Қазақтар аңықтамасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Әлихан Бөкейхан көрнекті қоғам қайраткері 2
Ресей жоғары оқу орындарында оқыған қазақтар 9
Барлыбек Сыртанов 9
Жақып Ақбаев 11
Халел Досмұхамедұлы 13
Мұстафа Шоқай (1890-1941) 14
Пайдаланылған әдебиеттер 16

Кіріспе

XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басы қазақ халқы тарихында ұлы
өзгерістер, үлкен асулы кезең, қиян кескі күрес-көтерілістер, сұрапыл
соғыстар мен төңкерістер дәуірі ретінде өз орнын алады. XX ғасыр басында
қазақтың оқыған, білім алған көкірегі ояу, көзі ашық азаматтары көбейді. XX
ғасыр басында ғалымдардың көпшілігі өз арасынан, қазақтың жаңа құрала
бастаған жас интеллегенциясынан шықты. Ағартушы ғалымдар адамгершілікті,
оянушылықты, ағартушылықты ұран етті, феодалдық тәртіпке, қараңғылыққа,
надандыққа қарсы шықты. Ата баба мұрасын қанына сіңірген, қазақ халқының
ежелден келе жатқан бай рухани құндылығын бетке ұстаған Бақытжан Қаратаев,
Барлыбек Сыртанов, Жақып Ақбаев, Мұхаметжан Тынышбаев, Х.Досмұхамедұлы,
С.Асфендияров сияқты ұлт жанашырлары білімдерін Ресейдің жоғары оқу
орындарында жалғастырды. Отаршыл, патшалы Ресей қазақ халқының оқуына,
білім алуына шектеу қойып, оқытса да өз тыңшылары ретінде пайдаланғанмен,
оқыған қазақ зиялылары өз елінің болашағы үшін күресті.

Әлихан Бөкейхан көрнекті қоғам қайраткері

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам
және мемлекет қайраткерлері қатарындағы ерекше тұлға - Әлихан Нұрмұхамедұлы
Бөкейхан. Оның есімі ұзақ жылдар бойы сирек аталып, "буржуазиялық
ұлтшылдықтың" синонимі ретінде қаралып келсе, кейінгі ұрпаққа қалдырған
орасан мол аманат - мұрасы бір кісінің ғұмырындай шаң басып жатты. Көрнекті
қоғам қайраткері - Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері
сьезінің депутаты, Ресейдің 1 мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары
депутаты, 4 мемлекеттік думасы мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт -
Петербор масоны, қазақтың 20 ғ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының
негізін салушы, әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының
ұйымдастырушысы, ұлттық Алаш орда автономиялы үкіметінің төрағасы,
экономист, ормантанушы, этнограф, аудармашы, әдебиеттанушы.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан - 1870 жылы, кешегі Семей облысы,
Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысы, Тоқырауын өзені бойындағы нөмірі 7 -ші
ауылда дүниеге келген. Әлихан ата-тегі Шыңғыс ханнан бері келе жатқан төре
тұқымынан. Көкжал Барақханның баласы Бөкейхан қазақтың таққа отырған соңғы
хандардың бірі. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі 1879 жылы
Қарқарылыға алып барып, жергілікті молданың оқуына береді.
Әзіханұлы Райымжан ақсақалдың айтуынша, көзі ашық, көкірегі ояу Әлихан
молданың оқуын қанағат тұтпай, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз
еркімен ауысып кетеді. Бұл әрекетін естіген Нұрмұхамед қарсылық білдірмей,
өз батасын береді. Бастауыш мектепті бітіргеннен соң, Қарқаралы уезінің үш
жылдық училищесіне түседі. 16 жасар Әлихан 1886 жылы Омбыға келіп,
жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге "пансионер" болып қабылданады.
Омбының техникалық училищесі 1882 жылы Ресей императорының жарлығымен
ашылған. Училище жаңа салына бастаған Сібір темір жолы торабына арнап
төменгі техникалық мамандар даярлауға тиіс болды. Училищеге қабылдау талабы
айтарлықтай қатаң болған. Біраз балалар училищенің емтихандарынан өте
алмай, қайтып кетіп жатқан. 10 жыл ішінде мамандық алып шыққан 70 түлектің
14 % дворян балалары, 3% дін басылары, 59% қала тұрғындары, 24% шаруа
балалары екен. Ал училищенің мақсаты мен білім дәрежесін ОТУ-дың көп жылға
директоры Н.Е Доброхотовтың 1886 жылы тұңғыш түлектері алдында сөйлеген
сөзінен аңғаруға болады:
"Қымбатты менің достарым ... Қызметтеріңіздің алғашқы кезеңдерінде
сіздерге қара жұмыспен айналасуға тура келеді. Бірақ сіздер оған
қобалжымаңыздар, өйткені солай болуға тиіс. Дегенменде, сіздер қоғам үшін
жаңа адамдарсыздар, сондықтан да қарапайым жұмысшыға қарағанда, сіздердің
білімдеріңіз әлдеқайда жоғары екенін сіздер өз ерен еңбектеріңізбен
дәлелдеулеріңіз керек."
ОТу-дың 4 жылдық курсында дәстүрлі сабақтармен қатар, теориялық
механика, көтергіш мәшинелер мен сорғыштар сияқты күрделі пәндерді
қамтитын. Ағаш өңдейтін, темір құрал-сайман жөндейтін шеберхана мен физика-
химия кабинеттерінде күнбе-күн сабақтар өткізілетін. Ал 3 кластан 4 класқа
өтетін жылы оқушылар зауыттарға, диірмен және теміржол шеберханаларына
тәжірибелік жұмыстарға жіберілетін еді. Жазғы демалыс күндерін ол елінде
өткізетін. Ал, оқу бітіретін мезгіл жақындағанда, ОТУ директорына өзінің
оқуын жалғастырғысы келетіндігін, Санкт-Петербург императорлық Орман
институтына түспек ойы бар екендігін айтады. Директор өз тарапынан
Қарқаралы уезінің бастығына "оның өте жақсы оқып, үлгіл тәртіп көрсетуіне
байланысты оның жоғарғы оқу орнына баруы өте қажет, сол себепті оған оқуға
бару үшін қазақ қауымдастығы стипендиясының берілуі жалғаса берсін ... ."

Райымжан Әзіханұлы Бөкейхан мен экономист Мұхамбетқали Жақсалиевтің
айтуына қарағанда, Әлекеңнің Кеңес дәуіріндегі баспа беттерінде жарияланған
мақалаларына қол қойып отырған "Қалмақбай" және "Н.Ш" деген лақап есімдері
болған.
Әлиханның қай жылдан бастап "Бөкейхан" фамилиясын алғандығын дәл айту
қиын. Омбының техникалық училищесін "техник" мамандығымен бітірді деген
1890 жылы маусымның 14 күні табыс етілген аттестат: "Сұлтан Әлихан
Нұрмұхамедұлы" атына табыс толтырылған. Ондағы оқуды жиырма жастағы Әлихан
орыс тілі мен орыс тарихынан, геометрия, алгебра, тригонометрия, физика,
механика, ағаш пен металды өңдеу тәсілдері, есептеу мен құрылыс өнері
сабақтарынан "үздік"; сызу, сурет салу пәндері мен шеберханалардағы
тәжірибе жұмыстарынан "жақсы" деген бағамен бітіреді. "Құдай заңы"
сабағынан Әлихан мұсылман болуына байланысты босатылған. 1890 жылы шілденің
30 күні Дала генерал- губернаторы канцеляриясынан Орман институтының
профессоры Бородинге жазылған ұсыныс хатын және қазақ қауымдастығынан
берілген 200 сом стипендиясын алып "қырғыз баласы" - Сұлтан Әлихан
Нұрмұхамедұлы Бөкейхан ресей империясының астанасы Санкт-Петерборға ат
басын түзейді.
Әлихан Бөкейханнның ресей астанасындағы өткізген жылдары марксизм
"елесінің" Еуропаны шарлап капиталистік қарым-қатынастарға енді аяқ басқан
Ресейге жетіп, ірі-ірі кәсіпорындар шоғырланған қалаларында марксистік
үйірмелердің кең қанат жая бастаған кезеңімен қатар келеді. Бұл орыс
жұмысшы табының сана-сезімі ояна бастаған кез, марксистік және тағы басқа
саяси ұйымдар мен партиялар пайда болып, солардың ықпалымен жұмысшы
стачкалары мен студенттік толқулар бой көрсете бастаған уақыт болатын-ды.
Санкт-Петерборға 20 жасында келген Әлиханның студенттік күндерін қалай
өткізгендігі жайында Англияның әйгілі басым ордасы - Оксфорд
университетінің "Орта Азияны зерттеу қоғамы" өзінің "Қазақтар 1917 жылға
дейінгі орыстар туралы" атты кітабында "Ә. Бөкейхан жас күнінде орнықты
революционер, социалист болды және "Зар-заман" атты орыстарға қарсы әдеби
топтың мүшесі болды."- деп жазады. Кешегі КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік
комитетінің жұртшылықпен байланыс орталығынан келген бір құжатта:
"Әлихан Бөкейхан.. Орман институтының студенті болып жүрген кезінде
барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әрқашан да әсіре
солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда ол экономикалық
материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын" - деп жазды. Жоғарыда
берілген құжат үзінділерінде айтылғандай, Әлихан күнделікті сабақтарына
қоса, студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа да
студенттік үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға
қатысады. Осы жылдары Әлиханның саяси көзқарасы қалыптаса бастайды. Екі
ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған ескі феодалдық қарым-
қатынастардан күрес-тартыстан көзін аша алмаған туған халқының тағдыры оны
қатты толғандырды. Қараңғылық пен надандық шырмауынан құтыла алмай отырған
халқына, ең алдымен, білім мен мәдениет керек екендігін анық ұғады. Халқын
Еуропаның мәдениеті жоғары елдері санатына қосуды араман қылып, елдің
тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қойды.
Санкт-Петербордың Орман институтын орман экономисі мамандығымен бітіреді
де, 1894 жылы Омбы қаласына қайта оралады. Оралған бойда алдымен төменгі
дәрежедегі орман мектебіне қабылданып, екі жылдай уақыт өз мамандығы
бойынша дәріс оқиды. 1896 жылдан бастап Әлекең ғылыми жұмыстарға көңіл
бөледі. "Жер жөніндегі министрліктің Ф.А.Щербина басқарған экспедициясы
күткендей-ақ Бөкейханнның ынтық назарына тап болды."- деп жазды Санкт -
Петерборлық "Новая жизнь" газеті 1906 жылы. Әлихан бұл экспедицияға дейін
Тобыл губерниясында жүргізілген санақ жұмыстарына араласып, біраз тәжірибе
жинақтап үлгерген-ді. Щербина экспедициясына ол алғашқыда статистик ретінде
шақырылып кейін экспедициясының жеке зерттеу тобын басқарып жұмыс істеген.
Экспедияциясының негізгі алға қойған мақсаты - 19 ғасырдың 90-ыншы
жылдарынан бастап Ресей үкіметінің қоныстандыру саясатының объектісіне
айналған қазақ даласын жан-жақты зерттеу болатын. Қазақ шаруашылығын үйді-
үй, қора-қора басымен есепке алу, жайлау, қыстау жерлердің көлемін анықтау,
қазақтың жер-суын есепке алу еді.
Әлихан Щербина экспедициясының Семей облысына қарасты Павлодар,
Қарқаралы, Семей уездері мен Ақмола уезінде жүргізілген жұмыстарға тікелей
қатынасып, алуан түрлі деректерді жинайды. Жиналған деректерге сүйене
отырып, Павлодар, Қарқаралы, Семей, Омбы уездеріндегі "байырғы тарихи
аудандарын" анықтап, оны картаға түсіреді. Қазақ шаруашылығының
экономикалық тиімділігін есептеп шығарады.
Щербина экспедициясының Қазақстан үшін маңызы орасан зор болды. Қазақ
өлкесінің табиғатын, оны мекендеген халықтың кәсібін, шаруашылығын, жалпы
әлеуметтік-экономикалық жағдайын ғылыми тұрғыдан жоспарлы түрде зерттеудің
негізін осы экспедиция салып кеткен-ді. Әйтсе де, экспедиция өз жұмысын
аяқтай алмай қалды. Сол кездегі Қазақстанның екі облысының 12 үйезі
зерттелініп, бұл қазақ жерінің 1\3 бөлігі ғана, экспедиция жұмыстары
тоқтатылған. Оның себептері көп. Патша үкіметінің көздегені тағдырын төрт
түлік малға тапсырып, шекара дегенді білмей сахарадай кең даланы емін-еркін
кезіп көшіп-қонып күнелткен алты Алаштың баласын ноқталап, тұрақтандыру, ал
одан босаған жерді Ресейдің ішкі губернелерінен көлдей ағылып көшіп келіп
жатқан келімсектерге үлестіріп беру болды. Сөйтіп, өзінің отарлау саясатын
бейбіт жолмен әрі қарай жалғастыра беру. Жер жөніндегі министрліктің
экспедицияға жүктегені де осы: қазақтың жерін нормалап, оның мал жайлымын,
қыстау-жайлауын анықтау және оны ғылыми тұрғыдан негіздеу. Бірақ,
экспедиция үкіметтің артқан бұл үлкен сенімін ақтай алмады. Керісінше,
зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қазақ даласы негізінен егін шаруашылығынан
гөрі, мал шаруашылығына көбірек икемдірек екендігі, ал үкіметтің
қоныстандыру саясаты Дала өлкесінің табиғатына, жер-суына және ежелден
қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығына өтелместей нұқсан келтіретіндігін
дәлелдеп шықты.
Әлихан Бөкейхан - қазақтың мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға
қойған бірегей ғалым. "Щербина экспедициясынан" кейін жылы ол С.П Швецов
бастаған Сібір темір жолы бойында орналасқан Челябі мен Том қалалары
аралығын мекендеген қазақтардың мал шаруашылығын зерттеуге бағытталған
экономикалық экспедициясының басы қасында болады. Экспедиция Сібір темір
жолы басқармасының тапсырмасы мен қаржысына жүргізілген еді. Әлихан
Бөкейхан өзіне экспедиция жүктеген мақсатқа сай қазақтың қой шаруашылығының
егжей-тегжейін терең зерттейді. Сол өңірдегі қой шаруашылығымен қоса, ол
бүкіл қазақ даласының түкпір-түкпіріндегі, Жетісу, Сырдария бойындағы
қазақтардың қой тұқымдарын, шаруашылықтарын түгел қамтып, бір-бірімен
салыстыра отырып зерттейді. Соның нәтижесінде Әлихан Бөкейхан қазақтың қой
тұқымдары және қазақтың мал шаруашылығы жайында бұрын-соңды болмаған үздік
монография жазды. Бұл еңбек экспедицияның басқа материалдарымен бірге
"Материалы по экономическому обследованию районов Сибирской железной
дороги" деген үш бөлімнен тұратын кітап болып 1904 жылы том қаласынан
жарыққа шығады.
Әлихан Бөкейхан 1899 жылы ол Омбының алдыңғы қатарлы зиялылары мен
ауыл шаруашылық мамандарымен бірге Мәскеудің ауыл шаруашылық қоғамының
Омбылық бөлімін ашуға ат салысады. Қоғамның алға қойған мақсаты - Сібірдегі
және қазақ облыстарындағы ауыл шаруашылық саласының өркендеуіне мәдени -
насихаттау жолымен мүмкіндік туғызу болып табылатын.
1877 жылы Дала өлкесінің білім ордасы, мәдени-ағарту орталығы
санатындағы Омбы қаласында Орыстың императорлық жағрафия қоғамы өзінің
Батыс-Сібір бөлімінің есігін айқара ашады. Маңына орыс пен қазақтың алдыңғы
қатарлы зиялыларын, ғылым мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі
Қазақстандағы ислам фобиясының көріністері
Көшпенділер мәдениеті
Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
НҰРАЛЫНЫҢ ХАН САЙЛАНУЫНДАҒЫ ШЫНДЫҚ
Жаңа жыл мерекесі
Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында
Тыйым салынған атаулар
ОТАН ДЕМОГРАФИЯСЫ
Дін әлеуметтануы
Пәндер