Орталық Комитетінің жауапты хатшысы, Москва университетінің профессоры жөне


ЖОСПАР
Кіріспе2
Санжар Асфендияров3
Ермұқан Бекмахановтың өмірбаяны6
Бекмаханов пен оның басты кітабы7
Қорытынды16
Қолданылған әдебиеттер тізімі17
Кіріспе
Осы жұмысты жазар алдында «неге осы екі тарихи тұлғаны бір жұмыстың төңірегінде қарастырамыз?» деген сауал келді. Тақырыпқа бірте-бірте кірген сайын маған екі тарихшының өмірлеріндегі ұқсастықтар да байқала бастады. Екеуі де саяси қуғын-сүргінге ұшырап, соның зардабын шеккен. Екеуі де қазақ халқы үшін жан-тәнін сала еңбек еткен.
Айырмашылықтарының бастысы Санжар ағамыз әмбебап, яғни жан-жақты кітаптар жазған. Тарихқа ден қойған. Ал Ермұқан ағамыз тек осы тарихпен кәсіби түрде түбегейлі шұғылданған. Басқамен анау айтарлықтай ісі болмаған.
Әрине жас айырмашылықтарына байланысты қуғын-сүргіннің әртүрлі кезеңдерінде қудаланған.
Осы екі адамның ғибратты өмірлері туралы ізденіп білу мен үшін берері мол жұмыс болды.
Көрнекті тарихшы ғалым Е. Бекмахановтың туғанына 90 жыл толуына байланысты игі шаралар бүкіл еліміз бойынша өткізіліп жатыр.
Әйгiлi қазақ тарихшысы Е. Б. Бекмахановтың монографияларында XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және саяси өмiрi жан-жақты қарастырылады. “Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында” монографиясының бiр тарауы қазақтардың өзбек хандықтарымен қарым-қатынасына арналған.
Е. Бекмахановтың өмірі мен ғылыми, ғылыми-педагогикалық қызметі зиялы қауымға кеңінен таныс. Ол кісінің өмірі мен қызметі жөнінде Ерекеңнің зайыбы филолог-ғалым Халима Адамқызы Бекмаханованың жарияланымдары да баршылық.
Санжар Асфендияров жөнінде де бірқатар ізденістер бар, бірақ үлкен кітапты мен байқай қоймадым.
Ал енді қазақтың біртуар ұлдары жөнінде осы жұмысымды бастайын.
Санжар Асфендияров
Санжар Асфендияров - ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық интеллигенциясының көрнекті өкілдері.
Олар Ресейдің ең ірі ғылыми жөне мәдени орталығы Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери-медицина академиясын алтын алқамен үздік бітірген.
Санжар Асфендияров әр ғылымның саласынан жақсы хабардар болғандықтан, қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазды. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, тарихты, әдебиетті, өнерді, тіл білімін, биологияны терең зерттеді.
Қазақ педагогика институтының тұңғыш ректоры және белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанда жоғары білім беруді ұйымдастырушылардың бірі де профессор Санжар Асфендияров болды.
Санкт-Петербургтің әскери-медициналық академиясының қабырғасында оқып білім алды.
1928-1932 жылдардың арасында Алматыдағы бұрынғы Комсомол көшесінің бойындағы (қазір Төле би) 29-үйде Санжар тұрған. Қазір де Алматыдағы бұл үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылған. Онда былай деп жазылған: Бұл үйде 1928-1932 жылдары көрнекті ғалым және қоғам қайраткері, профессор Санжар Асфендияров тұрған».
Санжар Асфендияров Қазақстан тарихын алғашқылардың бірі болып зерттеуді қолға алды. Қазақстан тарихы мәселелері бойынша бірнеше сүбелі зерттеу еңбектер мен оқулықтар жазды. Оның Қазақтың педагогикалық институтында студенттерге арналған дәрісінің негізінде «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін) еңбегі, 1935 жылы профессор П. А. Кунтспен бірлесіп, «Қазақстан өткен әдебиеттер мен құжаттарда» жинағының бірінші томын жарияласа, екінші томы 1936 жылы жарық көрді.
Жан-жақты ғұлама ғалым Санжар Асфендияров терең білімді тарихшы болуымен қатар, Қазақстанда педагогика ғылымының дамуына зор үлес қосты. Орта Азия мен Қазақстанда, бұрынғы одақ көлемінде экономикалық, саяси, мәдени салада жоғары оқу орындарының, ғылыми мекемелердің іргетасын қаласты. Ол - қазақ мектептері мен жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Атап айтқанда, оның I және II сатыдағы мектептерге арналған «Өлі табиғат» оқулығы (1922ж. ) ; «Зоология» (І-бөлім-омыртқалылар), екінші сатылы мектептерге арналған (1922ж) ; «Зоология», (II бөлім-омыртқасыздар) (1922ж) ; «Зоология», III бөлім (192бж) ; «Оқушылар гигиенасы» (1925ж) қазақ тілінде жарық көрді. Сонымен қатар, оның «Анатомия және физиология», «Адамның тән тіршілігі» сияқты оқулықтары жаппай ашылып жатқан қазақ мектептері үшін ауадай қажет кітаптар еді. Сондықтан да бұл оқулықтар 1922-28 жылдар аралығында бірнеше рет басылды.
Халел Досмұхамедов, шын мәнінде Санжар Асфендияровпен бірге Орта Азия мен Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы ұйымдастырушылары болды. Санжар Алматы медицина институтын 1930 жылы ұйымдастырып, оның ректоры болды. Қазір Алматы медициналық академиясы Санжар Асфендияровтың есімімен аталады. Ол - КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасын ұйымдастырушылардың бірі болды, оның жұмысына белсене араласты. База президиумына академиктер А. Н. Самойлович, Б. А. Келлермен қоса С. Асфендияров та ұсынылды.
Қазақ педагогикалық институты республикада басқа да жоғары оқу орындарының ашылуына ықпал етсе, олардың алғашқы оқытушыларының көбі осы институттың түлектері еді. Бір кездегі С. Асфендияров ұйымдастырған Қазақ педагогикалық институтының түлегі, белгілі ғалым, Қазақ Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, марқұм Қажым Жұмалиев алғашқы ұстазы, профессор С. Асфендияров туралы былай деп сыр шертеді: «Тек бүгінгісін ғана емес, болашағын ойлайтын көреген басшы Санжар Асфендияров ең азы жеке студенттің өміріне дейін белсене араласты. Жазушылар одағынан Қажым Жұмалиевтың өлең жазып жүргенін естіп, олардың ұсынысын қолдап, оның жаратылыс факультетінен әдебиет факультетіне ауысуын сұрады. Ауысқысы келмей, әр түрлі сылтаулар айтқан студентке ақылын айтып, байсалдылықпен түсіндіреді. «Әбден ойланыңыз, кейін опық жеп жүрмеңіз. Тағы да есіңізге салатын бір нәрсе, химик болу да, биолог болу да жақсы. Бірақ Қазақстанның қазіргі мәдени тілектерін қанағаттандыру үшін гуманитарлық ғылым өкілдері өте қажет. Қазақ әдебиеті тарихын жеке мақалалар болмаса, не оқулық, не оқу құралдары әлі жоқ. Ертеңгі ірі ғалымдар да, орта мектеп пен жоғары оқу орындарын оқулықпен қамтамасыз ететін авторлар да, әдебиетіміздің тарихын жасаушыларда біздің институттан шығулары керек», - деп, алда тұрған келелі міндеттерді айтады.
Ел үшін еңіреп, етігімен су кешкен, бойындағы бар асылын халқына арнаған аяулы азамат, қайталанбас ірі талант иесі С. Асфендияровтың қоғамдық өмірі мен ғылым көгіндегі ғұмыры мейілінше қысқа болды. Қазақ зиялыларына қарсы ұйымдастырылған сталиндік репрессия науқаны оларды жеке басқа табынудың құрбаны етті.
С. Асфендияровтың алдынан дәріс алған Қазақ педагогикалық институтының алғашқы бітірген түлектері республиканың түпкір-түпкірлеріне жіберіліп, жемісті еңбек етті. Солардың бір тобы алыстағы Атырау топырағында туып-өскен Қамаш Тәжібаевты, Шоқан Қаржауовты, Мақсат Құрманғазиевті ел-жұрты мақтан етеді.
Санжар Асфендияровтың студенттік кезде дүниетанымы мен ғылыми көзқарасының қалыптасуына Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери-медициналық академияда дәріс берген ұстаздары мен бірге оқыған тұстастарының әсері мен сол кездегі Ресейдің бірден-бір ең ірі оқу орнында қалыптасқан әлеуметтік-саяси жағдайлардың ықпалы орасан зор болды.
Болашақ ғұлама Санжар 1889 жылы туып, Ташкент қаласындағы әскери реальдық училищені үздік бітірді.
Санжар Асфендияров 1907 жылы Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери-медициналық академияға оқуға түсіп, оны 1912 жылы бітіріп шықты.
Императорлық әскери-медициналық академияда оқып жүргенде, Санжарға аты әлемге әйгілі, Нобель сыйлығының лауреаты академик Иван Петрович Павлов, Санкт-Петербург Ғылым академиясының академигі В. В. Радлов, Қазақ лингвистика мектебінің негізін салушы, профессор Бодуэн де Куртэне, шығыстанушы-ғалым, академик В. В. Бартольд, т. б. ғұламалар дәріс оқығанын көптеген «тарихи құжаттар дәлелдейді.
Астанада өткізген 5 жыл оның маман ретінде қалыптасуына ғана емес, дүниетанымына, саяси көзқарасына да терең өсер етті. Санжар астанаға буржуазиялық-демократиялық революцияның жеңіске ұшырап, реакция күшіне енген жылдары, революциялық қайта өрлеу мен қызыл қырғынның тұсында келді.
Ал Санжар болса, еңбек жолын 1912 жылы Амудария бойындағы Термез қаласында дәрігерлік қызметтен бастады.
Санжар Асфендияровтың өмірінің соңғы кезіне дейін оның большевиктік бағыт-бағдары айқындала берді. Коммунистік партияның бағыт-бағдарын ұстанды. 1919 жылы партия катарына қабылданды. Қазан төңкерісі Санжар Асфендияров өмірінің бетбұрыс кезеңі болды. Ол революция жеңістерін ішкі және сыртқы жаулардан қорғауға, халықтың денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруға атсалысады.
Санжар Асфендияров 1919 жылдан бастап, 1930 жылдарға дейін жоғары басшылық қызметтерде болды. Ол Түркістан республикасының денсаулық сақтау комиссары, жер-су халық комиссары, Түркістан республикасының Москвадағы тұрақты өкілі, РСФСР ұлт өкілдері жөніндегі халық комиссариатының алқа мүшесі, ВКП (б) Орта Азиялық бюросының мүшесі, Түркістан компартиясы Орталық Комитетінің жауапты хатшысы, Москва университетінің профессоры жөне Москва шығыстану институтының ректоры, Қазақ педагогикалық институтының; ректоры қызметтерін атқарды.
Санжар Асфендияровтың шығармашылықпен еңбек еткен жылдары 1930-1937 ж. ж дейінгі кезең. Бұл кезеңдерде С. Асфендияровтың Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін жан-жақты зерттеген бірнеше оқулықтары мен еңбектері дүниеге келді.
Репрессия кезінде жазықсыз қазақ зиялыларының ішінде Қазақстан жоғары мектебі мен ғылымы, мәдениеті саласындағы көптеген көрнекті ғылым, мәдениет қайраткерлері сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Сталиндік жендеттердің қанды шеңгеліне ілінгендердің ішінде С. Асфендияров та болды.
Ермұқан Бекмахановтың өмірбаяны
Е. Бекмаханов 1915 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген, 1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институттың тарих факультетін бітірген. Одан елге оралып, Алматыдағы Ғылыми-зерттеу педагогика институтында ғылыми қызметкер, содан соң директор болып қызмет атқарған. Соғыс жылдарында республика Халық Ағарту Комиссариатында басқарма бастығы болды, сонымен қатар Алматының жоғары оқу орындарында сабақ берді.
1946-1947 жылдары ол Қазақ КСР Ғылым академиясының жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары болды, ал 1947 жылдан өмірінің соңына дейін (6 мамыр, 1966ж, ) . 50-жылдарда «буржуазияшыл ұлтшыл», «антисоветчик» аталып айдауда болғанын ескермегенде, Қазақ мемлекеттік университетінің өзі негізін қалаған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.
Бекмаханов пен оның басты кітабы
Жақында тарихшы ғалымдар машинкаға басылған көлемі 552 беттік қолжазбаға тап болды. Орыс тіліндегі осы қолжазба «Стенограмма дискуссии по книге Бекмаханова. «Казахстан в 20-40-годы XIX века» деп аталып, пікірталас болған уақыты «14-19 июля 1948г. гор. Алма-Ата» деп көрсетіліпті.
Осы оқиғаның қайнаған ортасында болған, сол кезде көзі тірі куәгерлер бұл мәселе туралы әңгіме қозғауға құлықсыз болған көрінеді.
Ал мына қолжазба Ерекеңнің жеке басы мен оның негізгі кітабының тағдырына тікелей қатысы бар көптеген мәліметтерге толы екен. Олар, бір жағынан, осы кітапқа байланысты Е. Бекмахановқа аса ауыр саяси айыптар тағуда ерекше белсенділік көрсеткен саяси қырағы айғайшылар жөнінде мәлімет берсе, екінші жағынан, Ерекеңнің осы кітабына әділ баға беріп, оның авторын саяси айыптардан қорғап қалуға атсалысқан тарихи шындыққа адал жекелеген тарихшы ғалымдар туралы мәліметтерге толы екен. Ал бұл қолжазба өткен ғасырдың 40-жылдарының ортасынан 50-жылдардың бірінші жартысына дейін созылған КСРО-да тоталитарлық билік жүйесі жүзеге асырған саяси қуғын-сүргіннің үшінші толқыны тарихынан мол хабар берерлік дерек көз болып шықты.
Осы стенограмма табылғаннан көп бұрын (1966 ж. ) Е. Бекмаханов дүниеден озған болатын. 1956 жылы Е. Бекмахановтың өз басы саяси тұрғыдан ақталып, шығармашылық және ұстаздық қызметке қайта оралғанымен, оның Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліске арналған зерттеулері, ең алдымен оның айтулы «ХІХ ғасырдың 20-40-жылдарындағы Қазақстан» атты монографиясы ақталған жоқ еді, ол кітапханалардың жасырын қоймалары мен жекелеген адамдардың қолында сақталды. Өйткені ол кезде Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліске таптық және коммунистік идеология тұрғысынан берілген теріс баға күшінде болды. Басқа сөзбен айтқанда, Ерекеңнің өз басының тұтқындалу мерзімінен оның кітабының «тұтқындалу» мерзімі әлдеқайда ұзақ болды.
Ерекеңнің басты кітабын ақтау және оны 1948 жылдың шілдесінде бес күн қатарынан талқылаған пікірталастың стенограммасын жариялау еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана мүмкін болды.
1992 жылы «Қазақ университеті» баспасы Е. Бекмахановтың «Казахстан в 20-40-годы XIX века» монографиясын оның сенімді шәкірті, бұл күндері арамызда жоқ Ә. С. Тәкеновтің дайындауымен бірінші басылымынан 45 жылдан кейін қайтадан жариялады . . .
Ал стенограмма 2000 жылы «Дискуссия по книге Бекмаханова Е. Б. «Казахстан в 20-40-годы ХІХ века» Стенограмма. Июль 1948 года» деген тақырыппен шықты. Оған бес күн пікірталасқа қатынасып, сөйлеп үлгерген 20 адамның жөне сөз сөйлеуге үлгермеген тағы да үш кісінің сөз мәтіндері енгізілді. Стенограмманы жариялаушылар пікірталасқа қатынасушылардың сөйлеген сөздерін ешбір өзгеріссіз және ешбір қысқартусыз берді. Басылым соңында пікірталасқа қатынасқан 23 адам жөнінде қысқаша мәліметтер жарияланды (олардың туған жылдары, білім деңгейі, қызмет орны туралы) .
Жұмыстың басты мақсаты Кеңес зиялыларына қарсы бағытталып, XX ғасырдың 40-жылдарының екінші жартысынан 50-жылдардың ортасына дейін елде орын алған саяси қуғын-сүргіннің үшінші толқынының тарихын Е. Бекмаханов тағдыры мысалында көрсету болып табылады. Жұмыс Е. Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40-жылдарындагы Қазақстан» монографиясы жөнінде жоғарыда айтылған пікірталас стенограммасына және соған байланысты басқа да құжаттарға негізделген.
Е. Бекмахановтың және оның монографиясын жазалаудың өзіндік тарихы бар. Мұны «Вопросы истории» журналының (Москвада шығып тұрған) 1988 жылғы 11-санында жариялаған академик А. Панкратованың хаттары дәлелдейді.
Соғыстың бастапқы кезеңінде Алматыда КСРО Ғылым академиясы Тарих институтының бір топ ғалымдары, олардың қатарында КСРО Ғылым академиясының мүше-корреспонденті (1951 жылдан академик) А. М. Панкратова болғаны белгілі. Осы ғалымдардың Панкратова бастаған бір тобы «Қазақ ССР тарихын» шығаруға қатысты. Қазақстан тарихын көне заманнан сол кезге дейін қарастырған бұл кітап 1943 жылы жарық көрді. Анна Михайловна осы басылымның автарларының және редакторларының бірі болды.
Енбек жарыққа шығысымен сталиндік сыйлық алуға ұсынылды. Бірақ бұл сыйлық берілмей қалды. Сыйлықтың берілмеуін А. М. Панкратова КСРО Ғылым академиясының мүше-корреспонденті А. И. Яковлевтің теріс пікір жазуына жөне сондай-ақ өзіне Москвадағы кейбір атақты тарихшы ғалымдардың қырын қарауының салдарынан деп түсіндіреді.
Ол БК(б) П Орталық Комитетіне хат жазып, КСРО тарихы мәселелерін кең ауқымда талқылау үшін елдің жетекші тарихшыларының кеңесін шақыруды талап етті. А. М. Панкратованың табандылығының арқасында бұл кеңес 1944 жылғы жазда өткен болатын.
КСРО-ның көрнекті тарихшылары қатынасқан осы кеңесті БКП(б) Орталық Комитетінің хатшысы А. С. Щербаков жүргізіп, оның кейбір мәжілістеріне А. А. Жданов пен Г. М. Маленков сынды Орталық Комитет басшылары қатысты.
Бұл мәжілістің барысында кеңестік тарих ғылымының өзекті мәселелерімен қатар оның шақырылуына түрткі болған «Қазақ ССР тарихы» жөнінде де ішінара әр түрлі пікірлер айтылды. Бірқатар ғалымдар: А. М. Панкратова, Б. Д. Греков, И. С. Державин және басқалары «Қазақ ССР тарихын» одақтас республиканың тарихын зерттеудегі алғашқы және сәтті ұмтылыс деп бағалады.
Сын-ескертпелер де айтылмай қалған жоқ. Ұлт аймақтарының Ресейге қосылуына орай «Аз нұқсан келтіру» («Меньшее зло») және «Біртұтас тасқын» («Единый поток») теориялары жөнінде қилы-қилы пікірлер білдірілді.
Кеңеске қатысушылардың кейбіреулері (мәселен А. И. Яковлев, СК. Бушуев) «Қазақ ССР тарихын орысқа қарсы жазылған кітап деп бағалады, онда Ресейге қарсы ұлттық көтерілістер дәріптелген деді. Мәселен, Кенесары Қасымовтың басшылығымен болған көтеріліс туралы 14-тарау жөнінде осындай үзілді-кесілді сындар айтылды. Ал бұл тараудың авторы Ермұхан Бекмаханов болатын.
Сталиннің қоғамдық өмірдің барлық салаларында, оның ішінде рухани салада да нұсқауларын белсенді түрде жүргізіп отырған Жданов, Маленков, Щербаков сияқты басшылардың кеңеске қатысуы жағдайында айтылған бұл айыптау сол кезде 28 жастағы К. Бекмахановтың одан кейінгі кезеңдегі өміріне теріс ықпалы мен кесірін тигізбей қойған жоқ.
Дегенмен, өмір ағысы жалғаса берді. 1946 жылы күзде 31 жасар Ермұқан Бекмаханов, Москвада докторлық диссертациясын қорғады, ал мұның қолжазбасы 1947 жылы Алматыда «XIX ғасырдың 20-40-жылдарындағы Қазақстан» деген атпен орыс тілінде жеке-монография түрінде жарық көрді.
Е. Бекмахановтың кітабының шығуы Қазақстан Компартиясы "Орталық Комитетінің «Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» деген қаулысымен (1947ж. қаңтар) тұспа-тұс келді. Бұл қаулы казақ халқының 1917 жылғы Қазан революциясына дейінгі, әсіресе, XIX ғасырдағы рухани мұрасын ғылыми зерттеуге тыйым салу болды. Біз бәрібір ұлттық мәдениеттен тек қана оның демократиялық және социалистік элементтерін аламыз және мұны сөз жоқ, буржуазиялық ұлтшылдыққа пайдаланамыз» деген лениндік қағиданы бүркемелеген бұл қаулы өткен заманның ауызша және жазбаша мұрасын ғылыми тұрғыдан байыптауға ұмтылысты саяси қателіктер және ұлтшылдық сипаттағы бұрмалаулар деп жариялады.
Осыған іле-шала әр түрлі дүрмекшілер мен даурықпашылар қазақ интеллигенциясы қатарынан «ұлтшылдар» мен «байшылдарды» іздеу науқанын бастап кетті. Тіпті, Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтбаев сынды ірі тұлғаларға тіл тигізушілер мен топырақ шашушылар да табылмай қалған жоқ.
Қазақ КСР Ғылым академиясының мекемелерінде, жалпы зиялы қауым арасында күдіктілік пен үрей орын алды. Турасын айтқанда, 1937 жылдың синдромы қайталанып, қоғамда соған ұқсас саяси хал-ахуал пайда болды.
Асыра сілтеу, бұрмалау мен күдікшілдік қайтадан бел алған осындай тұста жарық көрген Ерекеңнің монографиясына пікір айтушылардың кейбіреулері әуел бастан-ақ оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен деп бағалап, оның авторынг буржуазиялық ұлтшыл идеологияны дәріптеуші деп саяси кінәға ұшыратты.
Осындай жағдайда Москвада КСРО Ғылым академиясының Тарих институтында 1948 жылы 28 ақпан күні Е. Бекмахановтың монографиясына арналған алғашқы пікірталас болды. Ол КСРО Ғылым академиясының тарих және философия бөлімшесінің академик-хатшысы Б. Н. Грековтың басшылығымен өтті. Оған Кеңес Одағының белгілі тарихшы ғалымдары Н. М. Дружинин, С. В. Бахрушин, М. П. Вяткин, А. П. Кучкин, С. В. Юшков және басқалары қатысты. Осы талқылауда Алматыдан арнайы келген тарих ғылымының кандидаты Х. Айдарова ұзақ сөз сөйледі. Мәжілісте тарих ғылымының кандидаттары Т. Шойынбаев пен М. Ақынжановтың талқыланып отырған кітап жөніндегі жазбаша пікірлері оқылды.
Х. Айдарованың сөзі мен Т. Шойынбев пен Л. Ақынжановтың жазбаша пікірінде Кенесары Қасымұлы баскарған көтеріліс «феодалдық-монархиялық» мәнге ие болды, ал Е. Бекмаханов болса ұлт-азаттық қозғалыс деп бағалап, үлкен саяси қателікке барды делінді.
М. П. Вяткин Кенесары басқарған қозғалыстың негізінде шаруалардың жер үшін күресі жүріп жатыр деген дұрыс тезисті ашып көрсетуге Бекмахановтың көп еңбек тындырғанын жоғары бағалады.
Талдауды қорыта келіп, академик В. Д. Греков кеңес тарихшылары қандай мәселені зерттемесін, тек қана шындықты жазуы міндетті, қандай қоғамдық құбылысты болсын, оның ішінде ұлт-азаттық қозғалыс тарихын суреттегенде де, бірыңғай әсіреқызыл бояу жағуға да немесе біртұтас қара бояумен бейнелеуге де болмайтындығын айта келіп, Қазақстан тарихшыларын ынтымаққа, бірлесіп шығармашылық еңбек етуге шақырды.
Алайда, Қазақстан жағдайында үлкен ғалымның бұл тілегі бірден жүзеге аспады. Кітап пен оның төңірегіндегі даңғаза айқай-шу басылмады. Осының нәтижесінде 1948 жылғы шілдеде Қазақ КСР Ғылым академиясында Е. Бекмахановтың кітабына байланысты бес күнге созылған пікірталас ұйымдастырылды. Пікірталас Академияның Тарих, археология және этнография институтында өткізілді. Ол Ғылым академиясының сол кездегі Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы Н. Т. Сауранбаевтың төрағалығымен өтті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz