Қазақстан Республикасының Конституциясына түсіндірме сөздік


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

1. КІРІСПЕ2

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ3

2 ҚАЗАҚТЫҢ АТА ЗАҢЫ5

3 ҚАЗАҚСТАН - ЗАЙЫРЛЫ, ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ7

ҚОРЫТЫНДЫ9

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ11

1. КІРІСПЕ

Бақыт . . . Терең сырға толы, мол қуаныш ұғымы. Бақыт деген сөзді естігенде, адам бойында сәулелі сезімдер иірімі, арман ағымы, толғаныс толқындары байқалады.

Тәуелсіздік - бейбітшіліктің берік тірегі, бақыттың шамшырағы, азаттықтың Отаны, сонымен қатар, халықтар достығының құрыштан құйылған берік қамалы.

Ел мен жер, өмір мен болашақ туралы ойланбайтын адам бар ма? Мынау жұмыр жерді мекен етіп жүрген әрбір жан бақытты ғұмыр, нұрлы болашақты аңсайды. Ол арманның іске асуы үшін де өз елінің қандай бағытта жылжып, нендей мақсатпен өмір сүретіндігі ауадай қажет.

Қандай ел болмасын, өзінің таңдаған даму жолы, өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеті болады.

Үш мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы - бүгін әлем көзін тіккен мәртебелі мемлекет. Екі ғасыр тоғысындағы ұлағатты ұрпақтың толымды табыстармен қатар тұруын көру мен сияқты ұрпақ еншісіне тиді.

Тәуелсіздік - біздің туымыз. Осы тәуелсіздік бақытына халқымыз талай жол, тайғақ кешуді бастан кешіріп барып, жаңа үшінші мыңжылдық қарсаңында қол жеткізді.

Әлемдегі талай ел өз тәуелсіздігіне қанды соғыспен, қыруар шығынмен жеткен. Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі, бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халық пейілінің қайтарымы.

Менің рухани байлығым - халқым, қазақ халқы. Тарих төрінде көне түркі ұрпағы болып, саңлақ "сақтар" деген асқақ атпен де танылып, бүгінде тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің туын көтеріп отырған қазақ халқының жүріп өткен жолы - шежірелі, қазыналы ғұмыр.

Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы. Әлем халықтарының арасында дүниенің бір қиырынан бір қиырына өтіп барып ел болғандары да, сан түрлі ұлт пен ұлыстың араласуы нәтижесінде қалыптасқандары да баршылық. Қазақ - тамырын тереңге жіберген, осынау қасиетті даласынан табан аудармаған көне дәуірдегі сақтардың, ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, ата жұртта қара шаңырақты сақтап қалған халық.

Сіздер мен біздер жаңа мыңжылдықтың есігін аштық. Адамзат тарихындағы өсу мен өркендеудің, даму мен болашаққа ұмтылудың қадамын бастадық. Осы тұрғыдан ойға батқанда, Отанымыздың тарихынан оқшау орын алатын он жылдықтың осы кезеңмен ойлас келгенін мен жақсылыққа жоримын. Тәуелсіздіктің он төрт жылдығын лайықты қарсы алу жолындағы сәтімен басталған іс-қимылымыздың көші қозғалар тұсында бәріміз бас қосып, жеткенімізді саралап, тапқанымызды бағалап, келер күндерге деген бақыт - бағдарымызды шамалап алатын кез келді.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.

Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып, олар жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға жататындар: Қазақ ҚСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң, 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституциялары. Аталған конституциялық актілер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құру туралы ойларды алға қойды.

Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат - Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы. Ол тәуелсіздік кезінде қабылданған. Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірді. Оның негізгі ережелері мыналар:

Халықтың билік етуі жарияланды. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар көзі - халық. Халыққа, негізінен, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген. Қазақстан халқы - тек қазақ ұлты емес, сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Қазақстан халқы дауыс беру арқылы (референдум), талқылау арқылы, сондай-ақ Парламент депутаттарына сайлау арқылы тікелей және жанамалай мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Халық тікелей мемлекеттік басшысын - Президентті сайлайды.

Егемендікті және тәуелсіздікті жариялау. Қазақстан Репсубликасының Конституциясында егемендік пен тәуелсіздіктің негізі белгілері аталған. Оларға жататындар: өзінің аумағының болуы, оның тұтастығы, қол сұғылмау және бөлінбеуінің жариялануы; өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік органдар жүйесінің болуы; өзіне тән азаматтығының болуы; Халық, Парламент, Президент және Үкімет қабылдайтын өз заңдарының болуы; Қазақстан Республикасының жер жүзі мемлекеттер жүйесінде барлығы бір-біріне белгілі дәрежеде тәуелді, өзара қатынастарын анықтайтын принциптерді мойындайды, бейбітшілік негізде өмір сүруге талпынады, қарым-қатынас жасасады, құқықтарын құрметтейді, т. с. с. Осы тұрғыдан Қазақстан Конституциясы адамның құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқықтық құжаттар талаптарынан сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқықтарының ерекшелігін (өзгешелігін), басымдылығын баянды етеді. Оған дәлел - Конституцияның адам мен азаматты алдыңғы қатарға қоюы. Конституция баптарының үштен бірі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына арналған.

Әрине, қоғамдағы демократизм және адамгершіліктің деңгейі конституцияда құқықтармен бостандықтардың жариялануымен ғана анықталмайды. Азаматтарға оларды пайдаланып, жүзеге асыра алатындай жағдай туғызу керек. Ол үшін мемлекет органдары, лауазым иелері заң жүктеген өз міндеттерін қалтқысыз, адал орындаулары қажет. Осы кітапта мемлекет органдарының лауазым иелерінің міндетіне байланысты заңдардан үзінділер берілген. Сонымен қатар әрбір адам өзінің көптеген құқықтар мен бостандықтарына ие бола отырып, қоғам, мемлекет, басқа адамдар алдында да міндеттері бар екенін түсінуі қажет. Егер барша адамдар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын пайдаланумен қатар, әдептік және құқықтық міндеттерін де орындаса, сонда ғана, шын мәнінде құқықтық мемлекет қалыптасады.

2 ҚАЗАҚТЫҢ АТА ЗАҢЫ

Сондықтан, мемлекеттің сол ұлттың атымен аталуы табиғи және заңды жағдай. Қазақ тілі - бірден-бір мемлекеттік тіл. Басқа ұлттардың тілін кемсітуге жол берілмейді. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қолданылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлтына қарамастан барлық азаматтарға тең құқық бере отырып, олардың тату тұруына заңдық негіз құрады. Сондықтан Қазақстан - жалпы халықтық мемлекет. Бұл жағдай Конституцияда жазылған мемлекеттің, оның органдары қызметінің принциптерінде анық айтылған. Біріншіден, мемлекет, оның органдары қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге талаптануы қажет. Қоғамдық татулық дегеніміз қайшылыққа, әлеуметтік топтар арасында қарсы тұрушылыққа жол бермеу. Мұндай татулықты қамтамасыз ету қоғамның тұрақтылығының, әр адамның тыныш өмір сүріп, оқуының, жұмыс істеуінің алғышарты. Екіншіден, мемлекет, өзінің экономикалық саясатын қоғамның экономикасын дамытуға бейімдеп, тек бір топ адамның емес, бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағыттауы керек. Үшіншіден, мемлекет органдары мемлекет өмірінің маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешуі керек. Бұл - халық ең маңызды мемлекеттік мәселелерді, мысалы, Конституцияға өзгерістер енгізуді референдум арқылы шешеді деген сөз. Референдумды өткізу тәртібі ерекше заңмен қарастырылады.

Қазақстан Республикасы - алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мұндай мемлекет құрудың негізгі шарты - барлық азаматтарды ұлтына қарамастан тең құқықтық негізде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция “халық” деген ұғымды қолданады. Саяси-құқықтық мағынада “халық” деген - мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы. Мысалы, Конституцияға, Президенттің Қазақстан Республикасына сайлау туралы жарлығына сәйкес азаматтар, саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер Республика Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар ұсынуға ерікті. Оларды жан-жақты талқылап, қолдап, немесе қарсы үгіт жүргізуге хақылы. Барлық саяси партиялар тең құқықты, олардың біреуіне қандай да болсын жеңілдік немесе артықшылық берілмейді. Азаматтар өз қалауымен саяси партиялардың біреуін қолдай алады немесе олар депутаттыққа ұсынған кандидаттарды қолдауға немесе қолдамауға ерікті. Мұның өзі халықтың ой-пікірін айқындауға мүмкіндік береді.

Демократияның бір көрінісі - азаматтардың қоғамдық бірлестіктеріне мемлекет органдарының заңсыз қол сұғуына тыйым салу. Қоғамдық бірлестіктерді азаматтар түрлі мақсатпен: өздерінің саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени, діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрады. Әрине, қоғамдық бірлестіктер Конституцияны, заңдарды сақтауға міндетті. Олар әлеуметтік, ұлттық, діни, нәсілдік, арандатушылықпен айналыспауы керек. Олардың жұмысы мемлекеттің қауіпсіздігіне, конституциялық құрылысты өзгертуге, Қазақстан аумағының тұтастығын қарсы бағытталмауы тиіс.

Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Елімізде түрлі діни бірлестіктер әрекет етуде. Азаматтардың қандай дінге сенгісі келсе, өз еркі, тіпті, ешбір дінге сенбеуге де хақылы. Дін мемлекеттен ажыратылған. Оның мәні мынада: біріншіден, мемлекет қандай да болсын діни идеологияны мойындамайды; екіншіден, мемлекеттік оқу органдарында (мектептерде, институттарда, т. с. с. ) діни ілімді уағыздауға жол берілмейді; үшіншіден, Республикамызда дінге сүйенген саяси партиялардың ұйымдастырылуына және қызметіне тыйым салынған.

Қазақстан халқы өз алдыңа жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол - құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін түсінуі қажет.

Қазақстан Республикасында, Конституцияда айтылғанындай, әлеуметтік мемлекет құрылуда. Әлеуметтік мемлекетте Конституция, заң халықта таптарға, ерекше әлеуметтік топтарға бөлмейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына: шаруаларға, жұмысшыларға, қызметшілерге, мұғалімдерге, ғалымдарға, оқушыларға аналарға, зейнеткерлерге, жетімдерге, тиісінше қамқорлық жасайды. Мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліктерін ескеріп, көмекке мұқтаждарға тиісті қаражат бөледі. Себебі, еңбекке қабілетсіз, хал-жағдайы төмен адамдарға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Мемлекеттің сипаты оның жастарға, мүгедектерге, көп балалы отбасыларына қамқорлық жасап, олардың адамға лайық өмір сүруіне жағдай туғызғанына қарап анықталады.

3 ҚАЗАҚСТАН - ЗАЙЫРЛЫ, ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан республикасының Конституциясында жазылғанындай ол біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Қазақстанның біртұтастығы - оның әкімшілік-аумақтық бөліктерден құрылатындығы, автономияға бөлінбеуі. Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы ерекше заң бар. Ол Қазақстанның тарихы және қазіргі замандағы ерекшеліктерін бейнелейді.

Қазақстан Республикасы Президенті - мемлекеттің басшысы, оның жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша айтқанда, түрлі ұлттар мен әлеуметтік топтар араларында алауыздық болмауына күш салып қамқорлық жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау үшін кері қайтарады (вето құқығы) . Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өзі қабылдай алады. Сонымен қатар Конституцияда көрсетілген жағдайларда Президент заң күші бар Жарлық қабылдай алады.

Қазақстан республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті бөлу принципін бекітті. Мемлекеттік билік үш билік буынға бөлінеді: заң шығаратын, атқарушы және сот. Заң шығару қызметімен Парламент шұғылданады. Атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет. Ал сот билігін Жоғары Сот, облыстық, аудандық соттар жүзеге асырады. Аталған органдар біртұтас мемлекеттік биліктің буындары болып саналады. Мемлекеттік биліктің әр буыны өз қызметін дербес жүзеге асырады, атқарады және басқа буындардың қызметіне араласпауы тиіс. Ондай жағдай бола қалған күнде тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану қарастырылған. Парламент Үкіметті орнынан түсіру мәселесін қоя алады, ал Президент Парламентті тарата алады.

Мемлекеттің атқару-орындау органдары орасан зор жұмыс атқарады. Оларға жататындар: Үкімет, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, жергілікті әкімшілік (облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық, селолық) . Заң қорғау органдарының әрбір бөлігі туралы арнайы заң бар. Мысалы, прокуратура Конституцияда жазылғандай, мемлекет атынан заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолдануын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Анықтау және тергеу қызметін жүргізу үшін арнайы органдар құрылады. Олар әр түрлі болады - Ішкі Істер органдары, мемлекеттік қауіпсіздік органдары. Құқықтық тәртіпті қорғауда ішкі істер органдарының атқаратынқызметі де сан алуан. Оларға жүктелген міндеттер ерекше заңда белгіленген. Адамның, қоғамның, мемлекеттің құқықтарын, тыныштығын, қауіпсіздігін қорғайтын органдарға ұлттық қауіпсіздік органдары да жатады. Олардың да қызметі заңға сүйене отырып жүргізілуі қажет. Аталған органдардың қызметінің тиімді және жемісті болуы қай кезде де азаматтардың қолдауына, көмегіне байланысты.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жаратқан жар болып тәуелсіздігіміз қолымызға тигелі он төрт жылдың жүзі болды. Тізгін азат сана, бостан рухтың қолына тиіп еді, ұлы бабаларымыз тарих қойнауынан сап түзеп шыға келді. Тәуелсіздікпен бірге қазағының тағдыры үшін басын оққа байлаған бабалар қайтып оралды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биліктің негізгі міндеті
Қазақстан Республикасы Конституциясы Мемлекеттің негізгі заңы
Қазақстан Республикасының Президенті
Негізгі басқару формалары
“ЗАҢДАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ”
Үкіметтің құқықтық мәртебесі туралы
Конституция түсінігі
Демократияның даму тарихы
Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау
ҚАЗАҚСТАН - ПРЕЗИДЕНТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫНДАҒЫ БІРТҰТАС МЕМЛЕКЕТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz