Қазақ әдебиеті мен өнерінің қазіргі қоғамымыздағы ықпалы мен орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Қазақ әдебиетінің қазіргі қоғамымыздағы ықпалы 3
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі 18

Кіріспе

Ерте дәуірлерде көшпелі қазақ елінде сөз өнерінен әлде бір өнер асады
деген түсінік, ұғым болмаған. Ел өзінің өткен тарихын, өз тұсындағы тұрмыс-
тіршілігінің барша саласындағы қуанышы мен ренішін, алдынан күткен, іздеген
арман-тілегін түгелдей сөз өнері арқылы танып, сөз өнері арқылы танытқан.
Өнер алды – қызыл тіл, тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады, Бас
кеспек болса да, тіл кеспек жоқ деген секілді асыл сөздер халықтың тұрмыс-
тіршілігіне сөз өнерінің алатын орны мен атқаратын қызметінің маңызы мен
мәнін ашатын сипатымен бағалы. Байырғы дәуірлерде қазақ даласында кісінің
атақ-даңқын асқақтата шарықтатқан санаулы ғана өнер болған. Оның бірі –
соғыс ісін жүргізу; екіншісі – билік; үшіншісі сөз өнері. Осылардың бастысы
да, бастаушысы да сөз өнері. Шешен сөздің майталман шеберлері өздерінің де,
өзгелердің атақ-даңқын тұтас елге шығарғанда, тіл өнерінің құдірет-күшіне,
шешендік өнеріне, ақпа-төкпе ақындық талантына, таным байлығы мен білім
тереңдігіне бірдей сүйенген.
Ендеше біз қарастырып отырған тақырып киіз туырлықты қазақтың бүгінгі
әдебиеті мен өнерінің қоғамымыздың рухани мүмкіндіктерін жетілдірудегі рөлі
болып отыр. Бұл тақырып қызық та күрделі.

Қазақ әдебиеті мен өнерінің қазіргі қоғамымыздағы ықпалы мен орны

Қазақтың ең соңғы ханы Кенесарының, жолы кесілсе де, ол eгіп кеткен
еркіндік рухы сол кезден бepі біp сәт те сөніп көрген жоқ. Әлихан, Ахмет
сияқты тұлғасы ерен азаматтардың бастауымен "Алаш" ұрпағы дүниеге келді.
Kүpecтің ендігі бар салмағы ағартушылыққа түсті. XX ғасырдың басында
Әлихандар ағартушылыққа қоса Батыстың конституциялық жолын таңдады, дума
арқылы автономия болсақ деп армандады. Бірақ армандарына жетпей кетті.
Дегенмен, кеңес заманында да күрес тоқталған жоқ. Оның, белгілері жазушылық
арқылы көрініс берді. Мәселен, Мұхтар Әуезовтің "Хан Кене", "Қилы заман"
сияқты шығармалары осының дәлелі.
Ахмет Байтұрсынов өткен ғасырдың басында: "Әр ұлтқа төрт нәрсе керек.
Олар; тіл, діл, дін және жазу. Осылары болса ғана әр халық өзінше халық.
Егер бұлардан айырылса, ол ел халық болудан қалады" – деген болатын.
Ғасыр басында қазақтың ұлттық болмысы қандай деп қатты тебіренген жан
ұлы Абай. Қазақтың замана талабына бейімделе білу қасиетін ол "орынды
қаракет" деп таныды. Абай ісін жалғаған ХХ ғ. зиялы қауымның көсемі Әлихан
ұлт болмысын - менталитетін "құдайдан соңғы күшті тұрмыс іс" дейді.
Нарық заманасында халық, оның қаракеті жаңғыруы керек. "Мәдениет өмірі
- құдырет өмірі" (Ә. Бөкейханов). Ендеше ғылымға, білімге, мәдениетке ұлт
қаракеті негізделуі орынды. Нарық - есеп, барды жарату, жоқты табу, кәсіби
өнерді меңгеру, іскерлік, ісмерлік таныту, тұрақты күнкөрістің бұлағын
анықтау, әр адамның қоғамдағы орнын табу, әлемдік көшке әуелі ілесу, содан
кейін басқалармен жарысу, озу.
Халық рухын, ұлттық рухты қалай көтеруге болады? Бұл — заңды сұрақ.
Меніңше, ең алдымен, халықтың, тарихи санасын қалыптастыру керек.
Қазақстан егемендiк алуымен байланысты қазақ халқының рухани өмiрiнде
мәдени жаңа процестер кеңiнен өрiс алды. Халыққа бiлiм беру, ғылым мен
мәдениет өз дамуының кең жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңiндегi
партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды.
Сондықтан өтпелi кезеңнен қиыншылығына қарамастан, егемендiк алған
кезден бастап, Қазақстанда бiлiм жүйесiнде көптеген оң өзгерiстер орын
алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгердi.
Тәуелсiз Қазақстанның әдебиетi мен ұлттық тiлiнiң мәртебесiн көтеруде
бiрқатар шаралар iске асырылуда. 30-шы жылдары нәубетке, жазықсыз жазаға
ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды, мамандарды ақтау жүзеге асты. А.
Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, М. Дулатовтың, Ш. Құдайбердиевтiң, Ә.
Бөкейхановтың, Х. Досмұхамедовтың, Ж. Аймауытовтың және басқалардың
кiтаптары жарық көрдi. Бұлардың шығармалары ұмыт болып, мектептерде,
арнаулы орта және жоғары оқу орындарында соңғы кезге дейiн оқытылмаса, ендi
оқу орындарының бағдарламаларына кеңiнен енгiзiлiп, оқушы-студент жастарға
олар жөнiнде жан-жақты дәрiс берiледi. Мемлекеттiң жаңа кезеңдегi жүргiзiп
отырған ұлт саясатымен байланысты қазақ тiлiн қайта түлету мейлiнше
көкейкестi проблемаға айналды. 1989 ж. қыркүйектегi Тiл туралы Заң және
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша ол мемлекеттiк тiл деп
жарияланды. Iс жүргiзудi қазақ тiлiне көшiру жөнiнде жан-жақты шаралар
белгiленiп, олар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Қазақстанның барлық
жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тiлiнде оқыту бөлiмдерi
ашылды. Мұның өзi ауылдан қазақша оқып келген жастардың ана тiлiнде
тиянақты бiлiм алуына жағдай жасады.
1991 жылы тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан үкiметi тұңғыш рет
идеологиялық өктемдiктен бас тартатынын, мәдени-шығармашылық бостандықты
жариялап, оны қорғау, өнерге қол жеткiзуге көмектесетiн жағдайлар туғызу,
жариялылықты қамтамасыз ету және шығармашылық қызметкерлерiнiң жұмысын
халыққа жария ету жөнiнде мiндеттемелер алды. Мiне, осының нәтижесiнде
экономикалық қиындықтарға қарамастан, республикада мәдениеттiң басты ошағы
болып саналатын мемлекеттiк театрлардың бiрде-бiрi жабылған жоқ.
Өнердегi менеджменттiң тиiмдi үлгiсiнiң өмiрге келген жайттары орын
алды. Мәселен, Айман Мұсаходжаева "Солистер академиясы" оркестрiн
ұйымдастырып, бүкiл музыкалық бiлiм берудi қайта құру жөнiнде ұтымды жұмыс
жүргiздi. Соның нәтижесiнде 1998 жылы Астана қаласында тұңғыш рет ұлттық
музыка Академиясы құрылды. Жәния Әубәкiрова музыкалық мектептiң негiзiнде
колледж, ал жазушы Әбдiжәмiл Нұрпейiсов "ПЕН-клубын" ашты. Осының бәрi өнер
саласындағы дарынды адамдардың өз идеяларын жүргiзу үшiн сауатты нысандар
тауып жатқанын көрсетедi.
Елiмiздiң көп ұлтты мәдениетiн дамытуда 40-тан астам ұлттық мәдени
орталықтар мен Қазақстан халықтарының бiрiккен Ассамблеясы бiрсыпыра
жұмыстар жүргiзуде. Нарықтық экономика талаптарына бейiмделе отырып, 1996
жылы 22 жекеменшiк киностудия мен 12 жекеменшiк галерея мемлекеттiң
жәрдемiнсiз жұмыс iстедi. Соңғы кезде көптеген мәдени шаралар мемлекеттiң
қаржылай қолдауынсыз жүргiзiлуде. Республика мәдениет саясатын нақты жүзеге
асыруда жоғары кәсiби мәдениет кадрлары мен мамандардың атқаратын рөлi зор.
Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет саласына қажеттi кадрларды дайындау
iсi республиканың 5 жоғары 39 орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырылып
келедi. Сонымен қатар шығармашылық жас таланттарды тәрбиелеп өсiруде
жазушылар, композиторлар, суретшiлер, театр және кино өнерi тағы басқа
шығармашылық одақтардың алатын орны ерекше. Олар тек мемлекет идеологиясын
жүзеге асыру қызметiмен шектелмей, шығармашылық жастардың өсіп-жетілуіне
зор ықпал ететiн шараларды iске асырып отыр.
Қазақстан мәдениетiнiң дамып-жетiлуiне соңғы кездерде өткiзiлiп жүрген
республикалық және халықаралық конкурс-фестивальдiң маңызы өте зор. Атап
айтқанда, "Азия дауысы", "Жас қанат", "Дәстүрлер жүлдесi", "Шығыс маусымы",
"Үкiлi домбыра", "Жiгiттiң сұлтаны", "Ермек Серкебаев шақырады" классикалық
музыка фестивалi, мемлекеттiк "Қазақкино" компаниясының бастауымен шетелдiк
кино күндерiн өткiзу дәстүрге айналды.
Соңғы жылдары елiмiздiң мәдениетi мен рухани өрлеуiне Президент Н. Ә.
Назарбаевтың 2000 жылды - Мәдениеттi қолдау жылы деп жариялауының үлкен
маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерiн дамытуға, олардың материалдық
базасын нығайтуға бағытталған едәуiр жұмыстар атқарылды. 727 мәдениет
мекемелерi жаңадан ашылды. Оның қатарында 468 кiтапхана, 239 клуб, 5 жаңа
театр мен 5 мұражай бар. Театрлар Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде
және Түркiстан қаласында ашылды. Корей музыкалық комедия театры,
республикалық немiс драма театры, Н. Сац атындағы орыс академиялық балалар
және жасөспiрiмдер театры жеке ғимараттарға көштi. Мәдениеттi қолдау жылы
аясында барлығы 2368 мәдени объектi: 1449 кiтапхана, 681 клуб үйi, 49
мұражай, 11 театр, 6 кинотеатр, 2 филармония және т. б. жөндеуден өттi.
Мәдениеттi қолдау жылының шын мәнiндегi шарықтау шегi Түркiстан
қаласының 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келдi. Бұл үлкен тойды
өткiзу барысында Қазақстан мемлекетi Күлтөбе, Отырар сияқты қалалардың,
Қожа Ахмет Иассауидiң кесенесiн, Әзiрет Сұлтан мемлекеттiк тарихи-мәдени
қорығын т.б. нысандарды қайтадан жаңғыртты.
ХХI ғасырдың басында ЮНЕСКО деңгейiнде атап өтiлген Түркiстан қаласының
1500 жылдық мерейтойы, Тараз қаласының 2000 жылдығы елiмiздiң беделiне
бедел қосты. Өйткенi Түркiстан қаласы қазақ және Орталық Азиядағы басқа да
халықтардың өзiндiк бiр рухани және мәдени орталығы, екiншi Мекке болып
саналады. Осы орайда, бiздiң мемлекетiмiздiң мәдениет жөнiндегi саясатының
басты назары ұлтымыздың рухани мүмкiндiгiн әлемге барынша танытуға
бағытталып отырғанын айтқан жөн. Мұның өзi біздiң халықаралық мәдени
байланысымызды нығайтуға үлкен ықпалын тигiзедi.
Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан берi аз уақыттың iшiнде, қазақ ұлтының
және басқа халықтардың мәдениетiн, оның қайнар қуатын тек өз елiмiзде ғана
емес, сонымен қатар бүкiл әлемге таныта бастады. 1995-1997 жылдары ЮНЕСКО
ауқымында Қазақстан Республикасының екi үлкен мерекесi атап өтiлдi. Олар:
Ұлы Абайдың 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерей тойлары. 1996
жылы Желтоқсан оқиғаларының 10 жылдығын, 1916 жылғы ұлт-азаттық
қозғалысының 80 жылдығын, дарынды ақын, дана тәлiмгер, халықтар достығын
жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойын тойлау елiмiздiң
тарихындағы жарқын оқиға болды. Ал 1997 жыл жалпыұлттық татулық және саяси
қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы деп жарияланып, елiмiздiң барша
қауымы 1932 жылы 3 миллион адамынан айырылған қазақ халқының ұлы
қасiретiнiң 65 жылдығын және сталиндiк қуғын-сүргiнге түскен ұлттық
интеллигенция қасiретiнiң 60 жылдығын атап өттi.
Ұлы Абайдың 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтiң 100 жылдық мерей тойлары
арқылы Қазақстан рухани тәуелсiздiгiн және әлемдiк мәдениеттiң үдерiсiне
тiкелей қатыса алатынын көрсеттi. Оған дәлел ретiнде кемеңгер жазушы
Мұхтардың шығармашылығының бүкiл дүние жүзiнiң 72 елiнде жариялануын айтуға
болады. Сөйтiп, Абай, Мұхтар шығармалары, оларға арналып өткiзiлген тойлар
арқылы бұрын белгiсiз болып келген қазақ халқы бүкiл әлемге танылды.
2000 жылы қазақ әдебиетiнiң көрнектi тұлғалары Сәбит Мұқановтың, Иса
Байзақовтың, Бауыржан Момышұлының, Жұбан Молдағалиевтiң, Әнуар Әлiмжановтың
мерей тойлары кеңiнен атап өтiлдi. Жыл аясында Қазақстан мәдениетiнiң
дамуына айтулы үлес қосқан республиканың белгiлi өнер қайраткерлерi Ғ.
Жұбанованың, Ө. Жәнiбековтiң, С. Мұхамеджановтың, К. Күмiсбековтiң және
тағы басқалардың есiмдерiн мәңгi есте қалдыру шаралары жүзеге асырылды.
Елiмiздiң Президентi жарлығымен 1998 жыл - Халық бiрлiгi мен ұлттық
тарих жылы деп атап өтiлдi. Тарих жылы тұтастай алғанда 23 iрi-iрi ғылыми
форумдардың өткiзiлуiмен ерекшелендi. Соның iшiнде Республика ұлттық ғылым
академиясы тарихында тұңғыш рет АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан,
Түркия, Жапония ғалымдарының қатысуымен отандық тарих проблемаларына
арналған арнайы сессия өткiзiлдi. Сондай-ақ, "Жiбек жолы және Қазақстан",
"А. Байтұрсынов - ғалым, ағартушы, қоғам қайраткерi", "Құрманғазы және
мыңжылдықтар тоғысындағы дәстүрлi музыка", "Қазақстанмен шекаралас
аумақтардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің жалпы теориялық сипаты
Тәуелсіз Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі мәдени-ағартушылық процесстер
Қазақстанды ілгерілету жолындағы билік пен баспасөздің рөлі
Оқушылармен жүргізетін музыкалық жұмыста кездесетін өнердің жақын түрлерінің өзара байланысы
Кекілбаев, Әбіш
Қазақ халқының рухани мәдениеті жағдайы мен даму тенденциясы
Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер
Қоғамдағы саяси газет
Ұлттық баспа
Қоғамның мәдени дамуындағы жаңа бетбұрыстар
Пәндер