Театр өнері
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Қазақстандағы мәдени революция 3
Театр өнері 7
Кинематограф 14
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі 19
Кіріспе
Халқымыздың қасиетті киелі ұғымының бірі "мұра". Көргенді қауым "халық
мұрасы", "ата мұрасы", "әке мұрасы" деп тебіреніп айтады, келесі буынның
санасына оның мәнін де мағынасын да құйып жатады.
Сонда бұл "мұра" дегеніміз не? Халық ғасырлар бойы қасиетті деп
санаған байлықты, ғажайып жасаған баға жетпес мүлкін, асыл жиһазын, сарай,
тарихи ескерткіштерін келесі ұрпаққа аманат етіп қалдырады. Ол оның адам
деген атқа ие болып, пәни дүниеден тапқан асылы - қазынасы - мұрасы.
Біреулер кіндік қаны тамған киелі жерін қорғап, сақтап, мұрагеріне аманат
еткен. Біреулері сан түрлі рухани байлықты жасап, мәңгі есімін тарихқа
жазып кеткен. Күмбірлеген күйлер, асқақтаған әуендер, тарихи әдеби
еңбектер, ғылыми трактаттар осының айғағы. "Жақсының аты өлмейді, ғалымның
хаты өлмейді" деу содан қалған. Енді бір ата-бабамыз "қазақ" деген халықтың
мемлекетінің шаңырағын көтеріп, ел билеу дәстүрін қалыптастырған. Ғасырлар
бойы сан ұрпақ халқымыздың осы ата салтын, ұлттық санасын бір ізге
келтірген.
Байтақ қазақ жері отанымыз, көшпелі өркениет, мемлекеттік дәстүріміз,
салт-санамыз, таңқаларлық, қонақ жай, кеңпейіл ата сыйлаған, ана сыйлаған
мейірмандылығымыз, бір өзі талай Гомерлерді тудырған ұлылар галереясы,
сайын даланың сақшысы, жерінің құтын, тәуелсіздігін қорғаған қайраткерлер,
дамыған әдебиетіміз, құлашын әлемге сермеген мәдениетіміз, тіліміз, дініміз
– осының бәрі халық мұрасы.
Біздің әңгіме еткелі отырған тақырыбымыз бізге кейіннен келген театр
өнері мен киноматограф хақында. Театр өнерінің өзгеше түрі бізде болғанымен
нақты сахнада, арнайы оқылып жатталған, өзіне арнап салынған архитектуралық
ғимаратта өтетін театр болмағаны белгілі. Ал кино жайына келетін болсақ,
оның өзі 19-20 ғасырлар тоғысында дүниеге келген өнер болатын. Бұл өнерді
кеңестік тоталитаризм халыққа насихат жүргізу, өз ықпалына көндіре алу
құралы ретінде шебер пайдалана білді. Мұндай өнерді саясатқа ықпал етудің
көзі ретінде гитлерлік Германия оңтайлы қолданып жатқан кезде біздің елдің
кинематографы пайда болды.
Менің жұмысым осы екі өнердің елімізде пайда болуын және оның даму
ерекшеліктерін пайымдауға арналған.
Қазақстандағы мәдени революция
Мәдени революцияның жүзеге асырылуы социалистік қоғам құру туралы
лениндік жоспардың бір тармағы болатын. Мәдени революция қоғамдық өмірдің
барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамды
тәрбиелеуге әсер етуге тиісті болды. Алайда мәдени революцияның даму үрдісі
әр аймақтағы халықтың мәдени деңгейіне қарай әр түрлі өтті. Мәдени
революцияның белгіленген міндеттері кеңес мемлекетінің әр аймағында әр
түрлі әдіс-тәсілдермен жүргізілді. Барлық аймақ үшін мәдени революцияның
түпкі мақсаты — бірыңғай дүниетаным қалыптастыру және мәдени-ағарту, білім
беру, ғылыми мекемелердің бірыңғай жүйесін құру ғана ортақ болды. Сонымен
қатар, республикалардың тарихи дамуының өзіндік сипатына және қуат-қарымына
қарай мәдени революциялардың өзіндік ерекшеліктері болды.
Большевиктер билік басына келген кезде олар әлі қазақ өлкесінде толық
жеңіске жеткен жоқ еді. Саяси жағдайдың қажеттілігінен басқа, жаңа
социалистік қоғам құруға қажетті идеологиялық алғышарттар жасау керек
болды. Қазақстан тұрғындарының санасына жаңа саяси көзқарас енгізу міндеті
тұрды. Адамдарды жаңа өмір құруға өз еркімен, ынтасымен қатыстыру қажет
болды. Ол ынтаны социализм және коммунизм идеялары тудыруға тиісті еді.
Осындай күрделі міндетті шешу үшін мәдени революцияны жүзеге асыру идеясы
туды. Мәдени революция коммунистік партияның талабына сай білім беру, ғылым
мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгертуге деген сөз еді.
Мәдени революция қоғамның мәдени өмірін түбірімен өзгертуге бағытталды.
Мәдени революцияның міндеттерін табысты жүзеге асыру үшін қажетті саяси
жағдай бар болатын. Азамат соғысы аяқталып, өлкеде Кеңес өкіметі орнаған.
Қазақстанда басқарушы мемлекеттік және партиялық аппарат орнап, қоғамдық
ұйымдар (кәсіподақ, комсомол, “Қосшы”, “Жарлы” және т.б.) қызу жұмыс
жүргізіп жатты. ХХ ғасырдың 20-жылдарының басында белең алған саяси жүйе
Қазақстандағы мәдени дамудың бағытын, көлемін және қарқынын өзгертуге
мүдделі болды.
Қазақстандағы мәдени революцияны жүзеге асыру екі басты міндетті
шешуге байланысты болды: біріншіден, мәдени артта қалушылықты жою;
екіншіден, білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік
жүйесін қалыптастыру.
Партияға мығым сенім іргетасы қажет болғандықтан, мәдени революцияны
жүзеге асыру үшін күрес жүргізді. Партия ұйымдарының идеологиялық жұмыстары
мәдени сипаттағы бұрыннан бар және жаңадан қалыптасқан барлық органдар
қызметін өзіне бағындыруға тырысты. Партияның бұл салаға басшылық ету
міндеті Қазақстандағы жас партия ұйымдары мен еңбекші бұқараға идеялық әсер
етудің барлық түрлері мен әдістерін, барлық бағыттарын өз уысынан шығармау
болды.
Идеологиялық мекемелер қызметіне басшылық жасау және бақылау жүргізуді
партияның ОК хатшылығы жүзеге асырып отырды, ал жергілікті жерлерде партия
комитеттері мен ұялары, олардың насихат және үгіт жүргізу коллегиялары
атқарды. Партия ОК-нің үгіт-насихат жұмысына бағыт беріп, бақылау жүргізген
бірінші бөлімдері әйелдер арасында жұмыс жүргізуге арналған (1918 ж.) және
ауылда жұмыс жүргізу (1919 ж.) бөлімдері болды. 1919 ж. мамырда Ағарту
халкомы жанынан үгіт пункттерінің Орталық коллегиясы құрылды. Жергілікті
жерлерде, РК(б)П комитеті жанынан әр түрлі бөлімдер ашылды. Парткомитеттің
өздері де біртекті болмады, өйткені партия кадрларын даярлау деңгейі мен
олардың саны әр түрлі болды. Бұл орталықтан басқару және бақылауды
қиындатты, келісімсіз әрекеттерді туындатты. Бұл кемшіліктер әсіресе
“әскери коммунизм” және ЖЭС саясатының өтпелі кезеңдерінде анық сезілді.
Мұндай жағдайда бұқара арасындағы беделін түсіріп алмас үшін еңбекшілермен
саяси-тәрбиелік жұмысқа партиялық және мемлекеттік басшылықты күшейту қажет
болды.
Елдегі идеологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін партиялық және
мемлекеттік аппарат құру қажеттігі байқалды. 1920 ж. тамызда партияның ОК-
де үгіт-насихат бөлімі құрылды. 1920 ж. 6 қарашада РСФСР Ағарту халкомы
қасында Бас саяси-ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және
мемлекеттік органдар мәдени революция үрдісіне күнделікті практикалық
басшылықты жүзеге асыра бастады. Бұл басшылықтың икемді техникалық
жүйесінен Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында партияның ОК-де мәдениетке
байланысты әр түрлі мәселелер туралы мәжілістер өткізілді.
Қазақстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар
міндеттерді шешу қажет болды:
— жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси
білім тарату шараларын жүзеге асыру қажет;
— Қазақстандағы оқу және ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру,
оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу;
— рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін қазақ социалистік музыка
мәдениетін дамыту;
— кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік
жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін — театр, кино, бейнелеу өнерін т.б.
қалыптастыру;
— Қазақстанда ғылымды дамыту үшін ғылыми мекемелер жүйесін құру;
— жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни
наным-сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмір салтын енгізу;
— социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды
даярлау;
— Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру.
Осылайша, 1920—1930 жж. партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық
және мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ, рухани саладағы
мекемелер мен ұйымдар қызметі арқылы жаңа кеңестік сана қалыптастыру ісіне
бағытталды. Мұндай көзқарас әр түрлі ұлттық мәдениеттер қызметінің өрісін
айтарлықтай тарылтты. Көпұлтты мемлекеттің рухани саласын бірегейлендіру
беталысы кейінірек ондағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді.
Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында Қазақстанның көркем
мәдениеті әлденеше рет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан кешірді. Егер
Қазан төңкерісінің жеңісі тұсында қазақ халқының әдебиеті мен сазгерлік
мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино
өнері жаңадан құрылу шағында немесе мүлде жоқ еді.
Театр өнері
Театр өнері біздің елімізде алғашында стихиялы түрде басталды да.
Соның бір айғағы Мұқтар Әуезовтың жеткешілік етуімен 1917 жылы Семей
облысындағы қазақ ауылдарының бірінде Еңлік-Кебек пьесасының
тұсаукесерінің болуы еді. Ал арнайы бағдарламамен театр өнерін дамыту кеңес
үкіметінің азамат соғысында түпкілікті жеңіп шығуынан кейін ғана нақты
қолға алынды.
1920-жылдардың басында Қазақстандағы мәдени революция міндеттерін шешу
барысында көркемөнерпаздар ұжымдары, халықтық театрлар өмірге келе бастады.
Тұңғыш кәсіпқой қазақ театрын ұйымдастыру мәселесі 1925 ж. қаңтарда Орынбор
қаласында өткен І жалпықазақтық съезде көтерілді. 1925 ж. сәуір айында
Қазақстан Кеңестерінің V съезінде Қазақстанда тұңғыш кәсіпқой театр ашу
туралы шешім шығарылды.
Қазақ театрын ұйымдастыруға 40 мың сом бөлінді. Ағарту халкомы жақсы
пьесаға бәйге жариялады. Бәйгеге 42 пьеса түсті.
Қазақ театрының бірінші труппасы студенттік көркемөнерпаздар үйірмесі
мүшелерінен және белгілі халық өнері кәсіпқой орындаушыларынан құрылды.
Бұлар Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Әміре
Қашаубаев, Иса Байзақов, Құрманбек Жандарбеков және т.б. Театр Алматыға
көшкеннен кейін труппаға Күләш Байсейітова, Қанабек Байсейітов, Манарбек
Ержанов, Қуан Лекеров, Жүсіпбек Елебековтер қосылды. 1926 ж. 13 қаңтар күні
М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек” спектаклінен үзінді қойылып, одан кейін концерт
берілді. Театрдың алғашқы режиссері Жұмат Шанин. Ұзақ уақыт бойы театрдың
айқын шығармашылық бейнесі болған жоқ, спектакльдер концерттермен және
халық шығармашылығы кештерімен аралас өткізіліп отырды. 1927 ж. 3 наурызда
кеңес тақырыбына жазылған бірінші пьеса — Ұ.Успанов пен Е.Өтеулиннің
“Зарлық” пьесасы қойылды. Бас кейіпкер — ауыл кедейлерінің өкілі.
1926 ж. Денсаулық сақтау халкомының тапсырысы бойынша Н.Анов жазған
“Шарадан арылу” пьесасы қойылды. Пьеса арасында дәрігердің дәріс оқуы
беріліп отырды. Бұл қазақ сахнасында қойылған бірінші орыс авторы болды.
Спектакльдер адамдарды жаңа өмірге бейімдеуге, социалистік құрылыс
міндеттеріне лайықты болуы міндеттелді.
Алматыға ауысқаннан кейін театр қасынан көркемөнерпаздар студиясы
ашылып, онда әртістер музыкалық сауаттарын ашып, рояль мен оркестрге
қосылып ән айту дағдысына жаттықты, актерлік шеберліктерін шыңдады.
“Еңлік-Кебек” спектакліне музыканы сазгер Дмитрий Дмитриевич Мацуцин
жазды. Верныйда дүниеге келген ол қазақ тілінде сөйлейтін, қазақ халқының
дәстүрлері мен шығармашылығын жақсы білетін. Ол Мәскеу консерваториясын екі
мамандық бойынша — хор дирижері және музыкалық ғылыми-зерттеу факультетінің
этнографиялық бөлімін тәмамдаған болатын. 1930 ж. ол ҚАКСР Ағарту халкомы
өнер секторына көркемдік білім инспекторы болып тағайындалды. 1931 ж.
қаңтарда Қазақ драма театрына музыкалық жетекші болып ауыстырылды.
Д.Мацуциннің М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек” драмасына музыка жазуы қазақ
спектаклін әнмен және оркестрмен музыкалық көркемдеудің бірінші тәжірибесі
болды. Материал ретінде сазгер халық әндері мен күйлерін кеңінен
пайдаланды.
Осыдан кейін Опера және балет театрын құру, симфониялық және ұлттық
оркестрлерді құру басшылыққа алынды.
1933 ж. Алматыда қазақ операсын қою үшін 50 актер, 20 симфониялық
оркестр мүшесі және 12 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz