ОТЫРАР ЖӘНЕ ЖІБЕК ЖОЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақ тілі кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Мен білетін тарихи қалалар құпиясы
Оқытушы: Искакова Б.Н.
Студент: Акбаев А.
Мамандығы: 050704
Тобы: ВПб-05-06р
Алматы 2005
ОТЫРАР ТАРИХЫ
Отырар — арғы тарихы екі мың жылдан асатын қа-зақ халқының ең көне
қалаларының бірі. Кешегі Кеңес Одағының отыз томдың үлкен
энциклопедиясында: Отырар орнын отырықшы оғыздар біздің дәуірімізге
дейінгі төртінші ғасырда иемденіп, кент, қорғандар сала бастаған,— деп
жазады, Отырар шығыстағы ортағасырлық керуен жолын иемденіп қана қойған
жоқ, көшпелі халықтың отырықшы кәсіпке ауысуының айқыц куәсі, бұл жерді
қазақ халқының ежелгі тегі мекен еткен. Отырар ойпатының қазіргі тарихшылар
үшін алтын кембе болатыны да осыдан, — деп жазады А.Н. Бернштам (Древний
Отырар, Известия АН Каз ССР. 1951, вып. 3). Әуел баста Отырар қаласының
орнында Фараб, немесе Бәрәб атты үлкен қоныс, кент болған. Бәрәб ежелгі
түркі сөзі, сулы қоныс деген мағынаны білдіреді. Сулы қоныс болатын
себебі — шаһар Арыс өзені мен Сырдария өзенінің қосылған тұсына, соның
күреңсе- топырақты, кең алқапты, қалың тоғайлы иін қолтығына орын тепкен.
Бәрәб, немесе Фараб ңаласы бұл заманда араб халифатының ең күшті жауларына
айналды, қолөнермен айналысқан халық санының көбейіп, күрт өсуіне бір
жағынан үлкен керуен жолының, екінші жағынан батыс пен шығыстың кіндік
ортасында, аса шұрайлы, құнарлы жерде жатқандығынан,— деп жазды академик
В. В. Бартольд (В. В. Бартольд, Сочинение, т. I. М., 1963, стр. 236).
Отырар ойпатының өзінде ғана қырыққа жуық қала, қала серіктері, кент,
рабат, сағын, қорған, елді мекен, құрылыс орындары ұшырасады, Бұл баға
жетпес тарихи құрылыстар кейінгі дәуірдегі су жүйелері мен егіншілік
кәсіптен мүлдем жойылып біткен. Жойылмаған үлкен құрылыстар: Оқсыз,
Көкмардан, Жауһар, Ақтөбе, Абыз-төбе, Мейрамқала секілділері бұл күнде құм
көрпесін жамылып, қарауытқан тебешіктерге айналған. Еуроазия кеңістігінде
мекен еткен халықтың тарихы заманда, бейне — көгілдір мұхит үстімен бірде
батыстан шығысқа, енді келесі ғасырда шығыстан батысқа дамыпсыз жөңкілген
түйе толқын секілді елестейді. Сол толқынның жолында тұрған үлкен қаласы
Отырар. Көне көз шежіре қарт секілді, тағдыры соған ұқсайды. Есте жоқ ескі
мезгілде түрік қағанатының ержүрек қолбасшысы Күлтегін: Ертіс өзенін кеше
жорттық... Алып кісілер бізге шабуыл жасады,— деп, тасқа ойып жазып
қалдырған. Бірнеше ғасырды араға салып, әйгілі Тоныкөк: Інжу өзенін кеше,
Тінесі ұлының мекені — Мәңгікөк тауынан асырып, Темір қақпаға дейін
қудық,— деп, тасқа тағы қолтаңба қалдырады. Мұндағы Інжу — Сырдарияның
көне түрікше аты, Темір қақпа — Самарқан, әрісі ғұн тайпалары, берісі түрік
қағанаты, сосынғы оғыз, сақ, қыпшақ ұлыстары — бәрі-бәрі бірімен бірі
тамырлас — біздің бұрынғы ата тегіміз болады.
Тарих бейне оқта-текте жеті қат жер астынан жалын мен от өзен құсқан
жанартау секілді, сол жанартаудың етегінде жатқан қайсар қала осы Отырар.
Отырарды мекендеген ұлыс пен тайпалар қайтсе де ұрпақ желісін үзіп алмауға
тырысып, бірде қолына кетпен алып, жерге дән ексе, келесіде сауыт киіп,
қылыш ұстап атқа қонды, керуен тартып, алыс пен жақынды кезді. Желдей ескен
тарих керуенінің бас бұйдасын қалай, қайда бұрса да жылдар жылжи, өмір өте
қайта айналып адаспай табар қазығы осы Отырар болған.
Отырар туралы орыс тарихшылары Бартольд, Гумилев, Кляшторный, парсы
тарихшысы Рашид ад-дин, араб тарихшылары Несеви, Жүзжани, Ала аз-дин Ата-
Мәлім мен Мұхаммед Жувейни, Ахмед ал-Катиб, қазақ тарих-шылары Марғұлан,
Ақышұлы, Байпақұлы ізгі ілтипатпен тебірене жазады. Баршасына ортақ ой:
қазақ халқының басына түскен қандай-қандай ғазауат қиындықтар мен кезеңді
оқиғаларды ауызға алса да, Отырарға соқпай өту мүмкін емес, Отырар — қазақ
тарихының айнасы, қанды көпірі секілді өз алдына үлкен шежіре.
Оңтүстік Қазақстан облысының түстік батысына сұғына енген темір жол
бойымен жүрсеңіз, я болмаса баяғы Александр патша тұсында салынған Ташкент
— Түркістан шойын жолындағы поезға отырып, Арыс қаласынан шығып, терістікте
жатқан Түркістан қаласына қарай бет алсаңыз — көзіңізге жусанды, ебелекті
мидай жазық шалынады. Қай тұсқа қарасаңыз да мігірсіз шикіл дала, әрәдік
сол даланың бетін аяусыз шимайлаған жалғызаяң сүрлеу, қос айыл жолды
көресіз. Жол бейне бұл даланың бетіне түскен әжім сызығы секілді. Оқтай
түзу темір жол бір мезгілде көлденең сұлап жатқан құм шағылға сұғына енеді.
Сол шағылдың пұшпағында Темір станциясы бар. Бұл—Ақсақ Темір қытайға
жорышқа әзірленіп жатқан кезде, ат ойнатып, қол жинап ереуіл құрған шақта,
1405 жылғы маусымда, оқыстан мерт болған жер, Ақсақ Темірдің атымен аталып
кеткен киелі тұс. Енді осынау алаптың, қиыр кеңісте ұзақ жолдан шаршап
жетіп, шөгіп қалған аруанаға ұқсап жатқан Отырар орнына дейінгі жазықтың
топырағына көз салыңызшы. Көпсіген күлгін күреңсе кілең.
Құм деуге келмейді, Аппақ шағыл еспе құм манағы Темір қалашығының
тұсынан үзіліп қалған. Диқан күтіп мәпелейтін мәйегі майлы, құнарлы қоңыр
топырақ емес. Әрәдік аппақ сор, айтақыр ұшырасады. Күлгін түсті көп-сіген
бірдеме. Дақыл ексе — шықпайды, шөптің өзі әр жерде бір итсигек пен азған
ши. Жел үп етсе — бұрқ етіп көтерілер күл ме дерсің. Байқап, абайлап
қарасаң:
Отырар ойпатының топырағы ат тұяғы көп таптаған, қырман ғып түтіп
майдалаған, бірде кез жасы, келесіде кісі қаны молынан сіңген сусыма күлгін
құм әншейін, қолға жұқпас қызыл топырақ.
Бабалар жүріп өткен жолды, кешегі ізді, дүбірлі жорықтарды
елестеткіңіз келсе, Арыс пен Түркістан қаласының арасында, ұзыннан ұзақ
созылған шойын жолдың сол қапталында жатқан жер түгіне назар салыңыз.
Топырағына қараңыз. Поезд үстінде дүрсілдеп келе жатып көз ұшында, қиырда
шөккен түйедей көлденең сұлап жатқан Отырар қаласынын, қираған орнын
шолыңыз. Ескі күндер жосқынын, бабалар сұлбасын елестетеріңіз кәміл,
топырағынан ескілік иісі аңқиды.
Отырар орнында бұл күндері басы бүтін жалғыз құрылыс — Арыстанбаб
ғимараты. Алғашқы көне дәуірдегі ескерткіш қирап құрыған соң, бұл соның
орнына салынған орта ғасырлық әсем өрнекті ғимарат. Арыстанбаб — Қожа Ахмет
Иассауидің ұстазы, Баба атада жатқан Ысқақ бабтың тұстасы, әулие болған
адам. Орта ғасырда араб қолбасшылары қазақ қалаларын жаулап алғаны мәлім,
пайғамбар әулетінен шыққан Нұх ибн-Асад Сайрам мен Иасыны 840 жылы басып
алса, Исмаил ибн-Ахмед Тараз қаласын 893 жылы жаулады, Отырар қаласын 841
жылы құлатты, Бартольдтің айтуынша, араб әскері оғыз, қыпшақ кенттерінде
көп табан тіреп қала алмаған. Өздерімен ілестіріп ала келген баб, сахаба,
имам, сопы, білімпаз адамдар жергілікті халыққа дін жолын үйретіп,
қалаларда мешіт, медіресе салдырумен айналысты, ал әлгі сауыт-сайманға
оранған қарулы қол келген ізімен сағымға сіңіп, шөлге шығып, кері жылжып
еліне жөнелді. Отырар жеріне алғаш келген білімпаздың бірі — осы
Арыстанбаб. Арыстанбаб туралы жазылған нақтылай тарихи дерек жоқ. Әйтсе де
1900 жылы Ташкент қаласында шығып тұрған Түркістан археолог сүюшілер
үйірмесінің мәжіліс хаттамасының 12-ші томында Арыстанбаб әрі ақын, әрі
жұлдызға қарап адамдарын болжайтын сәуегей болған... ол жылына бір мәрте
Меккеге барып, әулие-әнбиелерге мінәжат қылған даген деректі оқимыз.
Ғимаратқа енген кісі күмбездеп келтірген әсем қақпасына, гүл қауызындай
етіп еріген қыш қиюына, дыбыс жаңғыртқыш құжыра бөлмелерге қызыға қарайды.
Арыстанбабтың сүйегі қойылған михрабтың кеңдігі, күмбезі, қыш өру өрнегі
мен өнері Сайрамдағы орта ғасырлық Әбділәзіз баб, Баба атадағы Ысқақ баб
ескерткіштеріне ұқсайды. Ойды орнықтырып, қиялға қанат бітірер сымбаты
қайран қалдырады. Көкте құдай — жалғыз, желеп — жебеуші үмбеттерінің табаны
жерден ажырамаған деген пәлсапаны қышқа, тасқа түсіре білген ұсталардың
орнықты ойы, көкірек кезі осы.
Отырар қаласы — өз тарихында сұрапыл соғыстан үш рет қирап, үш мәрте
қайта тірілген іргелі орын. Біздің болжауымыз бойынша араб халифы жаулап
алған кездегі Отырар орталығы қыштан салынған, тасболат тамдар, жәдігерлері
мол, көшелері кең қала болған. Ибн Хаукәл мен ибн Рузбихан жазбаларында
кездесетін Отырардың керуен кіріп-шығып жататын бес қақпасы болған, олар:
Дарбаза қақпа, Алтын қақпа, Хансарай қақпа, Құл қақпа, Пышақшы қақпа дейтін
кезеңі осы тұс. Әлде араб әскері мен қыпшақ қолының ұрысынан, әлде басқадай
себептен осынау саңғыраған қыштан салынған Отырар орталығы жермен-жексен
қирап құрыған. Қираған қалдық орнына орта ғасыр ортасында қайтадан үйлер
салынып, әдемі көшелер бой түзей бастайды. Мешіт, медресе, базар, ас ішетін
орын — гүртхана, мәжіліс орындары — расытхана, кітапхана салынып, дүниеге
Әбунәсір әл-Фараби, әл-Жауһари келетін Отырардың алтын ғасыры деген
кезең. Кейінгі жылдары қазбагерлердің күл мен құм астынан қазып, аршып
алған Көне Отырар атты үш археологиялық кітапқа өзек болған ескі орын
осы. 1219 жылғы моңғол шапқыншылығына алғаш тойтарыс берген, кейінше
өртеніп, қирап, жермен-жексен болған, екінші мәрте салынған қала қорғаны
осы еді. Рашид ед-Диннің жылнамасында көп айтылады. Шыңғысханның екі ұлы
Шағатай мей Үкітай алты ай арпалысып әзер алады. Ғимараттарды қиратады,
көшелерге өрт қояды, халқын тонап, қан жоса ғып қырады. Осынау ғазауат
майданынан кейін Отырар бір ғасырға дейін түзеліп кете алмай, хансарайда ит
жортып, әуіздері қаңсып, жер асты су құбырлары бітеліп, бастан көп
қиыншылықты кешіреді. Он төртінші ғасырда бірте-бірте қалпына келе
бастайды. Ел тұрақтап, бұрынғы тасболат там, қыш үйлердін, орнына қам
кесектен, қамыстан салынған үйлер бой көтереді. Жергілікті халықтың аузында
қалған Алтынтөбе тұсындағы Қамыс қала — осынау Отырар қаласының үшінші
рет қайта тірілуін көзге анық елестетеді. Жібек жолының керуендері сап
түзеп кіріп-шығып жататын барақатты дәурен басталған секілді. Әйтсе де он
төртінші ғасырдың аяғында Ақсақ Темір мен Тоқтамыстың сұрапыл ұрыстары
осынау Отырар даласында өтеді, қала қанды жосқыннан тағы да көп зардап
шегеді. Халық үздіксіз ұрыстан жүрекшайлы зәразап боп, қаланы тастап көшіп
кетуге мәжбүр болады.
Он бесінші ғасырдың басында қаланы Махмұт сұлтан билейді. Сұлтан көп
ұзамай Отырар, Сауран, Түркістан қалаларын Мәуренахрдың ханы Шейбаниге
сыйға тартады, Қазақ ханы Бұрындық Отырарды өзіне қайтарып алуға жанталаса
әрекет жасап, Шейбаниге қарсы екі мәрте сұрапыл жойқын жорық жасайды,
қаланы қазақ билеушілерінің иелігіне алады. Көне қаланың екі мың жылдық
тарихының ұзын-ырғасы осы. Көне заман авторларының сөзіне жүгінсек: Отырар
дәуірлеп тұрған заманда қаланы 100 мыңнан астам халық мекендеген, бірнеше
мешіті, медресесі болған. Отырар атын әлемге әйгілеген әл-Фараби заманынан
қалған ең. бай кітапхана болды деседі тарихшылар. К. Ақышұлы, Қ. Байпақұлы
жүргізген қазба жұмыстары осы сөзімізді растап, көптеген құнды зат, көненің
көзін тапты.
ОТЫРАР ЖӘНЕ ЖІБЕК ЖОЛЫ
Отырар қаласын ұлы Жібек жолынсыз елестету, зерттеу, әңгімелеу мүмкін
емес. Тарихтан мәлім: осыдан мың жыл бұрын Ұлы Жібек жолының бір тармағы
кене Византия, Эллада елінен шығып, Европа жерін аралап, Киев Русін басып
өтіп, қазақ жеріне жеткен. Осы қазақтың қиырсыз кең сахарасын басып өтіп,
Қаратау мен Алатауды жағалап, Балқаш көлін айналып, Қытай еліне асып
жөнеліп жататын. Ұлы Жібек жолының келесі бір тармағы Таяу Шығыс дүниесінде
жатқан араб елдерін түгел аралап, Мысыр асып, Бағдат басып, көне ауған
жерімен жылжып отырып, ол дағы Қытай жеріне жөнеліп жатқан. XX ғасырдың
аяғында мына көне сүрлеу дүние жүзі ғалымдарын қайта елеңдетіп отыр. Батыс
пен Шығысты осынау ұлы шерумен қайта жалғастырып, осы заманның кезбелеріне
ерік беріп, ел мен елдің дәстүріне, тарихына, жақсы салтына, этнографиясына
жаңаша көзбен қайта бір қарамақшы. Қысқасы, мың жылдан бері ел мен елдің
арасында жойылмай келе жатқан жақсы дәстүрлерді осы жол арқылы қайта
жаңғыртпақпыз.
Орта ғасырда өмір сүрген Отырардан шыққан ғұлама Исмаил әл-Жауһари
езінің Тілді түзету кітабында былай деп жазған еді: Жібек жолының үлкен
тармағы ең әуелі Киев Русінен, Бұлғар жерінен өтіп, Үстіртті басып, Аралды
айналып, Жент қаласына жететін (Жент қаласын біраз тарихшылар Янкикент,
Оғызкент деп те атайды, Д. Д.). Жентке жеткенше сауда керуені құс қанаты
талған шөлден, түйе табаны күйген құмнан өтеді, арып-ашып әбден әлсірейді.
Көліктерінің жартысы орта жолда қаңқа боп қалады. Әйтсе де керуен көгілдір
Жент қаласына енген кезде, баяғы азаптың бәрі көрген түстей ұмыт болады!.
Әлгінде айттық, Жібек жолы батыс пен шығыс елдерін екі мың жылдай ұзақ
уақыт ішінде үзбей жалғастырып жатты. Осынау ұлы сорап ұлт пен ұлтты, халық
пен халықты бір-біріне таныстырған достық дәнекеріне айналды, Әрине баяғы
заманда ел мен елдің арасында қазіргідей қада қағылған шекара болмаған. Жер
бедері, өзен мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz