МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ. 1905-1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ-ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ 4
1.1. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы қозғалыс және қазақ зиялылары 4
2-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ 8
2.1. Мемлекеттік Дума: мәні мен мазмұны 8
2.2. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттары және олардың көтерген
мәселелері 12
ҚОРЫТЫНДЫ 16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 18

КІРІСПЕ

XX ғасырдың бас кезінде Ресейдің қоғамдық — саяси өмірінде күрделі
оқиғалар мен елеулі өзгерістер болды. Соның ішінде назар аударарлық
әлеуметтік ықпал буржуазиялық демократиялық даму жолына бағытталған
өзгерістер болатын. Әсіресе сол дәуірдегі саяси әлеуметтік ірі оқиға
Мемлекеттік Думаның шақырылуы еді. Жоғары заң шығаратын органның 12 жыл
(1906 — 1917 жж.) арасындағы қызметі Ресей тарихында, оның құрамына енген
халықтардың өмірінде айтарлықтай із қалдырған демократиялық идеалдың зор
көрінісі болды. Мемлекеттік Дума ғасырдың бас кезінде Ресейде құрылған
партия фракцияларының және аймақтардағы ұлт-азаттық қозғалысы өкілдерінің
бас қосқан, маңызы зор мәселелерді талқылайтын бірден-бір өкілетті форумға
айналды. Ол — Ресей Империясының алғашқы Парламенті рөлін атқара бастады.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінің әзірлігіне мұрындық болуымен бірге оның
идеялық бастамасының негізі болды.
Кеңес дәуірі кезінде Мемлекетгік Думаны буржуазия мен помещиктердің
біріккен таптық ұйымы, саяси — қоғамдық сілкініске қарсы, халықты алдау-
арбау, оларды революциялық қозғалыстан тыс теріс бағытқа сілтейтін
реакцияшыл қауымдар ортасы деп қарады. Осының салдарынан бұл органға қазақ
сахарасынан делегат болып сайланған Дума фракцияларына, соның ішінде саяси
топтарға белсенді қатысып ұлт мүддесін қорғаған зиялы азаматтардың аттары
аталмай келді. Шын мәнісінде олар ұлтының азаттығы мен бостандығына
сіңірген еңбектері айрықша.
Енді міне еліміз тәуелсіздігін алып, еркін даму жолына түсіп, өз
тарихын жаңаша зерделей бастады. Аты ұмыт қалған ұлт зиялылары архив
құжаттарының шаң-тозаңынан тазаланып, тарихи-мәдени айналымға түсуде.
Әрине, бұл тақырып — соны, тың тақырып емес. Бұл мәселе төңірегінде бұрын
да бірсыпыра зерттеулер болған. Сол зерттеулердің ешқайсысы да сол дәуір
талабынан, үстемдік еткен идеология шеңберінен шығып кете алмаған.
Бұрын Ресей Мемлекеттік Думасына депутат болған қазақтар туралы әңгіме
болғанда олардың саны 5-6-мен шектелетін. Кеңес өкіметіне жат деп
саналатындар туралы пікір-ой айтылмайтын, тізімге де кірмейтін. Зерттеуші
Ө. Озғанбайдың монографиясында депутат қазақтардың 12 болғаны дәлелденеді.
Мемлекеттік Дума тақырыбы әлі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Сахара өлкесінен сайланған өкілдердің Мемлекеттік Дума жанындағы сан түрлі
комиссиялар құрамына енген топтары мен фракциялар жұмысына қатысқан
еңбектері, олардың идеялық мұраты мен көзқарас танымы және қазақ
тарихындағы алатын орындарын зерттеу алдағы міндеттердің қатарына жатады.

1 ТАРАУ. 1905-1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ-ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ

1.1. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы қозғалыс және қазақ зиялылары

XX ғасырдың алғашқы жартысында әлем елдерінде, атап айтқанда Европа,
Азия мен Латын Америкасы құрлықтарында демократиялық революциялық дүмпулер
болып, ұлт-азаттық қозғалысы өріс алды. Олардың арасында 1905 — 1907
жылдары Ресейде болған революцияның орны ерекше болды. Өйткені, бұл
біріншіден, жаңа өндірістік қатынастардың еніп жатқан дәуіріндегі алғашқы
революция еді. Екіншіден, бұл өзгеріс әлем елдерінің өз азаттығы үшін
күресін бір саты жоғары көтеруге тікелей әсерін тигізді. Сонымен бірге, ол
Ресейге қараған ұлттар мен ұлыстардың бұқаралық барлық әлеуметгік топтары
араласқан, мазмұны жағынан демократиялық-халықтық революция болды.
Бұл дәуірде Ресейде жаңа өндірістік қатынастар енді ғана өркен жайып,
елдің дамуына тұсау болып келген ескі феодалдық-патриархалдық қоғамның
қалдықтары әлі де жойылып біткен жоқ болатын. Елдің өркениетті жолмен
өркендеуі үшін жаңа нарықтық қатынастардың дамуы, елде демократиялық
тәртіптің орнауы жолында саяси сипаттағы күштердің күресін өрістетуге
төңкеріс кең жол ашты. Соңғы кездерге шейін бұл төңкеріс тұсындағы Ресей
социал-демократиялық жұмысшы партиясының ғана тәжірибесін оңып үйреніп
келдік Сондықтан да, елдегі саяси ахуалды объективті шындық тұрғысынан
пайымдаудан біраз артта қалып, кенжеледік. 1905 жылдың 9-қаңтарында
басталған бұл төңкеріс қанды жексенбі деген атпен Ресей тарихнамасына
еніп, мектеп қабырғасынан санаға сіңіп келгенмен бүгінгі күн талабы осы
мәселеге қайта оралып, байыпты зерттеп, пайымдауды қажет етіп отыр. Ендеше
соған тоқталайық. Халықтың наразылығы өсуіне орай, елде саяси жағдай күннен
күнге шиеленісе түсті. Халықтың наразылығын басу үшін 18-қаңтарда 1905-жылы
патша Ішкі істер министрі Булыгиннің атына жергілікті адамдардан сайлау
арқылы заң шығару қызметіне тарту мақсатында рескриптіге қол қойды. Осы
уақыттан бастап булыгиндік думаның сайлауына мемлекет тарапынан дайындық
басталды.
1905 жылы маусымда Дала генерал-губернаторына, кейін Орал және Торғай
әскери губернаторына былай деп хабарлады: какие-либо препятствия к
образованию городских избирательных съездов на общих с внутренными
губерниями началах в управляемой Вами области встретится, по видимому, не
могут. Үкімет шаруалар болыстарының атынан күшке ие болатын шақыру тек
болыстары бар үйездер ғана болады деп есептеді. Бұл Ресейдің ішкі
губерниялың негізін еске алып құрылғандығын көрсетеді.
Жер иеліктері куриялары атынан сайлау съездері жөнінде, Қазақстанда
помещиктік жер иелігі болмағандықтан үкімет образование их едва ли
возможным (олардың құрылуы мүмкіндігі шек келтіреді) — деп есептеді.
Сонымен бірге Сіздердің облыстардың атынан алдын ала есеп бойынша
Мемлекеттік Думаға бір адам шақырылатыны айрықша айтылды.
Осылайша булыгиндік дума сайлауына дайындықтың бастапқы кезеңінде-ақ
жергілікті жердегі қарапайым өкілдерін заңмен таныстыру қызметіне
амалсыздан тартуға тура келді. Бірақ ол кездегі құжаттар куә болып
отырғандай олардың басым көпшілігі өлкенің орыстар тұратын бөлігін қалалық
және шаруалар курияларын ғана қамтыған.
Енді жергілікті халықтарға келетін болсақ алғашқы дайындық кезеңінде
жергілікті билік өкілдеріне мемлекет тарапынан былай деп көрсетті: не
допускать к участию в этих выборах кочевых и бродящих инородцев,
составляющих преобладающий разряд населения в управляемой Вами области .
Патша үкіметінің қазақтарға сайлау құқын бергісі келмеуі, әрине халық
арасында наразылық туғызбай қоюы мүмкін емес еді. Мысалы, Верный қаласының
тұрғылықты адамдары 1905 жылы 31-наурыздағы болған жиналыстарында Жетісудан
Думаға депутаттыққа 4 адамды (қазақ, ұйғыр, орыс, қырғыз) жіберуді өтінді.
Павлодар, Семей облыстары қазақтарының өкілдері патша үкіметінің
саясатымен, олардың Дала облыстарын мекендеген байырғы тұрғын халықтарын
сайлаудан тыс қалдыруымен келіспейтінін білдірді.
XX ғасырдың басындағы қазақ қауымының рухани және саяси сұраныстарына
мүмкіндігінше толық жауап беруге атсалысқан ұлттық интеллигенция 1905 —
1907 жылдардағы революциялық қозғалыс барысында барлық деңгейдегі орыс
әкімшілігімен бетпе-бет келіп отырды. Сондай-ақ, олардың қоғамдық-саяси
көзқарастарының қалыптасып, бірыңғай саясатпен араласуына осы 1905 — 1907
жылғы орыс революциясы белгілі дәрежеде ықпал жасады. Бұл жөнінде профессор
К. Нұрпейісов Алаш һәм Алашорда атты монографиясында қызықты да құнды
дерек келтіреді. Алаш қозғалысынъщ белгілі жетекішлерінің бірі Халел
Досмүхамедұлы 1903 — 1909 жылдары Санкт-Петербургте императорлық Әскери
Медициналық Академияда оқыған. Оның саяси көзқарасының қалыптасуы мен
саясатқа белсене араласып, көріне бастауы осы мезгілге дөп келеді. Оған
дәлел болатын құжат Халел Досмүхамедұлының 1931 жылы 14-қыркүйекте Біріккен
мемлекеттік саяси басқармасының (ОГПУ) тергеушісіне өз қолымен жазып берген
мәлімдемесі. Мен Петербургке бірінші орыс революциясының қарсаңында
келдім. Бұл кезде демократиялық күштер, оның ішінде студенттер қауымы да
жиі-жиі наразылық білдіріп жататын. Қым-қиғаш студенттік өмірге араласумен
қатар саяси білімімді жетілдіруге кірістім. Әртүрлі саяси партиялардың
бағдарламаларымен таныстым... Мені және басқа қазақ студенттерін ешбір
саяси партия бағдарламасы қанағаттандырмады. Социал-демократтар тек қана
жұмысшылар туралы айтса, социал-революционерлер шаруалар жөнінде сөйлеп
жататын... Кадеттер орыс халқының ұлылығы жөнінде сайрап, басқа халықтар
туралы жұмған аузын ашпайтын, ал оңшылдар болса, орыс емес халықтарды
жамандап, оларды қудалаумен болатын. Сол кезде жолдастарыммен бірге
митингіге кездейсоқтап болғанымызда сонда сөйлеген Милюковтың (кадеттердің
жетекшісі — авт.) айтқан сөздерін осы күнге дейін ұмытқан жоқпын. Ол патша
үкіметі орыс емес халықтарды аса дөрекілікпен қанап отыр деп еді..
1905 — 1906 жылдары мен кейбір қазақ студенттерімен бірге Орал
қаласында үгіт жұмыстарын жүргізіп, халыққа елде болып жатқан оқиғаларды
түсіндірдім. Фікір және Уральский листок газеттерінде мақалалар
жарияладым. 1906 жылы қырдағы ауылдарды аралап жүргенімде полицияның көзіне
іліктім де саяси жұмыс жүргізуіме тиым салынды — дейді.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Ресейдің бір ғана
Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері оқыған. Б. Қаратай,
Б. Құлман, Б. Сыртанұлы, А. Тұрлыбайұлы, М. Шоқай, Ж. Ақбайұлы және
басқалар. Сондай-ақ, Мәскеу мен Санкт-Петербургтың басқа жоғарғы оқу
орындарын Ә. Бөкейхан, X. Досмұхамедұлы, М. Тынышбайұлы сияқты қазақ
жастары бітірген. Яғни, қазақ зиялыларының басым көпшілігі Ресейдің бас
қалалары Санкт-Петербург пен Мәскеу, сол сияқты Қазақстанмен көршілес Омбы,
Том, Орынбор, Ташкент, Саратов, т.б. қалаларында оқып, алғашқы саяси
әрекеттерге сол жерлерде араласып, қоғамдық-саяси көзқарастарының
қалыптасуының бастау көздеріне айналғанын анықтау үшін жоғарыдағы құжаттың
мәні зор.
Бұл дерек сондай-ақ, қазақ зиялыларының алғашқы легі Халел
Досмұхамедұлы, Әлихан Бөкейхан, Бақытжан Қаратай, Бақыткерей Құлман,
Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жақып Ақбайұлы, Жақанша Досмұхамедұлы сияқты ірі
өкілдерінің көпшілігі Ресейдегі 1905 — 1907 жылдардағы төңкеріс кезіндегі
орын алған саяси хал-ахуалға сергектігін әрі сын көзбен қарағандығын һәм
қандай саяси ұйымнан үлгі алу мәселесін шешкендігін көрсетеді.
Ресейдегі 1905 — 1907 жылдардағы төңкеріс Қазақстан үшін де тарихи
кезең болды. Бүкіл дала саяси додаға тартылып, азаттық үшін қозғалыс
тасқыны құрсауына енді.
Дер кезінде В. И. Ленин дәл атап көрсеткендей, Ресейдегі 1905 жылғы
орыс революциялық қозғалысы мен ортағасырлық тоқырауда тағыланған жүздеген
миллион шығыс халықтарының, соның ішінде қазақ елінің де, өз азаттығы үшін
күрес жолына түсуі арасында тікелей байланыстың бар екендігін ешкім жоққа
шығара алмайды. Бұл азаттық қозғалыстар бір-біріне тәуелді де, әрі өзара
айырмашылығы да бар. Орыс азаттық қозғалысының негізгі көздеген мақсаты —
Ресейді басыбайлы мешеулік пен шексіз, қатал әкімшілік тәртіптен қалыпты
экономикалық даму мен демократия жолына алып шығу болды. Ал ұлт зиялылары
бастаған қазақ азаттық қозғалысының басты мақсаты — отарлау саясаты кең
етек алып, бұғаудағы қазақ қоғамының мемлекеттік саяси дербестігін қалпына
келтіру арқылы ұлттық өркендеуге жол ашу болды. Яғни, бұл тұста қазақ
азаттық қозғалысының белгілі дәрежеде әлеуметтік-таптық міндеттерді де
көтергенін жоққа шығаруға болмайды, дегенмен ол үшін бірінші кезекте ұлттың
еркіндік тұрған еді. Профессор М. Қойгелдиевтің сөзімен айтқанда, 1905 —
1907 жылдары отарлық бұғаудағы қазақ қоғамында таптың санадан гөрі ұлттың
сананың тезірек пісіп жетілуіне қолайлы алғышарттар басым түсіп жатты.
Ендеше, XX ғасыр басында қазақ қоғамының алдында қандай әлеуметтік-саяси
сұраныстар тұрғанын Дала өлкесіндегі 1905 жылғы жаз айларындағы түрлі
жәрмеңкелер мен жайлаулардағы мыңдаған адамдардың қатысуымен өткен бас
қосулар, оларда қабылданып, тиісті үкімет орындарына жіберілген саяси-
әлеуметгік, рухани-демократиялық талаптар қойған арыз-тілектерді
(петициялар) оңып, білу арқылы кеңірек ұғына аламыз. 1905 жыл қазақ азаттық
қозғалысының өрлеу, жаңа сапаға көтерілу кезеңін бастап берді, ал саяси
күрес әдісі ең алдымен патшаға, орталық билікке петиция жазып тапсыру
түрінде көрінді. Жан аямас отарлық езгідегі қазақ елінің мұқтажын білдірген
арыз-тілектер батыста — Оралда, орталықта Қарқаралыда, оңтүстік-шығыста —
Жетісуда, яғни қазақтың кең даласының барлық аймақтарында жазылды.

2-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

2.1. Мемлекеттік Дума: мәні мен мазмұны

Мемлекеттік Думаның мәні мен мазмұнын түсіну үшін оның саяси өмірдегі
қажеттіліктен туындағанын ескеру керек. Ресей Мемлекеттік Думасының өмірге
келу мұқтаждығы өзінен-өзі пісіп-жетіліп келе жатты. Бірақ оның түпкілікті
орнай алмағанын тарихтан білеміз. Ендеше ол қажеттіліктер неден туды.
Алдымен соған жауап беріп көрелік.
Ресейде Мемлекеттік Дума дүниеге келген кезде шаруалар елдегі халықтың
басым көпшілігін құрады. Ал Ресейдің отарындағы қазақ даласының қалыптасқан
саяси-әлеуметтік болмыс пішіні бұл тұста төмендегідей еді. 1905 жылы қазақ
даласындағы барлық халық саны 4442,8 мың болса, оның 10,3 процентін қоныс
аударушы шаруалар, 6,3 процентін казактар, 83,4 процентін қазақтар құрады.
Яғни қазақ даласындағы ілкі отарлау саясатының салдарынан халық құрамының
едәуір өзгергенін көрсетеді. Ресейдің ол шетімен бұл шетіне дейінгі жер
жыртып, мал өсірген шаруалар мемлекеттің ең басты тіректерінің бірі, бүкіл
елдің азық-түлігін дайындап, күн көрісін қамтамасыз етіп отырған бірден-бір
әлеуметтік топ болды. Сондықтан империядағы өзгерістерге демократиялық
сипат беріп, дамыған елдердегідей патша билігін жоймай-ақ, Мемлекеттік Дума
Ресейдегі сан жағынан ең көп шаруалардың мұң-мұқтажын алғашқы кезекке
қоймақшы болды. Шаруа үшін жердің ең маңызды мәселе екені әуел бастан
белгілі. Сол себепті де Дума өзі өмірге келген сәттен бастап-ақ бұл
мәселені өз назарынан тыс қалдыра алмады. Осылайша жаңа демократиялық
басқару жүйесімен ескі қоғамдық құрылыс арасындағы тартыстың өзегі болып
жер мәселесі тұрды. Патша ағзамның қол шоқпар үкіметі қарапайым халықпен
түсінісе алмады, ортақ мәмлеге де келмеді.
І-ші Мемлекетгік Думаға сайлау біріншіден, партиялар мен әлеуметтік
топтардың қақтығысын туғызды, Сайлау саяси билікке ұмтылған партияларға да
либералдық ағым бағытындағы көңіл-күйлерге де әскери-полициялық
қадағалаулар мен қуғындау тұрғысында өтті. 1906 жылы ақпанда Дала генерал-
губернаторы мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне саяси партияның қандайының
қатарына болса да өтуіне тиым салған бұйрық шығарды.
1906 жылы көктемде осы жағдайларды ескере отырып, большевиктер
партиясы Думаға бойкот жариялау туралы шешім қабылдады. Өйткені, төңкеріс
үшін сайлау кампанияларына қатысудан гөрі саяси күрестің тереңдеуі әрі
қанат жаюы қажет еді. В. И. Лениннің сөзімен айтқанда конституциялық
болмас іспен жұбатудан (иллюзия), парламенттік ойыннан қауіпті ешнәрсе
жоқ.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Қазақстандағы әлеуметтік-
экономикалық қатынастарда және қоғамдық-саяси өмірде елеулі өзгерістер іске
асты: өндіргіш күштердің айтарлықтай өсуі, Қазақстан мен Ресей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік дума
1905-1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ–ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ
Қазақ газеті және ХХ ғасыр басындағы көсемсөздің дамуы
Бірінші орыс революциясы
Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
Қарқаралы петициясы және қазақ қауымы
Иттифак әль - Муслимин одағының құрылуы және қызметі
Ресей империясының мұсылман-түркі халықтарын біріктірудегі Иттифак-әль-муслимин мұсылмандар одағының рөлі
Ә. Бөкейхановтың қоғамдық саяси қызметі
Ташкент қаласының хіхғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ интеллигенциясының қалыптасуындағы маңызы
Пәндер