Шайбанилық Әбілқайыр хан
Жоспар:
Кіріспе 2
I – тарау. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары. 4
II – тарау. Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының негізін салушылар. 7
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 14
Кіріспе
Қазақ халқы үшін XV – XVI ғасырлар оқиғалары ішінен мақтан тұтып,
үздіксіз атап өтуге лайықты тарихи даталар қатарына XV ғасырдың ортасындағы
Қазақ хандығының құрылған жылын қосуға болар еді. Бірақ өкінішке орай,
тарихшыларымыз Қазақ хандығының ... қай жылы құрылғанын дөп басып дәл айта
алмай отыр.
Оның өзіндік себептері бар. Біріншіден, XV – XVI ғасырлардағы Қазақ
хандығының тарихын баяндайтын орта ғасырлық шығармалар аз және қазақтар
туралы мәліметтер көрші елдердің тарихында сирек кездеседі.
Екіншіден XV – XVI ғасырлардағы қазақ хандығы туралы дерек беретін кейбір
шығармалардағы даталар бір – бірімен қарама – қайшылықта. Үшінші себеп: XV
– XVI ғасырлардың тарихи мәселелерімен айналысатын зерттеуші – тарихшылар
жоқтың қасы. Халқымыздың тарихында айрықша өзіндік орны болған қазақ
хандығының дәл қай жылы құрылғандығын анықтауда XV – XVIII ғасырларда
жазылған орта ғасырлық тарихи шығармалармен қатар, сол ғасырларда өмір
сүрген шығыс Дешті Қыпшақтағы “көшпелі өзбектер мемлекеті” XV ғасырдың
орта тұсындағы Моғолстан, сол сияқты XV ғасыр ортасындағы Ақсақ Темір
ұрпақтары билеген Мауренахр және осылардың өз көршілерімен саяси қарым –
қатынасы мәселелерін зерттеуге тура келеді. Өйткені Қазақ хандығы XV
ғасырдың ортасында Шығыс Дешті Қыпшақтың,
Моғолстанның және Мауренахрдың саяси дамуының нәтижесінде дүниеге келген
еді.
Төл тарихнамамызда Қазақ хандығының қай жылы құрылғандығы туралы
мәселе арнайы көтерілген емес. Сонда да болса, бұл мәселе шығыстанушы –
тарихшылардың XV –– XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихына қатысты әр
түрлі мәселелері шеңберінде азды – көпті қаралып өткен. Дүние жүзілік
тарихта Қазақ хандығының тарихын зерттеуді алғаш қолына алған XIX ғасырдың
екінші жартысындағы орыс тарихшысы В.В. Вельяминов – Зернов болды. Ол 1864
жылы “Императорлық археология қоғамы Шығыс бөлімінің еңбектері” атты тарихи
журналда өзінің атақты “Қасымов хандары мен ханзадалары туралы зерттеу”
еңбегін жариялап, онда орыс мемлекетінің ішінде өмір сүрген Қасымов
хандығын билеген хандардың тарихын, олардың шығу тегін зерттейді. Қасымов
хандығын XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басында Қазақ ханы Тауекелдің
немере інісі Ораз – Мұхаммед сұлтан билегендіктен, В.В. Вельяминов–Зернов
оның шыққан тегін, Қазақ хандығының құрылуы мен тарихын зерттеп, жаңа бір
мәселені тыңнан қозғайды. Ол дерек ретінде Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидың
“Тарихи Рашиди” атты қолжазба шығармасының мәліметтерін де пайдаланады және
Қазақ хандығының құрылған жылын деректе көрсетілгендей, XV ғасырдың орта
тұсы деп көрсетеді.
Бұл арада шығыстанушы–ғалымның Қазақ хандығының құрылған жылы деп,
Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Моғолстанға
келген уақытын айтып отырғанын ескерген жөн. XIX ғасырдың
екінші жартысында деректану жеке ғылым ретінде қалыптасып жетілмегендіктен,
ортағасырлық тарихи қолжазбаларға тарихи сын тұрғысынан қарау болмай,
ондағы барлық даталар сол күйінде беріледі.
Деректанудың қазіргі дамыған, жетілдіреген жағдайы “Тарихи Рашидидегі”
кейбір тарихи даталардың өзара қарама–қайшылықта екенін дәлелдеп отыр.
Кезінде В.П.Юдинде “Тарихи Рашидидің” оқиғаларының баяндалуын мойындап,
ондағы сол оқиғалардың болған жылдарының көрсетілуінде кемшіліктер бар
деген еді.
