ҰЛЫ ЖҮЗ
Жоспар
Кіріспе 3
Үш жүздің құрылуының тарихы мен сипаттамасы 3
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 20
Кіріспе
Қазақ жүздері өмірге қоғамдағы қажеттіліктен келіп, орныққан.
Тайпалық, рулық, аталық принциптердің негізінде туындаған одақтар-жүздер,
олардың мекендеген жерлеріне қарай ерекшелене бастады. Бұл да біздің
халыққа тән ерекшелік. Осыған байланысты қазақтар қашан, кімнің жерінде
тұрмасын, ұлтын да, руын да, жүзін де өзгертпеген. Ата-бабасының тірі
кезінде де, өлген соң да ерекше сыйлап, пір тұтқан.
Соңғы жылдары біржақты идеологияның құрбандығына айналып мәңгүрттене
бастаған орталарда ұлтымыздың тамаша сыйлы салты сыр бере бастағаны
байқалды. Кейбір ата-аналар ішінен шыққан нәрестесіне, ал өзінше болып-
толған отбасылар қарт ата-анасына қазақ табиғатына жат қаталдықтар көрсете
бастады. Мұндай құбылыстардың тамырына балта шауып, қастерлі салттарымызды
әр адамның санасына сіңіріп, ұлтжандылыққа тәрбиелеу бәріміздің ортақ
міндетіміз!
Қазақтың қазіргі үш жүзі Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін қалыптаса
бастады. Өздерінің ежелгі сақ, кейінгі түркі қандастарының психологиясын
жақсы білген Шыңғыс хан Қазақ Даласын билеуді ұлдарына қазақтардың осы
ерекшеліктеріне негіздеп, үшке бөліп берген. Осыған байланысты Қазақ
Даласының біртұтас жері үш жүздің мекендерінің ыңғайына қарай шартты түрде
үшке бөліне бастады. Бұл процесс 1458 жылы құрылған Қазақ хандығы
нығайғаннан кейін XVІ-XVІІ ғасырларда аяқталған. 1729 жылы Ордабасыда үш
жүздің атынан үш данышпан би Төле, Қазыбек, Әйтеке бас қосқан кеңесте Қазақ
ұлтының атынан шешім қабылдап, Қазақ жерін Жоңғар қалмақтарынан азат етудің
нақты жоспарын жасады. Осы жылы Аңырақайда қазақтар қалмақтарға қатты соққы
беріп, жеңіске жетті. Қазақ жерін жаудан тазартты.
Үш жүздің құрылуының тарихы мен сипаттамасы
1. ҰЛЫ ЖҮЗ. Ғалым Н. Мыңжан Қытай түпнұсқаларынан алған мәліметтерді
келтірейік. Жазба жылнамаларында олардың аты ұлы иосі, ұлы иозі, ұлы
жүз түрінде кездеседі. Кейін келе бұлар ұлы иозі және кіші иозі деп
екіге бөлінген. Ежелгі ханзу (қытай) тілінде жазылған бұл ұлыстардың атын
ұлы иүз, кіші иүз, үлы жүз, кіші жүз деп оқуға да болады. Хан
патшалығы тарихы. Батыс өңір шежіресінде: Үйсін халқының ішінде сақ
тайпалары да, ұлы жүз тайпалары да бар, деп жазылған. Қазақ шежіресінде:
ұлы жүз — үйсін деген сөз үнемі қосарланып жарыса жүреді. Бұдан, қазақтың
ерте замандағы белді ұлыстарының бірі болған үйсін бірлестігінің іргесін
қалаған ұлы жүз тайпасының елеулі үлес қосқандығы байқалады.
Ұлы иозылар (жүздер) — б. д. д. 3-ғасырда Дүнхуан мен Чилан (Шүлен)
тауы аралығын қоныстанған. Бұлар өз кезінде һұндердің батыс жағындағы ірі
ел еді. Алғашында Һұндар осы иозылерге тәуелді болған...
Бұрын ұлы иозылар Чилан тауы мен Дунхуаң аралығында тұрған кезде үйсін
ұлысы да осы өңірде ұлы иозылармен қатынас жасаған еді. Ұлы иозылар Іле
өңіріне қоныс аударған соң, үйсін ұлысы һұндердің көмегіне сүйеніп күшейе
бастады. һұндер оларды әскери күш ретінде пайдаланып, соғыс жорықтарына
пайдаланды. Ақырында үйсіндер Һұндердің көмегімен ұлы иозылерге шабуыл
жасап, оларды батысқа қарай ығыстырып жіберді де, Іле өзені алқабы мен
Ыстықкөл алабындағы құнарлы қонысқа орнықты. Ұлы иозылердің көшіп кете
алмағаны осы өңірде қалып, үйсіндерге қосылды. Тегінде үйсіндер шағын ел
еді, Іле өзені алқабына ауысқаннан кейін тез дамып, 120 мың түтін, 630 мың
адам, 188 мың 800 әскері бар ірі елге айналды. Осы өңірде отырып қалған
тайпалары мен ұлы иозы (ұлы жүз) тайпаларының тоғысуы үйсіндерді осындай
ірі елге айналдырды.
Қазақтың байырғы аңыз шежірелері мен жазба әдебиетінде үйсін деген
атау екі түрлі мағынада — тар мағынада және кең мағынада қолданылады. Tap
мағынадағы үйсін — қазақтың ұлы жүзінің құрамындағы тайпаның аты. Ал, кең
мағынадағы үйсін — Іле алқабы мен Жетісу өңірін және Оңтүстік Қазақстанды
мекендеген ұлы жүз тайпаларының жалпы аты. Бұлар ежелгі заманнан бері осы
өңірді мекендеген, Іле аймағындағы албан, суан, жалайыр және басқа тайпалар
осы үйсін ұлысының тармақтары.
Байырғы қазақ шежірелерінің деректері мен тарихи жазба деректер, үйсін
елінің тарихта тым ерте заманда әйгілі болғандығын және қазақ қауымының
негізгі тұлғасы мен ұйытқысы болғандығын дәлелдейді. Үйсіндер туралы
деректер осыдан екі мың жыл бұрынғы ханзу (қытай) тіліндегі жылнамаларда
кездеседі.
Үйсін деген ат бұрын үйсіндер мекендеген өңірлердегі жер-су
аттарында да сақталып отыр. Мысалы: ежелгі үйсіндіктің атамекенінің
орталығы болған Іле аймағының Шапжал ауданы мен Моңғолкүре ауданының
аралығында Үйсін тауы деп аталатын тау бар. Ежелгі ханзуша жазба
деректерде үйсінді усүн деп жазған. Қазақтар мен моңғолдар бүрын Шиху
ауданын Қарусүн деп атаған.
Қазіргі Манас — сауан аудандарының аралығындағы Алусұн деген өзен
бар. Толы ауданында Сарығүсүн деген өзен бар. Демек, Қарасүн — қара
үйсін, алусұн — ал үйсін, сарығусұн — сары үйсін деген тайпа аттарының
жер-су атында сақталған түрі болуы мүмкін. Ерте заманда бүл жерлерді үйсін
тайпалары мекендеген.
Үйсін тарихының ең алғашқы дерегі Хан патшалығы тарихы. Батыс өңір
шежіресінде, Үйсін елі деген арнаулы тарау енгізіліп, үйсіндердің тарихы
баяндалады.
Қазақ халқы сақтардың қауымдасуының нәтижесінде дүниеге келіп,
мемлекет сақ тайпаларының Ұлы одағы (жүзі) — Ұлы жүз деп аталды.
Мемлекеттің атына байланысты оның халқы қазақтар көбінесе Ұлы жүздер деп те
аталған. Мемлекет нығайған сайын билеушісі Үйсіннің айбары мен мәртебесі де
асқақтап жайылды, ал оның халқы үйсіндер деп аталуға көше бастады. Сонымен,
қауымдасқан сақ тайпаларының ынтымақтасып өмір сүріп, хал-ахуалдарының
жақсаруы нәтижесінде біртұтас Үйсін мемлекеті осылай қалыптасты.
Үйсін мемлекетінің қүрамына кірген негізгі сақ тайпалары Арыстар,
Асылар, Ғұндар, Хансақтар болды. Басқа ұсақтау ру тайпаларының аттары
әзірше беймелім. Жоғарыда Арыс, Асы, Шығыс Ғұн тайпаларын қысқаша
сипаттадық. Енді Хансақтар мен Үйсін мемлекетінің құрамына кірген Батыс
Ғұнсақтарды туралы мәліметтерге көшейік.
Хансақтар (Канка, Қаңлы) Геродот тарихқа царские скифы деп жазған
сақтар тайпасы. Олар Сырдарияның бойында, Арыс өзенінің құйысынан төменгі
жағындағы аймақта қоныстанған. Мекендеген халықтың атына байланысты
Сырдарияның осы бөлігі Канка өзені деп аталған.
Бір айта кететін нәрсе, Сырдарияның әр деректерде әртүрлі аталуы. Оның
басты себебі, ерте кездерде өзенді бастан-аяқ бойлап ешкім жүрмеген. Өзенді
оның әр бөліктерін мекендеген халықтардың атына, бойына орналасқан үлкен
қалаларға байланыстыра атай берген. Сондықтан, Сырдария әр кезеңдерде
Аракс, Яксарт, Бенакент, Сейхун, Шаш, Канка, Йенчу атала бергенін көреміз.
Батысқа қоныс аударған Хансақтар Батыс Даласына барғанда да өздерін
осылай атаған. Тайпа атауының мағынасы Геродотқа дәл аудармасымен белгілі
болған. Атына қарағанда бұл сақтар тайпасы өзгеше мәдениетті болып, олардан
ел билеушілер көптеп шыққанға ұқсайды.
Ата қонысы Сырдарияның бойында қалған Хансақ тайпасының аз рулары
уақыт өте қайта көтеріліп, санатты тайпаға айналған. Геродоттың
деректерінде Қазақ Даласын мекендеген тайпалардың ішінде аталмағанына
қарағанда, Аристей келген б. д. д. VШ ғасырда хансақтар айтарлықтай белгілі
болмаған, Арыс тайпасының құрамында өмір сүрген. Үйсін құрған сақтардың Ұлы
Одағына (жүзіне) хансақтар жеке тайпа болып кірген.
Үйсін қайтыс болып, Үйсін мемлекетін билеген кейінгі хандардың
заманында хансақтар бөлініп, жеке өмір сүре бастаған. Қытай елшісі Чжан
Цзянь Қазақ Даласы арқылы Ұлы Жібек жолын жандандыру мақсатымен келген
дипломатиялық сапарында, б. д. д. 128 жылы Сырдарияның бойын мекендеген
Кангюй, яғни Қаңлы мемлекетінде болып, империяға мүддесіне қажет мәліметтер
жинаған. Қазақтардың әлеуметтік жағдайы мен құрылымын жетік білмеген Чжан
Цзянь Қаңлылар дербес мемлекет, бірақ Ұлы жүзге тәуелді дейді. Ал, енді бір
дерегінде Қаңлылар Ұлы жүз одағына кіреді деп тура жазады. Осы мәліметтерге
қарап, Қаңлылардың Ұлы жүз қазақтары екенін, бірақ Үйсін мемлекетінің
құрамынан шығып, өз бетінше саясат жүргізгенін білеміз.
Қазақтар шежіресін көп сараптаған Шоқан Уәлиханов Қаңлыны Үйсіннен
таратады. Осы дерекке сүйенсек, б. д. д. ІІ ғасырдың басында хансақ
тайпасын бөліп алып, жеке билік жүргізген Қаңлы атты тұлға Үйсіннің бір
ұрпағы болып шығады.
Қаңлы деген атауды Қаңқа, Қаңсық арба деген сөздерден шығаратын
дерек негізсіз. Арба Қаңлы елінде, Қазақ Даласында Қытай елшісі келген б.
д. д. ІІ ғасырда жасалған жоқ, одан көп бұрын белгілі болып, пайдаланып
келе жатқан көлік. Елші осы елге келгенде арба жасап жатқан Қаңлы шеберін
көрген болар, аңыздың осы оқиғаға байланысты шығып, таралуы мүмкін. Қаңқа,
Қаңсық деген атауларының Хансақ екенін, ал Қаңлылардың сақ тайпасынан
шыққан қазақ халқының бір тармағы екендігі оңай аңғарылып тұрған айғақ.
Қаңлылар б. д. VІ ғасырына дейін Қытаймен дербес дипломатиялық қарым-
қатынасын үзбеген. Елшілердің жолы Үйсін мемлекеті арқылы өткен. Ары-бері
жүрген сапарларында Қаңлылар Қытаймен екі арадағы Ғұн тайпасымен жақсы
байланыс жасаған. Нәтижесінде Ғұндар (ғұз, оғыз) VH ғасырда Қытайдың
қысымымен Сырдарияның бойына, қаңлылар еліне қоныс аударды.
Ерте орта ғасырларда Қаңлылар Сырдарияның бойына қалалар салып,
егіншілікпен, кәсіпшілікпен айналысқан. Қаңлы мемлекетін басқарған ханының
ордасы Отырар (ол кезде Кангу тарбан) қаласы болған. Отырар қаласында
барлық керуен жолдары түйісіп, Еуразиядағы барлық дерлік елдердің
саудагерлері, зиялы адамдары бас қосып, кеңес құратын болған. Отырардан
сауатын ашып, кітапханасының білім бұлағынан сусындаған, кейін атағы әлемге
тараған ұлы ғұлама бабамыз Әбунасыр әл Фараби шыққаны белгілі.
Қаңлыдан шыққан тұлғалардың бірі әскербасы, Қазақ Даласын 1219 жылы
жаулап алған Шыңғыс ханға алты ай бойы қарсылық көрсетіп, Отырарды жалғыз
өзі қалғанша қорғаған Қадырхан батыр (Әбілғазы. Түрік шежіресі, 1992).
Қаңлылар б. д. басында өздері шыққан Үйсін мемлекетіне жауығып,
қытайлармен соғысқан немесе тайпааралық қақтығыстардан әлсіреген кездерін
аңдып, шабуылдай берген. Осыны пайдаланып қытайлар аярлықпен түрткілеп,
қажет болған кездерде ашық қолдап, қаңлыларды ретін тауып үйсіндерге айдап
салып, соғыстырумен болды.
Қазақ Даласын жайлаған Қидандар (қара қытайлар) шамамен ХІІ ғасырда
Қаңлыларды ата жүрты Сырдарияның бойынан ығыстырды. Қаби ханның бастауымен
көтеріле көшкен Қаңлылардың 50 мың түтіні Еуропаға Рұмға қоныс аударды,
кейінірек Осман түріктерінің империясын құрды (Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Шежіре, 1911). Империяның негізгі халқына айналған Қаңлылар қазақ деген
атын да ұмытты. Елінде, Сырдарияда қалғандары мемлекеттік дербестігінен
айырылып, Ұлы жүз қазақтарының арасына Қаңлы рулары болып ыдырап кетті.
ҒҰНДАР (қытайша Хун, арабша Ғұз, түрікше Оғыз) Ұлы жүз одағына кіріп,
Үйсін мемлекетін құруға қатысқан сақ тайпасы екенін зерттеп, алғаш тұжырым
жасаған ғалым Ю. А. Зуев.
Қытаймен бейбіт келісімге қол жеткізген Шығыс Ғұн мемлекетінің
билеушісі Мәден (Модэ) хан, осы шығыс мекендерге жеткен ұлы жүз үйсіндер
тобына б. д. д. 177 жылы шабуыл жасайды. Оларды талқандап, біразын тұтқынға
алып, билеушісін өлтіреді. Жеңіліс тапқан ұлы жүздер өздерінің мекені
Тұрпан, Жетісуға қайта шегінеді. Осы оқиға Сыма Цянның Шицзи текстінде, Бан
Гудың Цянь Ханьшу текстінде, кейін көшіріліп жазылған жылнамаларда әртүрлі
керегар деректермен баяндалады. Тарихи мәліметтерге сүйенсек, бұл кезде
Шығыс Ғұндардың батыс шекарасы Лобнордан аспаған, ал ұлы жүздер Жетісудағы
мекендерінде түрып жатқан. Қытай жылнамаларында жазылған б. д. д. ІІ
ғасырдың 50-ші жылдары ұлы жүз тайпаларының арасындағы қақтығыстарға Шығыс
Ғұндары қатысқан деген деректер негізсіз. Бірақ, бұл үйсін мемлекетінің
ішінде болған өзара қақтығыстарда, ұлы жүз тайпаларының қатарында
жергілікті Ғұн тайпасы да болған. Ұлы жүз Ғұндардың Шығыс Ғұн тайпасымен
ешқандай байланысы жоқ. Шығыс Ғұндары Жетісуға келген емес, олардың Ор
жойып, кеңейген Солтүстік аймағын игеріп жүргенде Қытайдың ішінде де іріткі
туып, көсемдерінің басына қара бұлт орнады. Туындаған ішкі мәселелерді
шешуге бірнеше ғасыр кетті. Осы қиындықтарды өткеріп, қайта тұтас империяға
айналған Қытай бар назарын батысқа аударды. Көршісін қозғаған көшірер
дегендей, Қытайдың қанқұйлы қысымына шыдамаған ғұн-ғұздар (оғыздар) VІІ
ғасырда көштің басын өздерімен жақсы қатынаста болған Қаңлы еліне,
Сырдарияға түзеді.
Сырдария бойына келген бір тайпа елдің жергілікті халыққа жайсыздық
жасағаны белгілі. Дегенмен, жауынгер оғыздар ашық соғыс пен жасырын
саясатын қатар қолданып, келген жеріне табан тіреп бақты. Өздерінің атақты
қандасы Оғыз хан (Мәден тәңірқұты) туралы аңыз таратып, Оғызнама дастанын
жазып қалдырды. Көршілес тайпалармен соғыстарда ержүрек жауынгерлер деп
танылды. Сырдарияның бойында оғыздар Жаңа ғұз мемлекетін құрып, астанасы
Янгикент қаласын салды.
Оғыздардың бағы бұл жерде де ашылмады. VIII ғасырдың соңына қарай
Шығыстан, қазіргі Уссури өлкесінен Қытайдың қысымымен Батысқа қоныс аудара
бастаған қидандар (қара қытайлар), өз кезегінде, жолындағы Таулы Алтай
аймағын мекендеген Қыпшақтарды Қазақ Даласына ығыстырды. ХІІ ғасырда
Сарыарқаға қоныс аударған Қыпшақтар Сырдарияның төменгі жағындағы Қаңлы,
Оғыз тайпаларын жайпап өтіп, Батыс аймақтарды жаулап ала бастады. Аз
уақытта Сары-арқа, Батыс аймақтарды толық иеленіп, Дешті-Қыпшақ атандырған
Қыпшақ халқының аты шартарапқа тарап кетті.
Жығылғанға жұдырық дегендей, ата жұртынан ажырап, тамыры үзілген
оғыздарды ХІІ ғасырда үйсіндердің жеріне билік жүргізе бастаған қидандар
(қара қытайлар), Сырдарияның бойындағы мекендерінен тықсырып, бір бөлегін
батысқа қоныс аударуға, ал қалғандарының жергілікті халықтардың арасына
шашырап, сіңіп кетуіне мәжбүр етті.
Сыр бойынан Батысқа қоныс аударған оғыз-қаңлылар Орта Азия, Кавказ,
Дунай алабы мен Таяу Шығыс елдерінің негізгі халқына айналып, дербес
мемлекеттер болды. Олар, қазіргі Түркімендер, Әзірбайжандар, Венгрлер,
Түркиялықтар және Кавказдың көптеген халықтары. Осы халықтарда ежелгі оғыз-
қаңлы замандарынан келе жатқан аңыз-әңгімелер жақсы сақталған. Солардың 12
жыр-аңызын XV ғасырда Қорқыт ата кітабы деген атпен бастырып шығарды.
Олар VІІІ — X ғасырларда Сыр бойында өмір сүрген данышпан күйші Қорқытты
өздерінің бабасы санайды.
Осылай, бір кездері Шығысты дүр сілкіндірген, Қытайды қалтыратқан,
құдіретті Ғұн тайпасы, орта ғасырларда ғұз, оғыз деп аталған халық жойылып
кетті. Олардың артында Шығыста Мәден тәңірқұты, ал Түркіше Оғыз хан,
Батыста ерте ортағасырлық Аттила (Еділ, Әділ) патша сияқты тарих аспанында
мәңгі өшпейтін жарық жұлдыздар мен соларға байланысты сан-қилы аңыздар
қалды.
Ұлы жүз, үйсін қазақтары тарихта көптеген жеке тұлғалармен қатар
көркем аңыз-әңгімелер қалдырған. Солардың бірегейі Қозы Көрпеш — Баян
сұлу. Аңызды арнайы зерттеген академик Ә. Марғұлан Қозы Көрпеш — Баян
сұлу сюжеті б.д.д. ІІІ — І ғасырларда туған дейді. Лироэпостағы деректерге
негіздеп, сол кездегі қазақтардың Жетісу — Сырдария аймағын қыстап,
көктемде көліктерін ыңғайлап, мал-мүлкімен Сарыарқаға көш түзейтінін
айтады. Қатты ыстық басталмай тұрып Құлынды, Бараба көкмайса жазығында
биелерін құлындатқан. Содан ары қарай Батыс Сібір ормандарына кірген. Мұзды
мұхиттың жағасына дейін жетеді екен. Салқын түсе малдарын алдына салып,
қоңырсалқынмен Жетісу — Сырдарияға жетіп, осында қалған ел-жұртымен қайта
қауышқан. Шығармадағы Бағаналы деген жер Сібірдің қарағай-бағаналары өскен
тайгасы, ал Балталылар ну орманда өткір балтасымен жол салған өзіміздің
қандастарымыз көрінеді. Балталы — Бағаналы, өзен-көлді Сібір тайгасы ерте
ғасырларда қазақтарға мекен болған екен.
Ғұлама ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz