Капиталистік қатынастардың Қазақстанға енуі және даму салалары
ТАҚЫРЫБЫ:”XIXҒ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КАПИТАЛИСТІК
ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЕНУІ ЖӘНЕ ДАМУЫ.”
Жоспары:
І.Кіріспе
1.Капиталистік қатынастардың Қазақстанға енуі және даму салалары
Қазақстанның Қазан төңкерісіне дейінгі тарихындағы өте өзекті мәселесі
ІІ.Негізгі бөлім
1.Капитализмге өтудің қиыншылықтары
2.Жалдамалы еңбектің кең қолданылуы
3.Жұмысшы табының қалыптасуы
4.Тауар-ақша айналымының артуы
5.Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық
өндірісі арасындағы қатынастың күшеюі
ІІІ. Қортынды
IV. Әдебиеттер тізімі
1861 жылы Россияда крепостниктік правоның жойылуы елде капитализмнің
даму процесін жеделдетті. Қазақстанның шикізат көзі және өнеркәсіп
товарларын өткізетін рынок ретінде ролі күшейді.
1867-1868 жылдары Қазақстанда әкімшілік басқару жұмыстарына байлынысты
реформалар жүргізілді. Қазақстанның территориясы облыстарға бөлініп, олар
үш генерал-губернаторлаққа бағынды. Жетісу және Сырдария облыстары
Түркістан генерал-губернаторлығының,Орал және Торғай облыстары Орынбор
генерал-губренаторлығының Ақмола және Семей облыстары Батыс-Сібір генерал-
губернаторлығының құрамына кірді.Облыстар уездерге,уездер
болыстарға,болыстар әкімшілік ауылдарға бөлінді. Реформа сот құрлысына
өзгерістер енгізді. Уездік соттар жалпы Ресей сот заңдарының негізін
басшылыққа алып, билер соты сот жүйесінің төменгі органдары ретінде ғана
сақталды. Салық салу күшейе түсті.Түтін салығы 3, кейін 4 сомға өсті.
Отырықшы халық харадж бөлігі, яғни жиналған өнімнің 1\10 бөлігі және
танаптық, яғни жерден заттай емес, ақшалай алынатын салық төлейтін болды.
Көшпелілер мен егіншілер бұданда басқа көптеген алым-салықтар мен борыш,
міндеткерліктер өтеді. Қазақ жерлері Россия мемлекетінің меншігі деп
жарияланды, сонымен қатар феодал-шонжарлардың жер пайдаланудағы айрықша
хұқы сақталды. 60 жылдары қабылданған реформалар мен 1886 және 1891 жылдары
әкімшілік және сот құрлысы ісіне енгізілген өзгерістер орталық және
феодалдық езгінгі күшейте түсуге бағытталған еді. Реформалар орталық үкімет
органдары мен феодал-байлар топтарының позициясын нығайтып, жер мәселесін
одан әрі шиеленістірді. Бұқара халық наразылығы 1869-1870 жылдары Орал,
Торғай облыстары мен Маңғыстауда отаршылдыққа қарсы көтеріліс бастады.
Көтерілісті патша іскері қаталдықпен басып жанышты.
Патша үкіметінің ұлтшыл-отарлық саясатын қарамастан Қазақстанда жүзеге
асқан реформалар өлкенің жалпы россиялық экономика деңгейіне көтерілуіне
жағдайлар жасады, капиталистік қатынастардың ену процесін шапшаңдатты.
Қазақстанға шыт, шұға, жібек, былғары, металл бұйымдары әкелінді, ал
Қазақстаннан Россия рыногына миллиондаған мал айдалды, мал өнімдері, астық
(мысалы, Семейден жыл сайын 1 млн пұт ұн) тасылды. Малшаруашылығы мен егін
шаруашылығы өнімдерінің құны артып, натуралды шаруашылық ыдырай бастады.
Сауданың жаңа түрі – жәрмеңкелік сауда пайда болды. Ірі жәрмеңкелердің
жылдық товар айналымы 1 млн сомға жетті. Қырдағы аудандарда тасымалды сауда
түрі дамыды. Өсімқорлық тарады. 1870 – 1890 жылдары саудада несиеге берудің
капиталистік түрлері пайда болды. Банктер құрылды. Мейлінше баяу болса да
қазақтың сауда буржуазиясы қалыптаса бастады. Саудамен байлар мен көпестер
айналыса бастады. Орал, Верный, Семей, Петропавл, Қостанай, Ақмола,
Павлодар, Көкшетау т.б. қалалар өсіп жетілді. Россияға қосылу барысында 30-
дан астам қала мен 400 поселке пайда болды. Сауда - өнеркәсіп орталықтары
ретінде қалалардың ролі артты. Қала халқының саны қоныс аударушылар
есебінен өсті. Қазақтар негізінен оңтүстік қалаларда тұрды. Қалаларда ауыл
шаруашылық өнімін өңдейтін ұсақ өнеркәсіп орындары басым болды: тамақ (май
айыратын, сыра, арақ-шарап жасайтын, ұн тартатын т.б.), тері илейтін,
механикалық шеберханалар пайда болды. Кен өндіретін шағын кәсіпшіліктер
саны өсті. Тек Ақмола облысының Қарқаралы уезінде 249 рудник болды.
Қарағандыда көмір шахталары, Риддерде рудниктер салына бастады. Тұз
өнеркәсібі, Каспийдің балық кәсіпшілігі капиталистік сипат ала бастады.
1874 – 1876 жылдары Орынбор темір жолы салынды. 90 жылдары Сібір темір жол
магистралінің Ақмола облысы арқылы өтетін бір бөлігі іске қосылды. Темір
жол салу товар айналымының артуына, Орталық Россиямен байланыстың күшеюіне,
транзит сауда көлемінің өсуіне ықпал етті. Патриархалдық томаға-тұйықтықтың
күйреуі, натуралды шаруашылықтың ыдырауы, товар-ақша қатынастарының
таралуы, сауда мен астыққа деген қажеттіліктің өсуі отырықшылықа және
егіншілікке көшуді тездетті. 1889 жылы Жетісуда егінші қазақтар шамамен 10
млн пұт астық өндірді. Ақтөбе және Қостанай уездерінде 9 млн пұт астық
жиналды. 90 жылдары отырықшылыққа көшу жаңа қоныстанушылар үшін жер бөліп
беруге байланысты жеделдей түсті. Әскери-қазақтың отаршылдығы Россия мен
Украина шаруаларын жаппай қонстандырумен алмастырылды.
Капиталистік қатынастардың Қазақстанға енуінің маңызды жемісі
патриархалдық-феодалдық қатынастардың ыдырау процесінің жеделдеуі, тапқа
жіктелу және ауылдағы таптық күрестің өсуі болды. Жерден және малдан
айырылған қазақ кедейлері ауылдан мүлдем қол үзбесе де кәсіп іздеп
қалаларға кетті. ХІХ аяғы шенінде жұмысшы табы, оның ішінде Россия жұмысшы
табының бір бөлігі ретінде ұлттық жұмысшы табы қалыптаса бастады. Әсіресе,
кен және тұз өнеркәсібінде істейтін жұмысшылардың саны өсті. 1855 жылы
мұнда 1353 жұмысшы болса, 1900 жылы 11225-ке жетті. Өлкенің өнекәсіп
орталықтарында орыс, қазақтар бірлесіп еңбек етті. Алғашқы жұмысшы
қозғалыстары ХІХ ғасырдың орта шенінде басталды. 1849 жылы Көкшетау
округының Маринка алтын кендерінде, 1887 және 1891 жылдары Өскемен алтын
кендерінде, 1898 жылы Зырян мыс рудниктерінде ереуілдер болды.
Қазақстанның Қазан төңкерісіне дейінгі тарихындағы өте өзекті мәселе - өлке
өндірісінде капиталистік қатынастардың қалыптасуы қалай жүргенін,
жергілікті халық бұл қызметке қандай деңгейде қатыстырылғанын зерттеп,
зерделеу болатын. Әрине, капиталист қайтарым бермейтін кәсіпорынға,
кенішке, жалдау жолымен қызметке қатыстырылатын жұмысшыға қайырымдылықпен
қаржы жұмсамайды. Керісінше, қанауды күшейту, жалдамалы жұмыс қолының терін
сығып алу арқылы капиталды қорландырады. Бұл тұжырымымызды дәлелдейтін
деректер Қазақстан тарихы бойынша да жетерлік. Жұмысшылар нормадағы сегіз
сағатпен емес, кәсіпорын иелерінің белгілеген мерзімі бойынша еңбек еткен.
Мәселен, 1886 жылы Семей облысында алтын іздейтін кен орындарында жиырма
жұмысшы тәүлігіне 5000 пұт құмды жуып шығаруға міндетті болды. Тапсырма
орындалмаған жағдайда жұмыс уақыты ұзартыла берген. Сол себепті жұмысшылар
кей күндері 16-18 сағатқа дейін еңбек еткен. Жұмыстың ауыр жағдайына
қарамастан дәрігерлік көмекте берілмеген. Тіптен аталмыш облыстағы 26 кен
орындарының бірде-бірінде медициналық қызмет өз алдына, дәрігерде болмаған.
Жұмысшылардың көпшілігі безгек , шиқан, өкпе ауруларымен науқастанған.
Тұрған жерлеріде жайсыз-ды. Мәселен, Қарағанды көмір кенішінің жұмысшылары
былай деп жазды:Бізге пәтерлерді жылқылар тұратын атқоралардан берді. Оның
төбесі топырақпен жабылғандықтан,сәл-пәл жаңбыр жауса балшық су төбемізден
сорғалайды. Ал жеркепе үйлерде жайғасқандардың жағдайы бұдан бетер төмен
болған. Өйткені, бұл үйлердің іші балшыққа батып жататын. Жататын бөлмелер
мен дәлізде 1-1,5 аршын малдың қиы жатушы еді. Міне, осындай жерлерде жұмыс
іздеп келген қазақтар 18 жыл бойы тұрды, - деп түйеді ойын ғұлама тарихшы
Ермұхан Бекмаханов.
Капиталистік қанау киліктірген ауыр еңбек жағдайына шыдамай, жасалған
келісім-шарттың орындалмауына наразылық ретінде 141-і қызметке кірісуден
бас тартқан. Осындай адам төзгісіз еңбек жағдайлары Атбасар, акционерлік
қоғамына қарайтын Спасск заводында, Қарағанды көмір кенішінде, Успенск,
Покровск, Маринск, Надеждинск және Қарсақбай кеніштерінде қалыптасқан. Ауыр
жағдайды қайсар еңбекпен жеңген алғашқы қазақ жұмысшыларының өмір жолы
осылай басталады.
Ресей экономикасына тартылу қазақ ауылындағы әлеуметтік жағдайды да
түбірінен өзгертті. Жер мен малды өз қолдарына алып үлгерген жаңа
сипаттағы байлар мен қатар мүлдем қайыршыланған, көшерге көлігі, егістік
жері жоқ қу тақыр кедейлер қатары көбейді. Олар енді көшпелі өмірді тастап,
отырықшылыққа өтті, егіншілікпен айналысты.
Қазақтар арасында жатақтар атанды. Жатақтар үш топқа жіктелді:
отырықшылыққы өткен кедейлер, ауқатты шаруалар, астық алыпсатарлығымен
айналысқан саудагерлер. Жалпы жатақтар қауымы прогрессивті қызметімен
көпшілік қолдауын тапты , астық өндіруді арттырды. Астықты аймақ Торғай
облысы қазақтарының қарамағындағы
дәнді дақылдар танабының көлемі 1875 жылғы 17 мың десятинадан 1902 жвлв 216
мың десятинаға дейін жеткен. Мұндай оң өзгерістер ешқандай қысымшылықпен
емес , таза экономикалық, яғни халықтың азық-түліктік қажетін қамтамасыз
ету мүддесінен туындаған батыл қадамдар болатын. Сол тәрізді Сыр бойындағы
8827 отбасы он мыңдай десятинаға табы, бидай, сұлы сеуіп, бабаларының
бұрынғы дәстүрін жалғастырған. Тек Қазалы оязының өзінде 200-дей отбасы
астық өндірумен айналысып, Сырдария суын тиімді пайдалану үшін 200-дей кіші-
гірім канал қазады. Сол арқылы арықтық тәсілмен дәнді дақылдар егісін
әлсін-әлі суарады. Әр сушыға күніне жиырма тиыннан төленеді.Ақырғы түсімнің
мол болуы үшін тырбанып жұмыс істеулері арқасында 1893 жылғы астық бастыру
барысында 604 миллион пұт күріш дәні, 6 миллион бидай, төрт миллион пұттай
тары өнімі алынды. Масақты дақылдардың әрі гектарының орташа түсімі ояз
бойынша орташа есеппен 54 центнерден айналады. Мұндай қызметпен айналысқан
Шу, Талас өзендері аңғарындағы жатақтар дәнді дақылдардың әр десятинасынан
41 пұттан астық алған. Ал Семей облысындағы 84 диқан белді бекем буып,
қызметке қызу кіркседі, 1898 жылы біржарым мың десятинаға дән сеуіп
әжептәуір астық алған. Егінші қазақтардың пайымдауына жүгінсек, егер
себілген әр қапшық тұқым дәнінен 25 қапшық астық жиналса өнімнің жоғары
болғаны. Ең төмені 5-7 қапшық. Астық бастыру үшін бау-бау масақты қырманға
жаяды да жылқымен көбіне өгізбен айдайды. Бастырылған дәнді сыйымдылығы 4-5
пұттық қаптарға салып жинап алады. Қазақтардың астық өндірісін арттырудағы
жемісті жұмысы ескеріліп Сібір қазақтары туралы Ережеге сәйкес
егіншілікпен шұғылданушы шаруаларға құрал-саймандармен көмек берілді. Қазақ
жатақтарына Брянск зауыты шығарған қос тісті соқалар жеткізіледі. Кейіннен
Гена, Сакка соқалары әкелінді. ХХ ғасыр бойында Орал облысында 5637 соқа
астық өндірісіне қолданылған. Енді қайсыбір диқандар егістік танабының
көлемін ірі шаруашылықтар деңгейіне дейін көтереді. Бір десятина жерге 5
пұт астық, 1 пұт тары, 8 пұт сұлы себіледі. Егін орағына үй іші түгел
қатысқан, ал кейде 12 бауға немесе тәулігіне 40 тиынға жұмысшы жалдаған.
Сондықтан ауқатты жатақтар арасында 200 десятинаға дейін егіс салғандары
жиі кездеседі. Атап айтсақ, ауа-райы құбылмалы, егіс салуға қажет табиғи
ылғалды мөлшері айтарлықтай аз, қуаңшылық жиі қайталанатын Ақтөбе оязы
жерінде Сапа Әкімниязов дейтін азамат көріп басып, өз қолымен егістікке су
шығаруға қажетті шығырды жасап, жем өзенінің жағасындағы шағын алқапқа дән
себеді, баптауын келістіру арқылы айналымнан 40-50 центнерден астық алады.
Сол 1898 жылдың өзінде Ақтөбе оязы егіншілері байырғы тұрғындардың 94,4
пайызын құрайды, әрқайсысы 6,2 десятинаға дейінгі танапқа тұқым себеді.
Оязда өндірілген 1 млн 483 мың пұт астықтың басымын тары құраған. Оның
орташа түсімі әрбір жатаққа шаққанда жетпіс пұттан, ал ояз бойынша шамамен
алғанда 67 пұттан келген. Бұл Қазақстан бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.
Ендеше, оларды жәй жатақ демей, неге нағыз астық өндірушілер атамасқа.
Орталық Қазақстанның құнарлы қойнауы Қарқаралы оязында 1901-1904
жылдар аралығында мыңнан астам адам диқаншылықпен айналысып, дәнді
дақылдардан бидай, малазықтық сұлы сепкен. Соның ішінде азық-түліктік мәні
зор бидайды өндіру мәселесіне тереңірек тоқталсақ: осы жылдарда 3055
гектарға аталмыш дақыл тұқымы себіліп, жатақ мүшелерінің жанқиярлықпен
еңбек етулеріне орай әр гектардан орта есеппен 20 центнерге дейін астық
алынған. Халықаралық маңызға ие болған Қоянды жәрмеңкесінде астыққа
сұраныстың өсуі, өнім шығымыеың артуы бұл өңірде ауыл шаруашылығы
машиналарының кең қолдануына себепші болған. Бұндай оң өзгерістер халықтың
отырықшылық кәсіпке көптеп тартылуына орай өміршең бола бастаған. Астық
өндірісінде кәсіпкерлікпен қызмет атқарған жатақтар саны күрт көбейеді. Сөз
болып отырған Қарқаралы оязы қарайтын Семей облысындағы жатақтар құрамында
жүз мыңдай адам еселеп тер төгіп, жанкештілікпен еңбек еткен. Жоғарыда
айтылған Ақтөбе оязындағы жұмыстың жайын жалғастырсақ, жатақтардың базарға
шығарып астық сатудан келтірген ақшалай табысы мал шаруашылығы саласынан
түсетін таза пайданың тең жартысынан асқан.
Астық сатудан келтірілген қаражатқа дәнді дақылдар егісінің көлемін
кеңейтуге қажет соқа, дән бастырғыш сатып алған диқандар аз болмапты.
Бұндай тұжырымды Астрахань губерниясындағы Бөкей ордасының Қараөзен,
Сарыөзен аралығындағы су құнарлы алқапқа дәнді дақылдар сеуіп, оның әр
десятинасынан ортаесеппен алпыс пұттан астық жинаған диқандар тәжірибесі
дәлелдейді. Олардың үлгілі ісін көрген көршілес ауыл адамдары Балықты
судының көктемгі жайылмасына дәнді дақылдар сеуіп, өздерінің күнделікті
ішпек-жемегіне жетерлік өнім жинаған. Таловка елді мекені маңындағы
тұрғындарда талпыныс жасап, 120 десятинаға дән себеді, одан жинаған
өнімдерін алыс-жақын жерлердегі елді мекендерге шығарып сатады. Сөйтіп,
астық өнімі жөніндегі алыс-берісте 1868 жылы құрылып, Каспий мен Арал
теңіздері аралығындағы кең аумақты алып жатқан Орал облысы жатақтарының
жұмыс ауқымы артып, ХІХ ғасырдың ақырына әр ұжым мүшелерінің тоғыз
десятинаға дейін егіс салуға қолдары жеткен. Танап көлемін кеңейтіп қоймай,
енді егіннің түсімін айтарлықтай арттыруға жол ашқан. Бұның нақты дәлелі
ретінде тек 1913 жылдың дәнді дақылдар егінін жинау қорытындысында 5,4
миллион пұттан асырып дән бастырып, алынған өнімнің 75 пайызын базарға
шығару арқылы мол қаражат келтіргенін айтар едік. Ғалым-агроном М. М.
Якубцинердің көп жылдар бойы жүргізген зерттеулеріне жүгінсек, Орал
облысынан шетке шығарып сатылған астықтың басымын бағалы қатты бидай
құраған. Қостанай оязы да егін шаруашылығы жақсы дамыған аймаққа жатты:
1909 жылы жалпы есепке алынған 18010 шаруашылықтың 15951-і егіншілікпен
айналысып, олардың тұқым себетін танабы 10744 десятинаға жеткен.
Ал Ақмола облысы ұндық сапасы жоғары сортты бидай өсіруден сол кездің
өзінде алыс-жақын аймаққа белгілі бола бастапты. Сондықтан Сібір теміржолы
арқылы 1890-1901 жылдарда 429 мың пұт астық тасып әкетілсе, 1906-1909
жылдарда 4806 мың пұттан асқан.
Дәнді дақылдардың әр десятинасынан алынған орташа өнім Оңтүстік
Қазақстан аймағында да артып, 1909 жылы оязында - 56; Қазалыда – 54;
Әулиеатада – 48; Перовскийде – 41 пұттан айналған. Келтірілген мәліметтер
су көздерін көп пайдалану астық өндірісін арттыруға жол ашқанын көрсетеді.
Қазақстан мен Ресейдің экономикалық байланыстарынан өсуі капиталистік
қатынастарға өту кезеңінде кең қанат жайды. Өйткені, капитализм –
техникалық прогресс көзі. Осыған орай кәсіпқорлықтың дамуы түрлі формада
жүргізілді. Әсіресе қала мен ауыл арасындағы нарықтық байланыстың
өрістеуінен капиталистік қатынастарының енгізіле бастауын көруге болады.
Алғашқыда алыс-беріс алмастыру формасында жүргізілді. Орыс саудагерлері өз
тауарларын қазақ даласының мал-мүлкіне айырбастаудан бастады. Ресеймен
іргелес Орал, Торғай облысының тұрғындары малдарын айырбасқа салу үшін
Орынбор, Орск қалаларына айдап барды.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында Қазақстанның Моңғолиямен,
қытайлық Жоңғариямен жүргізген сауда-саттық Семей, Өскемен, Зайсан арқылы
атқарылды. Бұл жерлермен ресейлік сауда керуендерінің жүріп өтуі көшпенді
керейлердің шәй, ешкі түбіті тәрізді тау-аралармен тиімді алыс-беріс
жасауларына жағдай туғызды.
Қазақстан халқы Маңғыстау арқылы Хиуа хандығымен, Сырдария облысы
арқылы Орта Азиялық хандықтар тығыз сауда қатынасын орнатты. Азиялық
тауарлар Орындор губерниясына да аз әкелінген жоқ. Тек 1898 жылдың өзінде
Троицкінің жәрменкесіне 35600 сомның кілемі, 58700 сомның шампаны, 56 мың
сомның көрпесі, 67600 сомның жібегі, 506 мың сомның жүзімі, тағы басқа азық-
түлік түрлері әкелінді. Соның арқасында Қазақстанның ішкі рыногы
қалыптасты. Мұндай алыс-беріс сауда негізінде алыпсатарлық артты. Ауыл-
аймақты аралау арқылы жүргізілген алыс-беріс саудасы мал баққан шаруалар
үшін тиімсіз болды. Тіптен алыпсатарлар ұсақ тауар өндірушілерді
қайыршылыққа ұрындырған жайттар да кездеті. Өйткені, алыпсатарлар алған
тауарларын басқа жерлерге жоғары бағамен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz