Моңғолдар жаулап алғаннан кейінгі этникалық процестер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Моңғолдардың Қазақстан жеріне басып кіруі. Отырар апаты.
2. Ұлыстар және Алтын Орданың құрылуы
3. Моңғолдар жаулап алғаннан кейінгі этникалық процестер.
4. Қазақ халқының қалыптасуына моңғол шапқыншылығының тигізген зардаптары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол
феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бір
деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір дерекер бойынша 1155 жылы ірі ноян
Есугай баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі
қарсыластарының бәрін жеңіп, Моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қоластына
біріктірген. 1206 жылдың көктемінде Өнан өзенінің сағасында Темучинді
жақтаушы – моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып, онда ол салтанатты
жағдайда Шыңғысхан деген атпен моңғолдардың әміршісі болып жарияланды.
Осыдан кейін Темучин өзін хан көтерген ақсүйектердің құлқынын тойғызу
мақсатында көрші елдерді жаулау, оларды талау-тонау үшін үлкен әзірлік
жүргізді.
Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі
етіп алды. Елдің бүкіл жері мен халқы оң қанат барунғар, сол жоңғар
және орталық гол атты үш әскери әкімшілік округке бөлініп, әрбір округте
он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер түмендер болды. Олар өз кезегінде
мыңдық, жүздік, ондықтар құрылды.
Өте қатал тәртібі, мұқият құрылымы бар әскербасына моңғолдардың
феодалдық жоғарғы тобының өкілдері – нояндар, багадурлар, мергендер,
сечендер тұрды. Шыңғысханға бұлардан басқа, өзіне шын берілген, 10 мың
таңдаулы жауынгерлерден тұратын кешігі ұланы қызметі етті. Оның көмегімен
Шыңғысхан нояндар мен феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.
1207-208 жж. қысында Шыңғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын
және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да орман халықтарын бағындырды. 1208-
1209жж. Шыңғысхан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, таңғұттық Си Ся
мемлекетін күйретті. Шыңғыстың қаһарынан сескенген қазіргі Шығыс түркістан
аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға өз еркімен бағынды. Олардың ел басшысы
Баршық өзін Шыңғысханның боданымын деп мойындаған. 1211 жылы Шыңғысханның
қолы Солтүстік Қытайғы бет алды, 1215 жылы олар сол кезде Цзинь
мемлекетінің астанасы болған Чжундуды Пекинді бағындырды.
Қытайды моңғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен
танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын және оны
қолдана білетін адамдарды, қолөнершілерді алған. Шыңғысхан өз әскерінің
санын көбейтіп, жауынгерлік дайындығын одан ары жетілдірді.

1. Моңғолдардың Қазақстан жеріне басып кіруі.
Отырар апаты.

Сөйтіп, Қытай мемлекетін алғаннан кейін ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы
Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жан-жақты
әзірленді. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, моңғолдардың қол астында
болған босқындардан мәліметтер алып, Қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін
Хорезм шахындағы ішкі жағдай мен әскери күштер туралы деректерге қанықты,
соның негізінде ойластырылған іс-қимылдың бағдарламасын жасады.
Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші
болды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай
қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған 1218 жылы Жебе ноян бастаған
әскер тобын жіберді.
Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз оңай басып алды. Моңғолдарға
қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік ханның мұсылмандарды қудалауы,
қаталдығы, жігерсіздігі, салықпен зар илеткен зорлық-зомбылығына ыза болған
жергілікті халық Шыңғысханға мойынсынатынын білдірді. Жетісуды
бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуеренахырға, сол кезде бүкіл Орта
Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорыққа жолы ашылды. Көп
кешікпей оған сылтау да табылды. 1218 жылы көктемде Шыңғысхан Орта Азияға
сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенде моңғол жансыздарын
қосып есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы бар керуен 1218
жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі қайырхан Иналшық
көпестерді тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйврады.
Шыңғысхан Хорезм шахынан Қайырханды ұстап беруді талап етті. Бірақ Хорезм
шахы бұл талапты орындамады, Шыңғысхан жіберген елшілерді өлтіруге әмір
берді. Отырар апаты деп аталатын бұл тарихи оқиға Шыңғысханның Хорезмге
қарсы соғысын тездетті.
Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған
жасақтармен қоса жалпы саны 150 маңға дейін адамы бар қалың қолды бастап
шықты. Моңғол әскері Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай
мен Үгедей бастаған бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып,
әскерлерінің Жошы бастаған басқа бір шоғырын Сыр бойымен төмен бағыттады.
Жебе мен Сүбедей басқарған үшінші шоғыры ағысы бойындағы қалаларды
бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғысхан кіші ұлы Төлеймен екеуі әскердің
негізгі күштерімен Бұхараға беттеді.
Хорезмнің шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. өзін
онша жақсы көрмейтін жергілікті феодалдардың күш біріктіріп өзіне қарсы
шығуынан қорыққан ол әскери күштерді де әр қалаға бөліп ұстап отырған мұың
өзі Шыңғысханға қалаларда тұрған шағын-шағын шоғырларды оп-оңай қарсылықсыз
құртып жіберуге мүмкіндік жасады.
1219 жылдың күзінде Шыңғысхан орасан зор армияны бастап Жетісу арқылы
Мәуеренахрға аттанды. Оңтүстік Қазақстанның жергілікті халқы моңғол
басқыншылығына қатты қарсылық көрсетті. Мұнда Шыңғысхан әскерлері Отырар
қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қайырхан бастаған қалада 80 мыңдай әскер
бар еді. Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияның халық бұқарасының
моңғол басқыншыларына қарсы жүргізгін ерлік күресінің айқын көрінісі болды.
Қарамағында қамал бұзатын техниксы, соның ішінде жанып кететін күбіршіктер,
ататын машиналары болса да, моңғолдар бұл қаланы алты ай бойы ала алмады.
Қаланың құлауына опасыздық себеп болды. Әскер басыларының бірі –
Қараджа түн жамыла қала қақпасынан шығып, моңғолдарға өтіп кеті. Қаланы
қоршап тұрған әскерлері осы қақпа арқылы ішке лап берді. Моңғолдар қаланы
әбден талады, халқын қырғынға ұшыратты. Осыған қарамастан әскердің бір
бөлігі мен қала халқы Қайырханның басшылығымен оның ішкі қамалына кіріп
алып, бір ай бойы қайыспай қарсылық көрсетіп, алған қамалдағы жаралы
адамдарды моңғолдар қырып тастады.
Сөйтіп, Отырар қамалын жермен-жексен етіп, Шағатай мен Үгедей бастаған
моңғол шоғырлары Шыңғысханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғысхан Бұхара мен
Самарқанд арасындағы жолда болатын.
Сыр бойындағы қалалардың тұрғындары да релікпен қорғанды, соның бірі
Сығанақ қаласы еді. Ол өзі жақсы бекінген, хлқы көп, ірі сауда орталығы
болатын. Жошы бастаған моңғолдар қаланы ұрыссыз беруді талап етіп,
Сығанаққа Хасан қожа көпесті жіберді. Сығанақ халқы келіссөзге көнбеді,
сатқын есебінде Хасан қожаны өлтірді. Содан кейін моңғолдар өзеурей
шабуылға шықты. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіресіп
қарсыласты. Бірақ көп ұзамай Сығнақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын
аяусыз қырды. Көп ұзамай Үзгент және Баршанкент алынды. 1220 жылы 4 көкекте
моңғол әскерлері Жент қаласын бағындырды. әскердің Жошы жіберген басқа бір
шоғыры Шехркенттті Янгикентті басып алды.
Сыр бойындаға қалалардың қарсылығына қарамастан жеңгеннен кейін
Шыңғысханның әсерлері Орта Азияның ішіне баса көктеп енді. Бірақ мұнда да
олар халық бұқарасының қасарысқан қарсылығына кездесті. Үргеніш қаласының
тұрғындары қаланы бірнеше ай бойы ерлікпен қорғады. Сондықтан бұл қалаға
Жошы, Шағатай және Шыңғысхан әскерлерін әкелуге мәжбүр болды. Қала
алдырмады. Оны тура шабуылмен ала алмағаннан кейін, моңғолдар Әмудария
өзенінің бөгетін бұзып, қаланы суға тоғытып барып алды.
Моңғол басқыншыларына Орта Азияның ең ірі қалалары Бұхара мен
Самарқандтың халқы да табанды қарсылық көрсетті. Самарқанд пен оның
төңірегінің еңбекшілері моңғол шабуылдарына тіресе тойтарыс беріп, өздері
батыл шабуылға шығып отырды. Моңғолдар қала билеушілері мен шонжарлардың
сатқынлдығының арқасында ғана самарқандты басып алды.
1219 жылдан 1221 жылға дейін Шыңғысхан әскерлері бүкін Орта Азия мен
Қазақстанға ойран салып өтті. Хорезм шахы Мұхаммед Иранға қашып кетті.
Олкейін Каспий теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-21 жылдардағы қысқы
жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, орта Азиядағы
соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан,
Ауғанстан және Солтүстік Иран мемлекеттерінің жеріне ауысты.
Моңғол әскер басшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық
жасақ Солтүстік Иранды басып алып, 1222 жылы Кавказға кірді. Моңғол
әскерлері аландарды, қыпшақтарды және Қалқа өзенінде орныққан орыстарды тас-
талқан етіп жеңді. Олар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, Қазақ
Дешті Қыпшақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғысханның Ертістегі ордасына
қайта оралды.

2. Ұлыстар және Алтын Орданың құрылуы

Сонымен, 1219-1221 жылдардағы шапқыншылықтың салдарынан Қазақстан мен
орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді. өзінің атты әскерлерімен
жерін таптап, қайқы қылыштарымен халқын бағындырған орасан зор аумақты
Шыңғысхан өлер алдында ұлдарына үлес етіп береді. Шыңғысхан Ертістегі Орал
тауларына дейінгі, одан ары батысқа қарай моңғол атының тұяғы жететін
аймақты үлкен ұлы Жошының билігіне берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы
ұлысына – Әмударияның төменгі жағындағы аудандар Солтүстік Хорезм мен
Сырдария кірді. Жошының ордасы Ертіс алқабында болды.
Шыңғысханның екінші баласы Шағатайдың үлесіне Мәуеренахр, Жетісу және
Қашқар тиді. Оның ордасы іле алқабында орналасты.
Үшінші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның
ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында болды.
Кіші ұлі Төлей – Шыңғысханның негізгі жұрты – Моңғолияның өзін
мұраланды.
Сонымен Қазақстан жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен далалық
бөлігі –Жошы ұлысының, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан – Шағатай
ұлысының, Жетісудың солтүстік – шығыс бөлігі – Үгедей ұлысының құрамына
кірді.
Шыңғысханның көзі тірісінде-ақ оның ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз
иеліктерге айналдыруға ұмтылады. 1227 жылы Шығңысхан және оның үлкен ұлы
Жошы өлгеннен кейін олардың дербестікке ұмтылу әрекеттері одан әрі күшейе
түседі.
Жошы өлгеннен кейін оның мұрагері ұлы Батый Шыңғыс ханның Батысқа
қарай тоқтап қалған жорықтарын қайта жалғастырады. Ол 1236-1242 жылдары
Еділ бойы елдерін, одан әрі бытыраңқы жатқан орыс княздықтарын талқандап,
Венгрия, Чехия, Польша жерлеріне дейін барады. Батыйдың қанды жорықтарынан
кейін Жошы ұлысы Алтайдан Дунайға дейінгі жерлермен ұлғая түсті. Батый хан
Ертіс бойындағы хан ордасын Еділдің төменгі ағысындағы, қазіргі Астрахань
маңындағы жерлерге ауыстырады және жаңа мемлекеттің негізін салады. Тарихи
әдебиетте бұл мемлекет Алтын Орда деген атқа ие болады, астанасы Сарай-Бату
деп аталады. Батый хан негізін құрған бұл мемлекет жазба деректерде Жошы
ұлысы және оның ұрпақтарының атымен Бату ұлысы, Берке ұлысы деп аталады.
Алтын Орда мемлекеті көп ұлтты орасан зор аумақты қамтыған мемлекеттік
құрылым болды. Ол даму деңгейлері жағынан бір-бірімен айырмашылықтары үлкен
өзіндік мәдениеті мен әдет-ғұрыптары бартілдері бөлек әр алуан халықтар мен
тайпалардан құрылды. Ал моңғолдардың өздері тіптен аз болды, олардың өздері
де түріктеніп кеткен еді.

3. Моңғолдар жаулап алғаннан кейінгі этникалық процестер.

ХІІІ ғасырда Шыңғысхан империясының құрылуына байланысты этно-саяси
оқиғалардың ықпалымен Қазақстандағы этникалық жағдай елеулі өзгерістерге
ұшырады. Аймақ жеріндегі халықтың этникалық құрамы мен тайпалардың
орналасуына оның Азиямен Еуропаның басқа да көп халықтарын және олардың
жерін қосып алған Моңғол империясының құрамына енуі зор ықпал етті.
Моңғолдардың жаулап алуы бағындырылған барлық халықтардың экономикалық және
мәдени дамуының барысын өзгертіп жіберді. Шапқыншылықтың өзі, ао онан соң
моңғол хандары орнықтырған басқару ісі әсіресе алғашқы онжылдықтарда жерді
ойрандаумен, халықты жаппай қырып-жойып, айдап әкетумен, қалалар мен
отырықшылық қоныстардың, егіншілік пен қолөнер кәсіпшілігі ошақтарының
құртылуымен, материалдық және мәдени қазыналарды талап-тонаумен және жойып
жіберумен ұштастырылып отырды. Осының бәрі моңғолдар бағындырған
халықтардың бұрынғы үдемелі дамуындағы біріктіруші этникалық және саяси
тенденцияларды бір аудандарда баяулатып жіберді немесе басқа бір аудандарда
мүлде тоқтатып тастады.
Атап айтқанда, қазақстан интеграциялық тенденция моңғолдардың жаулап
алуы алдындағы кезеңде Алтай, Тянь-Шань тауларының етегі мен Балқаш
өңірінен Жайық (Орал) пен Еділ өзенінің аңғарына дейінгі, Оңтүстік Сібірдің
орманды даласынан Орта Азиядағы қосөзен аралығындағы далалық шет аймаққы
дейінгі кең аумақта, яғни Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігі (немесе Шығыс дешті
Қыпшақ), Түркістан (Оңтүстік Қазақстан) мен Жетісу аумағында әбден
айқындалған болатын. Бұған шаруашылық-мәдени үлгінің ортақтығы, сонымен
бірге шаруашылықтың көпқырлылығы, бүкіл аймақтағы халықтың тіл және тұрмыс
жөнінен жақындығы, көшпелі, жартылай көшпелі малшылар мен отырықшы
егіншілердің, қала халқының өзара байланысы мен өзара ықпалы, феодалдық
қатынастардың дамуы қолайлы жағдайлар жасады. Тайпалар мен тайпа
бірлестіктерінің этникалық интеграциясы Қазақстанның ең ертедегі иран тілді
және ғұн дәуіріндегі моңғолоид текті тайпалардың ұрпақтарын сіңіріп алған 6
ғасырдан өлкенің негізгі тұрғындары түркі тілдес тұрғындардың негізінде
қалыптасқан ірі түрік халқын құру бағытында жүрді. Халық ретінде
қалыптасудыңнегізгі ошағы Орталық және Оңтүстік Қазақстан мен жетісу жері
болады. Жалпы алғанда моңғолдарға дейінгі кезеңде көшпелі және жартылай
көшпелі тайпалар далалық Қазақстанның көп бөлігінде қыпшақтар негізінде,
Жетісуда усун-қарлұқ негізінде, яғни жалпы аймақта жеткілікті дәрежеде
біртекті этникалық негізде қалыптасты. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыстағы
түрік ру-тайпаларының саяси одағына кірген қыпшақтардың өзара этномәдени,
әлеуметтік, шаруашылық қарым-қатынастары, ал батыста Жетісу, Шығыс
Қазақстан мен Алтай тайпаларының одағы біртұтас түрік қауымдастығын
қалыптастыруға тарихи алғышарт қалыптастырды.
Моңғолдардың жаулап алуы этникалық процестің дамуын күрт өзгертті,
оның барысы мен сипатына өзгерістер енгізді. Халықтың орналасу географиясы
өзгерді. Моңғолдардың басып кіру тасқыны түріктердің көптеген этникалық
топтарын өздерінің байырғы орындарынан жылжытып, басқа аудандарға
ығыстырды, бірқатарын бөлшектеп жіберді. Қазақстан аумағына моңғолдардың
да, түріктердің де жаңа этникалық топтары келіп қоныстанды. Моңғол-татар
шапқыншыылығы Қазақстан халқының этникалық құрамының одан әрі күрделене
түсуіне, оның антропологиялық кескін-кейпінің моңғолдануына күшейтуге
себепші болды.
Тарихи деректерде жаулап алушылар әртүрлі аталған. Араб, парсы, орыс,
еуропа деректемелерінде Шыңғысхан мен оның Алтын Ордадағы мұрагерлерінің
әскерлері татарлар деп аталған, ал бұл этноним шығыс-моңғол тайпаларының
бір бөлігіне ғана қатысты болатын. Осы тайпалардың аты бойынша Моңғолияның
бүкіл алқы Қытайда татарлар деп аталған да, ол қытай деректемелерінен
басқа тілдердегі аталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары
Моңғолдардың билігі кезеңіндегі Қазақстан
Монғол мемлекетінің құрылуы. Қазақстан моңғол дәірінде
Шибан ұлысы
Қазақстан моңғол дәуірінде
Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы
Моғолстанның алғашқы хандары
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы
Ақсақ Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолостан шапқыншылығы
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Пәндер