Тәуелсіз Қазақстанның ішкі саясаты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Тәуелсіз Қазақстанның ішкі саясаты. Демократиялық қатынастардың дамуы 3
1. Елдегі демократиялық қатынастардың дамуы. Саяси партиялар мен қоғамдық
қозғалыстар 3
2. 1995 жылғы Қазақстанның Конститутциясы 10
Қорытынды 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 18

Кіріспе

Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, қүқықтық
және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің
тарихи және отарлауда болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік
ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасы жан-жақты ескерілді.
Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, күшті заң
шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті
басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді. Қоғамды демократияландыру барысында
жаңа саяси институттар - парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы
конститутциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.
Тәуелсіздік алған алғашқы кезден бастап, елде болып жатқан өзгерістерді
талдау арқылы Қазақстан басшысы өзінің назарын болашақтың бағытын
айқындауға аударды. Атап айтқанда, Президент Н. Ә. Назарбаев 1992 жылы
жарық көрген "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен
дамуының стратегиясы" - деген еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты
еліміздің егеменді мемлекет болуының стратегиялық міндеттерін көрсетіп
берді. Онда айтылған кейбір маңызды қағидалар мен тұжырымдар Егемен
Қазақстанның бірінші Конституциясында өзінің көрінісін тапты.
Бұдан кейін мемлекет алдында бой көтерген жаңа тактикалық мақсаттардың
іске асу шаралары белгіленді.
Еліміздегі демократия және ұлт мәселесі жөнінде айтқанда, тағы бір
көңіл аударатын мәселе - Қазақстан халықтары Ассамблеясының қоғамымыздың
дамуындағы рөлі. Мұндай ұйым ТМД елдерінің ешбірінде осы кезге дейін
құрылмаған. Ең бір қиын күндерде ол шын мәніндегі халық өкілеттілігінің
органына айналды. Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992
ж. желтоқсанда өткен Қазақстан халықтары құрылтайында қабылданды. Онда
Ассамблея парламенттің немесе атқару билігі органының баламасы бола алмайды
- деп көрсетілді. Бірақ ол мүдделестер клубы сияқты қуыршақ ұйым да болуға
тиісті емес еді. Ұзақ ізденістердің, ұлттық мәдени орталықтар өкілдерінің,
этнологтардың, заңгерлердің, басқа да салалар мамандарының пікірлерін
зерттей келе, Ассамблеяға мемлекет басшысының жанындағы консультативті-
кеңесші орган дәрежесін беру ұйғарылды. Нәтижесiнде ол өз қызметінің
жемістерін бере бастады. Ұлт саясатына байланысты көптеген ұсыныстар
енгізуімен қатар, ол адамдармен күнбе-күн нақты жұмыстар жүргізді, бұл оның
беделін өсірді.

Тәуелсіз Қазақстанның ішкі саясаты. Демократиялық қатынастардың дамуы

1. Елдегі демократиялық қатынастардың дамуы. Саяси партиялар мен қоғамдық
қозғалыстар

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің 1993 жылы жазған "Қазақстанның болашағы -
қоғамдық идеялық бірлігінде" - деген еңбегінде ашып берді. Мұнда Президент
Тәуелсіз еліміздің одан әрі күшейіп нығаюында қоғамдық ынтымақтастық пен
жарастықты іске асырудың жолдарын анықтады.
Стратегиялық міндеттерді тәжірибе жүзінде іске асыруда көптеген
қиыншылықтар мен кемшіліктер кездесті. Оны орындауда дәрменсіздік көрсеткен
С. Терещенко басқарған (1992 ж. бастап) Министрлер Кабинеті 1994 жылы
отставкаға кетті. Оның орнына Ә. Қажыгелдин бастаған жас саясаткерлерден
тұратын жаңа үкімет келді. Бұл үкімет таяудағы үш жыл ішінде елімізде болып
жатқан реформаларды іске асырудың жаңа бағдарламасын белгіледі, осы бағытта
бірқатар жұмыстар жүргізді. Бірақ өзінің бағдарламасын аяғына дейін
жеткізбей Ә. Қажыгелдиннің үкіметі 1997 жылдың 10 қазан күні отставкаға
шықты. Оған себеп, алдымен, жекешелендіру бағдарламасында кеткен үлкен
қателіктердің салдары болды, содан соң елімізде әлеуметтік әділетсіздіктің
орын алғанын айтуға болады.
Ә. Қажыгелдин Үкіметінің орнына Н. Балғымбаев басқарған төртінші үкімет
келіп екі жыл (1997-1999 жж.) қызмет етті. Бұл үкімет те қиын кезеңде жұмыс
істеді. Елде қордаланып қалған қарыздарды қайтару, сыртқа шығарылатын
шикiзат өнімдері бағасының құлдырауы, көрші елдердегі экономикалық
дағдарыстың Қазақстанға әсері кезінде жұмыс істеуге тура келді.
Үкiмет сыртқы факторлардың жағымсыз әсерiне қарамастан, тұтас алғанда
макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап қалды. Сондай-ақ, бұрынғы заемдарды
төлеуде, мемлекеттiң iшкi және сыртқы мiндеттемелерiн орындауда Н.
Балғымбаев басқарған үкiмет бiрқатар айтуға тұрарлық қызмет атқарды.
1999 жылы қараша айында Қазақстан үкiметі басына Қ. Тоқаев басқарған
бесінші үкiмет тағайындалды. Жаңа үкiмет Республика Парламентiнде өзiнiң
2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын ұсынып бекiттi. Ондағы
шешiлуге тиiстi басты проблемалар негiзiнен "Қазақстан-2030" стратегиялық
бағдарламадан туындаған-ды.
Бiрiншi. Елiмiздегi қатаң бюджет мәселесiн ескере отырып, одан тиiстi
қорытынды жасау, бюджеттi жоспарлауда жетiмсiздiктер болып жатса, оны
түзету, кiрiстi жинақтауда резервтер болатын болса, оны iске қосу, яғни
қаржы көзiн, оны қолданудың әдiс-тәсiлдерiн жете пайдалану.
Екiншi. Экономиканы, қаржы және заңдылық жүйесiн реформалауды одан әрi
жалғастыру, әлеуметтiк саладағы реформаларға баса назар аудару.
Үшiншi. Елге инвестицияның қажеттiлігiн ескерiп, белгiлi және салиқалы
инвесторларды iздеп табу, олардың мемлекет экономикасына деген ынтасын
арттыру.
Төртiншi. Сыбайлас жемқорлықпен күрестi одан әрi күшейту.
Бесiншi. Өндiрiстi жандандыру, отандық тауар өндiрушiлерге қолдау
көрсетiп, кiшi және орта бизнестiң мәселелерiн шешу.
Алтыншы. 2000-шы жылдың басына дейiн зейнетақы қарызынан құтылу.
1999 жылдың қараша айынан 2002 ж. қаңтар айына дейiн қызмет iстеген Қ.
Тоқаевтың үкiметi өзiнiң алдына қойған iс-қимыл бағдарламасын орындауда
бiрқатар әлеуметтiк-экономикалық бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарын жүргiздi.
Олардың бiрсыпырасы жүзеге асты, дегенмен кейбiр мәселелер аяғына дейiн
орындалмады.
2002 жылы қаңтар айында Қазақстан үкiметі басына И. Тасмағамбетов
басқарған бесiншi үкiмет келдi. Жаңа үкiметтiң алдына бiрқатар күрделi
мiндеттер қойылды:
• бiрiншiден, экономикалық диверсификацияға қол жеткiзу арқылы
өнеркәсiптiк саясатты жүзеге асыру;
• екiншiден, қор рыногын дамыту;
• үшiншiден, аграрлық сектордағы реформаларды одан әрi жалғастыру;
• төртiншiден, бiлiктiң әр деңгейiндегi өкiлеттiктің ара жiгiн
айқындау.
И. Тасмағамбетов басқарған үкiмет өзiнiң қызметiнде елiмiздiң
экономикасын дамытуға айырықша көңiл бөлудi одан әрi жалғастырды. Осы
бағытта 2002 ж. мемлекеттiң бюджетiн бiрнеше рет талқылап, елiмiздегi
экономикалық және кейбір күрделенген әлеуметтiк мәселелердi шешу үшін шара
қолдануды қолға алды. Үкiмет Ел басының тапсырмасымен 2003 ж. бюджеттен
бөлiнетiн қаржыны бiлiм беру саласына 33 пайызға, денсаулық саласына – 38,
мәдениеттi қаржыландыруға – 27 пайызға көбейттi. 2003 жылдың 1 қаңтарынан
бастап зейнетақы және жалақы деңгейi 12 пайызға өсiрiлдi. Сондай-ақ,
азаматтардың бұрынғы КСРО жинақ банкiсiндегi "жоғалған" салымдары қайтарылу
жөнінде шешім қабылдап, жүзеге асырыла бастады.
Алайда, 2003 жылғы 11 маусым айында И. Тасмағанбетов өз өтінішімен
үкімет басынан кетті. Бір жыл бес ай уақыт ішінде жұмыс істеген бұл үкімет
тұсында республикада экономикавлық реформаларда дамыту барысында бірсыпыра
істер атқарылды. Әлеуметтік даму мәселесіне де ерекше назар аударылып,
халықтың әл-ауқат деңгейі өсті. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі кезеңді
қамтитын Стратегиялық бағдарламасына сай 2003-2005 жылдарға арналған елдің
индустриялық-инвестициялық даму бағдарламалары қабылданды.
2003 жылғы 13 маусым айында Президенттің жарлығымен И. Тасмағамбетовтың
орнына жетінші Премьер-министр болып Д. К. Ахметов тағайындалды.
1991 және 2003 жылдар аралығында Егемен Қазақстанның жоғары заң
шығарушы органы – Парламентте төрт рет өзгерiске ұшырады. Бiрiншi рет, 1990
жылы 12-ші шақырылумен сайланған Қазақ республикасының Жоғарғы Кеңесi 1993
жылдың желтоқсан айында көптеген депутаттардың өз мiндеттерiнен бас
тартуымен байланысты тарады.
Одан кейiн 13-ші шақырылумен сайланған Парламенттiң өмiрi де ұзақ
болмады. Себебi Қазақстан Республикасының 1993 жылғы желтоқсанда бекiткен
сайлау Кодексi негiзiнде 1994 жылғы наурызда сайланған Парламент 1995 жылғы
мамырда заңсыз деп табылды. Бұған сайлау барысында аталған Кодекс
баптарының өрескел бұзылуы себеп болды. Мiне, осымен байланысты Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар "Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi пәрменi бойынша
сол жылдың желтоқсан айында жаңа парламент сайлауы өткiзiлдi. Ал 1997
жылдың қазан айында Парламенттiң жоғары палатасына сайланған депутаттардың
құрамының жартысы өзгертiлiп, оларға жаңа сайлау жүргiзiлдi.
Елiмiздегi жоғары басқару жүйелерiндегi өзгерiстер жергiлiктi атқару
органдарының да өзгеруiне алып келдi. Бұларда егемендiк алған кезден бері
үш рет өзгерiске ұшырады. Алдымен жергiлiктi атқарушы органдар – облыстық,
қалалық, аудандық атқару комитеттерi болып құрылды. Кейiннен барлық атқару
комитеттерi мен Кеңестердi қосып, оларды бiр адам – Кеңес төрағасы
басқаратын болды. Ақырында келiп атқару жүйесiнм - әкiмдер, өкiлдiк
органдарды – Мәслихат басқаратын болды.
Соңғы жылдары әкiмшiлiк-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық
оңтайландыру жөнiнде батыл шаралар қолданылды. Орталық Үкiмет қайта құрылды
және сан жағынан ықшамдалды. Жергiлiктi жерлердегi басқару құрылымдары да
едәуір қысқарды. 1997 жылы 50-ден астам министрлік пен ведомстволардың 25-і
ғана қалдырылды. 19 әкімшілік облыстың бесеуі, 220 әкімшілік ауданының 30-
ға жуығы таратылды, сөйтіп 5 мыңға жуық қызметкер қысқарды.
Еліміздегі демократия және ұлт мәселесі жөнінде айтқанда, тағы бір
көңіл аударатын мәселе - Қазақстан халықтары Ассамблеясының қоғамымыздың
дамуындағы рөлі. Мұндай ұйым ТМД елдерінің ешбірінде осы кезге дейін
құрылмаған. Ең бір қиын күндерде ол шын мәніндегі халық өкілеттілігінің
органына айналды. Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992
ж. желтоқсанда өткен Қазақстан халықтары құрылтайында қабылданды. Онда
Ассамблея парламенттің немесе атқару билігі органының баламасы бола алмайды
- деп көрсетілді. Бірақ ол мүдделестер клубы сияқты қуыршақ ұйым да болуға
тиісті емес еді. Ұзақ ізденістердің, ұлттық мәдени орталықтар өкілдерінің,
этнологтардың, заңгерлердің, басқа да салалар мамандарының пікірлерін
зерттей келе, Ассамблеяға мемлекет басшысының жанындағы консультативті-
кеңесші орган дәрежесін беру ұйғарылды. Нәтижесiнде ол өз қызметінің
жемістерін бере бастады. Ұлт саясатына байланысты көптеген ұсыныстар
енгізуімен қатар, ол адамдармен күнбе-күн нақты жұмыстар жүргізді, бұл оның
беделін өсірді.
1992 және 2003 жылдар аралығында Қазақстан халықтары Ассамблеясының
тоғыз сессиясы өтті. Сессияларда біздің елді мекендейтін барлық ұлттар мен
ұлыстардың бірлігі мен татулығы, конституциялық заңдарды сақтау,
халықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары және т.б. көкейтесті маңызды
мәселелер талқыланды.
1985 жылдан кейінгі қоғамды қайта құру, жаңарумен байланысты
Қазақстанда бұрынғы кездегі жеке Коммунистік партияның үстемдік етуінен
бірте-бірте арылып, әртүрлі көзқарас және көппартиялық жүйеге көшу белең
алды. Бұл елде болып жатқан демократиялық процестермен, саяси сипаттағы
өзгерістермен тікелей өзектес еді.
Қазақстанда көппартиялық жүйенің және жаңадан саяси партиялардың пайда
болуының басты үш себебін атап көрсеткен жөн. Оның бірінші себебі - 1989
жылдан бастап Қазақстан саяси өмірінде болған өзгерістер, соның ішінде
әртүрлі көзқарастың, жариялылықтың көрніс ала бастағанына байланысты
қоғамда өз орнын ала бастаған саяси еркін ой. Бұл кезде тоталитарлық және
коммунистік идеяға қарсы негізде саяси партиялар мен қозғалыстар пайда
болды. Олардың басты ұрандары: социал-демократия, ұлт бостандығы, мәдениет
және экология бағыттарында қайта даму, жаңару, жандану болды.
Екінші себебі - 1991 жылғы Мәскеуде болған тамыз оқиғасымен байланысты.
Оның нәтижесінде Кеңестер Одағы тарап, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін
жариялады. Республика жетекшілері жаңа жағдайда, егемендік алумен
байланысты уақыт талабына сай батыл қимыл жасады. Белсенді мемлекеттік жаңа
құрылыс басталды, саяси партиялардың бағдарламаларына қоғамға қажетті,
көкейкесті ұрандар мен міндеттер кірді. Партиялардың негізгі міндеттері -
үкіметпен байланысы жоқ саяси күштерді ығыстыру, парламент сайлауларында
жеңіске жету, уәкілдік қызмет органдарында көпшілік қолдайтын ниеттестік
тәртіпті қамтамасыз ету және т. б. Міне, осымен байланысты Қазақстан
басшылығы мұндай саяси партиялар арқылы өзінің сүйенетін әлеуметтік базасын
құруға ерекше мән берді.
Үшінші себебі - бұл еркіндік синдромы, ол барлық саяси ұйымдар мен
күштерге тән. Республика жағдайында ол, әсіресе, реваншистік күштер
арасында ерекше байқалады. Оған коммунистер, ұлтшылдар және тағы басқада
топтар жатады. Қазақстанда және бұрынғы Кеңес Одағына кiрген мемлекеттерде
мұндай ультрақұқықтық саяси партиялардың пайда болуы ескi тоталитарлық
жүйенiң күйреуiмен және нарықтық экономиканың қалыптасуымен байланысты.
Мiне, осындай себептердiң нәтижесiнде 1990 жылдан бастап Қазақстанда ең
әуелi социал-демократиялық партия, одан соң демократиялық "Азат" қозғалысы
қалыптасты. Олардың құрылуының басты белгiлерi – құқық органдарында
тiркеуден өту, белгiлi бiр бiрлестiкке ұжымдық негiзде бiрiгу және саналы
ынтымақта болу, жалпы алға қойған мақсаттарының бiр болуы, саяси қызметi
түрлерiнiң пiкiр бiрлiгi, татулық қарым-қатынас, сайлау алдындағы
платформа, немесе ұстаған саяси бағытының тұтастығы және т. б.
Көппартиялы жүйе тек бiздiң Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар
өздерiнiң ұлттық тәуелсiздiгiн алған, бұрынғы одақтас республикаларда да
құрылды. Мәселен, 1995 ж. тек бiр ғана Ресейде жүзден астам саяси партиялар
тiркелген. Қазақстанда Ресейдегi сияқты жүздеген саяси партиялар
құрылатындай ауқымды жағдай жоқ болғанын айтқан жөн. Мысалы, 1994 ж. өткен
парламент сайлауына Әдiлет министрлiгiнiң тiркеуiнен өткен тек төрт-ақ
партия қатысты. Олар – социалистер, Қазақстан халық конгресi, Демократиялық
және Азат партиялары. Сайлау өткеннен кейiн көп кешiкпей Қазақстанда
Коммунистiк партия құқық органдарынан тiркеуден өттi.
1999 ж. республикада 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық
қозғалыстар, бiрлестiктер құрылды. Ал 2003 ж. саяси партиялардың саны 19-ға
жеттi. Жаңадан халық арасында танымал "Отан", "Ақ жол" т.б. партиялар бой
көтердi. Саяси партиялардың көпшiлiгi Республика Президентiнiң алған
бағытын, оның жүргiзiп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады. Бiр
айта кететiн жайт, осы партиялардың бағдарламаларында айтарлықтай
айырмашылық аз, экономикалық, саяси және әлеуметтiк мәселелерде бiрiн-бiрi
қайталайды. Қазақстандағы саяси партиялардың барлығыда (оған Коммунистiк
партияда кiредi) республикада iске асып жатқан нарықтық экономикаға көшуге
ешқандай қарсылығы жоқтығын бiлдiрген. Олардың бағдарламаларында тек оны
жүргiзудiң тәсiлi, уақытын белгiлеуде ғана айырмашылықтар бар. Саяси
партиялардың бағдарламаларында прагматизмнен гөрi идеология басымырақ,
мұның өзi Қазақстандағы көппартиялық жүйенiң және саяси бiрлестiктер мен
партиялардың әлi де болса кәмелеттiгiнiң жетiмсiздiгiнiң дәлелдемесi. Оның
нақты көрiнiсi ретiнде саяси партия жетекшiлерiнiң үкiмет басқару iсiне
араласа алмай отырғандығы, өздерiнiң қызметiнде тек Президент, республика
үкiметiн қолдайтындығы жөнiндегi мәлiмдемелердi байқатады.
Мұндай жағдай қазiргi кезеңде саяси партиялардың елдi басқарудағы нақты
мүмкiндiктерiн, республика алдында тұрған саяси, экономикалық, әлеуметтiк
мәселелердi шешудегi қажеттi әдiстерiн анықтауға мүмкiндiк бермейдi. Елдегi
билiк жүргiзу партиялардан тыс сипатта iске асырылып, үкiметтiң саясаты
белгiлi бiр партияның ғылыми тұрғыдан ойластырылған бағдарламасы негiзiнде
iске асып жатыр деп әсте қарауға болмайды. Сондай-ақ, өкiмет құрылымдарының
өз арасындағы байланыстарға да саяси партиялардың айтарлықтай ықпалының
болмай отырғандығын айту керек.
Саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарында да тек алғашқы басқару түрi
орын алған. Олардың басым көпшiлiгi өзiнiң сыртқы формасы бойынша партия
деп саналғанмен, мазмұны жағынан әлi де болса партиядан гөрi ынтымақтастық
топтарға көбiрек ұқсайды. Осының нәтижесiнде саяси партиялардың бұқара
халық арасындағы беделi төмен, олардың қатарына халық өкiлдерi аз енедi,
әсіресе, бұрынғы Коммунистiк партияның мүшелері болған бiрнеше жүз мыңдаған
адамдар өзге партияларға мүшелікке кірмеген. Бүгінде бүкiл республикаға
белгiлi болып отырған Отан, Ақ жол, Коммунистік партия т. с. с. саяси
партиялардың құрамының өзi ауыз толтырып айтатындай дәрежеге жетпей отыр.
Бұған қосып айтатын тағы бiр жәйт, осы саяси партиялардың
құрамындағылардың басым көпшiлiгi бұрынғы Қазақстан Коммунистiк партиясында
қызмет еткендер. Олардың саяси жетекшiлерiнiң өздерi де 1991 жылғы
қыркүйекте, яғни Коммунистiк партия таратылғанға дейiн, оның мүшесi болып,
белгiлi бiр буындарында қызмет iстеген адамдар.
Өздерiнiң бағдарламаларында атап көрсеткенiндей, Қазақстан саяси
партиялары мен бiрлестiктерi республика парламент сайлауларына қатысып,
онда көпшiлiк депутаттық орындарға ие болуға тырысады. Бұл бағытта бiрқатар
саяси партиялардың қол жеткізген едәуiр табыстарын айтпай кетуге болмайды.
Мысалы, 1994 жылғы Республика Жоғарғы Кеңесінің сайлауында Қазақстан Халық
Бірлігі және Қазақстан халық конгресі партиялары өздерінің көптеген
өкілдерін парламентке өткізді. Республиканың бірқатар саяси партиялары мен
қоғамдық бірлестіктері 1995 жылғы 9 желтоқсанда өткен парламент сайлауына
белсене қатысты.
Сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан халық бiрлiгi партиясы басқа
әріптестерінен көп ілгері болып шықты. Парламентке олардың 24 мүшесі,
Демократиялық партияның - 12, Шаруалар одағының - 7, Жастар одағы мен
Инженерлер одағының - 3-тен, Қазақстан Коммунистік партиясының - 2 мүшесі
сайланды. Қазақстан Халық конгресі партиясы, Қазақстан Дәуірлеу партиясы
мен Қазақстан Халықтық кооперативтік партиясының заң шығарушы органына бір-
бірден өкілі кірді.
1995 жылғы желтоқсанда өткен бірінші парламент сайлауынан кейін
Қазақстанда қоғамды демократияландыру қадамдары одан әрі жалғасын тапты.
Ашық баламалы сайлау, саяси күрес мәдениеті, көппартиялық жүйеге кең жол
ашылды. Оның нақтылы дәлелі ретінде елімізде жүргізілген Президент,
Парламент Сенаты, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауды айтуға болады.
1999 жылғы қаңтардың 10-ында болып өткен Қазақстан Президенті сайлауына
балама негізде 4 кандидат тіркелді. Олар: Коммунистік партия өкілі С. Ә.
Әбділдин, Сенат депутаты Ә.Ғ. Ғаббасов, Мемлекеттік Кеден комитетінің
төрағасы Ғ. Е. Қасымов және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.
Назарбаев.
Қазақстан Президентін сайлауға дауыс беру үшін жасалған тізімге
енгізілген 8.419.283 сайлаушының дауыс беруге - 7.328.970-і немесе барлық
сайлаушылардың 87,05 пайызы қатысты. Дауыс беру қорытындысында Н. Ә.
Назарбаев жеңіске жетіп, қайтадан Қазақстан Республикасы Президенті болып
сайланды. Оған дауыс беруге қатысқан барлық салаушылардың 79,79 пайызы өз
дауыстарын бердi.
1999 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
депутаттарын сайлау өтті. Сенатқа 14 облыстан және Астана мен Алматы
қалаларынан бір-бірден депутат сайлануға тиіс болды. Оның сыртында
Президент жеті сенаторды өзі тағайындайды. Сенаттағы 16 орынға 35 адам
таласқа түсті. Сайлау барысында Парламент Сенатына депутаттық кандидаттарға
Республика бойынша 4833 таңдаушының 4179-ы дауыс беруге қатысты немесе бұл
таңдаушылардың жалпы санының 86,5 пайызы болатын. Нәтижесінде Қазақстан
Республикасы Парламентінің Сенатына дауыс беру барысында 16 кандидат
депутат болып сайланды.
Қазақстан Конституциясының талабына сай 2002 жылы 8 қазанда Республика
парламентiнiң жоғарғы палатасы – Сенаттың босаған орындарына қосымша сайлау
жүргiзiлдi. Оның барысында жоғарғы палата құрылымының үштен бiрi
жаңартылды. Барлық бос орындарға 30-дан астам кандидаттар дауысқа түстi,
олардың 16-сы Сенат депутаты болып сайланды.
1999 жылғы 10 қазанда өткен Қазақстан Республикасы Парламентi
Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау елiмiзде бiрiншi рет тек қана бiр мандатты
округтерде ғана емес, сондай-ақ партиялық тiзiмдер бойынша да өттi. Сайлау
кезiнде Орталық сайлау комиссиясы 10 саяси партияның партиялық тiзiмiн
тiркедi. Дауыс беру қорытындысында Қазақстан Республикасының Парламентi
Мәжiлiсiне партиялық тiзiммен Отан партиясының төрт өкiлi, Қазақстан
Аграрлық, Қазақстан Азаматтық және Қазақстан Коммунистiк партиясынан екi-
екiден өкiлдерi депутат болып сайланды.
Мұның өзi Парламентте саяси партиялардың депутаттары да ресми әрi
жеткiлiктi түрде болатындығын бiлдiредi. Бұл Қазақстандағы нақты
көппартиялы демократияның қалыптасу кезеңiнiң жаңа бiр қадамын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы аймағындағы Қазақстанның саясаты
ХХ ғасырдың 80-90 жылдардағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар
Қазақстанның саясаты
Қазақстан Республикасының ұйымдармен ынтымақтастығы
Қазақстанның сыртқы саясаты және тәуелсіздікпен жаңа болашақта жаңа серпін
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Қылмыстық саясаттың негізгі бағыттары
Орталық Азия одағы
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынастардағы ролі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Пәндер