адамның жаны түршігетін еді.
Иә, сұлтанның біраз жантүршігетін қатыгездігі болғаны рас еді. Бірақ көпшілік және бірқатар тарихшыларымыз да сондай біржақтылықтың шылауында кетіп, Кенесарының патша үкіметі мен қазақ елінің мүддесін соғыссыз, бейбіт жолмен шешуге мейлінше күш салғанын есепке алмай, назардан тыс қалдыруға бейім болып келді. Осылайша талай тарихшының қазақ және қырғыз халықтарын “қасіретке душар еткен қандыбалақ” Кенесарының “кемшіліктерін” табуға тырысқаны баршаға аян.
Әкесі мен ағасы Саржанның көтерілісін жеткіншек жасынан қуаттаған Кенесары, әрине, мәселені шешудің бірден дипломатиялық жолына түспеді. Елдің дербестігіне қазақ руларының басын қосып, отаршылдыққа қарсы ойдағыдай арпалысса жетуге болады деп сенген жас сұлтан келіссөз әдісін бірден қалаған жоқ. Жиырма екі жастағы Кенесары Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы озбырлығына қарсылығын былай білдіреді: “Абылай хан тұсындағы Ресеймен келісімнің бұзылуы бізге үлкен нұқсан келтіреді. Құдай қаласа, барлық қырғыздардың басын біріктірсек, Абылайдың тұсындағы жағдайымыз қалпына келеді”. “Бұл ұсыныс Қасым төре маңайына түгел ұнады. Ресейге қарсы көтеріліске бәріде келісті” деген шешімді Е. Смирновтың өңдеуімен 1889 жылы Ташкентте орыс тілінде шыққан кітапта Кенесарының ұлы Ахмет те растайды. Кенесары көтеріліс басшысы ретінде Орынбор губернаторы В. А. Перовскийге жолдаған алғашқы хаттарының бірінде жыпырлап салынып жатқан әскери бекіністерді ең болмағанда 35 жылға тоқтатуға талап етеді. Екінші талабы тұтқынға алынып, каторгаға айналған Ғұбайдолла сұлтанды босату болған. Кейін 1867-1868 ж. ж. патшаның қазақ жерін отарлауға кең жол ашқан реформаға қарсы бағытталған, 1870 жылды қамтыған Маңқыстаудағы адайлардың көтерілісі туралы арнайы еңбек жазған Н. Середаның мәліметтеріне қарағанда, орыс үкіметі Ғұбайдолла сұлтанды 1838 жылы екінші рет қамауға алып, жер аударды, қара жұмысқа салған. “Уәлиев Ғұбайдолла ханның ешбір кінәсі жоқ, бізбен де байланысты болмаған”, - деп ақтайды туысын Кенесары В. А. Перовскийге жеткізген хаттарының бірінде.
Кенесарының әскери, дипломатиялық тапқырлығы мен айлакерлігінің, саяси қайраткерлік қасиеттерінің көтеріліс барысында мейлінше әсер етіп, оған қатысушылардың қатарының өсуіне зор ықпалын тигізгенін орыс тарихшылары кезінде бірауыздан атап айтқан. Н. Середаның құжаттарына қарағанда, ол өз туы астында топтасқан әр түрлі рулардың өкілдері арқылы (төленгіттер, батырлар, туыстары) күллі қазақ даласына үндеу таратып отырған. Соның нәтижесі - шалғай жерлерден де сарбаздар топ-тобымен келіп жатты. Кенесарының тапқырлығы Ресей билігіне ойысқан сұлтандарды да өзінің ырқына көндіруге дейін жеткен.
Бірде мынадай оқиға болған. Полковник Қоңырқұлжа Құдаймендинмен бірігіп, көтерілісшілердің соңына түскен нағашысы Әбділда сұлтан Кенесары сарбаздарының қоршауына түседі. Патша өкіметіне өзін байлап бермек болып жүрген Әбділданы Кенесары жазаға тартпай, арнайы үй тіктіріп, екі тәулік қонақ етіп жібереді. Осы айласы кейін көп қазақ ауылының көтерілісшілер жағына шығуына әсер етеді.
Ресейдің билігін таныған феодалдарға қарсы күресте Кенесары ауыз толтырып айтатын жетістіктерге жетсе де, масаттанбады. Қолындағы күш пен мүмкіндігін сарапқа салып, патша үкіметімен қайшылығын келіссөзбен шешуге зор мән берді. Граф В. А. Перовскийге жолдаған хатында I-Николайды патшалардың патшасы деп көпіртіп мақтап, мадақ сөздерді аямай үйіп-төккен. Оның “Ұлытау мен Кіші тауға әскер жібермеңіз. Басқаша болса, біздің жұбайларымыз бен балаларымыз патша ағзамға қызмет ете алмайды” деуі, сұлтанның осалдығының көрінісі емес, қазақ даласына әскерді жолатпаудың қамы болды. Кенесары В. А. Перовскийге жолдаған тағы бір хатында, Абылайдың кезінде Екатерина II патшайымға жіберген құжаттағыдай, “мен оған алыста, жақында болсам да жүрегім мен жанымды салып қызмет етуге дайынмын. Маған бір шен мен грамота алып берсеңіз”, - деген өтініш жасайды.
Кенесарының I-Николайдан атақ, шен сұрап, Орынбор әкіміне “жығылуын” бірыңғай феодалдық мемлекетті қалпына келтіру жолындағы тактикалық айла деп ұққан дұрыс. Ханның бұл әрекетінің терең астарына мән бермеген, бірақ қуанып қалған В. Перовский Петербургке жолдамасында: “Мұғалжардан шығысқа қарай көшіп, жайғасқан Кенесарының өтінішін қабылдап, оның беделін қайсақтар арасында орыс билігін күшейту үшін пайдалануды жөн көремін”, - деген ұсыныс енгізеді. Бұл ойға Петербург сарайы тіпті құлақ салмайды.
Бірақ бұл кезде империядағы саяси ахуал да өзгеріске ұшырады. Бұхар әмірі мен Хиуа хандығының Кенесарымен жақындасуы, әскерлердің бір бөлігін имам Шәміл туы астында топтасқан “ғазауат” жариялаған тау халықтарының күресін басуға аттандыру қажеттігі патша үкіметін қазақ ханымен келіссөз жүргізуге итермеледі. Келіссөз арқылы қазақ хандығын сақтап қалуға үміттенген Кенесары да дипломатиялық шаралардан бас тартпады. 1840 жылы өзінің інісі Көшекпен бірге қол қойған I-Николайға жолдаған хатының мазмұнына мән берсек, Кенесарының патша үкіметімен келісуге әлі де үміттен таймағанын байқаймыз: “Патша ағзамға, ең құрметті, биік, бақытты тақта отырған ұлы патшаға . . . Сібірдегі сіздің генерал-губернаторларыңыз және генерал-майорларыңыз күшке сүйеніп, біздің ханымыз, атамыздың иелігін басып алды, дуандар ұйымдастырды. Осыны біз Сіздің рұқсатыңызбен істелген шара деп қарамай, генералдарыңыздың шектен асып кеткендігінен деп білеміз. Осыдан Сібірдегі орыс адамдарымен алыстық та шайқастық. Ұсынысымызды қабылдамасаңыз, біз Үргенішке көшіп кетеміз . . . ” Хаттың екінші бөлімінде Кенесарының тұтқында болған “орыс казағы” Лобановты босатқанын, осыған жауап ретінде “патша ағзам да соғыста тұтқынға түскен жігіттерімізді босатады” деп сенім білдірген.
Кенесарының Орынбор және Омбы әміршілеріне жазған көптеген хаттарының бір ойландыратын жері - шындығында қазақ ханы нағыз қандыбалақ I-Николайға үміт артқан ба, озбырлықтарды тек патшаның шенеуніктерінің істеп отырған зардаптары деп ойлауы да мүмкін екеніне таң қалуға болмайды. Кенесарының Орынбор әкімшілерінің ішінде ерекше сеніммен қарайтыны Петербургта да байланыстары берік генерал-майор А. Ф. Генс болды. Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасына Кенесарының хаттарынан жылы лебіз аңқиды. Басқа да деректерге қарағанда, Генс - көшпенді қазақтарға ілтипатпен қараған әскери шендегі белгілі шенеунік. Орынборда А. Ф. Генстің қолына табыс етілген, кейіннен 1843 жылдың маусым айының 23-інде соғыс министрлігіне жіберген хаттан үзінді келтірсек: “Сіз Орынборда тұрып, денсаулығыңыз тәуір болса, маған көп жақсылықтар жасайтындығыңызға сенімім мол, өзіме де жаманшылық болмас. Сізбен кездесуге құштармын, жоғары мәртебелі императорға көп жай туралы жеткіздім. Суайт өтірікшілерге сенбеңіз, Сіз императорға жақынсыз, бізге де қамқоршысыз. Өтінетінім, болып жатқан жағдайды жоғары мәртебеліме жеткізсеңіз. Бұл біз үшін зор қайырымдылық болар еді”.
Алайда Еуропаның жандаралы, декабристерді қанға бояған, Польшадағы азаттыққа ұмтылуды аямай жаныштаған, тау халықтарын қырып-жойған, империяны мылтықтың найзасының күшімен ұстап тұрған I-Николайдың қанішер қимылдарын өз даласының еркіндігі үшін арпалысқан Абылайдың немересі білмеген болар. Патша үкіметінің мақсаты - елшілік жіберу арқылы Кенесарыны тәуелділікте ұстау болса, сұлтанның мақсаты - елшілердің көзін жеткізіп, округтерді жойып, қазақ халқының тәуелсіз өмір сүруін қамтамасыз ету.
Ресей үкіметі орыс әскері бас штабының поручигі Герн мен Долгов бастаған елшіліктің алдына нақты төмендегідей міндеттерді орындатуды тапсырды: ханға империяның билігін мойындаттыру, Бұхара, Хиуа хандарымен Кенесарының келіссөз жүргізуіне тиым салу. Кенесарыға бәрінен ауыр тигені - патша үкіметі белгілеп берген жерлерде ғана көшіп-қону, орыс әкімдері тағайындаған сұлтандарға бағынуға көну талабы болды. әрине, сұлтанның бұл әділетсіз талаптардан бас тартуының толық негізі бар еді. Малға жем, шөп керек деген желеумен бірнеше ай бойы даланы кезген Кенесары әскерімен бірге “қаңғырып”, әбден титықтаған орыс елшілері мардымды нәтиже шығара алмай, кері қайтты. Кенесарының табандылығы маңайындағы батырлар мен сарбаздарды қайран қалдырып, риза етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz