Қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЫҒУ ТЕГIНДЕГI АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҚТАРЫ
4
ҒҰНДАР 5
ҒҰНДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОС РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕРІ 8
Ғұндар мен қазақтардың әлеуметтік құрылымдарының ұқсастықтары 10
Қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері 13
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16

КІРІСПЕ

"Өткенді білмейінше – болашақ бұлдыр" деген тарихтан тағылым алу
керек. Тарих - ұлы мектеп, ұлы ұстаз және ұзақ жол. Тарих – халық зердесі.
Әр халықтың, ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады.
Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалды да, бірінікі "Уақыт"
деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып ғасырлар тұңғиығына батып
кетті.
Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір
көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.
"Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын
деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан
сөз асырмаған елміз," - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге
соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған
ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды".
Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз
оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек.
Себебі, ол – тұтас құбылыс. Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-
қилы белдерді асып, тар жол, тайғақтарды кешті.
"Біз - қазақ, ежелден азаттық аңсаған" демекші, бірде қайғылы, шерлі,
бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас –
азатыққа жасалған бір қадам.
"... Жұқаны бүктеу оңай, жіңішкені үзу оңай... Егер сен, түркі халқы,
өз қағаныңнан, өз бектеріңнен жырақ кетпей, Отаныңнан жырақ кетпей, бірге
жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің отбасында еш нәрседен
мұқтаждық көрмейсің. Ер жүрек халық - күшті халық. Бізге жеңіс әперген –
Отанымыз деп білу керек", - деп жазылған ежелгі Күлтегін жазбасында. Он бес
ғасыр бұрын жазылған бұл жолдау бүкіл тарихқа тән нәрсе сияқты. Яғни, бүкіл
тарихтан алатын тәліміміз, қысқаша айтқанда – "жұқаны бүктеу оңай,
жіңішкені үзу оңай".
Міне, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеніне он төрт жылдың жүзі болды.
Осы бір аз ғана мезгіл ішінде біршама істер тындырылды. Бұрынғы кеңестік
дәуірдегі пышақтың қырындай ғана қазақ тарихы толысып жеке-жеке салаларға
бөлініп тұтас тарихты зерделеуге күш жұмсап жатырмыз. Менің алған
тақырыбымның өзі де соның бір кішкентай айғағы іспеттес. Сонау Европаны
табан асты етіп, әлемді тітіреткен Еділ (Атилла) бабамыздың аты да арамызға
оралды. Ғұндар көшкінінің ғаламат кезеңін бастан кешкен сайын даламызда
соның айғақтары да толып жатыр. Соның бір тұсы қазақ халқының этностық және
әлеуметтік құрылымына ғұндардың әсері болып табылады. Біз шағын жұмысымызда
осы тақырыпқа бойлап еніп, жан-жақты зерделеуге ұмтыламыз.

1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЫҒУ ТЕГIНДЕГI АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ЖАҚТАРЫ

Демограф ғалымдарының зерттеулерi негiзiнде қазiргi кезеңде дүние
жүзiнде мыңнан астам халықтар бар деп есептеледi. Әрбiр халықтың жеке халық
болып қалыптасуы үшiн көптеген тарихи кезеңдердi басынан өткiзуiне тура
келедi. Бұл күрделi процесс бiр немесе екi ғасырдың iшiнде болмайды, халық
болу үшiн бiрнеше ғасырларды керек етедi. Мәселен, Қазақстан жерiнде халық
болып құрылу процесi алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейiн қола
дәуiрi мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңi) темiр дәуiрi (б.д.д. VII-IV ғғ.)
кезеңдерiнен немесе бұл кезде өмiр сүрген ру-тайпалардың өсiп-өркендеуiнен
басталады. Олар негiзiнен Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден
мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бiрлестiктерiнен
құралған. Археологиялық деректерге сүйенетiн болсақ, олар мал
шаруашылығымен, егiншiлiкпен, металл өндiру және оны өңдеумен айналысқан.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуiрдегi кезеңдерiн зерттеп жүрген
ғалымдардың пiкiрлерiне қарағанда, бiздiң жерiмiзде қола дәуiрi Андрон,
Беғазы-Дәндiбай мәдениеттерi мен темір дәуiрiнде өмiр сүрген тайпалардың
сақ, сармат т.б. иран тiлдес болғандығы айтылады. Сондай-ақ, ғалымдардың
көрсетуiнше бұл кездегi тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық
белгiлерi бар европеидтiк нәсiлдер екендiгi көрсетiледi. Қазақ халқының
бастауы болып табылатын, керек болса, сақ тайпаларының тiкелей жалғасы
болып үйсiн, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректерi "өзi сары, көзi
көк, ат жақты сэ сақ тайпалары үйсiндердiң арасында жүр" – деп көрсетедi.
Бұл сақтардың жалғасы үйсiндер екендiгiне ешбiр талас тудырмайды.
Қазақ халқының шыққан тегi туралы көптеген аспектiлерi iшiнен өзектi
ретiнде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерiн бөлшектеп алған
жөн. Жоғарыда айтылғандай Орта Азия мен Қазақстан өңiрiнде осы екi
процестiң екеуi де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегi тарихын екi
аумақты кезеңге: үндi-еуропалық және түрiктiк кезеңге бөлуге болады.
Бiрiншi кезеңде лингвистикалық тiл жағынан Қазақстан тұрғындары үндi-
еуропалық топтың ежелгi иран тобына кiредi, яғни бұл кез б.з. дейiнгi III-I
мыңжылдықтарды қамтиды.
Екiншi кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелi
тайпалардың, соның iшiнде ғұндардың, Батысқа қарай қоныс аударуына
байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы-үйсiн мен қаңлылар ғұн
тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.

2. ҒҰНДАР

Б.з.б. I мың жылдықтың екiншi жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстiкке
және Ордосқа дейiн созылып жатқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал
шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлi тайпалар көшiп
жүрдi. Солардың басты бiр тобы б.з.б. IV-III ғасырларда Солтүстiк Қытайдың
шекарасына дейiнгi жердi мекендеген тайпалық екi одақ Сюнну және Дунху
бiрлестiктерi едi.
Сюннулар (хунну немесе ғұндар деп аталады), әсiресе, б.з.б. III ғасырда
мейлiнше күшейдi. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгiсiз.
"Ғұн" деген атаудың өзi кейiнiрек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп
болжам жасалынды.
Ғұндардың этникалық тегi туралы мәселе әлi анықталып болған жоқ.
Зерттеушiлердiң көпшiлiгi оларды түрiктердiң арғы аталары деп болжайды.
Ғұндардың құдiретi тасып тұрған кезде, олардың бiрлестiгiне басқа бiрнеше
тайпалар қосылған, сондықтан "Ғұн" атауы этникалық болудан гөрi саяси одақ
атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бiр одаққа бiрiгуiне негiзгi
себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескiлескен соғысы
деу керек. Хань империясы кезiнде қытайлықтар ғұндарды талай рет басып
алмақшы болады, бiрақ ғұндар iргелес тайпалармен бiрiгiп, қытайлықтардың
шабуылдарына батыл тойтарыс берiп отырады. Ғұн тайпаларының бiрiгiп
топтасуы б.з.б. 209 жылы "ғұн үйiнiң өрлеуi" кезiнде iске асты. Оларды бiр
одаққа бiрiктiру әйгiлi Мөде Боғда батырдың есiмiмен байланысты. Оның
туған жылы 230, ал өлген кезi б.з.б. 174 жыл.
Мөде ғұндарды күштi державаға айналдыру үшiн әскери реформалар
жүргiздi. Мөденiң басшылығымен ғұндар Саян-Алтай тайпаларына және
Үйсiндерге шабуыл жасап, оларды өзiне қаратты. Мөде батыста Юечжей
тайпаларына жорық жасап оны бағындырды. Б.з.б. 200-ші жылдары ғұндар
Ордосты қаратып алды. Ал б.з.б. 200 жылы қытай Хань әулетiнiң негiзiн
қалаушы Лю Баньмен соғысып оны жеңдi. Ұлы Қытай қорғаны салуының бiр себебi
осы ғұндардың шабуылынан қорғану амалы еді. Қытайдың "Жылнама" атты байырғы
кiтабында айтылатын "тұрағы жоқ, үйi жоқ ғұндар бәле болды ғой" деп келетiн
жолдар ғұндардың Қытай елiне қатты қауiп төндiргенiн көрсетедi. Б.з.б. 188
жылы Мөде мен Қытайдың Хань императоры "тыныштық және туыстық" жайлы шартқа
қол қойды. Мөде қытай ханшасын өзiне әйелдiкке алды, ал Хань империясы
ғұндарға жыл сайын салық төлеп тұруға тиiстi болды. Соғыстың нәтижесiнде
Забайкальеден Тибетке және шығыс Түркiстаннан Хуанхэ өзенiнiң орта бойына
дейiн созылып жатқан жердiң бәрi ғұндардың қол астына көштi. "Ғұн
державасы" орасан зор үлкен болғанымен оның осал ұрымтал жерi де бартын.
Мұның өзi олардың арасындағы берiк бiрлiктiң болмауымен байланысты едi.
Осыдан келiп б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды.
Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстiк және солтүстiк ғұндар болып
екiге бөлiндi. Оңтүстiктегi ғұндар қытайдың Хань империясына бағынды. Ал
Чжи-Чжи шаньюй бастаған солтүстiктегi ғұндар өздерiнiң тәуелсiздiгiн
сақтап, Солтүстiк Моңғолия және шығыс Түркiстанның Солтүстiк аймақтарында
көшi-қонып жүрдi. Бұлардың бiр бөлiгi Тянь-Шаньнан өтiп, Қаңлы тайпаларымен
шарттасып, олардың шығыс жағына қоныстанды.
Мұның өзi ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия жерiне тұңғыш рет жаппай
өтуi едi. Екiншi бiр толқыны бiздiң заманымыздың I ғасырында басталды. 93
жылы Хань империясының әскерлерi ғұндардың күштерiн ығыстырып, олардың
солтүстiктегi тайпаларының бiрiн өздерiне бағындырып, ендi бiреулермен одақ
жасасып, үшiншiлерiн батысқа қарай ығыстырды.
Олар Тарбағатайға дейiн келiп, Оңтүстiк-Шығыс Балқаш өңiрiн жайлаған
Юебань тайпалары пайда болды. Ғұндардың осы жылжуымен байланысты болса
керек, кейiнiрек бұлар Орталық Қазақстан және Сырдариядан солтүстiкке қарай
созылған жерлердi алып жатты. Арал теңiзi мен Каспий маңына шығып, алаңдар
мен ассаларға шабуыл жасап, оларды батысқа қарай ығыстырды. Сөйтiп,
ғұндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жерiне жеткенше үш
ғасырдан астам уақыт өттi.
Ғұндар Рим империясына үлкен қауiп туғызды. V ғасырдың 30-шы жылдары
ғұндардың басшысы Аттила Едiл Румыния және Венгрия елдерiндегi көшпелi
тайпаларды өзiнiң қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен
Мезияны басып алған соң, Франция жерiне өтедi. Жаулап алған жерлердегi
халықтарды қырып-жойып, қалаларды бүлдiрiп, селоларды өртеп, бүкiл Еуропа
елдерiнiң үрейiн ұшырады. Н. А. Машкин "Ертедегi Римнiң тарихы" деген
кiтабында, 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген
ғұндармен бiрiккен күрестерi ежелгi Рим империясының құлауына әкеп соқты
деген қорытынды жасайды.

3. ҒҰНДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОС РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕРІ

Ғұндардың басты шаруашылығы мал өсiру, соның iшiнде жылқы және қой
бағу. Оларда сонымен қатар отырықшылық пен егiн шаруашылығы да болған,
қолөнерi де дамыған. Тұрмысқа қажеттi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының қалыптасуы жайлы
ҚР-ның Конституциялық дамуының кезеңдері
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Тарихи сабақтастық және эволюция тарихы
Қазақ хандығының құрылуы және Қазақ халқының қалыптасуы
Қазақ хандығының нығаюы
Қазақтардың этникалық тарихының деректері
Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері және этнос ретінде қалыптасуының аяқталуы
Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуы
Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы
Пәндер