Айқап журналы мен Қазақ газеті
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1. “АЙҚАП” ЖӘНЕ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІН ӨРКЕНДЕТУ МӘСЕЛЕСІ 3
1.1 “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті 3
1.2 Журналдың қоғамдық ролі мен саяси-идеялық бағыты 6
1.3 Журналдың жазба поэзиядағы идеялық-көркемдік ізденістері 7
Қорытынды 16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 18
Кіріспе
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ әдебиетінің тақырып ауқымын
кеңейтіп, жанры жағынан байып, профессионалдық үлгіде қалыптасып, дамуына
мектеп-медіреселер мен оқу орындарының көптеп ашылуы, қазақ баспасөзінің
қанат қағуы, терең білім алған саналы азаматтарының көбеюі, халық санасының
сергек тартып, замана сауалдарын сараптауы, әдеби-мәдени талап-тілектің
өсуі сияқты факторлар айрықша әсер еткеніне назар аударған абзал. Олар
жазба әдебиетіміздің қанатын кеңге жая өркендеуіне жағдай жасап қана
қоймай, қазақ халқының оң-солын танып, ұлттық бет-бейнесін айқындауына да
ықпал етті. Баспасөздің тууына орай, әдеби сын дүниеге келіп, көркем
шығарманың асылы мен жасығын таразылауға ұмтылды. Сол арқылы жұртшылықтың
эстетикалық талап-талғамы жетіле бастауына түрткі болды.
Әрбір тарихи кезең қайталанбайтын өзіндік сонылығымен ерекшеленеді
десек, қазақ әдебиетінің бірінші орыс төңкерісі мен екінші төңкерісінің
аралығындағы кезеңі әртүрлі тақырыптық, көркемдік ізденістер мен идеялардың
қақтығысы, өмірді суреттеудің айла-амалдарын іздеу дәуірі ретінде
елестейді. Бейнелі түрде айтқанда, Жерұйық іздеген Асан бабаша әр қиырдың
дәмін татып, тамырын басып, өзіне құтты қоныс, жайлы өріс іздегендей болып
көрінеді. “Қоғамдық-әлеуметтік саяси жағдайлар аясында дамыған қазақ көркем
әдебиеті замана бейнесін өрнектей алғанымен де құнды. ХХ ғасыр бас
кезіндегі қазақ халқының экономикалық-әлеуметтік саяси-мәдени, жалпы рухани
өмірінде болған аса маңызды өзгерістер көркем сөз өнері арқылы қал-
қадарынша өзінің тиісті көрінісін тапты. Әрине, көркемдік көріністердің,
бейнелердің деңгейі де, ауқымы да, әртүрлі болуы заңды. Шым-шытырық
қоғамдық-әлеуметтік құбылыстарды әр қаламгер өзінше түсініп, пайымдап, өз
мүмкіндігіне сәйкес көрсетуге әрекет жасауы нәтижесінде идеялық көркемдік
бағыт-бағдары, дәрежесі әр алуан және әр жанрдағы әдеби туындылар жарық
көрді де, қазына қорын байытты”.
Аз уақыт ішінде қазақ ақын-жазушылары әртүрлі жанрда барлау жасап,
түр алуандығына жол салып берді. Олар қазақ әдебиетінің құнарлы топырағына
суреттеме, хроника, әңгіме, новелла, публицистика, көркем очерк, жолжазба,
фельетон, роман, повесть, драма сияқты жанр түрлерін алып келді десек, осы
орайда бұл жанрлардың кейбірінің туып, бағының ашылуына, сөз жоқ, баспасөз,
оның ішінде, “Айқап” журналының қызметі айрықша қомақты.
“Қазақ әдебиетінің сол дәуірдегі творчестволық проблемаларын мүмкін
қадерінше сарапқа салып, жұрттың эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруға
алғаш қадам жасаған “Айқап” журналы болса, оның артынан “Қазақ” газеті бұл
істі жандандыра түсті.
1. “АЙҚАП” ЖӘНЕ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІН ӨРКЕНДЕТУ МӘСЕЛЕСІ
1.1 “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті
Қазақ қоғамы демократияшыл жұртшылығының ұлттық баспасөз ұйымын құру
жөніндегі ынтасы күшейе берді. 1911 жылғы 16 наурызда Орал (Теке) қаласында
қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді Қазақстан газеті шықты. 1911 —
1913 жылдарда (қаңтар-ақпан) небәрі 16 нөмірі шығарылды (редакторы Елеусін
Бұйрин). Газет кәсіпкерлік пен ғылымға үйрету ізгі мақсат деп санады.
Профессор Ү. Субханбердинаның пайымдауынша, газет прогресшіл демократияшыл
түсінікте болып, отандастарын орыстың озық мәдениетін меңгеруге шақырған.
Ол оқырмандарына кітап шығару жаңалықтары туралы хабарлап, шаруашылықты
прогресшіл жолмен жүргізу жөнінде кеңестер беріп отырды. Оның беттерінде
Гурьев уезінде жаңа мұнай кенішінің ашылғаны туралы хабар бірінші болып
жарияланды. 1913 жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда Ешім
даласы газеті шығып тұрды.
Алайда таралымы шектеулі бұл газеттер орасан үлкен аймақтың түрлі
топтарының өскелең талаптілегін канағаттандыра алмады. Жалпыұлттық көлемде
мерзімді баспасөз құру бұрынғысынша жалпыұлттық проблема болып қала берді.
Айқап журналы. Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің
арқасында М. Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шығаруға рұқсат алды.
Қостанай уезінің Шұбар болысы № 5 ауылының қазағы М. Сералинге, — делінген
құжатта, — Троицк қаласында оның жауапкершілігімен мынадай бағдарлама
бойынша: бас мақалалар, шетелдік хабарлар, мұсылмандар өмірінің мәселелері,
хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография және ғылыми мақалалар,
аралас дүниелер және редакцияға хаттар бағдарламасымен ай сайынғы Эйкафь
журналын шығаруға рұқсат берілді. Прогресшіл демократияшыл зиялылардың,
сан жылдар бойы аңсаған арманы орындалды: 1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде
қазақ халқының тарихындағы тұңғыш Айқап ұлттық журналының бірінші нөмірі
шықты. Нақ соның, ал кейініректе, 1913 жылғы 2 ақпанда Орынбор қаласында
шыққан Қазақ газетінің де тағдырына жалпыұлттық басылымдар болу жазылған
еді.
Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин
(1872—1929) бұрын педагогтік және журналистік қызметпен айналыскан, сол
кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған. Кеңестік
тарихнаманың дегені жүріп тұрған кезеңде көптеген зерттеушілер идеологияға
жағынып, М. Сералинді XX ғасырдың басында Оңтүстік Оралдың революцияшыл
социал-демократтарының шеңберіне кіргізуге тырысты. Мұның бәрі Айқап
журналын кеңес өкіметі контрреволюциялық ұлтшыл деп айыптаған Қазақ
газетіне қарсы қою мақсатымен жасалған еді. М. Сералиннің өз айтуына
қарағанда, журнал еңбекші таптың органы болған жоқ. Халықтық болған ол
белгілі біртаптық, саяси және экономикалық бағдар ұстанбады. Оренбургский
край газетінің журналды жергілікті халықтық басылым деп атағаны
кездейсоқ емес.
М. Сералиннің сіңірген еңбегін атап өте келіп, зерттеушілер ол
Қазақстанда демократиялық бағыттағы ұлттық журнал шығаруды бірінші болып
жолға койды. Айқап журналы білім әлеміне ашылған бір терезе болды деп
атап көрсетеді. М. Дулатов Оян деп қазаққа дабыл қаққаннан кейін М.
Сералиннің демократияшыл зиялыларды, либерал-революциялық ниеттегі студент
жастарды іс жүзінде топтастырып, олардың назары мен жігерін жалпыұлттық
проблемаларды шешуге шоғырландыра білгенін айту керек. Айқап патша
өкіметінің реакциясынан кейін қазақ қоғамын оятты, Қазақ газеті оның
жақсы дәстүрлерін жалғастырып, жаңа биікке көтерілді.
М. Сералинмен қатар, Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров журналдың
рухани жетекшілеріне айналды. Айқап төңірегіне әртекті қазақ
демократияшыл зиялыларының, талантты студент жастардың өкілдері топтасты.
Журналға А. Ғалымов, М. Жолдыбаев, Т. Жомартбаев, М. Кашимов, К Кемеңгеров,
М.Ж. Көпеев, А. Мұсағалиев, Б. Сыртанов, С. Лапин, Н. Манаев және басқалар
белсене қатысып тұрды. Журнал беделінің өсуіне бастапқы кезеңде оның
жұмысына А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың қатысуы себепші болды. Дала
өлкесінің демократияшыл қалың жұртшылығы кейіннен қазақ мәдениетінің,
әдебиетінің аса көрнекті қайраткерлеріне айналған дарынды тұлғалар: С.
Сейфуллин, Ш. Құдайбердиев, Б. Майлин, С. Дөнентаев, С. Торайғыров, М.
Жұмабаевтардың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алды. Журнал беттерінен
қырғыз И. Арабаев, ноғай С. Ғаббасов, түрікмен Ш. Назари және басқалар
көрінді. Қазақ әйелдері Сакыпжамал Тілеубайқызы, Мариям Сейдалина, Гүлайым
Өтегенкызы, Нәзипа Құлжанова журнал беттерінде әйелдердің тең құқықтығы,
қазақ әйелдерін азат ету, балалар мен аналарды қорғау проблемасын көтерді.
Журналдың бірінші нөмірінде М. Сералин оқырмандарға басылымды құрудың
ұзаққа созылған оқиғасын түсіндіріп берді: Біз бір-бірімізді үнемі...
кінәлап жүрдік... Басымыз қосылмады. ...Біздің қазақтың неше жерден қап
деп қапы қалған істері көп. Қап дегізген қапияда өткен істеріміз көп
болған соң журналымыз да өкінішімізге ылайық Айқап болды.
Айқап журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін
әуелгіде айына бір рет, ал сонан соң екі рет шығып тұрды. Барлығы 88 нөмірі
шықты, таралымы 1000 данаға дейін жетті.
Оқиғалар айдарынан көрініп отырғанындай, жер-жерден Ташкент, Верный,
Шымкент, Әулиеата, Орал, Қостанай, Торғай, Актөбе, Маңғыстау, Бөкей Ордасы,
Омбы, Қапал, Семей, Аягөз және басқа жерлерден хабарлар түсіп тұрған.
Бізге не істеу керек? деп аталған бас макаласында Айқап өз
бағдарламасын былай деп белгілеген:
1. Отырықшылыққа көшу, қалалар тұрғызу, жерден қол үзбеу.
2. Мектептер мен медреселер ашу, білімді әрі мәдениетті болу.
3. Дін істерін өз қолына алу, өз мүфтиін сайлау.
4. Мемлекеттік Думанын мінберінен халық мүдделерін қорғау және оларды
үкіметке жеткізе алатын депутаттардың болуы.
5. Петербургте тұрақты өкілдік болуы.
Айқап нөмірден нөмірге жер мәселесіне зор көңіл бөліп отырды. Бұл
түсінікті де. Патша өкіметі орыс және украин шаруаларын қоныс аудару
қозғалысының қарқынын ұлғайту мақсатында қазақтардың құнарлы жерлерін
күштеп тартып алу жолымен қоныс аудару қорын құрды. Айқап жетекшілері
мұндай жағдайда көшпелілер мен жартылай көшпелілердің отырықшылануы,
тұрғылықты ауылдық елді мекендер салу, егіншілік негізінде қазақ
шаруаларының тұрмыс-салтын өзгерту қажет деп санады. Қазақ газетінің
жетекшілері, ең алдымен Ә. Бөкейханов басқаша көзқараста болды. Журнал мен
газет арасындағы жер мәселесі жөніндегі пікір-сайыс екі жақтың да көп күшін
алды.
Айқап журналы ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды. М. Сералин
біздің ғасырымыз ғылымның ғасыры деп санады. Ол Ш. Марджанидің, Ы.
Алтынсариннің ізбасары болды.
1.2 Журналдың қоғамдық ролі мен саяси-идеялық бағыты
XIX ғасырдың аяғында жәдидшілдік идеялық-саяси ағым ретінде
қалыптасты, оның жолын қуушылар жәдидтер (жаңашылдар) деп аталды.
Жәдидшілдер мүсылман дінінің озбырлығына қарсы шықты, өз халықтарын
еуропалық мәдениетке, ең алдымен мектеп пен медреседе еуропалық дыбыстап
оқыту әдісіне тартудың жақтастары болды. Жәдид қайраткерлері жеткілікті
болғанымен, Қазақстанда жәдидшілдік қалыптаспады. И. Гаспринский ұсынған
жәдидшілдік өркениетке жеткізер жолдағы басты кедергі исламның озбырлығы,
ортағасырлық дәстүрлер мен әдетғұрыптар деп санады. Қазақтардың рухани
өміріне ислам ықпалының дәрежесі Татарстан, Башқұртстан, Қырым және
Түркістанмен салыстырғанда едәуір әлсіз болды. Қазақстанда ағартушылық
қозғалыс ұлттық қайта өрлеу жолындағы басты кедергі отаршылдық деп санады.
И. Гаспринский түрік-татар бірлігі туы астында әрекет етті. Ал
Қазақстандағы ағартушылар татар және бұхара теологтарының, түркі-татар
жазуының үстемдігіне жан сала қарсы шықты. Шығыстың көрнекті
ағартушыларының еңбектері, — деп жазды М. Сералин, — туған халық тілінде
оқу мен білім алудың және оны құрметтеудің пайдалы екеніне біздің көзімізді
жеткізді.
Дегенмен, С. Ж. Асфендиаровтың айтуынша, М. Сералин тегінде, татар
мәдениетімен және оның прогресшіл дөстүрімен мейлінше көп дәрежеде
байланысты болған.
М. Сералин бастаған Айқаптың ізбасарлары классикалық жәдидшілдіктің
жақтаушылары болды. Олар қазақ қоғамы мешеулігінің, ескіргендігінің негізгі
себебі халықтың сауатсыздығында (надандық), молдалардың білімсіздігінде,
байлардың дарақылығы мен қатыгездігінде (қайырымсыздық), отаршылдардың
қазақ шаруаларын талап-тонауында жатыр деп санады. Осының бәрінен шығаратын
жол қоғамды оку-ағарту, И. Гаспринскийдің жүйесі бойынша жаңа әдіспен
окыту, қазақтардың отырыкшылық тұрмыс салтына көшуі (қала салу) деп білді.
Өз кезінде бұлар прогресшіл идеялар еді. М. Сералин мен айқаптықтардың
сіңірген еңбегі мынада: олар жәдидшілдіктен, ағартушылықтан алға кетті, өз
идеяларында қазақ шаруаларының, еңбекші бұқараның бытыраңқы және стихиялы
арман-тілектері мен ойларын көрсете білген революцияшыл демократтар
деңгейіне дейін көтерілді. Айқаптықтарды жас түріктер деген сияқты, жас
қазақтар, жас ұлттық буржуазиялық-демократиялық қозғалыстың қатысушылары
деп атауға болар еді. Сонымен бірге жас бұхаралықтар — жәдидшілерден
айырмашылығы, М. Сералин мен оның ізбасарлары клерикализмнен азат, шынына
келгенде либерал-демократтар, шаруашылық жүргізудін отырықшы фермерлік
әдісін, орыстың озық мәдениетін насихаттаушылар болды. Қазақ газеті
жарыққа шыққаннан кейін айқаптықтар арасында жік туды. Біреулері мұсылман
қозғалысының жақтастарына қосылды (М. Қаратаев), басқа біреулері
ағартушылықтан отаршылдық жүйені қирату, қазақ ұлттық мемлекеттігін, ұлттық
білім беру жүйесін құру идеясына көшті. Түбірлі жалпыұлттық мүдделерді
қорғап, дәйекті түрде ілгері басқандардың дұрыс істегенін тарихтың өзі
дәлелдеді.
1.3 Журналдың жазба поэзиядағы идеялық-көркемдік ізденістері
ХХ ғасыр басындағы жазба поэзиямыздың жай-күйін сөз еткен тұста
“Айқап” журналы бетінде жарияланған өлеңдер алдымен әңгімеленуге тиіс.
Өйткені ол журналда басылған көркем әдебиет үлгілерінің қалың шоғыры
болуының үстіне, ғасырдың алғашқы ширегіндегі әдеби ахуалдың жалпы аңсарын
аңдауға мүмкіндік береді және бір ғажабы “Айқапта” басылған өлеңдер қазақ
әдебиетшілері тарапынан әлі күнге дейін тұтастай қарастырыла қойған жоқ.
Тек жеке ақындар шығармашылығын зерттегенде немесе әдебиет тарихын дәуір-
дәуірге жіктеп, шолу жасағанда жалпылама талданып жүргенін ескерсек,
журналда жарияланған өлеңдерді тұтастай алып, тақырып ауқымын, көркемдік
дәрежесін саралаудың қажеттігі өзінен өзі түсінікті болмақ.
Ақындар шығармашылығын зерттеу барысында Генрих Гейненің
афоризмге айналып кеткен “әлемнің кез-келген құбылысы ақын жүрегі арқылы
сүзгіден өтеді” деген сөзі ойға оралады.
Ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ақын-жазушыларының баршасына тән
ерекшелік – бұлар басқа көршілес халықтардың мәдениет пен өнер саласында
қазақ халқынан ілгері кеткенін ерекше тақырып етіп жырлады. Халықты бұйығып
отыра бермей серпіліп олардан үйренуге, үлгі алуға шақырды.
Мұның өзі бұл тұста заңды болатын. ХХ ғасыр басында ірі мәдениет
ошақтары – Петербург, Мәскеу, Омбы, Уфа, Қазан, Орынбор, Бұхара, Каир,
Стамбул, Ташкент, т.б. қалалардағы жоғары оқу орындарынан білім алып, еліне
оралған қазақ оқығандарының саны біршама қомақты еді. Әр түрлі халықтың
тұрмыс-тіршілігін көріп, мәдени жетістіктерімен танысып, ой аудандары
кеңейген олардың өз халқын өнер өріне үндемей қалмауы мүмкін емес-ті. Оның
үстіне қазақ-орыс, қазақ-татар қарым-қатынастарының бұрынғыдан да арта
түсуіне орай олар қоян-қолтық араласып, бірін-бірі жете тани түсті. Бұл
процесс дами келіп, ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ халқы үшін өнегелі
өнер де, өресі биік мәдениет те, тек еуропалық мәдениет-тен табылатынын
өмірдің өзі дәлелдеген ақиқат дәрежесіне көтерді. Қоғамдық өмірде айқын
салмақ ала бастаған осы озық тенденция үлкенді-кішілі ақындардың
көзқарасына, шығармашылығына әсерін тигізбей қоймады. Соның нәтижесінде
қазақ ақындары өнерлі халықтардың өнегелі істерін жырлауда, олардан үлгі
алуды әдебиеттің түбегейлі проблемаларының қатарына көтерді.
1910 жылы Қазан қаласында “Әдебиет өрнегі” атты өлеңдер жинағын
шығарған ақын Ишанғали Бисенұлы өзге халықтардың үлгі алар жағы мәдениет
пен лайықты білім беру деп танып, халыққа осы жағынан ой салуды көздеді.
Себебі бөтен жұрттың алға кеткен,
Балаларын оқытуға ыждағат еткен.
Сыпағат мағрифаттан үлес алып,
Зорайып милетіне қызмет еткен
Осы бір шумақтың өзінде көркемдік, тілдік тұрғыдан алғанда бірталай
кемшіліктің бар екендігіне қарамастан, өлең жастарға білім берумен іс
бітпейді, олар мектептен алған азды-көпті білімін халқына қайта таратуға
тиіс, сонда ғана ол лайықты нәтижесін бермек, өнегелі елдің ісі осы деген
орынды ой айта алғандығымен құнды.
Қазақ халқының басындағы бүкіл ауыртпалықты осы сияқты надандық,
қараңғылықтан деп тану, Бекмұхаметовтың өлеңдерінде ғана емес, өзге
ақындардың да шығармаларынан өзекті орын алған сарын еді.
Өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін түсінуге тырысып, ой толғап,
қалам сермеген ортаңқол ақындардың өзі мәдениеті биік елдердің өміріне
қызыға, құмарлана қарағанда, белгілі демократ-ағартушы ақындарымыздың бұл
тақырыптан қалыс қалуы мүмкін емес-ті.
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев,
Мұхамеджан Сералин, т. б. сынды ақын-жазушылардың қай-қайсысы болмасын
заман алға тартқан мәселелердің ақ-қарасын айырып, халқына мәдениеті биік
елдерді үлгі етіп тартып, бұндай дәрежеге жету оқу-білімнің арқасында ғана
мүмкін болатындығын үнемі насихаттады, қоғамдық өмірдегі мәдени мешеулікті
аяусыз сынады. ХХ ғасыр басындағы қазақтың ірі ақындарының бірі
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1912-1913 жылдары жазған “Оқып жүрген жастарға”,
“Оқу”, “Талиптарға”, “Оқуда мақсат не?, “Анау- мынау” секілді өлеңдеріне,
негізінен, осы тақырып арқау болған. Онда ақын жастар алдына оқып білім
алып, елге қызмет ету идеясын, осы салада бірігіп, күш қосу қажеттігін
ұсынады. Осы арқылы ақын қазақ жастарына ой салмақ болады.
Ғасыр басында өмір сүріп, қалам сермеген ақын-жазушылардың қай-
қайсысы болмасын елді оқу-білімге шақыру, надандықтың зардаптары, одан
құтылудың жолдары секілді көкейкесті тақырыпты жырлаудан сырт қалмаған. Бұл
тақырып мерзімді басылымдар – “Айқап” журналы мен “Қазақ” ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz