Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1. Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуы 2
1. Қазақ халқының шығу тегiндегi антропологиялық және этникалық жақтары
2
2. Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері және этнос ретінде
қалыптасуының аяқталуы 5
3 Қазақ атауының төркіні туралы 7
4 Қазақ хандығының құрылуы 11
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер тізімі 15

Кіріспе

Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір
көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. Бізді қызықтырып отырған
тақырып Қазақ халқы мен қазақ хандығының құрылуы деп аталады.
Бұл күнге шейін қазақ халқының түп төркіні туралы қазақ тарихшыларында
теріс түсінушілік болып келді. Ескі түркологтар, востоковедтер осы қазақ,
өзбек елдерінің шығуы жөнінде айтқан пікірлеріне қарай екіге бөлініп,
ғылыми таластар туды. Атақты этнограф Аристов бастаған бір топ – қазақ
өзбек руларының этникалық құрамының негізі түрік (тюркский) тұқымдас десе,
ориенталистердің зоры саналған атақты академик Бартольд, бастаған бір топ –
қазақ, өзбек елдерінің құрамында қаңлы мен қыпшақтан басқаларының бәрі
монғол тұқымдас дейді. Оған қазақ елдерінің жеке руларын алып, дәлелдемек
болады.
Міне осыдан-ақ біздің тақырыбымыздың қызықты да күрделі екендігін
пайымдаймыз.

1. Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуы

1. Қазақ халқының шығу тегiндегi антропологиялық және этникалық жақтары

Демограф ғалымдарының зерттеулерi негiзiнде қазiргi кезеңде дүние
жүзiнде мыңнан астам халықтар бар деп есептеледi. Әрбiр халықтың жеке халық
болып қалыптасуы үшiн көптеген тарихи кезеңдердi басынан өткiзуiне тура
келедi. Бұл күрделi процесс бiр немесе екi ғасырдың iшiнде болмайды, халық
болу үшiн бiрнеше ғасырларды керек етедi. Мәселен, Қазақстан жерiнде халық
болып құрылу процесi алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейiн қола
дәуiрi мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңi) темiр дәуiрi (б.д.д. VII-IV ғғ.)
кезеңдерiнен немесе бұл кезде өмiр сүрген ру-тайпалардың өсiп-өркендеуiнен
басталады. Олар негiзiнен Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден
мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бiрлестiктерiнен
құралған. Археологиялық деректерге сүйенетiн болсақ, олар мал
шаруашылығымен, егiншiлiкпен, металл өндiру және оны өңдеумен айналысқан.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуiрдегi кезеңдерiн зерттеп жүрген
ғалымдардың пiкiрлерiне қарағанда, бiздiң жерiмiзде қола дәуiрi Андрон,
Беғазы-Дәндiбай мәдениеттерi мен темір дәуiрiнде өмiр сүрген тайпалардың
сақ, сармат т.б. иран тiлдес болғандығы айтылады. Сондай-ақ, ғалымдардың
көрсетуiнше бұл кездегi тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық
белгiлерi бар европеидтiк нәсiлдер екендiгi көрсетiледi. Қазақ халқының
бастауы болып табылатын, керек болса, сақ тайпаларының тiкелей жалғасы
болып үйсiн, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректерi "өзi сары, көзi
көк, ат жақты сэ сақ тайпалары үйсiндердiң арасында жүр" – деп көрсетедi.
Бұл сақтардың жалғасы үйсiндер екендiгiне ешбiр талас тудырмайды.
Қазақ халқының шыққан тегi туралы көптеген аспектiлерi iшiнен өзектi
ретiнде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерiн бөлшектеп алған
жөн. Жоғарыда айтылғандай Орта Азия мен Қазақстан өңiрiнде осы екi
процестiң екеуi де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегi тарихын екi
аумақты кезеңге: үндi-еуропалық және түрiктiк кезеңге бөлуге болады.
Бiрiншi кезеңде лингвистикалық тiл жағынан Қазақстан тұрғындары үндi-
еуропалық топтың ежелгi иран тобына кiредi, яғни бұл кез б.з. дейiнгi III-I
мыңжылдықтарды қамтиды.
Екiншi кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелi
тайпалардың, соның iшiнде ғұндардың, Батысқа қарай қоныс аударуына
байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы-үйсiн мен қаңлылар ғұн
тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Ол қалай болды? Б.з.б. I ғасырда Солтүстiк ғұндардың құрамына кiрген
көптеген түркi тiлдес тайпалардың бiр бөлiгi Орталық Азиядан Тянь-Шань
арқылы өтiп, Қаңлы тайпалық бiрлестiгiмен көршi-қолаң отырды. Ғұндардың
Қазақстанға өтуiнiң екiншi толқыны б.з. 2-ші ғасырдың бiрiншi жартысында
орын алды. Бұл кезде Солтүстiк ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс
Қазақстан мен Жетiсуға қоныс аударып, VI ғасырға дейiн өмiр сүрген Юэбань
мемлекетiн құрды. Ғұндардың бiрiктiрушi рөлiнiң арқасында сырттан келген
тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы iске асты. Мұның өзi
тайпалардың жаңа этникалық қауымдастығының қалыптасуына әкелдi және сол
этникалық процестердiң бағыт-бағдарын айқындап отырды. Этномәдениеттiк
жағдайда түркi тiлiнiң одан әрi дамып жайылған аймақтарда сол сияқты сыртқы
моңғол түрiнiң белгiлi әсерi де көбейдi.
Сөйтiп, үйсiндер мен қаңлылардың моңғолоидтық нәсiлге өтуi басталды.
Бұл процесс тарихи деректерге қарағанда б.з. I-V ғасырларын қамтиды, мұның
өзi жергiлiктi жұрттың кескiн-кейпiне, оның тiлiне белгiлi дәрежеде әсер
еткенi даусыз. Оның үстiне бұл тайпалық одақтардың қоныстарына жүргiзiлген
археологиялық зерттеулер олардың әдет-ғұрып, салт-санасында, дiни-наным
сенiмдерiнде бiрiн-бiрi қайталайтын ұқсастық қасиеттерiнiң барлығын
байқатады. Олардың жұрттарынан табылып жүрген ыдыс-аяқ, құрал-сайман, төрт-
түлiк үй жануарларының сүйектерi, егiн егуге қажеттi құралдар, қол
диiрмендер т.б. өмiрге қажеттi бұйымдардың табылуы, олардың да бiр-бiрiне
ұқсастығын, экономикалық жағынан бұлардың арасында ешбiр қайшылық жоқтығын
дәлелдейдi.
Ал, б.з. VI ғасырынан бастап үйсiн, қаңлы және басқа тайпалар тарих
сахнасынан көрiнбейдi, аттары аталмайды. Оған себеп, бұл кезде Қазақстан
жерiнде, әсiресе оңтүстiк аймақта шығыстан Алтай, Сiбiр жақтан келген түркi
тайпаларының басымдылығы болса керек. Олар негiзiнен: Байырқу, Бұлақ,
Қарлұқ, Кимек, Едiз, Қыпшақ атты тайпалары. VI ғасырда Қазақстан жерi
түгелдей құдыреттi бiр тұтас мемлекет – Түркi қағанаты құрамына кiрдi.
Жазба деректерден алғаш Түрiк қағанатының 542 ж. одан кейiн Батыс түрiк
қағанаты 603 ж. сияқты феодалдық мемлекеттер құрылғандығы белгiлi. Осы
қағанаттықтардың құрамында 30-дан астам түркi тiлдес ру-тайпалардың
болғандығы тарихта айтылады. Үйсiндер мен қаңлылар осы тайпалармен
араласып, сiңiсiп кеткенге ұқсайды. Тоныкөк жазуында "бұрынғы үйсiндердiң
жерiн жайладық" – деген сөздерге қарағанда, олар расында да түрiктерге
тәуекелдiлiкке түскен. Сөйтiп, VI-VIII ғасырда олар түркi тiлдес болды
деген болжамдар айтылады.
702 жылы Батыс түрiк қағанаты тарағаннан кейін оның орнына Түргеш
қағанаты (704-756 жж.), Қарлұқ қағанаты (756-940 жж.), Оғыз мемлекетi (IХ
ғ. соңы – ХI ғ. Басы), Кимек қағанаты (893 ж – ХI ғ. Басы), Қыпшақ хандығы
(ХI ғ. – 1219 ж.), Қарахан мемлекетi (942-1212 жж.) өмiр сүрдi. Осы
мемлекеттердiң iшiнде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсiресе екi
мемлекеттiң тарихи рөлi ерекше болған. Оның бiрiншiсi – Қыпшақ хандығы (ХI
ғ. – ХIII ғ.) Ертiс пен Едiл арасындағы кең байтақ жердi иемдендi. Қыпшақ
хандығының құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа даму кезеңiне аяқ
басты. Осы бiр даму кезеңде қыпшақтар мекендеген этникалық территория
қалыптасып, ол қазақ халқының қазiргi территориясының көпшiлiк бөлiгiн
қамтыған. Бұл кезде қазақ тiлiнiң негiзi - әдеби қыпшақ тiлi құралып,
сонымен қатар қазақтардың өзiне тән антропологиялық кескiнi қалыптасты.
Қыпшақтардың құрамы болған сол бiр этникалық қауымдастық – қазақ халқының
шығу тегiмен байланысты. Қазақ этнотегiнде қыпшақтар этнос ретiнде маңызды
рөл атқарды. "Қазақ" сөзiнiң шығу тегiнiң өзi қыпшақтар мекен еткен
аймақтарда пайда болды деуге толық негiз бар. Кейбiр турколог ғалымдардың
пiкiрiнше, "қазақ" терминiнiң таралу аймағы Шығыс Дештi-Қыпшақ даласымен
және iргелес Мәуеренахр өлкесiмен байланысты.
Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен екiншi мемлекет – ол оңтүстiк,
оңтүстiк Шығыс Қазақстанда өмiр сүрген Қарахан феодалдық мемлекетi. Бұл
мемлекеттiң кезiнде халық болып қалыптасу пiсiп-жетiлiп, қалалық өмiр
өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көршi жатқан елдермен сауда
қатынасы артып, жалпы мәдени-экономикалық дамуы өскен. Бұл мемлекетте
қарлұқтардың ықпалы күштi болды. Қарахан мемлекетiнде феодалдық қатынастар
түрi қоғамның барлық саласын қамтыды. Шығыстан моңғол тектес көшпелi
халықтардың жасаған шапқыншылығы Оңтүстiк және Оңтүстiк-шығыс Қазақстанның
қалыптасқан этникалық жайына оншалықты өзгерiс жасай алған жоқ.
Дегенмен Алтай жақтан ығыса келiп, өздерiнiң мемлекеттiк бiрлестiктерiн
құрған Наймандар мен Керейлер Қарахан мемлекетiнiң этникалық құрамына
елеулi әсерiн тигiздi. Кейiн Найман және Керей тайпаларының атауы сол
күйiнде қазақтың генеологиялық құрылымына ендi.
Бiрақ осы бiр сапырылыс кезеңде шығыстан кидандардың
қарақытайлықтардың шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетiнiң жағдайы
нашарлап кеткен. ХІІІ ғасырдың басында Қарахан мемлекеті қайта дамып келе
жатқанда моңғол шапқыншылығы басталды, сөйтiп халық болып қалыптасу процесi
тоқталды. Сондай-ақ, осы кезде Қазақстанда халық болып қалыптасудың екiншi
бiр ошағы болған Орталық, Солтүстiк, Шығыс және Батыс Қазақстан жерiндегi
Қыпшақ мемлекетi де ауыр жағдайға ұшырады. Өйткенi моңғол шапқыншылығы
халық болып қалыптасып келе жатқан екi ошақтың екеуiнде тас-талқан етiп
қиратты. Нәтижесiнде қазақ жерiндегi этникалық бiрлестiктердiң құрамы
бұзылып, халық болып қалыптасу процесi ХV ғасырға дейiн немесе 200 жылдай
уақытқа кешеуiлдедi.

2. Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері және этнос ретінде
қалыптасуының аяқталуы

Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жерiндегi ру-тайпалардың
арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-
экономикалық байланыстар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен
елдi мекендердi, егiншiлiк ошақтарын талқандап, өлкенiң өндiргiш күштерiн
күйзелттi. Мұндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үздi. Көптеген
бейбiт халық: егiншi, малшы, зергер тағы басқа да кәсiп иелерi қырылды. Iрi
ру-тайпалардың бiрсыпырасы қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен,
қыпшақтардың бiр бөлiгi Солтүстiк Қазақстан мен Батыс Сiбiрге көштi. Моңғол
феодалдарының, Шығыс Қазақстан мен Жетiсуда таңдаулы жайылымдарды тартып
алуы, әсiресе, жергiлiктi халықтың жиi-жиi ығысуына әсерiн тигiздi. Моңғол
әмiрлерi өз үстемдiгiн берiк ұстау үшiн жаулап алған елдердi ұлыстарға
бөлiп, этникалық жағынан туыстас жергiлiктi халықты бiр-бiрiнен бөлiп
тастауға тырысты.
Қазақстан жерiнде қаншалықты жойқын шапқыншылық болғанымен, халық болып
қалыптасудың негiзгi шарты - тiл бiрлiгi жойылмайды. Қайта, керiсiнше,
уақыт өткен сайын моңғол шапқыншыларының өздерi өз тiлдерiнен айырылып,
жергiлiктi ру-тайпалардың қалыптасқан түркi тiлiне, әдет-ғұрпына, салт-
санасына көшiп, ХIV ғ. өзiнде-ақ толық түркiленiп кетедi. Бiрақ бұл кезде
бұрынғы екi үлкен расаның нәсiлдiң байырғы еуропеидтік және кейiн
қосылған моңғолоидтық нәсiлдердiң күрделi араласу нәтижесiнде қазiргi қазақ
халқы құрамының антропологиялық, этникалық және лингвистикалық негiзде
бiрыңғай тұтас қосындысы қорытпасы келiп шығады.
Алайда, бүкiл Қазақстанның жерiнде өмiр сүрген ру-тайпалар түркi
тiлiнде сөйлегенiмен территориялық бөлiнуге ұшырап, Моғол, Әбiлхайыр,
Ноғай, Көшiм хандықтарының қол астында өмiр сүрiп жатты. Олар саяси, мәдени
және экономикалық жағынан бытыраңқы болды. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты
шежiреде көрсетiлген бұл ру-тайпалардың барлығы кейiн қазақ халқының
құрамына кiрген.
ХIV-ХV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негiзiнде Моғолстан,
Ақ Орда, Әбiлхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүрiп жатқан
феодалдық соғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара
бiрiгу, топтасуға ұмтылу процестерi барған сайын белең алды. Қазақстанның
ежелгi тайпалары өз мекендерiнiң тарихи-жағрафиялық, экономикалық және
саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына түрлi тайпалық одақтар
мен ертедегi феодалдық мемлекеттерге кiруi байланысты этникалық жағынан
бiртұтастық пен бүтiндiкке ұмтыла отырып, үш негiзгi этникалық - шаруашылық
топқа бөлiндi. Яғни, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасты.
Олар: Ұлы, Орта және Кiшi жүз. Ұлы жүздiң орталығы – Жетiсу, Оңтүстiк
Қазақстан, Орта жүздiң орталығы – Орталық Қазақстанда және Кiшi жүздiң
орталығы – Батыс Қазақстанда болды.
Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетiсу жерiн түгел жайлайды. Оның құрамына
үйсiн, қаңлы, дулат, албан, суан, сiргелi, ысты, ошақты, шапырашты,
жалайыр, шанышқылы, қатаған, т.б. ру-тайпалар кiредi. Орта жүз Орталық
Қазақстан аудандары мен Солтүстiк-Шығыс Қазақстанның бiр бөлiгiн қоныс
етедi. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты
тайпа-рулары бар. Кiшi жүздiң мекенi – Сырдарияның төменгi жағы, Арал
теңiзiнiң жағалауы, Каспий ойпатының терiскей бөлiгi. Оның құрамындағы
тайпалар одағы - Әлiмұлы қарасақал, қаракесек, кете, төртқара, шөмекей,
шектi; Байұлы адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, берiш, есентемiр,
қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар; Жетiру табын, тама, кердерi,
жағалбайлы, кереит, телеу, рамадан. Жүздердiң ұйымдасқан уақыты, қалай
құрылғаны әлi жете зерттелмеген.
Үш жүздiң пайда болуына ертедегi ел билеудiң әскери тәртiпке
негiзделуiнiң де әсер етуi ықтимал. Қазақтың үш жүзi ешқашанда бiр-бiрiмен
жауласып, өзара араздыққа барып көрмеген. Керiсiнше, олар қазаққа қауiп
төнгенде, қазақ халқының тағдыры шешiлер сәтте хандары, батырлары, билерi,
тағы да басқа беделдi адамдары арқылы бiр жерден табылып, мәселенi бiрiгiп
шешiп отырған. Жоңғарларға қарсы соғыста солай болды. Қазақтар үш жүздiң
бiрлiгiн қадiрлеп, қастерлеп келе жатқан халық. Төле бидiң "Жүзге
бөлiнгеннiң жүзi күйсiн" – деуi де осыдан.
Мұндай үштiктiң шығуына, бiр жағынан, Ақ Орда, Ноғай Ордасы және
Әбiлхайыр хандығының құрылуы, Моғолстанның оқшаулануы түрiк және
түрiктенген моңғол тайпаларының қазақ халқы болып бұрынғыдан да жедел әрi
топтасу процесiнiң күш алуы көмектестi. Екiншi жағынан, қазақ тайпаларының
феодалдық мемлекеттердiң бұл жүйесiнде ұзақ болуы қазақ халқының үш
этникалық тармақ, үш жүз болып қалыптасуын негiздедi.
Әрбiр жүздiң тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негiзiнде топтасқан,
өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған едi. Олардың тiлi,
материалдық тұрмыс-мәдениетi жөнiнен басқа жүздердiң тайпаларынан ешбiр
айырмашылығы болған жоқ. Жалпы алғанда, ХV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар
түрiк тектес халық болып топтасты да, кейiнiрек "қазақ" деген этникалық
ортақ атауға ие болды, сөйтiп халықтың қалыптасу процесi негiзiнен
аяқталды. Бiрақ ол процесс кейбiр себептермен байланысты кешеуiлдеп барып
iске асты. Оған қазақ халқының этникалық құрамына кiрген тайпалардың
бiрнеше мемлекет құрамына енгенi, кейбiр жеке тарихи қалыптасқан
бөлшектердiң бытыраңқылығы себеп болды. ХIV-ХV ғғ. көптеген жұрттың көшiп-
қонып, сапырылысуы орын алды. Мәселен, Темiрдiң соғыстары кезiнде моғол
топтары Жетiсудан Орта Азияға қоныс аударады. Әбiлхайыр тұсында оған
Моғолстаннан калучи және бұлғашы тайпалары көшiп келедi. Бiр кездерi
керейлер Жетiсудан Орта жүзге кетiп қалады, маңғыт-ноғайлар батыстан
Сырдария бойына ауып келедi. ХV ғасыр бiтер шақта Мұхаммед Шайбани ханға
ерiп, Шығыс Дештi-Қыпшақтың көптеген рулары мен тайпалары Орта Азияға
ауысты. Мiне, осының бәрi саяси жағдайды тұрақсыздандырып, Қазақстанның
байтақ жерiндегi халықтың этникалық бiрiгуiн қиындатты.
ХV ғ. екiншi жартысы мен ХVI ғ. қазақ халқының негiзгi этникалық
территориясын мемлекет етiп бiрiктiру, халықтың да қалыптасу процесiнiң
аяқталуын тездеттi. Қазақ хандығының бұрынғы мемлекеттермен салыстырғанда
тиянақты этникалық негiзi қалыптасып аяқталған халқы болды. Моңғол
жаулаушылығынан кейiн тұңғыш рет Шығыс Дештi-Қыпшақтың, Түркiстан мен
Жетiсудың бүкiл түрiк рулары, тайпалары түгелге жуық бiр мемлекетке
бiрiктiрiлдi. Оған бұл аймақты мекендеушiлердiң шаруашылық-саяси
тағдырларының ортақтығы және байланыстылығы үлкен әсерiн тигiздi.
Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсудың оңтүстiк-батыс территориясы баяғыдан
берi қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық орталығына
айналды. Мұнда Қазақстанның аса iрi екi этникалық қауымдастығының тоғысқан
жерi жатты. Олар – Орталық, Солтүстiк және Оңтүстiк Қазақстандағы Қыпшақ
тайпалар одағы мен Оңтүстiк-шығыс Қазақстандағы Үйсiн тайпалар одағы,
бұларға Сырдарияның төменгi ағысы арқылы Кiшi жүз тайпалары келiп қосылды.
ХV ғ. екiншi жартысынан бастап, осы бiр қалыптасқан халық өздерiнiң
көршiлерi арасында "қазақ" деген атпен белгiлi болған.

3 Қазақ атауының төркіні туралы

Бір ұлттың атының этнонимінің шығу тегі, мән-мағынасы мен сөз төркіні
тұманды мәселе, қай қашанда тарихнамада талай пікір туғызып, айтыстар
көтереті, сан алуан жорамал-жоруларды жарыққа шығаратын және бірауызды
шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Бейне сол сияқты, қазақ атауының
шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселеде талай заманнан бері
талқыланып, сан алуан жорамал-жорулар мен дәлел-деректер, келелі пікірлер
айтылып келе жатқан кәделі мәселе. Бірақ әлі күнге дейін бұл мәселе ғылымда
дәл, тоқ етер жауап жоқ. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құралу,
қалыптасу тарихы мен уақытынын қазақ атауының деректемелерде жарыққа
шығуынан ажырата білу керек. Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен
оның атының тарихи деректемелерде жарыққа шығуы үнемі бір уақытта бола
бермейді, ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының
шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі
тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселелерінің бірі.Сондықтан қазақ
тарихын баяндаудан бұрын, қазақ атауы туралы бұрынды-соңды айтылған
болжал-пікірлер мен дәлел-деректердің басты-бастыларына тоқталудытиімді
көрдік.
Қазақ атауының төркіні, қай кезде, қалай пайда болғаны жайында сан
алуан пікірлер айтылып келеді. Еліміздугі зерттеушілердің бұл жөніндегі
болжал-пікірлерінің бастыларын мынадай үш түрге бөлуге болады:
1.Қазақ деген атау 15-ғасырда жарыққа шыққан. Жәнібек және Керей
бастаған көшпенді тайплар 15-ғасырдың 60-шы жылдарында Әбілқайыр ханның
үстемдігіне қарсы шығып, Шығыс дешті қыпшақтан батыс Жетісуға, Шу өзені
бойына қоныс аударған. Алғаш рет осы тайпалар қазақ деп аталды. Мұның
мағынасы: Өз ұлысынан бөлініп шыққан, қашақтар деген сөз еді. Бұл кейін
келе қазақтардың атына айналған деседі.
2. Ежелгі Жұңго жылнамаларындағы үйсін, усын яки асу деген ұлыс
аттары қазақ атауының дыбыстық дыбыстық баламасы дейді. Жаң Шимаң, Хи
Шиутау қатарлы зерттеушілер осы пікірді қуаттайды.
3. Қазақ атауы Таң патшалығы тарихында (7-8 ғасырларда) қаса,
хаса түрінде жазылған. Бұл атаудың тарихи деректемелерде жарыққа шығуы
тым ерте деп есептейді.
Қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының нығаю жолдары
Қазақ хандығының құрылуының өзіндік ерекшелігі туралы
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы тақырыбы бойынша рефлексия формасындағы эссе
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
Қазақ хандығының қалыптасуы
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Қазақ хандығы дәуірі
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.)
Пәндер