XV ғасырдың орта тұсындағы оқиғаларды баяндайтын ортағасырлық тарихи
шығармалардың деректері мен мәліметтеріне арқа сүйеп, Шығыс Дешті Қыпшақ,
Моғолстан және Ақсақ Темір ұрпақтары билеген Орта Азияның 1450 – 1470
жылдардағы ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мен олардың бір – бірімен
саяси қарым – қатынастарын талдай отырып, Керей мен Жәнібек сұлтандардың
Моғолстанға қай жылы келгенін білуге болады. Және де осы екі сұлтанның
келуімен Қазақ хандығының іргетасы қаланды деп нық айта аламыз. XVII
ғасырдағы Орта Азияның көрнекті тарихшыларының бірі Махмут Ибн Уәли бұл
туралы кезінде былай деп жазды: “Керей хан мен Жәнібек хан бағынудан бас
тартып, туған жерлерін тастап кетуді жөн көрді... Олар қасындағы
адамдарымен бірге Моғолстанға бет алды... Есен Бұға хан (Моғолстанның 1429
– 62 жылдардағы ханы) Жәнібек хан мен Керей ханның келуін жақсылықпен
игілік деп біліп, екі ханзадаға Моғолстанның Батыс аймағын берді... Осы
кезде Керей хан жоғары билеуі болып сайланды.”
Осы деректен – ақ көріп отырғанымыздай, Керей мен Жәнібек сұлтандар
Моғолсанға келісімен, жеке иелік алып, Керей жасүлкендігіне байланысты хан
сайланады. Керейдің хан болуы Қазақ хандығының құрылуының басы немесе Қазақ
хандығының құрылған жылы деуге болады. Енді Қазақ хандығының құрылған
уақытынан дерек беретін ортағасырлық тарихи шығармаларға тоқталып өтелік.
XV ғасырдың орта тұсында Керей мен Жәнібек сұлтндардың Моғолстанға көшіп
келу тарихын біз екі тарихи шығарма деректері арқылы білеміз. Бірі –
Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидың “Тарихи Рашиди” еңбегі де, екінші – Махмут
Ибн Уәлидің “Бахр ал – асрар фи манакиб ал – ахияр” кітабы.
1.XV – XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығы тарихының
материалдары. Алматы; 1969, 352 – 353 б.
“Тарихи Рашиди” – Қазақ хандығының құрылуын, оның алғашқы хандарының
саясатын баяндайтын ортағасырлық ең алғашқы шығарма. Және тұңғыш рет Керей
мен Жәнібектің Моғолстанға көшіп келіп, хандық құруы туралы мәліметті тек
осы “Тарихи Рашидиден”ала аламыз. Сол себепті де XV – XVI ғасырдағы Қазақ
хандығының құрылуы мен нығаюы туралы мәселеде “Тарихи Рашиди” ең негізгі
және ең басты дерек. Моғолстанның батысында Қазақ хандығының құрылуы туралы
мәліметтерді Махмұт Ибн Уәлидің “Бахр ал – асрар фи манакиб ал – ахиар”
шығармасынан да таба аламыз. Шығарма 1635 – 1641 жылдары жазылған, яғни
“Тарихи Рашидиден” 100 жылдай уақыттан кейін жазылған.
I – тарау. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары.
XV ғасырдың орта шенінде Қазіргі Қазақстанның Оңтүстік – Шығыс
бөлігінде құрылған Қазақ хандығы XV – XVII ғасырда Қазақстан мен орта
Азияның және оған іргелес елдердің тарихында үлкен маңызға ие
болды.Құрылғаннан кейін, арада жарты ғасыр өтпей жатып Қазақ хандығы
Еуразияның Шығыс бөлігіндегі күшті мемлекеттердің біріне айналады. XV – XVI
ғасырларда Ноғай ордасы, Моғолстан, Мәуреннахрдағы, Ақсақ Темір
ұрпақтарының мемлекеті, оның орнына XV ғасыр басында келген Шайбанилық
әулет мемлекеттерінің саяси тарихына Қазақ хандығы тікелей ықпал етеді.
Бұрындық, Қасым және Хақназар хандар тұсында Қазақ хандығы осы аймақтағы
халықаралық қатынастардың басты бір субъектісі ретінде көзге түседі. Қазақ
хандығының құрылуына Еуразияның Шығыс және Орта бөлігінде XIV – XV
ғасырларда болған саяси дамудың, сондай – ақ, Дешті Қыпшақ пен Мәуреннахр,
Моғолстанда болған этникалық процестердің заңды қорытындылары себеп болады.
XIII ғасыр басында Монғол жаугершілігіне байланысты жоғарыда аталған
аймақтарда саяси құрылымдар өзгеріп, этникалық процестердің дамуы тежелсе,
XIV ғасырдан бастап монғолдар құрған саяси құрылымдар сипаты жағынан
жергілікті халықтар мен ру – тайпалардың талабына бейімделе түседі. Жаулап
алушылар жергілікті халықтар арасына сіңісіп, бұрынғы тежелген этникалық
процесс жаңа қарқында, жаңа сапада дами бастайды.
XIV ғасырда пайда болған Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір Хандығы, Моғолстан
секілді мемлекеттер монғол жаулап алушыларының емес, жергілікті халықтардың
мемлекеті еді.
Ал XV ғасырдың бірінші жартысындағы Дешті Қыпшақтағы Әбілқайыр
хандығы, Жетісу мен Шығыс Түркістандағы Моғолстан мемлекеті және
Мәуреннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтарының мемлекеті, сондай – ақ, Оңтүстік
Сібірдегі қалмақ тайпалары, Иран мен Әзербайжандағы Қара Қоюнлы әулеті
араларындағы шиеленіскен күрделі саяси оқиғалармен олардың даму барысы XV
ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығын дүниеге әкеледі. Сондықтан Керей мен
Жәнібек хандар негізін қалаған Қазақ хандығының құрылу тарихын білу үшін,
біз жоғарыда тап өткен мемлекеттердің XV ғасырың бірінші жартысындағы ішкі
және сыртқы саяси жағдайлары мен бір – бірімен өзара саяси қарым –
қатынастары мәселелеріне тоқталып өтуіміз қажет.
Тарихи әдебиеттерде “көшпелі өзбектер”мемлекеті деп аталатын Әбілқайыр
хандығы (1428 – 1470 ж.ж.) XV ғасырдың 30 – 40шы жылдары өз дамуының жоғары
шегіне жетеді. 16 – 17 жасында билікке араласқан Шайбанилық Әбілқайыр хан
Дешті Қыпшақтың ру тайпа көсемдері мен билерінің қолдауна сүйене отырып, XV
ғасырдың 30шы жылдары сондағы хандар мен сұлтандардың қарсылықтарын басады.
Сөйтіп, Дешті Қыпшақта көшпелі тайпалар негіз болған біртұтас мемлекет
құруға ұмтылады. 1446 жылы ол Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы
Түркістан аймағын өзіне қаратып, “көшпелі өзбектер” мемлекетінің астанасын
Батыс Сібірден Түркістан аймағына Сығанақ қаласына көшіреді. Сондай – ақ
Әбілқайыр хан 1449 – 51 жылдары Мәуреннахрда қалыптасқан саяси дағдарысты
өз пайдасына шешпек болып, таққа таласушы Ақсақ Темір ұрпақтарының бірі Әбу
Сайд мырзаны қолдайды да, тікелей әскери көмектің жәрдемімен оны Самарқан
тағына отырғызады.
Әбілқайыр ханның XVғасырдың 40 – 50 жылдарында хандықтың батысында
жүргізген сыртқы саясаты да нәтижелі болады. Оған себепші болған жағдайлар
мыналар еді: Алтын Орданың Кіші Мұхаммед хан тұсында Қазан, Қырым және
Астрахан хандықтарына бөлініп, солардың өзара күрестері, Ноғай ордасындағы
Мансұр би өлгеннен кейін, Едіге ұрпақтары арасында болған ұзақ тақ үшін
алауыздықтар мен күрестер. Хандықтың батысындағы көрші елде болған жағдайды
Әбілқайыр хан тиімді пайдалана біліп, онда да өзіне қолайлы адамды билікке
отырғызады.
Ол адамы Едігенің көп ұлдрының бірі Қазы би еді. Қадырғали би Қосымұлы
Жалаиыри “Ол ұлыста (Ноғай Ордасында) Мансұр бидің орнына Қазы би болды” –
десе, Әбілқазы Ноғай Ордасында билерің өкімет басына қалай келгендігін
Дешті Қыпшақ тайпалары арасында кең тараған мынадай сөзбен түсіндіреді:
“Әбілқайыр хан болды, Қазы би болды, Иадгар хан, Масы би болды”. Сөйтіп,
Әбілқайыр хан өз хандығының оңтүстігі мен батысындағы мемлекеттердің басына
өзіне қолайлы адамдарды қоя отырып, өз мемлекетінің шекаралық қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді және өзі отырғызған билеушілермен тиімді қатынас орнатты.
Жалпы алғанда XV ғасырдың 40 – 50жылдары “көшпелі өзбектер” мемлекетінің
сыртқы саясаты Оңтүстікте және Батыста белсенді, нәтижелі түрде
жүргізіледі.
“Көшпелі өзбектер” мемлекетінің ішкі саяси жағдайы XV ғасыр ортасында
сырттай тұрақты болып көрінгенімен, ол тұрақтылық объективті заңдылықтар
нәтижесінде емес, керісінше, күшпен орнатылған саяси тұрақтылық болатын.
Ондағы ұлыстарда бір – бірімен тығыз экономикалық байланыстардың
болмауы және ортақ нарыққа қажетті алғышарттардың жоқтығы саяси өмірде
бөлінушілік ағымдарды туғызады. Оған Махмуд, Ахмед және Мұстафа хандардың
қарсылығын дәлел етіп айтуға болады. Кухистани былай деп жазады: “Жошы
ұрпағынантараған Махмуд хан мен Ахмен хан Әбілқайыр ханға бағынбай және оны
тыңдамай, оған қарсы бүлік жасады”, 1457 жылы Сығанақ қаласы түбінде
Әбілқайыр ханның қалмақтарының көсемі Үз – Темір тайшыдан жеңілуі және осы
жеңістен кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр хандығынан
бөлініп, Моғолстанға кетуі, сондай – ақ 1468 – 1469 жылдары Әбілқайыр хан
өлгеннен кейін оның ұрпақтары арасында тақ үшін күрес таластар хандықтың
ішкі саяси тұрақсыздығын көрсетеді. Тіпті Әбілқайыр ханға әрі туыс, әрі
бағынышты болып, әскер басы қызметін атқарған шайбанилық Буреке сұлтан
Әбілқайырдың орнына келген Шайх Хайдар ханның Ордасын ойрандаушылардың
қатарында болады. Ол жөнінде Әбілғазы: “Ол уақытта “Атаң жұртын жау шапса,
айналдыра бірге шап” деген көне сөз бар еді. Бұл сөздің орындағандай Буреке
сұлтан бір жақтан қол созды” – деп баяндайды.
Жалпы алғанда, Әбілқайыр Хандығының ішкі саяси әлсіздігі, әсіресе
1457 жылы қалмақтардан жеңілуі оның мемлекетінің ыдырау процесін тездетеді.
Ал ол өз кезегінде Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайырдан бөлініп,
Моғолстанда жеке хандық құруына қолайлы жағдайлар жасайды.
Қазақ хандығының құрылу тарихында Моғолстан мемлекеті және оның XV
ғасырдың 40 – 50жылдардағы ішкі, сыртқы саяси жағдайлары, мемлекеттің осы
мезгілде Мәуреннахрмен, Әбілқайыр Хандығымен, сонымен бірге қалмақтармен
қарым қатынасы ерекше роль атқарады. XV ғасырдың 40 – 50 жылдарында
Моғолстанның ішкі саяси жағдайы дәл осы мезгілдегі Әбілқайыр Хандығымен
салыстырғанда анағұрлым нашар еді. Егер де Әбілқайыр Хандығында тайпа
көсемдері мен ұлыс билеушілерінің бағыныштылығы қатаң сақталса, Моғолстанда
әрбір тайпа көсемдері өздерін әмір деп жариялап, ханға бағынбаған. Хан
билігі мемлекет ішіндегі өзіне бағынышты тайпа мен оның территориясына ғана
жүреді. XVI ғасырда Моғолстан мемлекетінің тарихын жазған Мұхаммед Хайдар
мырза Дулати Моғолстанның XV ғасырдың 30 – 50 жылдарындағы ішкі саяси өмірі
туралы былай дейді:...Есен – Бұға хан өзінің жас екендігіне байланысты
өзінің қарамағандығына әмірлеріне дұрыс қарамады. өзіне көмекші етіп тұрфан
ұйғырлары тайпасынан Темір дегенді қолды және оған үнемі оң көзбен қарайды.
әмірлер оның жоғарылатылғанына және өздеріне теріс қарағанға шыдамады. Бір
күні хан жиналысында олар оны (Темірді) кескілеп өлтіріп, өздері жан–жаққа
тарап кетеді.
Әрбір Моғол әмірі өз қалаулары бойынша күн кешті. Мір Мұхаммед–шах
Ат–Башы деген жерде, Мір Кәрім–Берді Моғолстан мен Әндіжанның, Ферғананың
түйіскен жерінде Ала–Бұғада қамал салдырды.
Хақ– берді Бекшік Ыстық көл жағалауында Қой Сүй деген жерде қамал
салып, өзі үнемі Түркістан мен Сайрамды тонаумен болды. Шорас және барин
тайпаларының әмірлері қалмақтарға, Исан– тайшының ұлы Амансанжы – тайшыға
кетті. Ал Калучи, булгачи және басқа да тайпалар Өзбекстанға (“көшпелі
өзбектер” мемлекетіне) Әбілқайыр ханға кетті. Қоншы және басқа да
тайпалардың әмірлері Моғолстан далаларында тәртіпсіздіктер ұйымдастырып,
дүрбелеңдер жасады.моғолстанның сол кезіндегі ханы Есен-Бұға тайпа
әмірлерінің мұндай іс - әрекетіне қарсы ешбір тоқтау салмайды. Тоқтау
салатындай онда күш те жоқ болатын. XV ғасырдың 50 жылдарының соңына таман,
Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған адамдардың Моғолстанға келу
қарссаңында Моғолстанның ішкі жағдайы осындай еді. XV ғасырдың 40-50
жылдары Моғолстанның сыртқы саяси жағдайы да, көрші елдермен қарым қатынасы
да мәз емес еді. XV ғасырдың басынан бергі оның Шығыстағы көршісі қалмақ
тайпаларымен қарым қатынасы көп жағдайда соғыстар, өзара жорықтармен
шектелген. Моғол-қалмақ қатынастарында қалмақтар жетекшілік орынға ие
болады. Олар үнемі Моғолстанға тонаушылық сипатта жорықтар жасап, елді
күйзеліске ұшыратады, ал Моғол хандары тарапынан ешқандай тегеурінді
қарсылықтар жасалмайды. Қалмақ тайпаларының Моғолстанға жасаған жорықтары
Есен-Бұға ханға дейін де, оның билік құрған кезінде де жалғаса береді.
Мұхаммед Хайдар мырза Дулати Есен-Бұға ханның әкесі Уәйіс ханның қалмақ
тайпаларымен 62 рет соғысқанын, оның ішінде 2 рет оларға қолға түскендігін,
60 рет жеңіліске ұшырағандығын айтады. Моғол-қалмақ тайпалары арасындағы
жорықтардың санына қарап, әскери қарым-қатынастың қандай дәрежеде, сипатта
болғандығын анықтау қиын емес. Уәйіс хан бар болғаны 3-4 жылдай ғана хан
болады. Сонда Уәйіс ханның тұсында моғолдар шығыстағы көршілерімен жыл
сайын 15-20 рет, ал ай сайын 1-2 реттен соғысып, жорық жасасып отырғандығын
байқаймыз. Мұндай жағдай XV ғасырдың 40-50 жылдары Есен-Бұға хан тұсында
жиі қайталанып тұрады. Тіпті 1457 жылы Үз-Темір тайшы бастаған қалмақтардың
Әбілқайыр хан әскерімен ұрысы кезінде қалмақ көсемі өз тыиын Моғолстан
территориясындағы Шу өзенінің бойына емін-еркін қалдырып кетеді.
Моғолстанның XV ғасырдың 40-50 жылдарындағы қалмақтармен саяси қарым-
қатынасы моғолдар үшін өте ауыр жағдайда болады. Сондықтан да Керей мен
Жәнібек сұлтандардың Моғолстанға келуіне Есен-Бұға хан ешқандай қарсылық
білдірмейді, қайта олардың келгеніне қатты қуанады.
II – тарау. Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының негізін салушылар.
Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты жазылған тарихи зерттеулер
мен әдебиеттердің бәрінде хандықтың негізін салушылар – Керей мен Жәнібек
хандар деп айтылады. Дерек мәліметтерінде көрсетілгендей, олардың Әбілқайыр
ханнан бөлініп, Жетісудан Моғолстан атты хандыққа келуімен Қазақ хандығы
құрылды деген пікірді зерттеушілердің бәрі мойындайды. XIX ғасырдың
ортасында айтылған бұл пікір XV ғасырдың соңғы жылдарына дейін тек даму
үстінде болды. Бірақ та осындағы екі негізгі қатысушы тұлғалар – Керей мен
Жәнібек хандар туралы зерттеулер жүргізілмей тек алғашқы күйінде ғана қала
берді. Оған себеп, деректік мәліметтердің мардымсыздығы. Қазіргі күнде
заман талабы өзгеріп, өз тарихымызға қайта үңілгенде, алғашқы хандарымыздың
тарихын, олардың атқарған ролін көрсетуге осы себеп қол байлау болады да
тұрады. Мардымсыз деген – тіпті жоқ деген емес, аздау, бірен-саран деген
мағынада. Олай болса, қолда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz