Қазақстан жеріне алғаш ислам дінінің келуі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Радиотехника және байланыс факультеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Тұрмұхамбет Д. Ұ. БВТк-06-06

ТАҚЫРЫБЫ:”ҚАЗАҚСТАНҒА ИСЛАМ ДІНІНІҢ КЕЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРАЛУ КЕЗЕНДЕРІ. ”

(Семестрлік жұмыс №1)

Ғылыми жетекшісі:

аға оқытушы Жұмағұлов М. Д.

Жоспар

  1. Кіріспе . . . 3
  2. Негізгі бөлім . . . 4

1. Қазақстан жеріне алғаш ислам дінінің келуі . . . 4

А) . Араб басқыншыларының түркі тайпаларын ислам дініне бағындыруы.

Ә) . Соғдылар және Саманидтер мен Қараханидтердің ислам дінін таратудағы рөлі

2. Ақсақ Темірдің кезіндегі исламның өрлеуі . . . 9

Қожа Ахмет Яссауи

3. Ресей Империясының Қазақстанды отарлау кезіндегі . . . 10

ислам діні

  1. Қорытынды . . . 14
  2. Қолданылған әдебиеттер . . . 15


Кіріспе

Ислам діні - дүнежүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында Аравия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде пайда болды. Алланың елшісі Мұхаммед Пайғамбардың идеологиясын қолдаған адамдар, өздерін "мұсылман" деп, политеизмнен монотеизмге көшті. Олар "дүниежүзінде бір Алла және Мұхаммед оның елшісі" - деді. Орталығында "Әулиелі кагатас" Қааба храмы бар Мекке қаласы бүкіл мұсылман дүниесінің бас діни орталығы болды.

632 жылы Мұхаммед өлгеннен кейін Мұсылман қауымын Халифтер басқарды. Халифтер - Пайғамбардың орынбасарлары, өкіметті әскери, саяси және дін жағынан басқарушы адамдар. VII-VIII ғасыр ішінде Халифтер бастаған арабтар "Қасиетті соғысқа" шығып, батысында Испания жерлерін, шығысында Қытай мен Үндістанның арасындағы жерлерді басып алып, жергілікті халықтар мен тайпаларды ислам дініне бағындырып, дінсіздермен күрес жүргізді. Бұл жерлерде Халифаттар құрылды.

Алғаш рет ислам діні Қазақстан жеріне VIII ғасырда ене бастады. Мұсылманизация процесі қазақ жерінде XX ғасырдың басына дейін өрледі.
Қазақстан жеріне алғаш ислам дінінің келуі
.

Ислам дінінің қазақтар арасында тарауы туралы мәселеге әртүрлі ала-ғұла пікірлер бар. Бұл мәселеге олар әрқайсысы өз позициясымен келгендігін аңғарамыз. Кейбір авторлар ислам дінін Қазақстанға араб басқыншыларымен келген деп санаса, екінші бір авторлар, қазақтар көшпелі халық болған, сондықтан ислам дінінің таралу дәрежесін зерттеу өте қиын еді. XVIII-XIX ғасырларда қазақтар арасында болған миссионерлер ислам дінінің қазақтар арасында шынжайын суреттей алмады дейді. Кең байтақ территорияны алып жатқан қазақтар ислам дінінің догмаларына зер сала қойған жоқ. Олар үшін ежелгі діни сенімдері - табиғатқа табыну ыңғайлырақ болды десе, академик В. В. Бартольд: “XIII ғасырдың басында Хорезмнің мұсылман басшыларына Сырдария мен Торғай облысындағы мұсылман емес қыпшақтармен соғысуға тура келді, “ - деп жазады. Дегенмен ислам дінінің алғашқы көріністері Қазақстан территориясында IX ғасырдың бас кезінде тарай бастағанын білдіретін мәліметтер бар. Бұл кезде араб басқыншылары Сырдария бойына жетіп, түркі тайпаларының молдаларын барымталдап, кейде бейбіт отырған ауылдардың адамдарын айдап әкетіп отырды, бірақ жерлерін жаулап алуға күштері жетпеді. Сырдария бойындағы қалалар арабтарға 840-845 жылдары ғана бағынып, ислам дінін қабылдады. Бірақ мұнан әрі Сарыарқа даласына ұмтылған кезде араб басқыншылары шегінуге мәжбүр болды. Себебі Иракта құлдар көтерілісі басталды, белгілі араб тарихшысы Ибн-Ал-Әсірдің (1160-1233) келтірген мәліметтері бойынша 961 жылы Сыр бойындағы түркілердің 200 мың шатыр (үйтүтін) мұсылман дініне енген. Ал Жайық бойын жайлап, Ыстық көл маңын қыстап жүрген түркілер ислам дінін тек 1043 жылы ғана қабылдады. Есіл, Нұра, Тобыл, Ертіс өзендерінің бойында мекендеген түркі тайпалары XIX-XX ғасырларға дейін ислам дінінен сырт қалды. Аллаңнан ойбайым жақсы деп, малын өргізіп, кең далада көшіп жүрді.

Профессор Е. Бекмаханов Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында ислам діні IX ғасырдың аяқ кезінде тарай бастады десе, ислам дінін зерттеуші ғалымдарының бірі Х. Ақназаров өзінің "Ислам діні және оның реакциялық мәні" деген еңбегінде былай деп жазды: "IX-X ғасырларда мұсылман діні Қазазақстанның тек оңтүстік аудандарын ғана, егіншілік аудандарының феодалдарын ғана қамтыды. Онда да бұл дінді байлар, үстем тап өкілдері қабылдады, ал еңбекші бұқара көп уақытқа дейін бұрынғы діндерінде қалып келді, " - деген пікір айтады. Қазақстан тарихын зерттеуге ат салысып жүрген ғалымдар И. Е. Агеев пен В. Ф. Шахматов ислам қазақ жеріне түргештің Қарлық қағанның кезінде феодалдық қатынастың дамуына байланысты Орта Азия мен Қазақстан жерлеріне арабтардың алып келген феодалдық дін - ислам тарай бастады. Сөйтіп, бұл авторлар ислам дінінің Қазақстан жеріне VIII ғасырда келгенін мойындайды.

Арабтардың қазақ жерлерін жаулап алғаны жөніндегі тарихи мәліметтер өте аз. Кейбіреулері бір-біріне қарама-қайшы. Жекелеген зерттеушілердің әр түрлі оқиғалар бойынша айтқан пікірлері ғана сақталып қалған. Осы ғылыми деректерден біз араб басқыншыларының қазақ даласындағы көшпелі халықтармен алғашқы шайқастары VIII ғасырдағы 30-шы жылдардың аяғында болғанын айқын көреміз. Тарихи мәліметтерге қарағанда, түркі тектес көшпенділер Түргештің Сұлу қағанның басшылығымен Орта Азияның басқа халықтарын қосып алып, араб басқыншыларына күшті қарсылық көрсетеді. Арабтардың шапқыншылығына Орта Азия халықтары мен тайпалары тегеурінді тойтарыс берді. Бұл алапат соғыста соғдылардың белсенді одақтастары көшпелі түркілер болды.

Амудария өзенінің жағасында (нақтылы орны әлі анықталмаған жоқ) 737 жылы соғдылар мен олардың одақтастары - көшпелі түркілер арабтармен қырғын шайқасқа түсті. Арабтар бұл соғыста жеңіп шықты.

Алайда қазақ жеріндегі көшпенділер арабтарға қарсы күресін мұңымен тоқтатып қойған жоқ. Осыдан екі жылдан кейін 739 жылы Сырдарияның жағасында көшпелі түріктер арабтардан ойсырай жеңіліп қалды. Осы соғыста көшпелі түргештердің басшысы Курсуль қамауға алынады. Бұл оқиға туралы шығыс тарихын зерттеуші белгілі ғалым академик В. В. Бартольд өзінің "Жетісу тарихының очеркі" деген еңбегінде былай деп жазады: "739 жылы Сырдарияның жағасында жасы келіп қалған Курсульдің өзі арабтардың қолына тұтқын болып түсті. Ол өзінің бодауына арабтарға 1000 жылқы мен 1000 түйе бермекші болады. Бірақ арабтың әміршісі Наср бұған көнбей, оны өлтіруге бұйырады. Сүйегін түркілер аулына алып кетпес үшін отқа жағып жібереді. Бұл жағдай көшпелі түркілерді Курсульдің өлімінен бетер қинайды. "

Шамамен айтқанда, VIII ғасырдың 40-шы жылдарында арабтар көшпелі түркілермен бірнеше рет соғысып, ақыры оларды жеңіп шығады, түргеш қағанаты түпкілікті жойылады.

VIII ғасырдың орта кезінде Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз қаласының түбінде қытайлар мен арабтардың қырғын шайқасы басталады. Онда арабтар қытайларды жеңіп шықты. Бұл жеңіс ислам дінінің Қазақстан жеріне тез таралуына жол ашып берді. Арабтардың осы жеңісінен кейін қазақ жеріндегі көшпелі елдер бірте-бірте араб мәдениетінің ықпалына түсе бастады. Арабтар Тараз қаласын басып алып, көшпелі елге экономикалық және саяси үстемдігін осы қала арқылы жүргізеді.

Тараз қаласы VIII ғасырда Қазақстанның басқа аудандарының дамуына әсер еткен экономикалық мәдени орталыққа айналады. Табылған түркеш ақшаларының көпшілігі Таразда соғылған.

Арабтар қазақ, қырғыз даласындағы көшпенділермен Тараз арқылы ғана емес, сонымен қатар олармен сауда керуені арқылы да тікелей байланыс жасады. VIII ғасырдың өзінде-ақ әрбір үш жылда көштен шай, кездеме сататын араб керуендері жүріп тұратын. Сауда қатынасы қырғыздарды арабтармен жақындастырды.

VIII-XI ғасырлардағы соғдылық мұсылмандардың Орта Азиядан Қазақстанға көшіп келуінің де ислам дінінің сіңісуіне ықпалы болды. Солар арқылы Оңтүстік Оңтүстік Қазақстанға, содан кейін Жетісуға бұл дін идеологиясы орныға бастады. Ал мұның өзі бірте-бірте Қазақстанның басқа аудандарын да шарпыды.

Бұл тұста қазақ даласына ислам дінін күшпен таратқандарының бірі - саманид басқыншылары болды. IX ғасырдың орта шенінде Мәуереннахр мен Хорасанда үстемдік еткен Саманид әулеті 840 жылы тонаушылық соғыс арқылы Исфиджаб (Сайрам) аймағын басып алды. Саманидтер Шавгорға жетті, одан кейін Саурак және Сүткент қалаларын бағындырды.

Саманидтер жаулап алған жерлерінің бәрінде халықты қарудың күшімен қорқытып, ислам дінін қабыл алуға көндіріп отырды. Олар Қазақстан жеріндегі бұрын Сирия отаршылары салған христиандық шіркеулерді құлатып, оның орнына мұсылман мешіттерін орнатты.

X ғасырдың аяқ шенінде өмір сүрген арабтың тарихшысы Мұхаммед ибн-Жафар әл-Нершахидың жазуына қарағанда, саманидтің әміршісі Исмаил соғыспен Таразды жаулап алып, ондағы үлкен шіркеуді мешітке айналдырған. Тарихшылардың айтуы бойынша, бірінші рет көптеген түркі елі (2 млн. түтін) ислам дінін 960 жылдары қабылдады.

Саманидтер сауда жолдарын да өз қолдарына алып, сол арқылы да түркі тайпаларын ислам дініне мойын ұсындырды.

X-XII ғасырлардағы Қараханид мемлекеті сол тұстағы қоғамдық өмірде елеулі роль атқарды. X ғасырдың аяғынан бастап Орта Азияның халықтарымен бірге қазақ елінің едәуір бөлігі осы ертедегі феодалдық мемлекеттің қол астына енді. Сонымен Қарахан еліне Қашғария, Жетісу, Мәуереннахр сияқты көптеген жерлер бағынышты болып қалды. Бұл мемлекеттің астанасы Бұхара қаласы болды, ал ол XI ғасырдан бастап орталық Қашғар қаласына ауысты.

Қараханидтер исламды өз қол астындағы көшпелі елдің діни идеологиясы етуге күш салып бақты. Сол себепті олар Түркі еліндегі бірінші мұсылман әулеті ретінде бой көрсеткен еді.

Ақсақ Темірдің кезіндегі исламның өрлеуі.

Қожа Ахмет Яссауи

XIV ғасырларда Ақсақ Темір тұсында ислам дінінің маңызы мұнан да арта түсті. Тоқтамыс хан мәнжүйлік дінді қолдады. Ол мұсылмандарды қудалады, олардың Тебриздегі мешіті мен медресесін өртеп жіберді. Темір Тоқтамысқа ислам дінін қарсы қойды. Исламның көмегімен ол өз беделін көтеруге тырысты. Темір заманында ірі қалаларда мешіттер салынады. Темір ислам дінінің идеологиясын нығайта отырып, Орта Азия мен Қазақстан жерлерінде мұсылмандардың мінәжат ететін ғимараттарын тұрғызды, олар исламды насихаттаудың жаңа орталықтарына айналды.

Қазақ даласында дін ғұламасы хазірет сұлтан Ахмед Яссауидің (1105-1166) ықпалы күшті болғандығы соншалықты, тіпті шетел басқыншылары да Яссауимен санаспай тұра алмады. Темірдің әскерінде Яссауи есімін қадір тұтатын жауынгерлер көп болды. Жорыққа шығар алдында Яссауидің моласына, табыну салты енгізілді. "Мистика мен дін насихаттаудың саласында, " - дейді Е. Т. Смирнов, - Ахмед Яссауидің көп еңбектенгені соншалықты, түркілерден шыққан Темір оның моласының басына өзі тонаған елдерде орнатқан ескерткіштерінің бәрінен де биік ескерткіш - мешіт орнатты. Кейіннен осы мешіттің маңында Түркістан қаласы пайда болды.

Ресей Империясының Қазақстанды отарлаудағы ислам діні

Ислам дінінің қазақ даласына тарауына Ресей империясының отаршылдық саясаты үлкен әсер етті. Патша үкіметі құлдық жүргізгеніне бас имей отырған қазақ халқын бағындыру мақсатымен ислам дінінің қазақ арасында тез тарап, орнығуына ынталы болды. Екатерина II 1770-1772 жылдары қазына есебінен құран кітабын бастырып, оларды қазақ арасына тегін таратты. Осы мақсатта Петербургтағы шығыс баспасы Қазан қаласына көшірілді. Қазанда "Иман-шарт", "Бадуам", "Такиғажап" сияқты жеңілдетілген діни кітаптарды басып шығарды.

1802 жылы патша үкіметі құранды 170 мың дана етіп басып қазақ арасына тағы да тегін таратты. Сонымен бірге ауыл-ауылдарда діни мектептер ашып, мешіт салдырып, халықтың "мүддесін" орындау міндетін атқарды.

Ислам діні де патша үкіметіне адал қызмет етті. Мұндай беріле қызмет ету патшаға ұнап, ол ислам дінін қамқорлыққа алды. 1788 жылы 22 қыркүйекте Орынбор өлкесінің Муфтияты - діни рухани мекемесі құрылды. Оның Муфтилығына Гуссейнов Мұхаммеджанды тағайындап оған "Башқұрттардан бос жерлер сатып алуына, өзінің және ұрпақтарының сол жерлерге орналасуына, жаңадан жер алып және оны сатуына рұқсат етілсін" - деген жарлық берілді.

Муфти де патша губернияларда, уездерде, болыстарда имамдар тағайындалып, діни ұйымдар саяси-мемлекеттік ұйымға дейін көтеріледі.

Ислам діні феодалдардың баюын, шаруалардың хал тұрмысы оның нашарлауын алла атынан мақұлдап отырды. Тарихи деректерге жүгінсек, Жәңгір хан жылына зекетке 18 мыңдай қой, 800 өгіз, 1000 жылқы, 700 түйе, ал соғымға 800-ден 1000-ға дейін жинап отырған.

Ислам дінінің қазақ даласына таралуына қазақтың байлары мен шонжарлары да мүдделі болды. Олар сырттан келген молда ишандарды қолдарына ұстап, бала оқытқызып отырды. Ислам діні олар үшін пайда табудың көзі болды. Себебі басқа діндер сияқты ислам діні де: байлықта, кедейлікте тек бір алланың қолында, әуел бастан белгіленіп қойылған, кімде-кім өзінің пешенесіне жазылғанды орындап, дін жолымен жүрсе, "О дүниеде" бақытқа кенеледі, ал оған көнбегендер "О дүниеде" тозақ атына жанады, алланың қаһарына ұшырайды деп қорқытады. Бұл идея байларға, шонжарларға, би болыстарға, сұлтандарға өте ұнады да олар ислам дінін жедел қолдады. Мысалы, аға сұлтан Құнанбай, старшина Балғожа, патшадан шен-шекпен киген Шормандар намаз оқымағандарды тізеге соқты, ораза ұстамағандардың тілін қарыды, зекет төлемегендердің малына айып салды, ғұшыр бермегендердің астығына бәләкет келтірді. Аспанда алла, жерде патша бір тектес деген шариғат ережесіне сүйеніп, еңбекші бұхара халықтың қанын сорды.

Ислам дінінің Қазақстанда таралуына Ташкет, Түркістан, Бұхара, Хиуа сияқты мұсылмандық орталықтардың жақындығы әсер етті. Ақмола облысының бастығы патша үкіметі орындарының біріне жазған хатында "Түркістанның жақындығы, әсіресе онымен үздіксіз байланыс мұсылмандықтың жойылуының басты көзі болып табылады, " - дейді. Бұхара, Хиуа, Түркістан қожа-молдалары сауда керуендерімен еріп жүріп дінін уағыздаумен болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тiлдегi кiрме элементтер және оның қалыптасу жолдары
Қазақ халқының ислам дініне дейінгі діни сенім - нанымдарының зерттелу тарихы
ИСЛАМНЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДИНИЕТІНЕ ЫҚПАЛЫ
Түркілердің ежелгі сенімдері
Қазақ жеріндегі исламның таралуы. туралы ақпарат
Діни туризм туралы
Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері
Йасауи жолының ұзақ ғасыырларға созылған тарихы
Ұлттық діндер. Дүниежүзлік діндер
Қоныстандыру саясаты және оның діни жағдайға әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz