Қазақтар мен казактар
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
Тарих кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: “ҚАЗАҚ” ТЕРМИНІ: ШЫҒУ ТЕГІ МЕН МӘН-МАҒЫНАСЫ
Оқытушы: Азимбаева Г.Ж
Студент: Джакупов А.К
Мамандығы: 050709
Тобы: МЛБ-06-3к
Алматы 2006
Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Тарих беттеріндегі қазақ терминінің кездесуі
2. Қазақтар мен казактар
III. Қорытынды.
Кіріспе
Қазақ этнонимінің шығу тарихы әлі күнге дейін зерттеушілер арасында
талас тудырып келеді. Бұл термин деректемелерде алғашында әлеуметтік
мағынада қолданылып, академик В. В. Бартольдтың айтуынша қазақ сөзінің
төркіні: өз мемлекетінен, тайпасынан, руынан бөлініп, ғажайып оқиғалы өмір
жолын қууға мәжбүр болған адамдарды білдірген. Тарихи-ир-Рашиди мен
басқа да деректемелерде қазақтар термині Жетісуға көшіп барған Жәнібек
пен Керей басқарған саяси топты білдіру үшін қолданылды. Ол алғашқыда
өзбек-қазақтар, кейін қазақтар деп аталған. XV ғасырда өзбектер және
қазақтар деген терминнің этникалық мәні болған жоқ, тек Шығыс Дешті
Қыпшақтағы түркі тайпаларының саяси тобын ғана білдірді. XVI ғасырдың
басында Ибн Рузбехан Исфаһани: Өзбектерге үш халық немесе тайпа жатады...
Олардың біреуі – Шайбани әулеті, екінші халық – қайратымен және ер
жүректігімен дүние жүзіне даңқы жайылған қазақтар және үшінші халық – Хаджи-
Тархан (Астрахань) патшасы болып отырған маңғыттар. Осы үш халықтың хандары
бір-бірімен дұшпан және біріне бірі озбырлық жасап отырады[1] деп жазды.
Қазақ ССР тарихы: Қазақ этнонимінің шығуы туралы мәселеге ғылымда әлі
дәл, тоқ етер жауап жоқ[2] деп тұжырды. Мұндай проблема тек қазақ
қауымының басында емес, көршілес өзбекте, орыста да бар.
XVIII–XIX ғасырлардағы орыс тарихы русь этнонимінің мәнін анықтау
жолындағы ізденістерге толы. Әр саққа жүгірткен ала-құла алшақ пікірлер де
аз болмаған. Осындай бір қызу пікір таласының тұсында орыстың ғалымы М. В.
Ломоносовтың қиянатқа шыдамай кетіп, қыруар жұмысын жинап қойып тарихпен
шұғылданғаны бар. Бұл орайдағы айтыс бүгінгі күнге дейін басылған жоқ, оқта-
текте болса да әлі сөз болып қалып жүр. Ендеше, қазақ атауы туралы қазақ
есіміне байланысты жер-су аттары республикамыздан тыс топырақтарда:
Әзірбайжан, Украина, Дон – Днепр аралықтарында жиі ұшырасады...
Тарих беттеріндегі қазақ терминінің кездесуі
Қазақтың аты баяғыда хатқа түскен ежелгі халық екені жөнінде
X–XI ғасырда өмір сүрген тәжік ақыны Фирдоусидің[3] Шаһнаме дастаны –
бізге бұлтартпас дерек ретінде нақты хабар жеткізген еңбек. Шаһнаме
мәліметін зерттеп, шындыққа әлемнің көзін ашқан ғалым А. Вамбери[4] . Ол
1885 жылы Түркі халықтарының этнологиясы мен этнографиясы атты неміс
тілінде зерттеу жазып, қазақ есімі IX–X ғасырларда болғанын әдеби, тарихи
деректермен дәлелдеп берді. Онда былай делінген: Қазақ, қазақ хандығы
деген ел Көк теңіздің (Арал теңізі) солтүстігін мекендеп отырған күшті әрі
көп санды жұрт екендігі айтылады. Қазақтар Туранның қастасы Иранды
қорқытпақ болады. В. В. Вельяминов-Зернов жинаған мәліметтерде 1356 жылы
қазақтар Мәуереннахрға шабуыл жасады деген дерек бар[5]. Осы автордың
айтуынша: Мұсылман әлемінде деген газеттің 1911 жылғы шілденің 22-сіндегі
14 санында 1397 жылы Қырымнан Литваға ауып барған татарлар өздерін қазақпыз
дегені туралы мәлімет келтіріледі[6].
1185 жылы бір оқиға туралы Леврентев жылнамасында мынадай дерек бар:
Они же половцы казаше рекуще – Пойдете по свою братью, аль мы идем по свою
братью к вам[7]. Осыған орай Н. М. Карамзин арқылы жеткен мына бір
мәліметті де ойда ұстаған жөн. Оңтүстік орыс даласына монғолдар келгенге
дейін торктер мен берендейлер өздерін черкеспіз, қазақпыз[8] деп атаған.
Бұл черкеспіз, қазақпыз дегендер кейбір тарихшылар пайымдағандай, бір ұғым
емес, керісінше, қазақ, черкес халықтарының бұрыннан бірге өмір сүріп келе
жатқанын білдіретін егіз – қатар ұғым. Монғол шапқыншылығына дейін-ақ торк
пен берендейлер елдерін қазақ деп, 1185 жылы қыпшақтар қазақша сөйлеген
болса, ендеше монғол шапқыншылығына дейін-ақ қыпшақтар өздерін қазақ
қауымына қоса бастаған. Қазақ атауы әуелі қыпшақтарға, сонан соң біртіндеп
сол төңіректегі түркі тайпаларына жайылған да, XIV ғасырда Қырым, Азов,
Қазан шеңберіндегі қалың жұрт қазақ атана бастаған.
Қазақтар туралы арнайы қалам тартқан әсіресе – XVI ғасырдың авторы Ибн
Рузбехан Исфаһани[9] еді. Шамамен алғанда XIV ғасырдың 50–60-жылдары Ақ
Орданы мекендеген тайпалар дәстүрлі қыпшақтар деген атының орнына
өзбектер деп жиі атала бастады. Жоғарыда көрсетілгендей, Ибн Рузбехан
Исфаһани өзбектерге үш халықты, анығын айтқанда, саяси бағдарына қарай
бөлінген тайпалардың үш тобын жатқызды: олардың біріншісі шайбандықтар
деп аталады, бұл қыпшақ тайпаларының немесе оның бөлімшелерінің Мұхаммед
Шайбаниге бағынған бір тармағы, екіншісі қазақ деп аталды, Бұл Еділден
Сырдарияға дейінгі ұлан-байтақ далада көшіп-қонып жүрген алғашқы қазақ
хандарының қол астындағылар, үшіншісі маңғыт деп аталды, бұл топ Ноғай
ордасының бір бөлігін қамтиды. Қазақ хандығының құрылуымен байланысты
жинақтаушы этникалық саяси ұғым өзгерді. Қалыптасқан халықты деректемелерде
өзбек-қазақ, кейін қазақ деп атай бастады. Өзбек ұғымы Мұхаммед
Шайбанидің бастауымен Орта Азия жер аумағына ауысқан тайпалар бірлестігінің
этнониміне айналды[10]
XVI ғасырдың авторы Мұхаммед Хайдар Дулатидің тұжырымы аталмыш
жайларды тағы да анықтай түсетін сияқты. Ол өзінің 1541–1542 жылдары
аяқтаған Тарихи-ир-Рашиди атты еңбегінде былай деген: Сөйтіп, Керей мен
Жәнібек өзінің қабырғалы қалың елінен ірге айырып, қашып-пысып, біраз уақыт
қаңғырып, тентіреп жүрді, оларды қазақ деп атады, ақыры сол атқа мұрагер
болды [11].
Ал Шараф-ад-Дин Әли Иезди[12] Дешті Қыпшақты әскери түрде күзетіп
отырған қауымды Уала-иш-Шатур қазақ[13] деп атаған. Қазақ аты аталып,
олардың тұрмыс-тіршілік қарекетін баяндаған шығармалар осы тұста аз емес.
Ал жоғарыдағы деректерден байқайтынымыз – қазақ атауының этноним ретінде
дүниеге келе бастауының басы ашықтығы.
Қазақ сөзінің, қазақ ұлтының Қазақ хандығы құрылғаннан көп бұрын
белгілі болғанын көреміз. Қазақ аты көне дәуірде-ақ алыс-жақын іргелес
жұрттарға танымал болғаны ақиқат. Қазақ хандығы өз есімін аспаннан алған
жоқ, солардан алды, ол туралы деректемелердегі фактілер де жетерлік.
1240 жылы хатталған монғолдың Сырлы қазынасында халқымыздың есімі касаг
болып жазылған[14].
Қарақорымдағы монғол жылнамашылары байырғы түбірді бұрмаламай дұрыс
сақтап жазған. Осы кезеңнің екінші бір күмән туғызбайтын елеулі деректемесі
– Араб-қыпшақ сөздігі. Ол 1245 жылы жасалған. Міне, осы сөздікте қазақ
атауына кең түрде жан-жақты түсінік берілген. Ал 1223 жылғы монғолдармен
болған Қалқа соғысын баяндайтын тұсында былай дейді: Кавказды асып келіп,
оңтүстік Ресейге соқтыққан Шығыс басқыншылары бұдан бұрын қазақты
шапты[15].
Бұл деректер қазақ бұрын болмаған, түркілер мен монғолдардың арасынан
шыққан, өткен-кеткені жоқ, балаң халық деген құлаққа әбден сіңісті ұғымды
өзгертеді және көне заманнан қалыптасқан халық екенімізге дәлел болады.
Орта ғасырда қазақ аты хатқа түскен әрідегі дерек деп VIII ғасырдың
аяғы IX ғасырдың басындағы грек монахы Епифаньдің хабарын айтуға болады. Ол
ұзақ жазбаған, Кавказда касогдиание деген халық бар деп қысқа ғана
қайырған. Ескерте кететін бір жайт: касогдиание (Епифани), кашак (Масуди,
Нестор), касог (орыс жылнамалары) – әр ұлттың тіл ерекшелігіне қарай әр
түрлі жазылған бір сөз – қазақ сөзі. Осы пікірді В. В. Радлов та
қолдайды. Ал Бүркітбай Аяған (т.ғ.д.) бұл ұқсастықты тек фонетикалық дейді.
Түрколог А. Н. Бернштам қазақ атауы X ғасырда рулық-этникалық мағына
білдірді деп тұжырады[16].
В. Ф. Шахматов, М. Ақынжанов, С. В. Юшковтар өз еңбектерінде
жоғарыдағы пікірлерді қуаттады. Әлкей Марғұлан 70-жылдары Таңбалы тас
жазулары[17] атты мақала жариялап, сөз етіп отырған тақырыбымызға қатысты
ойларын ортаға салған. В. Ф. Минорскийдің зерттеуінше қазақтар селжук
дәуірінде (IX ғ.) шыға бастаған. Ту баста қазақ сөзін араб жазушылары
бұзып жазып, кесеп, касал деп отырған. Бұл сөзді дұрыс жазған –
IX ғасыр жазушысы Ибн Адпам-әл-Куфи. Оңда: қазақ язылмыш[18] деген.
Сөйтіп IX ғасырда-ақ қазақ атауы көптеген тарихшылардың аузына іліккені
анық болды. Сонымен ғалымдардың еңбектерін жинақтай келіп, қазақтар әу
бастан-ақ Дешті Қыпшақ Дон, Еділ-Жайық, Қырым, Кавказ терістігі, Сырдария,
Амудария бойларын жайлаған деген ғылыми тұжырымға тоқтаған[19].
Ә. Марғұланның мәлімдеуінше қазақтар Орта Азиядағы қос өзеннің бойына
орналасқан. Зерттеушілердің басым көпшілігі қазақтардың кір жуып, кіндік
кескен жері осы топырақ дегенге сайып отыр. Ал қазақты кедей, жалаңаш,
баспанасыз, отанынан безген деп айту Египет мамлюктерінің 1245 жылы
жасаған араб-қыпшақ сөздігінен басталған сияқты. Сөздік Алтын Орда мен
Мысыр мамлюктерінің Хулагидтік Иранға қарсы одақ жасаған кезінде
дипломатиялық қажеттіктен дүниеге келгені белгілі. Ал бұл тұста терістік
Кавказдың қазақтары Алтын Ордаға бағынбай, қиян-кескі қарсылық көрсетіп
жатты. Сол саяси жағдайдың сөздікке салқыны тиюі де ғажап емес. Сонымен
бірге бұл кезде қазақ сөзінің әу бастағы мағынасы сөздікті жасауға
қатысқан қыпшақтар тұрмақ, қазақтардың өз арасында да көмескіленіп, ұмытыла
бастаса керек. Сөздікте қазақ атауына берілген түсініктің әр түрлілігі,
тіпті кейде қарама-қайшы болуының да себебі содан деп білген жөн. Дегенмен,
сөздікті құрастырушылар аталмыш жұрттың бір кезде елін тастап, босып
келгенінен хабардар болса керек. Сол себепті де осы ұғым әжептәуір көрініс
тапқан. Ал қазақ сөзінің жасақшы, әскер, жазалаушы отряд дейтін
мағыналары Алтын Орда тұсында пайда болғаны талассыз. Осы дәуірге арналған
орыс жазбаларында қазақ сөзі жиі ұшырасады да, ол әрбір ханның не бектің
жауынгер жасағы ретінде реттеледі. (Карамзин, Фишер, Вельяминов-Зернов).
Бұл деректер қазақтардың Алтын Орда әскери қызметіне тартылғанын
айғақтайды. Шараф-ад-Дин Иезди: Дешті қыпшақты әскери түрде күзетіп отырған
елді Уала-иш-Шатур қазақ деп атаған[20]. Сайыпқыран (Ақсақ Темір) Алтын
Ордаға жорық жасағанда оның алдынан орда тағын қорғап тұрған Шатур қазақ
Уала шықты. Олар сайыпқыранның тегеурініне шыдап тұра алмады. Шатур қазақ
елін түгелімен қиратып, мал-мүлкін тартып алды[21] деп жазады ол. Ендігі
бір қызығы осы жазбалардың көне ауыз әдебиет үлгілерінде жоғалмай сақталуы.
Ақсақ Темірдің ең қатты жауласқан адамы Тоқтамыс екені белгілі. Сол
Тоқтамыс Ақсақ Темір келіп елін шауып кеткеннен кейін жанына жиналған қалың
жұртына былай деген екен:
Ей, байтағым, байтағым, Ал аман бол менен соң,
Бастырып сені алдырдым. Байтағымның ішінде
Ол сан елім ноғайлым, Үш жүз алпыс отау қазағым,
Сені тағы алдырдым, Сені тағы алдырдым[22].
Он сан ноғай ішінде
Шараф-Ад-Дин Иездидің хабарлауынша; Ақсақ Темірдің әскерінде 1376 жылы
Қазақ мыңы жасағы болған. Темірдің баласы Омар Шейх жаугершілік
сапарларда ходжент қазақтары деген жасақ топтарын ілестіріп жүрген[23].
Әлкей Марғұлан: бұлар негізінен жалайыр, арғын, дулат, қаңлы, іргелес,
қоңырат руларынан еді дейді. Бір қызығы Омар Шейхтың төңірегін сағалаған
әлгі ходжент, андижан қазақтары дулат бегі Камариддин Андижанға
келгенде, бірі қалмай түгелімен соған ілесіп кеткен. Өстіп, бектердің
әскери жасақтары Алтын Орда дәстүрімен қазақ атана бастаған. Қазақ сөзіне
теліне бастаған, телініп жүрген әскер, аламан, әскери жасақ, жазалаушы
отряд ұғымдары осылай пайда болған.
Қазақтар мен казактар
Орыс мемлекетінің құрамында казак-орыс этникалық тобының қалыптасуы
–қазақ атауына жаңа мағыналар үстеп, онсыз да қат-қабат қиын түсініктерді
бытыстырып, одан сайын қиындатып жіберді. Орыстардың арасында крепостнойлық
құлдықтан қашқан шаруалар көп болғаны белгілі. Соған орайлас қазақ сөзін
скиталец (кезбе), бродяга (қаңғыбас), разбойник (қарақшы), крепостной
(кедей), раб (құл) деп түсіндірушілік етек алды. Бұл қазақ сөзінің түпкі
мәнінен мүлде жырақ, казак-орыстың әлеуметтік жағдайына орайластырған
ұғымдар еді. Ал казак-орыстардың бродник атанғаны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz